Мемлекеттік инвестициялық саясат
1. КІРІСПЕ
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2.2. МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
2.1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
2.2. МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
3. ҚОРЫТЫНДЫ
4. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Қазiргi инвестициялық саясатқа жасалған талдаудан елдiң экономикалық игiлiгiнiң негiзi болып табылатын экономиканың өндiрiстiк секторын дамытуды қаржыландыру жеткiлiктi дəрежеде жүргiзiлмейдi деп қорытынды жасауға болады. Соңғы жылдардағы экономикалық реттеулер тəжiрибесi, шетелдiк жекеше инвестициялардың бəсекеге қабiлеттi, жоғары қосылған құнмен өнiм шығаратын өндiрiс құруға ешқашан да бармайтынын көрсетiп отыр, өйткенi шетелдiк капитал өз өндiрiсiне бəсекелестер туғызуға ұмтылмайды. Шетелдiк капитал да, iшкi капитал да экономиканың нақты секторына iрi ауқымды ұзақ мерзiмдi инвестицияларды қамтамасыз ете алмайды.
КІРІСПЕ:
Қазiргi инвестициялық саясатқа жасалған талдаудан елдiң экономикалық игiлiгiнiң негiзi болып табылатын экономиканың өндiрiстiк секторын дамытуды қаржыландыру жеткiлiктi дəрежеде жүргiзiлмейдi деп қорытынды жасауға болады. Соңғы жылдардағы экономикалық реттеулер тəжiрибесi, шетелдiк жекеше инвестициялардың бəсекеге қабiлеттi, жоғары қосылған құнмен өнiм шығаратын өндiрiс құруға ешқашан да бармайтынын көрсетiп отыр, өйткенi шетелдiк капитал өз өндiрiсiне бəсекелестер туғызуға ұмтылмайды. Шетелдiк капитал да, iшкi капитал да экономиканың нақты секторына iрi ауқымды ұзақ мерзiмдi инвестицияларды қамтамасыз ете алмайды. Банк секторының, қор нарығының, шетелдiк инвесторлардың қызметi ең алдымен бiр сəттiк пайда түсiруге бағытталған, нəтижесiнде қаржы капиталының өндiрістiк сектордан бөлiнуi жүрiп жатыр, ұлттық мүдделер мен даму басымдықтарына қатер төнуде. Инвестициялық саясат стратегиясы мынадай мiндеттердiң шешiлуiн талап етедi:
- iшкi жинақ ақша əлеуетiн жүзеге асыруға көңiл аудара отырып экономиканың нақты секторын
дамытуға инвестициялық ресурстарды тарту мен бағыттау процесiндегi мемлекеттiң рөлiн күшейту;
- қаржы ағынының инвестордан заемшыға ұйымдасқан түрде өтуiн қамтамасыз ететiн, экономиканың
маңызды буыны ретiндегi қор нарығының қалыптасуы үшiн жағдайлар жасау;
- нақты экономика саласындағы банктердiң кредиттiк қызметiн жандандыру;
- Қазақстанның ұлттық мүдделерiн сақтай отырып шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру мен шетелдiк жəне отандық инвесторларды экономиканың басым салаларына тарту үшiн қолайлы жағдай жасау.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ
Инвестициялық саясаттың мақсаты:
Тұрақты экономикалық өсудi қамтамасыз ету мақсатында бəсекеге қабiлеттi, жоғары технологиялы жəне ғылымды қажетсiнетiн өндiрiстi дамытуға басым тəртiппен бағытталатын, ішкi жəне сыртқы инвестициялардың жоғары деңгейiне қол жеткiзу.
Қазақстандағы ең басты стратегиялық мiндеттердiң бiрi əрдайым елге экономикалық өсу бағдарламасын iске асыруға мүмкiндiк беретiн тiкелей жəне "қоржындық" инвестицияларды тарту болып келдi. Экономиканы дамытуға бағытталған қаржы ресурстары көлемiн едəуiр арттырмайынша IЖӨ өсiмiнiң жыл сайынғы 5-7% деңгейiнде болжанып отырған жоғарғы қарқынына қол жеткiзу мүмкiн емес.
Мемлекеттiк жəне жеке инвестициялардың экономикаға тартылған ағымдағы көлемi осы заманғы экономиканың жылдам өсiп отырған қажеттерiн қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз. Негiзгi капиталға салынған инвестициялар көлемi қазiргi кезде IЖӨ-нiң 18-19%-ынан аспайтын мөлшердi құрайды, ал елiмiзге осы қолда бар деңгейден екi есе асып түсетiн инвестициялар көлемi қажет.
1.1. Күштi жақтар
Бүгiнгi таңда жүргiзiлiп отырған инвестициялық саясат бiрқатар жағымдылықтарымен сипатталады, солардың арасынан шетелдiк инвестицияны тарту үшiн тұтас алғанда қолайлы инвестициялық ахуалдың сақталғанын, бағалы қағаздар нарығының құрылғаны мен дамығанын, жаңа институционалдық инвесторлар қалыптасқанын, экономиканы кредиттеуде банктердің рөлi күшейгенiн атап өткен жөн.
1.1.1. Шетелдiк инвестициялар
Шетелдiк инвестицияларды тарту көлемi бойынша Қазақстан жан басына шаққанда ТМД елдерi арасында жетекшi орынға ие болып келедi. Жыл сайынғы тiкелей шетелдiк инвестициялардың жиынтық көлемi орта есеппен IЖӨ-нiң 8%-ы деңгейiнде сақталып отыр.
Қазақстандағы қолайлы инвестициялық ахуалға мынадай жолдармен қол жетiп отыр:
- саяси тұрақтылықты жəне алдын ала болжауды сақтау;
- валютаның тұрақтылығын қолдау;
- нарықтық өзгерiстерге бағытталған реформалар жолын ұстану саясатын жүргiзу жəне əлемдiк экономикаға интеграцияланған демократиялық құқықтық мемлекет құру.
1.1.2. Банк секторы
Орнықты банк жүйесi құрылды. Жеке тұлғалардың салымдарын (депозиттерiн) мiндеттi ұжымдық сақтандыру (кепiлдiк беру) жəне банк құпиясы институты тетiгiн iске қосу банк жүйесiне сенiмдi арттыруға мүмкiндiк бердi. Коммерциялық банктердiң ресурстық базасы артып келедi.
1.1.3. Бағалы қағаздар нарығы
Республикада экономиканың өндiрiстiк секторларын дамытуға iшкi жəне сыртқы қаржы ресурстарын қайта бөлудiң тиiмдi тетiгi ретiнде бағалы қағаздар нарығын дамытуға зор маңыз берiледi.
Мемлекеттiк бағалы қағаздардың дамыған нарығы құрылды жəне мемлекеттiк емес бағалы қағаздар нарығы дамып келедi. Бағалы қағаздар нарығының базалық құқықтық жəне институционалдық инфрақұрылымы жасалды; бағалы қағаздар нарығының жұмыс iстеп тұрған техникалық инфрақұрылымы депозитарлық жəне есептеу-клирингтiк қызметтердi жүзеге асырудың халықаралық стандарттарына сай келедi.
1999 жылы халықаралық сарапшылар корпорациялық басқару мəселелерi жөнiндегi Қазақстан заңнамасын Орталық жəне Шығыс Еуропа, ТМД жəне Балтық жағалауы елдерiндегi үздiк заңнамалардың бiрi ретiнде мойындады.
1000 жылы қаржыландырудың тəсiлi ретiнде банктiк кредиттеуге балама болған корпорациялық облигациялардың алғашқы нарығы ойдағыдай жұмыс iстей бастады. Сақтандыру нарығы дамып келедi. Сақтандыру заңнамаларына енгiзiлген өзгерiстер сақтандыру ұйымдарының ұйымдық-құқықтық нысанын акционерлiк кəсiпорындар нысанында орнықтырады. Сақтандыру қызметi туралы жаңа Заңның қабылдануына орай сақтандыру ұйымдарының сақтандыру резервтерiн тарту жəне олардың инвестициялық мүмкiндiктерi саласындағы қызметiн кеңейту үшiн мүмкiндiктер жасалатын болады.
Құрылыс жинақ ақшалары жүйесi мен ипотекалық кредиттеудің енгізілуі тұрғын үй құрылысын дамытуға инвестициялардың қосымша құйылымын ынталандыруға мүмкiндiк бередi. Бұған қоса, қор нарығында жаңа қаржылық құрал - ипотекалық облигация пайда болады.
1.1.4. Ішкi жинақ ақшалар
Бағалы қағаздар нарығында жаңа институционалдық инвестор жинақтаушы зейнетақы қорларының пайда болуы ішкі жинақ ақшаларды жұмылдыру тетiгiн институционалдандыруға мүмкiндiк бердi. Зейнетақымен қамсыздандыру саясатын одан əрi жетiлдiру кезiнде жинақтаушы зейнетақы қорлары азаматтардың ақшаларын шоғырландыратын аса iрi ұлттық институционалдық инвесторлар болады.
1.2. Əлсiз жақтар
Сонымен бiрге қалыптасқан инвестициялық жағдайдың бiрқатар əлсiз жақтары бар екендiгiн, оларды еңсеру елдегi инвестициялық жағдайды жақсарту үшiн қажет екендiгiн атап өткен жөн.
1.2.1. Шетелдiк инвестициялар
Шетелдiк капитал өндiрiстiк сектордың дамуына ықпал етпейдi, өйткенi iс жүзiнде толығымен экономиканың өндiрушi секторларына, негiзiнен мұнай өндiру мен металлургия салаларына жiберiледi.
Бұдан басқа, инвестициялар құрылымын талдау шетелдік инвесторлардың ақшаның көп бөлiгiн айналым қаражатына немесе қысқа мерзiмдi пайдаланудың негiзгi қаражатына салатынын көрсетедi.
Шетелдiк инвестициялардың келуiн ынталандыру саясаты отандық жəне шетелдiк инвесторлардың теңсiз жағдайға қойылуына алып келдi. Капиталдың елден жылысуының жалғасуы Қазақстан экономикасын дамытуға терiс əсер етiп отыр. Тартылатын шетелдiк капитал көлемiн арттыруға кедергi келтiретін бiрқатар факторлар бар, олардың iшiнен мыналарды атап көрсетуге болады:
- Қазақстан нарығындағы iскерлiк белсендiлiктiң төмендiгi;
- заңнама мен реттеушi шаралардың көмескiлiгi;
- ақша қаражатының төлемсiздiк дағдарысымен шиеленiскен төмен өтімдiлiгi;
- сенiмдi ақпараттың өткiр тапшылығы.
Бұдан басқа, мемлекет рөлiнiң əлсiздiгi сыбайлас жемқорлық пен қызмет бабын терiс пайдаланудың таралуына, келiсiмшарт талаптарының орындалмауына мүмкiндiктер туғызды; санаткерлiк меншiк құқығын қорғау қамтамасыз етiлмейдi.
1.2.2. Негiзгi капиталға инвестициялар
Төмен инвестициялық белсендiлік салдарынан экономиканың нақты секторының негiзгi капиталы əбден ескiрдi, iс жүзiнде экономиканың барлық салалары техникалық жағынан керi кетуде. Негiзгi капиталға инвестицияның қазiргi IЖӨ-нiң 18-19% мөлшерiндегi деңгейi таяу жылдары негiзгi капиталды оның табиғи тозуы салдарынан толық шығарып тастауы мүмкiн. Кəсiпорындардың амортизациялық аударымдары негiзгi өндiрiстiк құралдарды ұдайы өндiру функциясын орындамайды жəне нысаналы пайдаланылмайды. Көптеген кəсiпорындарды шетелдiк инвесторлар өндiрiс қуаттарының қалдық құнынан едəуiр төмен баға бойынша сатып алды. Алайда бұл ретте кəсiпорындардың жаңа меншiк иелерi салық салынатын пайдадан амортизациялық шегерiм жүргiзу мүмкiндiгiн басқа кəсiпорындармен бiрдей пайдаланады.
1.2.3. Банк секторы
Халық салымдары көлемiнiң едəуiр өсуi банктердiң экономиканың нақты секторына беретiн кредиттер көлемiнiң өсуiне ықпал еттi, бiрақ осымен бiр мезгiлде жоғары банктердiң кредиттеу көлемi тəуекелдерге орай экономиканың нақты секторының сұранысына сай келмейдi. Банктердің кредиттiк қоржынында қысқа мерзiмдi кредиттер басым. Кредиттер бойынша жоғары пайыздық ставкалар банк кредиттерiн шағын жəне орташа бизнес үшiн қол жеткiзiлуi қиын қаражат көзiне айналдырды. Экономика салалары арасында сауда секторына кредит беру басым тұр.
1.2.4. Бағалы қағаздар рыногы Бүгiнгi таңда қор нарығының негiзгi қатысушылары банктер мен аса iрi компаниялар болып табылады, ал бұл кезде шағын жəне орташа кəсiпорындар қор нарығына қол жеткiзуде қиындықтарды бастан кешiрiп отыр.
Қазақстан экономикасы өнеркəсiп секторының бəсекеге төзiмдiлiгiнiң төмендiгi қор нарығының толыққанды дамуына кедергi келтiредi. Қор нарығына қатысушылар ұзақ мерзiмдi салымдарға мүдделi емес. Қазақстанның қор нарығы ең алдымен облигациялардың бастапқы нарығы ретiнде дамуда. Облигациялардың қайталама нарығы іс жүзінде жоқ, өйткенi инвесторлар (бiрiншi кезекте, зейнетақы активтерiн басқару жөнiндегi компаниялар) сатып алған облигацияларын өтегенге дейiн ұстай тұруды жөн көредi, ал брокер-делдалдар өздерiнiң салыстырмалы қаржылық əлсiздіктерiне орай қайталама мəмiлелердi жеткiлiктi көлемде қолдай алмайды. Қор нарығы арқылы акцияларды орналастыру əлi жүргiзiлмейдi. Ал акциялардың қайталама нарықтағы көлемi негiзiнен Қазақстан кəсіпорындары меншік иелерiнiң ауысуы нəтижесінде жасалған мəмiлелер есебiнен қалыптасады. Қазақстан эмитенттерiнiң қор нарығында ұсынатын мемлекеттiк емес корпорациялық бағалы қағаздарының көлемi инвесторлар, ең алдымен институционалдық инвесторлар тарапынан туатын сұранысты қанағаттандыру үшiн жеткiлiксiз. Қазақстан акционерлiк кəсiпорындары қосымша қаржы ресурстарын тартуға қор нарығының мүмкiндiктерiн пайдаланбайды. Шетелдiк компаниялар Қазақстанда жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктер нысанында жұмыс істегендi жөн көредi жəне акционерлендiрудi қаламайды, өйткенi өз компанияларына бақылауды сақтап қалуға мүдделi. Қазақстан эмитенттерiнiң ашық қор нарығына шығудан бас тартуы себептерiнің арасынан олардың қаржы ақпаратын ашуды жəне кəсiпорынды басқаруға iшкi акционерлерді жiберудi қаламайтынын атап көрсету керек. Мемлекеттiк емес бағалы қағаздарды ұсынудың бəсеңдiгiнен басқа олардың инвесторлар үшiн тартымдылығы проблемасы да бар. Халықаралық стандарттарға жауап беретiн жеткiлiктi ашықтықтың болмауы корпоративтiк басқарудың түйiндi проблемасы болып қала бередi. Акционерлік қоғамдарға бақылау жасаудың тиімді жүйесінің жеткіліксіздігі салдарынан соңғылардың дивидендтер төлеу бөлігінде, соның ішінде артықшылықты акциялар бойынша дивидендтер төлеу бөлігінде төлем тəртібі жоқ. Сөйтіп, акциялардың бақылау пакетіне иелік етпейтін акционерлердің құқықтары бұзылады. Бұдан басқа, акционерлік қоғамдар өз қызметтері туралы ақпаратты ашу жөнінде заң жүзінде белгіленген нормаларды бұзуға жол береді, мұның өзі инвесторларға олардың инвестициялық тартымдылығын бағалауға бермейді. Инвесторлардың қор нарығындағы құрылымы əзірше теңдестірілмеген. Облигациялар нарығында зейнетақы активтерін басқару жөніндегі компаниялар басым.
1.2.5. Ішкі жинақ ақшалар
Елдегі ішкі жинақ ақшаның əлеуетін іске асыру əлсіз. Қаржы нарығы мен қаржы нарығына ресурстар беруші ретіндегі халықтың арасындағы байланыс бұзылған, мұның өзі халықтың қаржы институттарына сенбеуінен, халықтың капиталды өсірудің əр түрлі тəсілдерін пайдаланудан хабарсыздығынан жəне оған дайын болмауынан туындайды. Зейнетақы қорларының толыққанды институционалдық инвестор ретінде құрылуы Қазақстандағы ұжымдық инвестициялау институтының негізін қалауға тиіс болатын. Өкінішке қарай бүгінгі таңда зейнетақы активтерінің болмашы бөлігі ғана экономиканың өндірістік секторын инвестициялау үшін пайдаланылады. Зейнетақы қорлары шоғырландырған активтердің көп бөлігі оларды мемлекеттік бағалы қағаздарға салу жолымен бюджет тапшылығын қаржыландыруға пайдаланылады. Зейнетақы қорларын мұндай инвестициялау саясаты табыстылығы жəне сенімділігі жағынан бірдей мəні бар бағалы қағаздар ұсынуға қабілетсіз қазақстандық қор нарығының қазіргі даму деңгейінен туындайды жəне сонымен тығыз байланысты.
Елде инвестициялық қорлар тəрізді халықтың жинақ ақшаларын жұмылдырудың ерікті тетіктерін құруға халықтың жан басына шаққандағы табысының салыстырмалы түрде орташа деңгейден төмендігі, халық санының аздығы жəне оның үлкен аумақта шашыраңқы орналасуы кедергі келтіреді, мұның өзі халықтың жинақтаған қорын тартудың өзіндік құнын арттырады жəне инвестициялық қорлардың қымбат инфрақұрылымының қайтарымдылығын қиындатады.
1.2.6. Мемлекеттiк инвестициялар
Егер мемлекеттiк инвестицияларға қарайтын болсақ, олар ел үшiн өмiрлiк маңызы бар жобалардың өзiн қаржыландыру үшiн де жеткiлiксiз. Бүгiнгi таңда қолданылып отырған Мемлекеттiк инвестициялар бағдарламасы экономиканың басым салаларындағы кəсiпорындарға кредит беру үшiн iс жүзiнде қаражат көздемейдi.
1.3. Мүмкiндiктер
Инвестициялық саясаттағы мемлекеттiң белсендi позициясы экономикаға инвестиция көлемiн арттыру үшiн мүмкiндiк жасайды, түпкi мақсаты - жоғары қосылған құны бар өндiрiстi дамытудың, əр түрлi қаржы құралдарын дамытуды ынталандыру жолымен, өтiмдi қаражатты өнеркəсiптiк мақсаттарға сəйкес пайдалану үшiн тетiктердi iске қосуға мүмкiндiк бередi. Ұлттық қор идеясын iске асыру Қазақстанның жағымсыз сыртқы факторларға тұрлаулылығын арттыруға, сондай-ақ экономиканы жаңарту үшiн капиталды қажетсiнетiн жаңа қуаттар құруға мүмкiндiк бередi.
1.4. Қатерлер
Енжар инвестициялық саясат жүргiзудi жалғастыру экономикалық өсудiң жоғары қарқынына қатысты болжамдардың орындалуына қатер төндiредi. Инвестициялық саясатқа мемлекет белсендi түрде араласпаса, экономиканың өндiрушi салаларының басым түсуi одан əрi жалғаса беретiн болады. Елдiң болашағы оның табиғи ресурстар қорының мөлшерiне тəуелдi болып қалады. Тиiстi мемлекеттiк бақылау болмаса капиталдың жылыстау процесi жалғаса беретiн болады, қазiргi iшкi инвесторлардың қаржылық мүмкiндiктерiнің шектеулілiгiне байланысты қор нарығы шетелдiк инвесторлардың ықпалында қалып қоюы мүмкін.
МЕМЛЕКЕТТІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ САЯСАТ
Əлемдiк тəжiрибе көрсетiп отырғандай, жоғары технологияларды жəне ғылымды көп қажетсiнетiн өндiрiстiң дамуын ынталандыратын мақсатты мемлекеттiк ғылыми-техникалық, өнеркəсiптiк жəне инвестициялық саясат жүргiзбейiнше экономиканы құрылымдық қайта құру мүмкiн емес. Қазiргi заманғы жағдайларда мемлекеттiк инвестициялық саясатты күшейту Қазақстанда да жүргiзiлуге тиiс. Мемлекет экономиканы дамытудың ең басты қозғаушы күшi болуға тиiс. Мемлекет қана инвестициялық процестердің дамуына жəне ел iшiнде iрi инвестицияларды ұзақ мерзiмдi жобаларда жүзеге асыруға түрткi бола алады. Жеке кəсіпкерлiктi дамыту үшiн жағдайлар жасауда ғана емес, сонымен бiрге қолда бар бос ресурстарды экономиканың нақты секторын көтеруге бағыттау үшін мамандандырылған институттар мен тетiктер құруда да мемлекеттiң рөлi болуға тиiс. Мемлекеттiк инвестициялық саясат бiрiншi кезекте, дайындалуы неғұрлым жоғары дəрежедегi, импорттық тауарлармен бəсекеге түсуге жəне оларды iшкi рыноктан ығыстыруға қабiлетті өнімдердi экспорттауға бағдарланған өндірістi дамытуға жəне қолдауға бағытталатын болады. Белсендi мемлекеттiк инвестициялық саясатты жүзеге асыру үшiн инвестициялық бағдарламаларды қолдаудың арнаулы ұйымдастыру нысандарын құру қажет. Мемлекеттiк инвестициялар жүйесiн неғұрлым ұтымды құру үшiн жұмыс iстеп тұрған Ұлттық қормен қатар даму бюджетi, мемлекеттiк кредиттік дамыту ұйымдары сияқты мемлекеттiк қаржы институттарын дамыту талап етiледi.
2.1.2. Даму бюджетi
Мемлекеттiк шығыстар ағымдағы жəне күрделi деп бөлiнуге тиiс. Бұл үшiн республикалық бюджетте дербес бөлiм инвестициялық жобаларды кредиттеуге, инвестициялауға жəне кепілдіктi қамтамасыз етуге арналған даму бюджетi болуы қажет. Мемлекеттiк инвестициялық саясатты iске асыру қаржы ресурстарының жеткiлiктi болуына
байланысты болғандықтан, инвестицияның қажеттi көлемiн қамтамасыз етуге бюджеттiң мүмкiндігi туралы мəселе өткiр қойылады. Қалыптасып отырған жағдайда ашық емес жəне тиiмдi емес Мемлекеттік инвестициялар бағдарламасынан бас тарту жолымен мемлекеттiк инвестициялық саясатқа өзгерiстер енгiзу жəне даму бюджетiн құра отырып, бюджеттi ағымдағы жəне күрделi деп бөлуге көшу қажеттiгi пiсiп-жетiлдi.
Даму бюджетін құру жəне оған мемлекеттiк инвестицияларды жүзеге асыруға арналған барлық ықтимал ресурстарды шоғырландыру мемлекеттiк инвестициялаудың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк бередi. Даму бюджетiнiң қаражаттары жеңiлдiктi сыртқы заемдардың, инвестициялық мақсаттар үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығару жолымен iшкi қарыз алудың, мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруден түскен табыстардың, салықтық табыстардың бiр бөлiгi есебiнен қалыптастырылуы мүмкiн. Мемлекеттiк бюджеттi ағымдағы жəне инвестициялық деп бөлу салықтардың бiр бөлiгiн инвестициялық мақсаттарға пайдалану тұрғысынан маңызды, түптеп келгенде ол, салықтық түсімдердiң артуына алып келеді. Инвестициялық мақсаттарға арналған мемлекеттiк бағалы қағаздар немесе мемлекеттiк инвестициялық бағалы қағаздар жинақтаушы зейнетақы қорлары, сақтандыру ұйымдары, басқа да институционалдық инвесторлар арасында орналастырылатын болады, сондай-ақ почта-жинақтау жүйесiнiң қаражатын шоғырландырады. Аталған бағалы қағаздар капитал мен ол бойынша табыстарды жоғалтудың мейлiнше төмен қатерiне байланысты ең тартымды қаржы құралдарының бiрi бола алады. Бұдан басқа, жаңа қаржы құралдарының пайда болуы қайталама қаржы нарығын жандандырады. Мемлекеттiк емес корпорациялық бағалы қағаздардың дамуына қарай мемлекеттiк инвестициялық бағалы қағаздар айналысы қысқаратын болады. Сыртқы берешектiң өсу қарқыны IЖӨ-нiң өсу қарқынынан асып түсiп отырған ағымдағы сəтте инвестициялық саясатты жүргiзген кезде бiрiншi кезекте қолда бар меншiктi ресурстарға бағдар ұстаған жəне оларды отандық экономиканы инвестициялау үшiн пайдаланған жөн. Ішкi институционалдық инвесторлардан тартылған қаражат есебiнен қалыптасатын даму бюджетiнiң тетiгi халықтың iшкi жинақ ақшаларын нақты инвестициялық жобаларға бағыттауға мүмкiндiк бередi. Республикалық мемлекеттiк бюджеттiң бiр бөлiгi ретiндегi даму бюджетiнде оның қаражаты пайдаланылатын баптар тiзбесi болуға тиiс. Даму бюджетiне, ағымдағы қаржы жылында инвестициялау болжанып отырған жобалар тiзбесiнен басқа, көзделмеген, бiрақ перспективалық жобаларды жедел қаржыландыру үшiн резервтер салынуға тиiс. Жобалар тiзбесiн əзiрлеудi ықтимал заемшылардың, коммерциялық банктердiң, мүдделi министрлiктер мен ведомстволардың, Үкiметтiң келiсiлген бiрлесiп қатысу процесi арқылы жүзеге асыру қажет.
2.1.3. Ұлттық қор
Ұлттық қордың қызметi мемлекеттiң негiзгi шикiзат ресурстарын əзiрлеу, өндiру жəне экспорттау жөнiндегi қызметiнен түсетiн үстеме табысын шоғырландырудан жəне оларды əлемдiк қаржы нарықтарында одан əрi инвестициялаудан тұратын болады. Шикiзат қорлары таусылатын жəне орны толмайтын ресурстар болып табылатындықтан оны өндiруден, қайта өңдеу мен өткiзуден түсетiн болашақ қаржы ағындарына дұрыс иелiк еткен маңызды. Ұлттық қорды құру артық валюта түсiмдерiн стерилизациялау, экономикада дағдарысты ахуалдар жағдайына резервтiк активтер құру, болашақ ұрпақ үшiн қор қалыптастыру мақсатын көздейдi. Ұлттық қор қаражаты мемлекеттiк бюджеттен алынатын трансферттер жолымен шаруашылық жүргiзуші субъектiлердiң экономиканың шикізат секторындағы қызметiнен төлейтiн салық түсiмдерi мен басқа да мiндеттi төлемдердiң бiр бөлiгiнен қалыптастырылатын болады. Мұндай трансферттер бюджеттiң ағымдағы шығыстары бойынша профицитке қол жеткен жағдайда ғана жүзеге асырылуға тиiс. Бұл таяу жылдарда мемлекеттiң шикiзат ресурстарын өндiру жəне экспорттау қызметiнен түсетiн үстеме табыстардың ең алдымен бюджеттiң ағымдағы шығыстар бойынша тапшылығы мен мемлекеттiк жəне мемлекет кепiлдiк берген борышқа қызмет ету жөніндегi шығыстарды азайтуға бағытталуға тиiс екендiгiн бiлдiредi. Сонымен бiрге даму бюджетi iшкi жəне сыртқы нарықта жыл сайынғы қарыз алу нəтижесiнде бюджеттiң тұрақты инвестициялық тапшылығын қалыптастыратын болады. Ұлттық қор қаражаты əлемдiк қаржы нарықтарында бағалы қағаздардың кең əртараптандырылған қоржынында инвестицияланатын болады. Iшкi экономикаға инвестициялау үшiн түскен инвестициялық кiрiс есебiнен қалыптастырылатын Ұлттық қордың бөлу шотынан қаражаттар пайдаланылатын болады.
2.1.4. Мемлекеттiк кредиттiк ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz