Отбасындағы гендерлік тәрбие


- Отбасындағы гендерлік тәрбиенің теориялық аспектілеріОтбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымыОтбасында балалардың тәрбиесі
2. Отбасындағы гендерлік тәрбиені анықтау мен жүзеге асыру
2. 1. Отбасының гендерлік тәрбиенің әлеуметтік қызметтері
2. 2. Отбасында балалардың гендрлік тәрбиесі
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі:Жақсы ата-ананың балалары да жақсы болады деген сөздi өте жиi естимiз, сонда осы жақсы ата-ана деген кiмдер. Қазақта бұған байланысты мақалдар да жиi айтылады. Мысалы, “Ұяда ненi көрсең, ұшқанда соны аласың” .
Болашақ ата-аналар өз ұрпағының саналы да сапалы болуы үшiн арнайы бiр әдебиеттердi оқу немесе тәрбиелеудiң ерекше әдiстерiн ұйрену керек деп ойлайды. Әрине, педагогикалық және психологиялық бiлiмдер өте қажеттi, бiрақ тек қана бұлардың өзi баланы тәрбиелеуге жеткiлiксiз.
Ешқашан күдiктенбейтiн, әрқашан өздерiнiң iстерiнiң дұрыстығына сенетiн, ылғи да балаға не iстеуге болады және оған не керек екенiн дәл бiлiп отыратын, әр уақытта өзiнiң баланы өсiруде қалай дұрыс iстеу керектiгiн бiлетiн және әр түрлi жағдайларда өз балаларының мiнез-құлқын ғана болжап қоймай, оның болашақ өмiрiнде кiм болатының көрегендiкпен болжай алатын ата-аналарды жақсы деп айта аламыз ба?
Әлде үнемi қобалжып жүретiн, балаларының жаңа бiр тәртiп бұзуы кезiнде оларды қалай жазалауын бiлмейтiн, егерде жазаласа өз әрекеттерiне өкiнетiн ата-аналарды жақсы дей аламыз ба? Мұндай ата-аналар баласынан күтпеген өгде әрекеттер көрсе қорқады, ол ата-аналар балаларын өздерiн сыйламайды деп күдiктенедi, ал кейде өздерiн жақсы көрмейдi деп ойлайды. Ол ата-аналар балаларын бiр жаман қылық iстеп жүр деп ойлап, олардың болашағын ойлап қиналады. Оларға сыртқы орта “көше” керi керi әсер етедi деп санайды және олар балаларының сихологиялық денсаулығы үшiн сескене бастайды.
Яғни, жоғарыдағы ата-аналардың ешқайсысын жақсы деп айтуға болмайды. Ата-аналардың бала тәрбиелеуде өздерiне қатты сенiмдi болуы да немесе шектен тыс көп сескене берудiң де олардың жақсы ата-ана болуына көмектеспейдi.
Адамның кез-келген әрекетi әдетте бiр нормаға бағынады. Бiрақ тәрбиелеушiлiкте мұндай норма болмайды. Өйткенi бiз өз өмiрiмiзде күйеу және әйел болып немесе кез келген мамандықты қалай тәжiрибеде және теориялық жағынан үйренемiз, сол сияқты ата-ана болып та үйренуiмiз керек. Жанұядағы тәрбие бұл да сол өмiр және бiздiң балаларға деген iс-әрекетiмiз немесе көзқарасымыз өте күрделi, өзгермәлi және қайшылықты болып келедi.
Кез-келген баланың ата-анасына деген махабаты шексiз, шартсыз, шекарасыз және мәңгiлiк. Бұл тұрғыда ата-анаға деген махабат өз өмiрiнiң қауiпсiздiгiн қамтамасыз етсе, өсе келе ата-аналарының махабаты адамның iшкi, эмоциялық және псиологиялық әлемiн ұстап тұратын қызметтердi атқара бастайды. Ата-ана махабаты - адамның болашақ өмiрiнiң бағдары, оның дене және iшкi жан дүниесiнiң, денсаулығының қайнар көзi мен кепiлi болып табылады.
Сондықтан да ата-ананың басты және негiзгi мiндетi - ең бiрiншi балаларына өздерiнiң жақсы мiнез-құлығымен, адами құндылықтарымен жақсы көрiнетiндiгi мен оларға әрқашан да қамқор болатындығына сенiм туғызу. Яғни, ешқашанда балалары өздерiн ата-аналары жақсы көретiндiгiне күмән туғызбауы керек. Ата-ананың ең табиғи және ең қажеттi мiндетiнiң бiрi өз балаларына олардың кез келген жасында оларға жылы махабатпен, қамқорлықпен және ұқыптылықпен қарау.
Балаларының өсе келе өз ата-аналарымен айырылысатын жағдайлар өмiрде жиi болып тұрады және бұл шартты құбылыс. Олар өздерiнiң ең жақын адамдарымен эмоциялық байланысын жоғалта отырып, психологиялық мағынада айырылысады.
Психологтар жасөспiрiм алкоголизмi мен нашақорлығының қайғысына көбiнесе ата-аналарының өз балаларын жақсы көрмеуi, оларды бауырына тартпауы себеп болатындығын дәлелдеген. Яғни, жанұялық тәрбиеге қойылатын басты талап жанұя iшiнде бiр-бiрiне кiршiксiз махабаттың болуы талабы. Осы мақсатта ата-ана өз балаларын жақсы көрiп қана қоймай, балалардың өздерiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн әрқашан және кез келген жағдайда сезiнiп жүруiне көмектесу қажеттiгi туындайды. Бала өз ата-анасының махабатына сенiмдi болғанда ғана оның психологиялық әлемi дұрыс қалыптасады, яғни махабат махабатқа үйретедi.
Көп ата-аналар өздерiн балаларына деген махабатының жоғары болуы жағдайында бала өзiн ата-анасының жақсы көретiндiгiн сезiп, ерке, өзiмшiл болып өседi деп ойлайды. Бұл тұжырым өте дұрыс емес. Дәл осы жағымсыз тұлғалық қасиеттер ата-аналық махабаттың жетiспеушiлiгiнен, қайсыбiр эмоциялық тапшылық пайда бола қалғанда қалыптасады. Ата-ананаңы өз баласына оны жақсы көретiндiгi мен қамқор болатындығы туралы сезiмiн бiлдiру ата-анасының баласына бөлетiн уақытына да, баласының қайда өсетiндiгiне де, баласын материалдық қажеттiлiктермен қамтамасыз ету дәрежесiне де байланысты емес. Ол ең бiрiншi ата-ананың баламен терең психологиялық байланыстың болуы тәрбиеге қойылатын бiрегей талап, ол барлық ата-аналарға тәуелдi және мұндай байланыс барлық жастағы балаларды тәрбиелеп жеткiзуде қажеттi болып табылады.
Бұрынғы тәжiрибе ықпалымен адам санасында өте жоғары деп аталатын құндылықтар қалыптасады. Мұндай құндылық болып белгiлi бiр адамның қажеттi, өмiрде маңызы бар деп табылғанм қасиеттерi саналуы мүмкiн. Мұндай жағдайларда ата-аналар өз балаларында да осындай қасиеттер қалыптасатындай етiп тәрбиелеуге талпынады. Мысалы, ата-аналар өзiнiң ұлынын немесе қызының мейiрiмдi, ақ көңiл болып өсу керек деп ойлайды. Ата-аналары балаларын тәрбиелеуде құнды деп тапқан қасиеттерi баласының индивидуалдық, өзiндiк ерекше қасиеттерiне қарама-қарсы келгенде баланың тәуелсiздiк мәселесi одан сайын күрделене түседi.
Осы мысалдағы мiнез-құлықтық бұзылуына ата-ананың баласының даму ерекшелiгiне, оның жасына қарамастан оған жоғары құндылықтарды “күшпен” үйретудiң нәтижесiнен пайда болып отыр.
Курстық жұмыс мақсаты: Отбасында гендерлік тәрбиені анықтау.
Курстық жұмыс міндеттері:
-Отбасындағы гендерлік тәрбиенің теориялық аспектілерінанықтама беру
-Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымын қарастыру
-. Отбасындағы гендерлік тәрбиені анықтау мен жүзеге асыру
- Отбасының гендерлік тәрбиенің әлеуметтік қызметтері
- Отбасында балалардың гендрлік тәрбиесін зерттеу
- Отбасындағы гендерлік тәрбиенің теориялық аспектілері
1. 1 Отбасы ролі мен отбасы ішіндегі рольдердің құрылымы
Гендерлік саясат туралы қоғамда сан түрлі пікірлер бар. Біреу мақтап, біреу даттап жатады дегендей. Екі тараптыңда сөзіне құлақ түрсең, айтылған ойлары қамшының өріміндей бірі мен бірі үйлесім тауып жарасымды жұп құрап, алды артыңды матап тастайды. Дегенмен батысқа қарап көш түзеуге қарсымын. Жаһандану деп жарияға жар салып жүргендергеде айтарым бар. Гендерлік саясат сөз болғалы ұлттық менталитет, әдет-ғұрып қыр астында қалды. Оны қолдайтындар осы жайлы тіс жармайды. Сондықтан дауға басымды шатпас бұрын шариғатқа жүгінбекпін. Себебі қазақтың имандылығы исламнан бастау алады. Шариғат бойынша отбасының гендерлік тәрбиенің тізгіні еркекке жауапкершілік ретінде тапсырылған. Еркектер әйелдерге пана, қамқор, басқарушы.
Енді ата-баба ұстанған салт-дәстүрге үңіліп көрелік. Мұнда да әйелдерге деген ұстаным шариғаттан алшақ жатқан жоқ. Кемсітушілік, қорлау, мүсіркеуден ада. Қызын еркелетіп әлпештеп өсірген халық, Айғаным, Зере Ұлпан секілді аналарында көкке көтерген. Билігіне бағынып, бітіміне көнген. Бірақ осы аналарымыз тайраңдап төске өрлемеген. Ер азаматтарды бағалап, қадіріне жете білген. Өкінішке орай, біз тамырымыздан ажырап барамыз. Ол жайлы төменде сөз етемін.
Менің өзім де анамын. Сан жылдық педогогикалық тәжірибем де жетерлік. Гендерлік саясаттың жақсы жақтары бар екенін жоққа шығармаймын. Не нәрсеге де бір жақты қарауға болмайды. Алайда, ұлтымыздың менталитетіне қайшы келетін тұстарының көп екенін айтпай кету арға сын. Сондықтан қолыма қалам алып отырмын.
Дүниеге сәби әкеліп, демографиялық дүмпуге үлес қосу. Ерінің қас-қабағына қарап, ас-мәзірін дайындап, балаларының күлкісіне шомылып отыру. Бұлда болса әйел затына- табиғаттың берген ерекше сыйы, тартуы. Шындығына келгенде әйел затына бұдан асқан бақыттың керегі бар ма? Әрине жоқ.
Гендерлік саясатқа басқа қырынан қарасақ елімізде әйел адамдардың бәрінің бірдей өз құқығын біліп, қорғай білмейтіні рас. Зорлық-зомбылықтың құрбаны болып жатқандар да мол дейтін мамандар пікірімен келіспеуге болмас. Алайда, «бір қолымен әлемді тербетсе, екінші қолымен бесікті тербететін» нәзік жандылар гендерлік жолмен «ұшпаққа» шығады деу орынсыз. Кейде маған осы гендерлік саясатты дамыту айналып келгенде әйелдерді «еркектерден қай жерің кем» деп еліртуге бастайтындай көрінеді. Себебі, биліктің дәмін татып қалған әйел затының, от басы ошақ қасында үстемдік етпесіне кім кепілдік береді. Ер азаматты төрге шығаратында, көрге сүйрейтінде әйел. Билік баспалдағына көтерілген төмен етектілердің бәрі болмасада көбінің күйеулерімен "тең" дәрежеде сөйлесетінін көріп жүрміз. Тіпті ұятты жағдайға барып жүргендеріде бар.
Гендерлік саясаттың біздің ұлтымызға тағы бір бергені, қырыққа келгенше кареьера қуып "кемпір" болғанын білмей қалған қыздар көбейді. Демограф-ғалым Мақаш Тәтімовтің айтуына қарағанда елімізде 300 мыңнан аса кәрі қыз бар екен. Келешекте олардың саны өседі деп күтілуде. Себебі бүгінгі саясат соларға жұмыс жасап жатыр. Бүгінгі кәрі қыздардың көбі қызметтің «құлына» айналғандар. Осыдан келіп ұлттың демографиясы құлдырауда. Қазақтың өсуіне қауіп төніп тұр. Мына дерекке көз салыңыз. Тәуелсіздік алғалы туу көрсеткіші 1989 жылғы деңгейге жетпеген. Мұны қалай түсінуге болады. «Гендерлік саясат стратегиясынан отбасындағы тепе-теңдік пен үйлесімділік, яғни гармония жоғалмайды. Ал, үйлесім таппағандар тек өзіне өкпелеуге тиіс» дейтіндер қара көрсетіп жүр. Оларға айтарым, еркек түздің адамы. Онымен қосылып әйелі шапқыласа не болғаны. Үйдегі бала тәрбиесіне зардабы тигенімен қоймай, "байтал шауып бәйге алмайтынын" ескеруі керек қой. Мен негізінен, гендерлік саясатқа, ол демографиялық құндылықтармен қатар жүрсе ғана қарсы емеспін. Тек он әйелдің министр, жиырма әйелдің депутат болғаны үшін ғана аталған саясатты қолдауға болмайды ғой. Теңдік деп жүрген, бизнеспен айналысып жүрген қыздарымыздың көбінің, жасыратыны жоқ, толыққанды отбасылары жоқ. Әрқайсысында бір-бір ғана баладан, кейбіреуінде бір бала да жоқ. Бұл саясат өркендеп-өсе беретін болса, еліміздің демографиясына үлкен қауіп туғызуы мүмкін.
Кейде Қазақстан расымен гендерлік саясатқа мәжбүр ел ме деп ойлаймын. Қарап отырсам оған негіз жоқ. Батыстың саясатын басым бағыт етіп алуымызға не себеп? Оныңда өзімше жауабын іздеп көрдім. Нәтижесінде көптеген қызықты жайттарға тап болып, басқасын қайдам, дәл бізде жүзеге асып жатқан гендерлік саясаттың қаншалықты соқыр екендігіне көз жеткіздім. Енді осы мәселені өзімше бағамдап көрейін.
Сөзімді бастамас бұрын көптің көңілін күпті қылып жүрген саясаттың анықтамасымен таныстырайын. Гендерлік саясатты алақайлап қолдайтындар: «Гендерлік саясат дегеніміз - өмір құн-дылықтарының барлық саласына қатысты ер мен әйел арасында теңдік орнатуға бағытталған мемлекеттік және қоғамдық іс-әрекеттер» - деп ережесін түзіпті. Демек, гендерлік саясат бізге ер мен әйел арасындағы теңдік үшін қажет екендігі көрініп тұр. Сонда елімізде тап сондай қажеттілік туындап отыр ма? Біз ислам дініндегі елміз. Хадисте "жұмақ ананың аяғының астында" деп жазылған. Батыс таңсық көріп көтеріп жатқан мәселені ислам әлемі баяғыда реттеп қойған. Осы жерде қажетіме жарар деп қойын дәптеріме түртіп жүрген қызық оқиғаны баяндай кетейін. Бірде, бір британиялық азамат Ислам ғалымдарының бірінен: «Неге Исламда еркектерге әйелдермен қол алып амандасуға болмайды?», - деп сұрапты. Сонда әлгі шейх: «Сіздер, өздеріңіздің патшайымдарыңыз Елизаветамен дәл солай амандаса аласыздар ма?», - деп қайыра сұрақ қояды. «Әрине, жоқ. Оның қолын алуға тек ең таңдаулылар ғана құқылы», - деген британиялыққа шейх: «Ендеше, біздің әйелдердің барлығы патшайым. Олардың қолын алу мүмкіндігіне, тек, таңдаулылар ғана ие болады», - деп жауап берген екен. Осы диологтың өзінде қаншама астар жатыр.
Жалпы гендерлік саясаттың шығу төркіні батыс екені белгілі. XIX ғасырға дейін ол жақта әйелді адам құрлы көрмей, «адамзаттың жұмақтан қуылуына себеп болдың» деп кез келген салада құқығын шектеп қойғаны да тарихтан мәлім. Бұндай бассыздыққа шыдамаған батыс әйелдері бас көтеріп, нәтижесінде «гендерлік саясат», «феминизм» деген терминдер пайда болды. Содан бері бұл сөздердің айдарынан жел есіп, аясы кеңейіп сала берді.
Мүмкін, батысқа бұл саясат керек те шығар. Өйткені батыстың болмысы бөлек, қалыбы бөтен. Ал бізге, тіпті қазақы болмысымызға жат.
Ал енді батыс қажет еткен осындай соқыр саясатқа қазақтың оң қарауы көңілге қаяу түсіреді. Себебі бізде «еркек пен әйел тең болсын» дейтіндей теңсіздікке жол беріле қойған жоқ әлі. Дін мен діл аман тұрғанда ол болмайды да. Одан кейін «әйел теңдігі» деп ұлардай шулап, ұлттық мәселеге айналдырудың да қажеті шамалы. Өйткені біздің елде нәзікжандылар ерлер тарапынан ешқандай қысымшылық көріп жатпағаны баршаға мәлім. Керек десеңіз, бізде министр, депутат, вице-министр сынды лауазымды қызметтердің тізгінін ұстап жүрген әйелдер жетерлік. Және ондай әйелдер бізге гендерлік саясат жетпей тұрып орын алған болатын.
Біз гендерлік саясат келмей тұрып әйелдің орнын айқындап, қамқорлықтың сан қилы стратегиясын жасап қойған халықпыз. Егер қазіргі жүргізіліп жатқан гендерлік саясат ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелерді шешу боп табылса құптарлық.
Жанұя қажетілігін және жанұя функциясын басқалардан бөліп алып, оны үлкейтіп, жалпылау қажет. Г. Навайтистің пікірі бойынша жанұя қажеттілігін мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
- Отбасының гендерлік тәрбиенің материалдық жағадайын құру мен қолдау қажеттілігі;
- Екі жастың үйленгеннен кейін ата-ана болумен байланысты - сүю мен қорғау қажеттілігі;
- Психологиялық және физический жақындасу қажеттігі;
- Отбасында ерлі-зайыптының бір-бірімен сөйлесу, ақылдасу, араласу қажеттігі.
Осыдан келіп жанұя әсерінің негізгі сферасы белгіленеді: тұрмыс , балалар , интим және сөйлесу . Жанұяда қанағаттандырылатын қажеттіліктер отбасынан тыс жерлерде іске аса алады, бірақ та отбасы олардың бәрін біріктіріп комплексті түрде қанағаттандыра алады. Сондықтан әлеуметтік дамудың бастапқы қайнар көзі отбасы болып табылады. Осыдан келіп әлеуметтік дамуда отбасының гендерлік тәрбиенің сан түрлі қызметтері қалыптасады.
Отбасы функциясының көптүрлілігі оны әр авторлар әр түрлі негізде айтады, бірақ та олардың функцияларының жиынтығы ұқсас. Мысалы: И. В. Гребенников отбасы функциясын тиімді, тәрбиелі, коммуникативті қызмет пен демалысты ұйымдастыру функциясын жатқызады.
Э. Г. Эйдемиллер және В. В. Юстицкис бойынша: отбасына тән тәрбие, тұрмыстық-шаруашылық, эмоция функциялары және рухани байланыс, бірінші әлеуметтік бақылау және сексуалдық - эротикалық функциялар жатады.
Негізінен әлеуметтану пәндерінде отбасы функцияларын негізгі және негізгі емес деп топтастыруға болады.
Отбасының гендерлік тәрбиенің негізгі функциясына жататын бала туу және оларды тәрбиелеу, отбасылық және қоғамдық мазмұн және тәрбиелеу процестері жатады және олар қоғамның әр түрлі кезінде де сақталады.
Негізгі емес функцияларға келесілер жатады: меншікті жинақтау және басқару, статус, өндірістік және жұмсауды ұйымдастыру, үй шаруашылығын және демалыс шараларын іске асыру, отбасы мүшелерінің денсаулығын қорғау және микро деңгейде мемлекет құру шаралары жатады.
Отбасылардың функциялары өзара әрекет процесі кезінде табысты түрде іске асып отыру үшін отбасы мүшелері нақты бір рольді орындап отырылулары керек. Кейде отбасында осы аталған отбасылық рольдердің арасында келіспеушіліктер мен бірін-бірі мойындамау орын алады.
Отандық ғылымда отбасы функциясы түсінігі отбасының гендерлік тәрбиенің ролі және отбасы құрылымы түсінігіне қатысты болады. Көптеген социологтар отбасы функциясын отбасындағы әлеуметтік рольдер жиынтығының негізгі мазмұны деп анықтайды. Отбасы рольдік құрылымын суретеу кезінде рольдерді бөліп беру маңызды мәселе болып табылады. Зерттеушілердің негізгі көңілі шаруашылық - тұрмыстық және тәрбие функцияларының рольдерін зерттеуге бағытталған. Бұл рольдер үй иесі мен әйелі, бала мен тәрбиелеуші және отбасыны асыраушылар.
Отбасының гендерлік тәрбиенің негізгі функцияларының осы күнге дейін нақты аталған бірдей тізімі жоқ екенін атап кетуіміз керек. Әлеуметтік ғылымдарда әр авторлар өзінің модельдерін ұсынады. Көптеген авторлар келесі 6-7 негізгі функцияларды пайдаланады:
- Туу және бала тәрбиелеу функциясы;
- Ата-аналардың рухани қалыптасу функциясы;
- Эмоциялық қолдау және психологиялық қорғау функциялары;
- Нақты бір әлеуметтік статусқа жетуді;
- Өзін-өзі көрсете білуі;
- Сексуалдық байланыстарға мағына беруді қосады.
АҚШ пен Батыс Еуропа ғалымдары отбасындағы рухани байланысқа көп көңіл бөледі, ал Шығыс Еуропа әдебиеттерінде отбасылық тұрмысқа байланысты функцияға көп көңіл бөледі. Ал Қазақстанда бұл аталғандардың кез-келгенің кездестіруге болады. Өйткені елімізде 100-ден астам ұлттар және олардың әлеуметтік жағдайлары да әр түрлі болуына байланысты.
Әрбір ер адам әке мен күйеу болуға, ал әрбір әйел адам ана мен әйел болуға табиғи және қоғаммен бірге дайындалады. Әйел мен еркек арасындағы қатынастар отбасындағы, қоғамның экономикалық құрылымымен анықталады. [1]
Матриархатта - өзінің экономикалық негізі болды және патриархатта да. Екі жағдайда отбасы абыройлы болып келді. Қоғамның дамуының жаңа кезеңінде отбасын құру және қалыптастыру мәселелеріне деген қызығушылық өседі. Қазіргі кездегі жас отбасын әр түрлі ғылымдар саласы зерттеп, оны бақылап отырады.
Отбасылық рольдер түсінігі әлеуметтік құрылым болып табылады. Социологиялық психологтар осыған сүйеніп өз зерттеулерін жасай алады. Социалдық роль социологиялық жүйенің басты функцияларының бірі ретінде түсіндіріледі.
Роль дегеніміз - қабылданған нормаларға сәйкес келетін жеке тұлғаның әлеуметтік функциясы, адамдардың өз ролінің негізінде қызмет етуі, олардың өзіндік тәртібі, тәсілі, олардың ұстанған статусына, қоғамдағы жағдайды ескеру, сонымен қатар әрбір роль қызмет ету барысында қоғамдық қарым-қатынастар жүйесіне тәуелденген.
Рольдердің, қарым-қатынастардың, нормалардың анық болуына байланысты қазіргі кездегі отбасылардың алдында бірталай әлеуметтік-психологиялық мәселелер тұрады. Ең бастысы отбасылық рольдік әрекеттесу тәсілін таңдау мәселесі туындайды.
Отбасындағы рольдік құрылымның пайда болу процесі отбасының гендерлік тәрбиенің әлеуметтік және психологиялық жалпылық болып қатысуының негізін көрсетеді, ерлі-зайыптылардың бір-біріне өзара үйренгенін, отбасылық өмірдің стильінің пайда болғанын көрсетеді. Бұл процесс ерлі-зайыптылардың өзара рольдік қатынастарымен тығыз байланысты. Қазіргі кезде өзара қатынастар сапасы оны ерлі-зайыптылар қалай қабылдағанына және оны қаншалықты деңгейде іске асыруында деп саналады.
Бүгінгі таңда үйленген жастар өз некелерін қалай қабылдайды, осы кездегі олардың рольдік қатынастары қандай орын алады деген маңызды сұрақтар аз зерттелген сұрақтар болып табылады. Шетелдерде психология саласында жыныстық рольдер жүйесі, жыныстық рольдер дифференциясы деге нтүсініктер бар.
Жыныстық рольдер - мәдениетті норма жүйесі қатынасына жататынына қарай анықталатын тәртіп-тәсілі және жеке адамның санасы болып келеді. Бұл жүйені жыныстық рольдік жүйе деп атайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz