Жұбан Молдағалиев


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Қазақ қауымына аты әбден қанық, белгілі ақын Жұбан Молдағалиев - қазақ поэзиясының, бүкіл қазақ әдебиетінің ірі өкілі. Жұбан Молдағалиевтің поэзия төрінен өзіне лайық орын алу кезеңі әріден, соғыстан кейінгі ұлы дүбір дәуірінен, елімізді қайта қалпына келтіру заманынан басталады. Жұбан Молдағалиев қазақ өлеңімен бірге, бүкіл көп ұлтты кеңес поэзиясын ілгері дамытқан айтулы ақын, көркем сөз шеберіне айналды.

Жұбан Молдағаливтың шабытының шалқары - туған жері болса, алғашқы өткен өмір мектебі - кешегі өткен Ұлы Отан соғысы. Оның азаматтық сезімі Отан үшін күрестің жауапкершілігін ұғынудан туды. Оның ерлік туралы, отанға деген сүйіспеншілік, батырлық жайлы, туған жер мен елге деген сағынышқа толы өлеңдері соғыстың ауыр шындығы жағдайында жүрегінің түбінен қайнап шықты. Соғыстан кейінгі алғашқы жинағы «Жеңіс жырлары» 1949 жылы жарық көріп, патриоттық, гуманистік сезімге толы еді. Осыдан бастап қазақ оқырмандарына өзінің ақындық талантын мойындатқан Жұбан аға қазақтың ұлттық сөз өнеріне елу жылдық өмірін арнады. Жұбан ағадан қалған әдеби мұраға көз салсақ, оның негізгі туындылары дәуірдің науқандық сырларына бой алдырмай, адамзат рухын, қазақ халқының өмір шындығын шынайы көтере бейнелеуімен өзінің бағасын төмен түсірмегенін көреміз.

Көптеген лирикалық өлеңдер жазған ақынның эпикалық талантының да жоғары екенін көреміз. Ол жазған поэмалар стильдік, жанрлық үлгілері жағынан әр түрлі және қазақтың эпикалық поэзиясын биікке көтеріп, жаңа сапамен байытқан туындылар болды. Алғашқы поэмаларында - "Нұрлы жол", "Қызыл галстук", "Қиял қанатында" - ақын жастарды патриоттыққа тәрбиелеу, еңбекке баулудың проблемаларын көтерді. Балалардың келешегі үшін, олардың болашағы әрқашан күн тәртібінен түспейтіні кімді болса да толғантар мәселе екенін ақын айқын, дәл суреттей отырып, жастарға үлкен сеніммен қарайды. Заман, дәуір шындығын шебер суреттеуде ақын жеткен табыстар аз емес.

Ана тілінің құдіретін танытуда ақынның ең алдымен қиын асуларды суреттеуінде үлкен мән жатқанын байқауға болады. Қандай қиыншылықта да тілдің сақталуы өз оқушысын ойландырмай қоймайды. "Бокс заңы бойынша" өлеңінде ақын алдымен оқырман назарын бокс заңына аударып, өмірдегі кездесетін күншілдікті, нағыз талантты көре алмаушылықты сынап, әшкерелейді. Жекпе-жек - заңы бокстың Бірге - жүз қарсы тұру жоқ. Желкеден періп оқыста, Кіндіктен төмен ұру жоқ . . . Тұрмыста, әттең, қарсы жақ Бетпе-бет келе бермейді - деп өкініш білдіре отырып: Жүгінсін бокс заңына, Ар-ұят деген сотты ұқсын, - деген жолдар арқылы адамдыққа, адамгершілікке үндейді. Өлең көпшіліктің көкейіндегісін тап басуымен әсерлі.

Жұбан Молдағалиев өзінің кейбір лирикалық өлеңдерінде: "Аққу", "Махаббатты жырласаң", "Аққуым аспанда емес, жер бетінде", "Көзімде қалды суретің", т. б. сияқты жырларында адамды сүю, бағалау, жар сүю, ана махаббатын аялау, Отан сүю сезімдерін сабақтастыра жырлайды. Мәселен, "Махаббат ерлігі" атты өлеңінде махаббаттың құдіретті күші нені болса да жеңетінін паш етеді, екі мүгедектің (соқыр мен ақсақ) бірін-бірі демеп, сүйеп жүріп өнер көрсетуі өмір мен тіршіліктің өлмес күші екенін танытады

Жұбан Молдағалиев өмір шындығының әр саласына терең үңіле отырып, жетпісінші жылдары "Қыран дала", "Сел", "Байқоңыр баспалдақтары" атты поэмалар жазды. Мұнда жаңа деректерге сүйенген ақын, заман шындығын, адамдардың ерлік істерін суреттейді. Халықтың бейбіт өмірдегі тыныс-тіршілігін айқындап, тарихи салыстырулар арқылы өткен өмір және болашақ жайлы толғаныстарын, өз ойларын толық ашып көрсетеді.

Ж. Молдағалиевтің ақындық даңқын көтеріп, оның есімін әдебиет әлеміне енгізген шығармасы - "Мен - қазақпын" поэмасы (1964) . Бұл поэмада ақын қазақ халқының өткен өмірі мен тағдыры жайлы лирикалық-публицистикалық стильде толғана жырлады. Қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ашуда, оның ерлік дәстүрі, туған жер мен ел, оның байлығы, адамдары жайлы асқақтата көркемдеп жырлай білді.

Мен - қазақпын, мың өліп, мың тірілген,

Жөргегімде табыстым мұң тілімен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген.

Мен - қазақпын, ажалсыз анамын мен,

Құрсағыма сыйдырам даланы мен.

Пәк сәбимін бесікте уілдеген

Дәуірлермен құрдаспын, данамын мен, - деген өлең жолдарынан-ақ ақынның қазақтық азаматтық, патриоттық намысын бірден танимыз. Өзінің "қазақ" екенін ағынан жарыла ерекше шабытпен жырлауы - оның ерлігінің бір көрінісі десек қателеспейміз.

Бұл поэмада ақын қазақ халқының басынан кешірген небір қиын кезеңдерді суреттейді.

Ақын қазақ халқының сан ғасыр бойында ауыр азаппен өткен тағдырын еске түсіреді. Қазақ елінің талай шапқыншылыққа ұшырағанын, бірақ халық бәріне төтеп, беріп, өзін қорғай білгенін, елдігі мен салтын, ұлттық қасиетін сақтап қалғанын мақтана, асқақтата жырына қосады.

. . . Қарсыласпай өлмедім, қан татырдым,

Құлап қалсам атымнан, қайта тұрдым.

Сансыз басты диюдай сан тіріліп,

"Мен - қазақпын" дегенді айта тұрдым, - деп, оқырманды жігерлендіре түседі. Ерлік, қарсылық, күш, қуатты жырға қосып, "құласа да қайта тұрьш" өзінің қазақ екенін тағы да жүрек жара, жан даусымен қуана, шаттана жеткізеді. Енді бірде қазақтың ән-күйінің құдіретін өзгеше бір үнмен суреттейді:

. . . Күй емес пе, ботасыз нар идірген?

Ән емес пе, аққудай жар ілдірген?

Жыр емес пе жүрекке жел бітірген?

Олар барда қалайша тарылды іргем? - деп, қазақ халқының ән-күйі мен жырының өзіндік ерекшелігін, даралығын паш етіп, мұндай өнері бар халықтың ешқашан мойымайтынына үлкен сенім артады. Поэманың келесі бір шумағында ақын:

Шалқы, қазақ, шалқитын заман келді,

Текке қанын төккен жоқ Аманкелді.

Кең далаңда керіліп, атыңды атап,

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ж.Молдағалиевтің өмірі және қоғамдық қызметі
Ж.Молдағалиев
Жұбанның сырлы жырлары
Жұбан Молдағалиевтың өмірі мен шығармашылығы
Жұбан Молдағалиев өмірі мен шығармашылығы
ҚАЗАҚ ӨЛЕҢІНІҢ ЖЫРДАРИЯСЫ
ЖҰБАН МОЛДАҒАЛИЕВ (1920—1988)
Хамза Ихсанұлы Есенжановтың өмірі мен шығармашылығы
Жайықта мен қазақпын
Қазақ поэзиясындағы батыр ақын бейнесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz