Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудың теориялық негiздерi


Пән: Мемлекеттік басқару
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ
Бет.
:
МАЗМҰНЫ: Кiрiспе . .
Бет.: 3
: 1
МАЗМҰНЫ: Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғыртудың теориялық негiздерi . .
Бет.: 8
: 1. 1
МАЗМҰНЫ: Инвестициялық институттар экономикалық мазмұны және нарықтық қатынастар жүйесінде алатын орны . . .
Бет.: 8
: 1. 2
МАЗМҰНЫ: Зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту шарттары . . .
Бет.: 24
: 1. 3
МАЗМҰНЫ: Зейнетақы жүйесiнiң бәсекеге қабiлеттiлiгi мен тұрақтылығын қамтамасыз етудiң инвестициялық факторы жєне олардың єлiмдiк, отандық тәжiрибесi . . .
Бет.: 47

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Республикамыздың "Қазақстан- 2030" бағдарламасында барлық. "Қазақстандықтардың" әл-ауқатын, қауiпсiздiгiн жақсарту гүлдену, даму стратегиясында президентiмiз Н. Назарбаев атап өткендей елiмiздiң дамуының басым бағыттарының бiрi тұрғындардың материалдық және әлеуметтiк әл-ауқаты болып табылады. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң деңгейi мен сапасы-елiмiздiң азаматтарының әлеуметтiк және экономикалық жағдайының маңызды құрамдас бөлiгi. Жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң тұрақты түрде дамуы Қазақстан Республикасының экономикалық дамуын жылдамдатуға ықпал етедi.

Республиканың әлеуметтiк-экономикалық жүйесiнде неғұрлым қарқынды дамушылардың бiрi зейнетақы жүйесi болып табылады. Сонымен қатар, әрекет етушi жинақтаушы зейнетақы жүйесiне зерттеулер жүргiзу оның тереңдеуi нарықтық экономикалық жағдайындағы Қазақстан экономикасына бейiмделуi және оның әрекет етуiнiң қысқа мерзiм iшiнде пайда болған пiкiрталастағы және шешiлмеген көптеген мәселелер мен сұрақтардың бар екендiгi жөнiнде белгiлi бiр тұжырымдар жасауға мүмкiндiк бередi. Атап айтатын болсақ, еңбек етiп болғаннан кейiнгi кезеңде қалыпты өмiр сүрудi қамтамасыз етуге зейнеткерлердiң жинақ қорларының саны емес сапасының жеткiлiксiздiгi, тендерлiк мәселелердiң шешiмiн таппауы, өмiр сүру ұзақтығының әр-түрлiлiгi, еңбек ақы теңсiздiгi нәтижесiнде әйелдер мен ерлер арасындағы зейнетақы мөлшерiндегi теңсiздiктiң болуы, өндiрiстiк мүгедектiк мәселелерi және т. б. Қазақстан экономикасының даму ерекшелiктерi зейнеткерлiкке шыққан мерзiм iшiнде тұрғындардың әл-ауқатын жақсарту мен қолдау мақсатында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытуға бағытталған кешендi шаралардың жүзеге асырылуын қолдайды. Сондықтан, Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн жаңғырту және әрi қарай дамытудың экономикалық тетiктерiн зерттеу өзектi мәселелердiң бiрi болып табылады. Тақырыпты таңдау экономикалық таңдау, өмiр сүрудiң әлеуметтiк тәртiптерiнiң қалыптасуы, демография қарқыны және басқа да факторларға байланысты тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң жалпы зыңдылықтарын зерттеу қажеттiлiгiмен анықталады.

Мәселенiң зерттелу деңгейi. Түрлi бағыттағы экономикалық мектептер ғалымдарының жұмыстарында қоғамның еңбекке жарамсыз мүшелерiн ұстау мәселесiне барлық уақытта едәуiр орын берiлiп отырған. Бұл мәселенi қозғағандардың қатарына: А. Смит, Д. Рикардо, Д. Кейнс, А. Маршалды жатқызуға болады.

Кеңестiк дәуiрде тұтынудың қоғамдық қорларды призмасы арқылы тұрғындарды зенетақынымен қамтамасыз ету саласындағы теориялық және практикалық зерттеулер келесi авторлармен жұргiзiлген: А. Вихляев, М. Герасимов, Б. Ракитский, Ю. Шаршов және басқалары. Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету мәселесiмен арнайы айналысқан келесi авторлардың жұмыстарын атап өтуге болады: Н. Ветрова, А. Егорова, М. Захарпова, М. Ланцева, Л. Соловьева, Э. Тучкова, Е. Астрахан, В. Агаркан, А. Зайкина.

Тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң қазiргi таңдағы тенденциясы мен ондағы мәселелерi А. Аникеев, С. Афанасьева, А. Берг, Л. Вульфа, Л. Зубченко, Лебедева, Е. Четыркин, А. Алибаев және тағы басқалардың жұмыстарында жарық көрген. Жинақтаушы зейнетақы жұйесiнiң әрекет етуi барысында Қазақстандық нарықтың ерекшелiктерiн ескеру қажет. Аталған тақырыптың даму барысындағы түрлi аспектiлер Н. К. Мамыров, Т. М. Рогачева, Ж. О. Ихданов, Н. Н. Хамитов, В. Д. Лидiң еңбектерiнде көрiнiс тапқан.

Республикада соңғы жылдары жүзеге асырылып келе жатқан мәселелердің бірі әлеуметтік саясат, оның ішінде, зейнетақы реформасына қатысты сұрақтарды келесі ғалым экономистердің еңбектерінен көруге болады: Баймуратова У. Б., Кенжегузина М. Б., Кошанова А. К, Искакова У. М., Нурланова Н. К., Зейнельгабдина А. Б., Ильясова К. К., Мельникова В. Д., Есентугелова А. Е., Тимошенко Л. С., Шалгимбаева Г. Н. және т. б.

Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң қалыптасуына арналған ғылыми зерттеулерде тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес қаржы тетiктерi, жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерi мен оны басқару тетiктерi, зейнетақы активтерiнiң портфельдi инвестицияларының пайда болуы, оны оңтайландыруға байланысты ұсыныстар әзiрлеу, сондай-ақ ел экономикасын қаржыландыруда зейнетақы қорларының активтерiн пайдаланудың келешегi туралы сұрақтар қарастырылған.

Жұмыстың мақсаты нарықтық экономиканың тереңдетiлген жағдайындағы Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнiң қазiргi жағдайын кешендi зерттеу негiзiнде жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiн, портфельдi инвестициялардың пайда болу процесстерiн және оны оңтайландыруға байланысты ұсыныстарды жасап шығару және жинақтаушы зейнетақы жүйесiнiң әрекет етуiнiң экономикалық-ұйымдық тетiгiн жаңғыртудың ғылыми негiзделген ұсыныстарын әзiрлеумен түсiндiрiледi.

Зерттеудiң мiндеттерi. Қойылған мақсатты жүзеге асыру үшін авторға келесi мiндеттердi шешудi қажет етедi:

-тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудiң обьективтi негiздерiн анықтау, әлеуметтiк-экономикалық категория ретiнде зейнетақымен қамтамасыз етудiң мәнiн нақтылай түсу;

  • елдiң әлеуметтiк-экономикалық дамуының әр-түрлi сатысында тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз етудi реттеудегi мемлекеттiк саясаттың ролiн анықтау;
  • нарықтық экономикасы дамыған елдердегi азаматтарды зейнетақымен қамтамасыз ету тәжiрибесiне, оны Қазақстанның ерекшеліктеріне байланысты қолдануына талдау жүргізу;
  • жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiне талдау жүргiзу негiзiнде зейнетақы жүйесiнiң әрекет ету тетiктерiне талдау жүргiзу және Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз етудiң мемлекеттiк емес секторларының даму тенденцияларын анықтау;
  • келешекте Қазақстан тұрғындарын зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiн дамытудың және тұрақты етудің негiзгi бағыттарын анықтау, зейнетақы жүйесiнiң тиiмдi әрекет етуiн қамтамасыз етуге және жетiлдiруге байланысты ұсыныстар әзiрлеу;
  • зейнетақымен қамтамасыз етудiң сақтандыру тетiктерiн әзiрлеу және келешекте зейнетақымен қамтамасыз ету мөлшерiн анықтау.

Зерттеудiң обьектiсi ретiнде Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесi алынған.

Зерттеу пәнi Қазақстан Республикасының тұрғындарын зейнетақымен мемлекеттiк емес қамтамасыз ету барысында пайда болатын экономикалық-ұйымдық қатынастар болып табылады.

Зерттеудiң теориялық және әдiстемелiк негiзiне қоғам мүшелерiн зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерiне арналған шетелдiк және отандық экономистердiң жұмыстары жатады. Құқықтық негiзiн тұрғындарды зейнетақымен қамтамасыз ету қатынастарын реттеушi Қазақстан Республикасының Заң актiлерi мен нормативтiк құжатары құрайды.

Зерттеудің ақпараттық базасы . Қазақстан Републикасының бағалы қағаздар бойынша Ұлттық комиссиясы, Қазақстанның зейнетақы қорларының қызметтерiн реттеушi Комитет, мемлекеттiк қаржылық статистикасының есептiк мәлiметтерi, статистикалық материалдары және анықтамалықтары пайдаланылған. Сонымен қатар, зерттеу барысында аналогия, қорытындылау және абстракциялау әдiстерiн пайдалана отырып орташа шамалар, топтастыру және салыстыру әдiстерi қолданылады.

Зерттеу нәтижелерi және олардың ғылыми жаңалықтары келесiлерден көрiнедi:

-жалпы зейнетақы қорларының және шетелдiк зейнетақы жүйесiнiң өзiне тән ерекшелiктерi сондай-ақ олармен көрсетiлген зейнетақы қызметтерiнiң тұрлерi анықталды;

-бiрiнғай зейнетақы жүйесiнен жинақтаушы түрiне өтудi анықтаушы факторлар ғылыми негiзделген және жүйеленген;

-жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметтерiн жетiлдiру және олардың инвестициялық мүмкiндiктерiн күшейтуге байланысты сұрақтар зерттелдi;

- инвестициялардың қалыптасуына байланысты кейбiр теориялық ережелер тереңдетiлдi және инвестициялық процесстердi ұйымдастырудағы қаржы делдалдарының ролi нақтыланды;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiн жүзеге асырудың әлемдiк практикасына талдау жүргiзу негiзiнде Қазақстан Республикасы жағдайында инвестициялық ресурстардың құрылуына жинақтаушы зейнетақы қорларының қатысуының басты бағыттары негiзделдi;

- зейнетақы активтерiн басқаруға байланысты компаниялар мен зейнетақы қорларының өзара әрекеттесуiнiң тиiмдiлiгiн арттырудағы мәселелер бойынша практикалық ұсыныстар әзiрлендi;

-жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiнiң тиiмдiлiгiн арттыруға және олардың болашақтағы инвестициялық мүмкiндiктерiн дамытуға бағытталған экономикалық тетiктер негiзделдi және жаңғыртылды.

Жүргiзiлген ғылыми зерттеулер келесiдей мүмкiндiктер бердi:

-жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық iс-әрекеттерiн бағалауда жаңа тәсiлдердi қолдануға;

- жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық базасын кеңейтуге ;

- Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесiн дамытудың келешегi мен зейнетақы активтерiн инвестициялаудың басым бағыттарын анықтауға мүмкiндiк бередi.

- ерікті кәсіби зейнетақы жарналарының есебінен ЖЗҚ төленетін зейнетақы төлемдері мен категорияларына қатысты ұсыныстар жасалды;

- ЖЗҚ жинақталған қаржылары жетіспеген жағдайда жеделдетілмеген сақтандыруға (келісім-шарттағы көрсетілген белгілі-бір жасты негізге ала отырып), немесе жеделдетілмеген рентаға (қатысушының шотындағы қаржы құралдары таусылғанға дейін) келісім-шарттарда қолдану ұсынылған;

- зейнетақы жарналары түріндегі табыстар үлесін ескеруге мүмкіндік берген ЖЗЖ-нің (мемлекеттік сатып алулардың көлемінің, табыс салығы, зейнетақы жарналарының мөлшерлемесінің өзгерісі сияқты факторларының ықпалы) әрекет етуі кезіндегі тепе-теңдік табысқа мемлекеттік сектордың ықпал етуінің макроэкономикалық үлгісі нақтыланды;

- зейнетақы жарналар түріндегі табыстың үлесіне тұтынудың тәуелділігі функциясымен жиынтық сұраныстың тәуелділігі функциясы шығарылған.

Жұмыстың теориялық және тәжірибелік мәнділігі . Жұмыстың қорытындылары мен ұсыныстары зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелерін шешуде негіз бола алады. Зерттеудің нәтижелері ЖЗҚ-ның қызметтерін реттеуші және басқару ұйымдарына ұсыныла алады. Жекелеген кейбір бөлімдері экономикалық теория, макроэкономика курстарын зерттеуде және дәріс беруде, зейнетақымен қамтамасыз ету мәселелері бойынша оқу әдістемелік материалдарды дайындауда қолданыла алады.

Зерттеу нәтижелерінің қолданылуы және сынақтан өткізілуі . Жұмыстың негізгі қорытындылары мен нәтижелері халықаралық және республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда талқыланған. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік ЖЗҚ және ҚР әрекет ететін бірқатар ЖЗҚ тәжірибелік қызметтерінде және жұмыс жоспарын құру барысында қолданыла алады.

Жарияланған жұмыстар . Тақырыбы бойынша жалпы көлемі 5 б. т. құрайтын 11 мақала жарық көрді.

Құрылымы мен көлемі. Жұмыс кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады. Жұмыста 27 кесте, 8 схема, 3 диаграмма бар.

1 Зейнетақымен қаматамасыз ету жүйесін жаңғыртудың теориялық негіздері

  1. Инвестициялық институттар экономикалық мазмұны және нарықтық қатынастар жүйесінде алатын орны

Нарықтық экономика кезінде инвестициялық институттардың алатын орны ерекше. Инвестициялық институттарға, инвестициялық компаниялар, пайлық инвестициялық трастар, инвестициялық қорлар, бірлескен қорлар, жылжымайтын мүлікке жасалынатын инвестицияға маманданушы трастар және өзара әрекет етуші қорлар жатады.

Инвестициялық компаниялар бұл- жеке инвесторлардың қаржы құралдарын тарта отырып оларды кең қолданыстағы бағалы қағаздарға немесе активтердің кейбір түрлеріне инвестициялаушы қаржы делдары.

Инвестициялық компаниялардың басты міндеті-активтерді біріктіру. Әрбір инвестордың, инвестициялық компанияға инвестормен салынған сомаға пропорционалды, инвестициялық компаниямен құрылған актив портфелінің белгілі бір үлесіне құқығы бар, осылайша инвестициялық компаниялар ірі инвестициялаудан пайда табу үшін, жеке компаниялардың инвесторлары бірігіп, инвестициялық механизм ұсынады.

Инвестициялық компаниялар өздерінің инвесторларына қатысты бірнеше маңызды қызметтер атқарады:

  1. Құралдар есебі және басқару. Инвестициялық компаниялар мерзімді өздерінің қаржы жағдайлары жөнінде есеп беріп отырады, капитал, девиденд, инвестиция және бағалы қағаздар бойынша өсімінің бөлу есебін жүргізіп отырады, сонымен қатар өздерінің акционерлерінің пайыздық табыстарын және девиденттерін реинвестициялай алады.
  2. Диверсификация және бөлінуі. Инвестициялық компаниялар өз инвесторларының қаржы құралдарын біріктіре отырып, түрлі бағалы қағаздар үлестеріне мүмкіндік береді. Бұл жағдайда олар ірі инвесторлар сияқты әрекет етеді.
  3. Біліктілікті басқару көптеген инвестициялық компаниялардың қаржы сарапшыларымен портфелдерді басқарушы тұрақты штаты болады. Олар өз инвесторлары үшін максималды тиімді капитал қайтарымын алуға тырысады.
  4. Трансакцияда жүргізуге жұмсалатын шығындарды төмендету. Инвестициялық компаниялар бағалы қағаздардың ірі пакеттерімен сауда жасайтын болғандықтан, бұл оларға комиссиондық және брокерлік гонорардың есебінен едәуір үнем жасауға мүмкіндік береді.

Пайлық инвестициялық трастар- құрамы қордың әрекет ету мерзімі ішінде тұрақты болып табылатын, актив портфелдеріне инвестициялаушы біріктірілген ақша құралдарын білдіреді. Пайлық инвестициялық трасты құру үшін, құрылтайшы, яғни биржадағы брокер фирмасы сенімді басқармасына (трастың) сенімді тұлғаға беретін, бағалы қағаздар портфелін сатып алады.

Пайлық инвестициялық траст басқарудағы минималды активтілігімен сипатталады, өйткені оның қалыптасып қойған портфелдің құрылымы әріқарайда өзгеріссіз қалады.

Басқарылатын инвестициялық қорлардың екі түрлері бар: жабық және ашық. Ашық инвестициялық қорлар таза активтердің құнымен акциялар шығарады және сатып алады. Жабық инвестициялық қорлар- таза активтер құнынан өзгеше бағамен сататын және сатып алатын акциялар қоры. Өзара қор бұл ашық инвестициялық компаниялардың жалпылама қабылданған атауы. Жабық қорлардан айырмашылығы өзара қорлардың акциялары биржаларда сатылмайды және сатып алынбайды.

Инвестициялық институттар оптималды инвестициялау процесін жүзеге асырады.

"Инвестор"- біздегі теория мен практика үшін салыстырмалы түрде жаңа термин. Жоспарлы экономикалық аясында "капитал салымдары" деген түсінік. Оны негізгі қорлардың ұдайы өндрісіне сонымен қатар, оларды жөндеуге жұмсалатын барлық шығындар деп түсінетін. Соңғы жылдары ғылыми әдебиеттерде бұл екі түсінік екі түрдегі мағынада беріліп жүр. Дәстүрлі түрде "инвестиция" деп белгілі бір экономикалық жобалардың болашақта пайда табу есебіне негізделе отырып, (қазіргі кезде) жүзеге асырылуын айтамыз. Отандықпен қатар, шет елдік экономикалық әдебиеттерде инвестиция көбіне осылайша түсіндіріледі.

"Инвестиция" түсінігі өте ауқымды, сондықтан оған нақты анықтама беруге болмайды. Экономика ғылымдарының түрлі бөлімдерінде оның мазмұны түрлі ерекшеліктерге ие болады.

Инвестицияның экономикалық мәні, ақшаның "санын табыс алу жолымен немесе капиталды өсіру мақсатында " пайдалануында екендігін атап өтуге болады. /6, 26 б/

Осыған ұқсас анықтамалар әлемнің түрлі елдеріндегі танымал еңбектерде берілген және олардағы инвестицияға берілген анықтамалар бір-бірінен өзгешелігі кемде-кем. Мысалыға: "Инвестиция- бұл капитал құнын өсіруді және белгілі бір табыс әкелетін немесе сақтауды қамтамасыз ететін капитал салымының орналастырудың әдісі ". /6, 29б/

Инвестиция термині латынның "invest" деген сөзінен шыққан және "салу " дегенді білдіреді. Мысалыға макроэкономикада инвестиция өндірістің жаңа құралдарына сатып алуға жұмсалатын шығындардан (өндірістік және тұрақты шығындар ) , жаңа тұрғын үйлермен тауар запастарын өсіруге жұмсалатын жиынтық шығындардың бір бөлігі. Басқаша сөзбен айтқанда, инвестиция- бұл ағымдағы мерзімде тұтынылмаған және экономикадағы капитал өсімін қамтамасыз ететін ішкі жалпы өнімнің бір бөлігі. Микроэкономикада инвестиция жаңа капиталды (өндіріс құралдары мен адам капиталын ескере отырып) құру процесі деп түсіндірілсе, ал қаржы теориясында инвестиция нақты және қаржы активтерін сатып алу деп түсіндіріледі. Яғни, "бүгінгі күнгі белгілі бін құн мөлшері болашақтағы белгісіз құнға айырбастау мүмкіндігі". /2., 19 б/

Қаржыға экономикалық сөздіктерде келесі анықтамалар беріледі. "Инвестиция - табыс алу мақсатында негізгі және айналымдағы капиталға салымдар. Материалдық активтерге салынған инвестициялар - жылжитын және жылжымайтын мүліктерге салымдар (жер, ғимараттар, құрал-жабдықтар және т. б. ), қаржы активтеріне салынған инвестициялар- бағалы қағаздарға, шоттарға және басқа да қаржы құралдарына салымдар". /3, . 27 б/

Инвестиция түсінігі N39-Ф 3 25. 04. 1999 жылғы ҚР капиталдық салымдар түрінде әрекет ететін "ҚР инвестициялық қызметі туралы" Заңында ашып көрсетіледі. Онда инвестиция -бұл ақша құралдары, бағалы қағаздар, басқада мүліктер сонымен қатар, белгілі бір пайдаға жету немесе пайда алу мақсатындағы қызмет түріне және кәсіпкерлік обьектілерге салынатын ақшалай бағаланатын салымдар және мүліктік құқықтар. /13, 144 б/

ҚР "Капиталдық салымдар түрінде әрекет ететін ҚР инвестициялық қызметі туралы" Заңында капитал салымдары түсінігі қолданылады. Осыған сәйкес, капитал салымдары капиталға салынған инвестиция сонымен қатар жаңа құрылысқа, әрекет етуші кәсіпорындарды техникалық қамсыздандыруға, ұлғайтуға, машиналар мен құрал-жабдықтарға, жобаларға жұмсалатын шығындар. /1, 6 б/

В. Бочаров және Р. Потапов инвестицияға келесідей анықтама береді, инвестиция нәтижесінде пайда немесе әлеуметтік нәтиже алынатын кәсіпкерлік қызмет обьектілеріне салынатын, барлық мүліктік және интелектуалдық құндылықтарды білдіреді. /6., 26 б/

Инвестиция мәселелеріне байланысты теориялық зерттеулер, шет елдік экономикалық әдебиеттерде П Массе және Дж Кейнстің жалпы әдістемелік анықтамаларында көрініс тапқан. Мұнда П. Массе " . . . инвестициялау бүгінгі қажеттілікті қанағаттандыруды инвестициялық игіліктердің көмегімен болашақта қанағаттандыруға айырбастау актісін білдіреді" деп атап көрсетеді. /3., 27 б/

Дж Кейнс инвестицияны "нақты мерзімдегі өндірістік қызметтің нәтижесінде капиталдың мүліктер бағалықтарының ағымды процесі" деп түсінік берді. /4., 117 б/

Алайда инвестицияға берілген бұл анықтамалар инвестицияның экономикалық мәнін толық ашып көрсетпейді.

Н. К. Нурланованың тұжырымдауы бойынша, "инвестиция- қаржы құралдарының, инновациялық және әлеуметтік сала арқылы материалдық және материалдық емес байлықтарға салынатын инвестициялық ресурстар деп түсінеміз". /5., 27б/

Осылайша, инвестиция категориясының мәні жөнінде түрлі авторларда нақты көзқарастың қалыптаспағандығын байқауға болады.

Біздің ойымызша "инвестиция" анықтамасында макроэкономикалық және микроэкономикалық көзқарастарды біріктіру қажет, сонда ғана инвестициялық рыноктың ролі артады.

ЖЗҚ-ның инвестицияларын портфельдік инвестиция ретінде қарастыруға болады, яғни "қаржы активтеріне жасалған инвестициялар". /5. 27б/

Портфелдік инвестициялар бұл- ұзақ мерзімдегі бағалы қағаздар арқылы салынатын салымдар, сондықтан портфельдік инвестициялар қор рыногында, бағалы қағаздар рыногында әрекет етеді, яғни бұл қайталама инвестициялық рынок.

Қор рыногында бағалы қағаздар субьектілері институциональдық инвесторлар болып табылады, оның қатарына ЖЗҚ жатқызуға болады. Материалдық активтермен қатар, қаржы активтері де инвестициялық табыс көзі болып табылады.

Э. Боди, А. Кейн, А. Дж Мароу анықтамалары бойынша қаржы активтері "бұл нақты активтердің көмегімен алынған табысқа деген құқық". /6., 26б /

Қор рыногындағы шаруашылық субьектілерінің өзара әрекеті қаржы делдалдарының және бағалы қағаздар рыногының білікті қатысушыларының көмегімен жүзеге асады. Экономикалық әдебиеттерде қаржы делдалдарының 3 тобын бөліп қарастырады:

1. Депозиттік (өзара жинақтаушы банктер, несие одақтары ) ;

2. Келісім- жинақтаушы (сақтандыру компаниялары, қаржы құралдары) ;

3. Инвестициялық қорлар (трастық, өзара қорлар) . /2, 19б /

Қаржы институттарының келісім жинақтаушы тобына кіретін зейнетақы қорлары зейнетақымен қамтамасыз ету жөніндегі міндеттемелерді орындаумен байланысты мақсаттарды және міндеттерді жүзеге асырады. Басқаша сөзбен айтқанда, зейнетақы қорлары зейнетақы төлемдерінің негізгі көзі болып табылатын инвестициялық табысты құруға қажетті инвестициялық бағдарламаларды орындайды. Сонымен біздің көзқарасымыз бойынша, нарықтық экономиканың субьектісі болып табылатын зейнетақы қорлары қызметінің экономикалық мазмұнын анықтауға болады. Келісім-жинақтаушы қорлардың бұл тобының қызметтеріне сипаттама беру маңызды болып табылады, өйкені ол айқын көрінетін әлеуметтік сипатқа ие.

Осылайша, экономикалық жүйеде қаржы делдалдарының бір түрі болып табылатын зейнетақы қорлары маңызды белсенділікті арттырушы роль атқаруы тиіс, яғни капитал салымдарын қажет ететін өнеркәсіп компанияларымен ұсақ инвесторлардың қызығушылықтарының балансын қамтамасыз ету. Қаржы институттары жүйесінде Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы қорлары келесідей ерекшеліктермен сипатталады:

-олар әлеуметтік бағыты бар институттар болып табылады;

-бұл зейнетақы жарналарын қабылдаушы және мүмкіндіктердің өсуіне байланысты зейнетақы активтерін қауіптілігін төмен және сенімді жобаларға инвестициялайтын қаржы институттары;

- жинақтаушы зейнетақы қорларында төлемдердің басталуы мен жарналар түсімдерімен аяқталуы арасында бірнеше жылды құрайтын уақыт лагтары пайда болады. Бұл жинақтаушы зейнетақы қорларының ұзақ және орта мерзімді инвестиция жасауға және өзінің портфелін құруға мүмкіндік береді. Жинақтаушы зейнетақы қорларында қаржы рыноктарының тікелей және зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асыратын ұйымдар арқылы да қатыса алады.

Жинақтаушы зейнетақы қорларының әрекет етуі 3 кезеңнен тұратын ұзақ мерзімді инвестициялық процесті білдіреді:

- бірінші кезеңде жарна түрінде жинақтаушы зейнетақы қорларына

салымдар жасалады;

-екінші кезеңде жинақталған қаржы ресурстарын инвестициялау

жүзеге асады;

-үшінші кезеңде мерзімді зейнетақы төлеу жүзеге асады.

Қаржы құралдарының үздіксіз түсіп отыруы қаржы рыногында әріқарай инвестициялау үшін зейнетақы активтері бойынша төлем рентасын құрайды. Зейнетақы активтерін инвестициялау табиғаты- бұл уақыт бойынша төлемдердің сатылылығы, мысалы ретінде, жинақтаушы зейнетақы қорларының "кастодиондық шотына" түскен міндетті зейнетақы жарналарын орналастыруда, қаржы құралдарының жабуды, инвестициядан түскен мерзімді түсімдерді зейнетақы активтерін әріқарай реинвестициялауды қарастыруға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік емес зейнетақы қорларының экономиканы қаржыландыруға қатысуы
Жинақтаушы зейнетақы қорларына аударым
Қазақстанның әлеуметтік жүйесі
Қазақстан Республикасындағы жинақтаушы зейнетақы жүйесiндегі проблемаларды анықтау
Зейнетақы қорларының инвестициялық қызметі
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесінің теориялық негіздері
Қазақстан Республикасындағы зейнет ақы жүйесін реформалудың теориялық негіздері
Бюджеттен тыс қорлардың мәні, мазмұны
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесі
Қр-да жинақтаушы зейнетақы қорының қаржылық ресурстарын басқару
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz