Туризм географиясының және рекреациялық географияның теориялық - әдістемелік аспектілері



Туризм өзінің масштабтарымен,көпшілігімен,халықаралық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туримзде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай – осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Сондықтан туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады,оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы – монопәндік көзқарастардан туризм туралы жүйені білімге апаратын жол.
Туризмологияны туризм туралы ілім деп айтуға болады, өйткені ол туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық географиямен қатар туризм географиясының мәселелерін шешіп, туризмология туризмнің теориялық негіздерін құрайды.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына ( көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б ) үлкен әсерін тигізеді.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Туризм өзінің масштабтарымен,көпшілігімен,халықар алық және әлеуметтік сипатымен қоғам өмірінің әлеуметтік және экономикалық жағдайларына әсер етеді, ол ғылымның зор көңілін аударып, маңызды қоғамдық-экономикалық құбылысқа айналып, тереңдеп бара жатыр. Туристік демалысты қайда және қалай ұйымдастыру, саяхаттарға көңілді қалай аударту, туримзде қызықты және пайдалы не бар, ол құбылыс қай экономикалық, әлеуметтік және табиғи себептерге байланысты, адам мінез-құлқының қай мотивтері адамдарға бос уақытын өткізудің осы формасын таңдатады, ол құбылыстың ел шаруашылығы мен оның бөлек аймақтарының шаруашылығына әсері қандай - осы мәселелерді бүгін туризмология ғылымы зерттеп отыр.
Сонымен қатар, келесі жағдайды ескеру қажет. Туризмнің шаруашылық саласы ретінде дамуы мемлекеттердің тұрақты даму стратегиясымен тығыз ұласады. Әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы болып табылатын бұл күрделі құрылымды сала табиғатты экономикалық мақсатта тиімді пайдаланудың негізінде адамдар өмірінің жоғары деңгейін қамтамасыз ете алады. Қазіргі шақта туризмде ғаламдандыру процесі жүріп жатыр, оған Қазақстан да еніп отыр.
Сондықтан туризм кешенді әлеуметтік-экономикалық және кеңістік құбылыс ретінде пәнаралық зерттеулер объектісіне айналды. Қазіргі таңда туризмологияның қалыптасуы жүріп жатыр деуге болады,оның дамуына экономика, әлеуметтану, құқықтану, медицина, сәулет өнері, көптеген басқа табиғи, гуманитарлық және техникалық ғылымдар да өз үлесін қосып отыр. Бірақ ол пәндердің әрқайсысы туризмді өз тұрғысынан зерттейді. Сондықтан туризмологияның дамуы - монопәндік көзқарастардан туризм туралы жүйені білімге апаратын жол.
Туризмологияны туризм туралы ілім деп айтуға болады, өйткені ол туризмді біртұтас жүйе ретінде бейнелеп, зерттеп отырады. Рекреациялық географиямен қатар туризм географиясының мәселелерін шешіп, туризмология туризмнің теориялық негіздерін құрайды.
Туризм әлемнің көптеген елдерінің баса көңіл аударарлық шаруашылық салаларының бірі болып отыр. Ол әлеуметтік-экономикалық дамудың катализаторы бола отырып, негізгі шаруашылық секторларына ( көлік, байланыс, ауыл шаруашылық, құрылыс және т.б ) үлкен әсерін тигізеді.
Мамандардың болжауы бойынша, XXI ғасыр туризм ғасыры болмақ. Қазақстанда туризм нарқының дамуымен жаңаша ойлап, жаңа істер атқаратын мамандарға қажеттілік өсті. Біздің елімізде туризмді дұрыс жоспарлап дамыту үшін туризмнің теориялық негіздерін білу өте қажет. Тиянақты білімі бар мамандар туризм әлемінде дұрыс бағыт ұстау мүмкіндігіне ие бола алады. Төрт тараудан тұратын бұл оқу құралы келешек мамандарға жол сілтер басылымдардың бірі болып саналады.
Бірінші тарау туризм географиясы мен рекреациялық географиясының теориялық-әдістемелік аспектілерін қамтиды. Екінші тарауда туристік аудандардың қалыптасуының алғышарттары қарастырылады. Бұнда туристік-рекреациялық ресурстар, рекреациялық сыйымдылық түсініктері толық берілген. Жұмыста территорияға рекреациялық баға берілген, сондай- ақ туризм мен экологияның өзара әсерлеріне байланысты мәселелер көтерілген. Үшінші тарау туризм экономикасының, туристік нарықтың негіздерін, сонымен қатар, қазіргі туристік сұраныстың географиясын, туримнің жаңа ақпараттық технологиясын да қамтиды.
Халықаралық туризмнің жалпы бағыттары төртінші тарауда жақсы көрсетілген. Дүниежүзілік халықаралық туризмнің даму деңгейінің соңғы статистикалық мәліметтері толық берілген. Халықаралық туризм сыртқы экономикалық байланыстардың бір түрі ретінде қаралып, оның дамуына динамикалық талдау жасалынған.
Әрбір тараудың соңында студенттерге өз бетінше дайындалу үшін бақылау сұрақтары берілген.
Бұл оқу құралының негізі ретінде Қазақстандағы жаңа бағыттағы қоғамдық географиясының негізін қалаушы, туризм географиясының теорияларының алғашқы авторы география ғылымдарының докторы, профессор С.Р. Ердәулетовтың ғылыми жұмыстары алынды. Сонымен қатар басқа да ірі ғалымдардың ( А.Ю. Александрова, В.А. Квартальнов, В.Г. Гуляев, В.С. Преображенский, И.Т. Твердохлебов, Н.С. Мироненко және т.б ) еңбектері де оқу құралының негізінде жатты.
Мемлекеттік тілде жазылған бұл еңбек алдымен жоғары оқу орындарындағы география факультетінің студенттеріне, магистранттар мен аспиранттарға, туризм саласы қызметкерлеріне пайдалы болады.

1 - тарау
ТУРИЗМ ГЕОГРАФИЯСЫНЫҢ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ - ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ

0.1 Демалыс, рекреция, туризм ұғымдарының ара қатынасы.
Рекреацияның негізгі функциялары

Рекреациялық географияның негізгі ұғымдары болып бос уақыт, демалыс, рекреация және туризм саналады. "Бос уақыт" - рекреациялық процестің дамуының керекті шарты. Бос уақытты жұмыстан тыс уақытпен шатастырмау керек. Жұмыстан тыс уақыт бір-біріне өзінің мәні жағынан ерекшеленетін төрт топтан тұрады: 1) үйден жұмыс орнына дейін бару және қайтуға арналған уақыт; 2) күнделікті қажеттілікті өтеуге арналған уақыт ( ұйқы, тамақиану, жеке тазалық ); 3) үй шаруашылығына және тұрмыстық қыжеттілікті өтеуге арналған уақыт; 4) бос уақыт демалуға, физикалық және ақыл ойды дамытуға арналған уақыт.
Сонымен, жұмыстан тыс уақыт екіге бөлінеді: міндетті түрде жіне басқа әрекеттерден бос уақытқа ( 1-сурет ). Бос уақыт адамның физикалық және рухани күш қуатын қалпына келтіріп дамытуға жұмсалады. Бос уақыт, басқаша айтқанда, белсенді іс-әрекетке кетеді. Осылай десекте, бос уақыт демалуға арналғандеп айтамыз. " Белсенді іс-әрекет " пен "демалыс" ұғымдары, бір-біріне сәйкес келмейтін секілді көрінуі мүмкін. Бірақ физиологтардың зерттеулері бойынша жақсы демалыс - адамның іс-әрекетінің түрінің алмасып тұруы екенін көрсетеді.
Бос уақыттың негізгі екі функциясы бар: 1) адамның күшін қалпына келтіру функциясы; 2) физикалық және рухани даму функциясы. Қалпына келтіру функциясына тамақтану, ұйқы, қозғалыс жатады. Даму функциясына жататындар: сауықтыру, танымдық, қатынасу.
Пайдалану сипатына қарай бос уақыт күнделікті, апталық және жыл сайынғы болып бөлінеді. Күнделікті бос уақытты пайдалану күнделікті үй жұмысы және қала тұрмысымен байланысты. Апталық рекреация демалыс күндерінде, қала сыртындағы зонада жүзеге асады ( жергілікті рекреация ). Жыл сайынғы рекреация демалыс немесе каникул кездерінде болады.

ЖУ
ШУ
ТУ
БУ

жұмыс уақыты
жұмыстан тыс уақыт

ЖУ - жұмыс орнына жету және қайтуға арналған уақыт;
ТУ - үй шаруашылығына және тұрмыстық қажеттілікті өтеуге арналған уақыт;
БУ - бос уақыт - физикалық, интелектуалдық және демалысқа арналған уақыт;
ШУ - табиғи қажеттілікті өтеуге арналған уақыт ( ұйқы, тамақтану, жеке тазалық )

Демалыс адамның жұмыс істеу қабілетін толықтырады, жеке жүйесін және психологиясына тиетін қысымды бәсеңдетеді, ал ауыр жұмыспен айналысатындар үшін физикалық қысым азаяды. Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтың айтуынша( 1981 ), демалыс - бұл күнделікті қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталмаған қандай да болмасын адамның іс-әрекеті. Демалыс кезіндегі адамдардың іс-әрекеттерін мынандай классификацияға бөлуге болады:
1. Белгілі бір физикалық ауырлықпен байланысты іс-әрекет ( серуендеу, спортпен шұғылдану );
2. Әуесқой шұғылдану - аңшылық, балық аулау, саңырау құлақ пен жеміс жидек жинау және т.б;
3. Өнер әлеміне бейімделу ( театрға, концертке, мұражайларға сапар шегу) өнер саласындағы шығармашылық ( көркем өнер, ағашты зерделеу және т.б );
4. Интелектуалдық іс-әрекеттер ( көркем әдебиет, газет, журналдарды оқу, теледидарды көру );
5. Еркін тақырыпқа әңгімелесу, сұхбаттасу, өз таңдауына байланысты сөз табысу;
6. Белсенді ( ойнау, билеу ) немесе пассивті түрде көңіл көтеріп, сергу;
7. Көңіл көтеру үшін саяхат жасау.

Демалыс деген түсінікпен қатар, география, социология мен қала құрылысының ғылыми жұмыстарында рекреация, рекреациялық іс-әрекет, рекреациялық процестер деген түсініктер де жиі қолданылады. Ол тегін емес. Еңбектің сипаты, бос уақытты пайдаланудың түрімен құрылымы мүлдем өзгерген шақта, жақсы демалыс - тынығып жату болудан қалып, физиологтар көрсеткендей, ол - адамның іс-әрекет түрінің ауысып тұруы болып өзгереді. Шынында да ол көбінесе бос уақытта сауықтыруға, түсініп білуге, спорттық және мәдени көңіл көтеруге пайдаланып тұруы үшін қолданылады. Мысалы, санаторийяда, демалыс үйлерінде, пансионаттармен демалыс базаларында болған кезде жиі қала сыртына қыдырып, жорыққа, экскурсия мен саяхаттарға шығып тұру жөн. Рекреация арқылы ғана адамның бос уақытындағы іс-әрекетінің мәнін түсінуге болады. Рекрация дегеніміз этиологиялық мәндердің жинағы: RECREATIO(латынша) - қайта қалпына келтіру, recreation ( французша) - демалыс, көңіл көтеру, іс-әрекеттің өзгеруі.
"Рекреация - бұд халықтың тұрақты жерінен тыс жердегі арнайы мамандандырылған территориядағы тәуліктік, апталық және жылдық өмір циклдеріндегі, адамның бос уақытын пайдалану кезінде іске асыратын сауықтыру, танымдық, спорттық және мәдени көңіл көтеру үшін қатынастар мен құбылыстар жиынтығы" ( Н.С Мироненко, И.Т. Твердохлебов, 1981) 1
Ұзақтығы жағынан рекреация қысқа және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Қысқа мерзімді рекреацияда демалушы өзінің тұрақты жеріне түнеуге келеді, ал ұзақ мерзімдісі кезінде адамдар өзінің тұрақты жерінен тыс жерде түнейді. Қысқа мерзімді рекреация территорияның табиғи заналарымен ( көлікпен немесе бір-екі сағаттық қашықтықты жаяу жүріспен) шектелсе, функционалдық зонадан басталып, ғаламдық масштабқа дейін қамтылады. Ұзақ мерзімді рекреация өзінің мәні жағынан туризм сияқты терең ұғыммен сәйкес келеді.
Туризм - ( француз сөзі tourism - серуендеу, саяхат мағынасына келеді) - бос уақытты тұрақты жерінен тыс жерлерде өткізудің бір түрі. Рекреацияға немесе демалысқа қарағанда, туризм деген өте қысқа түсінік. Қазіргі ғылыми әдебиеттер бойынша туризм - бұл адамдардың тұрғылықты жерінен тыс жерге саяхаттау және тұрақтау барысында пайда болатын қатынастар мен құбылыстар жиынтығы. Әрине, егер де бұл тұрақтану ұзақ уақыттық қоныстану немесе ақша табу мақсатымен уақытша қоныстануға айналып кетпесе. Сонымен, туризм деген түсінік, ол тұрақты жерінен тыс жерде 24 сағат немесе одан артық уақыт ішінде болатын рекреацияның барлық түрі 1.
Жоғарыда айтылғаннан мынадай қорытынды жасауға болады: "демалушы" және "рекреант" деген өте кең түсінік, ал "турист" соның бір бөлігі - қысқа түсінік. Бос уақыттарында үйінде демалып жатқандар демалушыларға жатса, ал рекреанттарға бос уақытын тұрақты жерден тыс жерлерде өткізушілер жатады. Соңғы айтылғанға түнеуге қалмайтын келушілер де жатады. Ондай рекреанттарды "экскурсанттар" деп атайды. Ал "экскурсия" өз кезегінде - (латынша) - жол жүру, серуендеу, көрікті көз тартарлық объектілерді аралап көру деген сөз ( мәдени ескерткіштер, мұражайлар, мекемелер және т.б.). Н.С.Мироненко мен И.Т.Твердохлебовтың айтуынша "экскурсия - бұл танымдық, ағартушылық, спорттық немесе ойын-сауықтық мақсатты көздейтін, 24 сағаттан аспайтын және түнеуге тоқтамай саяхаттау немесе серуендеу" 1. "Туризм" және "экскурсия" деген түсініктер өзара өте тығыз байланысты. Экскурсия барлық маршруттарда туристерге көрсетілетің қызмет. Автобус, поезд немесе кемемен саяхат жасағанда, әрбір аялдамасында туристерді қызықты жерлер туралы толық мәлімет береді, олай болмаған жағдайда саяхат өзінің мәнін жоғалтар еді. Экскурсиялардың тақырыптары қызықты, мазмұнды және әр түрлі болып келеді.
Егер де, жоғарыда айтылғандардың барлығына қорытынды жасасақ, мынаны аңғаруға болады: адамның бос уақытындағы іс-әрекеттерінің барлығы да "демалыс" деген кең түсінікке жатады, ал қалғандарының барлығы соған кіреді. Демалысқа адамның үйде де, тыста да айналысатын барлық рекреациялық іс-әрекеттері кіреді. Төменгі сатыға "рекреация" немесе үйден тыс жердегі демалысты қосуға болады. Оған "туризм" де, "экскурсия" да кіреді. Рекреация туризмнен кеңірек түсінік, өйткені оған экскурсия, сая бақтағы демалыс және басқа да рекреация түрлері енеді. Ал туризм дегеніміз, демалыс пен рекреацияға қарағанда, өте қысқа түсінік (2-сурет) 1.

Рекреацияның негізгі функциялары
Саяхатшылыр жолға шыққан кезде алдарына әр түрлі мақсаттар қояды. Рекреация мен туризм негізгі мақсатына қарай үш функцияға бөлінеді - танымдық, спорттық-сауықтыру және емдік 1. Сонымен қатар, танымдық функциясына барлығы да зор мән береді.
Танымдық функциясы туристердің табиғатты, мәдени-тарихи орындарды, этнографиялық шаруашылық жәнне басқа да ауданның көңіл қоятын, көз тартарлық көрікті орындарын білуге тырысуынан туады.
Табиғи-климаттық көрікті орындармен жағдайлалға қолайлы климаттық жағдай, желсіз ашық күндер, орман тау, теңіз, көл, өзендер және тағы басқалар жатады.
Мәдени-тарихи орындар - сәулетті ескерткіштер, мұражай, көркем галереялар, театр және тағы басқа объектілердің жиынтығы. Оларға туристерді ынтықтыратын этнографиялық жақтары - әдет-ғұрып, киімдер, фальклор және басқа халық шығармашылықтары жатады. Шаруашылық жағынын ең көрнектісі - шаруашылықты жүргізудің өзінше бір түрі немесе аудандар бойынша оның жоғары көрсеткіштері.
Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірісте, физикалық және психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып табылады. Туризмнің бұл функциясының әлеуметтік-экономикалық түпкі мәні өте жоғары, себебі ол миллиондаған адамдардың денсаулығын шынықтыруға бағытталған, олай болса, ол адамның еңбек қабілетін көтереді.
Туристік жорықтарда адамда өзінше бір психо-физиологиялық қасиеттер және пайдалы біліктіліктер қалыптасады. Туризмнің ондай қасиетінің практикалық маңызы зор. Туризм ұйымшылдыққа, бір-біріне өзара көмек көрсетуге, алған мақсатты орындауға тәрбиелейді.
Қазір рекреация іс-әрекеттің таңдаулы түріне жатады, ол адамның күнделікті дұрыс өмір сүру жағдайына айналып отыр. Қоғамдық көзқарас жағынан оның негізгі мақсаты - қоғамның әрбір мүшесінің физикалық және психологиялық күш-қуатын қалпына келтіру, оның рухани дүниесін жан-жақты дамыту. Рекреация дегеніміз дамыған қоғамның айырылмас бір бөлігі, қазіргі өмір салтының элементтері.
Рекреацияның функциясы бес негізгі топқа бөлінеді 1: 1) медико-биологиялық; 2) мәдени-әлеуметтік; 3) экономикалық; 4) саяси; 5)экологиялық.
Медико-биологиялық функциясы санаторлық-курорттық ем мен сауықтырудан тұрады. Туризм арқылы сауықтыру - адамның өндірістегі немесе өндірістен тыс уақыттағы психологиялық шаршауын басудың бірден-бір жолы болып отыр.
Мәдени-әлеуметтік функциясы - бұл рекреацияның ең басты жетекші функциясы. Мәдени талғам - бұр қоршаған ортаны, дүниені біліп түсіну. Туризм еліміздегі ғана емес, бүкіл әлемдегі табиғаттың тарихи-мәдени және әлеуметтік байлықтарымен адамның рухани түрде танысуына үлкен мүмкіндіктер туғызады.
Рекреацияның экономикалық функциясының ішіндегі бастысы - жұмысшы күшін қалпына келтіру. Рекреацияның арқасында адамның еңбекке деген құштарлығы және ұзақ жұмыс істеу қабілеті артады.
Тауар-ақша қатынасында рекреация басқа да экономикалық функциялар атқарады. Мысалы: 1) елдің белгілі-бір бөлігінің шаруашылық құрылымын жедел дамыту; 2) еңбек сферасын ұлғайту, яғни рекреациялық қызмет көрсету арқылы халықты жұмыспен қамтамасыз ету; 3) рекреациялық аудандардың пайдасын көздеп, халықтың ақша кірісі мен шығын балансының құрылымына үлкен әсерін тигізеді; 4) шетелдік валютаны алудың көзі болатын шетелдік туризмді көтеру.
Туризм халықаралық байланысты күшейтеді, адамдарды бір-бірімен жақындатады.
Туризмнің экологиялық функциясы халықтың денсаулығын сақтау мен жақсартуға байланысты. Демалыс пен туризм халықтың денсаулығы мен сапасына әсерін тигізетін қоршаған табиғи ортаны қорғау мен оны қалпына келтіру үшін өте қажет. Рекреациялық сұраныстың арқасында курорттар, демалыс зоналары және туризм желілері ұйымдастырылып, туризм жүйесі реттелінеді.
Басқа жағынан қарасақ, туризмнің жылдам дамуы, курорттық-туристік аудандарда туристердің тым көп шоғырлануы рекреациялық табиғатты оңтайлы пайдалануды және табиғи кешендерге түсетін салмақты реттеуді керек етеді. Туристердің табиғатты пайдалануы табиғатты қорғаудың түрлерін дамытады.

1.2 Рекреациялық қажеттіліктер.
Рекреациялық іс-әрекет, оның ерекшедіктері.
Туризмдегі рекреациялық жобалау
Бүтін бір адамның қажеттілігі сияқты, рекреациялық қажеттілік - бір тарихи туынды және ол өзгеріп тұрады. Оларды қанағаттандыру - өндіру, айырбастау және тарату жағдайына тәуелді.
Рекреациялық қажеттілік адамның өмір сүру іс-әрекеті кезіндегі жоғалатын физикалық және рухани күшін, денсаулығын және еңбекке жарамдылығын қалпына келтіру үшін қажет. Рекреациялық қажеттілік - қоғамдық, топтық және жеке-дара болады 1.
Рекреациялық география облысында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Территориялық рекреациялық жүйе (ТРЖ), оның шағын жүйелері, олардың өзара байланыстары
Туризм тарихын географиялық түрғыдан оқу
Рекреация ұғымы сұрақ-жауап түрінде
Туризмология пәнінен дәрістер
Рекреацияның негізгі функциялары
Рекреациялық жүйе
Туризм географиясының өзге ғылымдарымен байланысы
Моноқалаларда туристік кластерді қалыптастыру механизмі
Қазақстанды рекреацилық аудандарға аудандастыру
Рекреациялық географияны дамыту және оны ұйымдастыру
Пәндер