Теңіз стационарлы платформа


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

І. Кіріспе

Теңіз стационарлы платформа - мұнай газды өндіруге, оларды дайындауға, ұңғылардың бұрғылауын қамтамасыз етуге арналған бұрғылау және мұнай өндірістік қосымша қондырғыларды орнатуға, сонымен қатар өндірістегі басқа жұмыстарды (суды қабаттарға айдау қондырғысы, ұңғыларды күрделі жөндеумен болатын қондырғылар, теңіз кәсіпшілігінде автоматтандыру құрылымдары, мұнай газды тасымалдаумен байланысты автоматтандыру жабдықтары, байланыс жүйелері) жүргізуге арналған гидротехникалық құрылым.

ГТСП- өте массивті объектілер, және олар екі бөліктен тұрады: тіректі және жоғарғы бөліктер. Тіректі бөлігі бір немесе бірнеше тізбектерден (темір бетондардан жасалатын) тұрады. Тіректерінің ұзындығы 180м, ені 135 м жетеді. Ұзақ мерзімділігі 160 жыл. Цилиндрлі және конуспішінді тізбектер көпұялы монолитті базаға тіреледі.

Шельфті меңгеруде әрбір жаңа кезең пайда болатын жаңа проблемеларды шешуге өмірге жаңа шешімдерді қабылдауды талап етеді. Шельфті меңгерудің тұтас техникалық құралдар спектрі өңделген, оны таңдау технологиялық, геологиялық, гидрометеоррологиялық, экономикалық, саясат жағдайларының жиынтыгымен анықталады.

ІІ. Теңіз стационарлы платформалар (ТСП) .

Теңіз стационарлы платформа - мұнай газды өндіруге, оларды дайындауға, ұңғылардың бұрғылауын қамтамасыз етуге арналған бұрғылау және мұнай өндірістік қосымша қондырғыларды орнатуға, сонымен қатар өндірістегі басқа жұмыстарды (суды қабаттарға айдау қондырғысы, ұңғыларды күрделі жөндеумен болатын қондырғылар, теңіз кәсіпшілігінде автоматтандыру құрылымдары, мұнай газды тасымалдаумен байланысты автоматтандыру жабдықтары, байланыс жүйелері) жүргізуге арналған гидротехникалық құрылым.

ТСП конструкциялары мен түрлері келесі белгілерімен бөлінеді: теңіз түбіне бекітілуі және тірелу тәсілдері бойынша; дайындалатын материалдары бойынша және т. б.

FSO a1

Сурет 1. Ресейдегі Ю. Корчагин кен орнында 11 метр тереңдікте орналасқан теңіз стационарлы платформасы.

ТСП классификациясы. Классификацияның бірінші деңгейінде ТСП-ның қатты және серпімдіге бөлінгені байқалады. Авторлардың ойы бойынша бұндай бөлу өте дұрыс деп саналады, өйткені ол платформаның конструкциясын белгілейді (өлшемдері, конфигурациясы) және өздерінің тербеліс периодын көрсетеді. Қатты ТСП-ларда ол 4-6 сқұраса, ал серпімді ТСП-ларда 20 с асады, кей жағдайларда 138 с дейін жетеді.

Классификацияның екінші деңгейінде: олардың тұрақтылығын қамтамасыз ету тәсілі бойынша сыртқы жүктемелер әсерінен: гравитациялық, свайлық және гравитициялы - свайлық болып бөлінеді.

Гравитациялық болған жағдайда құрылым өзінің салмағының әсерінен теңіз түбінен қозғалмайды және екінші, яғни свайлық болған жағдайда -ол свайлармен бекітілгендіктен орнын ауыстыра алады. Ал гравитациялы-свайлы құрылымдар өзінің салмағы және свайлар жүйесінен қозғалмай бекітіледі.

Топталудың үшінші деңгейі конструкция материалдарын сипаттайды : бетон, болат немесе бетонболат.

Серпімді конструкциялар екінші деңгейде бекітілу тәсілі бойынша қыспалары бар мұнаралар, жүзбелі мұнаралар және серпімді мұнаралар болып бөлінеді.

Қыспалары бар мұнаралар өзінің тұрақтылығын: қыспалар жүйелерімен, жүзбелілікпантондар және керісалмақтары арқылы ұстайды (сақтайды) . Жүзбелі мұнаралар тербелмелі маятникке ұқсас. Олар өзінің тепетеңдік күйіне жүзбелілік пантондар (жоғары жағынан орналасқан) арқылы келеді. Серпімді мұнара вертикалдан толқындар әсерінен ауытқиды, бірақ серпіле сияқты орнына келеді. Қарастырылған топталуда 76% - қатты платформалар құрайды.

Жалпы теңіз түбіне бекітілуі және тірелуі тәсілі бойынша қатты ТСП-лар келесілерге топталады: свайлық, гравитациялық, свайлы - гравитациялық, маятникті және керілмелі, сонымен қатар қалқымалы түрде болады.

Ал конструкция түрі бойынша - тұтас (сплошные), комбинацияланған, (сквозные) тесіп өткен болады. Конструкцияның материалы бойынша - металлды, темірбетонды, комбинацияланған болады.

: Рис 54 Рис 54 б
:

Сур. 2- Каспий теңізінде қолданылатын ТСП сұлбалары:

а - төрт блокты ТСП; 1 - тіректі блок; 2 -жоғарғы құрылым; 3 - мұнара асты конструкциясы; 4 - бұрғылау мұнарасы; 5 - причалды-қону құрылымы; 6 - суайырғыш тізбек (шегендеу) ; 7 - свайлы фундамент; б" - екі блокты ТСП; 1 - тіректі блок; 2 - жоғарғы құрылым; 3 - при­чалды-қону құрылымы; 4 - бұрғылау мұнарасы; 5 - суайырғыш тізбек; 6 - свайлы фунда­мент; в - моноблокты ТСП; 1 - тіректі блок; 2 - жоғарғы құрылым, модулдері; 3 - бұрғылау мұнарасы; 4 - суайырғыш тізбек; 5 - свайлы фунда­мент; 6 - причалды-қону құрылымы.

Тесіп өткен (сквозные) конструкциялар решетка тәріздес болып орындалады.

Классификацияның негізгі белгілері болып келесілер шешілген: қондырғының орналасуы (су үстінде, су астында, аралас), монтаждау тәсілі, тіректердің деформациялану сипаты, конструкция түрлері, сыртқы әсерлерге қарсыласу, статикалық және динамикалық қаттылықтар (қатаңдықтар), бекітілу сипаты, материалы, тасымалдау тәсілі және тіректі бөлікті монтаждау.

«Баллункл» атты мұнарасы бар ТСП 411 м тереңдікке қойылынуын ұсынады. Платформаның жалпы массасы - 78 мың. тонна, 60 ұңғыға арналған, бағасы 500 млн. $.

Жұмыста қарастырылған тереңсулы ТСП-ның 40 конструкциясы (теңіз тереңдігі 300 м жоғары) 76 % қатты, оның ішінде 45 % cвайлы бекілетін болатты ферменділер, 26% гравитациялы және 5% гравитациялы-свайлы. Серпімді ТСП-лардан 13% жүзбелі мұнаралар, 8% қыспалары бар мұнаралар және 3 % серпімді мұнаралар болып келеді. Қазіргі кезде теңіз тереңдігі өскен сайын болатты конструкциялар жобалары өсуде екені байқалады. 305-365 м теңіз тереңдігінде болатты тіректер 13 %, 365-520 м тереңдігінде -50% құрайды. орындалған жобалардан 79% - болатты тіректер, 15% - бетонды және 6%- болатбетон.

Безымянный 1

Сур. 3- Шельфті мұнайгаз кен орындарын игеру үшін қолданатын қазіргі тереңсулы платформалар.

Қатты ТСП - лар

Свайлармен бекітілген ТСП - свайлар арқылы теңіз түбіне бекітілген тіректі бөліктен және технологиялық қондырғылармен қамтылған жоғарғы жабдықтардан тұратын гидротехнологиялық құрылым.

Тіректі бөлік немесе бірнеше блоктардан пирамида түрінде немесе тікбұрышты паралелепипед сияқты болып орындалады. Решеткалардың стержендері (сырықтары) металл құбырлы элементтерден жасалады. Тіректер блоктарының саны белгілі ауданда жұмыстың сенімділігі және қауіпсіздігімен, технико-экономикалық негіздермен және зауыттағы жүккөтергіш, транспортты құрылғылармен (ТСП-ның тіректі бөлігін дайындағыш) болуымен анықталады. Свайларды платформа тіректерін бекіту бетондау аппаратымен орындалады.

Төменде теңіз стационарлы платформаның қысқаша техникалық берілгендері көрсетілген. Мұнда платформа бір-бірінен 31 м арақашықтықта орналасатын екі тіректі блоктардан, үшпалубты жоғарғы құрылымдардан, оның ішіне кіретін 14 модулдардан: екі мұнара астындағы, әрқайсысы 450 т болатын пайдалану қондырғысы бар алты төменгі палубаларәрқайсысы 600 т бұрғылау қондырғысы бар жоғарғы палубаның алты модулі.

Осы платформа ұңғыларды екі бұрғылау қондырғыларымен бұрғылауды қамтамасызететін технологиялық және қосымша жабдықтар, жүйелер, инструменттер және материалдардан тұрады. Сонымен қатар, платформа блоктын тұрғын орындарымен, тікұшақ алаңымен, арнайы крандармен қамтылған.

Платформадан 12 ұңғыларды бұрғылау қарастырылған.

Жобадағы өлшем, мм:

өндірістік алаңның . . . 71х50

тіректі блоктың . . . 16х49

Салмағы, мың. т:

платформаның . . . 12, 1

тіректі блоктың . . . 2, 04

Тіректі блоктар теңіз түбіне свайлармен бекітіледі. Тіректі блоктарда модулдары сәйкес технологиялық, қосымша жабдықтармен және жүйелермен қамтылған үшпалубты құрылым орнатылады.

Теңіз мұнайгаз кен орындарын құрылымдармен қамтуға кететін шығын жалпы барлық күрделі қаржының 50% құрайтыны белгілі. Сонда жеке мұнайгазкәсіптік платформалардың құны 1-2 млрд долларды құрайды деп санауға болады.

Мысалы, қазіргі кезде Солтүстік теңіздің Троллькен орнында пайдаланатын тереңсулы гравитациялық платформа 1 млрд доллармен бағаланады. Ал тереңсулы магистралды құбырды орналастыруға кететін шығын бір километрға 2-3 млн долларды құрайды.

Шельфті меңгеруде әрбір жаңа кезең пайда болатын жаңа проблемеларды шешуге өмірге жаңа шешімдерді қабылдауды талап етеді. Шельфті меңгерудің тұтас техникалық құралдар спектрі өңделген, оны таңдау технологиялық, геологиялық, гидрометеоррологиялық, экономикалық, саясат жағдайларының жиынтыгымен анықталады.

Сурет 2-де ұңғыларды бұрғылау, барлау және мұнай газды өндіруге қажетті әртүрлі техникалық құрылымдыр көрсетілген.

Жаңа техниканы және теңіз мұнай газ құрылымдарды құру аумағында жұмыс істейтін инженерлік компаниялардан «Браун энд Рут», «Мак-Дермот», «Кверенр», «Аккер» және т. б. жоғарғы орындарды алуда.

2. 1 Гравитациялық теңіз станциялы платформалар (ГТСП) .

Гравитациялық ТСП - лар металды свайлы ТСП - дан конструкция, материалы, дайындалу технологиясы, теңізде орнатылуымен ерекшеленеді.

Толқындар мен желдердің сыртқы жүктемелер әсерінен болатын жалпы ГТСП-ның тұрақтылығ, беріктігі өздерінің салмағымен және балласт массасымен қамтылады, сондықтан оларды теңіз түбіне ьекіту қажеттілігі жоқ. Олар теңіз грунты берік негіздерде пайдаланылады.

ГТСП- өте массивті объектілер, және олар екі бөліктен тұрады: тіректі және жоғарғы бөліктер. Тіректі бөлігі бір немесе бірнеше тізбектерден (темір бетондардан жасалатын) тұрады. Тіректерінің ұзындығы 180м, ені 135 м жетеді. Ұзақ мерзімділігі 160 жыл. Цилиндрлі және конуспішінді тізбектер көпұялы монолитті базаға тіреледі (сурет 3) .

Өте биік емес база тіректерімен салыстырғанда бір-бірімен қатаң байланысқан ұялы-понтондардан тұрып, төменгі жағы теңіз түбіне орналасатын кең ауданымен бітеді. Тіректі көпблокты плиталар өлшемдері ұзындығы бойынша 180 м және ені бойынша 135 м-ге дейін жетеді.

Рис 56

Сурет 4- «Кондип» платформасының сұлбасы: 1 - жанармайы бар ыдыс; 2 - ұяшық қабырғалары; 3 - жоғарғы қақпақ; 4 - шаруа қондырғысының тірегі; 5 - жоғарғы құрылым; 6 - бұрғылау тіректі тізбектер; 7 - мұнайды сақтау орны; 8 - төменгі қақпақ; 9 - балласт; 10 - болат «юбкасы»; 11 - штифт.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Теңіз мұнай-газ ғимараттарының (ТМГҒ) жалпы конструктивті белгілері мен ерекшеліктері
Өздігінен көтерілетін жүзбелі бұрғылау қондырғылары (ӨКБҚ)
Бұрғылау кемелері туралы
Көп қабатты кен орындарын меңгеру
Жер жұмыстары және құрылыста қолданылатын машиналар
Жүк көтергіш машиналарын жүктеу
Мұнаралы жүк көтеру крандарын қолдану
Теңіз ұңғымалардың жинау және өнімді дайындау жүйесінің негізгі элементтері
Қабат қысымын сақтау жүйелерін жетілдіру
Қашаған - Каспий теңізінің астында орналасқан әлемдік деңгейдегі алып мұнай кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz