Біріккен Араб Әмірліктеріндегі туризм


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
- БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ. . . 51. 1 Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасы . . . 51. 2 Туризм дамуының алғышарттары . . . 8
2 . БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ . . . 11
2. 1 Абу-Даби әмірлігі . . . 11
2. 2 Дубай әмірлігі . . . 14
2. 3 Қонақ үйлер . . . 20
3 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ САУЫҚТЫРУ
ТҮРЛЕРІ . . . 27
3. 1 Түйе жарысы . . . 27
3. 2 Шөлдегі сафари . . . 27
3. 3 Атқыштар клубы . . . 29
3. 4 Шаңғы тебу . . . 29
Қорытынды . . . 30
Пайданылған әдебиеттер . . . 31
КІРІСПЕ
Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ), әл-Әмирәт әл-Араби әл-Муттахида - Азиядағы Парсы шығанағының оңтүстік жағалауын алып жатқан, Аравия түбегінің шығыс жағалауындағы жеті тәуелсіз мемлекеттердің федерациясы. Федерацияға Абу-Даби (Абу-Забу), Аджман, Дубай, Рас-эль-Хайма, Умм-эль-Кайвайн, Шарджа, Эль-Фуджайра әмірліктері кіреді. Мемлекет солтүстігінде Катармен, батысы мен оңтүстігінде Сауд Аравиясымен, шығысында Оманмен шектеседі. Солтүстігін Парсы Шығанағы, ал шығысын Оман шығанағы шайып өтеді. Жалпы көлемі 83600 км кв, халқы 2, 6 млн. адам.
Біріккен Араб Әмірліктерінің жері Парсы шығанағының оңтүстік жағалауымен 600 шақырымға созылып жатыр. БАӘ территориясының көп бөлігін шөл алып жатыр. Эль-Удайд шығанағынан шығысқа қарай құмдар, жағалауды бойлай жазық, өнім бермейтін сорлар орналасқан. Елдің шығысында Хаджар тауы (1127 м) етегі, батысында тасты шөл алып жатыр. Жағалау кішігірім айлақтармен тарамдалған және көлемі кіші аралдар мен таяз суда көрініп тұратын маржан рифтері көмкерген. Солтүстік-шығысында биіктігі орташа таулар орналасқан. Елдің ең биік нүктесі - Йибир (1934 м) тауы.
Климаты құрғақ, тропиктік климаттан субтропиктікке ауыспалы. Елдің шығысындағы Эль-Фуджейра әмірлігі басқалармен салыстырғанда қатты ыстық емес, ылғалды. Орташа айлық температура 20-35˚С аралығында (максималды температура 50 ˚С жетеді), қаңтар айында ауа-райының орташа температурасы 20˚С шамасында. Жылдық орташа жауын-шашын мөлшері шамамен 100 мм. Таулы аудандарда 300-400 мм. Әдетте жауын-шашын қыс мезгілінде түседі және ұзақтығы жылына 7-10 күннен аспайды.
Тұрақты өзендері жоқ. Оазистерде жүзім, құрма ағашы, манго, банан, лимон, темекі өсіріледі.
Халқы: арабтар (42 %), ирандықтар, пакистандықтар, үнділер.
Тілі: араб (мемлекеттік), ағылшын.
Діні: мұсылман (80 %, соның ішінде шииттер - 16 %, қалғандары сунниттер), христиан, индуизм.
Астанасы: Абу-Даби (398 мың адам) . Ірі қаласы: Бубай (1, 4 миллион адам) .
Ақша бірлігі: дирхам
Негізгі порттар: Аджман, Эль-Фуджайра, Дас аралы, Мина-Джабал-Али, Мина-Рашид, Мина-Халид, Мина-Сакр, Мина-Заид, Умм-аль-Кайвайн.
Мемлекеттік құрылымы: БАӘ 1971 жылдың 2 желтоқсанынан бастап біріккен әмірліктердің конфедерациясы болып табылады. Мемлекет басшысы - президент, сонымен қатар әр әмірліктің өз басшысы бар. Федерацияға кіретін әмірліктер өздерінің бірқатар өкілдіктерін сақтап қалған, ол әсіресе экономикалық мәселелерді шешуге байланысты. Елдегі жоғарғы билік әмірліктердің басшыларынан құралған Жоғарғы кеңестің қолында. Кеңестің басшылары болып БАӘ президенті болып табылатын Абу-Дабидің әмірі және вице-президент қызметін атқаратын Дубайдың шейх-басшысы табылады. Жоғарғы кеңеске көмек ретінде үкімет құрылған. БАӘ заң шығарушы органы - тек кеңесу қызметін атқаратын ұлттық Федералды кеңесу ассамблеясы. Оның құрамына Абу-Даби мен Дубайдан 8 өкіл және басқа әмірліктерден 24 өкіл кіреді.
Ұлттық мерекесі: 2 желтоқсан (Федерацияның құрылған күні)
Курстық жұмыстың мақсаты: Біріккен Араб Әмірліктерінің туристік орталықтарымен танысу, елде туристерге ұсынылатын сауықтыру түрлерін қарастыру және қазіргі туризм индустриясының даму жағдайын анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті:
- Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасын беру.
- Туризм даму алғышарттарын қарастыру.
- Құрамындағы жеті әмірлік бойынша туристік орталықтарды таныстыру.
- Туристерге арналған сауықтыру түрлерін қарастырып, олармен танысу.
Бұлар Біріккен Араб Әмірліктерінде демалатын қазақстандық туристер үшін ақпараттар беріп, екі мемлекет арасындағы ынтымақтастықты дамытуға ықпал етеді.
Аталған міндеттерді шешу үшін жұмыста әр түрлі әдебиет көздері пайдаланылды: энциклопедияла, ағымдағы басылымдар, статистикалық мәліметтер, интернет көздері мен жол сілтеуіштер және оқулықтар мен анықтамалық басылымдар.
1 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕГІ ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫ
1. 1 Біріккен Араб Әмірліктерінің жалпы сипаттамасы
Тарихына шолу. Қазіргі БАӘ жерін адам баласы ерте заманнан қоныстанып келеді. Б. з. д. 6 ғасырда бұл жер Ахемен әулетінің қол астына қараса, кейіннен Сасани әулетінің қарамағында болған, ал 7 ғасырдан бастап Араб халифатына біріктірілген. Ислам негізгі де басты дін болып қалыптасты. Бұл өңірде үстемдік жүргізу үшін Иран, Түркия, Оман билеушілері және уаххабшылдар үнемі күрес жүргізіп келді. 18 ғасырда ағылшындық Ост-Үнді компаниясы Парсы шығанағына жүк тасымалдауды өз қолдарына алып, халықты басты өмір сүру көзінен айырғандықтан, жеке-жеке әмірліктерге бөлінген жергілікті араб жұртшылығы мен ағылшындар арасында жиі қақтығыстар болып тұрды. 19 ғасырдың басында Ост-Үнді компаниясы теңіз қарақшыларымен күресеміз деген сылтаумен мұнда әскери экспедиция жібереді. Олар 1820 жылы жеті араб әмірлігінің әмірлері мен шейхтарын Бас келісімшартқа қол қоюға мәжбүрлеп, ақыры осында өз бақылауын орнатады. 1883 жылдан бастап федерациядан құралған мемлекет «келісімді мемлекеттер» немесе Келісімді (шартты) Оман деп аталды. 20 ғасырдың 20 жылдарынан бастап ағылшындарға қарсы ұлт-азаттық қозғалыс өріс алды. 1968 жылы Ұлыбритания лейбористік үкіметінің шешімімен ағылшын әскерлері БАӘ жерінен шығарылған соң, 1971 жылдың 2 жклтоқсанынан бастап толық тәуелсіздігін алып, Біріккен Араб Әмірліктері деп аталды. (сурет-1) 1971 жылдан президент болып сайланған шейх Заид бен Сұлтан әл-Нахайни (Абу Даби билеушісі) әр 5 жыл сайын қайта сайланып келді. 1990 жылдан премьер-министр қызметін Дубай билеушісі шейх Мактум бен Рашид әл-Мактум атқарды. 1994 жылы ел президенті шариғат заңдарын келесідей қылмыс түрлеріне қолдануды іске қосты: адам өлтіру, ұрлық, ерлі зайыптың опасыздығы, есірткілік заттарды қолдану мен сату.
Біріккен Араб Әмірліктері БҰҰ, Дүние жүзілік банктің, ХВФ, ХСҰ, Араб мемлекеттерінің Лигасы, ОПЕК мүшесі болып табылады.
Өнеркәсіп. БАӘ әлемнің ең бай елдерінің бірі, оны тұрғындарының өмір сүру деңгейі бойынша Үлкен жетіліктің мемлекеттерімен салыстыруға болады. Адам басына шаққандағы табыстың мөлшері 18060 долларды құрайды (2000 жылы) .
1966 жылы Абу-Даби мұнай экспорттаушы елдер Ұйымының мүшесіне (ОПЕК) айналды. 1971 жылы мемлекеттің бірігуі болған кезде ұйымдағы мүшелік автоматты түрде БАӘ көшті. Әмірліктер мұнайдың едәуір қорын (13, 7 млрд. т. ) және табиғи газ қорын (5, 6 трлн. м. куб), ірі шетелдік инвестициялық капиталды және шетелде резервтік ақша құралын (20 млрд. доллардан астам) иеленеді. Мемлекет ОПЕК-ке тұтас түрде мүше болғанымен әр әмірліктің әмірі өзіне тиесілі территориядағы мұнайдың экспорты мен өндірілуін дербес жүргізеді. Елдегі мұнайды өндіру өнеркәсібінің көшбасшысы өндіріс дамуының және көршілес мемлекеттермен сауда тарихы ұзақ - Дубай әмірлігі. 1998 жылғы мұнайдың әлемдік бағасының төмендеуі әмірліктердің экономикасына қауіп-қатер тудырмады, себебі соңғы жылдары ел басшылары мұнайдан басқа салаларға көңіл бөлді.
Сурет 1. Біріккен Араб Әмірліктерінің туристік картасы. [6]
Мемлекетте теңестірілген бюджет орнаған, 1999 жылдың шығындары 6, 2 млрд. доллар, ал кірістің үлесі - 5, 5 млрд. доллардан тұрып бюджет тапшылығы 3 % құрайды. 1998 жылмен салыстырғанда кіріс 4 %, шығыс 7 % өсті, ол тапшылықтың 200 млн. долларға өсуіне алып келді. Шығынның өсуі қорғаныс үшін жұмсалған шығындардың өсуі (1, 6 млрд. доллар, немесе бюджеттің 26 % ), сонымен қатар әлеуметтік көмекке, оның ішінде алғашқы қатарда елдің жергілікті халқы үшін тегін тұрғын үйлердің құрылысына кеткен шығындар (1, 22 млрд. доллар) арқылы түсіндіріледі.
1979 жылы Мина-Джабал-Али жерінде алюминий зауытының (қуаттылығы жылына 400 мың т. ) ашылуымен Дубай әмірлігінде өнеркәсіптің дамуы басталды. Әмірліктегі тағы бір табыстың маңызды көзі әлемдегі ең ірі және жақсы жабдықталғандардың бірі болып табылатын - Дубай портындағы құрғақ доктар. Онда сондай-ақ кабель шығаратын өнеркәсіп (жылына 20 мың т. ), цемент зауыты (жылына 8 млн. т. ), көптеген тоқыма кәсіпорындары мен тамақ өнеркәсібі, болат прокаттау, құбыр және бояу мен құрылыс материалдарын шығаратын кішігірім зауыттар (130 мың т) бар.
Шарджа әмірлігінде жеңіл өнеркәсіп орындары шоғырланған. Мұнда жиһаз, ыдыс-аяқ, цемент, пластик бұйымдары шығарылады.
Абу-Даби мемлекеттік өнеркәсіп корпорациясының құрылысы Тавилде жүргізілді. Болат прокаттау зауытының қуаттылығы жылына 500 мың т. (негізінен құрылыс арматураларын шығарады) және бағасы 100 млн. доллар. БАӘ-не импортталатын болат прокаттаудың көлемі жылына 600 мың т. құрайды, негізінен Түркия мен Катар елдерінен. Жергілікті өндірушілер (кішігірім 9 цех) жылына 120 мың т. шығарып ішкі сұраныстың тек 10-15 % қанағаттандырады.
Рас-эль-Хайма әмірлігінде дәрі-дәрмек, жарылғыш заттар өндіретін зауыттар жұмыс істейді, бірақ негізгі күш құрылыс индустриясының дамуына бағытталған (цемент, құрылыс тастарын, асфальт өндіру) .
Эль-Фуджайра ішкі саудаға мәрмәр, әктас, цемент, асбест, құрылыс блоктарын жеткізеді.
Умм-эль-Кайвайн артық өндіру дағдарысынан қатты зардап шекті: көршілес әмірліктердегідей мұнда да құрылыс материалдарының өндірісін дамытуға ставка қойылды, алайда нарық құрылыс мареиалдарына толы болатын. Әмірлік бірқатар шығынға ұшырады.
Ауыл шаруашылығы. Ауыл шаруашылығы жалпы ішкі өнімнің шамалы ғана пайызын құрайды. Басты өсірілетін өнім - негізінен оазистер мен жағалауларда өсірілетін пальма. Ауыл шаруашылығын дамытуға негізгі кедергілер: ыстық және құрғақ климат, құнарлы жерлердің жетіспеуі және оқтын-оқтын шегірткелердің өнімді басып алуы. Ауыл шаруашылығы өнімдерінің негізгі жеткізушісі болып Рас-эль-Хайма әмірлігі саналады.
1998 жылы ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалықтарының өнімі 22 мың т. астық, көк өніс өнімі - 350 мың т. (ішкі сұраныстың 50 %), жеміс-жидек - 450 мың т. (50 %) көрсеткішін көрсетті. 20 млн. пальмадан жылына 230 мың т. құрма жиналады. Ірі қара және ұсақ малдардың саны 1, 2 млн. жетті. Ет өнімі жылына - 30 мың т. (сұраныстың 30 %), сүт - 85 мың т. (70 %), жұмыртқа - 218 млн. (40 %), балық аулау - 100 мың т. көрсетті.
Электр энергетикасы. БАӘ орнатылған электр энергиясын өндірудің қуаттылығы 6 мың мвт. Құрайды. Қуаттылықты 8 мың мвт. жеткізетін жаңа ЖЭС қатарының құрылыстары жүргізілуде. Елдегі тұщы суды пайдаланудың үштен екісінен көп бөлігі теңіз суын тұщыландыру арқылы жүзеге асады. Тұщыландырудың қуаттылығы жылына 475 млн. м. куб және ол әдетте ЖЭС бірге қосылған.
Біріккен Араб Әмірліктеріндегі жалпы ішкі өнімнің 2 % ауыл шаруашылығынан, 57 % өнеркәсіптен, 40 % қызмет көрсету салаларынан жиналады. Негізгі сауда серіктестері: Ұлыбритания, АҚШ, Жапония, Сингапур, Корея Республикасы және т. б.
- Туризм дамуының алғышарттары
Жалпы Таяу Шығыста туризм экономиканың жақсы дамып келе жатқан секторының бірі болып табылады. Үкімет органдары тарапынан қолдау, туризм инфрақұрылымының бірқалыпты тұрақты дамуы, мемлекеттік және жеке инвестицияның көп бөлінуі, арзан әуе көлігі және аймақтағы елдер арасындағы кедендік рәсімдерге байланысты әріптестік қарым-қатынас ішкі аймақтық және ел ішіндегі туризмнің өсіп, өркендеуіне оңтайлы әсерін тигізуде.
Статистикалық мәліметтерге сәйкес, аймаққа келушілердің саны 18 % өсіп, 35 миллионнан асты. Осылайша, 2004 жылы аймақ алғаш рет Африканың алдына шығып, төртінші орынға ие болды. Африкаға келушілер саны 33 миллион болды.
2005 жылы туризм саласы бойынша Таяу Шығыс қалыпты өсу жағдайын көрсетті. Осы жылы Дубайда қаңтардан қыркүйекке дейін келуш3лер саны 7 % өскен.
2008 жылы Дүние жүзілік Туристік Ұйымның статистикасы бойынша Таяу Шығыс елдері келушілер саны бойынша Еуропа (489 млн. адам, 53 %), Шығыс Азия және Тынық мұхит аймағы (188 млн. адам, 20 %) және Америка елдерінен (148 млн. адам, 16 %) кейінгі төртінші орынды алды. Оның үлесінде 53 миллион адам, яғни 6 %. Африка континентіне келушілердің саны 47 млн. (5 %) адамды құрайды.
Қазіргі таңда аймақ әлемнің басқа да аймақтарының ішінде жылдам қарқынмен өсуін жалғастыруда. Алдағы үш жылда Read Exhibitions ақпараты бойынша БАӘ, Бахрейн, Оман, Катар және Кувейт елдерінде 48940 номерлі 174 жаңа отель салынуы жобалануда. Отельдердің көбі бес жұлдызды болады.
Болжам бойынша 2020 жылы Таяу Шығысқа шамамен 68, 5 млн. турист келеді. Дубай 2015 жылы 15 миллион туристі қабылдауды жоспарлауда. Жалпы Біріккен Араб Әмірліктерінде жұмсақ климаты елдегі жағажайлық туризмнің дамуына өте жақсы әсерін тигізеді. Біріккен Араб Әмірліктерінің ең басты құндылығы - жылына 360 күн ашық, жайдарлы күн мен таза, жылы теңіз болып саналады. Елдің алдыңғы жылдарда туризм саласы бойынша жаңа жобалары әлем үшін ашатын жаңалықтары көп. Ол өзінің иеленетін ресурстарын тиімді пайдалануының арқасында туризм саласын әрі қарай дамыту жолдарын әрдайым табуда.
Әр әмірлік экономикалық тұрғыдан өзін-өзі басқарады. Бизнесте Дубай әмірлігі коммерциялық белсенділікті арттыруға жағдай тудырып, еркін сауда саясатын ұстанады да либералды тәсіл қолданылады. Аталған тәсіл инфрақұрылымды тұрақты түрдегі жеке инвестициялау және Джебел Али Еркін Сауда Зонасындағы жұмыстарға инвесторларды тартудан айқын көрінеді.
Инфрақырылымына келетін болсақ, жаңа заманға сай салтанатты отелдердің кең таңдауы ұсынылған. Көптеген халықаралық қонақ үй торлары: Crowne Plaza, Dusit, Hilton, Howard Johnson, Hyatt Regency, Inter-Continental, Le Meridien, Marriot, Ramada, Renaissance, Ritz-Carlton, Rotana, Sheraton жергілікті отелдермен қатар ұсынылады: the Burj Al Arab, City Center Hotel and Residence, Dubai marine, Metropolitan және Princeton.
Жағалаудағы ең жоғарғы деңгейдегі жағажайлық отелдер: Burj Al Arab, Dubai Marine Beach Resort & Spa, Hilton Dubai Jumeirah, Jebel Ali Hotel & Golf Resort, Jumeirah Beach Club, Jumeirah Beach Hotel, Le Meridien Mina Seyahi Beach Resort & Marina, Le Royal Meridien Beach Resort & Spa, Metropolitan Resort & Beach Club, Oasis Beach, Ritz-Carlton, Royal Mirage Jumeirah Beach, Sheraton Jumeirah Beach Hotel & Towers, таудағы отель Hatta Fort және экотуризмге арналған жалғыз Al Maha отелі бар.
Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін 1991 жылы танып, 1992 жылдан экономикалық, мәдени, достық қарым-қатынас орнатты. Ол қазақстандық туристердің Біріккен Араб Әмірліктеріне саяхаттауға визалық рәсімдеулерге оңтайлы әсерін тигізуде.
Дубайдың туризм және коммециялық маркетинг бойынша департаменті (ТКМД) Қазақстанда жыл сайынғы өтетін «Туризм және саяхат» жәрмеңкесіне (KITF 2009) биыл үшінші жыл қатарынан қатысты. Қатысушылардың ішінде туроператорлар мен қонақ үйлердің өкілдері болды. Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг департаменті Дубайдың стратегиялық жоспарына сай іскери, сонымен қатар демалыс мақсатында келетін туристердің ағымын көбейту үшін жеке компаниялармен белсенді түрде әріптестік жүргізеді. Алматы қаласындажыл сайын өтетін жәрмеңке барысында білікті мамандар дубайлық әріптестерімен кездесу кезінде өздері үшін жаңа қырларды игеріп, ары қарай өсу мен дамуға жаңа ақпараттармен алмасады.
Дубайда туризмге ерекше көңіл аударылады және оның дәлелі ретінде Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг бойынша департаменттің төрағасы болып Шейх Мохаммед бин Рашид аль Мактум, Біріккен Араб Әмірліктерінің Вице-президенті мен Премьер министрі және Дубай әміршісі табылады. Дубайдың туризм және коммерциялық маркетинг бойынша департаменттің бас директор қызметін Халид А. Бин Сулайем мырза атқарады. Департамент дубайлық отелдердің классификациясын халықаралық стандарттарға сәйкестігін тексереді. Оның негізгі қызметі болып әмірліктің барлық туристік, археологиялық және тарихи маңызы бар орындарын бақылау, туристік көрмелер мен конференциялар ұйымдастырумен қатар туристік ақпараттардың және гид жұмысын ұйымдастыру мен лицензиялау қызметтеріне қатысады. Ол туризм сферасында мамандар даярлауғакең мүмкіндігі бар, мамандандырылған оқу бағдарламалары мен семинарларды ұйымдастырып, туристік сервис қызметкерлерін халықаралық сертификат пен дипломдармен марапаттайды.
2 БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНІҢ ТУРИСТІК ОРТАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАЛДАУЫ
2. 1 Абу-Даби әмірлігі
Абу-Даби - көлемі бойынша жеті әмірлік ішіндегі ең үлкені (БАӘ көлемінің 66 %) . Әмірлік ел астанасы қызметін атқаратын қаласы Абу-Даби және Аль-Айн мен Лива оазис-қалаларынан тұрады.
Абу-Даби қаласының негізі 18 ғасырдың 60 жылдары қаланды, ал 1795 жылы Абу-Даби әмірлігінің басшыларының резиденциясына айналды. Қаланың маңыздылығы 20 ғасырдың 50 жылдарының аяғы мен 60 жылдарының басында, мұнда мұнайдың айтарлықтай көзі табылғаннан кейін арта бастады. 1971 жылы ол Біріккен Араб Әмірліктері мен Абу-Даби әмірлігінің астанасы аталды.
Мұнда көнелік пен өркениеттің соңғы жетістіктері көршілес орын тапқан, мұнай кенінің орындарының ашылуы қала инфрақұрылымының дамуына зор ықпалын тигізді. Экономикасының негізін мұнайды өндіру мен өңдеу, сонымен қатар балық аулау, болат пен цемент өндіру құрайды.
Астананың «витрнасы» қызметін көз шағылыстырар биік ғимараттар тізілген жағалау атқарады. Абу-Дабиде көрікті орындар көп. Соның ішінде қызықтыларының бірі болып қаланың дамуы аудиовизуалды түрде сипатталатын Мұнай көрмесі саналады. Мұнда арабтық доу құрастырылатын арнайы реконструкцияланған верфь - Корничи орналасқан. Абу-Даби әмірліктердегі ең ірі және халық ең тығыз орналасқан қала болып саналады. Оны «шығанақтың бақ қаласы» деп атайды. Қалада қолдан жасалған бақтар мен саябақтар көп, олардағы әр ағаш пен бұта қолдан суарылады (суландыруға тұщыландыру құрылғылары қолданылады) .
Зейд порты Дубайдағы Рашид пен Шардаждағы Мина-Халед сияқты теңізге қақпа қызметін атқарады. Халықаралық әуежай жұмыс істейді. Бірақ мұнаай өндіруші елдің басты қаласы бола тұра Абу-Даби рекреация мен арзан сауданың орталығы болып саналмайды. Бұл бәрінен бұрын елдің әкімшілік орталығы және президент резиденциясы. Абу-Даби жоғарғы технологиялық колледжінде мыңдаған студенттер оқиды, сонымен қатар қалада зерттеу институты мен үлкен спорт кешені орналасқан.
АльАйн Абу-Дабиден 160 км шығысқа қарай, Оманмен шекараға таяу жерде орналасқан. Аль-Айнға жол Мафрактан бастау алып жағалаудан Хаджар тауының етегіне дейін созылады және ол Абу-Дабидегі алғашқы басты тас жол болған. Жол бойында жуан ағаштар мен олеандр бұталары өседі де, 50 км деін қашықтықта сол жасыл желектің арқасында шөлде келе жатқандай сезім тумайды. Аль-Айн ең ірі және құнарлы Бурайми деп аталатын оазитің басты қаласы. Мұндағы орталықтағы қоғамдық саябаққа кешке қарай барған жөн, фонтан ағысының өрнегін көрген кезде бұрындары су тапшылығын көрген бұл елде бұл таңғажайып болып көрінеді. Мұнда бірнеше ескі форттар сақталып қалған - Аль-Джахили (қазір мұнда Аль-Айнның бай мұражайы бар), Шығыс, Мураиджиб, Мазияд және т. б.
Хили (Hili) қоғамдық саябағы - оазистің солтүстігінде орналасқан. Онда ыстық бұлақ көздері және елдің басты тарихи мұрасы - 3-4 мың жылдық жасы бар Хили Үлкен моласы бар. Ол 1974 жылы реставрацияланған. Бұл таңғажайып ашылудың тарихы 4 мың жылдан астам уақыттан асады. Хили моласының жасы Умм Аль-Нар (Umm al-Nar) аралындағы ескерткіштерімен бірдей десе болады. Осыған орай Хили мекенін б. з. д. 3 мың жылдықта адамдар қоныстанған. Хили саябағы (Hili Garden) мен Фан Сити (Fun City) сауықтыру парктеріне жақын жерден дөңгелек молалардың тұтас тобы табылған. Молалардың жанында екі үлкен кірпіштен құрастырылған мұнара мен сол дәуірдің бірнеше тас және кірпіш үйлері табылған.
Аль-Айндағы зообақ пен аквариум келушілерге дүние жүзінің барлық жерінің экзотикалық жануарларынан Аравияда ғана көруге болатын сирек кездесетін жануарларға дейін тамашалауға мүмкіндік береді.
Джебель Хафит (Jebel Hafit) жартасты тауы шөлдің ортасынан бой көтерген, оны Аль-Айн қаласынан да көруге болады. Оның шыңына дейін жүретін жолы бар, оған шығып жергілікті жердің көріктілігін тамашалауға болады.
Каттара (Qattarah Oasis) - Аль-Айнға таяу жердегі кішігірім орманды оазис. Құрма пальмасы мен жеміс ағаштарының көптігі және айналадағы шөл қарама-қайшылықты тудырады. Мұнда көптеген ежелгі жәдігерлік бұйымдардың үлгілерін кездестіруге болады, соның ішінде алтын зергерлік бұйымдары да бар. Оларды Аль-Айн мұражайынан көруге болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz