Еуразия даласындағы Шыңғысхан тұлғасы


Еуразия даласындағы Шыңғысхан тұлғасы
Шыңғысхан (өз аты - Тэмуджин, Темучин) - Азияда тұңғыш біртұтас мемлекет құрушы, өз заманының аса ірі әскери және мемлекет қайраткері. Ежелгі ру басшысы Есугей батырдың отбасында туған. Өзінің әскери таланты арқасында және дұшпандарының әлсіздігі мен бытыраңқылығын пайдаланып, 1183-1204ж. өкімет билігі үшін күресте негізгі жауларын талқандады да, кең-байтақ территорияны басып алды, сөйтіп онда мекендейтін көптеген ру-тайпалық одақтардың бірден-бір билеушісі болды. Осы жеңістері және тайпа көсемдерін өз маңына топтастыруға бағытталған бірсыпыра әлеуметтік шараларды жүзеге асыруы нәтижесінде Тэмуджин дала ақсүйектері құрылтайының шешімімен 1206 жылы барлық тайпалардың ұлы ханы болып жарияланды да, «Шыңғыс хан» (түрікше «теңіз, мұхит» деген сөзден шыққан) лауазымын алды. Ішкі саясатта Шыңғысхан мемлекетті басқару ісін бір орталыққа бағындыруға күш салды, түркі-моңғол тайпаларын «мыңдық» деп аталатын әскери-әкімшілік бөліктерге бөлді (өйткені хан талабы бойынша, бұл бөліктердің әрқайсысы 1000 атты әскер беруге тиісті болды) . Шыңғыс хан бұларды жайылым жерлерімен қоса өз туыстары мен нояндарға еншіге бөліп берді. Ұлы хан жазбаша іс жүргізуді ұйымдастырды. 1206 жылы ол әдеттегі құқық (яса) ережелерін бекітті. Мемлекет ішіндегі наразылықтарды басу үшін 10 мың адамдық жеке гвардия (кэшиг) құрды. Әскерде өте қатаң тәртіп орнатты:кінәлі немесе қорқақтық көрсеткен әскери адамдар өлім жазасына кесілді. Шыңғысхан әскери стратегия мен тактикада мұқият барлау, жауды жекелеп талқандау, тұтқиылдан шабуыл жасау, дұшпанды алдау үшін арнаулы отрядтардан тосқауыл қою, қыруар атты әскермен маневр жасау, т. б. әдістерді қолданды. Шыңғысхан Сібір мен Шығыс Түркістанды (буряттарды, якуттарды, ойраттарды, қырғыздарды, ұйғырларды) бағындырды. 1211ж. Цзинь мемлекетіне жорық жасады. 1215 ж. Пекинді алды. 1217 ж. Солтүстік Қытай түгел Шыңғыс ханның билігіне көшті. 1219 ж. Корея патшалығы Шыңғыс хан әскерлерінен тізе бүкті. Қазір тарих қайта жазылып жатыр. Тіпті Шыңғыс ханның тегіне қатысты айтыс-тартыс толастаған жоқ. Біз де оқып-білгенімізді алға тартып, осы төңіректе ой қозғауды жөн көрдім. Шекараларының тарихын да шегендемек Шекаралар қалай бөліске түсті, қай жұртпен қалай келісімге келді? Бұл мәселелер де қазір анықталу үстінде. Мәселен, қазіргі Моңғолиямен арадағы шекараны алайық. Бурят пен моңғол бір ел деген байламдар айтылып жатыр қазір. Мүмкін, солай шығар. Тек шекараға түскенде бір халық екіге бөлініп қалған. Әйтпесе, тілі, діні, әдеп-ғұрпы, салты, дәстүрі бірдей. Бір ғана мысал, екі елде де «ұлы хурал» деп сөйлейді. Ал Шыңғыс хан - түркі тілінде, соның ішінде көне қыпшақ тілінде сөйлеген адам. Ұлы Құрылтайда бұрынғы Темірші (немесе Теміршын - шын темір деген сөз ғой) Шыңғыс хан болып бекітіліп әрі осылай аталып тарихқа жазылды. «Шыңғыс» термині негізінен, ол кезде биіктен, ел үстінен қарау мағынасын білдірді. Қазіргі қазақ елінің жартысынан көбін құрап отырған көп ру (Найман, Керей, Қоңырат, Жалайыр, Меркіт, Қият, ұсақталып кеткен, ел арасында бар Уақ, Суан, тағы басқа) кезінде Алтай тауының арғы бетін мекендегенін білеміз. Шынтуайтына келгенде, Алтайдың арғы бетін (Орқын, Онон, Керөлең, Байөлке, Қобда өзендерінің алқаптары) көне қазақ жерінің аса зор бір аймағы деп айтуға әбден болады. Бұл рулардың бәрі қыпшақ тілінде (көне қазақ тілінде) сөйлеген. Мәселен, әкесі Теміршіні Қоңыратқа алып барып, Бөртеге құда түскенде (қазақтар бұйра туған лақты, «бөрте» лақ деп атаған) оны басқа ұлттың баласы деп кеудеден итермеген. Керейдің Тоғырыл ханына немесе Найманға барғанда да, қасындағы Меркіт, Жалайыр, тағы басқа толып жатқан руларды бір тудың астына жинағанда да бір тілде-қыпшақ тілінде сөйлескен. Қастарында ешқандай аудармашы ұстамаған. Сол кезеңдерде қазіргі қазақтың барлық руының, тайпасының өз хандары, билеушілері болғаны белгілі. Осыларды айта отырып, сонымен қатар кезінде қытайлардан қырғын тапқан жоңғардың біраз бөлігі қазақ даласын басып, Еділ жағалауына қашып келіп пана тапса, енді біраз ғана бөлігі (ойрат, хошауттың бір тобы) Алтай асып жаңағы моңғолдарға (яғни буряттарға) келіп қосылды. Бұл арада Шыңғыс хан тұсынан қалған азғана қа-зақ рулары да бар болатын. Сөйтіп, бәрі кезінде «Мыңдаған қол» жиналған аймақта тоғысып (Қытай жылнамашылары «Минкол», ал орыс жағы «Мангол» деп жазған) бір елге айналды. Мыңдаған қол алғашқы рет сахарада бір тудың астына жиналған соң, бүкіл көшпелі халық осылай «Мыңқол» жиналған жер деп атаған. «Мыңқол» - тек әкімшілік атау алған сөз. Енді міне, Шыңғысхан заманына байланысты бүкіл ұлы тарихқа ойда-жоқта осылар ие болып шыға келді. Ұзақ жылдар шынайы зерттеп, ізденіп, зерделеп қараған адамға бәрінің де ескі тарихта жазылғандай емес екені, бұл арада үлкен қателіктің кеткені апайқын көрініп тұрады. Құда түсу, бесік құда болу немесе атастыру. Бұл - қазақ елінің ескіден келе жатқан дәстүрі. Шыңғыс ханның әкесі осы дәстүрмен кішкене ұлын Қоңырат тайпасына алып келген. Тоғырыл ханмен және оның әскерімен әрбір жорыққа барған сайын аралас-құралас жүрген сарбаздары да бөлек елдің әскеріндей емес, емен-жарқын араласып, бірге соғысқан. Араларында ешқандай тіл айырмашылығы болмаған. Сонымен қатар, тағы бір айта кететін мәселе, жауға шапқанда бәрі де «аруақ, аруақ» деп ата-бабаларының аруағын шақырып, содан күш алып, дұшпанына атойлап, зәресін ұшырған (орыс жылнамашылары «уррақ» деп қате жазып алған әрі осы сөзден олардың «ура-сы» шыққан) . Әрбір ру және тайпалар қыс қыстауы, жаз жайлауы бөлек болғандықтан, өздерін бөлек елдей сезінген. Бірақ бәрі бір тілде, әдет-ғұрпы, дәстүрі, салты, ұстанымы біреу-ақ екеніне ешкім сол уақытта көңіл бөлмеген. Дегенмен ол кез қоғамның санасы оған жете қоймаған мезгіл-ді. Әйтпесе, бәрі кешегі ғұндардың, одан кейінгі Тоныкөк, Білге қағанның ұрпақтары екені шындық қой. Қазақ елін құрап отырған қазіргі көп рулар Алтай тауларынан бері асып түсті. Бұл қай кезеңдерде басталып еді? Шыңғыс хан Орталық Азиядағы Хорезм империясын жаулап алған кезден бастап, қалың қол Алтай тауының бергі беті-ну тоғайлы, шөбі белуардан келетін суы мол Ертісті көргеннен кейін бұл өлкелердің керемет екенін байқады. Жетісу алқабын басып өткен мезгілде де бұл жақтарда қыс қыстауға, жаз жайлауға өте қолайлы екенін, өз жеріндей жусанды, ақ селеулі емес, гүл, қызғалдақ басқан аттың жалына жетерліктей түрлі қалың шөп өскен аса құнарлы атырапқа тап болғандарын аңғарды. Кезінде Шыңғыс ханнан ығысқан найман тайпаларының біраз бөлігі осы аймаққа жайғасып та алған еді. Шыңғыс хан Қытайды, Хорезмді жаулап алып жатқан уақытта билік астындағы рулар ханның қаһарынан қорқып, бөлініп кете алмады. Шыңғыс ханнан кейінгі хандардың тұсынан бастап, олар: қалған наймандары бар, сонымен қатар керейлер, жалайырлар, суандар, уақтар, меркіттер, тіпті қағанаттың негізгі діні болып саналатын қияттар, артынан қоңыраттар біртіндеп-біртіндеп Алтайдан бері асты. Сөйтіп, қазіргі қазақ даласына кеңінен жайылды. Арғы бетте өте аз рулар қалды. Алтайдың бергі жағына өткен ру-тайпалар, мұндағы үйсін, сары үйсін, дулат, қаңлы, арғын, қара қидан қауғырас тайпаларына келіп қосылды. Бұлардың да тіл, дәстүр, әдет-ғұрып жағынан өздеріндей екенін көрді, келе-келе бір елге айналып, қазақ деген атау алды. Кезінде Ұлы тарих жасалған дала Алтайдың арғы бетінде қалды. Оны жасаған ру-тайпалар бері асып кетті. Ол далада бурят-моңғолдар, чжурджендер (Изинь әулеті), ойрат, хошоуыттың біраз тобы, бірен-саран қазақ рулары қалды. Өздері еш уақытта ұлы жорыққа түспеген, қағанат (империя) құрмаған ел бәріне негізсіз ие болып қалды. Русь сөзі қайдан шыққан? Орыстар тарихын қайта жазуға кірісті. Осы орайда, «неге?» деген сауал туады. Олардың айтып отырғаны - кезінде қызыл жалаудың астында отырып, империялық түсінікте жазылған орыс тарихының біраз бөлігі шындыққа сай келмейтіндігі, қазіргі заман талабына жауап бере алмайтындығы. Тіпті олар «русь» сөзінің қайдан шыққандығын қайтадан іздеп, зерттеп-зерделеу үстінде. Ал «рось» өзенінің қазір Ресей жерінде жоқ екендігі белгілі. Көне заманның өзінде де осылай деп аталған өзен болды ма, болмады ма? Оған да нақты жауап жоқ (олар өзін осы сөзден тарадық деп жүр емес пе?) . Еуразия жазығына орналасқан кезіндегі Алтын Орда қағанатына (империясына) негізінен, алым-салықты жылына бір рет ең көп әрі молынан төлеп тұрған осы орыс елі болатын. Бату мен одан кейінгі хандардан қатты соққы жеп есеңгіреп қалған бұл халық Иван Калитаға дейін де, одан кейін де Алтын Ордаға керуен-керуен алым-салық әкеліп тұрған. Керуендер келгенде, алтынордалықтардың қуанышында шек болмаған. Тіпті әйелдері мен тай мінген балаларына дейін кереметтей қуанған. Неге? Өйткені керуенмен әкелінген алым-салықтың ішінде орыс балынан бастап, бидай наны және түрлі азық-түлік, сонымен қатар неше түрлі құбылған маталар болған. Оның бәрін санамалап жатпай-ақ қоялық. Міне, осы керуендер келгенде Алтын Орда жұрты қуанғанынан бұларды «Ырыскелді» деп атаған. Бұл келген байлық қыпшақ тілінде «Ырыс» деп айтылған. Бұл сөз қазақ тілінде де бар. Керуенді әкелген князьдар мен орыс жасақтары, осы сөздің аудармасын анықтап, бұл сөзді өздеріне мақтаныш тұтып, кейіннен осынау ұғымды біз «ырыспыз» (байлық иелеріміз) деп өздерін осылай атай бастаған. Артынан бұл сөз бүкіл елге тарады. Үш ғасыр бағынышты болған кезде, осынау ұлы сөз оларға әбден құлаққа сіңісті болып кетті. Кезінде өздерін жеке-жеке князьдықтардың атымен атап келсе (Ярославь, Рязань, Владимир, Тверь, Мәскеу, тағы басқа), енді бүкіл ел «ырыс сөзін иелене бастады». «Байлық» деген сөзді кім жек көрсін?! Әсіресе, жоғарғы тап өкілдері. Ақыры, «ырыс» сөзі уақыт өте, сәл өзгеріп «русь» сөзіне айналды. Ақыры уақыт өте келе, атақты «русь» сөзі «россия» болып шыға келді. Сөйтіп, көп терминдердің қатарын толықтырды. Бірақ бұл ұғымға намысшыл орыс тоқтай ма, тоқтамай ма? Ол жағы белгісіз. Бұл жерде айта кетерлік бір мәселе, атақты Дальдің сөздігін қарап отырсаңыз, олардың үш ғасырда қыпшақтардан еншілеп алған сөздері жетерлік. Мәселен, «молоко» сөзі қазақтың «мал ағы» деген сөзі, яғни «сүт» деген сөз. Сондай-ақ «сырғаны» олар «серьги» деп алған. Мұндай сөздерді тізе берсең, толып жатыр. Сондықтан да «ырыс» сөзіне олардың ойлана қарағаны кейде дұрыс па деп те ойлаймыз. Дегенмен барлығын мәртебелі уақыт көрсете жатар.
Шыңғысханның көшпенділері мен оның тіршілік құрған кезеңі туралы ең басты тарихи ескерткіш - «Құпия тарих». Ол заңды да, өйткені шежіре Шыңғыс қаған қайтыс болғаннан кейін 13 жыл өткен соң барып жазылып отыр. Бұл кітап Қытайдан табылғанға дейін көшпенділерге қатысты ешқандай толыққанды мәліметтер жинағы болмаған. Ал әр елдерде Шыңғысхан мен оның айналасы туралы аракідік кездесіп қалатын үзік-үзік мәліметтер ол дәуірдің толық картинасын бере алмады. Тек бір анығы, Шыңғысхан көшпенділерін отырықшы елдер «татар-моңғолдар» десе, Рашид-ад-дин «түріктер» деп атаған. Шындығында, Рашид-ад-дин көшпенділерді бүгінгі бізге қарағанда жақсы білген ғой және ол моңғолдар туралы жазған жылдары көшпенділер империясының нағыз дүрілдеп тұрған шағы болатын. Сондықтан ғылыми ортада ол Шыңғысхан туралы жазылған дереккөздердің ішіндегі ең бір ақиқаттысы деп саналады. «Құпия тарихтың» 282 тарауының соңында былай делінген: «Ұлы құрылтай болған жылдың (1240) тамылжыған айында ( 7-ай) Керліннің Көде аралының Делуін бұлтығы мен Сілкінсек екеуінің арасына қаған Ордасы қонып жатқанда жазуды тәмамдадым». Әлбетте, жылнама авторы Шыңғысханның этникалық тегін жазуды мақсат тұтпаған сияқты, бірақ жылнама кейіпкерлерінің бәрі түркі ғұрыптарын ұстанғандықтан, олардың тегі кім екені өзді-өзінен түсінікті емес пе. Осыған қарамастан, орыс ғалымдары оларды еш дәлелсіз «моңғолдар» деп атады. Сөйтіп, 19 ғасырдағы ғылыми ойдың «жемісімен» түркі дәстүрлі моңғол деген «дүбәра» халық пайда болды. 1866 жылы «Құпия тарихты» Кафаров орыс тіліне алғаш аударғаннан кейін ол «Моңғолдардың Шыңғысхан туралы жазған көне естелігі» деген атаумен жарық көрді. Сол кезеңнен бері әлем моңғолтанушылары үшін «Құпия тарих» негізгі дереккөзі болып саналды. Қазіргі күні Шыңғысхан туралы жазылған кітаптардың, ғылыми мақалалардың саны мыңдаған санға жеткен болар. Бірақ, осы еңбектердің барлығы дерлік 19 ғасырда негізі қаланған орыс ғалымдарының «Шыңғысхан - моңғол» деген ұстанымына сүйеніп жазылған. Бізге, орыс тілін меңгерген оқырмандарға Шыңғысхан мен оның дәуірі туралы мағлұматтар, көбіне орыс ғалымдары арқылы жетті. Мұнда әділдік де бар шығар, өйткені олар көршілес көшпенділерді басқа еуропалықтардан артық білмесе, кем білмейді.
Француз Мишель Хоанг өзінің «Шыңғысхан» атты кітабында қоңырат, меркіт, найман сияқты бірқатар руларды еш шіміркенбей моңғол тайпаларының қатарына қоса салған. Оны түсінуге болады. Жалғыз ол ғана емес, басқа да түріктанушылар «Моңғол кезеңін» қиыстыру үшін түрік тайпаларын моңғолдарға қоса салуды әдетке айналдырған. Содан болар біздің өзіміз де соған үйреніп алып «түріктер бір кезде моңғол болып жүргенге» сене бастадық. Басқалардан гөрі түріктердің сырын орыс ғалымдары тереңірек ұққан және еңбектерінде түрік тайпаларының атауын пайдаланбай айналып өту мүмкін еместігін де жақсы білген. Бірақ, түріктердің кімдер екенін ашып айтпай, жанамалап өтуді әдетке айналдырған. Мысалы Е. Кычанов сияқты: « . . . Ол (Рашид-ад-дин) қазіргі күні моңғол атанып жүрген барлық моңғол-татар тайпаларын «түрік тайпалары» деп атаған» деп сырғытпа жауап бере салады. Кычанов Рашид-ад-динмен келіспегенін былай білдіреді:
« . . . Көпшілік тайпалар мен рулар өздерін оларға (монғолдарға) теңегенді атақ пен мәртебе көрді. Шыңғысхан ата-тегінің шапағатына бөлену үшін әртүрлі түрік тайпалары (жалайыр, татар, оңғыт, керейіт, найман, таңғұт, т. б) өздерін мақтан үшін моңғолдар деп атай салған». Көшпенділер туралы жазған ғалымдар алдарына не мақсат қоятындары бізге белгісіз, бірақ түріктер «мақтан үшін» моңғол болды дей салу, көшпенді елдің мыңдаған жылдық ата дәстүрін аяққа салып таптағанмен бірдей. Тіпті, бір халықтың өз атауын «мақтан үшін» екінші халықтың атауына айналдыра салады деген тұжырымның өзі «қызық», мұнда көшпенділер тарихына астамшылықпен қарау пиғылы жатыр. Ақыр соңында, нақ осы ресейлік ғалымдар тықпалаған тұжырымдар арқылы бүгінгі күні біздің санамызға сіңісті болған көшпенділердің тарихи болмысы қалыптастырылды. Тіпті олар тек моңғолдардың бейнесін ғана жасап қоймай, сонымен бірге соның негізінде ежелгі көшпелі мәдениеттің сүйегін түзеді. Ресейлік тарихшыларға қарағанда, моңғол дәуірін зерттеуші шетелдік ғалымдардың көпшілігі қуатты моңғол империясының аяқ астынан қайдан пайда бола кеткенін түсінбейтіндіктерін ашық айтқан. Бұл жерде айтпағымыз, Шыңғысхан тарих сахнасына шыққанға дейін ешқай жерде, ешбір деректе «моңғол» деген халықтың аты аталмағаны. Шыңғысхан заманында көшпенділер қазіргі Қазақстан, Моңғолия, Қытай және Ресей мемлекеттерінің жер аумағында емін-еркін көшіп-қонып жүрді. Осы күні шекара аталып жүрген жағрапиялық картадағы сызықтар 1864 жылы Қытай мен Ресей шекара бөліскенде түзіліп, байырғы көшпенді қазақтың атамекені үш бөлікке бөлініп кетті. Ол тарихтан белгілі. Шыңғысханның айналасында жүрген көшпенділер, «Құпия тарихқа» енген түркі тайпалары одан беріде 800 жыл өткен соң да бүгінгі күні Қазақстанда өмір сүріп жатыр. Мәселен: жалайырлар, наймандар, қоңыраттар, керейлер, абақ-керейлер (меркіт), үйсіндер, арғындар, алшындар және тағы басқалар қазақ халқының сүйегін құрап отыр. Қысқасы, Ұлы дала тарихында азды-көпті белгілі болған тайпалардың барлығы да қазір өзін қазақпын дейді. Шыңғысханның тұсында 12-13 ғ. ғ. бұл тайпалардың біраз бөлігі Алтайдың арғы бетіндегі Моңғолия жерінде, біразы Ресей Федерациясы мен қазір Қытай мемлекетіне қарайтын жер аумақтарында өмір сүрді. Сонымен бірге бұл өңірлерде аталған тайпалардан басқа да түрік тайпалары тұрып жатты: татарлар, онғыттар, ұранқайлар, дөрбеттер, т. б. Бұл тайпалар Қытай қорғанынан бастап Венгер жазығына дейінгі ұлан-ғайыр байтақ далаға иелік етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz