Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ 6
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні 6
1.2 Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері 13
1.3 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар 19
2 «ФУДМАСТЕР» ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ 28
2.1 «ФудМастер» ЖШС.нің өндірістік.шаруашылық қызметін
талдау 28
2.2 «ФудМастер» өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау 42
3 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ЖОҒАРЫЛАТУ 48
3.1 Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы 48
3.2 «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары 56
ҚОРЫТЫНДЫ 62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ 65
ҚОСЫМШАЛАР 67

КІРІСПЕ
Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы беделін арттыруда көрініс табады [6].
Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының басты мәні болып табылады.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері: ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп, әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау [7].
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.
Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды, өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: «Экономика біздің дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы, ...қол жеткіземіз».
2006 жылы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында. Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” атты Президенттің халыққа кезекті Жолдауы жарияланды. Осыдан үш жыл бұрынғы Жолдауында экономиканың, халықтың, жалпы мемлекеттің бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жолдауында тек бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50 елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.
Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі мемлекетттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық идея [1].
Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәимжелерін, осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қысиеттерін анықтайтын сапалық көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі туындайды. Осы айтылғандар диплом жұмысының тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Жұмыстың мақсаты ─ өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруды теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау. Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің экономикалық мәнін ашып көрсету;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін зерттеу;
- ұсынылған әдіспен «ФудМастер» ЖШС-нің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
- «ФудМастер» ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ─ «ФудМастер» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері нарығындағы қызмет ететін «ФудМастер» ЖШС-нің жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.
Бірінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің теориялық жақтары, қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде «ФудМастер» ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорын өніміне бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорын өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары қарастырылған.

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
1. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы // Астана, 2006 жылғы 1 наурыз.
2. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы: Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан // Астана, 2007 жылғы 28 ақпан
3. «Бәсеке және монополияны шектеу туралы» ҚР-ның заңы
4. ҚР-ның статистикалық жинақ 2005
5. ҚР-ның статистикалық жинақ 2006
6. Отраслевая подпрограмма «Производство и переработка молока 2004-
-2005 годы» Астана, 2004
7. Ж. Байтілесов Қазақстан-БСҰ: жаңа заңдар мен жаңаша көзқарас қажет
www.Google.kz
8. Тасбай СИМАМБАЕВ, Сенат депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. Жоба межесі жоғары
9. А. Сосков Чтобы конкуренты не задушили // Я покупатель и собственник 3 ноября 2006г.
10. Сүт және сүт өнімдерінің сапасын жақсарту мәселелері. Жаршы «Бастау», 2003, №5
11. Формирование конкурентоспособности сельскохозяйственных товаров в условиях конкурентной среды // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. Алматы, серия экономическая, 2006, №2
12. Формы и методы государственного регулирования качеств продукции и их совершенствования // Вестник КазНУ им. Аль-Фараби. - Алматы, серия экономическая, 2006, №3
13. Әмірбекұлы Е. автореферат Алматы, 2004ж.
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру
14. Сазанова Ж.О. автореферат
Шаруа қожалықтарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру.-Алматы, 2005
15. Джумагалиева Ж.Г. автореферат
Управление качеством продукции и обеспечение ее конкурентноспособности.-Алматы, 2004г.
16. Нурпеисова М.М. автореферат
Повышение качества и конкурентноспособности потребительских товаров Казахстана.-Алматы, 1998г.
17. Богданов К.В. Конкуренция и конкурентоспособность (курсовая работа)
М, 2002
18. Галкина О. Оценка конкурентоспособности товара (курсовая работа) Таллинн 2002
19. Коммисаров А.В. Разработка программы стимулирования сбыта (дипломная работа) Омск 1997
20. Макарова Н.Н. Продвижение товара: Public relations (курсовая работа)
Ялта 2001
21. Москаленко С.В. Стратегические направления в развитии конкурентоспособности фирмы (курсовая работа) М.1996
22. Раздорский О.С. Оценка и повышение конкурентоспособности товаров
(курсовая работа) Самара 2002
23. Барнгольц О.Б. Экономический анализ хозяйственной деятельности
предприятий и объединений - М,1986..
24. Годин А.М. Маркетинг: Учебное пособие. - М.: Прогресс, 2001
25. Голубков Е.П. Маркетинговые исследования. - М: Филипресс, 1998г
26. Дюсембаева К.Ш. Анализ финансового положения предприятия - Алматы: Экономика, 1998г
27. Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы - Алматы: Экономика,2002ж.
28. Ковалев А.И. Маркетинговый анализ: Учебное пособие.- М.: Контакт,2000
29. Ковалев В.Р. Анализ хозяйственной деятельности предприятия - М, 2000.
30. Козлов Е.Н. Товар и товарная политика. // Экономика строительства.2001№1
31. Магомедов Ш.Л. Определение показателей конкурентоспособности товаров. // СТК.2000.№9.С.78-79.
32. Мейірбеков А.Қ., Әлімбетов Қ.Ә. Кәсіпорын экономикасы Алматы: Экономика, 2003ж.
33. Печенкин А,.Фомин В. Об оценке конкурентоспособности товаров и
товаропроизводителей // Маркетинг.2000.№2.С.23-26
34. Савицкая В.Г. Анализ финансового хозяйственной деятельности -
Москва,2000г
35. Под ред. Сафронова,Зайцева Н.Л. Экономика предприятия - Москва, 2004г.
37. Фатхутдинов Р.А. Менеджмент конкурентоспособности товара. М.:АО
«Бизнес-школа Интел-синтез».1995.203с.
38. Meyer H. Aspekte der Konkurrenzfдhigkeit (доклад на собрании Швейцарского союза торговых фирм) Zьrich 1998
39. Материалы журнала “Marketing. Zeitschrift fоr Forschung und Planung”
Mьnchen und Frankfurt за 2001-2002 годы

Т. РЫСҚҰЛОВ атындағы ҚАЗАҚ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ЭКОНОМИКА факультеті
Экономика кафедрасы
Д и п л о м ж ұ м ы с ы
Тақырыбы: Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру
520830 “Экономика” мамандығының
күндізгі оқу бөлімінің
4 курс студенті
Оразова А.Е.
Ғылыми жетекшісі: э.ғ.к,
аға оқытушы Елшібаев Р.Қ.
Рецензент:
Жұмыс қорғауға жіберіледі:
Экономика кафедрасының меңгерушісі
э.ғ.к., профессор Сейдахметов А.С.
АЛМАТЫ, 2007 ж.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
3
1 КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН АРТТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ
АСПЕКТІЛЕРІ 6
1. Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық
мәні
6
2. Өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік
негіздері
13
3. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
19
1. ФУДМАСТЕР ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
ТАЛДАУ
28
1. ФудМастер ЖШС-нің өндірістік-шаруашылық қызметін
талдау
28
2. ФудМастер өнімінің бәсекелік ұстанымын бағалау
42
2. КӘСІПОРЫН ӨНІМІНІҢ БӘСЕКЕГЕ ҚАБІЛЕТТІЛІГІН
Жоғарылату
48
1. Бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы
48
3.2 ФудМастер ЖШС өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
арттыру жолдары
56
ҚОРЫТЫНДЫ
62
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР КӨЗДЕРІ
65
ҚОСЫМШАЛАР
67
КІРІСПЕ
Ғаламдану жағдайында барлық елдердің негізгі міндеті ұлттық шаруашылық
пен жекелеген экономикалық субъектілердің бәсекелес қабілетін қалыптастыру
және қолдау болып табылады. Нарықтық талаптардың ерекшеліктерін ескере
отырып, мемлекеттің ішкі экономикалық мүмкіндіктері мен өндірістік ахуалын
одан ары жақсарту мақсатында жаңа бағыттар белгіленуде. Өндірісті жаңаша
құрудың, шығарылатын өнімдердің сұранысын арттырудың маңыздылығы да
артуда.
Мемлекеттің экономикалық тұрақтылығын қалыптастырудың негізгі
бағыты ішкі өндірісті өркендету екені белгілі. Бұл тұрғыда, өнім өңдеудің
түпкі кезеңіне дейінгі жұмыстарды қамтитын өндірістік кәсіпорындарға деген
жауапкершілік те ұлғая түспек. Осы тектес кәсіпорындардың қатарына тамақ
өнеркәсібіндегі сүт өнімін өңдеумен айналысатын өндіріс орындарын
жатқызуға болады. Аталған саланың ел экономикасындағы маңызы оның ішкі
нарықтағы азық-түлік қауіпсіздігін сақтауда, мемлекеттің экспорттық
мүмкіндіктерін ұлғайтуда, отандық өзара байланысты кәсіпорындардың
тиімділігін арттыруда және олардың сыртқы өндірушілерге тәуелділігін
төмендетуде, ауыл шаруашылық өнімдерін мақсатты пайдалануда және
бәсекеге қабілетті өнімдер шығару арқылы мемлекеттің әлемдік нарықтағы
беделін арттыруда көрініс табады [6].
Өңдеу өнеркәсібінде бәсекеге қабілетті экспортқа шығарылатын тауарлар
мен қызмет көрсету өндірісі Қазақстан Республикасының 2003-2015 жылдарға
арналған индустриалды–инновациялық дамуының мемлекеттік бағдарламасының
басты мәні болып табылады.
Индустриалды-инновациялық даму бағдарламасының негізгі міндеттері:
ғылыми көлемді және жоғары технологиялық экспортты өндірістердің құрылуына
жағдай жасау; жоғары құнды қызмет көрсету мен тауарлар пайдасына сай елдің
экспортты деңгейін диверсификациялау инновациялық үрдістермен бірігіп,
әлемдік шаруашылық жүйесіне интеграциялау [7].
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін
әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың
дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және
өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет
кездесуде.
Отандық сүт өнімдерін өңдеуші кәсіпорындардың дамуы соңғы он бес жылда
үлкен өзгерістерге ұшырады. Кеңестік жүйеде қалыптасқан экономикалық
байланыстардың бұзылуы, нақты сектор мен қаржы саласының арасындағы
алшақтық, өндірістерді дамытудың бірыңғай, арнайы мақсатты
бағдарламаларының жоқтығы, өңдеуші салаларды ынталандыру тетіктерінің
қалыптаспауы нарықтық қатынастардың алғашқы кезеңінде бұл сала
кәсіпорындардың жетілуіне мүмкіндік бермеді.
Тек соңғы кездері нақты секторды дамыту бағытындағы басты міндеттер
мен қолайлы ортаны қалыптастыру шараларының нәтижесінде жаңа өндіріс
орындары ашылып, халықтың тұтыну қажеттіліктерін қанағаттандыра бaстады.
Әйтсе де, ғаламдық даму үдерімінің қазіргі кезеңінде қолда бар
жетістіктерге қанағаттану жеткіліксіз. Тынымсыз ізденіс пен нәтижелі іс-
әрекетті арқау еткен әлемдік нарық өндірушілері барынша жаңа нарықтарды
игеруге, ондағы тұтынушыларды жаулауға белсене кірісуде. Нарықтың бұл
қатал шарты отандық өнім өндірушілердің бәсекелік қауқарын нығайтуды,
өнімдерінің бәсекелік қыспақтарға төтеп берерлік қабілетін арттыруды, ішкі
және сыртқы нарықтарда сұранысы жоғары өнім өндіруге тиімді әсері бар
тетіктерді айқындауды және сол арқылы мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігін
қамтамасыз ету мәселесін шешуді қажет етеді. Бұл жағдай Республика
Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында айтылғандай: Экономика біздің
дамуымыздың басты басымдығы, ал экономикалық өсімнің барынша жоғары
қарқынына қол жеткізу – негізгі міндетіміз болып қала береді.
Біз бұған өз экономикамыздың бәсекелік қабілетін арттыру арқылы,
...қол жеткіземіз.
2006 жылы “Қазақстан өз дамуындағы жаңа серпіліс қарсаңында.
Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру
стратегиясы” атты Президенттің халыққа кезекті Жолдауы жарияланды. Осыдан
үш жыл бұрынғы Жолдауында экономиканың, халықтың, жалпы мемлекеттің
бәсекеге қабілетті болу мәселелерін көтеріп еді. Жаңа Жолдауында тек
бәсекеге қабілеттілік емес, осы көрсеткіш бойынша әлемдегі ең алдыңғы 50
елдің санатына қосылу біздің дамуымыздың басты мақсаты деп көрсетіп отыр.
Өте маңызды және дәл уақытында ел назарына ұсынылып отырған асқақ
мақсат. Өйткені, әлемдегі барынша өрбіп, қанатын жайған жаһандану үрдісінен
тыс ешбір мемлекет болмайды. Соның ішінде ашық әрі демократиялық қоғам
құрып жатқан Қазақстан одан шеткері қалмайды. Демек, дүние жүзі
мемлекетттерінің ішінде алатын орнымыз осы бәсекеге қабілеттілікке
байланысты. Экономиканың даму қарқынын үдетіп, оны ұзақ уақыт ұстап тұру
мүмкіндігі де осы бәсекеге қабілеттілікке байланысты. Халықтың тұрмысын
үзбей жақсарта отырып, әлемдегі ең жақсы әлеуметтік стандарттарға жеткізу
мүмкіндігі де осыған байланысты. Қорыта келгенде, ұлттық дамудың
келешектегі басты мақсаты да, міндеті де осы бәсекеге қабілеттілік. Бұл
біздер, қазақстандықтар үшін баршамыз іске асыруға жұмылатын шынайы ұлттық
идея [1].
Бәсекеге қабілетті отандық сүт өнімдерін қалыптастыруда озық
тәжірибелері мен жетістіктері бар елдердің қолдануға тиімді нәимжелерін,
осы салаға қатысты ғылыми-техникалық және инновациялық ізденістердің
қолданысын пайымдай отырып, бәсекелік қабілетті арттыру механизміндегі
негізгі тетіктер ретінде өнімнің тұтынушылық қысиеттерін анықтайтын сапалық
көрсеткіштерін, кәсіпорынның баға саясатын, өнімнің тартымдылығын
жоғарылатуға ықпал ететін кәсіпорынның маркетингтік жүйесін және өндірістің
өркендеуін ынталандыратын мемлекеттік қолдау саясатын қолдану қажеттілігі
туындайды. Осы айтылғандар диплом жұмысының тақырыптың өзектілігін
анықтайды.
Жұмыстың мақсаты ─ өнімнің бәсеке қабілеттілігін арттыруды теориялық
және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер шешілуі керек:
- өнімнің бәсеке қабілеттілігінің экономикалық мәнін ашып көрсету;
- өнімнің бәсеке қабілеттілігіне әсер ететін факторларды анықтау;
- өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістерін зерттеу;
- ұсынылған әдіспен ФудМастер ЖШС-нің өнімінің бәсекеге қабілеттілігін
бағалау;
- ФудМастер ЖШС өнімінің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату жолдарын ұсыну.
Зерттеу объектісі ─ ФудМастер жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін өнеркәсіптік
кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері бойынша
отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен
оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ
арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары
мен жарлықтары, ҚР-сы статистикалық агенттігінің мәліметтері, сүт өнімдері
нарығындағы қызмет ететін ФудМастер ЖШС-нің жылдық есептемелік
құжаттары құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен
пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде
тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және
әдістемелік негізі, қарастырылған.
Бірінші бөлімінде өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің теориялық жақтары,
қазіргі нарықтық экономикадағы орны қарастырылған. Ал екінші бөлімінде
ФудМастер ЖШС-нің қызметіне өндірістік-шаруашылық және сол кәсіпорын
өніміне бәсекеге қабілеттілігі бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорын
өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданады. Үшінші бөлімінде
өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдары қарастырылған.

АСПЕКТІЛЕРІ
1.1 Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігінің экономикалық мәні
Ұлттық экономикадағы нақты саланың дамуын қамтамасыз етуде, отандық
өндірушілердің өнімдерін әлемдік нарықтың сұранысына сәйкестендіру
бағытында атқарылатын іс-шаралардың тобына шығарылатын өнімдердің
бәсекелік қабілетін қамтамасыз ету мәселесін жатқызуға болады. Қазіргі
кезде өзекті болып отырған мемлекеттің экономикалық, азық-түлік
қауіпсіздігін қалыптастыру әрекеттері де сыртқы өндірушілердің ұқсас
өнімдеріне төтеп бере алатын отандық өнімдердің өндірілуіне тәуелді.
Еліміздің табиғи, экономикалық, ұлттық ерекшеліктеріне сай
иелігіміздегі құндылықтарды барынша тиімді, әрі ұтымды жұмсау, тек
ішкі нарықтағана емес, әлемдік нарықта да жоғары сұранысқа ие
болатын халық тұтынатын тауарлар шығару, сол нарықтың қомақты бөлігін
қосылған құны жоғары өнімдер өткізу арқылы иемдену, осы арқылы
мемлекетіміздің беделін арттыру бүгінгі таңда қарқынды жүргізіліп
жатқан саяси-экономикалық үрдістердің негізін қалайды.
Сонымен қатар, тұтыну нарығындағы өскелең талаптар да отандық тауар
өндірушілерге шығаратын өнімдерінің бәсекелік қабілетін арттыру мәселесін
алдыңғы қатарға қойып отыр.мұның өзі бәсекелік ортаның дамуына, өндірілетін
өнімнің сапасын жоғарылатуға, бағаны төмендетуге ықпалын тигізіп,
тұтынушылардың кең көлемді сұранысын қанағаттандыруға итермелейді.
Бәсекеге қабілетті өнім шығару кәсіпорынның, саланың дамуына ықпал ететін
негізгі фактор екенін уақыттың өзі дәлелдеуде [6].
Бәсекеге қабілеттілік дегеніміз ─ кез-келген экономикалық объектілерге
тән қасиет. Физикалық табиғатына және атқаратын қабілетіне қарамай,
барлық тауарлар, сондай-ақ оларды өндіру, пайдалану жүйелері бәсеке
мәселесі шеңберінде қарастырылады, тіпті мұндай талдау аспектісі
абстрактілі емес, нақты экономикалық қызметтің практикалық мәні.
М. Эрлих және Дж. Хайн пікірлері бойынша бәсеке қабілеті ─ фирманың өз
тауарын сату қабілеті [7].
Бәсеке қабілеттілік түсінігі ХХ ғасырдың 70 жылдарында Батыста
пайда болды. Шамамен сол уақытта өнімнің бәсеке қабілеттілігі мәселесімен
КСРО да айналыса бастады [8].
Бәсекеге қабілеттілік ─ өнеркәсіптік өнімнің құндық және сапалық
параметрлерін ғана қамтымай, сондай-ақ кәсіпорын қызметіндегі инвестиция
мен инновациялық басқаруға, менеджмент деңгейіне тәуелді жан-жақты ұғым.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі ─ тауарлардың тұтынушы қажеттілігін
жоғары деңгейде қанағаттандыруын және осының арқасында нарықты өз орнын
табуы. Басқа сөзбен айтқанда, бұл тұтынушының талғамына сай келетін және
оның сатылуын қамтамасыз ететін өнімнің қасиеттері.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің сипаттамалары қандай? Оның негізгі
құрауыштарын атап өтейік:
A. Негізгі құрауышы өнімнің өзімен тікелей байланысты және оның
сапасына көп көңіл аударылады. Көптеген зерттеулер нәтижесінде
өнімді сатып алу туралы қорытынды шешім (30-35%) оның сапалық
сипаттамаларымен байланысты екенін көрсетеді.
B. Екінші құрауышы өнімді сату мен сервисімен байланысты. Тұтынушы
көбіне өнімнің сапасы төмен, бірақ сенімді және қымбат емес
сервиспен (мысалы, авто-мототехника) сатылатын тауарды таңдайды.
C. Үшінші құрауыш бұл тұтынушыға, субъективті фактор ретінде жағымды
немесе жағымсыз әсерін тигізетінің бәрі [9].
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігін модельдеудің мақсаты
бәкелес кәсіпорынның өнімдері арасында нарықты бөлудің нарықтық механизмін
модельдеуге келіп тіреледі. Мұның негізінде өнімнің бәсекеге
қабілеттілігінің қалыптасуының механизмін көрсетуге болады (сурет 1).
Тұтынушылардың талғамдары
Өнімнің сапасы
Төлемқабілетті
сұраныс
Өндіріс
шығындары
Өнімнің
тұтыну-шылық құны
Өнімнің бағасы
Аналогтар
Өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі
Ескертпе – Воронов А.А.
Моделирование конкурентоспособности продукции предприятия
Маркетинг в России и за рубежом №4 2003
1-Сурет - Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің қалыптасуының механизмі
Кәсіпорын өнімінің бәсекеге қабілеттілігі белгілі бір фактордардың
ықпалымен қалыптасады. Олардың арасындағы негізгілері:
• Баға;
• Сапалық;
• Жаңалық;
• Жарнама;
• Пайдалану сенімділігі;
• Көркемдеу, мәнерлеу;
• Буып-түю, т.б.
Кең мағынады бәсекеге қабілеттілік бұл – күрделі нарықтық жағдайдағы
жұмыс философиясы. Ең алдымен ол тұтынушының қажеттілігін білу мен
қанағаттандыру; нарықтың дамуы мен жағдайды түсіну; бәсекелестердің
мүмкіндіктері мен қимылдарын алдын-ала білуіне бағытталған.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін оны басқа өніммен салыстырғанда ғана
анықталады, бұл салыстырмалы көрсеткіш болып табылады. Ол берілген
тауардың басқа тауарынан белгілі бір қажеттілікті қанағаттандыру
дәрежесі бойынша айырмашылығын көрсетеді. Тауардың бәсекеге қабілеттілігін
анықтау үшін белгілі бір қажеттілікке сәйкес келу дәрежесі бойынша
басқа тауарлармен салыстырып қана қоймай, сонымен бірге тұтынышының тауарға
жұмсаған шығыны мен өз қажеттілігін қанағаттандыру үшін
оның әрі қарай қолданылуы де есептеледі [13].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілік мәселесі қазіргі жағдайдағы
әлемде әмбебаб сипатқа ие болды. әрбір мемлекеттің тұтынушының экономикалық
және әлеуметтік өмірі оның қаншалықты табысты шешілуіне қарай
байланысты. Бәсекеге қабілеттілік – мемлекеттің, өндірушінің өнім шығару
мен өткізудің мүмкіншілігінің жиынтығы десек те болады. Бәсекелік
факторының өзі мәжбүрлік сипатқа ие, нарықтан ығыстыру қорқынышы
өндірушілерді өз тауарлардың бәсекеге қабілеттілігі мен сапа
жүйесімен тоқтаусыз шұғылдануға мәжбүр етеді, ал нарық олардың
қызметінің нәтижелерін объективті және қатал бағалайды. Дамыған
бәсекелестік нарықта өнімнің бәсекеге қабілеттілігі оның коммерциялық
табыстың шешуші факторы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік тауардың
нарық жағдайына, тұтынушының қажеттілігіне тек сапа, техникалық,
экономикалық, эстетикалық сипаттамалары бойынша ғана емес, сонымен бірге
коммерциялық және өткізудің басқа жағдайларына (баға, жеткізу
мерзімі, өткізу жолдары, сервис жарнама) байланысты болатын көп аспектілі
түсінік. Сонымен қатар, өнімнің бісекеге қабіліттіліктің негізгі
құрама бөлігі болып эксплуатация уақытына тұтынушының шығын деңгейі
табылады. Басқаша айтқанда бәсекеге қабілеттілік – нарықтағы табысты
анықтайтын тауардың тұтынушылық және құндылық (бағалық)
сипаттамалардың кешені, яғни бәсекелес аналог тауарлардың алдында берілген
тауардың артықшылығы. Тауарлардың артынан олардың өндірушілері
тұрғандықтан, сәйкесінше бәсеке қабілеттілікті кәсіпорындар, кәсіподақтар,
фирмалар, мемлекеттің негізінде айтуға болады. Нарықтағы әрбір тауар
қоғамдық қажеттіліктерін қанағаттандыру көрсеткішіне тексеру өтеді: әрбір
сатып алушы оның жеке қажеттілігін толығымен қанағаттандыратын
тауарды сатып алады, ал барлық сатып алушылар бәсекелес тауарларға
қарағанда қоғамдық қажеттіліктерге сәйкес келетін
тауарды сатып алады. Сондықтан өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
(яғни, бәсекелестік нарықта коммерциялық тиімді өткізудің мүмкіншілігі)
бәсекелестердің тауарларын бір-бірімен салыстыру негізінде
ғана анықтауға болады. Басқаша айтқанда, бәсекеге қабілеттілік
нақты бір сату уақытына байланысты салыстырмалы түсінік. Әрбір сатып
алушыда өз қажеттіліктерін қанағаттандырудың бағалаудың жеке критериі
бар болғандықтан, мұнда бәсекеге қабілеттілік жеке сипатқа ие болады.
сондықтан, бәсекеге қабілеттілік тұтынушы үшін қызуғышылық туғызатын
(берілген қажеттіліктерді қанағаттандыруына кепіл береді) қасиеттермен
ғана анықталады. Бұл қызығушылықтың шегінен шыққан өнімнің барлық
қасиеттері бәсекеге қабілеттілікті бағалағанда белгілі бір
жағдайда оған қатысы жоқ деп есептеледі. Нормалар, стандарттар мен
құқықтардың шамадан тыс асуы (мемлекеттік талаптардан
басқа) өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жақсартып қана қоймай, керісінше
оны түсіреді, өйткені ол сатып алушының құндылығын көбейтпей, бағаның
өсуіне әкеледі; сондықтан ол өнім тұтынушыға тиімсіз болып көрінеді [15].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің зерттелуі оның өмірлік циклының
фазаларына тығыз байланысты үздіксіз және жүйелі түрде жүргізілуі
тиіс. Мұның өзі бәсекеге қабілеттілік көрсеткіштерінің төмендеудің
бас кезеңін уақытылы анықтау мен лайықты шешімдерді қабылдау
(мысалы, өнімді өндірістен шығару, оны модернизациялау, нарықтың
басқа секторына ауыстыру, т.с.с.) үшін қажет. Егерде ескі өнім өз
бәсекеге қабілеттілік ұстанымын түгелдей жоймаса, ал кәсіпорын
жаңа өнім шығаруды көздесе бұл экономикалық тиімсіз болады.
Сонымен қатар, әрбәр тауар нарыққа шыққаннан кейін өзінің
бәсекеге қабілеттілік әлуетін бірте-бірте жұмсай бастайды. Бұл процесті
баяулатып, уақытша ұстап тұруға болады, бірақ оны тоқтату мүмкін емес.
Сондықтан, жаңа өнім ескі өнім бәсекеге қабілеттілігінде маңызды
жоғалтулар болған кезде нарыққа шығаруды қамтамасыз ететін
график бойынша болжайды. Яғни жаңа тауардың бәсекеге қабілеттілігі озық
және ұзақ уақыттық болу қажет.
Тауар өндіруші өзінің нақты бәсекелестерін, олардың мүмкіндіктерін,
артықшылықтары мен кемшіліктері ғана емес, сондай-ақ таңдаған нарықтағы
бәсекелестірдің жалпы жағдайын, яғни осы нарықтың бәсекелестік сипатына
байланысты типін, өзінің салалық нарығындағы бәсекелестіктің қозғаушы
күштерін өте жақсы білуі керек. Бұл жағдайда өз бәсекелестерінің іс
әрекеттері сипатын бағалау жүйесін, оның ішінде олардың іс-әрекеттерінің
құрылымдық талдауын пайдалануға болады (сурет 2).
Бәсекелестер мақсаттары мен
талаптарының диагностикасы
Бәсекелестердің нарықтық үлесін
талдау және бағалау
Бәсекелестердің
тауарлық саясатының
формалары мен
әдістерін зерттеу
Бәсекелестер
бағаларының
өзгерісін зерттеу
Бәсекелестер өткізу
торабының құралуын
және олардың өткізуді
ынталандыру құралдарын
талдау
Бәсекелестердің
қаржылық қуаты мен
тұрақтылығын
бағалау
Нарықтық бәсекелестік картасын құрастыру
Ескертпе - Завьялов П.С. Маркетинг в схемах, рисунках, таблицах:
Учебное пособие – М.: ИНФРА-М.-2000
2-Сурет - Нарықтағы бәсекелестер іс-әрекетінің құрылымдық талдауы
Бәсекелестіктің салалық деңгейдегі қозғаушы күштерін зерттеу нарықтық
экономика жағдайында барлық деңгейлерде көрініс табатын жалпылама
бәсекелестік механизмінің маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Мұндай
зерттеу келесідей аспектілерді қамтиды: Салада потенциалды бәсекелестердің,
яғни жаңа тауар өндірушілердің пайда болуы, бағалардың төмендеуі және
(немесе) шығындардың өсуі, тиісінше пайда нормасының түсуіне алып келуі
мүмкін өндірістік қуаттардың артуына әкеліп соқтырады.
Нарыққа жаңа бәсекелестердің енуі барысында белгілі бір тосқауылдар
болуы мүмкін. Олардың негізгілері:
• өндіріс қажеттіліктерінің үнемделуі;
• өнімнің жіктелуі мен сатып алушылардың да сол кезеңдегі шығындары;
• тарату каналдарының салыстырмалы жетіспеушідігі;
• саладағы артықшылықтардың болуымен белгіленетін тосқауылдар.
Нарықта әрекет етуші компаниялар арасында бәсекелестіктің қарқандылығы
мынандай факторлармен анықталады:
• бәсекелестердің сан жағынан көп болуы және олардың күштерінің
теңдігі;
• саланың салыстырмалы баяу өсуі;
• үстеме шығындар немесе тауарлы-материалдық қорлар құны түріндегі
тұрақты шығындардың жоғары деңгейі;
• дифференциацияның жоқтығы (және тиісінше – конверсия шығындары);
• қуаттардың секірмелі өсімі;
• жоғары деңгейге шығу тосқауылдары [17].
Бәсеке сипаттамалары және оларды анықтайтын факторларды шартты
түрде микродеңгейлі (өнімнің сапасы мен бағасын көрсететін), мезодеңгейлі
(салалардың қолда бар өнлірістік қорларын тиімді қолданудың
көрсеткіштерін жақсартатын) және макродеңгейлі (шаруашылық жүйелердің
жалпы қалпын, олардың балансын, инвестициялық климатын, салық тәртібін,
тариф кедендік саясатын және т.б. көрсетеді) болып бөлінеді.
Келтірілген бәсеке сайыстың және бәсекелесу қабілетінің
факторлары мен сипаттамаларының субъектілерінің құрамы осы
күрделі дәреженің элементтерінің құрамын сипаттауға және олардың байланысын
шығаруға мүмкіндік береді. Бұл оның талдауына қажетті тиімді
тәсілдер шығаруға, қолда бар қорларды алуға қосымша мүмкіндіктер ашуға және
сүт өнімі кәсіпорындары үшін әр деңгейдегі бәсекеге қабілеттілікті
жоғарлатудың стратегиялық бағытын анықтауға көмек көрсетеді.
Экономикалық әдебиетте бәсекені оның әдістері бойынша
бағалық (баға негізіндегі бәсеке) және бағадан тыс бәсеке
(тұтынушылық құнның сапасы негізіндегі бәсеке) бөлуге болады.
Қазіргі әлемде бағалық бәсеке бағадан тыс әдістердің бәсеке сайысына
қарай мәнсіз болып келеді. Бұл қазіргі нарықта бағалар қақтығысы
жоқ дегенді білдірмейді, олар бар, бірақ соншалықты анық емес. Бағадан
тыс бәсеке алдыңғы қатарлы бәсекелестерге қарағанда тауардың тұтынушылық
құнын арттырады. Бағадан тыс әдістердің санына фирманы басқарудың бүкіл
маркетингтік әдістері жатады. Олардың негізгілері: тауардың жаңартылуы,
сапа, жарнама, халықаралық стандарттарға сәйкес келу, т.с.с. [6].
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы, оның жақсаруы
көбінде іске асырылатын өнімнің сапасы мен өндірістің ұйымдастырушылық-
техникалық деңгейіне тәуелді.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың бірнеше әдістері бар
(оны біз 1.2 бөлімінде толық қарастырамыз). Бірақ барлығының да бір ортақ
кемшілігі бар, онда тұтынышыны қызықтыратын өнім бағасы мен сапаның
қатынасы ескерілмейді, тек тауардың басқа қасиеттерінің жиынтығы ретінде
анықталады. Осылайша, өнімнің бәсекеге қабілеттілігі біз оның өнімнің
бағасы пайдалы тиімділікке қатынасындағы салыстырмалы баға деп
анықтаймыз. Әрбір нарықтың өзіндік бір ерекшеліктері бар. Баға өткізу
кезіндегі ұсынысты анықтау керек, ал жаңа өнім ұсынысы бағамен
ынталандыруы қажет. Осылай, егер баға тек өнімді өткізу құралы
ғана болса, бәсекеге қабілетті сапа нарық дамуының жалғыз факторы
– тек өнімнің белгілі бір көрсеткіштері ғана емес, сонымен бірге ақырғы
тұтынушыға бағытталған шаралар кешені. Бәсекеге
қабілетті сапа зерттелуі перспективті нарықты бөлшектеп зерттеуінен
басталады:
• жаңа өнімге талаптарды дайындау;
• сапалы шикізат жабдықтаушылады таңдау және күшейтілген бақылау;
• өндірістің барлық кезеңдері мен аралық бақылауды регламенттеу.
Ақырғы өнімнің шығу кезеңінде ол барлық белгілі бір
сипаттамаларға (яғни, бағалық ниша мен нарыққа шығудағы бастапқы баға,
оның мақсатты сегменті анықталады және сонымен сәйкес өндірілетін
көрсеткіштер мен қасиеттер) сәйкес келу керек. Бәсекеге қабілетті
сапаның ажырамас бөлігі сервистік қызмет көрсету деңгейі болып табылады.
өнімнің нарықта өмір сүруі үшін соңғы мәселе өте маңызды болып келеді және
ол нарықтық жағдайлардың өзгеруіне тез және нақты жауап беруі тиіс [12].
Өнімді нарыққа шығару ─ өте жауапты кезең. Жаңа өнім үшін жаңадан
өткізу нарығын құру керек. Жаңа өнімнің бәсеке қабілеттілігіне немесе
нарықта өнімнің өтуіне әсер ететін факторларды қарастырайық. Өнімнің
бәсекеге қабілеттілігінің жоғары көрсеткіші кезінде табысты өтуі тек
өнімнің жаңалық дәрежесі мен оған тұтынушының қызығушылығы ғана емес,
сонымен бірге бағалық стратегияға да байланысты. Әдетте, өнімнің
модификациясы сату көлемін жаңалыққа қарағанда тезірек ұлғайтады, өйткені
тұтынушы берілген өнім туралы біледі. Модификацияланған өнімнің бағасы бұл
этапта модификацияланбаған өнімнің баға деңгейіне қарағанда сәл жоғары
болуы мүмкін. Жаңалық өнімнің бағасы бірінші этапта аналог бағалық
нишаның жоғарғы шегімен анықталады және жақсы жарнамалық, ақпараттық пен
сервистік сүйеуден кейін бәсекеге қабілеттілік деңгейіне сәйкесінше
жоғарылауы мүмкін [11].
Тауардың өмірлік циклының өсу этапында ғана өндіріс, маркетинг
шығындары айтып, білінетін табыс алуға болады.
Бөлімді аяқтай отырып, айта кететін жайт, бәсекелік күресте нарықты
дұрыс және уақытылы бағалай алатын өндіруші ғана ұтады.
1.2 Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалаудың әдістемелік негіздері
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі өндіруші кәсіпорынның бәсеке
қабілеттілігімен тікелей байланысты. өнімнің бәсеке қабілеттілігін бағалау
келесі жүйелілікпен асады:
1. нарықты талдау ─ потенциалды сатып алушылар мен бәсекелестердің
қажеттіліктерін зерттеу;
2. тауарға нарықтық талаптарды қалыптастыру және оны бағалық
көрсеткіштер құрылымында көрсету;
3. салыстыру көрсеткіштер базасын таңдау;
4. бағалық класс моделінің түрін таңдау;
5. тауарды бәсеке қабілеттіліктің жеке және интегралды көрсеткіштер
бойынша бағалау;
6. бәсеке қабілеттілік туралы қорытынды жасау және оның өндіріс пен
сатып алу мақсаттылығы туралы шешім қабылдау [12].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау тұрғысынан нарықты зерттеудің
нәтижесі тауардағы қажеттілікттердің әрекеттестік динамикасы мен жағдайы
туралы ақпаратты жинау болып табылады. Әрбір қажеттілік сатып алушы нарықта
тауарға талаптар түрінде мәлімдеме жасайтын белгілі бір параметрлер
жиынтығымен сипатталады.
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін жоғарылату жолдарын жобалау оның
нақты және уақытылы бағалауына тікелей байланысты. Өнімнің бәсекеге
түсу қабілеттілігі талданатын өнімнің параметрлерін салыстыру базасының
параметрлерімен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстыру базасының орнына
әдетте нарықтағы ұқсас тауар немесе тұтынушының қажеттілігі алынады. Ал
ұқсас тауар ретінде сатылу көлемі максималды және
болашағы жарқын тауар алынады. Егер өнімнің параметрлерінің физикалық
өлшемі боласа, онда оған балмен бағалау әдістері қолданылады.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың негізгі критерийлері:
• өнімнің жаңалық дәрежесі;
• өндірілу сапасы;
• өнім туралы ақпаратты тарату үшін материалдық базасының болуы;
• өткізуді ынталандыру бойынша шаралар; өткізу динамикасы;
• өнімнің нарықтық талаптарына ыңғайлану мүмкіндігі;
• қаржылық жағдайы.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілікті салыстырмалы құн мен
салыстырмалы пайда бағалық көрсеткіштері бойынша қарастыруға
болады. Егер өнімнің бәсекеге қабілеттілігін баға бойынша бағалайтын
болсақ, өнімнің бағасы, сапасы мен дизайны ұқсас тауардан кем
түспесе, онда өнім бәсекеге қабілетті болып саналады. Ал егер өнімнің
бәсекеге қабілеттілігін салыстырмалы құн бойынша бағалайтын болсақ,
онда салыстырылатын мемлекеттерде өңдеуші өнеркәсіптегі еңбек
бірлігінің салыстырмалы құны бір валютада есептелінеді. Бәсекеге
қабілеттілікті пайдалылық бойынша бағалағанда, кәсіпорынның пайдалылығы
жоғары болған сайын оның өнімінің бәсекеге қабілеттілігі де жоғары болады
[11].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін бағалау әдістері келесідей:
Біз бәсекеге қабілеттілікті талданатын өнім мен салыстыру базасының
техникалық, экономикалық және басқа параметрлер бойынша салыстыру арқылы
бағаланатынын айтқанбыз.
Бағалау екі әдіспен жүргізіледі:
o дифференциалданған;
o комплексті.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың дифференциалданған әдісі талданатын
өнім мен салыстыру базасының параметрлерін қолданып салыстыруына
негізделген.
а) Егер бағалау базасы ретінде қажеттілік алынатын болса, онда
бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші мына формула арқылы есептелінеді:
Qi = Pi Pio * 100% (i = 1,2,3...,n)
(1)
Мұндағы, Qi - i-параметрі бойынша бәсекеге қабілеттіліктің жеке
параметрлік көрсеткіші;
Pi - талданатын өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
Pio - қажеттілік толығымен қанағаттандырылғандағы і-параметрдің
мөлшері;
n - бағалау параметрлерінің саны,
Нормативті параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке көрсеткіш 1
немесе 0 мәнін қабылдауы мүмкін. Егер талданатын өнім міндетті
норма мен стандартқа сай келсе, онда көрсеткіш 1-ге тең; егер сай
келмесе, көрсеткіш 0-ге тең болады.
Техникалық және экономикалық параметрлер бойынша бағалау кезінде жеке
көрсеткіш 1-ден үлкен немесе 1-ге тең болуы мүмкін.
б) Егер бағалау базасы ретінде үлгі алынатын болса, онда

Qi = Pi Pio * 100% (i = 1,2,3,...,n)
(2)
Qi = Pio Po * 100%
(3)
Мұндағы, Qi – і-нші техникалық параметр бойынша бәсекеге
қабілеттіліктің жеке параметрлік көрсеткіші;

Pio - үлгі ретінде алынған өнім үшін і-параметрдің мөлшері;
n - бағалау параметрлердің саны.
Бағалау нәтижелерін талдау:
Бұл 2 формуладан жеке көрсеткіштің өсіміне бәсекеге қабілеттіліктің
жоғарылауы сәйкес келетін формула алынады. (Мысалы, өнімділікті
бағалау үшін ─ формула (1), ал отынның шекті шығынын бағалау үшін ─ формула
(2)
Егер өнімнің техникалық параметрлерінің физикалық өлшемі болмаса
(мысалы, ыңғайлылық, сыртқы келбет, модаға сәйкес келуі, т.б.), онда
балмен бағалау экспертті әдістер қолданылады.
Дифференциалдық әдіс талданатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігін
немесе ұқсас өніммен салыстырғандағы кемшіліктерді анықтауға мүмкіндік
береді. Ол өнімнің өмірлік циклдің барлық этаптарында, әсіресе оны
болжамдық үлгімен салыстырғанда қолданылады. Бірақ та ол тауардың
әрбір салмақтылық параметрлерін таңдаған кездегі тұтынушының
қажеттілігіне әсерін ескермейді.
Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың комплексті әдісі. Бұл әдіс
комплексті (топтық, жалпы және интегралды) көрсеткіштерді пайдалануына және
талданатын өнім мен үлгінің шекті тиімді әсерлерді салыстыруына
негізделген.
Нормативті параметрлер бойынша топтық көрсеткіш келесі формула
арқылы есептелінеді:
Iнп = Qhi ni=1
(4)
Мұндағы, Iнп - нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің
топтық көрсеткіші;
Qhi - і-нші нормативтік параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің
жеке көрсеткіші;
n - бағалауға қатысатын нормативті параметрлердің саны.
Нәтижелерді талдау:
Егер де жеке көрсеткіштердің бірі 0-ге тең болса (яғни, өнім
қандай да болмасын параметрлер бойынша керекті нормаларға сәйкес
келмейді), онда топтық көрсеткіш те 0-ге тең болады. Бұл берілген
тауар қарастырылып жатқан нарықта бәсекеге қабілетсіз екенін
білдіреді.
Техникалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы
есептелінеді:
Iтп = Qi * Ai ni=1
(5)
Мұндағы, Iтп - техникалық параметр бойынша бәсекеге қабілеттіліктің
топтық көрсеткіші;
Ai - қажеттілікті сипаттайтын n техникалық параметрлер ішінен і-
нші параметрдің салмағы;

а) Ітп топтық көрсеткіші берілген өнімнің техникалық
параметрлер бойынша қажеттілікке сәйкес келетін дәрежені көрсетеді. Ол
неғұрлым жоғары болған сайын, соғұрлым тұтынушының қажеттілігі
толығырақ қанағаттандырылады.
б) Әрбір техникалық параметрдің салмақтығын анықтау үшін үлгі,
семинар, тұтынушының сұранысы, нарықтық зерттеулерге негізделген эксперттік
бағалау негіз болады.
в) Нарықтық зерттеулер өткізген кезде пайда болатын қиындық жағдайда,
сонымен қатар техникалық параметрлерден бағдарлық бағалауды өткізу және
есептеулерді оңайлату мақсатында салмақтық топ немесе комплексті
параметрлер ─ одан әрі салыстыруда қолданатын тиімді әсер қолданылады.
Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш өнімді сатып алуға
және тұтынуға (эксплуатация) тұтынушының толық шығындарын анықтау негізінде
есептелінеді:
З = Зс + Ci ті=1
(6)
Мұндағы, З - өнім сатып алуға және тұтынуға (эксплуатация) кететін
тұтынушының толық шығындары;
Зс - өнімді сатып алуға кеткен бір жолғы шығындар;
Сі - і-нші жұмыс істеген жылына қатысты өнімнің эксплуатациясына
кеткен орташа жиынтық шығындары;
Т - жұмыс уақыты;
і - рет бойынша жыл.
Мұнда,
Сі = Scj nj=1
(7)
Cj - j-нші бап бойынша эксплуатациялық шығын;
n - эксплуатациялық шығындардың баптардың саны.
Егер өнім эксплуатациядан кейін сатылатын болса, онда
толық шығындар ол үшін табыс шамасына азаюы керек (берілген бап
үшін көрсеткіш формулаға минус таңбасымен еңгізіледі).
Экономикалық параметрлер бойынша топтық көрсеткіш мына формула арқылы
есептеледі:
Іип = З Зо
(8)
Іип - экономикалық параметр бойынша топтық көрсеткіш;
З, Зо - бағаланатын сәйкесінше өнім мен үлгі үшін тұтынушының
толық шығындары.
Бәсекеге қабілеттіліктің интегралды көрсеткішінің формуласы:
К = Інп * Ітп Іэп
(9)
К - үлгі өнімге қатысты талданатын өнімнің бәсекеге
қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші.
Нәтижелерді талдау:
К - өнімді сатып алу мен тұтынуға кеткен тұтынушының
бірлік шығынына шаққандағы тұтынушылық тиімділігіндегі салыстырылатын
өнімдер арасындағы айырмасын көрсетеді. Егер К1 болса, онда
қарастырылатын тауардың бәсекеге қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда
төмен; ал егер К1 болса, онда қарастырылатын тауардың бәсекеге
қабілеттілігі үлгі тауарға қарағанда жоғары; егер екі тауардың
бәсекеге қабілеттілігі бірдей болса, онда К=1.
Егер талдау бірнеше үлгі бойынша жүргізілсе, онда таңдалған аналогтар
бойынша өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің интегралдық көрсеткіші әрбір
бөлек үлгі бойынша орта салмақты көрсеткіш қосындысы ретінде есептелінеді:
Кср = Ski * Ri ni=1
(10)
Мұндағы, Кср - үлгі топтарға қатысты бәсекеге қабілеттілік
көрсеткіші;
Кі - і-нші үлгіге қатысты бәсекеге қабілеттілік көрсеткіші;
Ri - аналогтар тобындағы і-нші үлгінің салмақтығы;
n - аналогтар саны.
Бағалаудың аралас әдісі дифференциалдық әдіс пен комплексті
әдістің қосындысы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілікті бағалаудың
аралас әдісі кезінде жартысы дифференциалдық әдіспен есептелген параметрлер
жартысы комплексті әдіспен есептелген параметрлер қолданылады [11].
Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігінің бағалануын көрсеткіштердің
келесі топтарының негізінде іске асыру ұсынылған: өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі; кәсіпорын өндірісінің жетік ұйымдастырушылық-
техникалығы өзіне екі жалпыландыру көрсеткіштерін қосады:өндірістің
техникалық деңгейін (Ктд) және өндірістің ұйымдастырушылық деңгейін
(Кұд).
Олар жекелік көрсеткіштердің функциясы ретінде анықталады
(xi, ..., x n):
Кұд, Ктд = f1(xi, ..., x n),
(11)
Әр фактор (меншікті көрсеткіш) былай табылады:
Хі = ПфіПні
(12)
Мұндағы Пфі - і-нші факторының деректік мәні, өндірістің
ұйымдастырушылық-техникалық деңгейі жалпыландыру көрсеткішіне әсер етеді;
Пні - қағидалық немесе жоспарлықта дәл солай.
Жалпыландыру көрсеткішін келесі формулалар бойынша табамыз:
Кұд, Ктд = аі * хі + ... + аn * хn
(13)
Мұндағы Атд және Аұд - өндірістің техникалық деңгейінің көрсеткіші
және ұйымдастырушылық деңгейінің көрсеткішінің салмақтандыру
коэффициенттері [6].
Өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің бағалауының бірнеше
әдістемесін жиі қолданылады. Оларға жататындар: матрицалық әдіс; негізгі
тәсіл ретінде кәсіпорын тауарының бағалануын қолданылатын әдіс; бәсеке
тиімділігі теориясында негізделген әдіс.
Матрицалық әдіс негізінде координаттар жүйесінің қағидасы бойынша
жасалынған матрица талдауы жатыр. Мұндай әдістерге келесі
матрицалар: BCG, Мак-Кинзи, Хоуфер, ADL, И.Ансофф, Д.Абель бойынша
стратегиялардың өрісі жатады.
Екінші әдіс тауардың бәсекеге қабілеттілігінің параметрлерінің
анықтамасы (бағалық және бағадан тыс) және оның бәсекеге
қабілеті деңгейінің интегралды көрсеткішінің есептеуінде негізделген.
Тиімді бәсеке теориясы өндірістің ұйымдастырушылық-техникалық деңгей
көрсеткіштерінде көрсетілген өнеркәсіптік кәсіпорындардың шаруашылық
қызметінің ең маңызды бағаларын қамтиды. Оларға кәсіпорынның өндірістік
қызметінің тиімділік көрсеткіштерін, оның қаржылық жағдайының
көрсеткіштерін, тауарды өткізудің ұйымдасқан тиімділік критерийлері мен
тауардың бәсекеге қабілеттілігін жатқызуға болады [6].
Тауар сапасының теориялық мәні ─ тұтынушылардың тауарға деген
сұранысын қанағаттандырудың түрлі критерийлерін шығару, яғни сапа
фирманың бәсекеге қабілеттілігінің кепілдемесі болып табылады.
Әлуетті сатып алушылардың қажеттілігін білу негізінде параметрлердің
номенклатурасы анықталады, оларды өндіруші нарықта өнімді бағалау үшін
пайдаланылады.
Егер салыстыру үшін базаны анықтау мүмкін болмаса үлгі
арқылы бәсекеге қабілетінің бағаларының жарнама әдісі қолданыла
алады, әсіресе нарықта оның үйлестігі болса және белгілі жеңгейлі өнім
бағаланса. Үлгі-тауар қажеттілікті модельдейді және оның параметрлерін
бағалауға ұсынылған параметрлермен салыстыруға мүмкіндік береді.
Сонымен бірге, бәсекеге қабілеттілігі талданатын өнімнің тұтынушыға
қажетті параметрлермен салыстыру арқылы бағаланады. Салыстырылатын
параметрлер өлшеудің бірдей шамаларымен көрсетіледі. Салыстыру техникалық
және экономикалық параметрлердің топтары бойынша іске асырылады.
3. Өнімнің бәсекелік қабілеттілігіне әсер ететін факторлар
Бәсекеге қабілеттілікті анықтайтын барлық факторларды мына топтарға
бөліп көрсетуге болады:
• Өнім және қызмет сапасы;
• Өнім және қызмет бағасы;
• Персоналдың квалификациялық деңгейі;
• Өндірістің технологиялық деңгейі;
• Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі;
• Нарықтың қаныққандығы, сұраныс және ұсыныс.
Енді бұл факторларды ашып талдайық.
Өнім сапасы. Сапа - өнімнің ең маңызды сипаттамасы. өнім белгілі
бір сапаға ие болғаннан кейін ғана аналогтар қатарында лайықты
оры алуы мүмкін. Сапаның түсінігіне мыналар кіреді: ұзақ
уақыт бойы қолдану, сенімділік, нақтылық, қолданудағы
қарапайымдылығы, сонымен қатар ақаулардың болмауы. Бірақ әрбір өнімге
сапаның аталған қасиеттер сай келе бермеуі мүмкін.
Мысалы, бір рет қолда- натын стақаннан ұзақ уақыт қолдануын талап
ете алмаймыз. Сондықтан, сапаның стандарттарға сәйкес келу деген маңызды
көрсеткіші бар. Бұдан басқа өнім тұтынушылардың мына қажеттіліктерін
қанағаттандыруы тиіс:
• Физикалық;
• Техникалық;
• Сенімділік;
• Эксплуатациялық;
• Эстетикалық;
• Қауіпсіздік;
• Экологиялық;
• Шығынды (эксплуатациямен байланысты шығындар), т.б. [9].
Өнімнің бәсекеге қабілеттіліктің бұл факторлардың маңыздылығын
түсініп, біз оны кейінрек толығырақ қарастырамыз.
Өнімнің бағасы. Баға ─ өнімнің құндық ақшалай сипаттамасы болып
табылатын экономикалық категория. Ол өнім өндірісіне кеткен жұмыс уақытының
жанама өлшемі. Өнім бағасын анықтайтын факторлар:
1. өндіріс жалпы шығыны;
2. қоғамдық еңбек шығыны;
3. өнім саны;
4. өнім қызметі мен қасиеті;
5. персоналдың квалификациясы;
6. өндірістің технологиялық деңгейі;
7. Мемлекеттің салық туралы заңы;
8. Өнімді тасымалдау жәнесақтаумен байланысты шығындар;
9. Өнімді өткізу үшін ғимараттар арендасымен байланысты шығындар;
10. Өнімнің орамы;
11. Фирманың танымалдылығы;
12. Сервистік және кепілдік қызмет көрсетуінің деңгейі;
13. Фирманың маркетингтік қызметі;
14. Өнімге сұраныс пен ұсыныс;
15. Фирманың садалық баға стратегиясы.
Кәсіпорынның баға саясатын жетілдіру бағыты нақты өндіріс орындарының
тиімділігі нәтижесінде ғана жүзеге асуы мүмкін. Оның себебі де
бар, өйткені нарықтық баға бәсекесі кезінде қандай да бір
өнімнің құнын төмендету (ең төмен мөлшерде табыс таба отырып) үшін
кәсіпорын өзі шығаратын басқа да өнім түрлерінен немесе қызметтерден
тұрақты табыс алуы қажет. Онсыз баға бәсекесінде нәтижелі күресу
мүмкін емес. Жалпы баға саясатының қалыптасу реті мен оған әсер
ететін факторлардың сипатын сурет-3 көруге болады [6].
Нарықтағы жағдай
Тұтынушылар
Мемлекет
Бәсекелестердің
ықпалы
Шикізат
ресурс-тары,
шығындар
Ескертпе - Әмірбекұлы Ержан Автореферат
Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру
3-сурет - Кәсіпорынның баға саясатын қалыптастыру
Баға қалыптасу стратегиясын таңдағанда белгілі бір өнім үшін
қандай мақсат қойылатынын анықтау керек. Негізінде келесі мақсаттар
қойылады:
• Фирманың өміршеңдігін қамтамасыз ету, мысалы, қатал бәсекелестік
кезінде;
• Ағымдағы пайданы максимилизациялау;
• Көрсеткіштік үлесі бойынша нарықты жаулап алу;
• Өнім сапасының көрсеткіштері бойынша жаулап алу, яғни белгілі бір
өнімнің имиджін қалыптастыру. Бұл жағдайда баға жоғары болады.
Бағаның өзгеруі факторлар әсер ететін уақыттың ұзақтығына қарай үш
кезеңге бөлінеді:
• Баға қозғалысының ұзақ мерзімдік тенденциясы ғылыми-техникалық
жетістіктердің, мемлекеттік және монополиялық саясаттың, табиғи
құбылыстардың әсері нәтижесінде тауардың және ақша құнының өзгеруін
көрсетеді;
• Орта мерзімдік циклдік бағаның ауытқуы сұраныс пен ұсыныстың
салыстырмалы қалпының түрлі кезең циклдары бойынша өзгеруі
нәтижесінде пайда болады;
• Қысқа мерзімдік бағаның өзгеруі әр түрлі маусымдық және кездейсоқ
факторлардың әсерінен туындайды.
Ішкі нарықтағы бағаларға ақшаның сатып алу қабілетінің өзгеруі, ал
сыртқы сауда бағаларына ұлттық ақшаның валюталық курсының өзгеруі әсер
етеді.
Бағаның түрлері:
1. Көтерме баға – кәсіпорын үлкен мөлшерде басқа кәсіпорындарға, сауда
ұйымдарына өткізеді;
2. Контракты баға сатушылар мен сатып алушылар арасында келіссөздер
барысында тағайындалатын баға;
3. Дайындау бағасы – ауылшаруашылық өнімдерін сатып алу;
4. бөлшек сауда ьағасы – тұрғындарға сату бағасы;
5. Өзгермелі баға дайындалатын бұымдарға сауда мәмілесінде
ұзақ уақыт белгіленетін баға, осы бұйымдарды дайындау үшін қажетті
уақыт ішінде өндіріс шығынының өзгеруін есепке алуға
мүмкіндік беретін өзгермелі принципке негізделген.
Практикада қолданылатын баға стратегиялары:
1. Жоғары баға стратегиясы. Алғашқы өндіріс шығындары жоғары болады,
одан кейін ол төмендейді. Бұған жаңа тауарлар жатады. Сапасы
жоғары тауарлардың бағасы да жоғары болады.
2. Төменгі баға стратегиясы немесе нарыққа өту стратегиясы. Бұл
сұранысты ынталандыру мақсатында жүзеге асады.
3. Сараланған баға стратегиясы сатып алушылармен жұмыс істеу, яғни
кәсіпорынға деген ынтасынарттыру үшін оларға тауар жеңілдетілген
бағамен сатылады.
4. Икемді баға стратегиясы. Бағалар сатып алушылардың
мүмкіндіктеріне қарай белгіленеді.
5. Тұрақты, стандартты, өзгермейтін баға стратегиясы.
6. Дөңгелексіз баға стратегиясы, яғни сатып алушы 100 теңгенің тауарын
99 теңгеге сатып алады.
7. Жаппай көтере сатып алу стратегиясы, яғни көтерме баға.
Баға бәсекесінің пайда болуы және оның әрекет етуі мынадан байқалады:
1. Бір түрлі немесе ұқсас тауарды ең төменгі бағада сату мен басқа да
тауар сатушыларды нарықтан ығыстырып шығаруға және соның есебінен
өзіне бұл салада ыңғайлы жағдай туғызуға бағытталған бәсеке.
2. Тауар алушының ұсынылған тауарға деген қажетін қанағаттандырмау
салдарынан тартатын шығынын салыстыру арқылы тауар бағасын көтеру
бәсекесі.
3. Тауар алушы мен сатушының, бірінің арзан алуға, екіншісінің қымбат
сатуға ынталылығы аралығындағы бәсеке. Нәтиже екеуінің қайсысының
жеңіп шығатынына байланысты болады.
4. Тауар алушылардың бірыңғай қажеттерін қанағаттандыратын субститут –
тауар өндіретін бәсекелес салалардың үлгісі ретінде пайда болатын
салааралық бәсеке.
Персоналдың квалификациялық деңгейі. Квалификациялық жұмысшылардың бар
болуы минималды шығындармен жоғарғы сапалы өнімді шығаруға мүмкіндік
береді. Өнімнің ұлғаймалы қатары жоғары квалификациялық персоналсыз
өндірілуі мүмкін емес. Сонымен бірге, жоғары квалификациялық менеджмент
те соңғы рольді атқармайды. Өйткені, жақсы білікті жұмысшылар бар
болғанымен жоғары даярланған технологтар мен инженерлерсіз бәсекеге
қабілетті өнім қалыптастыру өте қиын, сонымен қатар, тәжірибелі
маркетологтардың алдын-ала есебінсіз өнімнің өткізілуі қиынға соғады.
Өндірістің технологиялық деңгейі. Квалификациялық персоналдың
деңгейімен бірге өндірістің технологиялық деңгей төмен шығынды және қысқа
уақытта жоғары сапалы өнім өндіруіне мүмкіндік береді. Осыған орай,
өнімнің өзіндік құнын төмендетіп, сапалы өнім шығаруға болады.
Технологиялық өндірісті үнемі алдыңғы қатарлы технологиямен қайта
қаруландыру жағдайында көп өнім шығару мүмкін емес, бұл жағдайда
қаржыландырудың қол жетерлігі маңызды болып келеді.
Қаржыландыру көздерінің қол жетерлігі. Негізінде қаржыландырудың 2
түрі бар:
• Несиелік;
• Құнды қағаздарды орналастыру (биржада акцияларды шығару және
котировкалау).
Кәсіпорынның акционерлік капиталы арқылы қаржыландыруды қамтамасыз ету
ең дұрысы болып келеді. Бірақ, кәсіпорын басшыларымен акцияларды шығару мен
орналастыруына шешім қабылдауына бірнеше мәселелер қиындық туғызады.
Біріншіден, кәсіпорын басшылары кәсіпорын капиталында үлкен үлеске ие
болып, акционерлік меншікпен қолдана алады. Бұл жағдайда акцияларды
орналастыру арқылы кәсіпорынды қаржыландырғанда менеджмент пен
инвестордың қызығушылықтары дауға әкелуі мүмкін. Екіншіден, бұл әдістен
бас тарту себебі, бұл кәсіпорын менеджменті өз қызметтерін дұрыс атқармауы
жағдайында жаңа акционер басқарушылардың ауыстырылуын талап ете алады.
Үшіншіден, акцияларды орналастыру шешімін қабылдаудағы кедергі инвестор
қаржылық есебінің толық мөлдірлілігін талап етеді. Мұндағы қиыншылық
басшылар табысты салық салудан жасырып, шынайы есепті инвесторға көрсете
алмайтындығы.
Акцияларды орналастыру жолымен капиталды тарту талай жігер, уақыт пен
ақшаны қажет ететіні сөзсіз.
Нарықтың қаныққындығы, сұраныс пен ұсыныс. Нарықтағы өнімнің бәсекеге
қабілеттілігі мен кәсіпорынның тиімді қызметінің негізгі мәселелердің бірі
─ сұраныс пен ұсыныстың қатынасы.оны толығырақ қарастырайық.
Тұтынушының қажеттілігі көптеген факторларға тәуелді. Тұтынушының
қажеттілігін біліп тану білікті маркетологтардың жұмысы екенін ескертіп
кетейік. Басқаша айтқанда, тұтынушының қажеттілігі – бұл белгілі
бір тауар үшін төлейтін ақшаның даярлығы. Нарықтағы сұраныс берілген
тауарды сатып алушылардың саны, сонымен бірге қажеттілік пен табысқа
байланысты. Кәсіпорын бірінші факторға әсер ете алады, ал өнімді өткізу
бойынша шаралар (мысалы, жарнама) арқылы ол тұтынушының қажеттілігін
ауыстыруы мүмкін. Мысалы, қазір көптеген видеомагнитофондар DVD
ойнатқыштарына ауыстырылып жатыр. Бұл қажеттіліктердің дамуының ғана
емес, сонымен бірге тауарды прогресс стандартына, мәртебеге
байланысты жарнамалық шаралардың нәтижесі. Сонымен, сұраныс жоғарыда
аталған үш факторларға тәуелді [11].
Бәсекеге қабілеттілік – Қазақстанның әлемдік экономика мен
қоғамдастыққа табысты кірігуінің кілті. Және мұның қажетті шарты –
Қазақстан тауарлары мен қызметтерінің озық халықаралық стандарттардың
сапалық деңгейіне шығуы, деп айтқан Қазақстан Республикасының Президенті
өзінің халқына жолдаунда осы жылы [2].
Нарықтық жағдайда егер кәсіпорын өз өнімнің немесе қызметтің
бәсеке қабілеттілігін қамтамасыз ете алмаса, онда бұл кәсіпорынды ешқандай
инвестициялар құтқара алмайды. Бәсеке қабілеттіліктің негізі сапа болып
табылады. Бәсеке қабілеттіліктің құрамына сападан басқа баға,
жеткізу уақыты, кепілдік, сервистік қызмет көрсету және тағы
басқа көрсеткіштер кіргенімен сатып алушылар мен тапсырыс
берушілер өнімді таңдағанда сапаны басқа қасиеттерден ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz