Моңғол шапқыншылығынан кейін құрылған мемлекеттер


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ГЕОГРАФИЯ ЖӘНЕ ТАБИҒАТТЫ ПАЙДАЛАНУ ФАКУЛЬТЕТІ
ТУРИЗМ ЖӘНЕ РЕКРЕАЦИЯЛЫҚ ГЕОГРАФИЯ КАФЕДРАСЫ
Орындаған: Тағай Арайлым Нұркенқызы
Тексерген : Қозыбақова Фатима Ақынбаева
Тобы : 1
Алматы 2012
ЖОСПАР
КІРІСПЕ
1. Ақ Орда
1. 1 Ақ Ордаға жалпы сипаттама
1. 2Саяси тарихы, құлдырауы
1. 3 Ақ Орда көркем әдебиетте
2. Ноғай Ордасы
2. 1 Ноғай ордасының құрылуы, аумағы
2. 2 Саяси тарихы.
2. 3 Құлдырауы
3. Моғолстан мемлекеті
3. 1 Моғолстан мемлекетінің құрылуы, халқы, хандары
3. 2 Саяси тарихы
3. 3 Ыдырауы
4. Әбілқайыр хандығы
4. 1 Әбілқайыр хандығының құрылуы
4. 2 Әбілқайыр хандығына жалпы сипаттама
4. 3 Хандықтың құдырауы
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Өзінің стратегиялық жағдайына байланысты Оңтүстік-Шығыс Қазақстан монғол шапқыншылығы жоспарында маңызды орын алды.
Ұлыс
хандары ездерінің калың нөкерімен және сан мыңдаған әскерімен осы араны астана етті. Мұнда көшіріп әкелінген, көшпелі мал шаруашылығы салтын сақтаған монғол көшпелілеріне (200 мын адам) кең-байтақ жайылымдар кажет болды. Осынын бәрі егістік жерді кыскартуға әкелді. Елді мекендерді қирату, егістік жерді мал тұяғына таптату, бау-бақшалар мен суару жүйелерін жою, қалаларда сауданың тыйылып, олардың көрші калалармен және егінші аймактармен катынасынын үзілуі - осының бәрі Жетісудағы қалалар өмірінің экономикалық және әлеуметтік негізіне зиянын тигізді. Бұл жерде көп жылдар бойы монғол феодал ақсүйектерінін, калалықжәне отырықшы-егіншілік мәдениетке жаны қас, тәуелді елдін халқын жырткыштыкпен пайдаланатын тобы үстемдік етіп келді. Жетісу аумағындағы саяси жағдайдың тұрақсыздығы да бұл жердегі шаруашылық пен мәдениеттің одан әрі құлдырай түсуіне ықпал етті. Жаулаушылар бұл арада мықты билік те, темірдей тәртіп те, бейбіт тұрмыс та орната алмады. Қол астындағы халықты ауыр салыктар мен телемдер төлеуге мәжбүр етті: жер салығы, алым жинау, байланыс міндеткерлігі,
тұрақты және өтпелі әскерлердің қажетін қамтамасыз етудің жиырма шакты түрі, оның ішінде әскери міндеткерлік - жергілікті халык монғол әскерінін катарын толықтыру үшін жауынгер беріп отыруға міндетті болды.
Монғол шапкыншылығының бірқатар жағымды әсері де бар. Монғол билеушілері сауданың өркендеуіне, халықаралық каты-настардың жаксаруына үлес косты, байланыс және көлік кызметін жаппай енгізді. Бұрын бір-бірін білмейтін халыктар арасында сауда және мәдени байланыс орнатылды. Үлыстар арасында сауда керуендері, елшілік адамдары жүріп жатты, саяхатшылар жер түбіндегі алыс елдерге барып, Еуропаға бұрын белгісіз болып келген азиялык елдер мен халыктар жайлы мәліметтер таратты.
Монғолдар бір орталықтан баскару идеясымен бұрын бастары бірікпей келген туыстас тайпаларды жакындастырды.
Кешпелі тұрмыс салтын Шыңғыс ханның «Жаса» деп аталатын, жаңа жағдайда бейімделген карапайым күкыктар жиынтығы реттеп отырды. Кейіннен казактың «Жеті жарғы» зандар жинағын жасаганда «Жасаны» да пайдаланған. Мемлекеттіліктің көптеген түрлері де кейіннен Қазакстанда, монғол дәуірінен соңғы кезенде пайда болған мемлекеттерде пайдаланылды. Монғол шапқыншылығы Казақстан аумағындағы этностык процестерге үлкен әсерін тигізді. Дегенмен, Шынғыс хан мен оның ізбасарлары жүргізген соғыстар жаулап алынған елдердің ғана емес, Монғолиянын өзінін де өндіргіш күштерінің кұлдырауына алып келді.
АҚ ОРДА
1. 1 ХІІІ-ХҮ ғ. басында Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде Ақ Орда мемлекеті өмір сүрді. Ол - монғол шапқыншылығынан кейін Қазақстан жерінде пайда болған бірінші ірі мемлекет. Ақ Орданың негізін қалаушы - Жошының үлкен баласы Орда Ежен (1226-1280 жж. ) . Рашид әд-Диннің жазуына қарағанда (ХІҮ ғ. ), Жошы ұлысының шығыс бөлігін (сол қанатын) әкесінің көзі тірісінде Жошының үлкен ұлы Орда Ежен алады. Әбілғазының айтуынша (ХҮІІ ғ. ) осынау жерді оған інісі Батухан ХІІІ ғ. орта кезінде бөліп береді. Орданың мирасқорлары іс жүзінде дербес билеушілер болды. ХІҮ ғ. 2-ші жартысында Алтын Орда билігі әлсіреп, Ақ Орда күшейіп, дамудың ең жоғары сатысына жетті. Территориясы: батысында Жайық өзенінен шығыста Ертіс өзеніне дейінгі, оңтүстікте Сырдария алқабы, Арал теңізінің солтүстік-шығысынан солтүстікте Оңтүстік Сібір ормандарына дейінгі жерлер. Астанасы - Сығанақ (Сырдарияның орта ағысы) . Халқы - түрік тілді тайпалар.
Ақорданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері толығынан анықталады. Көшпелі аудандарда мал жеке меншік деп саналып және сол қыруар мал дала алпауыттарының қолында жинақталып тұрған жағдайда, жайылымдық жер қауымның иелігінде деп қанша айтылғанымен, өріс қонысты еркін билеуге хұқы бар текті байбағландар со жердің нағыз қожасына айналады. Деректерде Ақ Орда елінде ақсүйектер жер иеленушілігінің инджу, милк, сойтұрғал сияқты түрлері болғаны және сый тарту да белгілі болғаны айтылады. Ақорданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әр түрлі парыз қарыздарды да өтеп тұратын болған.
1423-1424 жылдары Орыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Орда да хандықты өз қолына алды. Алайда, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, Сырдың орта ағысындағы аудандар Темір әулетінің қолында еді. 1425-1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сыр бойындағы басқа да қалаларды босатты. Жорықта жүріп Барақ қаза тапқаннан кейін Шығыс Дешті Қыпшақтың билігі Шайбан әулетіне көшті. Барақ өлген соң олар Ақ Орданың елеулі бөлігін жаулап алды. Сөйтіп, 1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде пайда болған Ақ Орда екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Мал шаруашылығы да дамыды. Жер иеленушіліктің інжу, милк, сойырғал сияқты түрлері және тархандық сый тарту болған. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күпшір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп тұрды. Ақ Орданың ресми тілі қыпшақ тілі болды.
1. 2 Ақ Орданың саяси тарихы бірінші кезеңде Шығыс Дешті-Қыпшақ жерін Алтын Орданың билігінен азат ету жолындағы ұзақ күреспен өтеді, кейінірек Ақ Орда хандары Алтын Орда ісіне араласады, ал өз тарихының соңғы кезінде Мәуераннахр билеушісі әмір Темір мен оның ұрпақтарының басқыншылығына қарсы күреседі.
Мемлекетті Орда Ежен тегінен шыққан хандар басқарды. Алғашқы ханы - Сасы Бұға (1309-1315), мұрагері - Ерзен хан (1315-1320) . Ақ Орданың Алтын Ордадан оқшаулануы ХІҮ ғ. 2-ші ширегінде Ерзен мен Мүбәракқожа тұсында басталды. Мүбәракқожа хан (1320-1344 жж. ) Алтын Ордаға бағынбай дербес саясат жүргізуге тырысты.
Шымтайдың (1344-1361 жж. ) ұлы Орыс ханның кезінде (1361-1376 жж. ) Ақ Орда Алтын Ордадан бөлініп, тәуелсіз хандық болып жарияланды. Ақ Орда Орыс хан тұсында едәуір нығаяды. Әйгілі тарихшы Қадырғали Жалайырдың айтуынша Орыс хан өз заманының қуатты да құдіретті, батыл билеушісі болған. Ол ең алдымен Ақ Орданың саяси тәуелсіздігін нығайтуға мейлінше күш жұмсады. Оның сыртқы саясаты негізінен Әмір Темірдің шапқыншылық жорығына тойтарыс беруге бағытталды. Ал ішкі саясаты Ақ Орданың экономикасын өркендетіп, мемлекеттік қуатын арттыруды көздеді, ол ең алдымен Сырдария алқабындағы отырықшы егінші аймақтардың егін шаруашылығын өркендетуге және осы өңірдегі шаруашылық, мәдениет орталығы болған қалаларды көркейтуге баса мән берді.
Орыс хан Алтын Орда тағы жолындағы күреске белсене қатысты. Ол хан болып нығайып алған соң ішкі феодалдық қырқысты жойып,
Алтын Орданы өзіне бағындыруға әрекет етті. Бұл мақсатын жүзеге асыру үшін 1368 жылы Еділ бойына жорық жасайды. 1374-1375 жж. Сарай-Беркені, Қажы-Тарханды (Астрахань) алып, Кама бұлғарларын бағындырады. Бірақ Алтын Орданың уақытша билеушісі Мамайды жеңе алмайды және бұл кезде Ақ Орданың өзіне Әмір Темір тарапынан қауіп төнгендіктен Орыс хан Сырдария бойындағы өз иелігіне қайтып оралады. Ол өзінің қайтар жолында Алтын Орданы жаулау кезінде өзіне көмекке келмеген Жошы әулетінің бірі Маңғыстау аймағының билеушісі Түй-Қожаны өлтіреді. Оның баласы Тоқтамыс Әмір Темірге барып паналайды. Темір бұл жағдайды пайдаланып, Тоқтамысты көп әскермен Ақ Ордаға жібереді. Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374-1375) сәтсіз аяқталды, Ақ Орда әскерлері оның әскерлерін талқандады. Бұл соғыста Орыс ханның баласы Құтлық Бұқа қаза болды. Әмір Темірден жаңадан әскер алған Тоқтамыстың екінші жорығы да Орыс ханның ұлы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді, тек төртінші жорығынан кейін ғана Тоқтамыс Ақ Орда тағына отырды. Темір басқыншылығына қарсы күрестің негізгі ауыр салмағы Орыс ханға түседі. Ұрыс барысында Орыс хан қаза тапты. Тоқтамыс Орыстың баласы Темір-Мәлікті (1376-1379 жж. ) 1379 жылы жеңіп, Ақ Орда билеушісі болды.
Ақ Орданың әскери күшіне ие болған Тоқтамыс 1380 жылы Алтын Орданы алды. Сөйтіп, ол бір мезгіл (1380-1395 жж. ) Ақ Орда мен Алтын Ордаға хан болды. ХІҮ ғасырдың 80-жылдары Тоқтамыс Ақ Орда мен Алтын Орда жерін түгел бағындырып, Әмір темірге қарсы шықты. Осы кезде Әмір Темір мен Тоқтамыс арасындағы ұзаққа созылған қанды соғыс басталды. 1395 жылы Кавказдағы Терек өзенінің аңғарындағы шешуші шайқаста Әмір Темір Тоқтамысты жеңіп, Алтын Орданы талқандады.
ХІҮ ғ. аяғы - ХҮ ғ. басында сыртқы саяси ауыр жағдайлар мен ішкі қырқыстар кезінде Ақ Орда әлсіреп кетті. Ақ Орданың әлсіреу себептері: Әмір Темірдің тонаушылық жорықтары және ішкі тартыстар.
1423-1428 жж. Орыс ханның немересі Барақ біраз уақыт бойы Ақ Ордадағы өз әулетінің билігін қалпына келтірді. Ақ Орданың соңғы ханы Барақ Самарқанның билеушісі Темірдің немересі Ұлықбекті жеңіп, Сырдарияның бойындағы көптеген қалаларды өзіне қаратады. Бірақ ол көп ұзамай қаза табады, сосын Ақ Орданың жеріндегі билік Шайбан ұрпағы Әбілқайырдың қолына көшеді.
1. 3 М. Әуезов «Әдебиет тарихы» атты монографиясында (1927) Ақ Орда тұсындағы тарихи оқиғаларды талдай келе, көп дәуір «исі түркі жұртының бірлігі мен елдігін ойлаған ұлы батырларды туғызды» деген пікір түйеді. Ондай шығармалардың татарына«Қобыланды», «Ер Тарғын», «Ер Сайын», «Шора батыр» жырларын жатқызады. Жазушы бұл тұжырымын: «Батырлар әңгімесінің басы ескі түркі бірлігінің заманындағы әңгімелерден шығады. Қазақ елінің ескілігі жалғыз қазақтікі емес, жалпы түрік жүртының ескілігі деп саналуға керек. Бұрынғы түрік, монғол дәуірі жүрген заманда «Алтын Орда, Ақ Орда күндері» айтылатын жерлер бар. Ноғайлы, Қырым, Қыпшақ, Қырғыздардың бір жалаудың астында бір ел болып жүрген кездерін айтады. Бұл түрік журттарының жік-жікке бөлінбей тұрған күндері бірін-бірі жат демей, бауыр көріп журген кездері. Қазақтағы батырлар әңгімесінің осы кездерде шыққаны бір жік болып, кейінгі замандағы шыққандары екінші бір жік болады. Алғашқы жіктегі - ұлы батырлар» деп одан әрі дамытады. Осы еңбекте түркі тілдес халықтардың бірлігін аңсаған тарихи жырларды ерекше бөліп қарағаны үшін оған 1927-32 және 1945-51 жылдары' «Ұлтшыл - ұлы түрікшіл» , «Алтын Орда» мен «Ақ Орда» дәуірінің тұсындағы хандықты көксеп отыр» деген айып тағылды.
НОҒАЙ ОРДАСЫ
2. 1
Алтын Орда ыдырап, Ақ Орда әлсіреуі нәтижесінде пайда болған мемлекеттік бірлестіктің бірі - Ноғай Ордасы . Мемлекет ХІҮ-ХҮ ғасырларда Батыс Қазақстанның бір бөлігін алып жатты. Бұл мемлекеттің атауы Алтын Орданың беклербегі, әскерінің қолбасшысы, Жошы ханның немересі (1260-1306) Ноғай есімімен байланысты. Берке хан өлгеннен кейін Доннан Дунайға дейінгі жер Ноғайдың бақылауында болды. Оның құрамындағы рулар Каспий маңына қоныс аударып, Ноғай елі атанды.
Ноғай Ордасының негізін салушы - әмір Едіге (1395-1419) . Ол 15 жылдай Алтын Орданы билеп (1396-1411), «ұлы әмір» атанған. Шыңғыс әулетінен хан сайлау Едігенің қолында болған. Ноғай Ордасы Алтын Ордадан Едігенің кезінде бөлектене бастады. Бұл процесс Едігенің ұлы Нұраддин (1426-1440) тұсында аяқталып, Ноғай Ордасы Алтын Ордадан ХҮ ғ. ортасында бөлініп, дербес мемлекет болды. Территориясы: Еділ-Жайық арасы. Астанасы - Жайық өзені сағасындағы Сарайшық қаласы болды. Халқы - маңғыт, қыпшақ, қоңырат, арғын, қарлұқ, алшын, тама және т. б. сияқты түрік тайпалары. Ноғай Ордасы этносаяси бірлестік ретінде пайда болды, оған енген тайпалар ХҮ ғ. аяғында қалыптасқан ноғай халқының негізін құрады . Ноғай Ордасында ұлыстық басқару жүйесі қалыптасып, бір орталыққа бағынған өкімет болды. Орда билеушісі - хан. Ұлыс басында мырзалар тұрған, олар өз иеліктерінде шексіз билік жүргізіп, ұлыстың ең шұрайлы жайылымдары мен өрістерін иемденген. Ұлыстың қатардағы көшпелі малшылары мырзалармен бірге көшіп-қонып, алым-салық төлеп отыруға, соғыс жорықтарына қатысуға міндетті болған.
2. 2
Орданы Едіге ұрпақтары басқарды. Мұрагерлік жолмен берілетін әкімшілік, әскери, елшілік билік князьдің қолында болды. Ордада жорыққа 300 мың жауынгер шығарылды.
Ноғай Ордасының тарихы Еділ бойы мен Сібірдегі, Орта Азия мен Қазақстандағы көрші мемлекеттер тарихымен тығыз байланысты. Ноғайлар тарихы әсіресе көшпелі өзбектер мен қазақтар тарихына айрықша жақын. Ембі мен Сырдария арасында көшіп жүретін ноғайлар қазақтармен ұдайы араласып-құраласып байланысып жатқан. Басқа да көшпелі мемлекеттер сияқты Ноғай Ордасының шекарасы да сыртқы саяси жағдайға байланысты өзгеріп отырады. Ноғайлардың солтүстік-шығыстағы өріс-қоныстары Сібірге дейін созылып жатады, ал оңтүстік-шығыста олар кейде Сырдария бойында, Арал теңізі жағасында көшіп жүрген. Олардың билеушілері Уақас би маңғыт, Мұса мырза, Жаңбыршы және басқалары Әбілқайырға Сырдария бойындағы қалаларды жаулап алуға жәрдемдеседі. Кейін ноғайлар қазақ хандарымен соғысса, енді бірде татуласып, одақ құрып отырған. Ш. Уәлиханов ноғайлар мен қазақтарды «екі туысқан Орда» деп атаған. Ал Хақназар хан «қазақтар мен ноғайлар ханы» атанған.
ХҮІ ғасырда Ноғай Ордасының Орыс мемлекетімен сауда-экономикалық, саяси байланысы дамыды. ХҮІ ғ. 2-ші жартысында Ноғай Ордасы ыдырап, екіге: Үлкен Ноғайлы (Еділдің шығысы) және Кіші Ноғайлыға (Еділдің батысы) бөлінді. Осы тұста ноғайлардың көпшілігі Қазақ хандығына, соның ішінде Кіші жүз құрамына енді. Осылайша Ноғай Ордасын мекендеген тайпалар қазақ халқының қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
ХІV ғасырдың соңына қарай «ноғайлы жұртына» жататын ру-тайпалардың үлкен бөлігі маңғыт тайпасының және осы тайпаның билеушісі Едігенің бастауымен Ноғай ордасының негізін қалады. Осы орайда ескере кететін бір мәселе - сол кезеңде Едіге есімді бірнеше тұлғаның болуы. Атап айтсақ, оның алғашқысы Едіге Танашұлы, Әмір-Темір жорықтарына қатысып, Ұлытауда жерленген. Екінші Едіге - Ноғай ордасын негіздеген Едіге Балташықұлы, үшінші Едіге - Әмір-Темірге туыс Барлас Едіге, төртінші Едіге - Тәуке ханға жақын болған Едіге би.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz