Фильм. Фильмді басынан аяғына дейін түсіру кезеңдеріне толық сипаттама


Кіріспе
Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі мен Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» студиясының қолдауымен қолға алынған фильм кинорежиссер, продюсер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сламбек Тәуекелдің режиссерлігімен түсірілді. Киноның сценариін Сламбек Тәуекел мен Лаврентий Сон жазған. Негізінен өткен ғасырдың 30-жылдарындағы кәрістердің Қаратал өңіріне қоныстануын өзек ете отырып, неміс, чешен, күрд, тағы басқа да этнос өкілдерінің өңірімізге қалай келіп, орныққанынан сыр шертетін туындының негізгі қаңқасы Лаврентий Сонның бала шақтағы көрген-білгені мен басынан кешіргендеріне сай құрылғанын айта кеткен жөн. Сондықтан фильмнің оқиға желісі шынайы әрі жанды, көрерменін терең ойға жетелеп, санасына терең бойлай алады. Сценариі үш айда жазылып біткен фильм 2009 жылғы қарашадан 2010 жылдың қараша айына дейін Қаратал өзенінің бойында түсірілді. Түсірілім тобы оқиғаның шынайы, нанымды болуын назарда ұстап, ондағы барлық керек-жарақтарды сол кездегі жағдаймен сәйкестендіруге көп күш жұмсаған. Мұражайлар мен тұрғындардың қолында сақталған жәдігерлерді керекке жаратқан. Тіпті, көнекөз қариялардың кеңесін де тыңдап отырған. Осындай қатаң талап фильмдегі ролдерді сомдайтын актерлерді таңдау барысында да ескерілген. Нәтижесінде Болат Әбділманов, Назгүл Қарабалина, Сергей Петров, Ержан Нұрымбетов, Бағлан Әбдірайымов, Эдуард Пак, Тамара Қонысбаева, Алтынай Нүкербекова, Тілектес Мейрамов, Меңтай Өтепбергенова, Алексей Шемес өздеріне жүктелген міндетін жоғары деңгейде орындап, фильмнің сәтті шығуына үлес қосты. Енді бір жағынан, фильмнің сәтті шығуы бұған дейін «Батыр Баян», «Махамбет» кинофильмдері мен көптеген деректі фильмі арқылы жұрттың ықыласына бөленген режиссер Сламбек Тілеуқабылұлының да мол тәжірибесінің жемісі. Әсіресе, «Ақжол» ұжымшарының төрағасы Орынбай Берсүгіровтің (ролде Болат Әбділманов) төңірегінде өрбитін оқиға желісі кеңпейілділікті, меймандостықты, тіпті адамдар арасындағы алауыздық пен қызғаншақтықты өзек ете отырып өрбиді. Көңілді босатып, көзге жас алдыратын, қуана қол шапалақтайтын тұстары жетерлік.
I. Сценарий жазу кезеңі
1. 1. Сценарийді дайындау «Жерұйық»Жанры: тарихи драма, режиссері: Сламбек Тәуекел Көркем фильм сценариінің синопсисі Авторлары: Лаврентий Сон, Сламбек ТАУЕКЕЛКезінде ұлы империяның қолжетпес қағажу шеті болған көпұлтты Қазақстанға «халықтардың дана атасы» атанған қою мұртты Бас Хатшы «сенімнен шыққан» халықтарды ешбір себепсіз көшіруге, анығын айтқанда, жер аударуға өте зор құмарлық танытты. Логикасы баланың ой деңгейінен аса қоймайтын бұл шешімдердің астары да сондай қарапайым еді - шексіз даланың төсінде сепаратизм, не болмаса империяға қарсы ұйымдастырылған бүліктер мен ұлтаралық қақтығыстарды реттеу (басып тастау) қиындық туғызбайды деп ойластырылған еді. Бұл көшіру шараларын іске асыру барысында асқан айуандық пен қатыгездік жасалынды. Тек рухы мықтылар мен тәні шыдамдылар ғана жан сақтай алды. Шойын жолдардың екі жақ қапталы өлген адамдардың жерленбеген мәйіттерінің үйінділеріне толып ит-құстың болашақ жеміне айналды.
Жыртық-тесік вагондар Жәбреиіл періштенің жан алатын жылжымалы зертханасына айналды. Бұл жалғанда жақсылық көре алмағандарды да тура тамұққа апаратын жол сияқтанды…
…Тағдыр талайдың сызуы солай болса керек көшіп келгендер де, оларды қарсы алған жергілікті халық өкілдері де бір-біріне табиғи Адами қасиеттердің шынайы үлгісін көрсете білді…
Бірақ бұндай жоғары гуманистік нәтижеге жетудің жолы тар да, тайғақ та еді. Міне осы сынақтың қорытындысы - бүгінгі күні бізде орын алған ұлтаралық келісімділік пен татулықтың негізіне, фундаментіне айналды. Әр халық өзін өзі қалай ұлықтаса, өзге халық та оның болмысынан осы ұлылықтың ізгі бейнесін байқай білуі керек. Керісінше де дәл солай. Өзіңді қалай жақсы көрсең басқаны да солай бағала деген ұлы қағиданың айқын көрінісі емей не?!
Ізгілікті ұлықтау, жақсылықты жарату жеке ұлттың игілікті ісі ғана емес, жалпы адамзатқа тән қасиет - осы туралы болашақ иелеріне - жас ұрпаққа ұғым «себу» біздің міндет. 1937 жылдың қоңыр күзі бітіп, қыстың алғашқы ызғарлы күндерінде тірі жан дірдек қағып тоңа бастаған шақта Талдықорған облысының Қаратал ауданының қар басқан көкжиегінен келе жатқан паравоздың мұңды үнімен бірге түтіні аспанда ұзын қара із қалдырып келе жатқаны көрінді. Шойын жолдың тупигіне жақындаған сайын алыс жолдың қалың қырауы басқан жүк таситын эшелонның түр сипаты айқындала түсті. Вагон терезелерінің дем жылуынан теңбіл-теңбіл боп еріген кейбір көзшелерінен кейбір көшірілгендердің үрей билеген беттері көрінді. Поезд тоқтасымен оның ұзын бойын бойлап қарулы күзет қызметінің адамдары сап құрып тұра қалды.
Таң шапағы әлі көкжиектен көріне қоймаған шақта вагондардан қар басқан далаға қолдарыңда байлаулы жүктері, тұрмысқа қажет мүлік заттары, күріш салынған қапшық асынған адамдар лап қойды. Қимылдың бәрі үнсіз тыныштықтың аясында өтуі, адамдардың қорқыныш құрсауына түсіп, шарасыздыққа әбден көнгендіктерін байқатады.
Жүк поезы қыс ұйқысынан оянған аюдай асықпай орнынан қозғала беріп еді жаңағы жұрт қайтадан вагондардан орын алу үмітімен оның соңына ұмтылды, бірақ қарулы күзет есі шыққан адамдарды тез тәртіпке келтірді . . .
Орынбай ақсақалдың отбасына НКВД-ның өкілі Жылқыбай келіп келеткіндерді кісіжегіштер деп, олармен қарым-қатынас жасауға болмайтынын ескертті.
- Сонда кісіжегіштерің көп пе?
Сценарий (итал. сценаріо, лат. сцена, сцаена - сахна) - кинофильмнің, теледидар қойылымының композициялық негізі.
Сценарийде драматургия мен проза тәсілдері қабат игеріледі. Сценарий экрандық қойылым үшін жазылып, образдық жүйе экранда бейнелегенде ғана тәмамдалған, толыққанды сипатқа ие болады. Сценарий сөз өнері жанры ретінде ХХ ғасырда дамыды. Ол кино және теледидар сценарийі болып бөлінеді. Киносценарий ХХ ғасырдың 20-жылдарында қалыптаса бастады. Алғаш ол мылқау фильмдердегі оқиғалар желісін тізбелеу қызметін атқарған. Кейін кинодраматургияның эстетикалық, шығармалық принциптері түзіліп, әдеби драмалық тұрпаты анықтала түсті. Киносценарий орындалу техникасына, жүзеге асырылу кезеңдеріне, құрылымына байланысты синтетикалық және ұжымдық шығарма болып табылады. Мұнда сөз, музыка, бейнелеу өнерлерінің жанрлық элементтері біріккен. Сценарий жүзеге асу барысында оператор, режиссер, актерлер қатынасады да, сюжеттің бастапқы драматургиялық сипаты күрделілене түседі. Сценарийде автор сөзінің (кадр сыртындағы дауыс), төл сөздің (диалог, монолог), ремарканың (суреттеу, тәптіштеу), әр алуан түсініктемелердің тұтастығы қатаң ескеріледі.
Әрбір адам тақырыпты таңдағанда белгілі бір көкейінде жүрген идеяны, яғни бір проблемаға қызығушылығымен оны дамыту және жетілдірумен анықталады. Әр бір жобаны бастамас бұрын, жобаны құрастырушы алдымен фильмнің қандай, қай бағытта, оның тақырыбы мен идеясы туралы ойлану шарт. Себебі фильмнің идеясы, жобаның ары қарай қай бағытта және қандай жанр бойынша өрбитінін айқындайды. Ал ол болса, сценарийдің ең басты көрінісі деп айтатын болсақ қателеспейміз.
Жалпы, «фильмнің идеясы мен оның тақырыбын қалай талдап алу керек?» деген сұраққа жауап беретін болсақ. Әрине ол әр бір адамның талғамы мен талдауына байланысты болмақ. Алайда егер фильмді, алдымен көрермендерге жасайтынын ескере отырып, ол тек көру ғана емес, сонымен қатар тәлім тәрбие беретін құрал екенін ұмытпағанымыз жөн. Сонымен қатар, ол көрермендерді өзіне тартатын, басқа жобалардан өзіндік ерекшелігі бар фильм болуы да тиіс. Ал, менің таңдауым көркем фильм болмақ.
Сонымен фильм түсіру туралы мемлекет тапсырысымен танысып, онымен келістіңіз немесе сіздің фильм жасау жөніндегі ұсынысыңыз қабылданды делік. Енді фильмнің мақсатын, міндетін және оны түсіріп болғаннан кейін көрсетілер аудиторияны да көз алдымызға елестете аламыз. Шартқа қол қойылды, уақыт белгіленді, енді іске кірісу қажет. Келесі жұмыс тақырыпты мұқият зерттеуге арналады. Зерттеуші ретінде жақсы сценаристің жағдай талғап жатпайтын қасиетін, ғылымға ден қойған ғалымның әрбір детальға зер салатын әдетін бойға сіңіріп, бақылаушы, сарапшы, ғалым, стенаграфист те бола алуымыз міндет.
Бірнеше тәуліктің, болмаса бір айдың ішінде осыған дейін өзіңіз түпкілікті білмеген тың тақырыптың сарапшысы болып үлгерген жөн. Мұның өзі газет-журналға жаза салатын мақала секілді көрінгенімен сөз бен бейнені қаз-қатар жымдастырып реттеу, сенімді бейнелеу, сюжетке қажетті құжаттарды табу, бұл ерекше еңбекті талап ететін шығармашылық еңбек екеніне куә боласыз. Әдетте, зерттеу бағытын фильмнің идеясы, тақырыптары айқындайды. Сонымен, фильм идеясы әр түрлі жағдайларда пайда болуы мүмкін. Ол автордың өз өмірінен алынған үзінді, немесе тарихи оқиғаның бір көрінісі болуы мүмкін. Белгілі бір көрермен жасына тоқтала отырып, ойдағы идеяның, алдағы уақытта қалай өрбитінінің жолын айқындатады. Келесі қадам, бұл, көреремендер мен автордың идеясы, қандай жанр бойынша өрбитіні туралы болмақ.
Тақырыпты игеру үшін не істеу керек? Фильмді қалай жасамақпыз? Демеушілермен алғашқы кездесуде-ақ бұл сауал көсе көлденең тұрады. Фильмді түсірем деген ниет табанды болса, әуел бастан-ақ оның тақырыбынан болашақ жұмысымызға керекті тетікті табуға тырысу керек.
Жағдайдың не кейіпкер мінез-құлқының фильмді түсіру қарсаңында күрт өзгеруі. Бұлардан басқа да фильмнің басталу алдында ойламаған жерден туындайтын жайлар көп. Дегенмен, жоғарыдағы 4 мәселе - туындыны сәтті ұйымдастыру арқауы. Үлкен жобалармен жұмыс үстінде тақырыптың шешіміне қатысты бір байламға келмес бұрын алдын-ала оны зерделеп, ыждағатпен зерттеу артықтық етпейді.
Тақырыпты зерттеуді 3 кезеңге бөлуге болады:
-Баспасөзде жарияланған туындыларды тақырыпқа қатысты тарауға бөліп зерттеу.
-Мұрағаттардағы бейне және фотоматериалдар мен ақпараттық жаңалықтарға көрсетілген сюжеттерді мұқият қарау, қажеттісін сатып алу.
-Тақырыпты жіті білетін мамандармен пікір алмасу. Осы орайда айтпағымыз, фильмге автор, режиссер болудан гөрі, көбінесе продюсерлік бағытта қызмет атқаруға тура келетіндіктен осы жолдар авторы тікелей қатысқан фильмге -диктор мәтінін әзірлеу, оны құлақпен естумен қатар, соның сұлбасын көзбен көру үшін осы мәселелерді қол, а алу керек.
Фильм сценарийін жазу үшін тақырыпты түпкілікті білу -заңдылық. Сонда ғана экранда көрсетілмек жайларға қосымша дәлелдер қосып, тосын айғақ айтып, соны сараптамалық өлшемдер арқылы баяндап, фильмнің эмоциялық ахуал-ауанын ашуға болады. Тақырыптың «сыр сандығын» жүрегіңізбен сезіп, «қыл қобызын» дөп баса алсаңыз-мәтін әсерлі. Ең керегі мірдің оғындай етіп айта алсаңыз, фильм тынысын көрермен өзіңіздей қабылдамақ.
Сценарий - бұл кейіпкерлердің бейнесі мен олардың іс-қимылы, диалогтары, оқиғалары, орны бар фильмнің жазба жобасы. Сценарий - мағыналы кесінділерден, яғни эпизодтардан құралған фильм сюжеті. Оның әрқайсысының өзінің нөмірі бар және белгіленген орны мен уақытынан басталады. Сценарийдің осындай форматы актерлер мен түсіру тобының барынша ыңғайлы оқытылуын қамтамасыз етеді.
Сценарий, көрермен нені экранда көреді, соны суреттейді, міне сондықтан да қазіргі шақты қолданады. Тіпті кейіпкерлердің еске алатын жерлерінің өзі де қазіргі уақытта өтіп жатқанға ұқсайды. Сценарийде фильм оқиғалары белгілі бір қатармен өрбиді. Сценарийдің міндеті - оларды диалогтар арқылы әңгімелеу емес, қозғалыс пен көру бейнесінде көрсету. Қайталап жазу - сценарийді жазу кезіндегі үдерістің маңызды бөлігі.
Автор өте көп нобайлар мен шимайжазбаларды жиі істейді. Сценарий жазу уақытысында кейіпкерлердің диалогтары мен қозғалысы, орны бірнеше рет өзгеруі мүмкін. Сценарист үшін классикалық бейнелерді бірнеше рет қайталап оқу аяқталған сценарийдің қандай екенін түсінуде өте маңызды. Неғұрлым көп оқысаң, солғұрлым тілге икемделесің және біртіндеп өз стиліңді табасың. Драмада актерлердің сөзіндегі диалогтардан басқа ауызша (вербальной) берілетін ақпараттың үш тәсілі бар:
Бірінші - титрлар, яғни кірісін беретін ақпарат экранда жазылған сөздер. Екінші- басты кейіпкерлердің біреуі көрерменге оның мінезі мен ойы түсінікті болу үшін фильм бойынша кадр сыртында түсіндірме беріп отырады. Үшінші - кейіпкерлердің тура көрерменге камера арқылы монологы. Бұл әдіс «төртінші қабырғаның құлауы» деп аталады, өйткені кино кеңістігінің тұтастығы бұзылады.
Продюсер адамдардың психологиясын тани біліп, бас кейіпкерлердің ең күрделі қарым-қатынастарын құрастыра біліп, акценттерді дұрыс қоя біліп, бастыны екінші кезектегіден ажырата білуі қажет. Осындай қасиеттерсіз ол соңғы нәтижені дұрыс болжап біле алмайды. Ойын жүзеге асыру үшін кімнің керек екендігін анықтай алмай қалады.
Сондықтан кино-бейне индустрияда продюсердің алатын орны ерекше. Кез келген жоба ол суперстудия ма, не болмаса белгілі бір компания ма, оның негізін салушы, яғни ынталандырушысы продюсер болып табылады.
Киноөнімін өндіретін компаниялар басты назарларын өндіріске аударып, жобаның ең бірінші, бастапқы кезеңін назарға алмайтындығы мәлім. Бастапқы дайындық кезеңі болашақ тапсырыс берушілермен келісім-шарттар, кастинг, қаржыландыру мәселесі, дайындық кезеңі сияқты мәселелерді қамтиды. Продюсер және оның тобының сәтті нәтижеге жетуі осы кезеңге байланысты.
«Продюсер» сөзінің астарында нені ұғуға болады? Мәселен, титрларда әртүрлі жағдайдағы әртүрлі адамдар аталына алады, ал өмірде олар авторлармен, режиссерлармен, редактормен және т. б. жұмыс істейтін адамдар. Қазір продюсер мамандығы модаға айналды, енді бұл сөздің өзі нақты өзінің мамандығының мағынасына сай келмейді. Өнім өндірудегі продюсердің терең білімі мен мол тәжірибиесі - оның басты қасиеті. Біріншісі - кәсіпкерлік шығармашылық, оған: авторлыққа, режиссураға, музыкаға және осыған байланысты басқа да мәселелер болса, екіншісіне - ұйымдастырушылық пен каржы мәселесі кіреді.
Продюсер бұл біліктіліктің келесі бір баспалдағы сияқты. Міне, сондықтан да жоғары оқу орнын бітірген соң, дипломында бұл мамандық көрсетілсе де продюсер болу мүмкін емес. Бұл мамандықта табысқа жету үшін жауапкершілікті өз мойнына алатындайға үйрену керек. Ал бұл үшін практикалық, кәсіби және адами тәжірибелер болу қажет.
Продюсер практика барысында киноөндірісіндегі барлық мамандықтарды түсіне білу қажет, яғни жан - жақты болу керек. Экранның тек техникалық жағын ғана емес, сонымен қатар сценарийдің қалай жазылу керек екенін, музыканың шығарылуын, жарықтар мен әр түрлі өрістерде және қандай ракурстарда қалай түсіру керек екенін білу кажет. Бұлардың бәрін институтта оқып жүргенде бірдей игере алу мүмкін емес.
Девелопмент - жобаны әзірлеу, сценарийді, кастинг элементтерін, суретшілердің нобайлық шешімдерін, өндірістің қысқаша технологиялық бейнесін, экономикалық параметрін және жобаның өндіріске жіберілуіне керекті жобаның толық тізімдемесін құрайды.
Продюсердің технологияны, бюджетті жақсы білуі керек, өйткені фильмнің бүкіл экономикасы соған байланысты. Бұл "құжаттар қоржыны" немесе продюсерлер атайтындай "қойылым жобасы" деп аталады. Қаржыгерлерге немесе жобаға мүдделі адамдарға бұдан қандай фильм шығатынын дәлелдейтін толық мазмұнды қоржын болу керек. Бұлсыз ешқандай жоба өндіріске жіберілмейді.
Қойылымдық жоба дегеніміз - қаржыландыратын ұйымға немесе инвесторға ұсынатын құжаттардың жиынтығы. Қойылымы күрделі жобаға: сценарий, жобаға қатысушылардың резюмесі, синопсис, бюджет, актерлердің фото және бейне байқауы, режиссерлық сценарий, кадрлау, сахналық сәндеме нобайлары, бекітілген табиғат жерінің суреттері, операторлық және жарық түсіру аппараттарының тізімі, фильмге арналып жазылған өлеңдер және әндер саны, ұйымдардың, компаниялардың, фильмнің прокатымен айналысатындардың, телекомпаниялардың және қаржылық серіктестердің кепілдігін растайтын құжаттар, продюсердің сценарийге құқығын растайтын құжаттар кіреді.
Кинопродюсер ең біріншіден, кино нарығын, оның заңдары мен болып жатқан процестерін, ең негізгісі - көрермендердің талғамы мен қажеттілігін болжап, талдай білуі қажет. Міндетті түрде сол тауардың бұл нарықта қандай бағамен және қалай, немесе кімге сату ықтимал екенін білу қажет. Өз тауарын сатып, және одан белгілі бір пайда түсіру жолында продюсер еркін нарықтық экономика жағдайында барлық бизнесте кездесетіндей басқалармен экономикалық жарысқа немесе бәсекеге түседі.
1. 2 Режиссерді таңдау
Продюсерге бәрі маңызды, бәрі қажет: сценарийдің жаңалығы (түпнұсқасы), актер таланты, оператор класы, суретші шеберлігі, тақырып өзектілігі, қаржының жеткіліктігі, жанр сұраныстығы. Бірақ продюсер режиссер таңдауда қателік жіберсе, онда өнердің нағыз шығармасы ешқашан шықпайды.
Болашақ фильмнің сапасы режиссерге байланысты, оның рөлін баға жетпес деп айтуға болады. Режиссерді таңдау кездейсоқ болмауы керек. Сценарий түсіру тобына түгелімен ұнаса да, продюсердің режиссермен кездесуі сценарийді өзгерту талабынан басталады, бірден талас-тартыстың пайда болуына себеп табылады.
Продюсер дипломат болуы керек. Бір-бірімен келіспеушіліктен, түсінбеушіліктен қаншама жақсы идеялар мен фильмдер болмасқа кетті. Талас-тартысқа асықпаған абзал, алдымен өзгертуге келісім беру керек. Өйткені режиссер сценарийді әлдеқайда жақсы жасауы да мүмкін ғой. Ешкімге бергісіз дебютант Андрей Тарковский, басқа бір режиссердің орнына тағайындалып, «Иванова детство» деген фильмді аяқтау үшін сценарийді өзгертуден бастаған.
Дәл осылай режиссер Френсиз Коппола «Крестный отец» фильмін қою үшін шақырылғанда, сценарийді қайта жазудан бастаған. Режиссерді таңдау кезінде, продюсер өте қиын қарама-қайшылықтарға тап болады. Ол шеберді іздейді, атақты режиссерді таңдайды, бірақ оның кәсіби дәрежесі жоғары болған сайын, ол еркіндікті де қажет етеді.
Сондықтан продюсер шығармашылық үрдісте өзінің табиғи талабын амалсыз шектеуі қажет. Басқаларына қарағанда режиссердің көркемдік нәтижелерінің тұрақтылығына продюсер ерекше көңіл аударады. Сондықтан продюсер режиссердің алғашқы жетістігіне мұқият қарайды. Тырнақалды шығармасының жолы болып кетсе де, «ол - шығармашылықтың адамы ма, бір фильмнің режиссері ме, немесе болашақ нағыз суреткер ме?»- деген сұрақтар туады. Есеп бойынша екінші жасалған шығарма «ерекше орын алады» деп саналады екен, өйткені ол автордың кім екенін айнадай ашып береді.
Кәсіби продюсер фильмге сәйкес режиссер керек екенін түсініп, оны таңдағанда аса ұқыптылықпен қарайды. Оның «атағы» мен жеке қабілеттілігін, нақты жанрдағы тәжірибесін ескере отырып, бөлінген қаржы және мерзімге үлгеретіндігі есте болуы керек.
Кино тәжірибесі бойынша киножоба көбінесе белгілі бір режиссерге арналады, егер олай болмаса, режиссер әдеби сценарий жазу кезінде шақырылады. Келісім-шартты продюсер жасай отырып, режиссерге жұмыстағы ұқыпсыздықты, әсіресе ақшаның артық жұмсалуын, түсіру кезеңінің ұзақтығын, таспаның және жұмыс сағаты шығындарының жұмсалуын қатаң тәртіпке салып, алдын-ала ескертіп өзін сақтандыруға тырысады.
Продюсер режиссерден материалдық жауапкершілік үшін оның келісімін алуға күш салса, ал режиссер әрқашан да ешнәрсеге жауап бергісі келмейді. Бұдан қалай шығуға болады? Тым қатаң келісім-шарт жасау сирек жағдайда ғана дұрыс болар, бірақ ол әрқашанда ойдағыдай деп айтуға болмайды. Тәжірибе бойынша келісім-шарт ақылға сыйымды талаптарға сәйкес болғанда ғана орындалады. Жұмыстың жақсы жүруінің басты кепілдігі - режиссердің кәсіби деңгейін жақсы білу. Ол келісім-шарттың қатаң тармақтарымен анықталмайды.
Кәсіби продюсер шығармашылық жұмыста жалпыға бірдей ереже болмайтынын жақсы түсінеді, сондықтан болар, бір фильм өндірісіндегі жақсы көрсеткіштер басқа фильмде мүлде қарама-қарсы болуы мүмкін.
Келісім-шарт бойынша әртүрлі мәселелерді шешкеннен кейін режиссер сценарийді мәреге қарай жақындатуға толығымен қатысады. Сценарий дайын болған соң келесі кезеңге өтеді.
1. 3 Бизнес - жоспарды жасау және инвесторды іздеу
Қандай да болмасын жобаны қаржыландыруын қамтамасыз ету үшін оны инвесторға «әдемі» көрсете білу керек. Бұл продюсерге өте күрделі міндет ! Бәрі бизнес-жоспарды құрудан басталады. Іскерлікпен жасалған бизнес-жоспар продюсерге инвестордың салынған ақшасын жоғалтпай, пайдамен қайтатынын сендіру үшін көмек етеді. Бизнес-жоспар ақшаны іздеу үшін жасалып, оны қайтару мүмкіндігін көрсететін жалғыз құжат. Сондықтан оны қолдайтын әдістер мен тәсілдер нақты көрсетілуі керек.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz