Негізгі құралдар және олардың амортизациясы бойынша есебі
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4.6
1.2 Негізгі құралдардың бағалануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6.9
1.3 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .9.12
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі ... ... ... ... .12
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12.14
2.2 Амортизацияның әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..14.16
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17.18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19.20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21

Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына «Қазақстан – 2030». «Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы».Жолдауында былай делінген: «біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс».
1.Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы Астана, 1 наурыз 2006 ж.
2.Бухгалтерлік есеп стандарттары. Алматы, 2004 ж.
3.Кәсіпорындағы қаржылық есепті жүргізу. Кезмемтаев К.К, Алматы. Экономика, 2003 ж.
4.В.Л. Назарова. Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп. Оқулық:Алматы-«Экономика» баспасы. 2005ж.
5.Қ.К. Кеулімжаев, З.Н. Әжібаева, Н.А. Құдайбергенов. Бухгалтерлік есеп принциптері: Оқу құралы-Алматы: Экономик С, 2003 ж.
6.Бухгалтер бюллетені. №3 қаңтар, 2006
7.В.К. Радостовец, Т.Ғ. Ғабдуллин. В.В. Радостовец, О.И. Шмидт. Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп. Алматы: Қазақстан-аудит орталығы, 2002 ж.
8.О.М. Жакупова. Бухгалтерлік есеп принциптері 2003ж.
9.Ә. Әбдіманапов. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері (халықаралық стандарт) Алматы 2006 ж.

Курстық жұмыс
Тақырып:Негізгі құралдар және олардың амортизациясы бойынша есебі
Тексерген:Оралтаев Т.К.
Орындаған:Усенова Г.Ч.
Тобы:Баға 302
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
I Бөлім. Негізгі құралдарды мойындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4-6
1.2 Негізгі құралдардың бағалануы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... .6-9
1.3 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру ... ... ... ... ... ... ... ... .9-12
II Бөлім. Негізгі құралдардың амортизациясы бойынша есебі ... ... ... ... .12
2.1 Негізгі құралдардың тозуына түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...12-14
2.2 Амортизацияның әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-16
2.3 Амортизацияның синтетикалық есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 17-18
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-20
Пайдаланған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
Кіріспе
Ел Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына Қазақстан - 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі,қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы.Жолдауында былай делінген: біздің еліміздің мұраты ұлттық біртұтастық, әлеуметтік әділеттілік тән әрі күллі халқының экономикалық әл-ауқаты артқаг тәуелсіз, гүлденген және саяси тұрақты Қазақстанды сыйлау деп санймын. Барша қазақстандықтардың гүлденуі, қауіпсіздігі мен әл-ауқатының артуы-өзіміз орнатсақ дейтін Қазақстанды сипаттайтын өрелі сөздер, міне, осылар. Біздің ілгері жылжуымызға қарай бұл сөздер әрдайым біздің ізашарымыз болып қалуға тиіс.
Осы міндетті ойдағыдай шешу үшін еңбек өнімділігін арттыру ғылыми- техникалық прогресті жеделдету, қолданылып жүрген негізгі құралдарды тиімдірек пайдалану және олардың қуаттарын арттыру, шаруашылыққа салынған әрбір теңгенің қайтарымын өсіру жолымен ел экономикасының барлық салаларының тиімділігін жақсарту қажет.
Экономиканың тиімділігін арттыру мемлекеттің осы заманғы экономиалық стратегиясының басты міндеті болып табылады. Мұнда ерекше ролді кәсіпорындардың өндірістік - шаруашылық қызметін басқарудың маңызды құрамы ретінде және барлық шаруашылық құралдарының оның ішінде негізгі құралдардың болуы, жағдайы, қозғалысы мен тиімді пайдалануына қатаң бақылау жасауды жүзеге асыратын бухгалтерлік есеп атқарады.
Нарықтық экономикаға көшу жағдайында көптеген кәсіпорындардың қаржы жағдайы оларды жаңа күрделі қаржыдан шектеп, қаржыны тек негізгі құралдардың ең қажетті объектілеріне бағыттауды мезгейді. Осыдан қолда бар негізгі құралдардың сақталуы мен тиімді пайдаланылуына қатаң есеп пен бақылаудың объективті қажеттілігі туындайды.
Осы курстық жұмысының басты мақсаты- негізгі құралдарды қалыптастыру және кәсіпорында қалай жүргізілуін қамтамасыз ету. Бұл курстық жұмыс ХҚЕС №16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар стандартына сәйкес негізгі құралдың экономикалық мәнін, жіктелуі мен амортизация тәсілдерін, сондай-ақ оларды экономикалық тиімді пайдалануда бухгалтерлік есептің ролін ашады. Негізгі бөлімде негізгі құралдың нарықтық экономикаға көшу жағдайындағы қозғалысын, құжаттармен рәсімделуі қарастырылған. Шаруашылық операцияларын бухгалтерлік есеп шоттырының жұмыс жоспарын қолдана отырып жүргізілген.
I Бөлім.Негізгі құралдарды мойындау
1.1 Негізгі құралдардың түсінігі және жіктелуі
Кәсіпорының қалыпты өндірістік- шаруашылық қызметін қамтамасыз ету үшін негізгі құралдар қажет. Әрбір өндіріс бойынша олардың саны еңбек құралдарын тиімді пайдалану өндірісін ұйымдастырудың және басқарудың прогрессивті нысандарын есепке алумен олардың жоспарлық тапсырмалары мен анықталады. Кәсіпорынның өндірістік шаруашылық қызметіне бірнеше жыл бойы қызмет көрсететін басқа мүліктің бағасы мен еңбек құралдарының бағасы экономикалық ұғымды негізгі құралды құрайды.
Ұзақ пайдалану процесінде негізгі құралдардың құрамы өзгереді: олар кәсіпорынға келіп түседі және пайдалануға беріледі, пайдалану процесінде тозады, жөндеу жолымен қалпына келтіріледі, кәсіпорын ішіне өтеді, ескіру немесе одан әрі пайдаланудың мақсатсыздығы нәтижесінде шығарылып тасталады, сондай-ақ басқа кәсіпорындарға беру. Барлық аталған өзгерістер бухгалтерлік есепте көрініс табады.
Негізгі құралдар- материалдық активтер олар:
1) компания немесе қорларды жабдықтау және қызмет атқару үшін, басқа компанияларға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін қолданылатын;
2) әрбір кезеңнен астам уақыт ішінде қолданылуды болжайды.
Негізгі құралдардың есебінде 4 ең маңызды әрекеттері бар:
- негізгі құралдардың алынған мерзімдегі тіркелген сомасы;
- негізгі құралдардың пайдалану мерзімінде есептейтін тозу ставкасы;
- қабылдап алынғаннан кейін негізгі құралдардың өзгеріп отырған құндары шоттарда қалай көрсетілетінділігі;
- негізгі құралдардың шығарылынуындағы тіркелуі.
Негіізгі құралдар дегеніміз - ұзақ уақыт бойы (бір жылдан астам) материалды өндіріс саласында да, өндірістік емес салада да еңбек құралы ретінде іс-әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі құралдар ХҚЕС №16 Жылжымайтын мүлік, ғимараттар және жабдықтар сәйкес жіктеледі:
:: салалар бойынша;
:: бағыты бойынша:
1) Өндірістік - бұл өндірістік процеске тікелей қатысатын немесе өндірістің негізін құрайтын негізгі құралдар.
2) Өндірістік емес - бұл тұтыну мақсатындағы негізгі құралдар.
:: пайдалану бағыты бойынша түрлер мен түр топтарына:
1) Жер- субъектінің меншік құқығымен алынған жерінің саны мен бағасы.
2) Үйлер- еңбек етуге, тұруға, халыққа әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету және қорларды сақтауға жағдай жасау үшін белгіленген архитектуралық-құрылыс объектілері. Әрбір жеке тұрған үй түгендеу объектісі болып саналады.
3) Ғимараттар- іс-қызмет аясын атқару жолымен өндіріс процесін жүзеге асыруға арналған инженерлік-құрылыстық объектілер.
4) Машиналар мен жабдықтар- әрбір машина егер ол басқа мүліктік объектінің бөлігі болмаса, құрамындағы тетік, құрал-аспаптармен, қоршаулармен, тірек-тұғырымен мүліктік объект болып табылады.
5) Табыстау қондырғылары- электр, механикалық және жылу энергиясы (электр беру желісі, тұрба құбыры) қондырғылары.
6) Көлік құралдары- адамдарды, жүктерді тасуға арналған (теміржол, су, әуе автомобиль көлігі, арба көлігі) тасымал құралдары.
7) Басқа да негізгі құралдар: аспап, өндіріс мүлік пен олардың керек-жарақтары, шаруашылық мүлкі, жұмыс малы және өсімтал мал, көпжылдық көшет егістері, жерді жақсарту жөніндегі күрделі шығындар.
8) Бітпеген құрылыс.
:: иелігі бойынша: меншікті, жалға алынған, уақытша пайдалануда.
:: пайдалану мерзімі бойынша: әрекетті, әрекетсіз, қордағы.
:: мүліктік құрамы бойынша: инвентарлық, инвентарсыз.
:: салықтық нысандар бойынша: топталған, әр топқа өзі шектелген норма белгіленеді.
Негізгі құралдар есебі бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспарында 2400 Негізгі құралдар шотында жүргізіледі.
Иелігіне байланысты негізгі құралдар меншікті және жалданған болып бөлінеді:
Меншікті негізгі құралдар - сол кәсіпорын ие болатын және баланстық есепте ескерілетін негізгі құралдар.
Жалданған негізгі құралдар- бұл басқа ұйым немесе кәсіпорын ие болып, басқа бір ұйымда жалға алу шарты бойынша уақытша пайдаланған негізгі құралдар. Бұл құралдар жалға алушыда баланстан тыс шоттарда есептеледі. Сонымен негізгі құралдар көптеген өндіріс құралдары бойына пайдалынылады, қасиетімен нысанын сақтай отырып, жанама түрде тозады, өзінің құнын жаңадан жасалған өнімге біртіндеп көшіреді.
Қабылданып алынған объект актив ретінде мойындалады , егер
- одан кәсіпорын келешекте экономикалық пайда ала алса;
- егер активтің өзіндік құнының бағалануы кәсіпорынға сенімді болса.
Негізгі құралдар активтердің ең көп көлем мөлшерін құрайды, сондықтан кәсіпорынның қаржылық жағдайын көрсетеді.
Негізгі құралдарды мойындауы үш бағытқа негізделген, олар материалдық формасы болуы, кәсіпорын шаруашылығына қажеттілігі (сатуға арналмағандығы), ұзақ мерзімді пайдалануы. Негізгі құралдарды мойындауы - ол аталып өткендей осы активтен келешекте экономикалық пайда табуды көздеу және өзіндік құнның бағалануының кепілдігі. Егер актив кәсіпорынға табыс әкеле алмаса бұған жасалған шығындар кәсіпорынның есептік кезең шығындарына апарылады. Сондықтан активті мойындау барысында (кіріске алу) анықтап алу қажет: кіріске алардағы немесе айырбас барысындағы шығындарды немесе активті өз күшімен жасалғандағы шығындар сомасын (бағалануын).
1.2 Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны -- ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады). Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу-сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар. жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі).
б) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі).
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапкы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 500000 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы). Үйді бұзуға кеткен шығын 40000 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 20000 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 560000 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (500000+25000+40000-20000+15000=560 000 теңге). Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
1) үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды
жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың
құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша;
2) ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап
шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың
нақты сомасы бойынша;
3) ұйымдар негізгі құралдарды басқа занды тұлғалардан
немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу
актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бүл кәсіпорынның белгілі бір уакыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарынын) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
б) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уакытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.
Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
1.3 Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру
Негізгі құралдардың есебі кәсіпорынның бухгалтериясында жүргізіледі. Олардың талдамалық есебі әрбір түгендеме объектісі бойынша бөлек жүргізіледі. Түгендеме объектісі деп өзінің құрамына кіретін, яғни өзіне тиісті керекті жабдықтармен, саймандармен сатылып алынған, орнатуды керек етпейтін жабдықтарды, салынып біткен және құрылыстарды (үйлері мен ғимараттарды), өздерінің құрылымы (конструкциясы) бойынша жекеленген немесе бірімен-бірі құрылымы бойынша біріктірілген, яғни қосылған, бір зат болып саналып, белгілі бір қызметті атқаратын бұйымдарды айтады.
Кәсіпорындарда негізгі құралдың есебін дұрыс жүргізу үшін және олардың тиісті түрде сақталуын қамтамасыз ету үшін әрбір негізгі құралдарға түгендеме нөмірі беріледі. Ол тұрақты түрде белгіленеді.
Негізгі құралдар тозуына, бұзылуына, басқа ұйымдар мен адамдарға берілуіне, сатылуына, тағы да басқа жағдайларға байланысты есептен шығарылғанда оның нөмірі ұйымның жаңадан кіріске алған негізгі құралдарына берілмейді. Түгендеме нөмірі негізгі құралға бекітілген жетонға немесе құралдардың өзіне бояумен жазылады. Түгендеме объектілерді (заттарды) реттік сериялық жүйесімен нөмірлеу ұсынылады. Мұндай жағдайда әрбір жіктеу тобына кіретін негізгі құралдарға бөлек сериялық реттік нөмірлер белгіленеді, ол сериялық реттік нөмірді негізгі құралдардың қандай жіктелу тобына жататындығын көрсететіндей етіп тағайындаған дұрыс. Негізгі құралдарға бастапқыда берілген түгендеме нөмірі оның түгендеме карточкасында және бір жерден екінші жерге орын ауысуы үшін толтырылатын алғашқы құжаттарда көрсетілуі тиіс.
Кәсіпорындардың бугхталтериясында негізгі құралдардың әрбір объектісіне типтік ведомостволық түгендеу карточка ашылады. Егер жеке бірінсіз-бірі қызмет ете алмайтын бірнеше бұйымдар, саймандар, аспаптар және тағы басқалары қосылып бір түгендеме объектіні кұрайтын болса, онда оның түгендеу карточкасына сол объектінің құрамына кіретін барлық бұйымдардың тізімі жазылады. Егер ұйымның бір бөлімшесіне құралдың (инвентардың), аспаптың немесе басқа да негізгі құралдардың бір түрінің (аты, техникалық сипаттамасы, бағасы бірдей болатын) бірнешеуі бір уақытта келіп кіріске алынса, онда олар түгендеу карточкаларында тобы бойынша есептеледі. Бірақ бұл жоғарыда айтылғандарға қарамастан ол негізгі құралдардың әрқайсысына бөлек түгендеме нөмірі беріледі. Негізгі құралдардың барлық түрлерін, сондай-ақ ұйымға күнтізбелік (календарлық) бір ай ішінде пайдалануға берілген біртектес өндірістік-шаруашылық қызметінің бір түрін орындауға арналған жеке техникалық сипаттамасы мен бағасы бірдей негізгі құралдарды есептеуде үлгілі түрі НҚ-6 ведомоствоаралық түгендеу карточкасы қолданылады. Түгендеу карточкалар ұйымның бухгалтериясында тиісті топтары бойынша тіркеледі.
Негізгі құралдары көп емес шағын ұйымдар мен бірлестіктер өздерінің негізгі құралдарын есептеу үшін түгендеу карточкалардың орнына үлгілі НҚ-11 санды түгендеу кітапшасын пайдалана алады. Бұл кітапша негізгі құралдардың есебін жүргізуге ыңғайлы болып келеді және онда негізгі құралдар жоғарыда айтылған топтары бойынша бөлек есептелінеді. Негізгі құралдарды түгендеу кітапшада есептеген жағдайда түгендеу тізімі жүргізілмейді.
Кәсіпорындарда түгендеу карточкалар немесе түгендеу кітапшалар қабылдау-тапсыру, ауыстыру актілері, техникалық паспортап және басқа да негізгі құралдарды сатып алу сату, салу, орнату, бір жерден екінші жерге ауыстыру, есептен шығару актілері және тағы басқа осылар сияқты құжаттар негізінде толтырылады. Түгендеу карточкалар (жекелік немесе топтық) әдетте әрбір түгендеме объектіге бір ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz