Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы


Пән: Ветеринария
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   

I бөлім. Паразитизм, оның таралуы және пайда болуы

1-тарау. Паразитизм және паразит туралы түсінік

Паразит деген ұғымның өзі гректің «para» - жанында, «sitos» - қоректену деген сөзінен шыққан. Белгілі бір организм (паразит) екінші бір организмде (иесінде) тіршілік етіп және сол иесін қорек ретінде және мекен ететін ортасы ретінде де пайдаланатын жануар.

XVII ғасырда, яғни ғылымдардың дамуына байланысты, ғылыми зерттеулердің нәтижесінде, паразиттердің және еркін тіршілік ететін жануарлардың ортақтық және айырмашылық белгілері байқалды. Оған дейін паразиттерді жеке топқа бөліп және олардың пайда болуына кейде жұмбақ мәні берілген, яғни паразиттер иесінің денесінде өздігінен пайда болды делінді. Алайда, паразиттерді жануарлар патшалығы жүйесіне қосуына байланысты пиаразит түсінігінің дәл анықтауын қайта құрастыру қажет болды.

Ең алғаш паразитке түсінікті және оның тіршіліктегі басқа организмдерден ерекшелігін анықтап, зерттеген неміс ғалымы Рудольф Лейкарт (Leuckart, 1879) . Лейкарттың анықтамасы бойынша паразит дегеніміз - бұл бір организм басқа организмде қорек және баспана табатын тірі организмдер.

Лейкарттың анықтамасына сүйенетін болсақ, паразиттің негізгі ерекшеленетін басты белгісі - оның қоректену тәсілінде, кез - келген организм (паразит) екінші бір организмде тіршілік ете отырып, (жыртқыштық қоректену емес) оны өлімге ұшыратпай сол организм есебінен қоректенеді. Паразит иесін (құрбанын) өлтірмей онымен бір тұтас тіршілік етеді, жыртқыш жануарлардан басты айырмашылығы осы белгісінде. Лейкарттың - анықтамасы бойынша паразиттердің кейбір түрлерінде ғана паразитизм шекарасы бұзылады, егер мысалы паразиттік тіршілік ететін сүліктер, қорек көзін өзінен ірі әрі күшті организмдерден алса, алайда өзінен кіші немесе әлсіз организмдермен тең келген жағдайда сүлік нағыз жыртқыш ретінде саналады. Паразиттер өз иесінен кіші әрі әлсіз болады.

Келтірілген мысалда паразитизм бұл - жыртқыштың бір формасы ретінде қарастырылса, жыртқыш пен оның құрбаны (жертва) денесінің мөлшеріне негізделген қарым - қатынас болады.

Ал паразиттердің басқа организмнің денесінде тіршілік етуі Лейкарт үшін екінші ретті сипатта болды.

Аса үлкен биолог және паразитологияның негізін салушы Лейкарттың «паразит» анықтамасы биологияда мықты орын алып және оны біраз уақыт бойы паразитологтар ұстанып жүрді. Мысалы Коллери, (Caullery, 1922) паразитизм ұғымын былайша сипаттайды «организм тіршілігіне қажетті және қалыпты жағдай яғни басқа организмнің - (иесі) есебінен қоректеніп, жыртқыш пен олжасы тәрізді емес, сол организмді бүлдірмей тіршілік етуі».

Лейкарттық ілімі бойынша паразитизм ұғымын анықтауда ол оның маңызды негізін (черта) көрсеткенімен, оның бағыты бір жақтылау ол - қоректенудің бір ғана критерилеріне тоқталған, алайда паразитизм ұғымын анықтап ашу үшін мұндай бір тұжырымдама жеткіліксіз. Мұндай түсініктемеден паразиттердің табиғи тобының болуы да мүмкін емес, әрі паразитизмге қатысты ешқашан да жалпы теоретикалық мәселелерді туындамас еді. Мұндай жағдайда паразиттер категориясына тек қоректену әдісінің ұқсастығына қарай әр түрлі бір - біріне мүлде ұқсамайтын организмдерді жасанды жағдайда біріктіруге тура келеді: мысалы, қан сору мақсатынан түнде адамдар мен жануарларға шабуыл жасайтын Desmodus туысына жататын жарқанаттыларды, қоректену мақсатында иесінің денесінде уақытша болатын төсек қандаласы мен масаларды паразиттерге жатқызуға болады. Басқа жағынан қоректену сипатына байланысты анықтаған болсақ онда қоректену сферадан мүлде тыс жүретін иесінің шырыны немесе ұлпасы емес, ішек бактерияларымен қарапайымдыларды қорек ететін, көптеген ішек қарапайымдыларға (Entamoeba coli, Trichomonas) тіпті құрттарға (Trichostrongylidae) да паразитизм ұғымы қолданылуы тиіс.

Паразиттерді қоректену белгілеріне байланысты анықтау жеткіліксіз болуына байланысты, кейбір авторлар анықтауышқа қосымша паразиттердің иесіне келтіретін зиянын қосып анықтауға тырысты (Minchin, 1912; Dobell, 1919; Якимов, 1931; Холодковский, 1933, және т. б. ) . Мысалы, К. И. Скрябиннің (1923) пікірінше «паразитизм» бұл тірі организмдердің арасындағы биологиялық қарым-қатынас бір түрі, соның біреуі - «паразит» ал біреуі «иесі», алғашқысы соңғысының денесінде, денесінің беткі жағында немесе ішкі мүшелері мен тканьдеріне тереңдей еніп, қызмет көрсетпестен сол иесін қорек ретінде де уақытша немесе тұрақты мекен ретінде де пайдаланады. Қоректену сипаты мен мекен етуі, кеңістіктік (экологиялық емес) қарым - қатынасты сипаттайды. Н. А. Холодковскийдің анықтамасы бойынша «паразитизм дегеніміз - бұл қонақ (паразит) иесінің денесінде қоректеніп, мекендеп қана қоймай иесіне тікелей физиологиялық зиян келтіреді».

Сонымен қатар А. А. Филипченко (1937) пікірі бойынша объектіні (паразитті) анықтау үшін өзінің объектісіне (иесіне) ғана тән белгілері бойынша анықтауға қате болмайды. Мысалы паразиттің бір ғана түрі, бір немесе бірнеше иеде паразиттік тіршілік етіп, оларды әр түрлі салдарға әкелуі мүмкін. Әр түрлі физиологиялық күйдің күшіне қарай паразит айтарлықтай патогенді эффект көрсетсе, кей жағдайда мүлде зиянсыз. Паразиттің патогендігі паразиттің өзіндік қасиетімен емес, иесі организмінің қасиеті және паразит қасиетінің қатынасы бойынша анықталынады.

Паразиттер иесіне тек қана зиян келтірет деген ұғым дұрыс болмауының себебі - паразиттің өз иесінің иммунитетінің пайда болуына байланысты иесі жағынан жиі зиянды әсер алады. Иесінің антиденелері паразиттің тіршілік етуіне және оның көбею қабілетін нашарлатады.

Паразитизмнің мәні туралы көз - қарасты алғаш рет Браун (Braun, 1883) ұсынған. «Паразиттер ұйымдық емес оларға тіршілік ету тән, паразиттер жүйелік топ емес, оны биологиялық топ ретінде қарастырып, олар туралы су немесе құрлық жануарлары тәрізді пікірде болу шарт». Ізінше Браун - паразитизм дегеніміз жүйелік те, физиологиялық та емес, бұл дұрыс сипаттама әрі қарай дами алмай, біраз уақыт бойы паразитологтар паразитизмді организмдер арасындағы қарым-қатынастық түрі деп қарастырды.

Көптеген ғалымдар паразитология саласында жүргізген ғылыми зерттеулерінің арқасында паразитизм ұғымын қайта қарастырып жаңа анықтаманы ұсынды. Мысалы, Е. Н. Павловскийдің (1935) анықтамасы бойынша «паразит иесінің организмін тек қорек көзі ретінде ғана емес, сонымен қатар, уақытша немесе тұрақты мекен орны ретінде пайдаланады» деп белгіледі. Паразиттердің мекендеуіне қатысты екі жақтылық тән: бірінші реттік ортасы - иесінің организмі, екінші реттік ортасы - иесін қоршаған орта. Бұл ойын Е. Н. Павловский өзінің «организм и среда обитания» мақаласында белгілі дәрежеге жеткізді.

Паразиттің тіршілігі, онда болып жатқан процестер мен өзгерістер ең біріншіден иесінің организміне байланысты. Осы ерекшелігі оларды басқа организмдерден айрықшалап бір топқа біріктірудің амалын жасайды.

Е. Н. Павловский 1946 жылы жарық көрген «Руководство по паразитологии человека» атты еңбегінде, паразитизм және паразит ұғымына кең мағынада қамтып анықтама берген. Е. Н. Павловскийдің анықтамасы бойынша «паразит дегеніміз бір особь басқа түр особьтарының негізінде тіршілік ететін, және тіршілік циклінің аз немесе көп уақытқа созылуы иесінің биологиясымен әрі экологиясымен тығыз байланысты. Паразиттер өз иесінің денесіндегі шырынмен, қорытылған қорегімен, тканімен қоректенеді, мұндай паразиттік тіршілі етуі сол паразиттке ғана тән белгі болып табылып, ол иесінің денесінде бірнеше мәрте қоректенеді. Сонымен қатар паразит организмдер иесінің денесін уақытша немесе үнемі мекен ету аймағы ретінде пайдаланады. Паразит және ие күнбе күн тіршілік байланыстарында серіктес болып табылады; олардың алуантүрлілігімен қарама-қайшы мүдделері сол биологиялық жүйе организмдерінің түрлік қасиеттерімен анықталады».

Сонымен паразитизм құбылысы көбінесе экологиялық түсінік болып табылады, соған байланысты паразитология ғылымы тек паразиттер мен олардың иелерін ғана зерттеумен шектелмей, әсіресе бір организмге немесе басқа да организмдерге қоныстану салдарынан туындайтын арақатынастары мен бейімдеушіліктерін қоса зерттеуі тиіс.

Паразитизм құбылысының мәні жәйінда көз - қарастарды бірнеше жылдар бұрын американдық ғалымдар өрбітіп дәлелдеген. Cолардың ішіндегі ірі ғалым Хегнердің (Hegner, 1927) пайымдауы бойынша паразитологияның міндеті паразиттерді зерттеу де емес - паразиттердің табиғатына байланысты зоология және ботаника ғылымдарының міндеті, Хегнер бойынша иесіне паразиттерден келетін зиянды зерттеуді де паразитология ғылымына емес ол медицина, ветеринария және ауыл шаруашылық ғылым салаларының міндеті. Паразитология ғылымының жеке пән ретінде зерттеу объектісі - тек екі организм, паразит және ие арасындағы қарым-қатынастар, яғни бір организм ішінде екінші организмнің дамуында жүріп жатқан өзгерістер. Хегнер пікірінше - паразит және ие арасындағы қарым-қатынасты, еркін тіршілік ететін организмдердің тіршілік ортасы мен олардың қарым-қатынасы тәрізді биологиялық құбылыс ретінде зерттелуі тиіс деп санайды.

Сондай-ақ жалпы паразитологияның міндеттері әр түрлі паразиттермен практикалық күресуді жасаудың қажетті базасы болып табылады. Жеке паразитологияның дамуы мен оны жете түсінудегі негізгі ілімді жалпы паразитология береді.

Соңғы жылдары паразитизм құбылысына экологиялық тұрғыдан қадам жасау көпшілік паразитолог ғалымдардың зерттеулерінде кездеседі (Baer, 1952; Nobel, 1958; Théodoridès, 1954; Stammer, 1955, және т. б. )

Организмдердің арақатынасы мен олардың қоршаған ортасын зерттеуді экология ғылымының объектісі болып табылады. Ал осы тұрғыдан паразиттердің экологиялық қарым - қатынасын зерттеу үшін оны жалпы экология ғылымынан бөліп паразитология пәні ретінде қарастыруға негіз бар.

Практикалық көз - қарас бойынша паразитизм құбылысында көбінесе паразит - иесі қоршаған мекен ортасына басты назар аударылады, теориялық көз - қарас бойынша да мұндай қарым - қатынастар көбіне маңыздырақ болып келеді. Организм және орта арасындағы қарым-қатынас еркін тіршілік ететін организмдерге тән, ал «паразит - иесі» арасындағы қарым - қатынас мүлде басқаша сипатқа ие, яғни паразиттік қатынаста басты мақсатта екі жақтағы зерттеулер қажет: организммен паразиттің ортаға және ортаның екі организмдерге.

Жоғарыда айтылған қарым - қатынастарды зерттеу әдістері арқылы анықтауға болады. Ортаны экологиялық зерттеудің әдістері паразитизм құбылыстарын анықтауда жеткіліксіз. Ортаның өзгеруіне ең басты себеп паразиттерден туындағандықтан бұл жерде иммунитеттің орын алуынан иммунобиологиялық әдістеме аса маңызды болып табылады. Орта (ие) жақтан әсер ету негізінде паразиттердің күрт физиологиялық өзгерістерге яғни паразиттердің патогендігі және вируленттігі түрінде өзгерістерге ұшырауы, экология ғылымына мүлде бейтаныс өз алдына ерекше зерттеу әдістерін талап етеді.

Паразит және ие арасындағы қарым - қатынастар нәтижесінде пайда болған құбылыстар мен процестер еркін тіршілік ететін организмдер мен салыстырғанда айтарлықтай айырмашылықты көруге болмайды. Негізінен екі жағдайда биологиялық процестер және құбылыстар сапалы тепе-тең. Бірақ сол қатарда паразитизмнің маңызды ерекшеліктері бар. Паразиттердің мекен ету ортасы, кеңістік және уақытқа шектеулі болғандықтан көптеген биологиялық процестер паразиттерде айқын көрініске ие болады. Еркін тіршілік ететін организмдердің мекен ету аумағы кең болғандықтан оларда жүретін процестер баяу (тіпті ғасырларға, мыңдаған жылдарға созылады) жүреді, ал паразиттерде бұл құбылыс уақыт және кеңістікпен реттеліп тұрады. Қоршаған ортаның күрт өзгеруінен (климат, топырақ, өсімдік жамылғысы) еркін тіршілік ететін жануарлар организмінің сол ортаға бейімдеушілігі мен өзгергіштік процестері өте баяу жүреді, бұл құбылысты байқау көпшілік ғалымдардың назарына іліге бермейді.

Ал, паразиттер үшін оны қоршаған орта аз уақыт аралығында тіпті апта, күн ішінде (мәселен ие ауырып, иммунитетінің күшеюі және т. б) өзгеруінен паразиттерде өзгергіштік процестері байқалады. Мысалы, паразиттік қарапайымдылардың жыныссыз көбеюдің әр бір сатысында өзгеріске ұшырап тұрады, Полянский Ю. С. және Стрелков А. А. (1938) бойынша күйіс қайыратындардың асқазанында паразиттік тіршілік ететін Ophryoscolecidae тұқымдасы иесінің дәбеті өзгеру салдарынан екі аптаның ішінде-ақ Entodinium caudatum - ның құйрықты тікенекті формасынан құйрықсыз формаға айналуына әкеп соғады.

Еркін тіршілік ететін организмдерде нәсілділіктің және географиялық әр түрліліктің туындауы олардың үлкен кеңістікті алып мекен етуінде немесе ертеректе бір бүтін болған областар арасындағы игерімсіз географиялық барьерліктің туындауынан болу керек. Осыған ұқсас паразиттер иесінің бір ғана организмінде паразиттік тіршілік етіп сол иенің басқа организміне ауысуы (ішекте паразиттік тіршілік етіп тканьге ауысуы немесе қанға өтуі) немесе иесін алмастыру (мүйізді ірі қаралардың ішегінде паразиттік тіршілік етіп кейін жылқыларға ауысуы) жүріп жатқан процестердің бәрі де шектелі кеңістікте өтуі мүмкін.

2 - тарау. Симбиоз құбылыстары және оның паразитизмен қатынасы

Симбиоз - (грек symbiosis - бірігіп тіршілік ету) - селбестік, яғни екі түрге жататын организмдердің тұрақты түрде өзара пайдалы тіршілік етуі. Симбиоз жануарлар мен өсімдіктер арасында жиі байқалады. Организдер үшін бірігіп тіршілік ету, жеке-жеке тіршілік етуге қарағанда анағұрлым пайдалы. Олардың қоршаған ортамен қарым-қатынасы және одан келетін пайдасы симбиоз арқылы қалыптасады.

Егер бірге тұратын екі ағзаның пайдасы немесе зиянды екені байқалса, әдетте мұндай қатынастардың үш негізгі формасын ажыратып қарастыруға болады: мутуализм, комменсализм және паразитизм. Мутуализм кезінде екі бірге тұратын ағзалар бір-біріне пайдасын тигізеді, комменсализм кезінде біреуі пайдасын көреді, ал екіншісіне ешқандай зиян болмайды, ал паразитизм кезінде бірге тұратындардың бірі пайдасын көреді, ал екіншісіне зиян келеді.

Симбиоздың белгілеріне қарап, паразиттік және еркін тіршілік ететін ағзалардың арасындағы негізгі айырмашылықтары айқын көрінеді. Еркін тіршілік ететін ағза сыртқы ортамен қарым-қатынаста болады, өзінің биотобындағы климаттық, эдафикалық, биотикалық элементтердің тікелей әсеріне шалдығады. Ал, паразиттік ағзалардың тіршілігі өзінің иелеріне байланысты болады.

Симбиоздың әр түрлі формасында, екі ағзаның сыртқы ортамен жүйелі түрде қарым-қатынаста болуы тиіс. Бір жағдайларда серіктестердің (жұптардың) бірде-біреуі өз бетінше еркін тіршілік ете алмайды немесе әрқайсысының аз да болса өмір сүруге қабілеті болмайды.

Басқа жағдайда серіктестердің біреуі екіншісін өзінің сыртқы орта жағдайына бейімдеуі үшін пайдаланады, яғни өз бетінше өзінің сыртқы ортамен байланысын сақтайтын тек бір ғана серіктеспен (жұп) бірлесіп тіршілік етеді. Бұл екі жағдайда да ағза өзінің толмай тұрған жерлерін толтырады, яғни тіршілік етуге бейімдейді және осындай қасиеті бар ағзалар мен бірлесіп тіршілік етеді. Мұндай жағдайда тіршілік ететіндердің түрлерін “симбиоз” (“sin - бірге, bios - тіршілік”) деп атайды. 1946 жылы Мошковский Ш. Д. бұл құбылысты жеткілікті анықтаған «симбиоз - екі түрлі ағзаның серіктесіп тіршілік етуі және сыртқы ортамен тікелей қарым-қатынасты болуы, бірлескен күшпен сыртқы ортаның құбылыстарын қабылдауы, бейімделуі».

Бірге өмір сүретін организмдер сыртқы қолайсыз факторлардан және жыртқыштардан және де өзінің қоректенуін дұрыстап қалыптастыру үшін бейімделіп ыңғайланады.

Симбиоздың үш негізгі формаларын қарастырайық: комменсализм, мутуализм, паразитизм.

Комменсализм (лат. commensalis - табақтас, масыл) - әр түрлі организмдердің бір-біріне зиян келтірмей, бірге тіршілік етуі. Олардың біреуі (комменсал) екіншісіне зиян келтірмей уақытша немесе үнемі бірге қоректенеді, немесе өмір сүреді. Комменсалдарды үш топқа бөлуге болады: бірінші топ - комменсал басқа түрге жататын организмдердің тағам қалдықтарымен қоректенеді: екінші - комменсал өне бойы немесе уақытша басқа организмге (иесіне) жабысып тіршілік етуі, мысалы, жабысқақ балық - Echeneus naucrates; үшінші - комменсал басқа организмдердің ішкі мүшелерінде мекендейді, мысалы, талшықты қарапайымдылардың опалинина отрядының (Opalinina) өкілдері қосмекенділердің артқы ішегінде тіршілік етеді немесе жерортатеңіздік карапус балығы (Carapus acus) тікентерілердің теңіз қиярлары өкілінің денесінде тіршілік етеді.

Комменсализмге келесі типтер тән: синойкия, эпиойкия, энтойкия, параойкия.

Бірге өмір сүретін жағдайлардың бірі “квартиранство” немесе синойкия (sin - бірге, oikos - үй) . Бұл жағдайда жұптардың бірі өзінің кіші мөлшерімен және үлкен шапшаңдығымен басқа немесе басқа организмнің тұрғын үйіне сыйуын айтады. Мысалы: Amphiprion балығы ірі актиниялардың ( Crambactis, Discosoma ) қармалауыштарының ортасында тіршілік етіп тұрады, ол актинийдің тыныс алуы үшін өзінің суды циркуляция жасау арқылы көмектесіп тұрады. Ал, актинияның қармалауыштары ішке қарай тартылғанда сол қатарда балық актинияның гастраль қуысына еніп актинияның қорегінің жартысын пайдаланады. Amphiprion- ның актинийдің уының қатынасында улы иммунитеті бар. Amphiprion балығы актинийді қорғау түсінігін Слюитер (Sluiter, 1888) дәлелдеді. Ол аквариумға актиний мен Amphiprion - ды отырғызып, жыртқыш балықтарды да қосып қойды. Зерттеуші бұл балықты айлар бойы ұстады. Бірақ актинийді қалай аквариумнан алғанда, Amphiprion - ды біраз сағаттан соң жыртқыш балықтар жеп құртады.

Он аяқты шаян Arete dorsalis теңіз кірпісінің Heterocentrotus - пен қатар жанындағы тесіке бекінеді. Шаянның денесі теңіз кірпісінің денесі мен бірдей түске айналып шаяндар кетеді. Polyonyx және Pinnixa туысының кейбір түрлері тірі отырған полихеттердің түтікшелерінде жиі кездеседі, мысалы Loimia, Chaetopterus.

Эпиойкия - бұл кезде квартирант - жануар иенің денесінің үстіңгі жағына орналасады. Бұған мысал ретінде шаянтәрізділердің Cirripedia туысын жатқызуға болады. Олар планктондармен қоректенеді де, киттердің және акулалардың терісінде орналасады. Бұларға Anelasma squalicola - акуланың денесінде және Coronula balaenarum - ді киттердің деесінде тіршілік етеді. Қарапайымдылардың арасында эпиойкилерге мысал өте көп. Сорғыш инфузориялар арасында: Dendrocometes paradoxus, Gammarus - та , Stylocometes digitatus теңаяқты шаян Asellus - те мекен етеді. Бұлар кірпікшелі инфузориялармен қоректенеді және сонымен қатар иесімен ешқандай қоректік байланыста болмайды.

Штаммер (Stammer, 1955) инфузориялар Peritricha - ның әр түрлі су насекомдарының денесінде мекен етуінде дәлелдер келтіреді. Кейбір инфузориялар (Epistylis rotans, Vorticella campanula т. б ) насекомдарға ғана бекініп өмір сүріп қана қоймай, сонымен қатар детриттердің бөліктерінде өмір сүреді.

Кейбір квартиранттар иесімен өте жақын байланысқа келеді. Олар иесінің денесіндегі ойыстарға кіріп немесе оның ашық қуысты жүйесіне енеді. Мысалы, әр түрлі топтағы жануарлар моллюскалардың мантия қуысына енеді, бірақ өзінің қорегін табу үшін соңғысын уақытша тастайды. Ұзындығы 3-6 см болатын Apogonichtys strombi балығы Strombus gigas моллюсканың мантия қуысында өмір сүретіндері белгілі, Pinnotheres крабы тақтажелбезекті моллюскалардың мантия қуысында, Chaetogaster limnae олигохета өзінің иесі Limnae stagnalis - тің денесінде өмір сүреді.

Ammodytidae тұқымдасындағы Fierasfer балығы судағы голотурийдің өкпесінде өмір сүреді, уақыт өте олар клоака арқылы сыртқа шығып, майда шаяндармен қоректенеді.

Эпиойкия типі бойынша симбиоздық классикалық түрі тақуа - шаяндардың әртүрлі актинийлермен бірге өмір сүруі болып саналады. Осымен Sagartia parasitica моллюскалардың бақалшақтарында өмір сүреді, ал Adamsia palliata Eupagurus prideauxi-ге спецификалық қатынасын анықтайды. Мұндай симбиоздарда, әсіресе Adamsia -ларда 2 жұп бір-бірімен өте жақын байланысқа түседі. Pagurus asper және тағы басқалары, өзінің ескі бақалшағын ауыстыру арқылы өзінің симбионттарында ауыстырады. Adamsia Eupagurus - ты өзінің табанымен қаптайды, сонда ол моллюсканың бос бақалшағында орналасады, Adamsia - ның а узы төменге бағытталған, бірақ та оның ауыз қуысы шаяндардың аузына қарағанда біраз артта. Сондықтан астың бір бөлігі соңында ылғи актиниймен жұтылады. Adamsia palliata шаянмен симбиоздан тыс өмір сүре алмайды.

Симбиоздың келесі түрі - энтойкия яғни квартиранттың иесінің ішіне еніп тіршілік ету құбылысы. Негізінде энтойкия квартиранттардың паразитизмге өтуіне жол ашады. Әдетте энтойкияны термиттердің ішегіндегі талшықты қарапайымдылар көрсетеді. Термиттердің ішегінің артқы бөлімдерінде көп мөлшерде Hypermastigida отрядының көпталшықты қарапайымдылар өмір сүреді. Олар термиттердің ішегінде қорек және пана тауып, бірлесіп тіршілік етуден белгілі пайда табады. Осы мәліметтерді Кливлэнд және тағы басқалардың (Cleveland 1925, 1926, 1928; Hungate, 1939; Crasse 1952 а т. б. ) . жұмыстарын көруге болады. Бұл жануарлар арасындағы қарым-қатынас сонша тығыз болады, яғни Hypermastigidа - лар термиттерсіз өмір сүре алмайды, сонымен қатар термиттер де оларсыз өмір сүре алмайды. Термиттердің ішегінде қорек заттарды қорытатын ферменттер кездеспеген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экология. Паразитология ғылым ретінде. Медициналық паразитология. Анықтамасы. Қарапайымдылардың медицинадағы рөлі
Паразит. Паразиттің өмірге адаптациялану типтері
Паразитизмнің экологиялық тұжырымдамасы
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы. Инфекцияның негізгі көздері, тасымалдау жолдары
Тырысқақ ауруының отаны Индиядағы Бенгалия және Ганга өзенінің төменгі ағысынын жағалаулары
Популяциялар экологиясы туралы
Популяция құрылымы және таралуы
Паразитті гүлді өсімдіктер
Инфекция формалары және олардың сипаттамасы
Вирустардың организмге енуі,таралуы,орналасуы. Инфеция түрлері және оларға сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz