Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту



I. Кіріспе

Ағылшын тілі сабағында көрнекіліктерді қолданудың рөлі мен маңызы. 3 . 8

II. Негізгі бөлім
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолданудың мақсаты мен міндеттері. 9 . 17

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекілігінің
түрлері. 18 . 23

Сурет көрнекілігін қолдануда оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу іскерлігін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар. 24 . 29

III. Практикалық бөлім

Практикадан алынған ағылшын тілі сабағындағы суретпен жұмыс істеуде пайдаланылған тәсілдер. 30 . 38

Қорытынды 39 . 41

Қолданылған әдебиеттер тізімі 42 . 45
Еліміздің өмір сүру деңгейі, экономикалық жағдайы күннен күнге өсіп, жоғары даму сатысында келеді. Осы өзгерістер білім саласында үлкен әсерін тигізуде. Қазіргі таңда еліміздің шет елдермен қарым қатынасы барлық салада дамып, халықаралық байланыстар кеңейіп, орнығып келеді. Бүгінде осы қатынастардың нығайуымен ағылшын тілін жетік меңгерген мамандарға деген сұраныс күннен күнге өсуде.
Әр адам жалпы өмірде ойлаған мақсатына жету үшін бір немесе бірнеше ағылшын тілін меңгеру қажет, өйткені қандай да болмасын жұмысқа орналасу үшін ағылшын тілін меңгеру басты факторлардың бірі болып отыр. Жалпы айтқанда, ағылшын тілін білу маңызы өте зор.
Қазіргі заманда ағылшын тілі – адамның қарым-қатынасқа түсудің маңызды құралы болып есептеледі. Біз болашақ неміс тілі мұғалімдеріміз. Сондықтан біз ағылшын тіліне, соның ішінде неміс тіліне ерекше көңіл бөлеміз. Сабақтарымызды оқушылар үшін қызықты болып өтуіне тырысамыз. Ағылшын тілі әдістемесінде сабақтың нәтижелі болып өтуіне әр түрлі әдіс-тәсілдер, арнайы көмекші құралдар, көрнекіліктер бар. Мұғалім әр сабақта оқушылардаң неміс тіліндегі тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу және оқу іскерліктерін дамытып отырады. Мұғалім оқушыны жазуға үйреткенде көптеген арнайы жаттығулар мен арнайы жазбаша жұмыстарды орындатады. Ол шетелдік досқа хат жазу, кейбір мәліметтерді жазбаша беру.
1. Әбдіғалиев С.Ә. Неміс тілін оқытудың негіздері. – Алматы: Қазақ Универитеті, 1992ж.
2. Алексеева И.В. Использование ситуативных картинок на урока англиийского языка // Иностранные языки в школе - №6, 2002г.
3. Ляховицкий М.В. Методика преподования иностранных языков. – Москва: Высшая школа, 1981г.
4. Бим И.А. Теория и практика обучения немецкому языку в средней школе. – Москва: Просвещение, 1988г.
5. Бухбиндер В.А. Методика и психология обучения иностранным языкам. – москва: Просвещение, 1991г.
6. Миролюбов А.А., Рахманов И.В. Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе. – Москва: Просвещение, 1967г.
7. Золотницкая С.П. и др. Дидактичнский материал для парной работы в языковой лаборатории // Иностранные языки в школе. - №1, 1973г.
8. Рожкова Ф.Н. Учебно-наглядные пособия по иностранным языкам для 4 класса в средней и общеобразовательной школы // Иностранные языки в школе. - №4, 1981г.
9. Бутко Г.В. Наглядные пособия на уроках английского языка // Иностранные языки в школе. - №2, 1988г.
10. Полякова К.И. О развитии навыков речи // Иностранные языки в школе. - №4, 1973г.
11. Прокофьева В.Л. Наглядность как средство создания коммуникативной мотивации при обучении устному иноязычному языку // Иностранные языки в школе. - №4, 1973г.
12. Лернер Т.А. Из опыта работы над картинкой // Иностранные языки в школе. - №2, 1979г.
13. Китенко И.А. и Роговская Б.И. Использование картин в процесс обучения устной речи на английском языке в 6-7 классах // Иностранные языки в школе. - №3, 1958г.
14. Макаров П. К. Учебное пособие на уроках иностранного языка // Иностранные языки в школе. - №6, 1997г.
15. Алексеева И.В. Средстао обучения // Иностранные языки в школе. - №3, 2003г.
16. Рогова Г.В., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.С Методика обучения иностранного языка в средней школе. – Москва: Просвещение, 1991г.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТІРЛІГІ

АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕР УНИВЕРСИТЕТІ

Неміс тілі педагогикалық факультеті
Неміс тілі теориясы, тәжірибесі және оқыту әдістемесі кафедрасы

Болбақова Меруерт Амантаевна
(401-топ)

"Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту"

Дипломдық жұмыс

Ғылыми жетекші:
п.ғ.к., доцент Нұрбекова Г.Ж.

Алматы, 2007
Жоспар

I. Кіріспе

Ағылшын тілі сабағында көрнекіліктерді қолданудың рөлі мен маңызы. 3 - 8

I. Негізгі бөлім
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолданудың мақсаты мен міндеттері. 9 - 17

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекілігінің
түрлері. 18 - 23

Сурет көрнекілігін қолдануда оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу іскерлігін дамытуға арналған әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар. 24 - 29

I. Практикалық бөлім

Практикадан алынған ағылшын тілі сабағындағы суретпен жұмыс істеуде пайдаланылған тәсілдер. 30 - 38

Қорытынды 39 - 41

Қолданылған әдебиеттер тізімі 42 - 45
I. Кіріспе
Ағылшын тілі сабағындағы көрнекіліктерді қолданудың рөлі мен маңызы.

Диплом жұмысымның өзектілігі:
Еліміздің өмір сүру деңгейі, экономикалық жағдайы күннен күнге өсіп, жоғары даму сатысында келеді. Осы өзгерістер білім саласында үлкен әсерін тигізуде. Қазіргі таңда еліміздің шет елдермен қарым қатынасы барлық салада дамып, халықаралық байланыстар кеңейіп, орнығып келеді. Бүгінде осы қатынастардың нығайуымен ағылшын тілін жетік меңгерген мамандарға деген сұраныс күннен күнге өсуде.
Әр адам жалпы өмірде ойлаған мақсатына жету үшін бір немесе бірнеше ағылшын тілін меңгеру қажет, өйткені қандай да болмасын жұмысқа орналасу үшін ағылшын тілін меңгеру басты факторлардың бірі болып отыр. Жалпы айтқанда, ағылшын тілін білу маңызы өте зор.
Қазіргі заманда ағылшын тілі - адамның қарым-қатынасқа түсудің маңызды құралы болып есептеледі. Біз болашақ неміс тілі мұғалімдеріміз. Сондықтан біз ағылшын тіліне, соның ішінде неміс тіліне ерекше көңіл бөлеміз. Сабақтарымызды оқушылар үшін қызықты болып өтуіне тырысамыз. Ағылшын тілі әдістемесінде сабақтың нәтижелі болып өтуіне әр түрлі әдіс-тәсілдер, арнайы көмекші құралдар, көрнекіліктер бар. Мұғалім әр сабақта оқушылардаң неміс тіліндегі тыңдап түсіну, сөйлеу, жазу және оқу іскерліктерін дамытып отырады. Мұғалім оқушыны жазуға үйреткенде көптеген арнайы жаттығулар мен арнайы жазбаша жұмыстарды орындатады. Ол шетелдік досқа хат жазу, кейбір мәліметтерді жазбаша беру.
Ал, сөйлеу іскерлігін дамыту үшін, С.Ә.Әбдіғалиұлы "Неміс тілін оқытудың негіздері" деген кітабында былай деп айтқан: "Тыңдап-түсіну ауызша сөздің бірінші сыңары болса, оның екінші сыңары - сөйлеу."[1]
Бұл іскерліктерді дамыту үшін ағылшын тілі пәнінің мұғаліміне оқушыларды монологты және диалогты сөйлеуге үйрету керек. Сөйлеу арқылы адамдар ортақ тіл табысып, бірін-бірі түсініп, бір нәрсені дәлелдей алады, айтылып тұрған хабарға өзінің көңіл-күйін білдіре алады.
Ағылшын тілі әдістемесінде сабақты дұрыс, қызықты өткізудің, сөйлеу іскерлігін дамытудың әртүрлі жолдары мен әдіс-тәсілдері бар. Сол әдіс-тәсілдердің біреуіне менің дипломдық жұмысым арналады, яғни ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдану арқылы оқушының сөйлеу іскерлігін дамыту.
Осы тақырыпты таңдаған себебім - диплом жұмысымның тақырыбы өте қызықты, маңызды және өзекті. Сурет көрнекілігі ағылшын тілі сабағында өте маңызды. Ол мұғалімге үлкен көмек береді, ал оқушыларға тіл материалын меңгеруге өте қажет.
Ағылшын тілі сабағында оқушылардың ағылшын тілін меңгеруінде сөйлеу іскерлігін дамытуда сурет көрнекілігін қолдану өте маңызды деп айта аламыз. Осы сұрақтың маңыздылығын педагогикалық практика кезінде аңғардым.
Дипломдық жұмыстың мақсаты:
oo ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу іскерліктерін дамыту үшін арнайы көрнекіліктерді дұрыс қолдануға арналған нұсқауларды анықтау;
oo әдістемелік ұсыныстар құрастыру.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
oo оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу іскерліктерін дамытуда сурет көрнекілігін ағылшын тілі сабағында қолданудың маңыздылығын ашу;
oo оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу іскерлігін дамытуда сурет көрнекілігінің түрлерін қарастыру;
oo оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу іскерлігін дамытуда сурет көрнекілігін қолданудың тиімді жолдарын қарастыру;
oo ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолдануға қажетті әдістемелік нұсқаулар беру.
Зерттеу жұмысын жүргізу барысында қолданылатын зерттеу әдістері:
oo пайдаланылған әдебиет көздеріне талдау жасау;
oo оқу процесіне бақылау жасау.
Дипломдық жұмыстың нысанасы - ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу іскерлігін дамытуда қолданылуы маңызды болып табылады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні: сурет көрнекілігі арқылы оқушылардың ағылшын тіліндегі сөйлеу іскерліктерін дамыту әдістемесі.
Дипломдық жұмыстың теориялық құндылығы: Осы диплом жұмысын жазу барысында ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекіліктерінің маңызы мен рөлін, мақсаты мен міндеттерін, түрлерін, кезеңдерін анықтадым.
Дипломдық жұмыстың практикалық құндылығы:
Менің ойымша, бұл диплом жұмысы студент-практиканттар, сонымен қатар мұғалімдер қолдана алады, өйткені осы диплом жұмысында оқушылардың ағылшын тілін меңгеру және сөйлеу іскерліктерін сурет арқылы қалай дамыту жолдары ұсынылған.
Дипломдық жұмыстың ғылыми болжамы:
Сурет көрнекілігінің ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілді меңгеруіне маңызы өте зор. Егер мұғалім сурет көрнекілігін тиімді қолдана алса, онда оқушылардың неміс тіліне деген қызығушылығы артып, мұғалім жақсы нәтижелерге жете алады. Ағылшын тілі сабағында оқушыларға бағдарлама бойынша қойылған талаптарға сәйкес оқыту, білім беру, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарын орындау үшін көрнекіліктердің маңызы зор. Оларды тиімді пайдаланатын болсақ аталған мақсаттарға жету нәтижелі болады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу іскерлігін дамытуда сурет көрнекіліктерін қолданудың әдістемесі беріледі. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың диалог сөз іскерлігі мен дағдысын қалыптастыруда сурет көрнекілігінің теориялық ерекшеліктерін ескере отырып, оларды сабақта пайдалану тәсілдерін қолдана отырып құрастырылған жаттығулар кешені беріледі. Ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу іскерліктерін дамыту үшін арнайы көрнекіліктерді дұрыс қолдануға арналған нұсқаулар беріледі.

Дипломдық жұмыстың құрылымы:

Бұл диплом жұмысы үш бөлімнен тұрады. Кіріспеде диплом жұмысының мақсат-міндеттері, өзектілігі, болжамы, нысаны туралы жазылған. Негізгі бөлім үш тармақтан тұрады. Негізгі бөлімнің бірінші тармағы ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігінің мақсаты мен міндеттері туралы айтылады. Бұл тармақта теориялық мәселелер қарастырылады, диплом жұмысының тақырыбына сай ғалымдардың ой-пікірлері берілген.
Екінші тармақта ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекіліктерінің түрлері туралы сөз болады. Ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекіліктерінің түрлерінің құндылығы туралы жазылған.
Үшінші тармағында ағылшын тілі сабағында оқушылардың тілді меңгеру мен сөйлеу іскерлігін дамыту үшін сурет көрнекілігне байланысты әдістемелік нұсқаулар мен ұсыныстар берілген.
Практикалық бөлімде педагогикалық практикада жүргізілген тәжірибелер, бақылаулар берілген.
Бұл диплом жұмысын жазу барысында міндетті түрде әдістемелік әдебиеттерге сүйенеміз. Сонымен қатар басқа да авторлардың "Иностранные языки в школе" деген әдістемелік журналда жарияланған мақалалармен танысып, мүмкіндегенше қолдануға тырыстым. Бұның барлығы дипломдық жұмыстың қолданылған әдебиеттер тізімінде беріледі.
Жалпы әдебиеттер тізімі - 34
Негізгі бөлімге кіріспестен бұрын, жалпы ағылшын тілі сабағында қолданылатын көрнекіліктерге қысқаша шолу жасалады. Көрнекілік ағылшын тілі сабағында өзінің белгілі бір орнын алады. Мұғалімге көмектесіп, оқушылардың ағылшын тілі сабағына деген қызығушылығын арттырады.
Сурет көрнекілігі - жалпы көрнекіліктің бір түрі. Ян Амос Коменскийдің "Ұлы Дидактикасында" көренкілік принципін көріп оқуға болады. Ағылшын тілін оқытуда көрнекіліктер, соның ішінде сурет көрнекілігі оқушылардың ағылшын тілін меңгеруі мен сөйлеу іскерлігін дамытуда маңызы зор.

I. Негізгі бөлім
Ағылшын тілі сабағында сурет көрнекілігін қолданудың мақсаты мен міндеттері.

Ағылшын тілін оқытудың құралдары - бұл оқу құралдары мен техникалық құралдардың кешені. Бұл құралдардың көмегімен оқытушының ағылшын тілін оқыту мен оқушының тілін меңгерудегі басқаруын орындайды. Оқу құралдары әдістеменің базистік категориясына жатады. Олар оқыту процессі мен ағылшын тілін меңгеруін жеңілдетіп, оларды одан әрі тиімді етеді. Оқу құралдары әдістемелік оқу кешенінің типтік мазмұнын құрайды.
Тілдік құралдар ағылшын тілін оқытуда негізгі құралдар болып табылады. Тілді көрнекіліксіз оқытуға болса да, оны тілдің өзін пайдаланбай оқытуға болмайды. Мұғалімнің өзі ылғи сөздердің айтылу үлгілерін, ауызша және жазбаша мәтіндерді ағылшын тілінде оқып, көрсетіп беру керек, ал оқушылар тыңдап, өздері оқып, жазып, сөйлеп, тілді қолдана алу керек. Мұнда біздің мақсатымыз бен оқу құралдарының бір-бірімен тығыз байланысты екенін көреміз. В.А. Бухбиндер бойынша, ағылшын тілінде сөйлеуге үйрену үшін сөйлеу керек, ал оқи алу үшін оқу керек.[19]
А.А. Миролюбов, И.В. Рахманов "Общая методика обучения иностранным языкам в средней школе" деген кітабында былай деген: "Ағылшын тілін оқытудың құралдарына оқулық, оқу кітабы, мұғалімге арналған кітап, бағдарламалық оқу құралдары, техникалық және техникалық емес құралдар жатады"[6]
Ал С.Ә. Әбдіғалиұлы ағылшын тілін оқытуда қолданылатын құралдарды негізінен екі топқа бөледі:[1]
1. Негізгі құралдар
2. Көмекші құралдар
Н.Д. Гальскова негізгі құралдарға ең алдымен оқулықты жатқызып, одан кейін мұғалімге арналған кітапты жатқызады. Оқулық оқушылар үшін негізгі құрал болып саналады, өйткені оған тіл материалы, оны меңгеруге арналған арнайы жаттығулар, теориялық түсініктемелер кіреді. Мұғалімге арналған кітапта оқу кешенінің негізгі принциптері мен әдістемелік идеялары, сабақты құрудың әдістемелік үлгісі беріледі.
Ал көмекші құралдарды Н.Д. Гальскова екі топқа бөледі:[20]
1. техникалық құралдар
2. техникалық емес құралдар
Техникалық құралдарға аудитивтік, визуалдық және аудиовизуалдық, яғни магнитофон, теледидар, диафильмдер және т.б. жатады.
Техникалық емес құралдарға қосымша оқуға арналған кітаптар, газеттер, журналдар, диапроекттер, ағылшын тілінде кештер өткізуге арналған материалдар, грамматикалық анықтамалар, жаттығулар жинағы жатады.
Аудиовизуалдық оқу құралдарына көріп, естіп немесе тыңдап-түсініп қабылдауға арналған информацияларға негізделген құралдар жатады. Аудиовизуалдық оқу құралдары тыңдау (фонограммалар), көру (видеограммалар) және тыңдап-түсіну (видеофонограммалар) болып бөлінеді. Аудиовизуалдық оқу құралдары білім деңгейінің жоғары болуына тиімді әсер етеді. Ол тыңдап-түсінуді одан әрі дамытып, информацияны тез қабылдауға көмектеседі.
Н.Д. Гальскова бойынша, оқу құралы практикалық және теориялық әрекетпен тығыз байланысты.[20] Практикалық құралдар жаттығулардың әдіс-тәсілдерін және олардың тиімдірек болуына байланысты бақылауды енгізеді. Теориялық құралдарға әдістеме және басқа ғылымдармен байланысты заңдылықтар жатады.
Ағылшын тілін оқытуда көмекші құралдардың маңызы зор, оның көмегімен сабақ көрнекі, қызықты, эмоционалды және жоғары сатыда өтеді.
М.В. Ляховицкийдің "Методика преподования иностранных языков" деген кітабында белгілі ағылшын философы
Ф. Бэконның пікірі былай жазылған: "Егер де ағылшын тілі сабағында көмекші құралды қолданбаса, жай қол мен интеллект ештеңе болмайды". [3] Сонда ағылшын тілі сабағында көмекші құралдарды пайдалану өте тиімді әдіс болып табылады.
Біздің диплом жұмысымыздың тақырыбы сурет көрнекілігіне байланысты болғандықтан, біз осыған орай сурет көрнекілігінің ағылшын тілі сабағындағы және шетел тілдерін оқыту әдістемесіндегі алатын орны мен маңыздылығы туралы сөз қозғайық.
Француз тілі пәнінен сабақ беретін мұғалім А. Д. Попов сурет көрнекілігіне байланысты былай деген: "Сурет көрнекілігі сабақта оқушы үшін көру стимулы болып табылады. Сондықтан да әрқашан да сурет көрнекілігі арқылы оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын, ынтасын оятуға болады."[18]
Сурет көрнекілігінің ағылшын тілі сабағында маңызы өте зор. Біріншіден, сурет көрнекіліктері бұрыннан бері ағылшын тілі сабағында жиі қолданылып келеді. Сабақта жаңа лексиканы түсіндірер барысында оны көрнекілік арқылы мағынасын ашатын. Оқушы сол сурет көрнекілігі арқылы жаңа сөздің мағынасын және аудармасын түсінеді. Грамматиканы өту барысында да қолданыла бастады. Мысалы, түрлі-түсті схемалар арқылы жаңа грамматика түсіндіріле бастады.
Ағылшын тілін оқытудың психологиясы тілдік көрнекілікпен тығыз байланысты. Тілдік көрнекілікке жазбаша және ауызша сөйлеудің барлық түрлері жатады. Көрнекіліктің тағы бір түрі - ситуативті-модельді түрі. Ол - сөйлеу әрекетінің көрнекілігі болып саналады. Сөйлеу әрекетінің көрнекілігі тек сөйлеу әрекетін ғана емес, сонымен қатар сол тілдің жүйесін және ережелерін меңгеруге мүмкіндік береді.
Екіншіден, ағылшын тілін оқытуда сурет көрнекіліктері мен шығармашылық ойдың байланысы өте тығыз.
Үшіншіден, арнайы сабаққа қатысты суреттер кино арқылы көрсетіп қолдану маңызды.
Төртіншіден, сөйлеу әрекетін дамытуға сурет көрнекіліктерінің маңызы өте зор.[17]
Сурет көрнекілігін ағылшын тілін оқытудың әр сатысында да қолдануға болады. Осыған орай, А.Д. Попов өзінің ойымен былай деп бөліседі: "Мұғалім сурет көрнекілігін алғашқы сатыда қолданса, онда оқушылардың ағылшын тіліндегі алғашқы алған білімдерін, яғни лексикалық материалды, лексикалық бірліктерді бекітуге болады. Ал жоғарғы және ортанғы сатыда болса, онда сурет көрнекілігі арқылы оқушылар алғашқы сатыда алған білімдерін ары қарай дамытып, машықтандырылған қалыпқа жеткізеді."[18]
Сондықтан да оқушылар сурет көрнекілігі арқылы өткенді қайталап, лексика және грамматикадан алған білімдерін еске түсіріп баянды сөйлей алады. Бұл тәсіл, яғни суретпен жұмыс ең нәтижелі, тиімді тәсіл болып табылады.
Бұл әдістемелік тәсіл мұғалімнен және оқушылардан көп уақытты алып, қызу еңбекті көп талап ететін жұмыс.
Ян Амос Коменский бойынша балаларды оқыту барысында көрнектіліктерді қолдану өте дұрыс деп санаған. Оны қолдану барысында балалар оны тек көріп қана қоймай, оның не үшін көрсеткенін түсіну керек. Сондықтан көрнекіліктерді пайдаланудың өзіне тән ережелері бар: [17]
oo көрсетіп отырған сурет көрнекілігінің мазмұны дұрыс болу керек;
oo сабақ тақырыбына сай болуы керек;
oo алдыңғы материалды меңгергеннен кейін ғана жаңа материалға көшу;
oo сол сурет көрнекілігін көріп, оны оқушы дұрыс түсіну үшін мағынасын дұрыс түсіндіре алу керек.
Сурет көрнекілігін қолданудың мақсаты - мектепті шынайы өмірмен байланыстырып, оқушылардың ой-өрісін дамыту. Басты мақсат - сурет көрнекіліктерін сезіп, логикалық ойды әрі қарай дамыту.
Сурет көрнекілігінің мақсаты бойынша ол тақырыпқа сай өңделген болуы кереке. Оқытудың аудиовизуалдық әдісі сурет көрнекілігін пайдаланудың қазіргі заманға сай формасы болып табылады. Сурет көрнекіліктерінің қылықтық психологиялық жағынан мынадай болуы мүмкін:[16]
1. Арнайы жағдаяттарды немесе шынайы өмірлік жағдаяттарды көрсету;
2. Белгілі бір тілдік ережені теория және практика жүзінде көрсету;
3. Оқуға, жазуға, тыңдап-түсінуге, ауызша сөйлеуге, аударуға арналған киносуреттер;
4. Сурет көрнекіліктерін жас ерекшелігіне сай қолдану.
Әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері болады. Олар өзінің энергетикалық мінездемесімен, бөлек фонемалардың, дыбыстардың, синтагмалардың айтылуымен ерекшеленеді. Нақты оқиғалардың вербальдік, статистикалық және модельдік өңделуі көрнекілік қызметіне сәйкес келеді.
Вербальді жағдаяттардың қылықтарының микроөлшемдерін статистикалық жағынан анықталғаны жөн, сонымен қатар соған арналған минимумдарды анықтаған дұрыс: интонациялық, лексикалық, грамматикалық және стилистикалық. Сөйлеу әрекетін дағдыландыратын сурет көрнекілігінің басты шарты:[15]
1. оқыту бағдарына сәйкес вербальді қылықтардың өлшемін анықтау;
2. микротілдің мақсатын анықтау;
3. вербальді қылықтардың жүйесін модельдеу;
4. көрнекілік құралдарды, соның ішінде дыбыстық кино және телехабарларды пайдалану.
Көбінесе сурет көрнекілігін лексиканы түсіндіру барысында жиі қолданады. Және де оны синтаксисті және стилистикалық ерекшелерді өту барысында қолданудың маңызы зор.
Жаңа сөздерді өту барысында және оны бекіту барысында арнайы сурет көрнекіліктері қолданылады. Қазіргі кезде сол сурет көрнекіліктері қолданылып, сабақ тақырыбына сай ойындар ұйымдастыруға болады. Жаңа лексиканы өту барысында сурет көрнекіліктерін қолданып ойнатқанда ситуативті контекст мотивацияны ашады.
Мәтінмен жұмыс жасағанда мұғалім жаңа сөздерді оқиды, ал оқушылар дұрыс айтылуын тыңдап, сурет көрнекіліктері арқылы ол сөздің мағынасын, аудармасын түсінуі қажет. Содан продуктивті лексика ауызша формада бекітіледі. Сурет көрнекілігі, жест, мимика жаңа лексиканы түсіндіруге үлкен үлесін қосады. Сөздің мағынасын ашу, яғни семантизация әртүрлі әдістермен қолданылады. Мысалы, аударма және аудармасыз семантикалық әдістер. Аудармасыз семантикалық әдіске заттар демонстрациясы, жест, сурет көрнекілігі жатады. Ол тіл практикасының меңгеруін жоғарылытады, есте сақтап қалу қабілетін дамытады.
Географиялық картаның да ағылшын тілін оқытуда маңызы зор, ол тиімді әсер етеді.[14] Тілін оқып жатқан елдің картасы
oo оқушының елтанушылық білім деңгейін арттырады;
oo сол көрнекілікке сүйеніп сөйлей алады;
oo басқа сабақтармен байланыстырады;
oo оқушының ағылшын тілі сабағына қызығушылығын арттырады.
Географиялық картаны тек сабаққа ғана емес, факультатив, яғни қосымша сабақта, ағылшын тілі сабағына арналған кештерде, конкурстарда да пайдалануға өте қолайлы болып саналады.
Қазіргі таңда болашақ ұрпақты жан-жақты, сауатты етіп шығаруда мұғалімнің маңызы зор. Сондықтан ағылшын тілі пәнінен сабақ беретін мұғалімнің басты мақсаты - ол оқушылардың ағылшын тіліне деген қызығушылығын арттыру және оқушыларды ағылшын тілінде тілдік қарым-қатынас жасай алатындай деңгейге жеткізу. Әр оқытушы өз пәнінің әдістемесін, яғни сабақта қолданылатын әдіс тәсілдерін жақсы білуі керек. Әр пәннің өзіндік белгілі әдістемесі бар, сол сияқты ағылшын тілінің де арнайы оқыту әдістемесі болады. Оны мұғалім тиімді және дұрыс пайдалана алу керек.
Егер сабақ қызықты ұйымдастырылса, тақырыпты балалар ешбір қиындықсыз меңгере алады. Алынған білімді есте жақсы сақтау үшін зейінді шоғырландыратын әдіс-тәсілдерді қолдану керек. Әсіресе бұл бастапқы сатыдағы балармен жүргізілетін жұмыста аса маңызды.
Сол әдіс-тәсілдердің бірі сурет көрнекілігі.
Е.И. Пассовтың айтуы бойынша сурет көрнекілігі - ол бір нәрсеге қарап, өз ойымен бөлісу, сипаттау, суреттеу. Ал егер оқушы ағылшын тілінде сол суретті сипаттаса, онда оқушының ағылшын тіліндегі сөйлеу іскерліктері әрі қарай дамиды, оқып отырған тілді тез меңгере алады.[4]
Сол себепті сурет көрнекіліктері қолданылған сабақтар ылғи нәтижелі, үлкен дәрежеде болады. Жаңа сөзді бірнеше рет естігенше оны сурет көрнекілігі арқылы көріп тану тиімідірек болады деп ойлаймын. Сонда баланың есте сақтау қабілеті дамиды.

Ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекілігінің түрлері.

Бұл тармақта біз ағылшын тілі сабағында қолданылатын сурет көрнекілігінің түрлерінің мәселелеріне тоқталамыз.
В.А. Бухбиндер сурет көрнекілігін өз мазмұнына сай үш топқа бөледі:[5]
1. зат-сурет көрнекілігі (белгілі бір заттың суреті);
2. жағдаятты сурет (бір жағдаяттың көрінісі);
3. фабульдік (белгілі бір фабульдік мәтінге арналған кішкентай суреттер).
Осы сурет көрнекілігінің түрлері ағылшын тілі сабағында үлкен рөл атқарады.
Ситуативтік суреттер де ағылшын тілі сабағында жиі қолданылады. Ол да оқушының сөйлеу әрекетіне тиімді әсер етеді. Ситуативтік суреттер арқылы оқушының сөйлеу дағдысымен қоса логикалық ойлауы да одан әрі дамиды. Мысалы, екі оқушыға екі сурет беріледі. Ол екі сурет бір-бірімен ұқсас болады, олардың арасында 4-5 айырмашылықтары болады. Оны сөйлеу негізінде оқушы айырып айту керек. Соның көмегімен оқушының сөйлеу әрекеті, ойлау қабілеті дамиды. Біреуі айтып отырса, екіншісі тыңдап айтылмай қалғанын толықтырып, өз ойын қосады. Және ол суреттер арқылы бір-бірінің сұрақтарына жауап бере алу керек. Мұндай суреттерді грамматиканы, лексиканы бекітуге арналған жаттығуларда, бақылау жұмыстарында қолдануға болады. Айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айту барысында өз ойын дәлелдеп, еркін сөйлеуге үйренеді.[2]
Барлық ағылшын тілі сабқатарының дұрыс өтіліуі мұғалімге байланысты, сондықтан ол сабақ үстінде сурет көрнекіліктерін дұрыс пайдаланып, нәтижелі өтілуіне ерекше көңіл бөлу керек.
Сурет көрнекілігі жас ерекшелігіне сай болуы керек.[22] Мысалы, фотосурет барлық жастағы балаларға жақсы да тиімді көрнекілік болмайды. Жас балаларға көбінесе қолдан салынған сурет қызықты болады. Жасөспірімдерге көбінесе схемалар мен таблицалар көп қолданылады. Фотосуреттерге қарағанда схематикалық карикатуралар баланың логикалық ойлауын дамытады.
Әр тілдің өзіне тән ерекшеліктері деп айтқанымдай, А Шапидзе бойынша грузин тілінің етістіктерінде 13 морфологиялық категориялары бар: жағы, шақтары, түрлері, райы, акті, бағыты, аспектісі, залог, контакт.[4]
Неміс, француз, ағылшын тілдерінде де осындай ерекшеліктер бар. Осындай информацияны қабылдаушылардың әртүрлі типтері болады: біреулері жақсы есте сақтап, жақсы қабылдайды; біреулері есте көп сақтай отырып, көргенін тез қабылдап, айтып бере алады, кейбіреулері аралас болады.
Сондықтан осындай ерекшеліктерге көңіл бөліп, сурет көрнекіліктерін дұрыс қолана алу керек. Әр баланың өзіне тән қасиеттері мен ерекшеліктеріне назар аударып, оларға арнайы сурет көрнекіліктерін пайдаланғаны дұрыс деп санаймын. Бала көбінесе қолмен салынған сурет көрнекіліктеріне көп алданады. Сондықтан ағылшын тілі сабағында сурет көрнекіліктерін қолданған өте тиімді деп ойлаймын.
Орыс әдіскер-ғалымдары И.А. Китенко мен Б.И. Роговскаяның пікірлері бойынша, сурет көрнекілігін қолданғанда мұғалім төменде жазылған ескертулерді білу қажет: [13]
1. Сурет мектепің тәрбие жұмысына сәйкес болуы керек;
2. Сурет өзінің мазмұны жағынан, грамматикалық және лексикалық материалдарына сай болуы тиіс;
3. Сурет көрнекілігі лексикалық қорды, яғни сөздік қорын қамтуы тиіс;
4. Суреттер оқушының жас ерекшеліктеріне сай болуы керек;
5. Сурет көрнекілігі оқушыларға қызықты болуы керек.
Сурет көрнекілігін ағылшын тілі сабағында қолдану барысында, сол суретке арналған тапсырмалар мен жаттығулар берілу керек, оқушылар сол суретке қарап, монологты және диалогты түрде сөйлеп, сол суреттердегі адамдарды сипаттап, табиғатты суреттей алу және өз ойын жеткізе білуі тиіс.
И.А. Китенко мен Б.И. Роговская суретпен жұмысты бірнеше кезеңдерден тұрады деп тұжырмдайды.
1 кезең. Өткен тілдік материалды қайталау.
Бұл кезеңде оқушылар сурет көрнекілігінің көмегімен әңгіме құрастыра алады. Оқушылар өткен тақырып бойынша лексикалық және грамматикалық материалды еске алып, қайталап бекітеді. Мұндай жұмысқа әр сабақта 7-10 минут беріледі. Үш немесе төрт сабақ бойы қайталанып, жаттықтырылуы керек, сонда оқушы ол материалды сөйлеу кезінде жетік меңгеріп, қолдана алдады.
2 кезең. Сурет бойынша әңгіме айтқанда, жаңа сөздерді және сөз тіркестерін түсіндіру.
Бірінші қосымша сөздер мен фразеологиялық айналымды қайталау керек. Мұғалім жаңа сөздерді түсіндірген уақытта ана тілін қолданбай, заттың арасында тікелей байланыс туады.
Мұғалім зат сурет көрнекілігін көрсеткен кезде, неміс тіліндегі жаңа сөздерді анықтап айтып, оны тақтаға жазып отырады. Одан кейін мұғалім жаңа сөздердің айтылуына көңіл бөліп, түсіндіреді. Ал оқушылар болса, бұл сөздерді дауыстап қайталап өтеді. Бұл тәсіл тиімді әрі қызықты болып табылады.
С.Ә. Әбдіғалиұлының айтуы бойынша, бұл кезеңдегі тәсілдің тиімсіз жақтары да бар. Олар мыналар:[1]
а) тілдегі барлық сөздердің мағынасын, яғни абстракты мағыналы сөздерді көрнекілік арқылы түсіндіру мүмкін емес;
б) қай тілде болмасын, кең ұғымдарды білдіретін сөздер мен тар ұғымды білдіретін сөздер болады.
Мысалы, 1) ағаш, гүл, балық.
2) терек, қайың, қызғалдақ және т.б.
Бұл сөздерді өзара салыстырсақ, олардың мағына ерекшеліктері айқын көрінеді. Бұлардың алғашқы тобындағы сөздер (ағаш, гүл және т.б.) кең ұғымдарды білдіреді, ал екінші топтағы сөздер (терек, қайың т.б.) тар ұғымдарды білдіріп тұр, яғни терек, қайың сөздері ағштың түрлерін білдіреді; сазан, жайын сөздері балықтың түрлерін білдіреді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Шет тілдерді оқытуда компьютер тиімді құрал ретінде
Электрондық оқулықтардың міндеттері
Шет тілін оқытуды жетілдірудің негізгі жолдары
Шет тілі сабағында қарым-қатынастың ауызша формаларын үйретуде жаңа технологияларды қолдану
Ағылшын тілін орта мектепте оқытудың әдістері
Оқушылардың сөйлеу тiлiн дамытуда техникалық құралдарды пайдалану_
АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ
Шетел тілі фонетикасының ерекшеліктері
Интерактив ойындар арқылы тіл дамыту әдістемесі
Ерте жастан ағылшын тілін оқытудың маңызы және оның ерекшеліктері
Пәндер