Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 2

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1. Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.1 СПИД ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1.2 СПИД.тің жалпы анықтамасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.3 СПИД.тің жұғатын жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4
1.4СПИД ауруларының белгілері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
2. «В» және «С» вирусты гепатиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5
2.1 «В» және «С» вирустық гепатитті алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2 Созылмалы вирусты гепатит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
2.3 Клиникалық көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12
Қан арқылы жұғатын аурулар көбінесе СПИД, «В» және «С» т.б. СПИД вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері “ХХ ғасырдың індеті”, “ғасыр обасы” деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады.

Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3

1. Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1.1 СПИД ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1.2 СПИД-тің жалпы анықтамасы ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
0.3 СПИД-тің жұғатын жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.4 СПИД ауруларының белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2. В және С вирусты гепатиті ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
2.1 В және С вирустық гепатитті алдын алу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6
2.2 Созылмалы вирусты гепатит ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
2.3 Клиникалық көрінісі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .12

Кіріспе
Қан арқылы жұғатын аурулар көбінесе СПИД, В және С т.б. СПИД вирус арқылы жұғады. Ол вирустар көзге көрінбесе де, адамның қанындағы антиденелерді өлтіреді. Егер антиденелер өлсе, онда адамның иммундық жүйесі бұзылады. Ондай адамдар ауруға тез шалдығады. Жұқтырылған вирус өзін үш айға дейін ұстатпайды. Сондықтан оны тек дәрігер қанды толық зерттеген кезде ғана тауып алады. СПИД вирусы тек Осы аурудың аты шығып, анықталғаннан кейін-ақ оған әлемдегі БАҚ өкілдері "ХХ ғасырдың індеті", "ғасыр обасы" деген ат қойып, оны жұқтырған адамдар санаулы жылдардың ішінде-ақ іріп-шіріп өледі деген түсінік тарата бастады.
БҰҰ-ның СПИД жөніндегі Бірлескен бағдарламасы мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сарапшылары да, СПИД індетінің 2005 жылғы жағдайы жайында есеп-дерегін жария етті. Олардың мәліметтеріне қарағанда, былтырғы жылғы көрсеткіш 37,5 млн. болса, ал 2005 жылы дүниежүзі бойынша ВИЧ пен СПИД жұқтырғандардың саны 40 миллион адамнан асып жығылған. Сонымен қатар 3,1 миллион адам, оның ішінде 570 мың бала осы дерттен көз жұмған екен. Бір айта кетерлігі, әлем бойынша аталмыш індеттен ең көп зардап шеккен аймақ Африка мен Сахараның оңтүстік аймақтары, мұнда ауруды жұқтырғандардың 65 пайызы тұрады екен.
Алматыдағы СПИД орталығының деректеріне қарасақ, қазіргі жағдаймен бағалағанда Қазақстанда 12-14 мыңдай адам ВИЧ диагнозымен өмір сүріп жатыр. Шамамен деп отырғанымыз, осы уақытқа дейін, мәселен алматылықтардың 10 пайызы ғана тексеруден өткен. Оңтүстік астанамызда бүгінге дейін ВИЧ диагнозы 1400 адамға қойылған. Олардың жас шамасы 19-49 аралығын құрайды. Биылғы жылдың 1 қазанына дейін елімізде 6 943 жанның ВИЧ жұқтырғандығы тіркеліп, оның 426-сы СПИД-пен ауыратындығы анықталып отыр.
ХХІ ғ. В вирустық гепатиттің қатері ЖТҚА індетінен де кем болмауы мүмкін. Тек ЖТҚА індеті сирек, ал, В вирустық гепатит кең таралған. Аталған індетпен 20-40 аралығындағы жастылар жиі ауырады. Әдетте, В вирустық гепатит тіс дәрігердің немесе гинекологтің сәтсіз емінен, сондай-ақ зарарсызданбаған шприцтік гепатиттен пайда болады. Жұқтырудың өзге жағдайлар: шаштаразда, сән салонында және басқа да тұрмыстық қатынас арқылы. Сонымен қатар, В вирустық гепатиті нашақорлар мен гомосексуалистер арасында кең таралған.
Миірімді жендет деп С вирустық гепатитті осылайша атайды. Клиникалық С вирустық гепатит жеңіл өтеді. 100 адамнан-1 ғана өлім. Бірақ, бауырдың асқынған, созылмалы ауруына жиі әкеп соқтырады. Ауру,- сары ауруының айқын белгілерімен өтуі мүмкін. Дерттің ең негізгі симптомы- шаршаңдық. Ауру көлемінің 50% жуық қан құйылуынан жұғады.

Негізгі бөлім
1. Қан арқылы жұғатын жұқпалы ауру
1.1 СПИД
1.2 СПИД-тің жалпы анықтамасы
1978 жылы АҚШ-тың Танзания штатында осы аурудың белгілері бар бірнеше пациент тіркеліп, бұл ауруға 1982 жылы СПИД деген атау мен анықтама беріледі. 1985 жылы ғалымдар СПИД ауруын қоздыратын НІҮ вирусының құрылымын анықтаған. Міне осы кезден бастап әлем кеңістігіне тарап кетті.
СПИД-пен ауырған адамның қанындағы ВИЧ-ке деген анти-денешікті табуға ыңғайланған бірнеше тәсілдерді қолданады.
Осы кезде СПИД-пен ауыратын адамдардың саны жер жүзі бойыншада, Қазақстан Республикасы көлемінде де жылдан-жылға көбейіп келеді. Бұлардың көбі жас адамдар тіпті жиырма жасқа толмағандар да бар. СПИД-пен ауырмау үшін профилактикалық шараларды қатаң сақтап отыру керек.
Нәпсілік катынас және денсаулық. Дені сау адамда беліілі бір деңгейде нәпсілік кернеу болады. Оны -- нәпсі кұмар-лық деп атайды. Нәпсі құмарлық -- тұлғаның құрамдас бір бөлігі, жақындықтың жолы, әрбір адамның өзін таныстыратын және басқа жыныс өкілдерінің биологиялық -- физиологиялық ерекшелігін білудің тәсілі.
Бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау уйымының (ВОЗ -- всемнрная организация здравоохранения) нәпсі құмарлыққа, өзінің жақындықты, нәсіптікті және махаббатты тілейтінді білдіретін табиғи психологиялық, әлеуметтік белгілері бар. Ол қуат -- деп жазады.
Нәпсі құмарлық адамда тумасынан-ақ көзге түсе бастайды, ол тұлғаның құрамдас бөлігі ретіндс өмірінің соңғы сәтіне дейін сақталады. Нәпсі құмарлық жас ерекшелігіне қарай дамиды. Нәпсі құмарлықтың комионенттері:
1) мінез-құлықтық;
2) эмоциялық;
3) когнивитті (бағалы);
4) Нәпсі құмарлық гетеросексуальды, гомосексуалды, бисексуальды болып бірнешеге бөлінеді.
Медиктердің айтуларына қарағанда бұл дерт кейінгі жылдары тіпті көп таралуы мүмкін. Өйткені адамдардың иммундық жүйесі тым нашарлап кетті. Әсіресе Қазақстан Республикасы тұрғындарының арасында СПИД кең етек альш бара жатыр.
СПИД-ті болдырмайтын оған қарсы тұратын, алдын алатын вакцина осы күнғе дейін табыла қойған жоқ.
Қарап отырсақ, қазір жастарға қарағанда, ересек адамдар ВИЧ және СПИД атауларын синоним сөздер ретінде қабылдап, ол туралы түсініктері шатасып жатады. СПИД ол ВИЧ инфекциясының кезекті асқынған стадиясы ғана, ВИЧ СПИД-ке айналғанға дейін көп жылдар өтпек. Бұл жылдардың нақты мерзімі әрбір науқастың өз денсаулығын одан әрі қарай қалай күтуіне байланысты болмақ. Басқа сөзбен айтқанда, адамда өмір бойы ВИЧ инфекциясы болуы, бірақ СПИД-ке айналмауы да мүмкін. Қысқасы, иммунтапшылығы вирусы адамның қанындағы CD4 немесе Т клеткаларын зақымдайды. Бұл клеткалар ағзаны инфекциялардан қорғайтын иммундық жүйенің қалыпты қызмет етуінде ерекше маңызға ие. ВИЧ инфекциясы қанға түскеннен кейін көбейе келе жоғарыда аталған клеткаларды өлтіре бастамақ. Өз кезегінде иммундық жүйе "жоғалған" клеткаларды жылдам қалпына келтіріп отырғанмен жылдар өте келе CD4 клеткалары соншалықты азайып, ағза оны қалпына келтіріп үлгере алмай қалады. Осының салдарынан иммундық жүйе бұзылып, жайшылықта аса қауіпті емес инфекциялардың алдында адам ағзасы шарасыз болып қалмақ. Бұл инфекциялар (оның ішінде онкологиялық аурулар да кіреді) оппортунистер деп аталады, яғни "жағдайды пайдаланушылар". ВИЧ-пен ауыратындарда оппортунистік инфекциялардың пайда болуы СПИД диагнозын қоюға негіз болмақ.
СПИД. (синдром приобретенного имунитет недепицита -адамның жүре бара ие болған иммундік жетіспеушілігі).
СПИД -- ағзаның қорғаныс қабілетінің әбден әлсіреуінен туындайтын синдром, адам ағзасындағы иммундық жүйені бұзатын арнаулы вирустар болады. Олар барлық ауруларды денеге дарытпай тұратын иммундық жүйені жойып жіберіп отырады.
СПИД адамдар арасында кеңінен таралған дерттер қатарына мына төмендегілер жатады:
1)Кальций саркомасы, тері қатерлі ісігінің бір түрі,
2)пневмококкті пневмания.
СПИД иммундық жүйесінің белгілі бір жасушылар (клеткалар) түріне және ВИЧ адамның вирустық иммунитет жетіспеуінін (вирусный иммунодефицит) деген атпен медицина ғылымдарына белгілі. Вирус әрекеті әсерінен өсіп-өнеді. Болмаса оған адам ағзасындағы вирустың пайда болуы әрқашанда СПИД-ті қоздырады. СПИД-пен ауыратын адамдар арақ-шарапқа салынушылар, есірткі пайдаланушылар, жүйелі түрде тамақ ішпеушілер, және күшті күйзелісте болғандар және т.б. Айта кететін бір жәй осы кезде СПИД вирусын тудыратын вирустерге қарсы қолданатын белгілі бір ем-дом жоқ. ` Емдеп жазып жатырмыз деп жатқандардың барлығы бос сөз.
1.3 СПИД-тің жұғатын жолдары.
СПИД -- бірнеше жолдармен жұғатыны кейінгі кезде анықтала бастады. Олардың ішінде медицина ғылымдарына белгілі болғаны мына төмендегілер;
1. Жыныстық қатынас. Бірден нәпсіні тию керек.
2. Тері асты инфекциясын жасау үшін бір шприцті бірнеше адамдарға пайдалану.
3. СПИД вирусымен жұқтырылған екі қабат әйел, ішіндегі нәрестеге (жатырдағы балаға) жұқтыру.
4. Қан қую кезіндс СГІИД вирусының берілуі.
5. Қолдағы, тістегі, аяқтағы кішкентай жарылып кеткен жерлер арқылы СПИД вирусы ағзаға өту және т.б.

1.4 СПИД ауруларының белгілері.
1. Ештеңе істемей адам өте қажып жалқау үрдісі басып кетіп, денені көтертпей қоюы, көңіл-күйдің төмендеп кетуі. Аппетит бұзылады.
2. Безгек ауруымен ауырған адамдар сияқты адамдар қалшылдап, дірілдеп кетеді. Түн бойы дене терден ажырамайды.
3. Бездердің мөлшерден тыс өсіп кетуі (лимфа түйіндерінің өсуі, әдетте мойында, қолтықта, шашта) бірнешс көзге түсетін өзгерістер болады.
4. Ауыз қуысында ерскше көзге түсетін теңбілдер пайда болады.
5. Құрғақ жөтелмсн үнемі адамның жөтелуі, тыныс алу бұзыла түседі.

2. В және С вирусты гепатиті

Вирустық гепатиттер жалпы жұқпалы аурулар арасында алдыңғы қатардағы дерттің бірі және Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау саласының өзекті мәселелері болып табылады.
Облыста 2010 жылғы 10 айдың қорытындысы бойынша В және С вирусты гепатит аурушаңдығының эпидемиологиялық ахуалы қанағаттанарлықтай деп бағалануда. 2009 жылдың іспеттес кезеңімен салыстырғанда аурушаңдық деңгейі 1,4 есеге төмендеген.
В және С вирусты гепатит аурушаңдығы 14 жасқа дейінгі балалар арасында тіркелмеген.
Аурушаңдық көбінесе ине арқылы есірткі қабылдайтын және кездейсоқ жыныстық қатынасқа түсетін адамдар арасында тіркеліп отыр.
В және С вирусты гепатитпен ауырған адамдардың күнделікті тұрмыста қолданатын заттары (жөке, орамал, сақал алғыш және тырнақ әдемілейтін заттар) арқылы да вирусты жұқтыру жоққа шығарылмайды.
В және С (парентеральды) вирусты гепатит - вирустық жұқпалы ауру, бауыр жасушаларын зақымдаумен сипатталады, жиі созылмалы бауыр циррозы мен обырдың дамуына әкеліп соқтырады.
В және С вирусты гепатиттердің ерекшелігінің бірі, олар адам ағзасында ұзақ уақыт сақталып, аурудың созылмалы түрінің дамуына әкеледі.
В және С вирусты гепатит вирустары адамның қорғаныш тапшылығының қоздырғышына (АҚТҚ) қарағанда, қоршаған ортада тұрақты болып келеді. Вирус жұққан адамның қан сары суы мен плазмасы бір немесе бірнеше аптадан бастап аурудың алғашқы клиникалық белгілері анықталғанға дейін қауіпті болып саналады және вирус ұзақ уақыт сақталуы мүмкін.
Науқас пен вирус тасымалдаушы адам жұқпаның негізгі резервуары мен көзі болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар
Құстың туберкулез ауруы
Құтырық ауруы
Құстың туберкулез ауруының диагностикасы мен сақтандыру шаралары
Қараталақ ауруын балау және сақтандыру шаралары
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Мерездің ауруының белгілері
Жыныстық жолмен таралатын аурулар
Паратуберкулез туралы
Пәндер