Меншікке қарсы қылмыстар туралы



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3

1 МЕНШІККЕ ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері ... ... ... ...7
1.2 Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 12

2 ТАЛАН.ТАРАЖҒА САЛУДЫҢ ТҮСІНІГІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13

2.1 Талан.таражды теориялық тұрғыдан талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Талан.таражға салудың түрлері және нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Талан.таражға салғандығы үшін қылмыстық жауаптылық ... ... ... ... ... ... ...43


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60
Тақырыптың өзектілігі. 1995 жылдың 30-тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайты, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын танитын Қазақстан 2008 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігінің он сегізінші жылдығын атап өтті.
Бұл тарихи аз ғана кезеңде республикамыз мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық құрылыста бірқатар жетістіктерге ие болды.
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. – Алматы: Қазақстан, 2008.-96б.
2. Қазақстан – 2030. Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы Ел Прездиенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдау// Егемен Қазақстан. – 2009.-
3. Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен демуының стратегиясы. –Алматы, 1997.-34б
4. Қазақстан Республикасың құқықтық саясат тұжырымдамасы// Заң газеті. -200.-2 қазан.
5. Модельный уголовный кодекс для государств –участников СНГ//Правоведение.-1996.-№1.-С.10-15.
6. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі. 27 желтоқсан 1994жылғы өзгертулер мен толықтыруларды қоса. – Алматы: Жеті Жарғы, 2000. – 560 б.
7. Курс советского уголовного права. Особенная часть/ Под ред. А.А. Пионтковского. М., 1959. – 810 с.
8. Ағыбаев А.Н. қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. Алматы: Жеті Жарғы, 2000.-520б
9. Уголовное право. Особенная часть / Под ред. И.Я Козаченко. –М., 1998. -768 с.

МАЗМҰНЫ

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 Меншікке қарсы қылмыстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.1 Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері ... ... ... ...7
1.2 Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...12

2 талан-таражға салудың түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.1 Талан-таражды теориялық тұрғыдан талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ..13
2.2 Талан-таражға салудың түрлері және нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..23
2.3 Талан-таражға салғандығы үшін қылмыстық жауаптылық ... ... ... ... ... ... . ..43
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 58
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..60



КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. 1995 жылдың 30-тамызында қабылданған Қазақстан Республикасының Конституциясында өзін демократиялық, зайырлы,құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайты, өзінің басты байлығы ретінде адамды, оның өмірін, құқықтары мен бостандықтарын танитын Қазақстан 2008 жылдың 16 желтоқсанында тәуелсіздігінің он сегізінші жылдығын атап өтті.
Бұл тарихи аз ғана кезеңде республикамыз мемлекеттік, әлеуметтік және экономикалық құрылыста бірқатар жетістіктерге ие болды.
Алайда,бірнеше онжылдықтар бойы қалыптасып кеткен социалистік қоғамдық қатынастардың нарықтық қатынастар болып өзгеруі, шынайы тәуелсіздікпен мемлекеттік егемендіктің тәжірибеде жүзеге асырылуы жас мемлекет үшін оңай міндет емес екенін көрсетті және түбегейлі өзгеріс процесінде пайда болған қиындықтар, шешімін таппай жатқан мәселелер де аз емес.
Ел дамуының бағдарламалық құжаты - Қазақсатан-2030. Барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеу, қауіпсіздігі және әл-ауқатының артуы атты ел Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында біздің қоғамымыз бен мемлекетіміздің дамуының алдағы жоспарымен негізгі қағидалары бағыттары баяндалған. Сонымен қатар, қазіргі кезеңде көптеген қалыптасып кеткен көзқарастарды өзгерту қажеттілігі, оның ішінде жаңа тарихи жолдағы кедергілермен күресу әдістерін, қоғамға жат құбылыстармен, соның ішінде, әсіресе, қылмыстылықпен күресу әдістерін жаңарту қажеттілігі, жинақталған өмірлік тәжірибемізді жоғалтпау үшін қоғамға, адамға тиімді болған өткен тарихи сара жолымызды қайта саралау қажеттілігі туып отыр.[2, 6 б].
Осы тұста ел Президенті былай деп көрсетеді :"Бүгінгі дамуымыздың келеңсіз сипаттары туралы айта отырып, олардың көпшілігінің уақытша және өтпелі сипаты барын, оның өзі де кеңестік мұра мен өтпелі кезеңнің қиындықтарының салдары екенін атап өту қажет.
Алайда, біз қандай шамада мүмкіндіктерімізді пайдаланып, қауіп-қатердің алдын аламыз, өзіміздің оңымызды еселеп,терісімізді азайтамыз-бұл біздің өзімізге, мақсаттар мен басымдықтарды дәл білуімізге, оларды уақтылы әрі оралымды іске асыруамызға байланысты [2, 11 б].
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев қылмыстылықпен күресуді күшейту қажет екенін ескерте отырып, Заңның шынайы үстемдігін бекіту және заңды құрмет тұтатын азаматтарды қылмыстылықтан қорғауды, керісінше, билік пен заңның барлық күшін заңды жолмен өмір сүруды қамтамасыз етіп жүрген адамдарға қатысты қолдануымыз керек - деп талап етті (3, 34б). Бұл үшін әрине біз қоғам өмірінің барлық салаларында болып жатқан өзгерістерге сәйкес жұміс жасауымыз қажет. Өкінішке орай, біздің республикамызда әлеуметтік - психиологиялық, әлеуметтік - экономикалық, жағымды әлеуметтік көріністерге кері әсерін тигізетін келеңсіз құбылыстар аз кездесіп жатқан жоқ. Құқық қорғау жүйесінде соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан негізгі реформалар осындай жағымсыз құбылыстарды ауыздықтауға бағытталған.
Келеңсіз құбылыстардың ең қауіпті жақтарының біріне қылмыстылық жататыны белгілі. Кейбір көрсеткіштердің динамикалық тербелістеріне қарамастан, қылмыстылықтың деңгейі әлі де жоғары болып тұр. Қазақстан Республикасы бойынша 1991-2003 жылдарға дейінгі кезеңде шамамен алғанда тұрғылықты халықтың 15 миллионына шаққанда қылмыстардың саны мынадай: 173858 (1991 жылы), 200873 (1992 жылы), 206006 (1993 жылы), 201796 (1994 жылы), 183913 (1995 жылы), 183977 (1996 жылы), 162491 (1997 жылы), 143000 (1998 жылы), 138272 (1999 жылы), 150790 (2000 жылы), 152168 (2001 жылы), 135150 (2002 жылы), ал 2006 жылы - 138980 қылмыс орын алған.
Байқап отырғанымыздай, соңғы жылдары қылмыстардың жалпы саны азайғанымен ол қылмыстар қоғамдық қауіптілігінің аса ауырлығымен сипатталатындығы көрсетеді. Нақтырақ айтсақ қылмыстылықтың аса ауыр және ұйымдасқан түрлері көбеюде.
Бүгінгі күні қылмыстылықтың ерекше бір ұясы қоғамның экономикалықсаласы болып отыр, өйткені нақ осы сала нарық өмірінің ең маңызды құралы болып табылады емес пе? Сондықтан да, 1997 жылы қабылданған Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар арнайы тарау болып орынды бөлінген.
Тағы бір аса ерекше атап өтетін жайт: кез - келген экономикалық қызмет, ең алдымен, елдегі бар материалдық, қаржылық және өзге де қорларға негізделген. Міне , сондықтан да бұл қиындықтарды қылмыстық қол сұғушылықтардан қорғау мемлекеттің аса маңызды міндеттерінің бірі болып қала бермек.
Бұлардың барлағы экономика мен қаржы саласында қорғау, басқару және есепке алу мен материалдық құндылықтарды сақтау мәселелерін түп- тамырымен өзгертуді қажет етеді. Өкінішке орай, жоғарыда атап өткеніміздей, елімізде әлі жеке адамның немесе мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан- таражға салу аз емес. Оның үстіне, сараптама көрсеткендей соңғы жылдары талан - тараждан келген материалдық залалдың жалпы саны мен көлемінің өсуі байқалады.
Әсіресе, 1999 жылдан бастап тек қана жалпы көлемі емес бөтен біреудің игілігіндегі мүлікті талан - тараж етудің нысандары өсуде. Мысалы, 2003 жылдың өзінде бөтен біреудің мүлігін иеленіп алу және ысырап етушіліктің саны 1998 жылға қарағанда жарты есе, жалпы ұрлық ішіндегі алатын орны 40 пайызға жетті. Басқа сөзбен айтқанда бөтеннің мүлкін талан- таражға салудың бұл түрлері соңғы 6 жылдың ішінде екі есе өсті. 2005 жылы Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 176- бабы бойынша небәрі 2654 қылыс тіркелген, оның ішінде сотқа жіберілгені 1695 санын құрайды.
Сондықтан да Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылдың 20 қыркүйегіндегі №949 жарлығымен мақұлданған Қазақстан Республикасының саясат тұжырымдамасында былай деп атап көретілген: Экономиканы мемлекеттік реттеу саласындағы заңдылық экономиканы мемлекеттік реттеу механизмін дайындау саласындағы қатынастарды реттеуге және оның қызмет етуіне қолайлы жағдай туғызуға бекемделген.
Экономика саласын шынайы түрде ары қарай дамыту қазіргі заң күші бар нормативтік құжаттарға өзгерістер енгізуді қажет етеді(4).
Елімізде жаңа Қылмыстық Кодекстің қабылданғанына бірнеше жыл өтсе де, бөтеннің мүлкін иелену және оны талан - таражға салу істері бойынша сотық тергеу және алдын алу тргеу тәжірибесі жөнінде ғылымисараптама жасалған жоқ, бұл тақырыпқа арнайы зеттеулерде болған жоқ. Мұндай қылмыстардың құрамы жөнінде де, жауаптылықтың негіздері меншегі жөнінде де терең зерттеулер болған жоқ. Мұндай әрекеттердің жағдаы, динамикасы және құрамы, негізгі себептері менмұндай қылмысты жасау жағдайлары, қылмыскердің жеке басының ерекшкліктері және талан - тараж қылмыстарының алдын-алу шараларының жүйесі анықталмаған. Осы аталғандар біздің дипломдық жұмыстың тақырыбымыздың өзектілігіне күмән келтірмейді.
Бөтеннің меншігіне қылмыстық қол сұғудың жалпы түсінігі мен қылмыстық - құқықтық мәселелері, меншікті талан-таражға салудың алдын алу, тағы да басқа қырлары біздің елімізде бірсыпыра ғалымдардың еңбектерінде белгілі шамада қаралғанды (А.Н. Ағыбаев, А.Айқынбаев, Е.О. Алауханов, Н.М. Әбдіров, З.О. Әшітов, Ғ.Ы. Баймурзин, Қ.Ә. Бегалиев, И.Ш. Борчашвили Н.О. Дулатбеков, С.Е. Еркенов, Р.Е. Джансараева, Ч.С. Жекебаев, Б.Ж. Жүнісов, А.А. Исаев, С.А. Исимов, Е.I. Қайыржанов, М.Ч. Қоғамов, К.Ш. Құрманов, С.С. Молдабаев, Ш.Б. Маликова, М.С. Нарықбаев, Р.Т. Нұртаев, Б.М. Нұрғалиев, Е.Ә. Оңғарбаев, С.М. Рахметов, И.И. Рогов, Г.Р. Рүстемова, Л.Ч. Сыдықова, С.Ә. Темірбеков, Б.Х.Төлеубекова, Қ.Х. Халиков, Р.О.Орынбаев және т.б Қазақстан Республикасы бойынша Ж.Г калиешева және Г.М. Атаханова осы тақырыпта өздерінің кандидаттық диссертациясын қорғады.
Бұл тақырыптың объектісіне - бөтеннің мүлкіне қол сұушықлық үшін жауаптылыққа тарту негіздері мен жағдайларын реттейтін құқықтық қатынастар болып табылады.
Зерттеудің затына - бөтеннің мүлкін иеленіп алу арқылы талан - таражға салуға себеп болатын деректер, қылмыстық жауаптылықтың жағдайлары және бұл қылмыстардың алдын алу шаралары жатады.
Дипломдық жұмыстың мақсатына - бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың жалпы криминологиялық және қылмыстық- құқықтық сипатын анықтау және осының негізінде олардың алдын алу шараларының жүйесін,оның ішінде бұл қылмыстар үшін қылмыстық жауаптылықты қарастыратын норманың құрамын жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасау болып табылады.
Міндеттері - жаңа Қылмыстық кодексті қолдану кезінде бөтеннің мүлкін талан - таражға салудың жағдайларын, құрылымын және өсуін зерттеп анықтау; меншікке қарсы пайдақорлық мақсатпен талан - таражға салу қылмыстарын бір - бірінен ажырату ерекшеліктерін анықтау. Маңызын анықтау болып табылады. Түрлерінің маңызын анықтап зерттеп, талдау болып табылады.
Зерттеуге ұсынылатын негізгі тұжырымдар мен ұсыныстар: талан - тараждың ең көп тараған әдістері: жалықысынан және әртүрлі қосымша төлемдерден ұстап қалу, жалған құжаттар жасау арқылы зейнетақы мен жердәмақыларды артық есептеп алу; әртүрлі көзбояушылықтар және құлықтар арқылы бюджет қаражатын, мүліктерді жеке меншіктеп иеленіп кету және тағы да басқа әдістерінің алдын алу мен қылмыстық жауаптылықты күшейту.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Дипломдық жұмыс: кіріспеден, негізгі екі тараудан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Меншікке қарсы қылмыстар
Меншікке қарсы қылмыстардың жалпы сипаттамасы және түрлері (түсінігі және белгілері)
Меншік құқығы меншіктің өзі сияқты қоғамдық өмірде негізгі орынның бірін алады. Меншік қатынасын нормативтік реттеу Қазақстан Республикасының қалыптасуының барлық кезеңінде жүрді. Тарихи тұрғыда Қазақстан біршама уақыт Ресей империясының одан кейін КСРО болып, тек 1991 жылы ғана тәуелсіз мемлекет болды. Республикада меншік құқығы туралы нормативтік ережелер айтылған мемлекеттегі қалыптасқан ағымға бағынышты еді. Меншік иесі құқығы күшінің шектелген саны белгілі бір ауқымнан шықпайға әрі бақыланбауға тиіс болады, ал меншік иесінің меншікке қатысты құқығы болса, тар ауқымда қатаң түрде шектеліп отырды. Мегшік жек бастың еркіндігі ұғымынан туындайтын табиғи құқықты байланыстырғыш ретінде байқалды. Жеке адамның меншгікке егеменді мемлекеттің өктемдігіне қарсы неғұрлым тиімді тосқауыл ретінде қарастырылды. Мемлекеттің шексіз билігін шектеуді, ағатру, рационалдық және саяси ойдық жаратылыстану-құқықтық мектептеріндегі өркениетті қоғамның институттық негізі ретінде қабылдады.
Қазақстан Республикасында меншік құқығы жөніндегі нормативтік ережелердің азаматтық - құқықтық дәстүр аясында туындағаны сөзсіз. Әйтсе де сыртқы сипаттағы белгілі бір тарихи себептерге байланыты өзіндік ерекшелігі болады. Ол негізінен мына кезеңдерге бөлінген:
1) революцияға дейінгі кезең - ХХ ғасырдың екінші жартысынан 1917 жылды қоса;
2) кеңестің кезең - 1917 жылдан бастап, 20 ғасырдың 80 жылдарының соңы;
3) кеңестен кейінгі кезең - 80 жылдардың соңынан қазірге дейінгі уақыт. Қазақстан Республикасының Конституциясы бойынша Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік жеке меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады (6-баптың 1-тармағы). Меншік субьектілері мен обьектілері, меншік иелерінің өз құқықтарын жүзеге асыру көлемі мен шектері, оларды қорғау кепілдіктері заңмен белгіленеді (1).
Қазақстан республикасы Азаматтық кодексінің 188-бабына сәйкес меншік құқығы дегеніміз-субьектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы болып танылады (6, 112б).
Меншік иесі өзіне тиесілі мүлікке қатысты өз қалауы бойынша кез келген әрекеттер жасауға, соның ішінде бұл мүлікті басқа адамдардың меншігіне беріп, иелігінен шығаруға, өзі меншік иесі болып қала отырып, оларға мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету жөніндегі өз өкілеттігін тапсыруға, мүлікті кепілге беруге және оған басқа да әдістермен ауыртпалық түсіруге, оларға өзгеше түрде билік етуге құқылы. Осыған байланысты меншік иелерінің заңды құқықтары азаматтық құқықтық нормамен, сондай-ақ меншік құқығына қоғамға қауіпті іс-әрекет арқылы қиянат жасалғанда қылмыстық құқық нормасы арқылы да қорғалады.
Меншікке қарсы қылмыс-мүліктің меншік немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қауіпін тудырумен байланысты қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекеттерді айтамыз.
Меншікке қарсы қылмыстың болып азаматтық құқық бойынша меншік обьектілері деп танылған кез-келген бұйымдар мен мүліктер танылады.
Меншікке керек қылмыстық затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер заттар жатады. Сондай-ақ ақша, бағалы қағаздар, айналымнан алынбаған басқс да қозғалатын немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісі меншіктер қатынасы, яғни жеке немесе ұжымдық тұтынуға, не өндірістік қызметті жүзеге асыруға арналған материалдық игіліктер бөлу саласындағы қоғамдық қатынастар болып табыламы.
Меншікке қарсы қылмыстардың тектік объектісін меншік деп қарастыруға болады. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексінде сәйкес меншік құқығы дегеніміз - субъектінің өзіне тиесілі мүлікті иемденуге, пайдалануға, оған билік жасауға құқығын заң актілерінің мойындауы және қорғауы. Меншік иесінде өз мүлкін иелену, пайдалану және оған билік жасау құқығы болады. Меншікке қарсы қылмыстар туралы тараудағы заң нормалары мен қорғалатын тікелей объект ретінде меншіктер қатанасының мәнін осы құқықтар құрайды.
Иелену құқығы дегеніміз - мүлікті іс жүзінде иелену мүмкіндігінің заң мен қамтамасыз етілуі. Бұл құқық адамның мүлікке өз қалауынша ықпал ету мүмкіндігін құрайтын мүлікке нақтылы ие болуды білдіреді. Мысалы, мемлекет жерге, оның қойнауына, су ресурстарына, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне жәнә т.б ие болды, азамат жеке автомобильге, жиһазға және т.б ие бола алады.
Иелену құқығы заңмен қорғалады. Мүлікті иелену құқығыбасқа адамға берілуі мүлкін. Мысалы, коммисия, сақтау және т.б шарттар бойынша коммиссионер берілген мүліктің сақтаушысы, заң нгізінде иелену құқығын және т.б құқықтарды жүзеге асырады.
Пайдалану құқығы дегеніміз- мүліктен оның пайдалы табиғи қасиеттерін алудың, сондай-ақ одан пайда табудың заң жүзінде қамтамасыз етілуі. Пайдалану кезінде меншік иесінің өзіне тиесілі мүлікті кәдеге жаратуы өзінің тұтынушылық сезімін қанағаттандыру үшін одан пайда табуы қажет. Мысалы, адам кіржуғыш мақсатына өзінің шаруашылық мақсаттарына пайдаланса, ал азық түлік өнімдерін қоректену үшін пайдаланады және т.б.
Қылмыстық құқық нормасы бойынша меншік иесінің құқығы меншік нысандарына қарамастан қылмыстық құқыққа қол сұғушылықтан тең қорғалады. Меншік нысандарының барлық түрлерінің қылмыстық құқықтық жауаптылықтың негізін, шегін және қолданылатын санкция түрлерін бірдей етіп белгілеген. Меншік нысандарының тең қорғалуы үшін: қылмыстық заң біріншіден- әр түрлі меншік нысандарына, қол сұғылатын ұқсас іс- әрекеттерді бірыңғай саралауды белгілеген; екіншіден - меншікке оның нысандарына қарамастан қол сұғушылық үшін - қылмыстың ауырлататын немесе аса ауырлататын белгілерін де бірдей; үшіншіден меншік нысандарына қарамастан оған қылмысты қол сұғушылық үшін заңда жазаның бірдей түрлері және шегі белгіленген.
Әлеуметтік құндылықтар жүйесінде меншікке құқық адамның әлеуметтік игіліктерінің ішіндегі ең маңыздысы ретінде саналады. Сондықтан да кең мағынада алғанда бұл игілікке қол сұғушылық адамның өз басына қол сұғушылықпен папапар. Меншікке қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.
Меншікке қарсы қылмыстарды кейде мүліктік қылмыстар деп те атайды. 1922 және 1926 жылдардағы Қылмыстық кодекстердің тиісті тарауларының тақырыптары осылай деп аталған. Бұл түсінік бірдей, себебі меншікке қарсы жасалған қылмыстардың көпшілігінің заты мүлік болып табылады. (7,87 б).
Меншікке қарсы қылмыс деп - мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып немесе залал келтіру қаупін тудырумен байланысты Қылмыстық кодексте көзделген нысандар арқылы жасалатын қасақаналық немесе абайсыздық іс-әрекетттерді айтамыз (8, 140б).
Меншікке қарсы қылмыстардық топтық объектісі меншік иесінің иелену, пайдалану немесе оған билік ету құқығын құрайтын меншікке байланысты қоғамдық қатынастар болып табылады.
Осы топқа кіретін қылмыстардың тікелей объектісі - меншіктің нақты бір нысаны - мемлекеттік, қоғамдық ұйымдардың, бірлестіктердің немесе басқа да ұйымдардың жеке тұлғалардың меншігіне қол сұғу болып табылады. Меншіктің нақты нысаны қылмыстық жауаптылыққа және адамның мінез құлқын саралауға әсерін тигізбесе де, қылмысты іс бойынша анықталуы міндетті болып табылады. Себебі, біріншіден, қылмыстық іс бойынша дәлелдеу затының міндетті элементі; екіншіден, кейбір ауырлататын белгілерді тануға әсерін тигізеді.
Қылмыстық заңның Ерекше бөлімін талдап қарасақ,қылмыстың тікелей объектісі бөтеннің мүлкі екендігі туралы қорытынды жасасақ болады. Меншікке қарсы қылмыстардың қылмыстық қорғау объектісі ретінде өз мүлкі бола алмайды. Өз мүлкіне қатысты әрекеттер, егер де олар басқа азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтар мен мүдделерін бұзған жағдайдағана заңсыз деп танылады. Бірақ та, бұл жағдайда қылмыстық құқықтық қорғаудыңобъектісі меншік қатынастар емес, басқа игіліктер - қоғамдық тәртіп, қоғамдық қауіпсіздік, азаматтардың өмірі мен денсаулығы қарастырылады.
Талан - тараж қылмыстарының құрамында меншік қатнастары негізгі тікелей объект ретінде қарастырылған. Меншікке қарсы кейбір қылмыстар көп объектілі болып есептелінеді. Яғни, оларды жасау барысында өмірге, денсаулыққа зиян келтіріледі. Оларға: тонауды, қарақшылықты, қорқытып алушылықты, автокөлікті заңсыз иеленуді жатқызамыз.
Меншікке қарсы қылмыстардың заты болып - азаматтық құқық бойынша меншік объектісі деп танылған кез келген бұйымдар мен мүліктер танылады. Осыған байланысты интеллектуалдық қызметтің нәтижелері де меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде қарастырылады. Ресей Федерациясының Қылмыстық кодексіне сәйкес, интеллектуалдық меншіктің өнімдері азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарына қарсы қылмыстар тарауында қарастырылған (9,191б). Бұл тұрғыдан отандық заң шығарушының позициясы орынды деп есептейміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың затына адам еңбегі арқылы жасалған кез келген материалдық дүниелер, заттар жатады. Осыған байланысты адамның ақыл-ойы, идеясы, заттық белгісі болмағандықтан осы қылмыстардың заты болып табылмайды. Сондай - ақ заттық белгісі жоқ болғандықтан электр немесе жылу энергиясы да меншік затына жатпайды. Меншікке қарсы қылмыстардың затына - ақша, бағалы қағаздар, сондай - ақ азаматтық айналымнан алынбаған басқа да қозғалмалы немесе қозғалмайтын мүліктер жатады. Жер қойнауы, су көздері, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, басқа да табиғи ресурстар, республикалық бюджет қаражаты, мемлекеттік қазына, алтын, алмас, валюта қоры, мәдениет және табиғат есекерткіштері меншік затына жатпайды.
Осылайша, меншікке қарсы қылмыстардың заты ретінде - заттар, яғни ақша, бағалы қағаздар, кейбір кезде мүліктік құқықтар, интеллектуалдық қызметтің нәтижелері, яғни азаматтық айналымнан алынбаған басқа да жылжитын немесе жылжымайтын мүліктер қарастырылады.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өзінің немесе басқа адамның пайдасына заңсыз тегін айналдыру үшін құқыққа қайшы түрде алып қою арқылы сипатталады.
Меншік иесіне немесе өзге де иеленушіден кінәлі адамның бөтеннің мүлкін өз иелігіне заңсыз алуын алып қою деп білеміз.
Меншікке қарсы қылмыстардың объективтік жағы материалдық қылмыс құрамдарының көмегімен құралған. Олардың объективтік жағы негізгі үш элементтер тұрады: іс-қимыл; нәтиже және іс - қимыл мен нәтиженің арасындағы себепті байланыс. Тек қарақшылық құрамының аяқталу кезеңі алғашқы қылмыстық қызмет сатысына көшірілгендіктен келте қылмыс құрамы ретінде берілген. Яғни, қылмсытың объективтік жағының міндетті белгісі болып қылмсытық іс - қимыл қарастырылған. Қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену (185-бап) формальдық қылмыс құрамы болып табылатындықтан олардың аяқталу сәті заңда көрсетілген құқыққа қайшы іс-әрекеттерді істеген уақыттан бастап, қылмыстың зардабының болуына қарамастан - ақ аяқталған қылмыс деп танылады.
Меншікке қарсы қылмыстарда іс - қимыл көбінесе белсенді әрекет сипатында болады. Тек қан аалдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру әрекетсіздік арқылы жасалады. Мүлікті абайсыздықта жою немесе бүлдіру барысында да әрекетсіздік болуы мүмкін. Қылмыстық нәтиже әр уақытта да материалдық сипатта болады да мүліктік зиян келтіруден көрінеді. Өп жағдайда қылмыстық нәтижені меншік иесіне немесе өзге де адамдарға келтірілген нақты залал құрайды. Тек қана алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру кезінде залал жіберіліп алынған табыс нысанында болуы мүмкін.
Меншікке қарсы қылмыстардың көпшілігінің объективтік жағының міндетті белгісі - қылмысты жасау әдісі (күш қолданып, күш қолданбай, жасырын немесе ашық) болып табылады.
Меншікке қарсы қылыстардың тек біреуі ғана абайсыздық нысанындағы кінәмен жасалады - ол бөтеннің мүлкін абайсызжа бүлдіру немесе жою арқылы жас алған қылмыс, ал қалған қылмыстар тек қасақаналықпен жасалынады.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъектісі болып жалпы ереже бойынша - жалпы субъект болып танылады. Тек бір қылмыста ғана - бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету қылмысында ғана арнайы субъект болады. Ал қалған кейбір қылмыстарда арнайы субъект ауырлататын белгі ретінде берілген. Мысалы, адамның қызмет бабын пайдаланып алаяқтық жасауы.
Меншікке қарсы қылмыстарда қылмыстық жауаптылық 2 түрлі жас мөлшерінде тағайындалады. Біріншісіне - 14-ке толған адамдар. Бұған жататындар: ұрлық (175-бап), тонау (178-бап), қарақшылық (179-бап), қорқытып алушылық (181-бап), ауырлататын мән-жайлар кезінде автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатын көздемей заңсыз иелену (185-баптың 2, 3, 4 - тармақтары), ауырлататын мән - жайлар кезінде мүлікті қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 2, 3-тармақтары) үшін қылмыстарды істеу.
Ал 16-ға толған адамдар сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп алғаны немесе ысырап еткені (176-бап), алаяқтығы (177-бап), ерекше құнды заттарды ұрлағаны (180-бап), алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіргені (182-бап), көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алғаны немесе сатқаны (183-бап), авторлық және сабақтас құқықтарды бұзу (184-бап), өнертабыстарға пайдалы модельдерге , өнеркәсіптік үлгілерге, селекциялық жетістіктерге немесе интегралдық микросхемалар топологияларына құқықтарды бұзу (184-1-бап), автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иеленгені (185-баптың 1-тармағы), жерге заттай құқықтарды бұзғаны (186-бап); ауырлатпайтын жағдайда бөтен адамның мүлкін қасақана жойғаны немесе бүлдіргені (187-баптың 1-тармағы); бөтен адамның мүлкін абайссызда жойғаны немесе бүлдіргені (188-бап) меншік құрамдарын істегені үшін қылмыс субъекетісі болып танылады.
Меншікке қарсы қылмыстар субъективтік жағынан негізінен кінәлінің тікелей қасақаналық түрі арқылы жүзеге асырылады, тек бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188- бап) кінәнің абайсыздық нысаны арқылы істеледі.
Мүлікке қарсы қылмыстар қылмыс құрамының субъективтік белгілеріне байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді. Пайда табу мақсатындағы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгісі - пайда табуды көздеу немесе сондай себептер. Сонымен қатар, пайда табу мақсатындағы қылмыстарды, олардың объективтік жақтарының белгілеріне қарай, мүлікті алумен байланысты талан - таражға салу деп аталған қылмыстарға және талан - таржбен байланысты емес қылмыстарға бөлуге болады. Қазақстан республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес талан - таражға - ұрлық, алаяқтық, бөтеннің мүлкін иелену және ысырап ету, тонау, қарақшылық және ерекше құнды заттарды ұрлау жатқызылады.
Талан - таражбен байланысты емес қылмыстарды: қорқытып алушылық, алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік зиян келтіру, көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату, автомобильді немесе өзге де көлік құралдарын ұрлау мақсатынсыз заңсыз иелену қылмыстары құрайды.

0.1 Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодкексінің Ерекше бөлімінің 6-тарауы Меншікке қарсы қылмыстар бөліміне берілген. Осы бөлімдегі меншікке қарсы қылмыстардың жалпы түсінігін біз алдыңғы тарауды айтып кеттік, енді осы меншікке қарсы қылмыстарды жіктесек. Бұл қылмыстар өзінің субъективтік белгілеріне байланысты пайда табу мақсатында және пайда табу мақсатынсыз болып бөлінеді.
Меншікке қарсы қылмыстардың субъективтік жағының міндетті белгілеріне - пайдакүнемдік ниет және мақсат жатады.
Меншікке қарсы қылмыстар іс-әрекеттің істелу тәсіліне және қылмыстық ниетке қарай бірнеше түрге бөлінеді.
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің 6-тарауындағы қылмыстар пайдакүнемдік ниеттің орын алғандығына менмесе жоқ болуына байланысты пайдакүнемдік немесе пайдакүнемдік емес болып бөлінеді. Өз кезегінде пайдакүнемдік қылмыстар талан-тараждар және меншікке қарсы басқа да пайдакүнемдік қылмыстар болып екі топқа бөлінеді:
Талан-таражға - ұрлық (175-бап), тонау (1178-бап), қарақшылық (179-бап), алаяқтық (177-бап), сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иеленіп кету немесе ысырап (176-бап) жатады.
Меншікке қарсы басқадай пайдакүнемдік қылмыстарға ерекше құнды заттарды талан - таражға салу (180-бап), қорқытып алушылық (181-бап); Меншікке қарсы басқадай пайдакү - немдік қылмыстарға ерекше құнды заттар - ды талан-таражға салу (180-бап); қорқытып алушылық (181-бап); автомобильді немесе көлік құралдарын ұрлау мақсатын - сыз заңсыз иелену (185-бап); интеллектуалдық меншік құқықтарын бұзу (184-бап); алдау немесе сенімге қиянат жасау жолымен мүліктік залал келтіру (182-бап); көрінеу қылмыстық жолмен табылған мүлікті сатып алу немесе сату (183-бап); жерге заттай құқықтарды бұзу (186-бап) жатады.
Меншікке қарсы пайдакүнемдік емес қылмыстарға бөтен адамның мүлкін қаса- қана жою немесе бүлдіру (187-бап); бөтен адамның мүлкін абайсызда жою немесе бүлдіру (188-бап) құрамдары жатады.
талан-таражға салудың түсінігі
Талан-таражды теориялық тұрғыдан талдау
Талан - таражға салудың дәлме - дәл анықтамасын беру осы қылмыстардың мәнін анықтауға, қылмысты дұрыс саралауға, талан-таражға салудың жекелеген ажыратуға, сондай-ақ осы қылмыс түрлерімен табысты түрде күрес жүргізуге және заңдылықты сақтауға мүмкіндік береді. Күші жүріп түрған заңдарға сәйкес талан-тараж үғымы - топтық үғым, себебі оның негізгі элементтерінің сипаттамасы талан - таражға салудың барлық нысандарына тән белгілерді айқындап, біріктіруге мүмкіндік береді. Күші жүріп түрған заңда талан - таражға салудың ұғымын беру барысында ескі заңдардың тәжірибесі, сондай - ақ қылмыстық құқық ғылымында берілген анықтамалар қолданылған.
Қылмыстық құқық теориясы мен тәжірибесінде соңғы уақытқа дейін талан - таражға салудың біртұтас анықтамасы кездеспеген болатын. Бұл жагдайдың себебін заңдарға талдау жүргізу арқылы іздестіріп көрейік.
КСРО және одақтас республикалардың қылмыстық заңдары талан -тараж ұғымын кең түрде қолданғанымен де, бүл ұғымды заңда бекітпеді [11, 121 б]. Талан - таражға салудың ұғымы кылмыстық қүкық ғылымында теориялық деңгейде қалыптастырылды. Яғни, талан - тараждың біртұтас ұғымының болмауы соттардың біртектес қылмыстық істерді қарау барысында әртүрлі шешімдер қабылдауларына әкеліп соқтырды. Бүл жағдай құқық қорғау органдарының меншікке қарсы қылмыстармен ойдағыдай күрес жүргізулеріне елеулі дәрежеде кедергі келтірді деп айтпасымызға болмайды.
Отандық тәжірибеге сүйенсек, талан - таражға салудың толық үғымы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сот Пленумының 25 шілде 1996 жылғы №9 каулысында берілген. Осы қаулының бірінші тармақшасына сәйкес бөтен біреудің мүлкін талан - таражға салу деп - меншік иесінін мүлкін пайдақорлық мақсатпен заңсыз тегін алуды және оны өз пайдасына немесе басқаның пайдасына айналдыруды - бөтеннің мүлкін талан-таражға салу деп түсіну керек. Бұл орайда бөтеннің мүлкі жасырын да, ашық та, алаяқтық, қорқытып алу, меншіктену, жұмсап кою немесе кызмет бабын пайдаланып қиянат жасау жолымен де талан-таражға салынуы мүмкін[11, 70б].
Қазіргі таңда алғаш рет заң деңгейіндегі талан - таражға салудың толық көлемдегі және кеңейтілген анықтамасы 1997 жылы 16 шілдеде қабылданған Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде берілген. Яғни, ҚК - тің 175-бабының ескертуінің 1 тармақшасына сәйкес: осы Кодекстің баптарында ұрлық деп пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне залал келтіре отырып айыптының немесе басқа адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алып қою және айналдыру танылады. Берілген ұғым талан - таражға салудың белгілерін анықтау, оларды бір - бірінен ажырату және осы қылмыстармен табысты күрес жүргізу үшін маңызды және басты ұғым болып табылады. Заң деңгейінде берілген талан - таражға салудың ұғымын карастырған кезімізде, бұл үғымды қалыптастыруға түйткі болған ғалым - заңгерлердің козқарастарына назар аудармауымызға болмайды. Қазіргі кезде талан - тараж ұғымының мәселесіне байланысты екі негізгі көзқарас орын алып отыр. Бұл теориялар Г.А. Кригер және В.А. Владимировпен берілген.
Г.А. Кригердің пікірі бойынша талан - тараждың ұғымы осы қылмыстардың белгілерін жалпылайтын ұғым болуы қажет. Яғни, талан -таражға салу деп - мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың қорларындағы мүлікті пайдақорлық мақсатпен қылмыстық иелену немесе үшінші жақтарға беру [13, 726].
Г.А. Кригермен берілген талан - тараждың ұғымын ҚР ҚК берілген үгыммен салыстырып қарастырсақ қылмысты жүзеге асырған әрекетке және талан-тараждалған мүлік тиісті адамдарға қатысты кейбір айырмашылықтарды көруімізге болады.
Талан - тараждалған мүлік тиісті адамдарға қатысты айырмашылықтарға қатысты, қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде жәбірленуші ретінде меншік иесін және мүліктің өзге иеленушісін таниды. Г.А. Кригер жобірленуші ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық үйымдарды, олардың қорларын түсінеді [13, 172 6].
Бұл айырмашылықтың болуын уақыттан іздеуіміз керек. Себебі: КСРО кезінде жеке меншік мемлекеттік меншікпен бірдей қүқықтык мәртебеге ие емес болатын. Қорлар ұғымы экономикалық категория болғандықтан біркелкі мағынада қолданылмайды. Бұл термин қандай да болмасын ұйымның мүлкі туралы айтылған кезде шын мәнісінде де қолданылады. Бірақ, иелігіңде нақты мүлкің болмаса да, белгілі бір қорға ие болуға болады. Осыған байланысты Г.А. Кригермен берілген жәбірленушіге қатысты үғым шектелген болып табылады. В.А. Владимировпен берілген ұғымдамда жәбірленуші ретінде мемлекеттік немесе қоғамдық ұйымдардың корлары емес, тікелей мемлекет немесе қоғамдық ұйымдар танылады [14, 1216].
Бұл жағдайда мемлекет немесе қоғамдық ұйым түріндегі нақты жәбірленуші бар.
Әрекетке қатысты айырмашылықтарға келетін болсақ, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің талан - тараж бөтен мүлікті кінәлінің немесе үшінші жақтардың меншігіне алу немесе айналдыру жолымен жасалынады деп бекіткен. Г.А. Кригер талан - таражды иелену немесе үшінші жактарға мүлікті беру деп түсінсе, [13,1116] В.А. Владимиров мемлекеттің немесе қоғамдық үйымның иелігінен мүлікті күқыққа қайшы алу және ұрланғанды өз меншігіне айналдыру мақсатында қайтарымсыз түрде алу деп түсінеді [14, 876].
Осылайша, талан - тараж үғымын анықтау барысында ғалымдар және заң шығарушы арқылы әртүрлі терминологиялық базис колданған. Жоғарыда келтірген әр терминіміздің дара мағыналық жүктемесі бар. Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасында қолданылған ұрлау тсрминінің өзі де өте ұтымды емес. Себебі орыс тіліндегі нүсқада берілген хищение термині қазақ тіліндегі нұсқада тоны айналдырылып ұрлау болып кеткен. Яғни, заң шығарушы топтық ұғымды жеке - дара ұғыммен бір Деңгейде қарастырған. Олай айтып отырған себебіміз ұрлау бөтеннің мүлкін талан-таражға салудың бір нысаны ғана болып табылады. Сондықтан да біз Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 175-бабының ескертуінің 1-тармақшасында берілген талан - таражға салудың анықтамасын былай деп беруді ұсынамыз: Талан - таражға салу дегеніміз -пайдакүнемдік мақсатта бөтен мүлікті осы мүліктің меншік иесіне немесе өзге иеленушісіне зиян келтіре отырып, кінәлінің немесе баска адамдардың пайдасына заңсыз, қайтарымсыз алу немесе айналдыру.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде және ғалымдар арқылы берілген талан - таражға салудың үғымында адамды талан - тараж үшін жауаптылыққа тартудьщ мәнді шарты болса да, жәбірленушінің мүлікті иеленуінің заңдылығы көрсетілмейді. Осыған байланысты тәжірибе жүзінде жиі кездесетін жағдай мүліктің заңсыз иеленушіден алынуы, яғни, ұры ұрыдан ұрлайды. Бір жағынан алып карастырсақ, бұл әрекеттер құқыққа қайшы, егер де олар мүлікті меншік иесіне, заңды иесіне не болмаса құқық қорғау органдарына қайтару мақсатын көздемесе. Осы жағдайға байланысты сот тәжірибесіне талдау жүргізіп байкайық. Жоғарғы Сот Пленумының қаулысына сәйкес алынған мүлік адамның заңсызиелігінде болса да кінәлінің әрекеттерін бөтен мүлікті талан - таражға салу ретінде саралау қажет деп көрсетілген [11,716].
Заң шығарушы деңгейінде берілген талан - тараждың анықтамасында талан - тараж меншік иесіне немесе өзге де иеленушіге зиян келтіруі қажет дегн талап бар. Келтірілген зиян алынған мүліктің мөлшерімен анықталады. Осыған байланысты назар аударатын келесі мәселеміз: заң шығарушы қылмыстық істі қозғау үшін заңды тұлғаларға катысты ұрланған мүліктің құны 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болмауы қажет деп есептейді. Яғни 10 айлық есептік көрсеткіштен кем болса, ұсак мөлшердегі талан-тараж деп есептелінеді. Осыған байланысты келесідей түсініксіз жағдайлар тууы мүмкін.
Біріншіден, бұл жағдайда меншік иесіне келтірілген қай зиянныңбағаланатындығы түсініксіз: тек қана мүліктік немесе моральдык зиянның құны есептеліне ме? Мысалы, талан-тараждалған заттың құны шамалы болғанымен де ол меншік иесіне немесе өзге де иеленушісіне өте бағалы болуы мүмкін.
Екіншіден, жай талан - таражға салудың мөлшері тек заңды тұлғаларға қатысты ғана көрсетілген. Ал жеке түлғаларға катысты мәселе қалай шешіледі.
Осы мәселелерге қатысты біздің қорытындымыз: Келтірілген зиянның мөлшерін анықтауға байланысты меншік иесіне келтірілген тек мүліктік зиян ғана ескерілуі қажет. Ал моральдық зиян азаматтық құқықтық тәртіпте қарастырылуы қажет.
Заңда жеке тұлғаларға қатысты ұсақ талан - таражға салу мөлшерінің көрсетілмеуін жіберілген кемшілік ретінде кабылдауымыз қажет. Ондықтан да қылмыстық заңдардың жаппай ізгілендіруі қарсаңында жеке тұлғалардың мүлкіне қатысты талан - таражға салудың мөлшерін 2 айлық есептік көрсеткіш ретінде белгілеуіміз қажет.
Талан - тараж ұғымын жан - жақты түрде қарастырғаннан кейін, тек талан -таражға тән, оны басқа ұқсас құрамдардан ажыратуға мүмкіндік беретін негізгі объективті және субъективті белгілерді бөліп көрсетуімізге
болады. Талан- таражға салудың объективті белгілеріне: қол сұғушылықтың объектісі мен заты; мүліктің алынуы; алудың құқыққа қайшылығы; алудың қайтарымсыздығы, яғни тегін алынуы жатқызылады.
Қол сұғушылықтың объектісі қылмыстың маңызды және қажетті элементтерінің бірі болып табылады. Оның ролі екі негізгі функциямен анықталады.
1.Объект кылмысты бағалау, оның коғамға қауіптілігін белгілеу, қылмыстың әлеуметтік саяси дәрежелігін анықтауда шешуші роль атқарады;
2. Объект кылмысты ғылыми және зандық түрғыдан топтарға белуге мүмкіндік береді.
Қазіргі таңдағы күші бар қылмыстық кодексте объектінін жалпы анықтамасы берілмеген. Объектіге арналған арнайы зерттеулер барысында, оның, яғни объектінің көптеген сүрақтары дұрыс зерттелмеген. Қылмыс объектісін зерттеген авторлар бір пікірмен ғана келіседі: объект бұл қоғамдық қатынастар [15, 1136]. Қандай коғамдық катынастарға тікелей және ең алдымен нұқсан келеді, бұл жайында кылмыстық құқық теориясында қылмыстың жалпы, топтық және тікелей объектісін бөліп көрсеткен [16, 1516].
Жалпы объект бұл - қылмыстық қүқық нормаларымен корғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады. Жалпы объект барлык кылмыстарға бір.
Оның анықтамасы мемлекетіміздегі қылмыстардың топтық табиғатын ашуға мүмкіндік береді.
Топтық объект болса біртектес және бір-бірімен тығыз байланысты қоғамдык, қатынастар болып табылады. Топтық объект кылмыстық әрекеттердің қоғамға кауіптілік дәрежесін, оның деңгейін анықтауда маңызды орын алады.
Тікелей объект бұл - нақты қатынас немесе бір-бірімен тығыз байланысты бірнеше қатынас. Қылмыстың тікелей объектісі қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін аныктауға және онын әлеуметтік сипаттамасын дұрыс беруге мүмкіндік туғызады. Нақты қоғамдық қатынасты бөліп шыгару өте қиын, оның элементі басқа қоғамдық қатынастікі болуы мүмкін.
Талан - таражға салудың мәнін анықтауда негізгі рөл осы қылмыстардың объектісін анықтауға берілген. Бұл мәселе қылмыстық құқық теориясында жете зерттелінген қылмыс объектісінің негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып, шешіледі.
Жалпы объектісі меншік қатынастары болғандықтан, талан - таражға салу меншікке қарсы бағытталған [15, 162б]. Бұл тұжырым Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 6-тарауында бейнеленген, яғни тарау Меншікке қарсы қылмыстар деп аталынады. Бұл қылмыстар тікелей объект ретінде көрінетін мемлекеттік меншікке де, жеке меншікке де қарсы бағытталуы мүмкін. Яғни, топтық және тікелей объект ретінде бөлу мүліктің қай түріне зиян келтірілгендігін анықтау үшін қажет. (Мысалы, жер автокөлік, ерекше қүнды заттар т.б.) Объектіні дүрыс анықтау қылмыстың қоғамға қауіптілігін ашуға және жасалған іс - қимылды дұрыс саралауға мүмкіндік береді. Кейбір авторлардың пікірі бойынша талан-таражға салудың тікелей объектісі мүліктің нақты бір түрі болып табылыды [17,163б]. Мұндай көзқарастар негізсіз болып табылады, себебі, объект - қоғамдық қатынас, мүлік - бұл объектінің материилдық көрінісі, яғни осы қатынастардың нәтижесі болып табылады. Мүлікке зиян келтіру тек талан - таражға салумен ғана емес, басқа да кымыстық әрекеттермен жасалынуы мүмкін. (мысалы, диверсия, салақтық). Ендеше, талан - таражды басқа қол сұғушылықтардан ажырату негізін объектіден іздеуіміз қажет. Егер де, мүлік объект ретінде болса, біз мүліктің сипиттамасымен бийланысты қылмыстарды ғана бір - бірінен ажырата аламыз. (Мысалы, талан - таражға салу мақсатынсыз автокөлікті заңсыз иелену кезіндегі автокөлік, ерекше құнды заттарды талан -таражға салу кезіндегі ерекше құнды заттар).
Жоғарыда айтып кеткеніміздей, талан - таражға салудың объектісі меншік катынастары дедік. Адамдар арасындағы катынастар оларға берілнген құкықтарды сақтауды көздейді. Бұл құкықтар сақталмаған жағдайда қоғамдық қатынастар да өзгереді. Сондықтан да объект ретінде бұзылған меншік құқығы немесе белгілі бір затқа иелену құқығы (интеллектуалдық меншік құқығын бұзу, жерге зат құқығын бұзу) бола алады. Бірақ та, бұл көзқарас қылмыстың барлық мәнін және қоғамға қауіптілігін көрсете алмайды, себебі, қылмыстың затымен байланысты қылмыстар қамтылмай сырт қалып қояды. Сондықтан да, талан - таражға салудың объектісінің сипаттамасын меншік құқығымен шектеп қоюға болмайды, зиян келтірілген меншік қатынастарының мазмұнын ашуымыз қажет. Талан - таражға салудың мәні мынада: меншік иесі немесе үшінші жақ өзіне тиесілі мүлікті пийдилану мүмкіндігінен айырылады. Меншіктің мемлекеттік және жеке деп бөлінуін ескере отырып, талан - таражға салудың тікелей объектісі деп меншіктің нақты нысанын түсінеміз.
Талан-таражға салудың заты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Меншікке қарсы қылмыстарды жіктеу
Меншікке қарсы қылмыстар түрі
Қарақшылық талан-тараждың нысаны ретінде
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫ ҮШІН КӨЗДЕЛГЕН ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚ
Меншікке қарсы қылмыстар және талан-тараж
ТОНАУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ ҚҰРАМЫНА ЖАЛПЫ СИПАТТАМА
Меншікке қарсы қылмыстар
БӨТЕН МҮЛІКТІ ҰРЛАУ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ НЫШАНДАРЫ
Меншікке қарсы қылмыстар түсінігі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЕРЕКШЕ БӨЛІМІНІҢ ТҮСІНІГІ
Пәндер