Жалпы жер туралы түсінік


Жалпы жер туралы түсінік.

Жоспар:

Кіріспе7-8

1. Жердің жалпы құрылысы және эволюциялық даму тарихы . . . 9-12

1. 1. Жердің ішкі құрылысы . . . 13-15

1. 2. Жердің сыртқы құрылысы . . . 16

1. 3. Жердің жұлдыз ретіндегі даму кезеңі . . . 17-19

1. 4. Геологиялық даму тарихы . . . 20-22

2. Жер пішіні және оның өлшемдері . . . 23-24

2. 1. Жердің пішіні мен көлемі . . . 25

2. 2. Жер бетінің бедері . . . 26

3. Геосфералардың заттық құрамы . . . 27

3. 1. Литосфера . . . 28-30

3. 2. Атмосфера . . . 31-33

3. 3. Гидросфера . . . 34-35

3. 4. Биосфера . . . 36-38

Қорытынды 39-40

Пайдаланған әдебиет. . 41-46

Кіріспе.

Менің ойымша «Жалпы жертану - біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория, материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі . Сондықтан « Жалпы жертанудың»теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады .

Болашақ мамандардың географиялық дүние- танымына негіз қалайды . «Жалпы

жертану» пәніндегі географиялық дүние таным біртұтастығымен сиппатталады: табиғи құбылыстар мен процестер бір -бірімен ғана емес қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады .

«Жалпы жертану» глобальды экологияның теориялық базасы болып табылады, өйткені тірі организімдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экология- лық қауіпсіздігін қамтамсыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін, оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады . Глобальды өзгерістерлі зерттеудегі негізгі мақсат : Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық, химиялық және биологиялық процестердің қарым- қатынасын анықтау, оған ғылыми тұрғыдан баға беру .

Біртұтас жүйе - географиялық қабықша ( комплекстік геосфера, эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің, эволюциялық географияның, Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда .

Сондықтан (Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеографиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи - антропогендік ортаны тиімді пайдалану, апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған .

Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес, оның құрлысы да күрделі . Әсіресе, барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді . Мұнда географиялық қабықшаның жекеленген компоненттердің -топырақ және тірі организімдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи - территориялық комплекстер дамиды .

Сонымен, «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын дамуын, оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін, қазіргі табиғи - антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала . Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комплекстердің дамуын, динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи-антропогендік комплекстерге баға беріп, болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтар-ды білу міндетті .

Адамдар Жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақытын сарп етті . Тек ХV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры Жердің жұмыр екендігі мойындалды . Сөйтіп барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқылы оқып, зерттей бастады .

Шын мәнінде Жер дұп- дұрыс шар емес . Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш -жігер жұмсады . Қандай тәсілдер қолданылмады десеңші ! Сонда да біздің планетамыздың формасын дәлме- дәл белгілеу әлі қолдан келген емес . Ал мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды . Сөйтіп, біздің Жеріміз - полюстар тұсында ішке қарай басыңқы үлкен шар - ғалымдар осындай пікірге келіп отыр . Бірақ Жердің үсті теп- тегіс емес . Бір жерлерде таулар аспанмен таласса, басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады, енді бір жерді ойпаңдар алып жатады . Егер жер бетінің бүкіл ойлы- қырлы бедерін ескеретін болсақ, Жердің формасы аса күрделі болып шығар еді . Сондықтан оны тіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес .

Сондықтан Жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген су айдынын алуға ұйғарылған . Мұндай фигура «геоид» деп атайды .

«Геоид» сөзін ғалымдар Жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан . Оны белгілі ғалым Листинг ұсынған . Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «Жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді . Жердің радиусы шамамен 6 мың километрге тең . Глобустың радиусы одан миллион есе кіші . Сөйтіп Жердің полярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма глобуста милиметрдің бөлігіне айналады . Бұл айырмашылықты глобуста бейнелеп көрсетудің ешқандай мүмкіндігі жоқ екені түсінікті де .

Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды . Оның бетінде материк- тер, мухиттар, аралдар, түбектер біздің планетамыздың үстіңгі беті кішірейтілген түрінде бейнеленген .

Глобус бетінде Жердің тәулік ішіндегі қалай айналатынын көрсетуге, жер осінің құлдилау бұрышын көруге болады . Глобус бетінде түрлі өлшемдер жүргізуге бола- ды : қашықтықтар анықталады, аудандар есептеліп шығарылады . Қажетті нүктелердің географиялық координаттары табылады . Адамдар жердің шар тәрізді екендігін дәлелдеу үшін мыңдаған жыл уақыттын сарп етті. Тек XV ғасырда ғана бұлжытпас деректердің алдында ақыры жер жұмыр екендігі мойындалды. Сөйтіп, барлық елдердің оқушылары өз планетасын жұмыр глобус арқыды оқып, зерттей бастады. Шын мәнінде жер дұп-дұрыс шаремес. Оның нақты формасын айқындау үшін ғалымдар көп күш жігер жұмсады. Мұның өзі білімнің көптеген салалары жөніндегі мамандар үшін өте маңызды. Сөйтіп, біздің жеріміз -полюстар тұсында ішке қарай басыңқы, үлкен шар. Бірақ жердің үсті теп-тегіс емес. Бір жерде таулар аспанмен таласса, басқа бір жерде жазықтар көсіліп жатады, енді бір жерді ойпаңдар алып жатады. Егер жер бетінің бүкіл ойлы-қырлы бедерін ескеретін болсақ, жердің формасы аса күрделі болып шығар еді. Сондықтан оны жіпті ең күрделі математикалық теңдеулермен бейнелеп беру мүмкін емес. Сондықтан жердің беті деп материк астымен ойша жүргізілген. Су айдының алуға ұйғарылған. Мұндай фигура «геоид» деп аталады. «Геоид» сөзін ғалымдар жердің пішінін белгілеу үшін әдейі ойлап тапқан. Бұл сөздің ешқандай геометриялық мағынасы жоқ. Оны тура аударсақ «жер бейнесіндегі дене» дегенді білдіреді. Жердің радиусы шаиаиен 6 мың км-ге тең. Глобустың радиусы одан миллион есе кіші. Сөйтіп жердің ролярлық және экваторлық радиустарының арасындағы 21 км айырма, глобуста мм-ң бөлігіне айналады. Сондықтан глобусты жер шарының моделі деп атайды. Оның бетінде мұхиттар, материктер, аралдар, түбектер, біздің планетамыздың үстіңгі беткі кішірейтілген түрінде бейнеленген.

Біздің Отанымыздың қойнауы байлыққа толы. Жер асты қоймаларында халық шаруашылығына қажетті ұштан-теңіз қазына жатыр. Дегенмен табиғат жасаған барлық байлық ішіндегі шын мәніндегі ең құндысы -табиғаттың ғажайып талмас туындысы-Жер болып табылады. Жерге адамның қамқоршылығы мен оның аялы алақаны қажет. Біз сонда ғана өз ұрпақтарымыз үшін табиғатты бір ғажайып көркімен сақтаймыз. Сонда ғана олар бізге алғыс айтып, риза болады.

Жердің жалпы құрылыс ы және эволюциялық даму тарихы

«Жалпы жертану»-біртұтас жүйе болып табылатын географиялық қабықша туралы теория, материяның дамуы туралы географиялық және басқа ақпараттардың негізі. Сондықтан «Жалпы жертанудың » теориялық тұжырымдары салалық географиялық талдаудың методологиялық негізі болып табылады.

Болашақ мамандардың географиялық дүние-танымына негіз қалайды. «Жалпы жертану» пәніндегі географиялық дүние-таным біртұтастығымен сипатталады :табиғи құбылыстар мен процестер бір-бірімен ғана емес Қоршаған ортамен де тығыз жүйелік байланыста қарастырылады.

«Жалпы жертану» глобальды экологиның теориялық базасы болып табылады, өйткені тірі организмдер мен адам баласы өмір сүріп отырған ортаның экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында географиялық қабықшаның қазіргі күйін, оның болашақта өзгеру бағытын анықтауға ат салысады. Глобальды өзгерістерді зерттеудегі негігі мақсат: Жер системасының дамуына әсер ететін физикалық, химиялық және биолгиялық процестердің қарым-қатынасын анықтау, оған ғылыми тұрғыдан баға беру.

Біртұтас жүйе -географиялық қабықша (комплекстік геосфера, эпигиосфера ) ілімі соңғы уақытта космостық ізденістердің, эволюциялық географияның,

Палеогеографияның мәліметтерімен толығуда.

Сондықтан «Жалпы жертанудың» ғылыми бағыты фундаментальды физгеорафиялық заңдылықтарды зерттеуден планетарлық масштабта табиғи - антропогендік ортаны тиімді пайдалану, апатты табиғи құбылыстар мен процестерді болжау және онымен күресе білуге бағытталған.

Біртұтас географиялық қабықша біртекті емес, оның құрылысы да күрделі. Әсіресе, барлық қабықшалардың түйісу орталығы күрделігімен ерекшелінеді. Мұнда географиялық қабықшаның жекелеген компоненттерінің - тау жыныстары, олардан пайда болған рельеф пішіні, су ауа, топырақ және тірі организмдердің кеңістікте әртүрлі таралуы мен дамуы нәтижесінде әртүрлі деңгейдегі табиғи -территориялық комплекстер дамиды.

Сонымен, «Жалпы жертану» географиялық қабықтың жалпы заңдылықтарын, дамуын, оның жекелеген компонеттері мен комплекстерінің кеңістік пен уақыт аралығында өзгеруін, қазіргі табиғи -антропогендік комплекстердің болашақта дамуын зерттейтін ғылыми сала. Сондықтан қарапайым деңгейдегі де табиғи комлекстердің дамуын, динамикалық ерекшелігін және кіші табиғи -антропогендік комплекстерге баға беріп, болжау үшін планетарлық географиялық заңдылықтарды білу міндетті.

Жалпы жертанудың пайда болуы мен даму тарихын география ғылымының дамуынан жеке дара қарастыруға болмайды, өйткені оның дамуы география ғылымдарының дамуымен біртұтас .

Географиялық ілімнің ғылыми бастамасы алғашқы қауымдық құрылыста пайда болып, бірақ жазу өнері жоғары болған этностарда, яғни құл иеленушілік қоғамда даму деңгейі одан ары жоғарылаған . (Қытай, Ассирия, Вавилон . )

Көне Қытай жазба ескерткештері (Шанхайцзин, Юйгун, Дилихчи . ) біздің эрамызға дейінгі 7-3ғасырда пайда болған . Бұл жазба ескерткіштерде жергіліктің жердің табиғатын, халықтардың әдет -ғұрпын сипаттаған мәліметтер кездеседі . Мысалы, Чжан Жун өзен суының ағынымен оның жылдамдығының арасындағы байланысты анықтай отырып, оның нәтижесін Хуанхэ өзенінің ағынын реттеуге пайдаланған . Ғалым Цзы өсімдік жамылғысының топыраққа, жер асты суларына және басқа да географиялық факторларға тәуелдігін анықтаған .

Пэй Сюй географиялық карта құрастырудың 6принципін, масштабты пайдалануды, жергілікті жерде бағдарлауды, жергілікті жердің биіктігін есептеуді тағы басқа анықтаған . Қытайлықтар, сонымен бірге, компасты, желдің жылдамдығы мен бағытын және жауын -шашаын мөлшерін анықтайтын аспсптар ойлап тапқан .

Біздің эрамызға дейінгі көне мәдениет орталығы Үндістанда ( ведтер ) -діни саладағы көзқарастармен қатар Үндістанның табиғатын, өзендері мен тауларын сипаттайтын мәліметтердің кездесуі . Олар Индонезияны, Цейлонды білген, ал б. з. д. 1ғасырда Гималай мен Гиндукуш арқылы Орта Азияға сапср жасаған . Көне индустарда календарь болған, б. э. д. 6 ғасырға сайкес келетін астраномиялық трактатта Жер өз білігінен айналатыны, ал Ай сәулені Күнен алатыны туралы деректер бар .

Тигр және Эфрат өзендерінің төменгі ағысында 4 және 3 ғасырда егіншілік пен

Мал шаруашылығымен, сада -саттықпен (Кипрмен, Иранмен ) айналысқан шумерлер қоныстанған . Шумерлердің мәдениеті мен әдет -ғұрпын үйренген көне вавилондықтар да (б. э. д. 7 ғасырда өмір сүрген ) карта жасай білген . Тигр мен Эфрат өзендерінің жоғарғы ағысында б. э. д. 3 ғасырдан 7 ғасыр аралығында көршілес көптеген мемлекеттерді жаулап алған ассирийлықтар да карта жасаған.

Географияның дамуына көне гретер мен римдықтар да үлкен үлес қосты . Гректердің өте көне жазба құжаттары Гомердің «Илиада » және «Одиссия »

(б. э. д. 8-7 ғасырлар ) -мұнда Жерді формасы дөңес қалқан тәрізді арал деп сипаттаған, олардың Дунай, Рион сияқты ірі өзендер, Африка туралы, Грецияның солтүстігін мекендеген көшпелі тайпалары туралы да мәліметтері болған . Б. э. д. V

ғасырда өмір сүрген грек ойшылы Пармонит философиялық көзқарас тұрғысынан Жер шар тәрізді деген идеяны ұсынды. Пармонтд пен пифагор жерді 5 шеңберге немесе белдеуге жіктеді: аркиткалық, жазғы, экваторлық қысқы және антарктикалық.

Геграфия ғылымының дамуына, әсіресе көп үлес қосқан б. э. д. 484-425 жылдары өмір сүрген Геродоттың еңбектері: Египетте, Ливияда, Палестинада, Грециялық, Қара теңізде, Үндістан мен Каспий теңізі жағалауында болып, осы территориялардың табиғатын зерттеген. Геродот бойынша Жер бетіндегі елді мекендер үшке бөлінген:

Увропа деп бөлінуі ежелгі грек мифологиясынан алынған, ал басұа финикийлықтардың мәліметтері бойынша: азу ( шығыс) - Азия, эреб ( батыс) - Европа. Коне гректер Африканы Ливия деп атаған. Афри деген атауды римдіктер құрылықтың солтүстігінде мекендеген халықтардың атына байланысты атап кеткен.

Рим империясының гүлденген шағында Жалпы жертану пәніне өте зор үлес қосқан көне грек астрономы және географ Клавдий Птоломей. Ll ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген, ұлты грек, Клавдий Птоломейдің аса құнды еңбектерінің бірі Руководство по географии - 8 кітап көлемінде көне геогграфияның дамуына

аяқтайды. Сонымен қатар, Система мира атты еңбегі география ғылымында 1000жылға дейін басым болып. Птоломей географияда математикалық әдістерді кеңінен қолданды ( мысалы, ендік пен байлықты анықтау ) . Ол география мен хорографияны жіктеді: география деп - сол уақыттағы Жер бетінде белгілі бөліктердің сызықтық бейнеленуін түсінсе, яғни сандық көрсеткіштері бойынша жергілікті жерді сипаттауды ұғынды.

384-322 жылдары өмір сүрген Аристотельдің кезеңінде Жер формасының шар тәрізділігі жалпы мақұлданған түсінікті болды. Оның нақтылы дәлелі Ай тұтылғандағы жердің көленкесінің дөнгелек болып Аристотель (б. э. д. 3000 жыл бұрын), бірақ дәлірек, мәліметтерді қазіргіге жақын есептеген Эратосфен (276-176 жыл) . Эратосфеннің тағы да география ғылымына қосқан үлесі: Географика деп аталған жүйелі еңбектің авторы, жердің формасы, тарихи географияны, құрылықтар мен мұхиттарды, климаттық зоналарды және жекелеген елді мекендерді зерттеумен айналысқан ғалым. Алғаш рет география деген терминді қолданған да Эратосфен - осы кезеңнен Жер бетінің табиғатын сипаттау география деп аталған.

Алғаш рет градус торын ұсынып, жер беті шеңберін 360 - қа бөлуді және дәлме-дәл карта құрастыру принциптерін ұсынған ғалым Гиппарх.

Сонымен, осы кезенде географияда шешілген мәселелер:

  1. қазіргі уақытқа дейін сақталып келген географияда екі бөлімнің жіктелуі: жалпы жертану мен елтану;
  2. жердің формасы мен көлемінің анықталуы;
  3. осы кезге дейін құнын жоғалтпаған ғылыми еңбектердің пайда болуы;
  4. көне географиялық карталардың құрастырылуы;
  5. жер бетіндегі әртүрлі физикалық құбылыстарға түсінік беруге талпыныс жасалу.

Мысалы, христиан религиясымен келіспейтіндіктен жердің шар тәрізділігі жоққа шығарылды. Индикоплов Жер көне еврейлердің храмына ұқсас, сондықтан оның формасы шеңбер тәрізді емес төрт бұрышты, жер беті жазық, тау тек солтүстігінде, ал күн осы таулардың айналасында ғана айналып жүреді деп тұжырымдады. Барлық табиғи құбылыстар дөрекі, қарапайым түрде түсіндірілді. Х111, Х1V тіпті ХV ғасырлардағы барлық дүние жүзілік карталар бір үлгімен жасалды: шеңбер - шеңбердің ортасында Иерусалим.

Жер туралы, әртүрлі елдердің табиғаты туралы мәліметтер толықты. Мысалы, Марокко тұрғыны Ибн -Батуттың 30 жылға созылған саяхаты: арабтардың меридианның градус торын пайдалана отырып жер көлемін есептеуге деген еңбектері - нәтижелері қазіргіге жақын.

111 ғасырдан бастап Қытайда Дифанчжи деп аталатын еңбекте Қытайдың әртүрлі аудандарының жер жағдайы суретелді. 1952 жылға дейін 5832 суреттеп бейнелеуден тұратын. Гумбольдттың аса маңызды еңбегінің бірі - Космос, бес бөліктен тұрады, бірақ бесінші бөлігі кезінде аяқталмай қалды. Еңбектің бірінші бөлігінде сол кездегі Жер мен Әлем кеңістігі туралы мәліметтерге қорытынды жасалған. Бұл жұмысында ол жер бетін ерекше қабық, барлық компоненнттер бір-бірімен тығыз байланысты ғана емес бір-біріне әсер етеді, органикалық және органикалық емес табиғаттың біртұтастығы туралы құнды пікірлер айтады. Гумбольдт қазіргі биосфера түсінігінің аналогы өмір сферасы және ақыл сферасы - кейіннен ноосфера аталған терминдер туралы да өз еңбегінде ой толғайды.

Жер қабығының ішкі құрылысына байланысты оны екі типке - континенттік және мұхиттық - бөледі (2. 6-сурет) . Континенттік қабық, 2) гранитті - метаморфтық және 3) базальттық ( базиттік) . Қазіргі кезге бұрғылау және шахтылар арқылы тек шөгінді қабаттың құрама- құрылымын білеміз, гранитті -қалқандарда ( щит) шығады. Жер қабығы мантиядан Мохо шегімен айырылатыны жоғарыда айтылады.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы орта шамамен шөгіндіілер қабатында

3-5 км/ с, гранитті -гнейсті қабатта 5, 5-6, 5 км/с, базальт қабатында 6, 6-7, 2 км/с. Кейінгі екеуін сейсмикалық Конрад шегі жіктейді (толқын жылдамдығы 6, 5- 6, 6 км/с) . Үш қабаттың әрқайсысының да қалыңдығы тұрақты емес. Шөгінді қабатының қалыңдығы нөлден (Балтық, Алдан т. б. қалқандар) жазықтардан 5 километрге жетеді, тек жекелеген ойыстарда (Каспий ойпаты) 8-10 километірден асады. Таулы аймақта мен оларды етектеген ойыстарда бұл қабат 15-20км. Гранитті - метаморфтік қабаттың қалыңдығы жазық ойпаттарда 15-20 км; таулы аймақтарда 20-25 км ге жетеді. Базальтты қабаттың қалыңдығы осылайша 10-20км -ден 25-35 км-ге өзгереді.

Мұхиттық тип өзінің қалыңдығымен де, құрамымен де континенталдық типтен тым өзгеше. Оның қалыңдығы 5-12 км, орташа шамасы 5-7 км, ал гранитті- иетаморфтік қабаты атымен жоқ . Мұхитты қабат та үшке жіктеледі: 1) бірінші (жоғарғы жұқа - жүздеген метр -1000 м) мұхит-теңіз шөгінділерінен тұрады да сейсмотолқындар жылдамдығы 4-4. 5км /с шамасында :

3) үшінші қабатшасының қалындығы 3, 5 - 5 км, сейсмотолқындар 6, 3-6, 4 км/с жылдамдықпен өтеді. Қабатша негізді және өте негізді интрузив жыныстардан түзілген.

Жер сфероид тәрізді. Жердің нағыз беті, оның ауысып отыратын үшы қиры жоқ және сан алуан қыраттары мен ойпатары жер бетін тегіс деп айтуға мүмкіндік бермеиді жердін формасы туралы түсінік алу үшін жердің шын беті емес тек теориялық бетті зерттейді .

Жердің шар тәрізділігі туралы идея сонау көне заманда дамып, өзінің қүндылығын әлі де жоғалтпаған тұңғыш дәлелдер ұсынылған болатын. Бірақ бұл түсінік ғылыми пікірді 17 ғасырға дейін қанағаттандырып келді. Өйткені кейіннен қайта қарауға мәжбүр еткен мәліметтер айқындалды.

Ғылыми және практикалық мақсата өте жиі Жер сфероидты түсінігі қолданылады ол полюстерге қарай созыңқы, бірақ шарға жақын геометриялық фигура . Сфероид эллипсоид айналуына сәйкес те біркелкі тепе -теңдіктегі сұйық массалы фигура . Оның барлық заттары бір -біріне тартылыс күшіне байланысты тартылады және өзгермейтін білік айналасында тұрақты бұрыштық жылдамдықпен айналады . Жер біртекті сұйық масса болмаса да Жер сферодының эллипсоидтық айналудан айырмашылығы аз . Сфероид пен зллипсоид айналуының ең жоғарғы ауытқы 45градус ендікте -3-4 м . Барлық геодезиялық есептеулер эллтпсоид бетінде жүргізіледі .

Жердің полярлық сығылуы 17 ғасырда белгілі болды . 1672 жылы Парижден Каеннаға сағатпен қозғалғанда оның маятнигінің экватор маңында тәулігіне 2 мин 28 секундқа қалып отыратыны анықталды . Сондықтан сағаттың маятнигін 2, 8 мм -ге қысқартуға тура келеді . Ньютон мен Г юйгенс бұл құбылысты полюстен экваторға қарай ауырлық күшінің азаюымен түсіндірді . Мұндағы жаңалық :дұрыс есептеулер нәтижесінде қоңыржай ендіктерден экваторға қарай ауысқанда салмақ күшінің жылдамдылығы сол бағыттағы орталықтан тебетін күштің көбеюінен едәуір тез кемитіндігін көрсетті .

Ньютон мен Гюйгенс жер полюстерінің қысылыңқы және экватордың дөңес болуы мүмкіндігін айтты, демек жер шар емес сфероид, яғни эллипстың кіші білігінде ( осінде ) айналунан шыққан дене .

Сфероидта меридиандар дөңгелек шеңбер емес - эллипс, ал полярлық және экваторлық радиустардың ұзындығы әртүрлі .

Маятниктердің көмегімен жасалған толып жатқан бақылаулар Ньютон мен Гюйгенстің түсініктерінің дұрыс екнін көрсетті . Градусты өлшеуде осыны дәлелдеді . Егер де жер сфероиды осы болса, онда меридианы доғасының қисықтығы полюсте экватордағыдан кемірек болу керек . Олай болса орталық бұрышта бір градусқа келетін меридианның доғасы жоғарғы ендіктерде экватор маңындағыдан ұзынырақ

керек .

  1. Жердің ішкі құрлысы
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтериядағы және қоймалардағы материалдар мен құндылығы төмен тез тозатын заттардың есебі. Тауарлы-материалдық запастарды есепке алуға арналған шоттар корреспонденциясы және құндылығы төмен тез тозатын заттар. Ластағыш заттардың айналуларын химиялық реакция типтері
Құрлықтар мен мұхиттар географиясын оқытудың әдістемесі
Геология пәнінің мақсаты мен міндеті.Гелогия пәнінің зерттеу әдістері мен зерттелу тарихы. ӘДІСТЕМЕЛІК НҰСҚАУ
Табиғатқа аялы қарым - қатынастарын дамыту
Әлем – шексіз жұлдыздар жүйесі
Жертану пәнінен дәрістер кешені
Бастауыш математика курсындағы шамалар және олардың өлшем бірліктерін оқыту әдістемесі
Физикалық географияның бастауыш курсын оқытудың білімділік, тәрбиелік, дамытудың мақсаттары
Тектоникалық қозғалыс типтері
Топография мен геодезияның даму тарихы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz