Delta Bank акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиеcін ұйымдастыру


ӘЛ- ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БИЗНЕС» ЖОҒАРЫ МЕКТЕБІ
050509- «ҚАРЖЫ» мамaндығы
«Қаржы» кафедрасы
4 курс Ф09К3 тобының студенті Жапаркулова Мөлдір_Болатбайқызы
«Тұтыну несиесі, оны ұйымдастыру және даму переспективалары» атты тақырыбында диплом жұмысын орындауға арналған
ТАПСЫРМА
« 16 » қазан 2012 ж № 4-3131 бұйрығымен бекітілді.
Аяқталған жұмысты тапсыру мерзімі « 17 » мамыр 2013 жыл
Жұмыстың бастапқы мәліметтері : «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» ҚР Заңы, Мақыш С. Б. «Банк ісі», Искаков. У. М. «Банковское дело» оқулықтары, басқа да отандық және шетелдік экономистер мен ғалымдардың еңбектеріне және соңғы жылдардағы отандық басылымдардағы мақалаларға негізделген.
Диплом жұмысындағы толықтырылуы қажет сұрақтар тізімі немесе жұмыстың қысқаша мазмұны:
а) Коммерциялық банктердің халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің қажеттіліктерінің мәні мен экономикадағы рөлін айқындау;
ә) Тұтыну несиесінің маңыздылығы мен сыныпталу ерекшеліктеріне тоқталу;
б) «Delta Bank» акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде тұтыну несиесін ұйымдастыруды талдау;
в) Қазақстан Республикасындағы тұтыну несиесінің мәселелері мен оны шешу жолдарын анықтау.
Диплом жұмысын дайындау
КЕСТЕСІ
Тапсырманың берілген күні 27. 12. 2012 ж__
Кафедра меңгерушісі
міндетін атқарушы Мустафина А. К.
Жұмыс жетекшісі
оқытушы Кукиев А. Ж.
Тапсырманы орындауға
алған студент Жапаркулова М. Б.
РЕФЕРАТ
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында тұтыну несиенің дамуы ел экономикасында үлкен роль атқарады, дұрыс ұйымдастырылған жағдайда елді тек инвестициялық қана емес, инфляциялық дағдарыстан да шығара алады. Тұтыну несиенің көмегімен қаржылар ағымды айналымнан ішкі жинақтарға қосылады. Қазақстандық коммерциялық банктердің қызметтері үшін тұтыну несиесінің одан әрі дамуы перспективалы бағыт болып саналады.
Жеке тұлғаларды несиелеу нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Өйткені жеке тұлғаларды несиелеу халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі. Халық өзі қалаған тауарын таңдап, несие алу арқылы сатып ала алады. Сол арқылы тауар өндірушілердің өнімдері тез өтіп, өндіріс көлемін кеңейтеді, қосымша жұмыс орындары ашылады. Жеке тұлғаларды несиелеу мемлекетке де, кәсіпорындарға да, жеке тұлағаларға да өте тиімді.
Сондықтан несие мәселесін, несие түрлерін және беру шарттарын қарастыру өзектілігі орын алып отыр. Осындай несиенің негізгі түрлерінің бірі - тұтыну несиесінің рөлі мен атқаратын қызметі ерекше. Себебі, қазіргі таңда халыққа тауарларды сатуды ынталандыратын тұтыну несиесі. Тұтыну несиесі, бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемін өсіріп, тауарға несие алу сұранысын туындатады, екінші жағынан халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың экономикамикалық мәнін ашып көрсетіп, «Delta Bank» акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру үрдісіне терең талдау жасап, жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың негізгі мәселелерін қарастырып оларды шешу мен даму болашағы бойынша өз ұсынысымды айта білу.
Міндеттері :
- коммерциялық банктердің тұтыну несиесі, оны ұйымдастырудың теориялық негізін қарастыру;
- Халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің қажеттіліктері мен экономикалық мәнін ашып көрсету;
- Тұтыну несиесінің маңыздылығы мен сыныпталу ерекшеліктері;
- Халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі;
- «Delta Bank» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау;
- «Delta Bank» АҚ-ның несиелік қоржыны сапасына кешенді талдау;
- «Delta Bank» АҚ-ның тұтыну несиесін ұйымдастыру үрдісіне талдау;
- Коммерциялық банктер беретін тұтыну несиесін ұйымдастырудың мәселелерін, оны шешу жолдары мен даму болашағын қарастыру.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 6
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Коммерциялық банктердің халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің қажеттіліктерінің мәні мен экономикадағы ролі . . . 8
1. 2 Тұтыну несиесінің маңыздылығы мен сыныпталу ерекшеліктері . . . 13
1. 3 Халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі . . . 20
2 «DELTA BANK» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕСІ НЕГІЗІНДЕ ТҰТЫНУ НЕСИЕCІН ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ТАЛДАУ
2. 1«Delta Bank» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау . . . 28
2. 2 «Delta Bank» АҚ-ның несиелік қоржыны сапасын кешенді талдау . . . 38
2. 3«Delta Bank» АҚ-ның тұтыну несиесін ұйымдастыру үрдісін талдау… . . . 49
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТҰТЫНУ НЕСИЕСІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ДАМУ ПЕРЕСПЕКТИВАЛАРЫ . . . 59
Қорытынды . . . 67
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 70
КІРІСПЕ
Президенттің 2012 жыл 27 қаңтар «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» Қазақстан халқына Жолдауында: “Қазақстан экономикасын тұрлаулы экономикалық өрлеудің іргетасы ретінде одан әрі жаңарту мен әртараптандыру үшін мемлекет қазынагерлік, банктердің несие жүйесінің қалыптасу саясатының, өндірістің негізгі факторларын тиімді қайта бөлуді мемлекеттік реттеу тетіктерін пайдаланып, жоғары сапалы өнім мен қызметіне деген сұранысты көтермелеп отыруға міндетті” деп баяндады[1] .Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Диплом жұмысының өзектілігі: Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында тұтыну несиенің дамуы ел экономикасында үлкен роль атқарады, дұрыс ұйымдастырылған жағдайда елді тек инвестициялық қана емес, инфляциялық дағдарыстан да шығара алады. Тұтыну несиенің көмегімен қаржылар ағымды айналымнан ішкі жинақтарға қосылады. Қазақстандық коммерциялық банктердің қызметтері үшін тұтыну несиесінің одан әрі дамуы перспективалы бағыт болып саналады.
Жеке тұлғаларды несиелеу нарықтық экономиканың ең маңызды әрі динамикалық құрылымы болып табылады. Өйткені жеке тұлғаларды несиелеу халықтың әл-ауқатын жақсартуға көмектеседі. Халық өзі қалаған тауарын таңдап, несие алу арқылы сатып ала алады. Сол арқылы тауар өндірушілердің өнімдері тез өтіп, өндіріс көлемін кеңейтеді, қосымша жұмыс орындары ашылады. Жеке тұлғаларды несиелеу мемлекетке де, кәсіпорындарға да, жеке тұлағаларға да өте тиімді.
Сондықтан несие мәселесін, несие түрлерін және беру шарттарын қарастыру өзектілігі орын алып отыр. Осындай несиенің негізгі түрлерінің бірі - тұтыну несиесінің рөлі мен атқаратын қызметі ерекше. Себебі, қазіргі таңда халыққа тауарларды сатуды ынталандыратын тұтыну несиесі. Тұтыну несиесі, бір жағынан, тауар айналымының ұлғаюына сай несиенің көлемін өсіріп, тауарға несие алу сұранысын туындатады, екінші жағынан халықты несиелеудің өсуі, сұраныстың төлем қабілеттігін ұлғайтады.
Диплом жұмыстың зерттеу объектісі - «Delta Bank» АҚ-ң жеке тұлғаларға ұзақ мерзімге тұтынатын тауарларды сатып алу мақсатында берілетін тұтыну несиесімен байланысты экономикалық несиелік қатынастарды ұйымдастыру тәжірибесіне талдау жүргізу.
Диплом жұмысының негізгі мақсаты - жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың экономикамикалық мәнін ашып көрсетіп, «Delta Bank» акционерлік қоғамының тәжірибесі негізінде жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастыру үрдісіне терең талдау жасап, жеке тұлғаларды несиелеуді ұйымдастырудың негізгі мәселелерін қарастырып оларды шешу мен даму болашағы бойынша өз ұсынысымды айта білу.
Міндеттері :
- коммерциялық банктердің тұтыну несиесі, оны ұйымдастырудың теориялық негізін қарастыру;
- Халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің қажеттіліктері мен экономикалық мәнін ашып көрсету;
- Тұтыну несиесінің маңыздылығы мен сыныпталу ерекшеліктері;
- Халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі;
- «Delta Bank» АҚ-ның қаржылық жағдайын талдау;
- «Delta Bank» АҚ-ның несиелік қоржыны сапасына кешенді талдау;
- «Delta Bank» АҚ-ның тұтыну несиесін ұйымдастыру үрдісіне талдау;
- Коммерциялық банктер беретін тұтыну несиесін ұйымдастырудың мәселелерін, оны шешу жолдары мен даму болашағын қарастыру.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, бірнеше тақырыптардан, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Бірінші бөлім: коммерциялық банктердің тұтыну несиесін ұйымдастырудың теориялық, бұл жерде коммерциялық банктердің халықты қамтамасыз ететін тұтыну несиесінің қажеттілігі және экономикалық мәні, тұтыну несиесі және оның ерекшеліктері, халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің шетелдік тәжірибесі қарастырылған.
Екінші бөлімде: «Delta Bank» АҚ акционерлік қоғамы мәліметтер негізінде несиелік портфелі құрылымына, банк тәжірибесінде жеке тұлғаға тұтыну несиесін беру үрдісіне кешенді талдау жүргізілген.
Үшінші бөлімде: коммерциялық банктер беретін тұтыну несиесін ұйымдастыру мәселелері қарастырылып оны шешу жолдары мен даму болашағына нақты ұсыныстар берілген.
Сонымен қатар, диплом жұмысын жазу барысында: отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері мен білікті банк мамандарының баспа бетінде жарияланған мақалалары, халықаралық қаржы ұйымдарының жекелеген әзірлемелері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің заңнама актілері, Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы институттарын реттеу және қадағалау жөніндегі комитетінің нормативтік құжаттары, Қазақстан Ұлттық банкінің нақты мәліметтері мен бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдары, талдау процесінде «Delta Bank» АҚ АҚ-ның нақты статистикалық мәліметтері пайдаланылды.
1 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ТҰТЫНУ НЕСИЕСІ ЖӘНЕ ОНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ МЕН ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1 Коммерциялық банктердің халықты тұтыну несиесімен қамтамасыз етудің қажеттіліктерінің мәні мен экономикадағы ролі
Тұтыну несиесі халыктың әр түрлі тұтынушылық қажетін қанағаттандырудың құралы ретінде кызмет етеді. Белгілі бір мөлшерде әр түрлі табысы бар халық арасында өмір сүру деңгейлерін салыстырмалы теңестіруге көмектеседі, халықтың түрлі топтарының тұтыну денгейі мен құрылымы арасындағы алшақтықты азайтады.
Тұтыну несиесі - қазіргі кездегі екінші денгейлі банктердің жеке тұлғаға беретін несие түрі. Бір жағынан, бұл несие нысаны ұзақ мерзім бойы қолданылатын тауарлар болуы мүмкін, ал екінші жағынан, тұтынушылық мақсатындағы банктік несие болуы мүмкін.
Экономикалық мазмұны жағынан тұтыну несиесі банктік несиесінің бір түрі, оның объектілері жеке тұлғалардың тұтыну талғамымен тікелей байланысты, яғни халықтың тұрмыс жағдайының деңгейімен анықталады.
Тұтыну несиесінің негізгі мақсаты - халыққа тұтыну тауарларын сатуды ынталандыру. Бұл несие түрі бөлшек саудамен тығыз байланысты: біріншіден, тауар айналымы өскен сайын, несие көлемі де көбейеді, себебі тауарға деген несиеге деген сұранысты тудырады. Бұл тәуелділік әсіресе қазір айқын көрінеді.
О. И. Лаврушиннің айтуы бойынша, тұтыну несиесінің өзге де несие нысандарынан басты айырмашылығы - қарыздардың өндірістік емес мақсатта пайдаланылуы болып табылады. Бұл өз алдына, осы несие нысанының, атауын анықтады. Өндірістік емес тұтыну - халық пен материалдық игіліктер мен кызметтерді пайдалану. [4]
Несиенің бұл түрі қымбат және ұзақ мерзімге пайдаланылатын тауар өнімдерін сатып алу мақсатында беріледі. Тұтыну тауары қымбаттырақ болған сайын, несиенің бұл түрі жиірек қолданылады. Дегенмен несиенің мұндай түріне сұраныс ең алдымен номиналдық жалақының деңгейімен анықталары сөзсіз. Дамыған елдердегі несиенің жартысынан көбі автакөлік сатып алу мақсатына беріледі, қалған тауарларды көбінесе қолма- қол ақша арқылы сатып алынады.
Нарықтық экономикалы елдерде халыққа қызмет көрсетудің қолайлы әрі пайдалы формасы ретінде тұтыну несиесі экономикада үлкен рөл ойнайды. Сондықтан да ол мемлекет тарапынан белсенді түрде реттеледі. Реттеу несие берудің және оны пайдаланудың деңгейінде жүзеге асырылады әрі бұл реттеу несиеленетін операцияға өзіндік қаражатпен бастапқы қатысу, несие мерзімі, процент мөлшерлемесі арқылы түпкілікті тұтынушының несиеленуін макұлдауда немесе несиелеу режимін қатайтуда көрінеді.
Әр түрлі елдерде жеке қарыз алушыларды несиелеуге байланысты әр қилы заңдар қолданылады, алайда, олардың бәрі баршаға ортақ нұсқама біріктіреді: тұтынушылардың өмір деңгейін арттыруға қажетті мөлшерінде несиеге қол жеткізу.
Біздің елімізде қайта құру процесіне дейін экономикада екі түрлі тұтыну несиесі басымдыққа ие болды:
- ұзак уақыт пайдалануға жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие;
-тұрғын үй кұрылысының (жеке және кооперативтік несиесі) .
Ұзақ уақыт пайдалануга жарамды тауарларды сатып алуға арналған несие жанама сипатта болды, өйткені оны Мемлекеттік банктің делдалдылығы арқылы әр түрлі сауда үйымдары беріп келді.
Тұрғын үй құрылысының (жеке және кооперативтік) несиесін несие мекемелері (Мемлекеттік банк және Құрылыс банкі) тікелей берді.
Өндірістің құлдырауымен, соған орай тауар айналымының әлсіреуімен, сондай-ақ, бөліп-бөліп төлеумен тауарларды сатып алу формасында халықты несиелейтін жекеше коммерциялық құрылымдардың бөлшек саудада белсенді түрде құрылуымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық формасының қалыптасу процесі басталған кезде қолға алынған осы шаралардың нақты мәні болмай қалды.
Тұрғын үй несиесін, сонымен қатар, тұтыну несиесінің кейбір түрлерін беру жүзеге асырылды. Мәселен, несиелер мыналарға:
- құрылысқа және бау учаскелерін көріктендіруге;
- ауылдық жерлердегі маусымдық тұруға арналған үйлердің құрылысына, оларды сатып алу мен жөндеуге;
- мал төлдерін сатып алуға және асырауға берілді.
1987 жылы құрылған Қазақстан Жинақ банкісі тұрмыска аса қажетті тұтыну несиесін берді.
Тұрмысқа қажетті тұтыну несиесін ҚР Халық банкісі заңды тұлғаларды несиелеуде қолданатын, атап айтқанда, несиенің қайтарылуы, несие мерзімі, несиенің мақсатты бағыты, несиенің ақылылығы және қамтамасыз етілуі секілді принциптерді сақтай отырып берді.
Ссуданы беру кезінде басшылыққа алынатын маңызды өлшемге қарыз алушының төлем қабілеттілігі жатады.
Бүгінгі таңда Қазақстан банктері тұтыну ссудасының екі түрін ұсынады:
- ағымдағы мақсаттарға («кезек күттірмейтін мұқтажға берілетін») арналған несие;
- капиталдық сипаттағы шығынға берілетін несие.
Кезек күттірмейтін қажеттілік несиесін (орта мерзімді несие) банк дербес табыс көзі бар азаматтарға (оның ішінде, зейнеткерлерге де), олардың тұрғылықты жері бойынша бөлімшелері арқылы береді.
Мынаны айта кету керек, бүгінгі таңда осы несие бойынша мерзімі өткен берешектердің мөлшері күрт артып кетті. Оған мыналар себеп болды:
- жұмыссыздықтың өсуі;
- ай сайынғы төлемдердің артуы;
- кәсіпорын бухгалтерлерінің несиені өтеуге арналған төлемдерді аударудан бас тартуы. Бұл өз кезегінде аталмыш ссуданы банктердін беруін шектейді.
Кезек күттірмейтін қажеттілікке арналған несиені коммерциялық банктер де біртіндеп бере бастады. Бұл өз иесие ресурстарын қалыптастыру үшін жеке салымшылардың қаражатын тартудың негізгі тәсілі болып табылады. Кейбір коммерциялық банктер өз акционерлеріне банк ак-циясымен және өзге де құнды қағаздармен қамтамасыз етілген несиені ұсынатын болды. Несиенің мөлшері несие келісімшартының әрекет етуі және несиелеу мерзімі басталған сәттегі өз иесінің қолындағы акцияның нарықтық құнына қарай белгіленеді. Несиенің ең көп шамадағы мөлшері акцияның нарықтық құнының 85%-ін құрайды.
Тұтыну несиесінің екінші түрі - капиталдык шығындарға арналған несие (ұзак мерзімді) - кезек күттірмейтін кажеттілікке арналған несиеден айырмашылығы - халықтан оны қалай пайдаланатыны жөнінде есеп беруді және банктен алынған соманың мақсатты бағыты туралы құжаттарды талап етеді.
Азаматтардың құрылыс салуына (реконструкция) және тұрғын үй сатып алуына көмек көрсету мақсатында банктер тұрғын үй несиесінің үш түрін ұсынады:
- алдағы тұрғын үй құрылысына, жерді сатып алуға және жайғастыруға арналған қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді несиелер (жер несиесі) ;
- тұрғын үй құрылысына (реконструкция) яғни, құрылыс жұмыстарын тікелей қаржыландыруға арналған қысқа мерзімді иесие (құрылыс несиесі) ;
- тұрғын үй сатып алуға арналған ұзак мерзімді несие.
Тұрғын үй проблемасын шешуде халыққа көрсетілетін қаржылық несиелік қолдау азаматтардың өз қаражаттарымен, сондай-ақ, құрылыс салуға немесе тұрғын үй сатып алуға демеу-қаржыны өтеусіз берудің негізінде жүзеге асырылады. Тұрғын үй құрылысын несиелеу құрылысшыға белгіленген тәртіпте жер учаскесін бөліп беру және тиісті органдардың тұрғын үй құрылысына рұқсат ету шартымен жүзеге асырылады. Бұл жөніндегі тиісті құжаттарды қарыз алушы банкке ссуданы беру туралы өтінішімен қоса ұсынуы керек. Оған қоса, банкке белгіленген тәртіпте келісілген және бекітілген сметалық жобалау құжаттамалары және клиенттің төлем қабілетін анықтауға қажетті құжаттар (жұмыс орнынан берілетін анықтама), сонымен бірге қамтамасыз етілген міндеттеме берілуі тиіс.
Азаматтардың қамтамасыз етілген міндеттемесі ретінде жылжымайтын мүлік кепілзатының келісімшартын, бір немесе одан да көп азаматардың, сақтандыру компаниясының және өзге де занды тұлғалардың кепілгерлігін ұсынуға болады.
Әр түрлі меншік формасындағы кәсіпорындар мен ұйымдарға өз жұмыскерлерінің түрғын үй жағдайын жақсартуда олардың алған тұрғын үй несиесінің өтелуіне кепілдік беру арқылы жәрдемдесуіне және бұл несиені өздерінің (кәсіпорындар мен ұйымдардың) қаражат есебінен бөлектеп немесе толық өтеуіне рұқсат етілген.
Кепілге салынатын затқа мыналар жатуы мүмкін:
- қарыз алушының меншігіне жататын құрылыс салуға арналған жер учаскесі немесе осы учаскеге өзге де мүліктік құқықтар;
- дайын түрғын үй немесе аяқталмаған құрылыс, өзге де мүлік түрлері мен кепілзат ретінде пайдалануға болатын, ҚР-ның қолданыстағы заңына сәйкес келетін мүліктік құқық.
Кепілге салынған мүлікті кепілзат беруші одан айырылып қалмау үшін сақтандыра алады.
Негізгі қарыздың сомасы және ссуда бойынша пайыз толық өтелмейінше қарыз алушының жылжымайтын мүлікті үшінші түлғаға сатуына немесе оның мүліктік құқығын беруіне банктің жазбаша келісімінсіз қүқығы болмайды. Банк тұрғын үй несиесін иесиелеудің, атап айтқанда, мақсатты пайдаланылуы, қамтамасыз етілуі, мерзімділігі, кайтарылуы және ақылылығы секілді негізгі принциптерін сақтай отырып береді.
Кұрылыс салу үшін немесе тұрғын үй сатып алу үшін алынган ссуданың өз максатында пайдаланылмағаны анықталған жағдайда банк берілген несиені мерзімінен бұрын өндіріп алуға құқылы болады, ал қарыз алушы несиені қайтармаған жағдайда банк несиені кепілге салынған мүліктен немесе кепілгерден өндіріп алады.
Тұрғын үй несиесі туралы ережеге сәйкес банк беретін несиенің сомасы жерді сатып алудың және жайғастырудың құнына, құрылыстың (реконструкция) немесе сатып алынған тұрғын үй құнының 70%-інен аспауы керек.
Несиеленетін объектінің калған бөлігіне (30%-тен төмен болмайтын мөлшерде) қарыз алушы өз қаражатымен қатысады. Осы сәт пен тұрғын үй несиесінің өзге де нақты шарттары (мерзімі, мөлшерлемесі және т. б. ) қарыз алушы мен банк арасында бекітілетін несие келісімшартында айтылуы тиіс.
Тұрғын үй несиесінің тағы бір түрі - құрылыс несиесі қарыз алушы ашқан несие желісінің негізінде беріледі. Әрі-беріден соң ссуда құрылыстық-монтаждау жұмысының аяқталған кезеңінің құнына сәйкес бөлектеп (біртіндеп) беріледі.
Тауарларды несиеге сатуды барлық меншік формасындағы бөлшек сауда кәсіпорындары сатылу күніндегі баға бойынша жүзеге асырады (баға кейін өзгеретін болса да қайта есептелмейді) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz