Психология ғылымының, пәнінің жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдеріне толық сипаттама


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

1 Психология ғылымының жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдерін ашып көрсетіңіз.

Психология - жан туралы ғылым (психо "жан", логос - "ғылым") дегендi аңғартады. Кең тараған түсiнiктерге жүгiнсек, алғашқы психологиялық көзқарастар дiни ұғымдарға байланысты дүниеге келген. Шынында да, ғылым тарихы көрсеткенiндей, ежелгi грек философтарының алғашқы тұжырымдары адамды практикалық тану негiзiнде бастау бiлiмдерiн жинақтаған, жаңадан қалыптасып келе жатқан ғылыми ой-пiкiр бағыттарының жалпы дүние, соның iшiнде жан жөнiндегi дiни- мифологиялық көзқарастарға қарсы күресiнде дамуын тапты. Осыдан, жан жөнiндегi зерттеулер мен түсiнiктер психологияның пəндiк аймағының кемелденуiнде бiрiншi кезең болды да психология əуел бастан ''жан'' туралы ғылым деп танылды. Бiрақ бұл жанның не зат екенiне жауап табу оңайға соқпады. Əр тарихи дəуiрлерде ғалымдар бұл сөз мағынасын сан қилы түсiндiрдi. Психика мəнiне байланысты көзқарастардың қалыптасуы мен дамуы философияның өзектi мəселесiн - материя мен сана, заттық жəне рухани болмыстардың ара қатынасын шешуге тəуелдi болып келдiПсихология психикалық құбылыстардың пайда болу және қалыптасу заңдылықтарын зерттейтін, яғни адамдардың жан-жүйесін зерттейтін сан-салалы ғылым. Психологияның ерте заманнан бері келе жатқан ғылым, мұның даму тарихына екі жарым мыңдай жылдай болды. Оның дүниеге тұңғыш келген жері ежелгі Грекия. Психология атауы «псюхе»-қазақ тілінде «жан», «логос»- «ілім», «ұғым», «ой» деген гректің екі сөзінен тұрады. Психика обьективті дүниенің субьективті бейнесі. Психикалық құбылыстар бізді қоршап тұрған сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының мидағы бейнесі. Олар ( түйсік, ой, елес, сезім, қабілет, мінез, т. б. ) көпшілігімізге мәлім, тілімізде жиі кездесетін ұғымдар. Осылардың бәрін ғылыми тұрғыда психология ғылымы зерттейді. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты психикалық құбылыстары, процестері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Қазіргі кезеңде өндіріс, ғылым, медицина, өнер, оқу, ойын, спорт салаларындағы бірде-бір әрекет психологиялық заңдылықтарды түсініп, танып, білмей тиімді орындалуы мүмкін емес. Адам әр түрлі ғылым тұрғысынан жан-жақты зерттелетін обьект. Солардың ішінде гуманитрлық ғылымдар әлеуметтік процестерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескереді. С. Л. Рубинштейн өзінің «жалпы психология негіздері» еңбегінде «Психология зерттеуіндегі ерекше құбылыстар ауқымы анық көрінеді олар біздің сезімдеріміз бен ойларымыз, қабылдауларымыз бен түйсінулеріміз, ықылас-ниеттеріміз және т. б. жатады. » Психология ғылымындағы күрделі міндеттердің бірі - заңдылықты сипатқа ие байланыстар мен қатынастарды кӛре білу. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы жылдары психологиялық зертеулер айтарлықтай ұлғайып, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымынында жаңа болжамдар мен тұжырымдамалар пайда болып, психология жаңа тәжірибелік мәліметтермен толысуда. Психология ғылымын зерттеу нәтижелері бұл пәннің барлық салалары мен тармақтарын дамытып отырудың іргетасы болып есептеледі. Сондықтан бұл пәнді оқып меңгеруде мынандай негізгі екі бӛлімін қарастырамыз:

1) психикалық процестер;

2) психикалық қасиетте;

3) психикалық қалып.

1) Психикалық процестер: түйсік, қабылдау, зейін, ойлау мен сөйлеу, қиял және елес, ес; 2) Психикалық қасиеттер: сезім және эмоция, ерік, темперамент, мінез, қабілет. 3) Психикалық қалып: адамның түрлі кӛңіл күйінің (зерігу, үрейлену, абыржу, ашулану, қуану) т. б. компоненттері. Сонымен, психология - психикалық құбылыстардың, пайда болу, қалыптасу заңдылықтарын және механизмдерін зерттейтін ғылым. Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің кӛпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады.

2 Психология ғылымның салаларына талдау беріңіз. Психология сан-салалы ғылым. Қазірде оның 40-қа жуық саласы бар. XIX ғасырдың екінші жартысына дейін психология философия ғылымының бір саласы болып келіп, жаратылыстану, медицина, әдебиеттану ғылымдарымен де сабақтасып, байланысып жатты. Психологияның қоғамдық ғылымдармен тарих, әдебиет, лингвистика, география, антропология, өнер ғылымдарымен де байланысы зор. Адам психологиясын жақсы білмейінше, оларға әсер етіп, жігерін қозғап, жүрек сезімдерін толғандыратын, көркем шығармалар туындату мүмкін емес деген. XIX ғасырдың екінші жартысынан басталған, психологияның жеке ғылымға айналуына, оның табиғи біліммен бірлесуі себеп болды. Бұған психологияға эксперименттік әдістің (Г. Фехнер) енгізілуін де жатқызуға болады. Психологиялық ілімдердің табиғи-ғылыми теориясын рефлекторлық құрайды (И. М. Сеченов, И. П. Павлов, сондай-ақ ірі физиологтардың еңбектері: А. А. Ухтомский, Л. А. Орбели, П. К. Анохин, Н. И. Красногорский, К. М. Быков, НА. Бернштейн, И. С. Бериташвили) . Қазіргі кезеңдегі психологияның негізгі мәселелерін өңдеуге Ч. Дарвиннің эволюциялық идеялары үлкен ықпал етті. Олар тіршілік иесінің ортаның ауыспалы жағдайына бейімделуі кезіндегі психиканың рөлін анықтауға, психикалық әрекеттің төменгі түрден жоғары түрге көтерілуінің мағынасын түсіндіруге мүмкіндік берді. Психологияның педагогика ғылымымен де байланысы бар. Мұны кезінде орыс педагогикасының атасы К. Д. Ушинский де ерекше атап көрсеткен еді. Шәкірттердің психика дүниесіне әсер ету үшін, оларды дұрыс тәрбиелеп, нәтижелі оқыту үшін бұлардың психикалық әрекеттерінің мазмұнын, өсіп-дамуын, мінездері мен қабілеттерін, жеке психологиялық өзгешеліктерін білу қажет. Сонда ғана ұстаздың оқу-тәрбие жұмыстары жемісті болып шығуы мүмкін. Математика, биология, кибернетика, этика, эстетика, социология т. б. ғылымдардың соңғы жаңалықтары психологияға акеңінен еніп, оның жан-жақты дамуына әсер етіп отыр. Психология мен этика арасында тығыз байланыс бар. Этика адамның міне-құлық нормаларын, адамгершілік принциптерінің заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Психологияның қай саласы болсада күнделікті өмірімізге қызмет етеді. Оларды тудырған қоғамның нақтылы талап-тілектері, өмірде болып жатқан ғылыми-техникалық прогрестің әсері. Психология салалары : Еңбек психологиясы - бұл тұлғаның белгілі мамандыққа сәйкес кәсіптік маңызды қасиеттерін, мамандық таңдап, еңбек әрекетін тиімді етіп ұйымдастыру, оның өнімін арттыруын, қызмет орнын, құрал-сайман аспаптарды нәтижелі еңбек етуге қолайлы етіп дайындау, шаршау, зорығу, демалу мәселелерінің психологиялық жақтарымен шұғылданады. Инженерлік психология - еңбек психологиясы бөлімдерінің бірі. Ол адам мен техниканың қарым-қатынасынан туындайтын мәселелерді зерттейді. «Адам-машина» саласындағы әрекеттерді тиімді етіп ұйымдастыру, ақпараттарда сақтау, өңдеу оны жобалау үлкен орын алады. Арнайы психология - адамның психикалық қызметінің әр түрлі формаларын, ми зақымы ауруымен, ақыл-есі кіресілі-шығасылы немесе психика дүниесінде жетімсіздіктері бар, жан - қуаттары бұзыла бастаған, психологиялық функцияларына зақым келген адамдардың ерекшеліктерін зерттейді. Психологияны бұл саласында бірнеше бағыт: олигофренопсихология -мидың туа біткен ақауы бар адамның психологиясының дамуын, сурдопсихология - саңырау немесе естуі нашар, керең болып туған балалар психикасын, тифлопсихология - соқыр немесе нашар кӛретін адамдар психологиясын зерттейді. Заң психологиясы - құқыққа қатысты мәселелерді реттеу және оларды тәжірибе жүзінде қолданудың психологиялық мәселелерін, қылмыскерлер, айыптаушылар, куәләр психологиясын зертеумен айналысады. Мұнда түрлі қылмыстарды ашуға, олардың қандай жағдайларда пайда болғанын, оның не себептен жасалғанын зерттеп отырады. Бұл саласылар: сот психологиясы, қылмыс психологиясы, еңбекпен түзету психологиясы деп аталатын бөлімдерден тұрады. Сот психологиясы сот, айыптаушылар, куәлар, тергеу ісін жүргізу, олардан жауап алу тәрізді т. б. жайлардың психологиялық жақтарын қарастырады. Қылмыс психологиясы кылмыскердің жеке басы мен оның зиянды әрекеттерінің сырын ашады. Еңбекпен түзету психологиясы еңбекпен түзеу коллонияларының тәрбиелік әсерінің тиімділігін зерттеу жолдарын қарастырады. Зоологиялық психология - жануарлардың психологиялық әрекеттерін қарастырады. Олардың психикасның даму сатысын, инстинктін, интеллектісін зерттейді. Салыстырмалы психология - адамдар мен жануарлардың психикасының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін салыстыра отырып зерттейді. Сонымен қатар ересек адамдар мен балалардың психологиясын бір-бірімен салыстырып, олардың ұқсастық, айырмашылықтарын ашады, адамның қалыптасу жолын және оның туысынан өсіп-жетілгенге дейінгі даму жолын қарастыратын бір саласы. Педагогикалық психология - оқу-тәрбие процесінің ғылыми негіздерін, яғни оқушының оқу әрекетін миына қалайша тоқитындығын, адамға білім және тәрбие берудің психологиялық заңдылықтарын зерттейді. Ол оқушылардың ақыл-ойы мен ойлау саласын, дағдыларын қалыптастырудың, олардың оқу материалдарын меңгеруі мен ұстазбен - шәкірт арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің түйінді мәселелерін қарастырады. Педагогикалық психология келесі реттегі тармақтарға бөлінеді: а) оқыту психологиясы - дидактиканың психологиялық негіздерін, оқыту мен білім берудің негізгі әдістемелік мәселелерін, балалардың ақыл-ойын қалыптастыру сияқты өзге де мәселелерін зерттейді; ә) тәрбие психологиясы - гуманистік және әлеуметтік тәрбие мәселелерінің психологиясын зерттеп, оқушылар ұжымының, еңбекпен түзету педагогикасының психологиялық негіздеріне қатысты мәселелерді қарастырады. Медициналық психология - дәрігер мен аурулардың арасындағы қарым- қатынас, түрлі аурулардың психологиясын емдеу жолдарын және дәрігердің іс-әрекетінің және аурудың мінез-құлқының аспектілерін зерттейді. Ол мынадай бөлімдерге бөлінеді: психикалық кұбылыстардың мидың физиологиялық құрылымдарына қатынасын зерттейтін нейропсихологиядан; адамның психикалық әрекетіне дәрілердің әсер етуін зерттейтін психофармақологиядан; адамның денсаулығы мен оны нығайтуға арналған шараларды жүзеге асыру саласын, оның әдіс-тәсілдерін айқындайтын психопрофилактика және гигиенадан; адамның психикалық ауытқушылықтарын зерттейтін патопсихологиядан; психикалық ауытқушылықтары бар адамдардың өзіндік психикалық ерекшеліктерін зерттеп, психотерапевтикалық көмек көрсететін клиникалық психологиядан. Әскери психологиясы - адамның соғыс жағдайындағы, ұрыс кезіндегі, әскери дәрежесі жоғарыларға сөзсіз бағыну жағдайындағы психологиясымен, әскери әрекеттер кезіндегі адамның мінез-құлқын, басшылар мен олардың арасындағы қатынастардың психологиялық жақтарын, азаматтардың отаншылдық қасиеттерін қалыптастыру және т. б. мәселелерді зерттейді. Әскери психологияның маңызды міндеті- әскери оқу-тәрбиенің психологиялық мәселелерін талдау болып табылады. Спорт психологиясы - спортшыларды баулу мен тәрбиелеудің негіздерін зерттеп, олардың іс-әрекетінің психологиялық ерекшеліктерін қарастырады. Спорт жетекшілері мен бағынушылардың өқарым-қатынасын, оларды даярлаудың жағдайын, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілуін, психологиялық даярлығын іздестіре келе, оларды жаттықтыру және күш- қуатын жинақтау деңгейін, жарыстарды ұйымдастыру, өткізу мәселелерінің факторларын, спорттық жарыстарда жеңіске жету үшін қажетті рухани және моральдық қасиеттердің қалыптасу заңдылықтарын ашады. Әрбір ел мен халықтың спорт ӛнеріндегі ерекшеліктерін де ескере отырып, оларды жаттықтыру міндеттері анықталады. Даму психологиясы - әр адамның жасына байланысты психикалық даму заңдылықтарын, әр түрлі психикалық процестердің (естің, ойлаудың, қиялдың, сезімнің) ерекшеліктерін, тұлғаның психологиялық қасиеттерін зерттеп талдайды. Даму психологиясында балалар психологиясы, жеткіншектер психологиясы, жас өспірім психологиясы, ересек адам психологиясы және қарттық психология салалары бар. Ғарыш психологиясы - психологияның ең жас және жаңа саласы, ол адамдардың ғарышқа ұшуына байланысты пайда болды. Ол ғарышкерлаедің еріктік және моральдық даярлығы мәселелері білім беру мен жаттықтыру тәсілдерін зерттеумен шұғылданады. Өнер психологиясы - қызметтің өнер туындыларын жасауға бағытталған психологиялық компоненттерін қарастырады. өнер психологиясының маңызды міндеті - эстетикалық тәрбиемен музыкалық көркемдік және әдебиетке қабілеттердің дамуына байланысты мәселелерді зерттейді. Әлеуметтік психология - әр түрлі әлеуметтік қауымдардың топтардың ұжымдардың психикалық көріністерін (олардың көңіл - күйін, қоғамдық пікірін, еліктеуін т. б. ) топтар мен ұжымдағы адамдардың арасындағы өзара қарым-қатынас мәселелерімен айналысады. Мұнда әр бір этностардың қарым- қатынасын, дін психологиясының өзекті мәселелерін де зерттейді. Әр түрлі топтық типтер болып саналатын ассоциациялар, корпорациялар, ұжымдар, ресми және биресми топтар арасындағы қатынастар, олардың бірігуінің себептері мен мақсат-мүдделерінің психологиялық жақтары қарастырылады. Басқару психологиясы - басқару ісінің әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешу, басқарушы қызметтің және оған қойылатын талап- тілектерін ескеру, басшының тұлғалық сапасы мен басқару стильдерін дұрыс қолдана білу мәселелерін шешеуге бағытталады. Сонымен, психология ғылымының салалары өмірде араласпай отырған саласы жоқ деуге болады. Адам жайындағы сан алуан гуманитарлық ғылымдардың ішінде психологияның жетекші орын алатындығы осыдан-ақ жақсы байқалады. Адам бар жерде жан бар, ал жанды зерттейтін психология ғылымы. Бір сөзбен айтқанда, психология еңбектеген баладан, еңкейген қартқа дейін қажетті.

3 . Психология пәні туралы түсініктердің негізгі даму кезеңдерін талдаңыз. Психология гылымының даму кезеңдері. Психика туралы бастапқы түсініктер алгашқы қауымда қалыптаса бастады. Кене дәуірде адамдар қү_былыстардың затгық, материалдық (адамдар, заттар, табиғат) жэне заттық емес (адамдар мен заттар бейнелері, естелік, уайымдау) түрде болатынына жэне қоршаған ортадан дербес, тэуелсіз тіршілік ететініне назар аударды. Адамдар ездері тіршілік ететін орта мен айналадағы эр қилы заттарда, кұбылыстарда өзіндік жан болады деп ұғынған. Мұндай үтым анимизм (латынша «анима» -жан деген сөзден шықкан) деп аталады. Көне заман ойшылдары жан деген не, оның қызметтері мен ерекшеліктері қандай, ол денемен қалай байланысады деген сұрақтарға жауап іздеуге талаптанды. Б. з. д. Уғасырларда емір сүрген үлы философ Демокрит жан атомдардан қүралады және денемен бірге жан да өледі деген пifdpлep айтқан. Жан итермелейтігі бастама, ол - материалданған. Платон (б. з. д. 428 - 348 ж. ж. ) жанныц мәні туралы езгеше пікір дамытады. Платонның айтуы бойынша, барлығының түп негізі - өзімен-өзі тірпіілік ететін ойлар, идеялар. Жанға арналған алғашқы еңбекті Аристотель (б. з. д. 384 - 322 ж. ж. ) жазған. Оның «Жан туралы трактаты» алғашқы психологиялық еңбек болып есептеледі. Тарихи түрғыдан осы жолмен психологияның жан туралы психологияны ғылымның дербсс саласы ретінде түсіну алғышарттарының негізі қаланды. Жан психологиясының орнына сана психологиясы кезекке келеді. Жанды іс-эрекеті ми қызметімен байланысты сана ретінде түсіне бастайды. Жан психологиясы жай пікірлерге негізделеді, ал сана псижшогиясының одан ерекшелігі -білімнің негізгі көзі деп - өз ішкі дүішесінен өздігінен бакылау деп есептейді. Мұндай өзгеше таным интроспекция («ішке қарау») тэсілі атьша ие болады. Осы кезенде психологиялық көзқарастардың қалыптасуы Рене Декарт (1595 - 1650), Б. Спиноза (1632 - 1677), ДЛокк (1632-1704) жэне т. б. ғүламалардың істерімен байланысты. Әсіресе жаратылыстану ғылымдарының даму барысывда зерттеудің объективті тэсілдері іздестірілді. Мұнда Ч. Дарвиннің (1809-1882) эволюциялык ілімі маңызды роль атқарды. Эксперимегатік орталық психологиялық мэселелерді зерттеуге тез ене бастайды, 1879 ж. Германияда В. Вундт алғашқы психологиялық эксперименттік лабораторияны ашады. Осы кезенде «жан», «саналы жэне санасыз» деген психологиялық ұғымдар анықталады, кейбір ғылыми концепциялар пайда болады.

ретінде отау тігуі. В. Вундт оның адамның мінез-құлқын зертгеумен айналыса бастауы.

қүрал-саймандар арқылы

зерттеудің басталуы, түйсік пен кабылдаудың жекеленген завдылыктарының ашылуы (Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы т. б. ) .

: ХХғасырдың 20- ЗОжылдары психология дағдарысы.
ретінде отау тігуі. В. Вундт оның адамның мінез-құлқын зертгеумен айналыса бастауы.: Психологиядағы ағымдық мектептердіч пайда болуы.
қүрал-саймандар арқылызерттеудің басталуы, түйсік пен кабылдаудың жекеленген завдылыктарының ашылуы (Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы т. б. ) .: Бихевиоргом, гештал ьтпсихоло гаясы, фрейдизм.
: ХХғ. 40-60
ретінде отау тігуі. В. Вундт оның адамның мінез-құлқын зертгеумен айналыса бастауы.:

Психологияның адамдардың жан дүниесінің қалптасуы мен даму

заидылықтарын зерттейтін ғылымға айналуы.

қүрал-саймандар арқылызерттеудің басталуы, түйсік пен кабылдаудың жекеленген завдылыктарының ашылуы (Вебер-Фехнердің психофизикалық заңы т. б. ) .: Психология ғылымының көптеген жаңа салаларының пайда болуы.

4. Танымдық процестерді жалпы сипаттаңыз.

Психикалық процестер : ойлау, сөйлеу, қиял туралы түсінік. Адам өмірінде осы танымдық процестердің алатын орны. Психикалық процестердің физиологиялық негіздері. Психикалық процестердің түрлері және қасиеттері. Психикалық процестердің дамуы. Психикалық процестердің адаи өмірінде алатын орны. Психикалық процестердің дәрігер қызметінде алатын орны. Танымдық процесстер (ес, ойлау, қиял, елес) әрқашанда психология және басқа да ғылымдардың зерттеу объектісі болды. Алғашқы кезеңде танымдық процесстерді зерттеулер алуан түрлі материалды жатқа оқыған кезде естің көлемі жөнінде мәліметтер зерттелді. Кейін жатталатын материалдың мнемикалық процесстерден, жұмысты ұйымдастыру, мотивация, ережелеуге тікелей байланысы анықталды. Ес басқа танымдық процесстермен қатар зерттелетін болды. Танымдық үдерістің бұл ерекше формалары тіл мен ойлау, сөйлеу секілді адамдық табиғаттың ең жоғарғы көрсеткіштерін құрауымен қоса, күнделікті өмірде туатын қажеттіліктерді де өтеуге бағытталады. Адамның танымдық әрекеті саналы, ғылыми дәйектелген шарттар қатарында өздігінен жүзеге асатын, адам болмысы итермелейтін рефлексті амалдардан да топталады. В. И. Писаренконың «Когнитивтік лингвистика мен «когнитивтік» терминінің семантикасы туралы» атты мақаласындағы «Когнитивтік лингвистиканың пайда болуына әсер еткен когнитивтік ғылымның өзі де уақыт өте келе, әр түрлі мектептер мен ғылыми бағыттарға жіктелу негізінде дамып отыр, мысалы: когнитивтік психология, нейроғылым, антропология және т. б., сондықтан бір ғылым саласына қатыстылығынан туындаған когнитивтік терминнің ұғымдық ерекшеліктерін әр түрлі дәрежеде түсіндіруге болады» деген пікірге назар аударсақ, таным категориясының негізгі белгілері когнитивтік ғылымның мақсатына сай толықтырылып дамып отырады да, оның жалпы ұғымдық сипаттамасы жекеленген танымдық ғылыми бағыттардан, олардың бірліктері мен заңдылықтарынан сұрыпталады. Жаңа пәлсапалық энциклопедияда когнитивтік ғылымға «теоретика-информациялық модельдерді қолдану негізінде сана мен жоғары ойлау процестерін зерттейтін жүйе» деп анықтама берілген Когнитивтік терминдердің қысқаша сөздігінде ол адамның ақыл-ойымен шұғылданатын әрі оның ментальды жағдайымен тығыз байланыста қарастырылатын, негізгі нысана ретінде когниция мен оның құрылым-үрдістерін қамтитын, ең бастысы, хабар мен оны өңдеу амалдарын зерделейтін ғылым саласы ретінде танылып отыр. Осыған орай, танымдық ғылымның негізі «әрі білім, әрі таным, әрі хабар, әрі адамзат ақыл-ойы мен санасы, әрі оларға сәйкес анықталатын және барлығының биологиялық негізін құрайтын адамзат миы» тұрғысынан айқындалып, күрделі танымдық процестердің тоғысын құрайтын ғылыми жүйе ретінде зерттеліп келеді. Қазіргі ғылымның негізгі екі ерекшелігін өзектей отырып, ғалымдар антропологиялық және пәнаралық даму нәтижесінде жалпы танымдық ғылымға тән негізгі белгілер қатарында төмендегідей мәселелерге көңіл бөлуде:

  • ғылымның пәнаралық негізде қалыптасуы;
  • таным көзі ретінде білім мен ілім негіздерінің дамытылуы;
  • когнитивтік құрылымдардың өзектелуі;
  • білімді қалыптастыратын мәдени және әлеуметтік факторлардың

екінші кезекке қойылуы;

  • таным негіздерін тіл арқылы, оның құрылымдық әрі мағыналық ерекшеліктерін салыстыра бақылау арқылы дәйектеу;
  • компьютерлі метафора ұстанымдарын қолдану,
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлеуметтік психология пәніне түсініктеме
Мектепке дейінгі психология пәні, мақсаты мен міндеттері жайлы
Зерттеудің негізгі кезеңдері
Қазақ этнопедагогикасындағы бала жасына қарай кезеңге бөлудің ғылыми-педагогикалық негіздері
«Педагогика» пәніне арналған практикалық (семинар) сабақтар жоспары
Этнопедагогиканың әдістемелік негіздері
Бастауыш мектеп дидактикасының қалыптасу және даму тарихы
ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ ҚОРЫ
Қазақ тілін оқыту әдістемесін талдау
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz