Экономиканың дамуындағы банктердің ролі туралы


Жоспар
Кіріспе
I. Бөлім. ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУЫНДАҒЫ БАНКТЕРДІҢ РОЛІ
1. 1. Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптастырылуы және дамуы
1. 2. Қазақстан Респуликасындағы банк жүйесін дамытудағы реформалар
1. 3. Банкілік саланы дамытудағы шетелдік тәжірибе
II. Бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БАНК ҚЫЗМЕТІ
2. 1. Қазақстан Республикасы банктік құқықтық қатынастары . . .
2. 2. Банктік құқықтық қатынастардың қаржылық - құқықтық аспектісі: екшеліктері, қазіргі таңдағы даму тенденциялары
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Қазақстан Республикасындағы банктік құқықтық қатыныстар Қазақстан Республикасындағы банктер және банктік қызмет туралы заңмен реттеледі. Осы заңның 1-бабына сәйкес банк дегеніміз - банк қызметін жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға болып табылады. Банктің ресіми мәртебесі заңды тұлғаны әділет органдарында банк ретінде мемлекеттік тіркеумен және банк операцияларын жүргізуге қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкілетті органның лецензиясы болуымен белгіленеді. Қазақстан Республикасының нарық жағдайындағы банктік құқықтық қатынастар мәселелерін қарастыру себебі, бұл халқымыздың өсіп өркендеуіне, экономикасының дамуына тигізетін пайдасы зор. Біз осы саланың келешек мамандары ретінде банк банктік құқықтық қатынастардың қазіргі кездегі даму проблемалары мен тенденциялары арқылы оның тиімділігін көрсетуді мақсат еттім.
Жұмыстың негізгі мақсаты банк жүйесінің қалыптасу және даму мәсәлесін ғылыми - теориялық негіздеу және банктердің халықаралық стандарттарға сай болуын тұжырымдау. Отандық экономиканы реформалаудың қазіргі уақытындағы сатысында тиімді, нәтижелі және перспективалы бағыттардың бірі банк жүйесінің дамуы, нарық жағдайындағы банк қызметі болып табылады.
Нарықтық экономиканың ең басты бөлігі банктік жүйе болып табылады. Банк жүйесі еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін пайда болған жаңа сала, ірі жұмыс беруші және экономикамыздың қуатты бәсекеге қабілетті саласы. Бүгінгі күндері біздегі банк жүйесі ТМД-дағы ең жедел дамыған жүйе болып табылады. Соңғы деректерге сүйенсек, банктердің жиынтық меншік капиталының баламасы шамамен 1, 4 миллиард АҚШ долларына, жиынтық активтері 10, 5 миллиард АҚШ долларына жетті. Банк активтерінің 60 пайызы экономикаға кредиттер түрінде орналастырылады. 2003 жылдан бастап барлық банктер қаржылық есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша жұмыс істеп келеді.
Банк жүйесі кез келген заманғы мемлекет эканомикасының маңызды элементіне саналады, ол кез келген қоғамның өмір сүруіне зор ықпал етеді. Атқаратын экономикалық функциялары тұрғысынан банктік жүйе қаржы жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Барлық қаржы ресурстары, тұрғындардың қолында қалған немесе көтерме тауар айналымында бухгалтерлік есепте көрсетілмей және кассадан өткізілмей айналысқа түсетін есеп айырысу тәртібі туралы ережені бұзушылыққа байланысты сомадан басқасы, іс жүзінде банк арқылы өтеді. Қалыпты істейтін ақша айналамы және тұтастай алғаанда қаржы жүйесі банктердің қызметіне тікелей байланысты болады. Елдегі жұмыс істейтін банктер әр түрлі ұйымдардың тарамдалған жиынтығы ғана емес, бұл белгілі бір дәрежеде ұйымдастырылған жүйені білдіреді. Оның буындарының сандық құрамы мен сапалық деңгейі екі негізгі фактордың ықпалын сезінеді: 1) экономиканың банктерге деген объективті сұранысы және 2) мемлекет тарапынан мақсатқа лайықты реттеу. Кез келген егеменді мемлекет үшін ұлттық банктік жүйенің тұрақтылығын қамтамасыз ету, «мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі» ұғымының бөлігі ретінде, стратегиялық мәнге ие болады. 1
Банк жүйесі жөніндегі өз пікірін С. В. Пыхтин былайша білдірген: «Банк жүйесі қаржы-несие жүйесінің бір бөлігі болып табылады. Банк жүйесі екі деңгейлі орталықтандырылған жүйе ретінде көрініс табады. Банк жүйесі банктік операцияларды жүзеге асыруға айрықша құқығы бар, тәртіптелген субъектілер жиынтығынан тұрады» [15, 44 б. ] . Н. Б. Глушкова: «Елдің банк жүйесін жалпы ақшалай-несиелік механизм ауқымында жүмыс істейтін қаржылық делдалдардың жиынтығы құрайды. Банк жүйесі нарықтық экономиканы дамытудың басты қаржылық негізі. Оның жұмыс істеу мақсатына тауарлар өндірісі мен айналысы процесіндегі капитал айналымына қызмет көрсету жатады» деп пайымдаған [16, 8-9 бб. ] . Ю. И. Коробовтың көзқарасы бойынша: «Банк жүйесі деп ел ішіндегі өзара іштей байланысқан несиелік институттардың жиынтығын түсінеміз. Банк жүйесінің негізгі ерекшеліктері аса көп несиелік институттардың саны, активтердің өте ірі банктерде шоғырландырылуы, банк нарығы субъектілерінің аумақтарда біркелкі бөлінбеуі, банк нарықтарының тұйықталған сипаты болып табылады» [17, 29- 31 бб. ] . А. А. Тедеев пен В. А. Парыгина «Нарықтық қатынастар жағдайында банк жүйесі ұлттық экономиканы қозғалысқа келтіретін механизм ретінде көрініс табады, сондай-ақ ол заңды және жеке тұлғалардың уақытша бос ақша қаражаттарын жұмылдыруды, жұмылдырылған ақша қаражаттарын аумақтар және салалар арасында қайта бөлуді (несиелеуді, дисс. авт. ), әр түрлі шаруашылық субъектілері арасындағы ұлттық және халықаралық есеп айырысу қатынастарын қамтамасыз етеді. Бүгінде банк жүйесі екі деңгейлі құрылыстан: жоғарғы деңгей, орталық банктен; төменгі деңгей банк жүйесінің қалған барлық қатысушыларынан тұрады. Банк жүйесіндегі қатынастар орталық банк пен несиелік ұйымдар (өзге де қатысушылар) арасында қалыптасады» деп тұжырымдаған [18, 3, 37 бб. ] .
Бұл саланың маңыздылығы әлемдік және отандық экономиканың тәжірибесі көрсетіп отырғандай, нарықтық экономикаға өту жағдайында банк жүйесіне көмек көрсету тұрақтандырылған экономикалық өсуге жетуге елеулі нәтижелер береді. Банк жүйесінің дамуы елдегі қаржы нарығының өркендеуіне және Ұлттық банактің өз саясатын тұрақты қалыпта жүзеге асыруына мүмкіндік береді. Дегенмен, банк жүйесіне мемлекеттік қолдау әлі де жеткіліксіз дәрежеде болып отыр. Бұл саланың өзіндік проблемалары шешілмей қалуда. Мұндай кемшіліктерді жою үшін банк жүйесінде жаңа бағдарламалар, реформалар жүзеге асуы тиіс.
- Қазақстан Республикасында банктік жүйенің қалыптасуы және дамуы
Елдегі реттелетін экономикалық кеңістіктің дамуымен, оның дамуының объективті кезеңі - халықаралық деңгейде бәсекелестік қабілеттілігі бар шаруашылық субъектілерді құру болып табылады, немесе барлық елдің экономикалық жағдайының нығаюының кепілі - өндірістік, сонымен қатар қаржылық кәсіпорындардың пайда болуымен сипатталады.
Бұл міндетті шешу үшін елдегі интеграциялық процестерді кеңейтуі мен және тереңдетумен келесі мақсаттарда іске асырылуы тиіс:
- жиынтық инвестициялық салымдарды жоғарлату үшін өндірістік және қаржылық капиталды біріктіру;
- қатысушылар арасында тиімді технологиялық байланыстар құру;
- ішкі және сыртқы нарықта өнімдердің бәсекелестік қабілеттелеген жоғарлату;
- елдегі экспорттық мүмкіндіктерді жоғарлату.
Көрсетулген міндеттерге байланысты экономикалық субъектісі және интеграциялық процестердің объектісі ретінде банктік жүйені қарастырайық.
Банктік жүйеде интеграциялық процестер елдің дүниежүзілік қоғамға тиімді жолмен енудің қаржылық жағын бейнелейді.
Бұл процесс дүниежүзілік экономикалық жүйеге Қазақстан интеграциясының маңызды жағдайы және оның қаржылық байланыстарын нығайтудағы нақты фактор болып табылады. Банктік жүйенің интеграция негізі ретінде экономиканың ашықтылығы, сонымен қатар қаржылық келісім - шарттарды жүзеге асыру болып табылады. Ашық қаржылық жүйе саясаты аса кең емес ішкі нарығы және кеңейтілген нарықтарға енуді қажет ететін біздің ел үшін объективті кажетті.
Халықаралық қаржылық жүйеге интеграция жалпы тұрғыда банктерге тұрақты қаржылық ортаны дамытуда өзінің стратегиясын құруда, сонымен қатар бизнестегі қолда бар мүмкіндіктерді тиімді қолдануға жағдай жасай алады.
Елдегі банктік жүйеде іске асырылып жатқан интеграциялық процесстері баға бермес бұрын, ең алдымен банктік жүйенің қалыптасу кезеңдеріне кішігірім шолу жасап өтейік, себебі дүниежүзілік нарыққа ену нарық көлемін, құрылымын, оның сандық және сапалық даму жағын салыстырумен сипатталынады.
Банк қызметі Қазақстан Республикасының Конститутциясымен, Қазақстан Республикасының жасалған халықаралық келісім шарттарымен реттеледі. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президентінің жарғылықтары және құқықтық актілері негізінде орындалуға берілетін Ұлттық Банкінің нормативті құқықтық актілерімен іске асырылады.
Банктер ұсынушыға акцияларды шығару құқысыз жабық акционерлік қоғам ретінде құрылады.
Мемлекеттік банктер сонымен қатар мемлекеттік кәсіпорын үлгісінде құрылуы мүмкін.
Банктің ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылуына банктік операцияларды жүргізуге Ұлттық Банкінің лицензиясын алу сәтінен бастап бір күнтізбелік жыл аралығында үздіксіз шығынсыз қызмет етуі және осы жыл ішінде Ұлттық Банкінің белгілеген міндеттері мен құқықтарын сақтау жағдайында рұқсат етіледі.
Банктің акционерлері, оның құрылтайшылары болып табылатындар банк ашық акционерлік қоғам болып қайта құрылғаннан кейін қосымша ерекшеліктерге иеленбейді және басқа акционерлермен салыстырғанда қосымша міндеттер атқармайды.
Банктің ашылуына рұқсат немесе рұқсат етілмеу банктік құқықтар негізінде іске асырылады.
Банк ашуға рұқсат Ұлттық банкінің Банкке банктік операцияларды жүргізуге лицензия берілгенге дейін заң қүшіне иеленеді.
Банк ашуға берілген рұқсат Ұлттық Банкімен қайтарылып алынуы тиіс. Сонымен қатар, банк берілген Банк ашуға оұқсатты өз еркімен қайтарып беруі және заңда қарастырылған тәртіп бойынша қайта тіркеуі мүмкін. Банк Қазақстан Республикасының заңды тұлғалар үшін азаматтың зандылығымен, банктік заңдылықтардың қалыптастырылған ерекшеліктері есебімен белгіленген тәртіп бойынша құрылады.
Банкті құру туралы құрылтайшылық келісім шарт қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа, келесілер көрсетілуі керек:
Бірінші, әрқайсысының толық атауы және мекен жайын көрсете отырып, құрылтайшалар туралы мәліметтер, сонымен қатар заңды тұлғалар үшін мемлекттік тіркеу туралы, ал жеке тұлғалар үшін аты-жөні, азаматтығы, мекен жайы, жеке басын куәландыратын құжат бойынша мәліметтерді көрсету қажет;
Екінші, акциялардың саны, категориялары және номиналды құны журналы мәліметтер.
Банк жарғысы қолданыстағы заңдарда қарастырылған мәліметтерден басқа, міндеттітүрде келесілер көрсетілуі қажет:
- банктің толық және қысқартылған атауы;
- банк қорының түрлері және қолданылу тәртібі туралы мәліметтер;
- банк басқармасының шешім қабылдау тәртібі, сонымен қатар сұрақтар тізімі.
Банк атауы жарғыда көрсетілген атаумен сәйкес келуі тиіс. Банк атауына міндетті түрде “банк” сөзі қосылуы тиіс. Бірде - бір банк құжаттарда немесе жарнамада жарғыда көрсетілген атаудан басқасын қолдануына болмайды. Ұлттық банктен басқа кез - келген банкіге “ұлттық”, “орталық” атауларын толық және қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады. Мемлекеттіктерден басқа кез - келген банктерге “мемлекттік” сөзін толық немесе қысқартылған түрде қолдануға тиым салынады.
Банкінің жарғылық капиталы (мемлекеттік банктен басқа) құрылтайшылар салымы немесе акцияларды сату жолымен қалыптастырылады. Банк акционерлері және құрылтайшылары акцияларды сатып алу кезінде ақшамен есеп айырысуы тиіс.
Банктік жарғылық капиталына құрылтайшылардың меншікті капитал шегінде ақша енгізілуіне рұқсат етімді, бұл сома есебінен акцияларға орналастырылған активтер және басқа заңды тұлғалардың жарғылық капиталға үлесі есепке алынбайды. Банк акцияларының алғашқы сатылуы олардың номиналды құнынан төмен емес және барлық құрылтайшылар үшін бірдей бағамен сатылуы тиіс. Құрылтайшы құжаттарында жарияланған қайта құрылған банктің жарғылық капиталы оның акционерлерімен тіркеу уақытына елу процент мөлшерінде, ал бір күнтізбелік жыл өткен соң толығымен төленіп бітуі тиіс. Банк өз акционерлерінен банкіні бақылау құқығын иеленуші акцияларды сатып алуға құқығы жоқ.
Банктің меншікті капиталы- міндеттемелер сомасы алынып банк активтерінің құны, мұнда активтер құны банк активтерінің алғашқы құнынан берілген ссудалар бойынша қажетті резервтер сомасын алып тастау жолымен есептелінеді.
Банктің құрылтайшылары және акционерлері ретінде заңды және жеке тұлғалар - Қазақстан Республикасының Резиденттері және резидент еместері бола алады. Мемлекет құрылтайшылар және акционер болуы тек қана Үкімет тұлға ретінде ғана іске асырылады. Жарғылық капиталдың елу процент мөлшері мемлекетке жататын мемлекеттік кәсіпорындар банк құрылтайшысы немесе акционер бола алмайды. Банктің құрылуы және қызмет етуі кезінде бір де бір тұлға, сонымен қатар оның құрылтайшылары дауыс құқығы бар акциялардың жиырма бес процентіне тікелей немесе жанам иелене алмайды.
Банк кредиторларының қызығушылықтарын қорғау және республикалық банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында, Ұлттық Банк Қазақстан Республикасының Үкіметінің келісімі бойынша банктегі жағымсыз (яғни олардың активтерінің құнынан банк міндеттемелерінің сомасының асып кетуі) капитал мөлшері жағдайында банктің акцияларын банктің қаржылық жағдайын жақсартуға кепілдік беретін жаңа инветорға банктің келісіне қарсы сатуына рұқсат етіледі.
Банктерді тарату процесін әзірлеуді және бұл үрдісті бақылауды қамтамасыз ету мақсатымен Ұлттық банк құрлымында жаңа бөлімше құрылды - банктегі тарату үрдісін бақылау бойынша Басқарма. Құрылған Басқарманың негізгі міндеті болып барлық меншік түріндегі банктерді тарату мәселелері бойынша әдістемелік және ұйымдастырулы басқару, және де банктерді тарату мәселелері бойынша Ұлттық банктің тарату комиссиясының және облыстық басқару қызметін координациялаумен бақылау табылады. Мысалы соңғы 5 жылдарда банктік операцияларды жүргізу лицензиясы 18 банктегі қайтарып алынды, соның ішінде:
- жеті банкте - бірігу жолымен қайта ұйымдалуына байланысты;
- бір банкте - несиелік серіктестік болып қайта ұйымдалуына байланысты;
- жеті банкте - пруденциалдық нормативтерді нормативті құқықтық актілерді жүйелі түрде бұзғаны және Ұлттық банктің жазбаша бұйрықтарын орындамағыны үшін; үш жағдайда да банктер-ерікті түрде таратылуына байланысты.
01. 01. 2004 жылы Қазақстанда 35 банк жұмыс істейді. Сонымен бірге 12 банк халықаралық стандарттарға көшу бағдарламасын орындаған деп танылады, 4 банк бірінші топқа, 14 банк - екінші топқа жатқызылады. 2
2005 жылы жиынтық меншік капитал 3. 3%-ға 174. 5 млрд. теңгеге дейін, банктердің жиынтық активтері -5. 2%-дан 1. 26трлн. теңгеге дейін, жиынтық міндетемелер-5. 6%-ға дейін өсті және 1. 1трлн. теңге болды.
1. 2. ҚР банк жүйесін дамытудағы реформалар
Қазақстан Республикасының экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезеңінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсеті механизмін құру, банктердің кәсіпорындардың қызметіне жетекшклік етуде экономикалық әдістерді қолдану, банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктің өз жүйесі шеңберіндегі оның жекелеген буындарының арасындағы өзара қарым-қатынастар жүйесін қайта құру, яғни, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принціпті түрде реформалау қажеттігінің маңызы зор.
1990 жыл желтоқсан айында қабылданған «ҚазКРО-ғы банктер және банктік қызмет туралы» алғашқы заң Қазақстандағы банктік реформаны жүргізудің бастапқы кезеңдерін қамтиды.
1995 жылғы банктік реформа
Бұл банктік реформа Ұлттық банктің 1995 жылға арналған «Қазақстандағы банктік жүйені реформалау» бағдарламасыеа сәйкес жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда ҚР жұмысжасап отырған банктік жүйенің қалыптасуын үш кезеңге бөлуге болады:
1-кезең . 1988-1991 жж. - мемлекеттік салалық мамандандырылған банктер қызметінің бір бөлігін республикалардағы сол банктердің тиісті бөлімшелеріне беру арқылы қайта түрлендіру; алғашқы коммерциялық банктер қатарын құру; КСРО Мембанкіне орталық банктің жекелеген қызметтерін беруге байланысты бастапқы қадамдар жасау кезеңі.
2 - кезең . 1992 аяғы 1993 жылдары - рубль аймағында бола отырып, ҚР Ұлттық банкінің орталық банктің бірқатар қызметтерін орындауға біртіндеп кірісуі, коммерциялық банктердің экстенсивті түрде қалыптасуы және дамуы, ұлттық норматвтік базаның қалыптасуының бастапқы кезеңі.
3-кезең . 1993жылдың қараша айынан осы уақытқа дейінгі, яғни айналысқа ұлттық валютаның енгізілуіне байланысты Ұлттық банкінің ақша-несие аясының қызмет етуіне толық жауапкершілік алу, бюджет және банктармен қарым-қатынас орнатудың классикалық принциптерін енгізу, банктердің қызметін реттеу жүйесін нығайту кезеңін білдіред у
Бұл банктерді қайта түрлендіруге байланысты бірқатар шаралар 1994 жылдың орта кезінен басталып 1995 жылға дейін жалғасты.
Бірінші кезекте 1994 жылы Ұлттық банктің ұсынысы бойынша Агроөнеркәсіп балансы Қаржы Министрлігінің қарамағында құрылған ауылшаруашылығын қолдау мемлекеттік қорының балансына беру шаралары іске асырылды.
Екінші кезекте, Қазақстан Әлем Банкін 1994 жылдың орта кезеңінде Мемлекеттік Экспорттық-импорттық банкке (қазіргі Эксимбанк) және әмбебап Әлембанкке бөлу шаралары жүзеге асты.
Үшінші кезекте, мемлекеттік мамандандырылған Халық банкін әмбебап банкке түрлендіру шаралары жүргізілді. Түрлендіру мыналай үш кезеңді қамтиды:
1-кезеңде (1995жылдың бірінші жартысы) мемлекеттік емес акционерлерден акцияларын сатып алу жолымен 100% мемлекеттік меншікті қалпына келтіру және оның жарғылық капиталын ұлғайту мақсатында мемлекеттен жалға алған ғимаратын Халық банкінің меншігіне беру, сондай-ақ 01. 01. 1992ж жағдайға байланысты халық салымдарының индексациялау жүйесін анықтау міндеті белгіленді.
2-кезеңде (1995 жылдың екінші жартысы және 1996 жыл) Халық банкіне пластикалық дебеттік және кредиттік карточкаларды енгізу және олардың қоданылу ауқымын кеңейту мінд
Коммерциялық банктер жүйесімен қатар коммерциялық банктер үшін қысқа мерзімдік жоспарда тиімсіз болып табылатын нақты секторды орта және ұзақ мерзімді несиелеу қызметін өз міндетіне алатын мамандандырылған мемлекеттік банктердің болуы да қажет болды. Ондай банктерді халықаралық тәжірибеде даму банктері деп атады, себебі олар үшін басты мақста пайда табу емес экоомиканың жекелеген салаларын дамыту болып табылады.
Қазақстанда банк секторын реформалау бағдарламасын іске асыру шегінде Эксимбанк, Мемлекеттік даму банкі және Тұрғын үй құрылыс банкі құрылды. Мамандандырылған банктер қатарында халыққа қызмет көрсетуге маманданған Халық банкі болды.
Міне, мұндай банктер қатарының жаңадан нарықтық экрномика талаптарына сай пайда болуы, өз кезегінде, банктік жүйенің екі деңгейлік құрылымын білдірді.
1996-1998 жылғы банктік реформалар
бұл реформалар Ұлттық банктің 1996-1998 жылдарға арналған Қазақстан республикасының банк жүйесін реформалау бағдарламасына сәйкес жүргізілді.
Ұлттық банктің 1995 жылғы реформалау нәтижесінде қолданған шаралары қаржылық және экономикалық тұрақтылыққақол жеткізді.
Жалпы 1996-1998 банктік реформа Ұлттық банк тарапынан жасалған бағдарламаның арнайы негізінде жүргізілді. Оның өзіндік мақсаты мен міндеттері бекітілді.
Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 95 жылғы банк жүйесін реформалау Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіңдегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым -қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызымыз.
Бұл мәселелер өміршең мемлекеттік және жеке кәсіпорындардың қаржылық ресурстардың өміршең емес кәсіпорындарының пайдасына кетуіне жол береді.
Бұдан басқа бұрынғы жүйе мекемелер мен кәсіпорындар арасында төлем төлеулер мен есеп айырысуларды дұрыс жүргізе алмады.
1992 жыл ішінде Қазақстанның экономикасына несиелік салымдардың көбеюі байқалады. 1992 жылдың 2 тоқсанында несиенің сомасы ЖҰӨ нің 11, 3 пайызын құраса, ал 4 тоқсанда 29, 8 пайызды құрады. Бұл негізінен қайта қаржыландыру және Ұлттық банктердің несиесі есебінен болды, әрі бұл өз кезегінде Ресейдің Орталық банкінің контокорренттік несиесімен қаржыландырылады. Оларды келесідей мәліметтер куәләндырады: 1992 жылдың 1 тоқсанында Ұлттық банктің коммерциялық банктерге берген несиелерінің сомасы - 6, 7 пайызды құраса, 4 тоқсанында 17, 8 пайызды құраған. Мұндай несиелік ресурстарды арнайы банктер арқылы орталықтандырылған әкімшілік үлестіру -өміршең емес шығынды мемлекеттік кәсіпорындарға несие беру нәтижесінде банктерде жұмыс жасалмайтын несиелердің яғни банктердің несиелік портфелінің нашар несиелерден құрылуына әкеліп соқтырады.
1993 жылы Ұлттық банктен 7, 5 млрд. Теңге сомасында орталықтандырылған несие берілді, 5, 6 млрд. Теңгесі үкіметке, яғни олардың үлесі 75 пайызды құрады, ал олар бойынша жалпы қайтарылатын жалпы сома 138, 5 млн. теңгеге немесе 3, 9 пайызға тең болады, қалған бөлігінің мерзімі ұзартылған болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz