Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтер нарығы
КІРІСПЕ
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отандық банктердің көрсететін қызметтері мен операцияларының маңызы және олардың түрлері
1.2 Банктік өнімдер түсінігі және оларды стратегиялық жоспарлау
1.3 Банктік қызметтер нарығындағы жаңа өнімдер мен қызметтер
2 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ («БАНК ЦЕНТРКРЕДИТ» АҚ.НЫҢ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
2.1 «Банк ЦентрКредит» АҚ қызметі және қаржылық көрсеткіштерін талдау
2.2 «Банк ЦентрКредит» АҚ.ның қызметтер нарығын бағалау
2.3 Екінші деңгейдегі банктердің қызметтер нарығындағы шешуші көрсеткіштер
3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Екінші деңгейдегі банктердің қызметтер нарығындағы проблемалар және оны шешу жолдары
3.2 Ислам банкинг . қызметтер нарығының перспективалы бағыты ретінде
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда елімізде банк жүйесін ырықтандыру мен банктік қызмет нарығының жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіленіп отыр.

1. Экономикалық теория: С.С.Мауленова,Алматы, 2004ж, 250б.
2. Ақша, несие, банктер: С.Б. Мақыш, Алматы «Жеті жарғы» 2011ж,348 б.
3. Ақша, несие, банктер:Ғ. С. Сейітқасымов, А. Ғ. Омарбекова, А. Ғ. Сейітқасымова, Алматы, Экономика, 2006ж, 480 б.
4. Экономикалық теория: А. Б.Темірбекова,Алматы, Экономика, 2008ж,276 б.
5. О стандартах качества обслуживания клиентов в банках, Банкиказахстана. Лисак Б.И., Ким А.Б., 2003ж.,№8, 55бет.
6. Банк ісі: С.Б. Мақыш, Алматы «Жеті жарғы» 2009ж., 546 бет.
7. Банк ісі: Х.Н. Нығметұлы, Алматы, Экономика, 2006ж, 216 б.
8. Қазақстанның банк жүйесі: Сейітқасымов, Ғабдығапар; Кәрімжанов, Сапарғали; Бекболатұлы, Жетпісбай, Алматы, Экономика, 2008ж, 186 б.
9. Коммерциялық банктердің қорлануы және несиелік операциялардың жетілдірілуі:ОмарбаеваА. К., Алматы,2008ж, 291 б.
10. Банки и банковское дело: Балабанова И.Т., Питер2001ж., 304 бет.
11. Несиелік операцияларды аудиторлық тексеру тәртібі: Бакытова Е. Б., Алматы, 2008ж, 225 б.
12. Деньги, кредит, банки:Е.Ф.Жукова, Москва2001ж., 623 бет.
13. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Көшенова Б.А., Алматы, Экономика, 2000ж., 328 бет.
14. Банковское дело, Могильницкая Г.О, Никулина И.Е., Москва 2000ж.,935 бет.
2. Ақша, несие, банктер: С.Б. Мақыш, Алматы «Жеті жарғы» 2011ж,348 б.
3. Ақша, несие, банктер:Ғ. С. Сейітқасымов, А. Ғ. Омарбекова, А. Ғ. Сейітқасымова, Алматы, Экономика, 2006ж, 480 б.
4. Экономикалық теория: А. Б.Темірбекова,Алматы, Экономика, 2008ж,276 б.
5. О стандартах качества обслуживания клиентов в банках, Банкиказахстана. Лисак Б.И., Ким А.Б., 2003ж.,№8, 55бет.
6. Банк ісі: С.Б. Мақыш, Алматы «Жеті жарғы» 2009ж., 546 бет.
7. Банк ісі: Х.Н. Нығметұлы, Алматы, Экономика, 2006ж, 216 б.
8. Қазақстанның банк жүйесі: Сейітқасымов, Ғабдығапар; Кәрімжанов, Сапарғали; Бекболатұлы, Жетпісбай, Алматы, Экономика, 2008ж, 186 б.
9. Коммерциялық банктердің қорлануы және несиелік операциялардың жетілдірілуі:ОмарбаеваА. К., Алматы,2008ж, 291 б.
10. Банки и банковское дело: Балабанова И.Т., Питер2001ж., 304 бет.
11. Несиелік операцияларды аудиторлық тексеру тәртібі: Бакытова Е. Б., Алматы, 2008ж, 225 б.
12. Деньги, кредит, банки:Е.Ф.Жукова, Москва2001ж., 623 бет.
13. Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастары. Көшенова Б.А., Алматы, Экономика, 2000ж., 328 бет.
14. Банковское дело, Могильницкая Г.О, Никулина И.Е., Москва 2000ж.,935 бет.
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Қазақстан экономикасының тұрақтылығы көбінесе банк қызметінің тұрақтылығына байланысты. Республиканың банк жүйесі өзінің қарқынды дамуын әлі де жалғастыруда, өйткені банк қызметтері нарығының қалыптасу процесі жылдан-жылға кеңейіп, жетілдірілуде, сондай-ақ жаңа операциялар, қызметтер мен технологиялар енгізілуде. Сондықтан банк жүйесінің алдында жаңа міндеттер мен басқа да мақсаттар тұр.
Банк жүйесі кез келген мемлекеттің шаруашылық жүргізетін нарық жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуде маңызды рөл атқарады.
Қазіргі таңда елімізде банк жүйесін ырықтандыру мен банктік қызмет нарығының жаңа деңгейі туралы бірқатар міндеттер белгіленіп отыр. Ондай міндеттердің қайсысы болмасын зерттелгелі отырған тақырыптың өзектілігіне негіз болатыны сөзсіз, соның ішінде тақырыпқа тікелей қатысты міндеттер ретінде, біздің ойымызша отандық банктердің қызмет нарығының жағдайын жақсарту мақсатында банктерге өз қызметінде жаңа технологияларды игеру, сондай-ақ банктердің капиталын ұлттық ауқымдағы ұшқыр жобаларды қаржыландыруға жұмылдыру міндеттері кезек күттірмейтін мәселеге айналуда.Елімізде жүргізілген экономикалық реформа банк ісінің дамуында жаңа кезеңге алып келді. Нарыққа өту жағдайында банктердің және басқа несиелік институттардың даму перспективасы, оның іс-жүзінде іске асуы жайлы сұрақтар ерекше өзекті мәселеге айналып отыр.
Қазақстанда бүгінгі күнгі қаржы нарығына негізгі қатысушы қаржы нарығының тұрақты дамуы қызметіне, сондай-ақ тұтастай ел экономикасына әсерін тигізетін банк секторы болып табылады. Қазіргі кезде, дүниежүзілік қаржы нарықтарындағы дағдарысқа байланысты банк секто - ры қызметіне талдау жасау, сондай-ақ негізгі қаржылық және экономикалық тәуекелдерді анықтап, оларды барынша азайту неғұрлым өзекті мәселе болып отыр.
Бүгінгі екінші деңгейдегі банктер өз клиенттеріне 200-ге жуық әр алуан өнімдер мен қызмет көрсетуге әзір. Мұндай кең көлемді қызметтер екінші деңгейдегі банктерге өз клиенттерін сақтай отырып, қолайсыз жағдайдың өзінде пайдалы жұмыс жасауға септігін тигізеді.Бір операциялардан болған зиян, екінші бір операциялардан түсетін пайда есебінен жабылады. Нарық экономикасы дамыған барлық елдердің екінші деңгейдегібанктері несие жүйесінің негізгі операциялық буыны болып қалуы кездейсоқтық емес. Олар өзгермелі ақша-несие нарығының жағдайына көндігетін қабілетінің барлығын көрсете алады.
Екінші деңгейдегі банктердің мынадай бастапқы қызметтері бар: депозиттер қабылдау, ақшалай төлемдерді және есеп айырысуларды жүзеге асыру, несие беру.Екінші деңгейдегібанктердің басқа қаржы институттарынан айырмашылығы және ерекше бір қабілеті ол ақшаны жасауы мен жоюында болып табылады. Бұл жерде ақша деп, тек қолма-қол ақшалар ғана емес, сондай-ақ талап етуге дейінгі салымдар түсіндіріледі.
Банктердің ақша жасау мүмкіндігі экономика үшін өте маңызды. Ол тиімді несие жүйесін іске асыра отырып, экономиканың өсуіне қажетті жағдай туғызады. Банк несиелерінің жетіспеушілігі және өте жоғары пайыз мөлшерлемесі тұсында өндірісті кеңейту мүмкін емес. Халық шаруашылығындағы осы сияқты іс-тәжірибелер тиімсіз, себебі бір жағынан, мынадай ірі ақша сомасы белгісіз уақытқа қозғалыссыз жататын болса, екінші жағынан, мұндай ақшалар қажетті емес.
Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.
Екінші деңгейдегі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.
Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр.
Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.
Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің тапсырысы бойынша маркетингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық, консультациялық қызмет және т.б. жүргізеді.
Халыққа қызмет көрсетіп жүрген банктер ролін жандандырудың мәні мынада: шығынды азайта отырып, барынша жоғары нәтижеге қол жеткізуге, банктік қызмет көрсетуінде клиенттер қажеттіліктерін толықтай қанағаттандыруға, жеке тұлғаларға банктік қызмет көрсету сапасын жақсартуға, банктік қызметтер спектрін кеңейтуге және олардың өзіндік құнын төмендетуге жағдай жасау.
Қазақстанның қазіргі экономикалық даму жағдайында банктік қызмет нарығының қызмет етуінің теориялық және тәжірибелік аспектілері отандық экономист-ғалымдардың: Г.Т.Абдрахманова , С.С.Арыстанбаева, Ш.Р.Әбділманова , О.Б.Баймұратов , К.Ш.Дүйсенбаев , Р.Е.Елемесов, С.Ж.Интыкбаева , Ұ.М.Искаков , З.Д.Искакова , Н.К.Кучукова, А.А.Мусина ,Ғ.С.Сейітқасымов , Н.Н.Хамитов , Ә.Д.Шелекбай және т.б. еңбектерінде кездеседі.
Жоғарыда аталған көптеген мәселелердің шешу жолдарын табу үшін оған терең үңіліп, барлық тақырыпшаларға жеке-жеке тоқталып, ашатындай етіп, кешенді түрде қарастыру қажет. Банктік қызметтердің дамуы мен перспективалары - біздің еліміздегі арнайы ғылыми түрде аз зерттелген мәселе болса да, банк саласында қызмет атқарып жүрген көптеген экономисттердің көкейінде жүрген маңызды сұрақтардың бірі.
Диплом жұмысының мақсаты:ҚР-да банктік қызмет нарығының қазіргі таңдағы жағдайын арттыру мен оны ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қазіргі заманға сай банк қызметтерін дамытуға байланысты теориялық-әдістемелік тұрғыдан негіздеу.
Диплом жұмысының міндеттері. Қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді көздейді:
- Қазақстан Республикасының банктік қызметтер нарығын теориялық тұрғыдан ашып қарастыру;
- банктік қызметтер нарығындағы жаңа өнімдер мен қызметтерді қарастыру;
- банктік қызметтер нарығының қазіргі жағдайын талдап көрсету;
- Қазақстан Республикасындағы банктік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру жолдары;
- отандық банктердің проблемаларын ашып көрсету мен оның шешу жолдарын ұсыну;
- отандық қаржы нарығына ислам банктерінің енуін ырықтандыру.
Диплом жұмысының обьектісі болыпБанк ЦентрКредит Акционерлік қоғамының қызметтер нарығы болып табылады.
Диплом жұмысының пәніне: ҚР-да банктік қызмет нарығын дамыту үдерісі жатады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы: ҚР-ның банктік қызмет нарығындаІРО нарығын жетілдіру.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізі. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізіне қазіргі кездегі отандық және шетелдік ғалым-экономистердің банктік қызмет нарығының қазіргі жағдайын талдау кезінде орын алатын мәселелері туралы және оны ұйымдастырудағы зерттеулері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың ақпараттық базасы. Банк қызметін реттеуге арналған ҚР-ның заңдары мен нормативтік актілері, статистикалық және есептік деректері, ЕДБ-дің есептік материалдары, Банк ЦентрКредит АҚ-ның мәліметтері, түрлі деңгейдегі ғылыми-тәжірибелік конференция материалдары, сондай-ақ банктік қызметтер нарығын ұйымдастыру туралы сұрақтарды қамтитын басылымдардағы мақалалар пайдаланылды.
Диплом жұмысының құрылымы. Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.Жұмыс 77 беттен құралған, 10 сурет, 8 кесте бар.
1 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАНКТІК ҚЫЗМЕТТЕР НАРЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Отандық банктердің көрсететін қызметтері мен операцияларының маңызы және олардың түрлері
Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады. Банк қызметін - банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады. Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.
Екінші деңгейдегі банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының экономикалық негізі болып табылады.
Екінші деңгейдегі банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады. Банктердің экономикадағы маңызын олардың атқаратын операциялары анықтайды.
Нарықтық қатынастардың дамуы дамыған банк қызмет көрсету нарығының болуын талап етеді. Нарық − ол нақты бір тауар немесе қызметке сұраныс және ұсыныс [1,235б].
Қазақстандық экономистер осы нарықты - нарықты экономиканың басты элементі ретінде көрсетіп және оны әртүрлі критерийлер бойынша, соның ішінде келесілерді ерекшелейді: нарықтық қатынастар объектілерінің экономикалық бағыты (тауарлар мен қызметтер нарығы, еңбек нарығы, ноу-хау нарығы және т.с.с.); географиялық орналасуы жағынан жіктелуі: сала мен аймақ бойынша және т.б.
Банктік қызмет нарығының қызмет етудің теориялық негіздерін қарастыру негізгі түсініктерін нақтылаудан бастау қажет.
Қазақстанда бүгінгі күнгі қаржы нарығына негізгі қатысушы, қаржы нарығының тұрақты дамуы қызметіне, сондай-ақ тұтастай ел экономикасына әсерін тигізетін банк секторы болып табылады. Қазіргі кезде, дүниежүзілік қаржы нарықтарындағы күйзеліске байланысты банк секто - ры қызметіне талдау жасау, сондай-ақ негізгі қаржылық және экономикалық тәуекелдерді анықтап, оларды барынша азайту неғұрлым өзекті мәселе болып отыр.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.
Нарық жағдайында банктің 3 қызмет ету аясы маңызды болып отыр:
Біріншісі - ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі. Алайда уақытша босақшаны шоғырландырудағы банктің бірқатар ерекшеліктері болады:
- шоғырландырылған уақытша бос қаражат банктің өз қажеттілігіне емес,
басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен пайдаланылады;
- шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі бастапқы несиеберуші (банк клиенті);
-қаражатты шоғырландыру тек арнайырұқсатпен (лицен - зия) жүзеге асырылады, әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет - ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несиеберуші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы экономиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы реттеледі.
Үшінші қызмет - делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. Оған тереңірек үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісіне құйылады. Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен аймақтарға қайта бөледі.
Сонымен, делдалдық қызмет -- бұл тәуекелдікті азайтатын әрі ұдайы өндіріс субъектілерінің арасындағы қатынасты кеңейтетін, ресурстарды түрлендіретін қызмет [2,120б].
ҚР Ұлттық банкінің арнайы лицензиялары бар болса, банк - тер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу: халықтың ақшалай салымдарын қарау, ақшаларды аударуға байланысты қызметтерді көрсету (инкассация).
Еліміздегі банктердің қызмет көрсетулері Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық Кодексі, ҚР еңбек Кодексі, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заңы, Қазақстан Республикасының банк және банк қызметтері туралы Заңдарының негізінде реттелініп жүргізіледі.
Банк жүйесі халықпен заңды тұлғаларға ақшалай қаржы бере отырып экономикадажұмыс жасауында үлкен рөл атқарады. Нарықтық қатынастардың он жылдық даму кезеңінде маңыздысы болып Қазақстанда екі деңгейлік банк жүйесінің құрылуы. Бұл екінші деңгейдегібанктерге несиелік операцияларды отандық және шет ел валютасында іске асыруға дербес құқық береді. Енді онымен тек қана мемлекеттік ұйымдар емес, сондай-ақ жеке, аралас, сондай-ақ пай негізінде құрылған муниципалды институттар айналыса алады[3,125б].
Қазақстанның дүниежүзілік экономикалық процестерге тартылуы соңғы жылдары тек үлғаю үстінде, бұған мұнай мен астық экспортының көлемі артып отырғаны, сондай-ақ рес - публика экономикасына айтарлықтай үлкен мөлшердегі инвестицияның тартылуы, оның нәтижесінде соңғы жылдары елдегі ЖІӨ өсуінің жоғары қарқыны куә бола алады.
Қазіргі нарықтық экономика жағдайында екінші деңгейдегі банктердің қызмет көрсетуі мен жұмыс істеуінде көптеген сыртқы және ішкі факторлардың салдарынан, қаржы тапшылығынан банкроттыққа ұшырайды.
Сыртқы факторларға жалпы экономикалық құлдырау, пайыз ставкасының өзгеруі, мемлекеттік саясаттағы өзгеріс, инфляция, жаңа бәсекелестіктің пайда болуы, саладағы өзгеріс, жаңа банктік технологиясының пайда болуын жатқызуға болады. Іс-жүзінде бұл сыртқы әсерлер барлық банктерде бірдей, бірақ кейбіреулері оларға төтеп беріп, қызметін одан ары қарай тиімді жүргізе алуда, ал басқалары сәтсіздікке ұшырауда[4,105б].
Банктік өнім - аяқталған сипаты бар және банктің клиентке қаржылық, заңдық және ұйымдастырушылық іс-шаралар арқылы қызмет көрсету кезінде өзара іс-қимылды реттейді. Яғни, банктік өнім банк қызметінің клиенттерге қызмет көрсету бойынша нәтижесі болып табылады. Мысалы, нақты бір заңды тұлғамен рәсімделген несиелік келісімшарт банк пен қарызгердің қолы қойылып, мөрмен расталған болса, банктік өнім болып табылады, яғни банк қызметінің несиелеу бойынша қызмет көрсетудің нәтижесі [5,225б].
Банктік қызмет пен банктік өнімнің ұқсастығы, клиенттің қаржылық қажеттілігін қанағаттандырады. Алайда, банктік қызмет бірінші ретті сипатта, ал банктік өнім - екінші ретті. Банктік қызмет материалдық жақтан болмашы, ал өз кезегінде банктік өнім елеулі[6,150б].
Енді қазіргі кездегі әдебиеттерде кездесетін банктік қызметтердің жіктелуін қарастырайық.
Қазіргі кездегі экономикалық әдебиеттерде көрсетілген банктік өнімді жіктелу үлгілерінің елеулі жетіспеушілігі бар: ол жіктелудің бір ғана критерийінің болуы. Бұл нарықтық экономика жағдайында қолданылуы мүмкін емес, өйткені нақты банктік қызметтің түрін белгілеуге мүмкіндік бермейді, ал бұл жағдай оны жетілдіру жолдарын жасауды күрделендіреді.
Мысалы, американдық маркетологтар банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді(1-сурет).
Банктік қызметтер
пайдалы
кешенді
кеңейтілген
күрделі
Сурет 1 - Банк қызметінің деңгейлері
Ескерту - ЕДБ қызметтерін талдау негізінде автормен құрастырылды
Жоғарыдағы суретте банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:
- 1 деңгей - көпшілік тұтынушылармен, басқа адамдардың көмегінсіз бағалана алатын пайдалықызметтер;
- 2 деңгей - кешенді түрде көрсетіле алатын, оларды түсіну үшін арнайы дайындық деңгейін талап етпейтін қызметтер;
- 3 деңгей - жете техникалық білімді немесе мамандандырылған кеңесті алу мүмкіндігін талап ететін кеңейтілген қызметтер;
- 4 деңгей - өнімді сатып алу жағдайын ескере отырып, тұтынушының айналасындағы банктік өнімдер туралы арнайы білімді қажет ететін күрделі қызметтер[7,70б].
Ресей экономистері сондай-ақ банктік қызметтердің 4 деңгейін бөліп көрсетеді, алайда оларды өткізу жағынан жіктейді (2-сурет).
Қызметтер
Қоғамдық мойындауын алған қызмет
қосымша күші бар қызмет
Нақты орындаудағы қызмет
Түпкі ой бойынша қызмет
Сурет 2 - Банк қызметінің жіктелімі

Жоғарыдағы 2-суретке сәйкес банктік қызметтердің келесі жіктелімі көрсетілген:
- түпкі ойбойынша қызмет, бұл банк өзінің және өзінің клиенттерінің пайдасына жүзеге асырылған қызметтер;
- нақты орындаудағы қызметтер (қызметтер жиыны), бұл банк ұсынатын және өзінің клиенттеріне ұсынатын қызметтер;
- қосымша күші барқызметтер, яғни клиенттерге сервистік қызмет көрсетудің барлық түрін кіріктіретін қызметтер, мысалы траст, лизинг т.б. сияқты дәстүрлі емес банктік қызметтерді рәсімдеген кезде ерекше жағдайлар;
- қоғамдық мойындауын алған қызметтер, яғни сәтті бәсекелестік күресті сипаттайтын, банктің беделін қалыптастыратын, қызметтерді дамытуға және пайда әкелуге мүмкіндік беретін қызметтер[8,50б].
Кейбір экономистер банктік қызметтерді жіктеудің келесі нұсқасын ұсынады:
- банктердің материалдық қызметтері - бұл ақша-несие айналымы жүйесінде несиелік ұйымдардың функционалдық ролін сипаттайтын қызметтер. Банктік қызметтердің кешенді сипаты банк қызметінің әмбебаптығын көрсетіп, банктер бір қызметті көрсету кезінде, бір уақытта клиенттерге бірқатар өзара байланысты қызметтерді көрсетеді. Екінші деңгейдегі банктердің материалдық қызметтеріне жататындар: несиелік, операционды, инвестициялық, есеп-айырысу, факторингтік, лизингтік, траст және т.б.
- банктердің таза қызметтері - бұл тұлғаға бағытталған қызметтер (кадрларды даярлау, кеңес беру қызметтері, талдамалы зерттеулер) [9,100б].
Әр түрлі авторлардың көзқарастарын қарастырғаннан кейін, нарықтық қатынастар жағдайында банктік қызметтерді келесі критерийлер бойынша жіктеуге болады.
Банктік қызметтің ерекшелігіне байланысты:
- арнайы - банктерді қаржылық-несиелік институттар негізінде сипаттайтын өзгешелік;
- арнайы емес немесе көмекші сипаттағы қызметтер, мысалы, экономикалық және заңды, ақпараттық-анықтамалық, аналитикалық және т.б. сұрақтар бойынша кеңес беру.
Банктік операциялардың сипатына қарай:
- пассивті операциялар бойынша қызметтер;
- активті операциялар бойынша қызметтер;
- делдалдық операциялар бойынша қызметтер.
Алатын табыстардың және жасалатын шығындардың түрлеріне қарай:
- проценттік операциялар бойынша;
- проценттік емес операциялар бойынша қызметтер.
Клиенттердің категорияларына қарай:
- жеке тұлғаларға көрсетілетін қызметтер;
- заңды тұлғаларға көрсетілетін қызметтер.
Клиентке жеке қызмет көрсетудәрежесіне байланысты:
- жеке қызметтер, яғни нақты бір клиентке көрсетілген қызметтер;
- бұқаралық тұтынуға арналған әмбебап қызметтер.
Күрделілік дәрежесіне қарай:
- қарапайым - банктің бір функционалдық бөлімшесін жүзеге асыратын қызметтер;
- кешенді - жүзеге асыруда банктің бірнеше бөлімшелері қатысатын қызметтер.
Табыстылық дәрежесі бойынша:
- моменталды табыс әкелетін қызметтер, мысалы, коммуналдық төлемдерді қабылдау (қазіргі кезде банктер коммисиялық сыйақының тұрақты мөлшерін белгілеп, қызмет көрсету кезінде Банктік табыс шотына есепке жатқызылады);
- белгілі бір уақыт аралығында табысәкелетін қызметтер (мұндай қызметтерге несиелеуді жатқызуға болады, өйткені несие бойынша проценттік табысбелгілі уақыттан кейін, несиелік шартта белгіленген проценттік төлем графигіне сәйкес алынады);
- табыс әкелмейтін табыстар. Оларға депозиттерді қабылдау бойынша қызметтерді жатқызуға болады, олар банкке тікелей табыс әкелмейді, тек ресурстық базаны кеңейту мақсатында жасалады.
Қызметтер үшінтөлем:
- ақылы;
- тегін.
Мұндай қызметтерге жарнамалық мақсаттарда немесе тұрақты клиенттерге мадақтаулар жасау арқылы және шектелген уақыт аралығында тегін көрсетілетін қызметтерді жатқызуға болады, мысалы, тегін банктік шотты ашу, ақша аударымын жасау, пластикалық карточкаларды рәсімдеу және т.с.с.
Табыстылықтың тәуекел дәрежесі бойынша:
- тәуекелі жоқ қызметтер - оларға көбінесе комиссиялық операциялар бойынша қызметтер немесе кеңес беру қызметтері, кассалық, сейфтік және т.с.с. қызметтер жатады;
- тәуекелдің белгілі бір үлесі бар қызметтер, депозиттерді келтіру, инкассация, айырбастау операциялары;
- жоғары дәрежелі тәуекелі бар қызметтер, оларға несиелерді беру бойынша, лизинг, факторинг, форфейтинг қызметтері жатқызылады.
Беру мерзіміне байланысты банктік қызметтер банк пен клиенттің ынтымақтастық мерзіміне байланысты жіктеу қажет:
- моменталды, оларға банк пен клиенттің ынтымақтастығыбір жолғы сипатта болатын қызметтер жатады, мысалы, валюта айырбастау, коммуналдық қызметтер, банктік шотты ашпастан ақша аударымын жүргізу және т.с.с.
- қысқа мерзімді қызметтер банк пен клиенттің 1 жылға дейінгі мерзімдегі ынтымақтастығы;
- орта мерзімді - 1 жылдан 3 жылға дейін;
- ұзақ мерзімді - 3 жылдан астам.
Қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді қызметтерге банк пен клиенттің жасасқан келісімшарттары бойынша (несиелік, депозиттік, есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету, ипотека, лизинг, сейфтік қызмет көрсету және т.с.с.) осы келісімшартта көрсетілген тұрақты уақыт мерзімінде жатқызылған.
Жаңашылдық дәрежесі бойынша:
- дәстүрлі банктік қызмет;
- жаңарған;
- инновациялық [10,123б].
Екінші деңгейдегі банктердің дәстүрлі-базалық қызметі - экономиканы және халықты несиелендіру. Бұл қызмет банктік қызмет көрсету аясындағы маңыздыларға және банкінің актив операцияларына жатады. Соның арқасында банктер несиелік институттарға қатысты болады[11,235б].
Несиелік операциялар - бұл несие беруші мен қарыз алушының арасындағы біріншінің екіншісіне төлемділік, мерзімділік және қайтарымдылық шарттарында белгілі ақша қаражаттары сомасын ұсынуы бойынша қатынастар[12,107б]. Банктің несиелік операциялар активті және пассивті болады. Активті несиелік операциялар банктер мен қарыз алушылар қарыз ұсынғанда, ал пассивтер, банк қарыз алушы ролінде, ал клиенттер - несие беруші ролінде болғанда пайда болады. Сәйкесінше несиелік операциялардың екі нысаны болады: қарыздық және депозиттер.
Екінші деңгейдегі банктің несиелік операцияларын әртүрлі белгілері бойынша жіктеуге болады: мерзімі бойынша - қысқа мерзімді (1жыл) және ұзақ мерзімді (1 жылдан жоғары); қамтамасыз ету түрлері бойынша - қамтамасыз етілмеген және қамтамасыз етілген; банктің роліне байланысты - активтік және пассивтік қарыздық операциялар; несиелендіру мақсатына байланысты - негізгі капиталды арттыруға, айналым капиталын қаржыландыруға, тұтынушылық мақсаттарға арналған қарыздар.
Банктердің несиелік операциялары, банктердің және клиенттің өзара қатынастары, қарыз берудің барлық шарттары реттеліп жасалған несиелік келісімшарттар негізінде жүзеге асырылады. Несиелік келісімшарттың шарттары екінші деңгейдегібанкпен жүргізілетін несиелік саясаттың әрбір нақты сәтіне байланысты. Несиелік саясаттың құрамдас бөлігі болып пайыздық саясат болып табылады.
Лизингтік операцияларұзақ мерзімді пайдаланатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беру [13,139б].
Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдыруынсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өндірісті жаңа құрал - жабдықпен, алдыңғы техникамен материалдық - техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогресивті формасы. Лизингтің түрлері келесідей:
- жедел лизинг анағұрлым қысқа мерзімге беріледі. Оның объектісі болып моральдық тозу қарқыны өте жоғары машиналар мен құрал - жабдықтар.
- қаржылық лизинг анағұрлым ұзақ мерзімге беріледі. Ол мерзім машиналар мен құрал - жабдықтардың амортизациялық тозу мерзімімен сәйкес келеді. Бұл жерде мәміле аяқталмай, күшін тоқтата алмайды. Онда мүлікті лизинг алушымен сатып алыну мүмкіндігі көрсетілген. Қалдық құны бойынша лизинг пайдалануда болған құрал жабдықтарды жалға беру. Сондықтан лизинг объектісі бастапқы құнымен емес, қалдық құны бойынша бағаланады.
Факторингтік операциялар - клиентпен төленбеген қарыздық талаптар бойынша төлемді талап ету құқын басқаға беру[14,310б]. Факторингтің мәні - банктер өз клиенттерінен төлем құжаттарды пайыздық ақы үшін сатып алу. Бұндай мәміле келісімшартпен жүзеге асады. Ол келісімшартта сатып алынған қарыздың сомасы және пайыз көрсетіледі. Бұл пайыз көрсетілген қызмет үшін қарыздың қандай мөлшері алынатынын көрсетеді.
Халықаралық факторинг туралы Конвенцияға сәйкес, келесідей төрт белгі қанағаттандырылғанда ғана факторинг операциясы болып саналады.
- қарыздық талаптарды алдын ала төлеу формасында несиелеудің болуында;
- жабдықтаушымен бухгалтерлік есеп жүргізу мен өткізу есебінен;
- жабдықтаушы қарызын инкассалау;
- несиелік тәуекелден жабдықтаушыны сақтандыру.
Факторингтік келісімнің бірнеше типі бар. Толық қызмет ету туралы келісім әдетте факторингтік компания мен жабдықтаушы тұрақты, ұзақ қатынаста болатын болса, қолданылады. Толық қызмет ету мыналарды қамтиды: күмәнді қарыздардың пайда болуынан толық қорғау, несиені басқару, сатуды есептеу, белгілі бір мерзімге төлем формасындағы несиелеу.
Трасталық операциялар. Коммерциялық банктер өздеріне сенімді тұлғаның қызметтерін қабылдап, өздерінің жеке және корпоративті клиенттері үшін әр түрлі қызметтер орындайды. Траст - сенім дегенді білдіреді. Капитал иесі өз капиталын басқа тұлғаға оның мүддесін қорғап отырып, иелік етуге сенім білдіріп тапсырады, яғни траст деп банктердің, басқа қаржылық институттардың мүлікті және капиталды басқарумен байланысты көрсетуін айтады. Бұл операциялар келісім негізінде жүзеге асады, ол келісім трасталық деп аталады [15,110б].
Инвестиция дегеніміз - бұл халық шаруашылығына мемлекет ішінде және шетелде, оны қайта құру және кеңейту, сол сияқты пайда алу мақсатында ұзақ мерзімді қаражат бөлу[16,91б]. Тікелей инвестиция - бұл қаражаттарды тікелей өндіріске, құрал - жабдықтарды сатып алу және әлеуметтік, өндірістік сипаттағы объектілерді салуға жұмсалады. Портфельдік инвестициялар бағалы қағаздарды сатып алу арқылы және ұзақ мерзімді банк несиелерін беру арқылы жүзеге асады. Жеке, мемлекеттік, шетелдік инвестициялар инвестициялық заңдармен реттеледі, ол заңдарда жеке шаруашылық бөлімшелердің, банктердің инвестициялық іс-әрекет тәртібі, ережелері анықталады және инвестор құқықтары қорғалады.
Бағалы қағаздар - бұл арнайы түрде рәсімделген қаржылық құжаттар, оларда көрсетілген құқықты жүзеге асыру үшін сол бағалы қағаздарды ұсыну қажет. Олар қорлық (акциялар, облигациялар) және коммерциялық болады (вексельдер, чектер) [17,91б].
Бағалы қағаздармен операциялар жүргізуге коммерциялық банктерде мынадай құрылымдар ұйымдастырылады: ірілерінде - департамент немесе басқарма, орташалары мен кішілерінде - инвестициялық немесе қор бөлімдері. Олар банктердің инвестициялық саясатын банк есебінен немесе клиент тапсырмасы бойынша жүргізеді, сол сияқты кәсіпорындардың, ұйымдардың, ведомстволардың бағалы қағаздарын шығарып сата алады, клиенттің бағалы қағаздар портфелін сәйкес ақыға сақтап, басқарады.
Бағалы қағаздар нарығы - бұл қаржылық нарықтың анағұрлым дамыған бөлігі, оған ақша және капитал нарықтары кіреді. Республикамыздың қаржы нарығы, бағалы қағаздар нарығымен қоса, инфляция қарқынының өсуіне байланысты қиындық көріп жатыр. Нарықта айналыста жүрген бағалы қағаздарға деген қызығушылық та төмендеп тұр. Жалпы айтқанда, Республикамызда банктердің инвестициялық қызметі алғашқы даму сатысында.
Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау - екінші деңгейдегі банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві, меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншік капиталы - банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10 %-ын құрайды [18,95б].
Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда барлық міндеттемелер екінші деңгейдегі банктерге меншікті капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз міндеттерін жүзеге асыруға және дұрыс қызмет етуіне мүмкіндік береді. Ең алдымен меншікті капитал банк қызметін бастау үшін қажет. Сонымен қатар, офисті, жабдықтарды сатып алу және еңбекақыны төлеу, сондай-ақ банктің қорғаныс кепілдік қоры, осы сипатты меншікті капитал маңызды, сөзсіз міндетті қор болып табылады, банктің тұрақтылығы мен оның жұмысының тиімділігін қамтамасыз ету үшін банктік қаражаттар құрылымында оның ролі өте жоғары.
Дәстүрлі түрде осы қаражаттардың негізгі бөлігін депозиттер құрайды. Депозит пен банктің клиенттерінің жинақ салымдарынан басқа мерзімді және мерзімсіз салымдарының болуымен түсіндіріледі. Банктердің ақшалай қаражаттарды салымдарға тарту және оларды пайда табу мақсатында орналастыру жұмыстары депозиттік операциялар деп аталады[19,55б].
Осылардың негізінде екінші деңгейдегі банктердің несиелік ресурстарының негізгі бөлігі құрылады. Банктік тәжірибеде депозиттер талап еткенге дейінгі депозиттер, мерзімді және жинақ салымдары деп ажыратылады.
Талап еткенге дейінгі депозиттер белгісіз уақытта салымшылардың ағымдағы, есеп айырысу шоттарында болатын ақшалай қаражаттар, олар банкті алдын ала ескертусіз кез келген уақытта салымшылармен алыну немесе басқа шотқа аударылуы мүмкін. Әдетте банк талап еткенге дейінгі салымдар бойынша ең төмен пайыз төлейді, ал кейбір жағдайларда олар бойынша сыйақы мүлдем төленбейді.
Депозиттердің екінші тобын мерзімді салымдар құрайды. Терминнің өзінен көрініп тұрғандай, мерзімді салымдар белгілі бір айдан жоғары мерзімге орналыстырылады. Салымшы үшін ақшаларды ұзақ мерзімге салудың мәні жоғары пайыздарды табу болып табылады. Сондай-ақ банк үшін бұл депозит тиімді, өйткені ол жоғары пайыз табумен қандай да бір қарыз алушыға қарыздарды ұсыну үшін осы қаражаттарды ұзақ уақыт бойы иемдене алады.
Депозиттердің үшінші түрі - жинақ салымдары. Олардың кеңірек тараған түрі кәдімгі жинақ шоты деп аталатын жинақ салымы. Шот иесі шотқа ақша салу немесе одан кері алу үшін жинақ кітапшаларын міндетті түрде ұсыну керек [20,12б].
Екінші деңгейдегі банктер негізінен өз клиенттерінің шауашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.
Қазақстан Республикасындағы банктер мен банктік қызметтер туралы Заңға сәйкес банктер мынадай операцияларды орындай алады:
- ақылы негізде депозиттерді тарату;
- клиенттер мен банк корреспонденттердің шоттарын жүргізу және оларға кассалық қызмет көрсету;
- қайтарымдылық, мерзімдік және төлемділік шарттарымен заңды және жеке тұлғаларға қысқа мерзімді несиелер беру;
- инвестицияланатын қаражаттар иелерінің немесе иемденушілердің тапсырмалары бойынша капиталдық жұмсалымдарды қаржыландыру;
- заңда көрсетілген тәртіппен өз бағалы қағаздарын шығару (чектерді, вексельдерді,аккредитивтерді, депозиттік сертификаттарды, акцияларды және басқа да қаржылық міндеттемелерді);
- төлем құжаттарын сатып алу, сату және сақтандыру, олармен басқа да операцияларды жүргізу;
- банктік операциялар бойынша брокерлік қызметтерді көрсету, клиенттердің тәуекелі бойынша оларды агенттері ретінде әрекет ету;
- клиенттердің тапсырмалары бойынша сенімдік операцияларды (қаражаттарды қарау және орналастыру, бағалы қағаздарды басқару);
- банктік қызметпен байланысты кеңес беру қызметін көрсету;
- лизингтік операцияларды жүзеге асыру[21].
Ұлттық банктің арнайы лицензиялары бар болса, банктер басқа да банктік қызметтерді жүзеге асыра алады. Соның ішінде шетел валюталарымен операцияларды жүргізу, халықтың ақшалай салымдарын қарау.
Сонымен, жоғарыда аталған мәселелерді ескере отырып, шетел экономистері қызметтердің тауар ретінде ерекшелігін талдауға көп көңіл бөледі, алайда банктік қызметтер аса күрделі болып табылады: банктердің өзіндіктабиғатымен, олардың ақша-несиелік қатынастарды ұйымдастырудағы функционалдық ролімен, клиенттермен өзара қарым-қатынастартүрімен сипатталатын өзіндік ерекшеліктерге тән.
1.2 Банктік өнімдер түсінігі және оларды стратегиялық жоспарлау
Нарық - әлдебір өнім не қызметті тұтынушы шынайы не потенциалды тұтынушылардың қосындысы. Тауар-ақшалы айналым элементі ретінде ол өндіруші мен сатушы арасын байланыстырады. Басқаша айтқанда банк өз тауарларын айналымға түсіру үшін ғана жасайды. Егер ол өнімді сата алмаса, өндіруге кеткен шығынды өтеп, пайда ала алмайды да банкроттыққа ұшырайды. Күнделікті әрекет процесінде банк, делдалдар мен тұтынушылар қызығушылықтары бір-бірімен астасып жатады. Басқаша айтқанда, өнімдер мен қызметтер нарығы - тауарлы-ақшалы айналымның әлеуметтік-экономикалық көрінісі. Ол айналымға енгізіліп, көрсетуге арналған банк өнімдері жиынтығы ретінде берілген. Нарықтық қатынастар әрдайым нақты болады, олар белгілі бір банк өнімдері мен қызменттерін сату-сатып алу жиынтығына бағытталған [22,135б].
Нарықтың болуы үшін келесідей шарттар қажет:
- нарық субъектілері ретінде көрінетін екі жақтың болуы;
- бұл жақтың әрқайсысы екіншісіне тұтынуға қажетті затты не қызметті ұсынуға құқығы бар;
- жақтардың әрқайсысы тауар туралы мәлімет алып, оны қабылдауға не бас тартуға құқығы бар;
- серігіңе деген сенім мен өзің ұсынып отырған құнға эквивалентті зат не қызметті алу;
Нарық нысандары мен субъектілері ерекшеліктеріне қарай өнімдер мен қызметтер алмасудың бірнеше негізгі түрлері бар:
- сауда айырбасының классикалық түрі, сатушы нақты банк өнімдерін ұсынып, ақшасын алады;
- жекелеген субъектілер, банктер, өндірістер, мемлекеттер арасындағы бартерлік және клирингтік келісім шарттардан көрінетін сауда айырбасының дәстүрлі емес формасы;
- құндық айырбастың классикалық үлесі. Мысал ретінде азамат пен мемлекет арасындағы қарым-қатынасты алуға болады. Құндық эквивалент ретінде субъект салықтар төлейді, нәтижесінде түзу жолдар, таза көшелер мен мүлік қорғалымын алады. Аталған жағдайда банк алмасушы жақтар арасында делдал ретінде болады;
- құндық айырбастың дәстүрлі емес формасы. Мысал ретінде концерт мезетіндегі орындаушылар мен тыңдаушыларды алуға болады. Алғашқылары билет құнын төлеп, рухани эквивалент (білім) алса, екішілері өз еңбегінің жемісін татуда.
Әдетте банк өнімдері нарығына екі негізгі қағида бойынша классификация жүргізіледі:
1. Нақты банк өнімдер нарығы:
- несиелік;
- операционды;
- несиелік-операционды;
- инвестициялық бола алады.
2. Банк тұтынушылары нарығы:
- меншік иелері не жылжымайтын мүлік операцияларын жүзеге асыратын заңды не жеке тұлғалар;
- банк қызметтерін пайдаланушы әр түрлі корпорациялар;
- банктер-корреспонденттер;
- мемлекеттік органдармен байланысты нарық;
- трастік қызметтер көрсету жүйесі бойынша банк тұтынушылары болып табылатын жеке және заңды тұлғалар.
Банк қызметіне қатысты, стратегия сөзі - бұл бәсекелестік артықшылықтарға қол жеткізуге бағытталған банк ресурстарының орналасу аясы мен қызметінің нысанын анықтайтын ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасы. Ұзақ мерзімді даму тұжырымдамасының негізіне банктің мақсаты жатады. Кез келген коммерциялық ұйымның басты мақсаты - пайда табу болса, екінші деңгейдегі банктерде сондай мақсатты көздейді.Банк менеджменті үнемі өзгеріп отыратын жағдайда банк басқаруын ұйымдастырумен ерекшеленеді, банктің тұрақтылығы мен сенімділігінің негізгі құралы болып есептеледі, кез келген қолайсыз жағдайларда банктің жоғарыимиджін сақтауға көмектеседі [23,735б].
Басқару теориясы менеджменттің мынадай қызметтерін атқарады:
- мақсатын белгілеу;
- болжау және жоспарлау;
- ұйымдастыру;
- иелену;
- координациялау;
- мониторинг және бақылау.
Мұндағы жоспарлау қызметінің ерекшелігі банк менеджментінің қалған барлық процестерінің әдістемесін және технологиясын жасайтындығымен сипатталады.
Жоспарлау банкке мына нәрселерді анықтауға көмектеседі:
- келешегін;
- мақсатын;
- саласын;
- мөлшерін;
- нәтижесін;
- банк қызметінің көздерін.
Банктің стратегиясы - банкті өзге бәсекелес банктерден ерекшелендіретін және банк қызметінің басымдық мақсаты мен міндеттерін анықтайтын тұжырымдамасы.
Банк стратегиясы банк менеджментінің барлық жүйесінің негізі болып табылады. Банк стратегиясын жасау негізіне - нарықтағы бәсекелестерге талдау жасау нәтижесінде бәсекелестермен салыстырғандағы банктің нарықтағы ұстанымын, күшті және әлсіз жақтарын айқындау, сондай-ақ әлеуетті мүмкіндіктерін анықтау жатады [24,397б].
Стратегиялық жоспарлау - нарықтың талаптары мен банктің ішкі мүмкіндіктерімен келісілген банктің алдына қойған мақсаттарына жетуді қамтамасыз ететін банкті басқаруды (маркетинг, ресурстар мен тәуекелді басқару және банк қызметкерлерін ұйымдастыру саласында) ұйымдастырудың баламалы стратегиясын жасау процесін білдіреді.
Стратегиялық басқарудың мақсаты - нарықтағы банктің үлесін және табысын арттыруды қамтамасыз ететін, банк қызметінің жаңа бағыттарын және жаңа банктік өнімдерді жасау, енгізу және дамыту болып табылады [25,14б].
Шет елдердің тәжірибиелерінің, соның ішінде Ресейде ІРО-ны ендірудің теріс нәтижелерінің салдарларынан және Қазақстан халқыныңІРО-ны ендіруде ақпараттық денгейде сауаттылығының төмендігінен дайын болмауы Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселелерін жүйелі шаралар түрінде, яғни тұжырымдамалық деңгейде пысықтаудықажет етеді.
Жүргізілген зерттеулер негізінде төмендегі шарттарды міндетті түрде ұстанса қазақстандық халықтық ІРО жетістікке жетуі мүмкін:
- халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру;
- аталмыш таратуларды нарықтық тетіктер арқылы жүзеге асырғанда олигархиялық құрылымдарды үрдіске тартпау;
- эмитент-компаниялардағы корпоративтік басқарудың жоғарғы стандарттарының орын алуы;
- акцияларды нарықтық бағадан төмен тарату;
- эмитенттердің дивиденттік және ақпараттық саясатының ашықтығы;
- компанияның спекулятивті келісімшартты жүргізуге талпынысы деп бағаланбауы үшін акцияны таратылған акция бағасынан қайта төмен бағамен сатып алудан бас тартуы;
тәуелсіз ұлттық рейтингтік агенттіктердің шараға тартылуы.
Халықтық ІРО-ны дайындау кезінде 3-6 ай мерзімінде мемлекеттің барлық аймақтарын қамтитын терең, белсенді зерттеу жұмыстарын жүргізу қажет екендігін ескеру қажет. Нәтиже ретінде ғылыми-әдістемелік ақпарат халықтық ІРО-ға қатысушыларға бағытталған, атаулы болуы керек. Халыққа түсінікті қарпайым сөздікпен, акцияларды сатып алу кезіндегі тәуекел ашық ескертіліп, және жалпы жарнама ағымының ықпалына түспеуі кетпеуі қажет. Сонымен қатар халыққа акцияны сатып алу депозит емес және құнды қағаздың бағасы болашақта өсетініне кепілдің жоқ екендігін жеткізу қажет. Келесідей қажетті кепілдіктерді беру міндет: компаниялар өз акцияларын сатқан бағасынан төмен бағамен сатып алу мүмкіншілігінен айыру қажет. Ең бастысы компанияны ІРО-ға шығарғанда, халықтың қаржылық сауаттылығын жоғарлату бойынша жұмыс жасау қажет [26,3б].
Қазіргі жағдайда халықтың ІРО-ға дайын болмауы Қазақстан үшін негізгі тәуекел болып сипатталады. Әзірге Қазақстанда жоғарыда аталған бірде-бір жағдай жасалмаған. Қоғам құнды қағаздардың не екендігі және ІРО компаниялар алатын пайда мен активтер жайлы және олардың акцияларына инвестиция салу арқылы қандай пайда табуға болатынын әлі жетік түсінбеген. Отандық брокерлердің ойынша, республикадағы листингтік талаптарға сәйкес потенциалды эмитенттер саны барлық орташа және ірі компаниялардың 15-20%-нан аспайды [27,5б].
Халықтық ІРО-ны жүргізудегі негізгі мәселелердің бірі акция бағасы және кепілдіктер бойынша сұрақтардың орын алуы болып табылады. РД КМГ компаниясының бір акциясы шамамен 20 мың теңгені құрайды. Қазақстандағы орташаайлық номиналды жалақы 87,5 мың теңгені (ауыл шарушылық қызметкерлерінде 33,8 мың теңге) құрайды деп есептесек, көпшілік үшін бұл баға айтарлықтай жоғары болып табылады. Саяси шешімдер Институтының жүргізген Қазақстандықтардың халықтық ІРО-ға қарым-қатынасы әлеуметтік сауалнамасы бойынша қоғамның 70% ІРО-ға қатыспайтынын және тек 8% ғана акцияларды сатып алуға дайын екенін көрсетті. Осыған орай, Қазақстандағы халықтық ІРО расымен халықтық болуына күмән бар. Әрине, бір-екі акция сатып алуға болады, бірақ мұндай жағдайда үлкен табысқа ие болу мүмкін емес. Мысалы, РД КМГ директорлар кеңесі 2010 жылдың қорытынды төлемі бойынша бір акцияға 800 теңге дивиденд көлемін (заңнамаға сәйкес ұсталынатын салықтарды есептегенде) ұсынды. 2010 жылдың қорытындысы бойынша Қазақмыс акциясының құны шамамен 3 мың теңге бола тұра дивиденттері 25-30 теңгені құрады. Сондықтан 100 мың теңге шамасындағы активпен пайлық инвестициялық қорлар мен екінші денгейлік банктердің депозиттерінің қызметін қолдану дұрыс болады.
Ұзақ мерзімге инвестициялауға дайын және эмитенттердің арасындағы көлемді салымдарды әртараптандыруға дайын инвесторлармен бірігіп, IPO қатысуға құқық білдірген жеке тұлғаларға тиімді болуы ықтимал.
Бірақ көзделген халықтық ІРО-да көпшілік азаматтардың қатысуы біршама мүмкін емес, себебі, алшақ (мамандарға жүгінуге болатын сәйкес инфраструктурасы жоқ) аудандарда тұрады, екіншіден экономикалық тұрғыдан аталмыш акциялар қолжетімсіз, себебі Қазақстанның қарапайым азаматының табысы күнкөріс минимумын қамтамасыз етуге әзер жетеді.
Сонымен, ішкі ІРО жергілікті қор нарығын дамытуға жағдай жасап, қаржылық-экономикалық көрсеткіштер мен компанияны корпоративтік басқару деңгейін өсіреді, бірақ ресейлік және бірқатар батыс елдерінің халықтық ІРО тәжірибесі қарапайым халық үшін акцияларды сатып алу табыстылық фактісіне ие емес екендігін айғақтап, Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік қолдау мен дамыту мәселесін тұжырымдық денгейде қайта қарастыру қажеттілігіне дәлел болып табылады.
Мемлекеттің ірі холдингі Самрұқ-Қазына ҰӘҚ (бірлескен активтері 78 млрд. теңгеден астам) құрамына кіретін ірі компаниялардың акцияларын біріншіреттік және ашық тарату бойынша тұрақты жұмысты қамтамасыз ету мақсатында қызмет ортасының дамуына бағытталған шаралар кешенін қарастыратын Қазақстан Республикасындағы ІРО-ны мемлекеттік ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz