«Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру» (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде)



Кіріспе

Негізгі бөлім. Ересектер арасындағы қарым.қатынас

І Бөлім. Ересектер арасындағы қарым .қатынастың теориялық
негіздері
ІІ Бөлім. Ересектер арасындағы педагогикалық қарым.қатынас

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі «көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету» болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба – қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында «азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі» деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады. Ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету мәселесі Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңында көрсетілген. Соңғы уақытта қазақ тілін өзгетілді ересектерге оқытып-үйрету әдістемесі ғылымы дамыды, құнды практикалық тәжірибелер жинақталды, дегенмен ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігіне көңіл бөлінбей келеді. Осындай жағдай оқыту үдерісінің нәтижесіне кері әсерін тигізбей қоймайды.
Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
1 Үздіксіз білім беру сапасын арттыру мәселелері // «Гармонизация систем оценки качества высшего образования в странах СНГ и Балтии» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. – Б. 155-160.
2 Педагогикалық қарым-қатынас субъектісі – ересек адам // Қазақстан мектебі. – Алматы, 2005. - № 9 -10. – Б. 57 – 60.
3 Ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың тұлғалық іс-әрекет тұрғысынан қарастырылуы // Ұлт тағылымы. – Алматы, 2007. - № 3. - Б. 42-44.
4 Педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіруде ересектердің жас ерекшеліктерін ескерудің маңызы // Ізденіс. – Алматы, 2007. - № 3. - Б. 265-268.
5 Ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас мәселесінің синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы // Абай атындағы ҚазҰПУ Хабаршысы, «Педагогика ғылымдары» сериясы. – Алматы, 2007. - № 4 (16), –Б. 55-58.
6 Қосымша білім берудің үздіксіз білім беру жүйесіндегі орны // «12 жылдық білім беруге өту жағдайында педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. – Семей: Шәкәрім атындағы педагогикалық университет, 2008. - Б. 121-125.
7 Педагогикалық қарым-қатынас арқылы жетілген ересек адамның субъектілігін дамыту мәселесі // «Педагогикалық кадрларды даярлау сапасын арттырудағы инновациялық технология мәселелері және даму ерекшеліктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция материалдары. І том. – Алматы: Қазақ мемлекеттік қыздар педагогика институты, 2008. – Б. 317-320.

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

Кіріспе

Негізгі бөлім. Ересектер арасындағы қарым-қатынас

І Бөлім. Ересектер арасындағы қарым - қатынастың теориялық
негіздері
ІІ Бөлім. Ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас

Қорытынды

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

КІРІСПЕ

Қазақстанның білім беру саласын модернизациялаумен байланысты басты мақсаттардың бірі көпдеңгейлі үздіксіз білім беру жүйесінде мемлекеттің, қоғамның және жеке тұлға мүдделерінің теңдестігін қамтамасыз ету болып табылады. Осы мақсатқа сәйкес ересектерге білім берудің теориялық негіздерін жетілдіру қажеттігі туындайды. Қазіргі кезеңде еліміздегі мемлекеттік маңызы зор әлеуметтік-мәдени жоба - қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде дамыту, оның коммуникативтік әлеуетін кеңіту Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында азаматтардың, қоғам мен мемлекеттің білімге деген қажеттіліктерін жан-жақты қанағаттандыру мақсатымен барлық деңгейдегі қосымша білім беру бағдарламаларының негізінде жүзеге асырылатын тәрбиелеу мен оқыту процесі деп бекітілген қосымша білім беру жүйесі арқылы жүзеге асады. Ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету мәселесі Қазақстан Республикасының Тіл туралы Заңында көрсетілген. Соңғы уақытта қазақ тілін өзгетілді ересектерге оқытып-үйрету әдістемесі ғылымы дамыды, құнды практикалық тәжірибелер жинақталды, дегенмен ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастырудың өзіндік ерекшелігіне көңіл бөлінбей келеді. Осындай жағдай оқыту үдерісінің нәтижесіне кері әсерін тигізбей қоймайды.
Теориялық және практикалық зерттеулер педагогикалық іс-әрекеттегі қиыншылықтардың басым көпшілігі оқытушылардың ғылыми немесе әдіснамалық дайындығының жеткіліксіздігінен емес, педагогикалық қарым-қатынас саласындағы деформациямен байланысты екендігін көрсетеді. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру осы мәселені шешу жолдарының бірі болып табылады.
Педагогикалық теорияда ересектерге қосымша білім беру мәселесін зерттеу бірнеше бағыттарда жүргізіледі: әлеуметтік-философиялық мәселелері (А.Г. Асломов, А.Р Лурия, В.М. Розин. Элиас пен Мериам т.б.); үздіксіз білім беру жүйесіндегі орны мен мазмұны (Д.Р. Кидд, А.Долеон, Р.Х. Даве т.б.); ересек адамның мақсатты іс-әрекеті ретіндегі білім алуы мен қосымша білім алуының объективті үдерістері арасындағы айырмашылық (А.В. Даринский, А.П. Владиславлев, В.Г. Онушкин т.б.); әлеуметтік мәселелері (С.Г.Вершловский, Л.Н.Лесохина т.б.); ересектердің танымдық қызметінің психологиялық ерекшеліктері (Ю.Н.Кулюткин, Г.С.Сухобская, А.М.Матюшкин, Л.И. Анцыферова т.б.); педагогикалық проблемалары (Л.А.Балакирева, Е.П.Тонконогая, М.Д.Махлин, Н.Д. Малахов, В.А. Горохов, Л.А. Коханова т.б.).
Елімізде сауатсыздықты жоюға бағытталған ересектерге білім беру үдерісінің, жоғарғы білім беру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы, онда оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыру мәселелері А.Н. Ілиясова, К.Құнантаева, С.К. Қалиев, Ә.І. Сембаев, Е.Ө.Жұматаева, М.Ә. Құдайқұловтың және т.б. ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады. Ересектерге қосымша білім берудің функциялары Е.И. Огарев, Л.П. Буева, М.В. Клариннің зерттеулерінде айқындалып, сипатталады.
Зерттеу мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас ұғымының қалыптасуы өзіндік тарихи даму кезеңдері бар күрделі үдеріс екендігін көрсетті. Педагог - оқушы жүйесіндегі педагогикалық үдерістің әлеуметтік-психологиялық феноменінің зерттелуі (Б.Г. Ананьев, А.А. Бодалев, Б.Ф. Ломов) педагогикалық қарым-қатынас мәселесі бойынша еңбектердің (В.А.Кан-Калик, А.А.Леонтьев, С.Л. Рубинштейн т.б.) туындауына, педагогикалық іс-әрекетте оның әлеуметтік-психологиялық тұғыры болып табылатын педагогикалық қарым-қатынас категориясының дараланып, ресми айқындалуына мүмкіндік берді.
Әлеуметтік тәжірибені меңгерудің тұлғалық іс-әрекет теориясының дамуы (В.С. Леднев, П.Я. Гальперин, И.А. Зимняя т.б.) өзара әрекеттесу схемасының өзгеруіне әкелген ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың қалыптасуына зор ықпалын тигізді. Қазіргі педагогикалық зерттеулерде (Н.Д.Хмель, А.А. Бейсенбаева, Н.Н.Хан, Б.Ы.Мұқанова т.б.) екіжақтылық коммуникативтік сипаттамасы болып табылатын тұтас педагогикалық үдерісте субъект-субъектілік қатынастар жүзеге асуы тиіс екендігі дәлелдене түседі.
Көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) еңбектерінде педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық іс-әрекеттің түрі ретінде қарастырылады. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың дамытушылық функциясымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін айқындауға мүмкіндік береді. Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы ғылыми әдебиеттерде психологиялық (Қ.Б. Жарықбаев, Д.Б. Эльконин), педагогикалық (А.Г. Асломов, Б.Б. Коссов) тұрғыдан, халықтың тәлім-тәрбиесі аясында (Р.К. Төлеубекова, С.К. Қалиев, С.А. Ұзақбаева т.б.) қарастырылады. Психология мен педагогика үшін дәстүрлі болып табылатын оқыту мен дамыту мәселесі жетілген ересек адамның дамуымен байланысты болғандықтан, ересектерге қосымша білім беру контекстісінде жаңа мағынаға ие болады деп есептейміз.
Қарым-қатынас құрамындағы компоненттер қарастырылған еңбектердің (А.А. Леонтьев, А.В. Карпов, Д.Карнеги, М.В. Демин, И.А. Зимняя, М.Е. Дашкин, Е.А. Климов, Л.Я. Гозман, В.А. Малахова, В.А. Кан-Калик, Г.Т. Хайруллин, В.Н. Куницина), андрагогикалық принциптер қарастырылған еңбектердің (Джоди Спиро, Т.Г. Браже, С.И. Змеев, С.Г. Вершловский) ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас феноменінің ерекшелігін айқындау үшін маңызы зор.
Ересек адам педагогикалық қарым-қатынас субъектісі ретінде әр тұрғыдан: ересек оқушы ұғымын анықтау; ересектердің білім алуына жас ерекшеліктерінің (Б.Г. Ананьев, Е.И. Степанова, А.И. Канатов т.б.), тұлғалық ерекшеліктерінің әсері (Н.К. Крупская, М.В. Кларин, Р.А. Исламшин, Ж.А. Макатова т.б.); витагендік педагогика - ересектердің өмірлік тәжірибесіне сүйене отырып, оқыту үдерісін ұйымдастыру (А.С. Белкин, Н.О. Вербицкая, Ө. Өтебаева), ересек оқушылардың субъектілігін дамыту (А.В. Белошицкий, Б.А. Тұрғынбаева, Г.И. Артемьева және т.б.) аспектілерінде қарастырылады. Тұлға құрылымының зерттелуі (Я.Щепанский, А.Г. Ковалев, Г.Нойнер, К.К. Платонов, М.С. Каган) ересек адамның өзгеріп, жаңа сапалық деңгейге көтерілуі үшін көптеген мүмкіндіктері бар күрделі жүйе болып табылатынын дәлелдеуге ықпалын тигізеді. Біздің зерттеу жұмысымыз үшін педагогикалық іс-әрекеттегі диалогқа негізделген үйлесімді қарым-қатынас мәселесі (М.Б. Галямова, Г.Н.Губайдуллина, Ғ.Н. Көшербаева т.б.); педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің рөлдік ұстанымдары (В.А. Сластенин, К.С. Мусин, В.Т. Кудрявцева); ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың фасилитаторы - андрагогтың құзыреттілігін арттыру мәселесі (М. Малевски, В. Дрофа, Б.А. Тұрғынбаева, Г.Ж. Даулетбаева және т.б.) қарастырылған зерттеулердің маңызы зор. Осы жоғарыда аталған құнды еңбектердегі ой-тұжырымдар ересектерге қосымша білім беру тәжірибесіне бейімделіп, белгілі бір жүйеге келуді қажет етеді.
Зерттеу үдерісі бойынша әдебиеттер мен елімізде дамып келе жатқан қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас тәжірибесіне жасалған талдау зерттеу мәселесінің көптеген аспектілерінің теориялық және әдіснамалық тұрғыда зерттелінбегендігін, оның тиімділігін бағалайтын бақылау-диагностикалық құралдардың әзірленбегендігін; педагогикалық қарым-қатынастың фасилитаторы - андрагогты дайындайтын оқу орындары мен арнайы курстардың жоқтығын т.б. шешімін таппай келе жатқан мәселелерді айқындауға мүмкіндік берді. Осы жағдай қоғам талаптарына сәйкес қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың тиімділігін арттыру үшін оны жетілдіру қажеттігі мен теориялық тұрғыда негізделген ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесінің жоқтығы деп айқындалған қарама-қайшылықпен күрделене түседі. Аталған қарама-қайшылық қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру арқылы оның жүйелілігін. тұтастығын қамтамасыз ету мәселесін туындатып, теориялық-әдіснамалық деңгейде қарастыруды талап етті. Зерттеу мәселесінің өзектілігі, маңыздылығы, оның теориялық және практикалық жағынан жеткілікті дәрежеде қарастырылмауы зерттеу тақырыбын Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру (өзгетілді ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету материалдары негізінде) деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу нысаны: қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас.
Зерттеу пәні: қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру үдерісі.
Зерттеу мақсаты: қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіруді теориялық тұрғыда негіздеу және ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесін жасау.
Зерттеудің болжамы: егер қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру үдерісі ересектерге қосымша білім берудің, ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып әзірленген модель мен әдістеме негізінде жүзеге асырылса, онда зерттеліп отырған үдерістің жүйелілігі мен тұтастығы қамтамасыз етілгендіктен, нәтижелілігі арта түседі.
Зерттеудің міндеттері:
oo ересектерге қосымша білім беру ұғымын нақтылау;
oo ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас ұғымына анықтама беріп, ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың құрылымын, ерекшелігін айқындау;
oo қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің теориялық тұрғыда негізделген моделін жасау, педагогикалық шарттарын айқындау;
oo қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесін жасап, тиімділігін эксперимент жүзінде тексеру.
Жетекші идея: қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесінің жүзеге асуы ересек адамның субъектілік дамуына зор мүмкіндік береді.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздерін адамдар арасындағы қарым-қатынас туралы философиялық пайымдаулар, ересектерді оқытуды тұлғалық іс-әрекет тұрғысынан, андрагогикалық жүйелерді зерттеу мен басқаруды синергетикалық тұрғыдан қарастырудың жетекші идеялары, андрагогиканың, витагендік педагогиканың негізгі тұжырымдамалары, үздіксіз, қосымша білім беру, жеке тұлғаның дамуы, тұтас педагогикалық үдеріс, тұлғааралық қарым-қатынас теориялары құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы, Қазақстан Республикасында Білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған бағдарламасы және басқа да білім беру саласына қатысты заңдық күші бар мемлекеттік құжаттар, зерттеліп отырған мәселеге байланысты отандық, алыс, жақын шетелдік ғалымдардың еңбектері, ересектерді оқытудағы жаңашылдық тәжірибелер, диссертанттың осы жүйедегі тәжірибесі.
Зерттеу әдістері: философиялық, педагогикалық, психологиялық еңбектерге теориялық талдау жасау, модельдеу, озық тәжірибені зерттеу, жинақтау, бақылау, әңгімелесу, сауалнама жүргізу, тестілеу, өзіндік бағалау, сұрау, салыстыру, нақтылау және зерттеу нәтижелерін статистикалық өңдеу, графикалық бейнелеу.
Зерттеудің теориялық мәні және ғылыми жаңалығы:
oo ересектерге қосымша білім беру ұғымы нақтыланды;
oo ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас ұғымына анықтама беріліп, ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың құрылымы, ерекшелігі айқындалды;
oo қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің теориялық тұрғыда негізделген моделі жасалып, педагогикалық шарттары айқындалды;
oo тиімділігі эксперимент жүзінде тексерілген қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесі жасалды.
Зерттеудің практикалық маңызы: зерттеу барысында әзірленген ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің моделі, әдістемесі, педагогикалық шарттар кешені, Ересектерге білім беру жүйесіндегі педагогикалық қарым-қатынас атты оқу-әдістемелік құрал, бастауыш деңгей үшін әзірленген Өзгетілді ересектердің қазақ тілінде коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру бағдарламасы, әдістер кешені жоғары оқу орындарында, мамандарды даярлау, қайта даярлау жүйелерінде, қосымша білім беру жағдайында ересектерге қазақ тілін оқытып-үйрету курстарын жүргізу барысында қолданыла алады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар:
1. Ересектерге қосымша білім беру - ересек адамның бейресми білімінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында ғұмыр бойы бірін-бірі толықтыратын оқудың барлық түрлерін қамтитын жүйе, сонымен қатар ол әлеуметтік-мәдени жобаларды қолдау құралы болып табылады.
2. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас - мазмұны ақпаратпен алмасу, тұлғааралық таным, ортақ мақсатқа бағытталған бірлескен іс-әрекет болып табылатын психологиялық ұстанымдары тең серіктестердің әлеуметтік-психологиялық әрекеттесу үдерісі; педагог (андрагог) осы үдерістің фасилитаторы болып табылады.
3. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру моделі мен андрагогикалық принциптерге негізделген педагогикалық шарттары.
4. Қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің әдістемесі.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезеңде (1999 - 2001 ж.ж.) мәселенің зерттелу деңгейін анықтау мақсатымен ғылыми және әдістемелік әдебиетке талдау жасалынды, зерттеу тақырыбы аспектісінде оқытушылардың практикалық тәжірибесі талданды, зерттеудің ғылыми, ұғымдық аппараты анықталып, ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды.
Екінші кезеңде (2001 - 2007 ж.ж.) ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың деңгейін айқындайтын өлшемдік аппарат, зерттеліп отырған үдерісті жетілдірудің теориялық моделі мен әдістемесі әзірленді. Ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру әдістемесінің тиімділігін тексеру мақсатымен тәжірибелік-эксперимент жүргізілді.
Үшінші кезеңде (2007 - 2009 ж.ж.) әдістемелік тәсілдерге түзетулер енгізілді. Зерттеу тақырыбы бойынша жинақталған теориялық және практикалық материалдар жүйеленіп, алынған нәтижелер бойынша қорытындылар жасалып, жұмыс түрінде рәсімделді.
Зерттеу нәтижесінің дәлелділігі мен негізділігі зерттеу тақырыбына сәйкес теориялық қағидаларды әдіснамалық тұрғыда негіздеумен, ғылыми аппараттың логикалық бірлігімен, тәжірибелік-эксперимент жұмысының мақсатына, мазмұнына, міндеттеріне сәйкес әдіс-тәсілдерді пайдаланумен, зерттеу тақырыбына байланысты тәжірибелік-эксперимент жүргізіліп, тиімділігі дәлелденуімен қамтамасыз етіледі.
Зерттеу базасы: тәжірибелік-эксперимент жұмыс АҚ Қазақстан темір жолы ұлттық компаниясының орталық аппаратында, оның құрылымдық бөлімшелерінде, М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында өткізілді.
Зерттеу нәтижесін сынақтан өткізу және ендіру. Зерттеудің барысы мен нәтижелері әр түрлі кезеңдерде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының мәжілістерінде, халықаралық (Алматы, 2004 - 2008; Семей, 2008), республикалық (Алматы, 2008) ғылыми-практикалық конференцияларда, қазақ тілін дамыту мәселесіне байланысты қалалық семинарларда (Алматы, 2006, 2007) баяндалды. Сонымен қатар зерттеудің негізгі нәтижелері ғылыми-педагогикалық басылымдарда жарық көрген мақалаларда және оқу-әдістемелік құралда көрініс тапты.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды мен пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде зерттеудің көкейкестілігі, оның педагогикалық теория мен практикада зерттелу дәрежесі, зерттеудің мақсаттары мен міндеттері, нысаны және пәні анықталды, ғылыми болжамы, жаңалығы, теориялық, практикалық мәнділігі айқындалып, жұмыстың орындалу кезеңдері сипатталады, зерттеу нәтижелерінің сынақтан өтілуі мен дәйектелуі жайлы мәліметтер беріледі.
Қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынасты жетілдірудің теориялық негіздері атты бірінші тарауда ересектерге қосымша білім беру ұғымына талдау жасалып, ересектерге қосымша білім беру мәселесінің зерттелу негіздері беріледі. Ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас ұғымы зерттеудің теориялық тұрғысы негізінде қарастырылып, зерттеу мәселесінің бүгінгі жағдайы баяндалады. Зерттеліп отырған үдерісті жетілдіру моделінің негіздемесі беріліп, педагогикалық шарттары айқындалады.
Қосымша білім беру жүйесінде педагогикалық қарым-қатынасты жетілдіру мақсатындағы тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар мен олардың нәтижелері деп аталатын екінші тарауда қосымша білім беру жүйесінде ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынастың деңгейін диагностикалау мен жетілдіру әдістемесі мазмұндалады. Тәжірибелік-эксперимент жұмысының әрбір кезеңдерінің барысы мен нәтижелері келтіріліп, талдау жасалынады.
Қорытындыда зерттеу барысында алынған нәтижелер, қорытындылар мен ұсыныстар және осы мәселені әрі қарай зерттеудің болашағы бағдарланады.

Негізгі бөлім. Ересектер арасындағы қарым-қатынас

І Бөлім. Ересектер арасындағы қарым - қатынастың теориялық
негіздері

Ғұмыр бойғы білім идеясының түп тамыры халық педагогикасында жатыр. Кез келген халықтың әдет-ғұрпын, ұғым-сенімін, дүниеге көзқарасын білдіретін ертегілері мен аңыздарында, мақал-мәтелдерінде, мысалы қазақ халқының Ой түбі - алтын, ойлай берсең аларсың, Ақыл - тозбайтын тон, білім - таусылмайтын кен, Оқу біткен жерде ой да бітеді тағы сол сияқты зерделі сөздерінде халықтың рухани өмірінің мәні көрініс табады. Шығыста - әл-Фарабидің, Ежелгі Грецияда - Платонның, Қытайда - Конфуцийдің, Чехословакияда - Коменскийдің, кең байтақ қазақ жерінде - Абайдың тағы басқа ұлы ойшылдар, әйгілі білім қайраткерлерінің ғұмырлық білімге деген көзқарастары бірдей болатын: адамзатқа білім беруде адамның жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасайтын мәселеге басты назар аудару.
Білім беруді модернизациялаудың стратегиялық мақсаты әрбір адамның ғұмыр бойы білім алуына немесе білімін толықтыруына нақты мүмкіндіктер туғызатын жаңа білім беру жүйесін құру. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында бекітілген қосымша білім беру ұғымы (шетелдік аналогтары: extra, additive, complementari) педагог пен оқушының арасында серіктестік қарым-қатынастың дамуына мүмкіндік беретін білім берудің ерекше түрін білдіреді. Либералдық, прогрессивтік, бихевиористік, радикалды, когнитивті, гуманистік философиялық мектептер мен бағыттар ықпалымен дамыған ересектерге қосымша білім беру үдерісі ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап әлеуметтік, экономикалық функцияларды ғана емес, тұлғаны дамыту функциясын орындайтын білім беру қызметін көрсету саласына айналып келеді.
Үздіксіз білім берудің ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын ересектерге қосымша білім берудің теориялық негіздерін анықтауға бағытталған көптеген құнды зерттеулердегі (П. Лангран, Р.Х. Даве, Д.Р. Кидд, К.В. Джессуп, В.Г. Онушкин, Е.И. Огарев, А.П.Владиславлев, т.б.) ой-тұжырымдарды талдай отырып, біз ересектерге қосымша білім беру - ересек адамның бейресми білімінің тұтастығын қамтамасыз ету мақсатында ғұмыр бойы бірін-бірі толықтыратын оқудың барлық түрлерін қамтитын жүйе, сонымен қатар ол әлеуметтік-мәдени жобаларды қолдау құралы болып табылады деген анықтаманы ұсынамыз.
Біздің еліміздегі ересектерге білім беру жүйесінің өзіндік тарихи даму кезеңдері бар. 1920-1940 жылдар аралығында ересектерге білім беру саутсыздықты жоюмен байланысты дамыды. 1940-1960 жылдар аралығында жұмыс істеп жүрген жастарға білім беру мақсатымен кешкі мектептер жүйесі құрылды. 1960-1980 жылдар аралығында біліктілікті арттыру жүйесін дамытуға үлкен мән беріліп, мамандарды қайта даярлау курстары, біліктілікті жетілдіру институттары ашылды. 1990 жылдан бастап жоғарғы оқу орны - біліктілікті жетілдіру - ересек адамдарды мемлекеттік тілге оқытып-үйрету деп айқындалатын андрагогикалық парадигма дамып келе жатыр.
Осы парадигманың дамуымен сәйкес педагогикалық теория мен практикада ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас ұғымы қалыптаса бастады. Жаңа педагогикалық категорияның айқындалып, қалыптасуына байланысты ересек педагогикалық қарым-қатынас субъектісі кім? деген сауал туындайды. Ересек оқушыға сипаттама беру үшін біз теориялық (М.Ш. Ноулз, Н.К. Крупская, М.В. Кларин, Р.А. Исламшин, Ж.А. Мақатова, т.б.) және тәжірибелік зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, ересек адамның қосымша білім алуына ықпалын тигізетін тұлғалық қасиеттеріне және оның қосымша білім беру үдерісіне еркін енуіне кедергі келтіретін факторларға талдау жасадық.
Ересек оқушының бір немесе бірнеше саладағы белгілі көлем мен деңгейдегі жалпы және кәсіби білімі, өмірлік тәжірибесі, кез келген жаңа ақпаратты сыннан өткізіп, бағалау тәжірибесі, ұсынылған материалды талдау, меңгеру тәжірибесі, өзінің барлық тұрғыдан қорғай алатын кәсіби пікірі бар; уақыттың құнын біледі, алған білімдерін тез жүзеге асыруға ұмтылады; мұрат, мүддесі, қажеттілігі мен қызығушылығы айқын; рухани, құқықтық және әлеуметтік жауапкершіліктері бар; өзінің кәсіби деңгейін жаңа талаптарға сәйкес жетілдіру қажеттігін ұғынады, мәселені шешуге тырысады.
Осындай қасиеттерге ие ересек адам өзінің білімін толықтырғысы келген кезде көптеген кедергілерге кездеседі. Олардың кең тараған түрлеріне тоқталайық. Психофизиологиялық кедергілер - ересек адамның білім алу қабілеттілігіне байланысты ішкі кедергілер. 40 жастан асқан адамды қоршаған ортадан түсетін мәліметтердің вариативтілігі, дискреттілігі алаңдатады. Оның алдынан мектеп қабырғасынан таныс оқуға үйрену міндеті туындайды. Бүгінгі таңда компьютерлік техниканың көмегімен ақпараттық ортада жұмыс істеуге үйрену үшін ересек адам желілік субъектінің құрамында ақпараттық қарым-қатынастың дистанциялық, интерактивтік түрлерін меңгеруі қажет. Алайда ересектердің оқуында үлкен үзіліс болған жағдайда психикалық функциялардың (ес, ойлау, зейін) төмендеуіне сәйкес оны жас кезеңіне тән тұрақты жай-күй деп бағалау практикада жиі кездеседі. Атақты тұлғалардың акмеологиялық шарықтауын сипаттайтын хрестоматиялық фактілер осы мәселені оптимистік тұрғыдан бағалауға мүмкіндік береді. Л.Толстой 82 жасқа дейін, И.П.Павлов 87 жасқа дейін, Б. Шоу 94 жасқа дейін шығармашылық жұмыстарын тоқтатпағаны белгілі. А.Страдивари ең соңғы скрипкасын 92 жасында жасады. 99 жыл өмір сүрген Жамбыл Жабаевтың қазақ өнеріндегі жолы ұзақ та ұлағатты болған. Абайдан соңғы ең көрнекті тұлға атанған Шәкәрім Құдайбердиев 71 жасында Нартайлақ-Айсұлу поэмасын жазған болатын. Атақты тұлғалардың өмірге деген құштарлығы жалпыға ортақ тенденция бола алады. Ересектердің жас ерекшеліктерін анықтауға бағытталған зерттеулердің (Б.Г. Ананьев, Е.И. Степанова, А.И. Канатов т.б.) негізінде ересек адамдардың өз білімдерін жетілдіру мүмкіндіктеріне көзқарастары өзгерген кезде, олардың оқытылым әлеуеті жоғарылайды деген қорытындыға келеміз. Әлеуметтік-психологиялық кедергілер ескі педагогикалық парадигмадағы кейбір ұнамсыз жағдайлардың ересек адамның жадында сақталуымен байланысты. Көптеген ересек адамдар өздерін оқушы рөлінде жайсыз сезінеді. Әсіресе басшылар қалыптасқан кәсіби мәртебесін оқушы рөліне алмастырғысы келмейді. Әлеуметтік кедергілер өзінің білім алу әрекетін тұрмыстық, кәсіби факторлармен, сонымен бірге уақытпен, арақашықтықпен және қаржы жағдайымен байланыстыруымен туындайды. Психологиялық-педагогикалық кедергілер қазіргі заман адамында ғұмыр бойы білім алуға бағыттылығының толық қалыптаспауымен байланысты. Үздіксіз білім алуға адамның өзі туралы, өзінің қабілеті, ақпаратты қабылдау, меңгеру ерекшелігі, ақпараттық қажеттілігі туралы білімінің болмауы кедергі келтіреді.
Ересек оқушы ұғымын анықтауға байланысты қарастырылған (Ю.Н. Кулюткин, М.Т. Громкова, С.И. Змеев, В.И. Подобед және т.б.) әр түрлі пайымдауларды талдап, дамыта отырып, біз зерттеуімізде психологиялық, әлеуметтік, рухани жетілген, өзін-өзі танитын, өзін-өзі басқара алатын, білім алу қажеттілігі саналы түрде қалыптасқан, өзінің кез келген іс-әрекетіне, соның ішінде білім алуына жауапты болу үшін жеткілікті өмірлік тәжірибесі бар, сана-сезімі дамыған 18, 20 жастан асқан кез келген адам ересек оқушы бола алады деген тұжырым жасаймыз.

ІІ Бөлім. Ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас
Ересектерді оқытуды тұлғалық іс-әрекет тұрғысынан қарастыру (А.А. Леонтьев, С.Л. Рубинштейн, И.А.Зимняя, П.Я. Гальперин, т.б) оқу-танымдық әрекетті ізгілендіруді, ересек адам болып табылатын педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің әрекеттесу схемасының өзгеруін білдіреді. Қазіргі педагогикалық зерттеулерде (Н.Д.Хмель, А.А. Бейсенбаева, Н.Н.Хан, Б.Ы.Мұқанова, т.б.) екіжақтылық коммуникативтік сипаттамасы болып табылатын тұтас педагогикалық үдерісте субъект-субъектілік қатынастар жүзеге асуы тиіс екендігі дәлелдене түседі. Осы зерттеулерге және басқа көптеген ғалымдардың (Г.А. Ковалев, Л.А. Петровская, Б.Ф. Ломов, В.Н. Мясищев) зерттеулеріндегі ой-толғаулар мен тұжырымдарға сүйене отырып, біз ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас барысында қалыптасатын серіктестікті педагогикалық қарым-қатынас субъектілерінің шығармашылық әрекеттесуінің түрі ретінде қарастырамыз. Тұтас педагогикалық үдерістің (З.Ж. Жанабаев, М.С. Молдабекова), өзара қатынас мәселесінің (Р.Г. Баранцев, Е.Н.Князева, М.А. Весна, т.б.) синергетикалық тұрғыдан қарастырылуы педагогикалық қарым-қатынастың оқыту үдерісінің нәтижелілігін арттыруға ықпалын тигізер мүмкіндіктерімен, тәрбиелік, дамытушылық функцияларымен тығыз байланысты шығармашылық әлеуетінің зор екендігін дәлелдей түседі.
Жеке тұлғаның жан-жақты дамуы психологиялық (Қ.Б. Жарықбаев, Д.Б. Эльконин, т.б.), педагогикалық (А.Г. Асломов, Б.Б. Коссов) тұрғыдан, халықтың тәлім-тәрбиесі аясында (Р.К. Төлеубекова, С.А. Ұзақбаева, т.б.) қарастырылған. Психология мен педагогика үшін негізгі болып табылатын оқыту мен дамыту мәселесі ересек адамның дамуымен байланысты болғандықтан, ересектерге қосымша білім беру контекстінде жаңа мағынаға ие болады. Жетілудің шыңы - АКМЕ - ересек адамды жоғары кәсіби, тұлғалық және әлеуметтік табыстарға жеткізетін прогрессивті жолмен дамуының белгілі бір кезеңін көрсетеді. Демек, ересектерге қосымша білім берудің негізінде жатқан идея - тұлғаның ішкі ресурстарын іске қоса отырып, өміртіршілігінің барлық кезеңдерінде үздіксіз дамуы.
Педагогикалық қарым-қатынас субъектілері - жетілген ересек адамдардың жоғарыда қарастырылған жас, тұлғалық ерекшеліктерімен, өмірлік тәжірибесімен, ұстанымдарымен сәйкес ерекше сипатқа ие педагогикалық қарым-қатынасты ұйымдастыру міндеті оқытушының кәсіби, әлеуметтік, психологиялық мәдениетінің жоғары болуын ғана емес, тұлғалық кемелденуін де талап етеді. Бұл ересектердің оқытушысының педагогикадағы әрекетінің міндеттері жағынан өзгеше, жаңа мамандық иесі екенін көрсетеді. Андрагогтың құзыреттілігін дамыту мәселесі (М. Малевски, В. Дрофа, Б.А. Тұрғынбаева, Г.Ж. Даулетбаева) қарастырылған теориялық және тәжірибелік зерттеулерге жасалған талдау ересектердің оқытушысы - андрагог педагогикалық қарым-қатынастың ұйымдастырушысы (фасилитаторы) рөліне ие болуға ғана емес, жаңа тәжірибе жинап, өзінің субъектілік даму мәселесін шешуге мүмкіндігі бар педагогикалық қарым-қатынас субъектісі болып табылады деген тұжырым жасауымызға мүмкіндік береді.
Педагогикалық, психологиялық зерттеулерде (В.А.Кан-Калик, Г.А. Ковалев т.б.) педагогикалық қарым-қатынас тұлғаның қалыптасуы онсыз жүзеге аспайтын тұтас категория ретінде қарастырылады Ғалымдардың пікірлерімен келісе отырып, біз қосымша білім беру жүйесіндегі ересектер арасындағы педагогикалық қарым-қатынас - мазмұны ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚ ТІЛІН ЖЕДЕЛДЕТЕ ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
ШЕТЕЛ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИНГВОЕЛТАНУЛЫҚ БІЛІКТІЛІКТЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Қазақ тілін мәдениеттаным бағытында оқытудың әдістемесінің ғылыми негіздері
Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнін оқытудың әдістері
Оқушылардың жазбаша сөйлеу тілін дамыту
ҰЛТТЫҚ МЕКТЕПТЕРДЕ ҚАЗАҚ ТІЛІН ЕКІНШІ ТІЛ РЕТІНДЕ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ МЕН ӘДІСТЕРІ
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДЫҢ ПРИНЦИПТЕРІ
Сандық интерактивтік мультимедиалық білім беру қорлары
Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін үйрету жолдары
ҚАЗАҚ МЕКТЕБІНІҢ 5-6-СЫНЫПТАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ТІЛІ ОҚУЛЫҒЫНЫҢ ЛИНГВОДИДАКТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер