Табиғатты қорғау


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Жалпы табиғатты қорғау деген мәселе қолыңа мылтық алып, орманды қорғау емес. Табиғатты қорғау деген-қазақтың байырғы өзінің ұлттық дәстүріндегі табиғатты аялау, оны сүю, жастарды табиғаттың болмысына, заңдылығына үйрете отырып, табиғат байлығын қорғауға жөне оны тиімді пайдалануға үйрету. Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты да сол - жеке адамның бойында табиғатқа деген ізгілік пен ұлттық әдет-ғұрыптарды қалыптастыра отырып адам-қоғам-табиғат арасындағы толық үйлесімділікті қалыптастыру және дамыту. Экологиялық білімді оқушылардың санасына, ой-өрісіне, дүниеге деген көзқарасына қоршаған табиғи ортаның өзі мен қоғам үшін қажеттілігін сезіндіре отырып қана сіңіру керек. Экологиялық білім берудің түп негізі отбасынан басталады. Өкінішке карай, аға ұрпақтың санасезімінде табиғат ресурстарына деген көзқарас мүлдем басқаша болып келді. Ол олардың табиғатқа "байлық көзі немесе табыс көзі" ретінде қарауы. Осы кері әдеттен жас ұрпақтың бойы ада-күде болуға тиіс. Қысқасы, экология ғылымы табиғатты тиімді пайдалана отырып, оның заңдылығын бұзбауға үйретеді. Заңдылығы деген не? Ол-жердің беткі қабаты-литосфера, оның үстіндегі гидросфсра, оның жоғарғы қабатын құрайтын - атмосфера, осы үшеуінің ара қатынасындағы биосфера - тіршілік қабаты. Осы үшеуі бір-бірімен үйлесімді ұштасып жатқан уақытта ғана жер тозып, ауа ластанбайды. Мен мысалы, Финляндияда болдым, онда тал тұрмақ бір бұтақ кестірмейді. Базардың өзін олар тазалық үшін уақытша пайдаланады. Яғни біздегідей тұрақты орны жоқ.
Экология қазақ үшін тың нәрсе емес, ол біздің салт-дәстүрімізде бар, бұл ананың ақ сүтімен беріліп келген, туған табиғатыңды қорғап қастерлеуге негізделген ғылым. Сәкеннің "Көкшетауын" алыңыз. Қалай мадақтайды тау-тасын, жер-суын, міне, "көк шөпті баспа", "суға түкірме" деп үйреткен, "ботам", "құлыншағым", "қошақаным" деп еркелеткен. Жерін жұтатпас үшін әр маусымға орай жайлау, күзеу, қыстауға көшіп-қонып жүрген. Көшкен жұртында бір түйір көлденең зат тастамай, ошағын тегістеп, қазығын қалдырмай кеткен. Мұның бәрі табиғатпен етене өскеннің арқасы. Мұны мен жаңа бағыттағы ғылымда этноэкология деп атадым.
Қазіргі таңда экология мөселесі атом қаруынан да қауіпті. Себебі экология қазір ғаламдық проблемалық сипат алып отыр. Кез келген өркениетті ел өзінің экологиялық мөселесін шешуде ең қауіпті деген экологиялық апатты аймақтарын БҰҰ-ның алдына мәселе етіп қояды. Біздің елімізден Елбасы БҰҰ-ға Арал мәселесін қойып отыр. Экологиялық қауіп дегенде алдымен XX ғасырдың ортасынан бастап ғаламдык экологиялық апатты аймақтардың ерекше көбейіп кеткендігін айтқан жөн. Бұл-ғылыми-техникалық прогрестің кері сипаттағы нәтижесі. Біз көп жағдайда, әсіресе, кеңестік дөуірде табиғаттың бермесін тартып аламыз деген жалған ұранның жетегінде кетіп, оның соны Қазақстан жеріндегі экологиялық апатты жағдайға алып келгені жұрттың бәріне түсінікті. Айталық, Семейдегі ядролық жарылыс, Тайсойган, Каспий, Арал, Балқаш, Байқоңыр, міне, осылардағы болып жатқан экологиялық мәселелер. Сол жердің тұрғын халқына, әлеуметтік жағдайына, денсаулығына төніп отырған үлкен қауіп-қатер. Осы аймақта дүниеге келіп жатқан сәбилердің басым көпшілігі туа сала шетінеп кетеді, не кемтар болып келеді, аналары аурушаң, басқаны қойғанда жастардың жүйке дертіне ұшырауы көбейіп, өзіне-өзі қол салушылық жағдайы туындап жатыр. Экологиялық қауіптің екінші түрі ретінде өтпелі кезеңдегі сырттан келіп жатқан азық-түлік, халыққа керекті күнделікті тауарларды айтамыз, олардың қаншалықты зиян әкелетіні жайында енді ғана ойланып, экологиялық сараптама жасауды жаңа-жаңа қолға алудамыз. Осы жайларға байланысты Елбасы "Экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасына" қол қойды. Бірақ ол тұжырымдама жергілікті аудан, облыс әкімдері, министрліктер тарапынан жүзеге асырылмай отыр. Себебі экология - көзге көрінбейтін ең қауіпті процестердің бірі. Экономикалық жағдайға байланысты халықтың қарны тояр-ау, ал экологияның әкелген зардабын қалпына келтіре аламыз ба? Экологиялық қауіптің халыққа әкелген зардабын талдап, соны мемлекеттік тұрғыда шешу үшін Елбасы шығарған арнайы жарлық бар ма, бар. Ендеше Жоғары оқу орындарында ода, орта білім саласында бұл мәселе кең тұрғыда қамтылып, оқушылардың, тіпті ата-аналардың да сауатын аша отырып, экологиялық жағдайдан хабардар етуіміз керек. Экология қазір біздің тұрмыс-салтымызға түбегейлі еніп кетгі. Көбісін халық біле бермейді. Ол үшін бұған барлық ақпарат құралдары ат салысып, әрбір экология саласының әкеліп жатқан зияны мен зардабын халыққа жете түсіндіруі, сауаттандыруы керек. Мысалы, өндірістен бөлінетін улы заттар, әлеуметтік экология, азық-түлік экологиясы, химия ғылымының әкеліп жатқан экологиялық зияны, өтіп жатқан жиын да аз емес. Бірақ бәрінде әржақты тар шеңберде ғана сөз қозғалып, оның адам өмірін қысқартуға, болашақ ұрпаққа қаншалықты қауіпті екені жайында ешкім ешнерсе айтпайды. Байқоңыр, Арал, Ақдала жайы, Каспий аймағындагы мұнай экологиясы қай дәрежеде зерттеліп, халыққа қаншалықты зиян әкелуде, сол тұрғыда дәйекті ғылыми талдау жасалынған, соған сай дайындалған толыққанды тұжырымдама күні бүгінге дейін жоқ.
Тіпті кейбір мектептерде, әсіресе, Оңтүстік Қазақстан облысындағы көптеген орта білім ошақтарында бір сыныпта қырық, елу көгенкөз отырады, олардың білімді игеруі қалай, отырған орындары сай ма, олардың осындай экологиялық жағдайын зерттейтін елімізде бірде-бір арнайы орталық жоқ. Мысалы, кез келген адам Алматының экологиясын нашар дейді, сол нашар экологияны қалай жақсарту жолдары бар, соған қандай дайындық шараларын жүргізуіміз керек, біздің дайындап жатқан мамандарымыздың оған қосар үлесі қандай, осыны да ойлануымыз керек. Педагогикалық университетте дайындалып шығатын эколог бұл-мектепте экология пөнін оқытатын мамандар. Себебі бізде таза эколог дайындайтын негіз, база жоқ. Ол үшін кең көлемдегі химиялық зертханалар болуы керек. Үшіншіден, экология жайлы көп айтылады, бірақ халыққа, студенттерге, мектеп окушыларына, балабакша балаларына оны қарапайым әрі жатық тілмен түсіндіретін қазақша оқулықтар да, әдебиеттер де жоқтың қасы. Елбасының "Қазақстан Республикасында көпшілікке үздіксіз экологиялық білім берудің ұлттык стратегиясы" және Білім және ғылым министрлігінің бекіткен "Экологиялық білім бағдарламасы" негізінде экологияны жеке пөн ретіңде мектептерге енгізу көзделген. Осы мемлекеттік құжаттарды толық жүйеге асыру бүгінгі күндегі кезек күттірмейтін өзекті іс. Мектептердің оқу жоспарына экология пәнінің енуі міндетті. Осыны Елбасы жүктесе де әлі күнге тиісінше көңіл бөлінбей келе жатыр.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz