Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйымдастыру


Т. Рысқұлов атындаға Қазақ экономикалық университеті
«Экономика» факультеті
«Экономика» кафедрасы
«Кәсіпкерлік» пәні бойынша
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Кәсіпкерлік қызметтегі несиелеуді ұйыьдастыру
Орындады: 4курс студенті (403 тобы)
Мамандығы: 050506 «Экономика» Омарбекова А.
Ғылыми жетекшісі: оқытушы Тапеев Ғ.
Қабылдады:
э. ғ. к., доцент Елшібаев Р.
аға оқытушы Жунисбекова Г.
аға оқытушы Измаханова А.
Алматы 2010 жыл.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
- КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ТЕХНОПАРКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІКәсіпкерлік инфрақұрылымды дамырудағы технопарктер қызметінің мәні. . . 5Технопакртердің типтері мен нысандары. . . 9
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТЕХНОПАРКТЕРДІҢ ҚЫЗМЕТІН ТАЛДАУЕліміздегі технопарктердің қалыптасуы және қазіргі жағдайы. . . 13Қазақстан Республикасындағы технопарктерді дамытудағы мемлекеттің ролін талдау. . . 16
- ТЕХНОПАРКТЕРДІ ДАМЫТУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ШАРАЛАР ЖҮЙЕСІТехнопарктердің дамытудағы шетелдік тәжірибелер. . . 21Технопарктердің дамуының елімізге алып келетін жақсылығы. . . 23
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 32
КІРІСПЕ
Қазіргі уақытта Қазақстандық кәсіпкерлік біршама қиыншылықтарды бастан кешіріп отырса да, өзінің негізін әлдеқашан құрып болған. Ол заңмен қорғалады және әрқашан дамып отырады. Қазіргі уақытта бұл тақырыптың өзектілігіне ешкім күмәнданбайды, себебі кәсіпкерлік іс-әрекетсіз нарықтықтік экономика болмайды. Ол әлі де даму барысында болса да, бизнестің қоғамдық өндірістің негзігі саласы болатындығына ешкімнің күманы жоқ. Бизнеске деген қызығушылық өсіп келеді. Біздің көзімізше қоғамның жаңа экономикалық негізі құрылып жатыр, өзінің ісін ашуға ниеттенген адамдар шығып жатыр. Бұл адамдар жаңа қоғамның шарттарына бейімделіп емес, өзінің идеяларын іске асырып, өздерін еркін еңбек іс-әрекетінде көрсетіп өмір сүреді. Мұның негізгі себебі қоғамның және халық шаруашылығының демокртиялануы болып табылады. Нарықтықтық экономикаға өту үшін өндіріс құрылымын түбегейлі түрде өзгерту қажет. Өзгерістер монополияны жеңіп, конкуренцияның пайда болуына жол ашады. Біз әлемдік тәжірибені негізге ала отырып бұл мәселені түрлі меншіктің түрлі формалары негзінде құрылған кәсіпкерліксіз шешу мүмкін еместігін айта аламыз. Қазіргі уақытта кәсіпкерліктің өндірістің, нарықтыңтің дамуына, яғни бүкіл қоғамға әсерін тигізетінін көптеген адамдар түсінді. Мемлекет кәсіпкерлердің арқасында, ал кәсіпкерлер өз мемлекетінің қолдауының арқасында дамып, гүлденеді. Рим құқығында «кәсіпкерлік» ұғымы коммерциялық іс-әрекет, іс ретінде қарастырылды. Кәсіпкер ретінде қоғамдық құрылысты дамытатын арендатор деп есептелінді. Орта ғасырларда «кәсіпкер» ұғымы бірнеше мағынаны берді. Біреулер, сыртқы саудамен айналысатын адамдарды сөйтіп атайды. Мұндай кәсіпкерлікке мысалды Марко Поло, Еуропа және Қытай арасындағы сауданың даму негізінде тұрған саяхатшы береді.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. ҚҰБ мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Жалпы, курстық жұмыстың жазылу құрамы кіріспе, үш бөлім, сегіз сұрақты, сондай-ақ қорытынды, пайдаланған әдебиеттер қамтып отыр.
Бірінші бөлімде Ұлттық банктің экономикадағы ролі, мәні және мақсаты мен қажеттілігі қарастырылды, сонымен қатар Ұлттық банктің пайыздық саясаты, ақша - несие саясатының түрлері қарастырылды, сонымен қатар пайыздық саясатты жүргізудің шетелдік тәжірбиелеріне сипат берілді.
Осы бөлімде мемлекеттің ақша - несие саясатында пайыздық саясатының қажеттілігінің мәні, мазмұны ашылды. Ақша-несие саясаты - бұл айналыстағы ақша массасын, несие көлемін, сыйақы (мүдделендіру) мөлшерлемесін өзгертуге жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Сонымен қатар, ақша - несие саясатының субъектілері анықталды.
Екінші бөлімде, ҚҰБ-нің ақша - несие саясатының басты бағыттары, оны жүргізудің жолдары және реттеуі қарастырылды, сонымен қатар, ақша - несие саясатының табыстау механизімі және оның салық - бюджет, валюта саясаттарымен байланысына сипат берілді. Осы бөлімде Қазақстан Республикасының пайыздық саясатына талдау жасалып, негізгі көрсеткіштеріне баға берілді. Монетарлық саясаттың негізгі бағыттары анықталып, оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.
Осы бөлімде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі «банктердің банкі», қызметінің маңыздылығы және екінші деңгейлі банктердің қызметін қабылдау, қадағалау және бақылау жүргізу бағыттарына сипат берілді. Сонымен қатар, Ұлттық банкінің екінші деңгейлі банктермен есеп айырысу операцияларын жүргізу қызметі қарастырылды. Және де Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің 2006 - 2009 жылдарға арналған ақша несие саясатына сипаттама берілді.
Үшінші бөлімде, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкімен жүргізелетін пайыздық саясатының негізіг проблемалары мен оларды жетілдіру жолдарына сипат берілді.
Яғни, Қазақстан Республикасының пайыздық саясатының қазіргі кездегі қиыншылықтары анықталды және одан шығудың жолдарына сипат берлді.
Курстық жұмыстың жазылу барысында және тақырыптың мазмұнын ашуда белгілі авторлардың оқулықтары, монографиялар, сондай-ақ газет -журналдар беттеріндегі жарияланған мақалалар, маңызы деректер, статистикалық көрсеткіштер жан-жақты пайдаланылып отыр.
- КӘСІПКЕРЛІКТЕГІ ТЕХНОПАРКТЕР ҚЫЗМЕТІНІҢ НЕГІЗІКәсіпкерлік инфрақұрылымды дамырудағы технопарктер қызметінің мәні
Қай қоғамның болсын жедел жаңаруы сол қоғамның талап-тілегіне, арман-мүддесіне байланысты екені мәлім. Жедел жаңару, немесе халықаралық тілмен айтқанда модернизация - опық жегеннің құр дүрмекке еруі емес, бұл - мемлекеттің жаңа жағдайға сай дамуы мен өркендеуіне себепші кешенді іс-шаралардың жүйесі.
Әлем жұртшылығы “амбициялық шешім” деп айтып жататын ұғым бар. Бұл - талап пен жүректілікті аңғартатын тіркес. Бейнелі сөйлейтін халқымыз мұны “тәуекел түбі - жел қайық”, “бар болсаң - нар бол” ұғымдарына сыйдырған. Ал енді осы сөздердің мәні тәуелсіздігіміздің 14 жылы ішінде толық ашылды дей аламыз. Қай өлшеммен қарасаңыз да бір ақиқат нәрсе: Қазақстан Республикасының барша табыстары Н. Ә. Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. Жеңістердің ұйытқысы да, дәнекері де - халық аманатын арқалаған Елбасы. Қазақстан үшін мәні айрықша осы бір құбылысты әлем бүгінде “Нұрсұлтан Назарбаев феномені” дейтін болды.
Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтары үшін өмір сүрудің жоғары стандарттарын жасай отырып, әлемнің тиімді дамып келе жатқан елдерінің қатарына қосылуға тиістілігін, мұны ұлтымыз бен экономикамыз бәсекеге қабілетті болған жағдайда ғана істей алатынымызды атап көрсетіп, бәсекеге қабілеттілікке қалайша жетуге болатынын жүйелеп берген болатын. Атап айтқанда, олар: инновациялық экономика құру және шикізаттық емес секторды дамыту; шағын және орта бизнесті өркендету; аграрлық іс-шараларды жүйелеу; қаржылық секторды өрістету; жаңаша білім беру мен кәсіптік даярлауды жетілдіру; әлеуметтік қамсыздандыру мен мәдениетті барынша сапаландыру. Бұл ретте Елбасы саяси реформалар да экономикалық және әлеуметтік жаңарумен қатар жүру керектігін алға тартып отыр.
Сөз бен істің бірлігі - жедел жаңаруға бет түзеген Қазақстанның бүгінгі шындығы. Өмір бір орында тұрмайды: заман да құбылмалы, әлемдік құбылыстар да өзгермелі. Бірақ әрбір мемлекет үшін жақсылық пен өркендеудің бастауы - халық. Олай болса, халықтың арман-тілегі, талғам-таразысы басты назарда болуы тиіс.
Біз осындай парасатты пайымды Президент Н. Ә. Назарбаевтың 2006 жылғы 18 қаңтарда ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында сөйлеген сөзінен тағы да ұқтық. Еліміздің әрбір тұрғыны үшін аса маңызды бұл тұжырымдама “Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы” деген атқа ие болды.
Аталған Стратегияның мән-маңызын түсіндірген кіріспе сөзінде Елбасы: “Бұл стратегияның негізінде ұлттық тауарлар мен қызметтердің бәсекеге қабілеттілігін арттыру есебінен Қазақстанның халықаралық рыноктарға шығуы үшін өңірлік және жаhандық экономиканың артықшылықтарын пайдалану алынған”, - деп атап көрсетті. Расында, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келе жатқан толық бәсекелестікке жету бағытындағы іс-шаралар заман талабымен санасқан осындай кешенді жұмыстарды талап етеді.
Стратегияда алты басымдық айқындалып, оны орындаудың нақты жөн-жобасы көрсетілген. Бұл ретте экономикамызға соны серпін, жаңа күш беретін, нарықтық қағидаттарды мейлінше жүйелі орнықтыратын, әлеуметтік даму мен кәсіпкерліктің өрістеуіне қолайлы жағдай туғызатын, индустрия мен түрлі инфрақұрылымдарды одан әрі жетілдіретін мемлекеттік іс-шаралар жете талданып-таразыланған. Сөйтіп, бүгінгінің міндеті мен жақын болашақтың алар биігі сабақтастықта қарастырылған.
Әрине, Стратегиядағы әрбір басымдық мемлекетіміздің тиісті әрбір саласына жауапкершілік жүгін артады. Осы орайда білім және ғылым саласы өкілдеріне “Әлсіздерді қорғайтын және экономика мен елдің дамуын қолдайтын осы заманғы әлеуметтік саясат” аталынатын ІІІ басымдықтың төртінші және бесінші тармақтары, атап айтқанда, “Осы заманғы білім беру және білікті кадрларды дайындау жүйесін дамыту”, “Кадрларды қайта даярлау” міндеттері тапсырма үдесінен шығуды аманаттайды.
Біз бұл жерде аманат сөзін жайдан-жай қолданып отырғанымыз жоқ. Өйткені, сабақтастық, мәмілегерлік, үйлесімділік қағидаттарын үнемі назарда ұстап келе жатқан Елбасы 2005 жылғы сайлауалды бағдарламасында тарихымыздағы елінің ертеңі үшін аянбай күрескен тұлғалар аманатына адал болуды айрықша айтып еді. Біз ешқашан тақыр жерде пайда болдық деп айтуға тиіс емеспіз: барды байытуға, жоқты өз дәстүрімізге сай орнықтыруға тиіспіз. Елбасымыз отандық білім мен ғылым бойына әлемдік тәжірибе негізінде қан жүгіртуді ойлағанда, сөзсіз мәселені тереңінен қарастырады, байыпты жөн-жоба сілтейді.
Ақша мемлекет пайда болмастан көп бұрын қолданысқа енді және ол тауардың әр түрлі болатындығын білдірді. Бұл айырбас қатынастарының дамуының нәтижесі еді. Сөйтіп, ақша өзінің тауар ретіндегі сапасын біртіндеп жоғалтып, оның құнының баламасына көшті. Мемлекет өзінің каржы қызметі саласында өзіне дейінгі қолданылған акшаны пайдаланды. Қазақстан Республикасы өзінің төл теңгесін шығарғанға дейін кеңесетік (кейін ресейлік) сомдарды қодданды. Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы 1993 жылғы 12 карашадағы Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығымен енгізілді. Жарлықта ұлттық валютаны 1993 жылдың 15 карашасынан бастап енгізу көзделді.
Қазақстан Республикасының ақша бірлігі (ұлттық, валютасы) теңге болып табылады. Тенге 100 тиыннан тұрады.
Ережелерге сәйкес екінші деңгейдегі банктер клиенттерден банкттік шоттарға ешкандай кедергісіз қолма-қол тиындарды кедергісіз қабыддау мен операциялық кассаны қамтамасыз етуге міндетті; занды және жеке тұлғалардан тиындарды теңгеге, басқа да айналымдағы ақша белгілеріне ауыстыру жүргізіледі. Қазақстан Республикасының акша айналымынан қолма-қол тиынды алудын шектеулі мерзімі белгіленбейді және ол ақша айналымынан толык шығып қалғанша жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының айналымдағы ақша белгілері банкнот пен монеталардан тұрады. Банкнот пен монетаньщ көрсетілетін құнының құрылымын Қазақстан Ұлттық Банкі белгілейді.
«Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» заңына сәйкес Қазақстан Республикасы аумағыңда қолма-қол ақшаны шығару, олардын айналысын ұйымдастыру және айналыстан алуды тек қана Қазақстан Ұлттық Банкі қолма-қолсыз эквивалентпен алу арқылы банкнот пен монеталарды банктерге сату нысанында жүзеге асырады.
Қазіргі кезде Қазақстанда өзінің ақша жүйесі қалыптасты. [4, 78] Ақша жүйесінің элементі мемлекет белгілеген ақша айналымы болып табылады. Ақша айналымына қолма-қол және қолма-қолсыз нысандағы ақша қозғалысы жатады.
Жоғарыда айтқанымыздай, Қазақстан Республикасындағы ақшалардың бірден-бір эмитенті Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады. Қазақстан Ұлттық Банкі банкноттар мен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгерлікті анықтайды, олардын жасалып шығарылуын қамтамасыз етеді, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді.
Қазақстан Ұлттық Банкінің айналысқа шығарған банкноттары мен монеталары олардың белгіленген құнымен Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында төлемдердің барлық түрлері бойынша, сондай-ақ банк шоттарына, енгізу және акша аудару үшін қабылдауға міңдетті, олар Қазақстан Республикасының барлық банктерінде шектеусіз ұсатылады және айырбасталады.
Қазақстан Ұлттық Банкі банкнот пен монеталардың қажетті мөлшеріне ділгірлікті анықтайды, олардың жасалып шығары-луы, қолдағы ақшаны сақтау, жою және инкассациялау тәртібін белгілейді. Қазақстан Республикасында шығарылған банкнот-тар мен тиындардын көрсетілген құндық құрамы, нысаны және орнекті кескіндемесі болуға тиіс. Банкноттар мен монеталардың аталған сипаттамалары баспасөзде жарияланады.
Қазақстан Ұлттық Банкінен басқа ешкім Қазақстан Ұлттық Банкі шығарған банкноттар мен монеталарды жарамсыз деп жариялай алмайды.
Тозған және бүлінген, өзінің толык көлемінін кемінде жетпіс проценті сақталған банкноттарды Қазақстан Ұлтгык Банкі және Қазақстан Республикасының банктері шектеусіз айырбастайды және жоғалған немесе жойылған банкноттар мен монеталарды өтеуге міндетті емес.
Банкноттар мен тиындарды құқыққа қайшы жасап шығаруға, сондай-ақ қолдағы ақшаны санкциясыз эмиссиясын іске асыруға кінәлі адамдар Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес қылмыстық және мүліктік жауаптылыққа тартылады.
Ақша бірлігін ауыстыруға Қазақстан Республикасы Президентінің құқығы бар. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы ақша бірлігінің колданылу тәртібін, мерзімін және шарттарын белгілейді.
Өзі жүргізетін операциялар бойынша ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін, сол сияқты басқа да мүдделендіру мөлшерін белгілейді. Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін ақша нарығының жалпы жағдайына несие бойынша сұраныс пен ұсынысқа, инфляция деңгейіне байланысты белгілейді. мүдделеңдіру мөлшерлемесі саясатын мемлекеттік ақша-несие саясаты жүзеге асырылатын аумақтағы нарықтың мүдделендіру мөлшерлемесіне әрекет ету үшін пайдаланады.
Пайыз саясатының басты мақсаты - айналыстағы теңге деңгейін көтере отырып, несиеге деген сұранысты азайту, соның нәтижесінде ақша жиыны және инфляцияның өсуін төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады. Жоғары пайыз мөлшерлемесі, шын мәнісінде пайыз үшін төлемдер өз кезегінде шығынның көлемін құрайды. Демек, жаңа пайыз саясаты алдағы уақытта немесе белгілі бір уақыт аралығында өзінің нәтижелеріне қол жеткізуге тиіс.
Қазақстандағы инфляциямен күресудің тағы да бір маңызды факторы - шетел валютасына деген артық сұранысты төмендету болып табылады. Өткенге оралатын болсақ, теңгені енгізгеннен кейінгі жарты жылдай уақыт ішінде, валюталардың бағамдық айырмасы есебінен алыпсатарлық табысқа қол жеткізу мүмкіндігінің салдарынан банктің қысқа мерзімді капиталдары несиелік нарықтан валюталық нарыққа ауысып кетті. Теңгенің айырбас бағамы анықталатын сыртқы көрінісі мен сыртқы құны арасыңдағы шекті қатынастың бұзылуы Ұлттық валютаның тұрақсыздығын одан сайын арттыра түсті.
Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесі ақша нарығындағы қаржылық операциялардың барлық түрлеріне пайыз мөлшерлемесінің белгілеу базасы ретінде қызмет етеді.
Қайта қаржыландыру мөлшерлемесінің шамасы ақшалай қаражаттарға деген сұранысқа және инфляция деңгейіне байланысты келеді. Ұлттық банк мүдделендіру мөлшерін реттеу арқылы республикамыздағы ақша жиынының шамасына әсер етеді және несиеге деген сұранысты арттыруға немесе қысқартуға мүмкіндік жасайды. Ресми пайыз мөлшерлемесінің деңгейі екінші деңгейдегі банктер үшін, Ұлттық банк саясатының ақша жиынына бақылау жасау шегіндегі негізгі бағыттарын сипаттайтын басты бір көрсеткішті білдіреді.
Ұлттық банктің ресми пайыздары, оның тікелей бақылауына жатпайтын несиелік ресурстар нарығының шартына сай банктер дербес белгілейтін нарықтық пайыз мөлшерлемесіне жанама түрде ықпал етеді. Соның негізінде сұраныс пен ұсынысқа байланысты саудада белгіленетін Ұлттық банктің қысқа мерзімді шоттары бойынша, банкаралық несиелер және мемлекеттік қысқа мерзімді несиелер бойынша пайыз мелшерлемелері жыл бойына Ұлттық банктің мүдделендіру мөлшерлемесінің өзгеруіне байланысты темендеп отырған.
Пайыздың нақты бейнелері, өз кезегінде инвестициялау үшін әлуметтік ресурс болып табылатын депозиттердің несиелік мекемелерге ағылуын арттыра түсті.
Ақша-несие - бұл айналыстағы ақша жиынын, несие көлемін, сыйақы мөлшерлемесін өзгертуге, жалпы банк жүйесінің қызметін реттеуге бағытталған шаралар жиынтығы. Ақша-несие саясатының макроэкономикалық деңгейдегі субъектісі - Ұлттық банк болып табылады. Ал ақша-несие саясатының Ұлттық банк тарапынан реттеу объектілеріне экономикадағы қолма-қол және қолма-қол ақшасыз жиынының жиынтығы жатады.
Ақша-несие саясатының түрлері шаруашылық жағдаятына байланысты ақша-несие саясатының екі типі болады:
1) рекстрикциялық ақша-несие саясаты;
2) экспанциялық ақша-несие саясаты.
Рекстрикциялық ақша-несие саясаты - екінші деңгейлі банктердің несиелік операциялар көлемін шектеуге және қатаң шарт белгілеуге, сондай-ақ сыйақы мөлшерлемесінің деңгейін арттыруға бағытталатын шаралар жиынтығы.
Экспанциялық ақша-несие саясаты - несие беру көлемін кеңейтумен, айналымдағы ақша жиынының өсуіне бақылаудың әлсіздігімен және сыйақы мөлшерлемесінің төмендеуіне байланысты сипатталады. Соңғы жылдардағы ақша-несие саясатының басты көздеген бағыты: инфляцияны төмендету және теңгенің тұрақтылығын қамтамасыз ету.
- Технопакртердің типтері мен нысандары
Жаңа заманға сай білім жүйесі мен мамандар әзірлеу ісін дамытуға байланысты тапсырмасында Мемлекет басшысы: “Мәселелердің бұл шоғырының шешімін табу үшін орта және жоғары білім беру реформасының бұрын қабылданған бағдарламасына түзетулер енгізу талап етіледі”, - дейді. Шынында да бұл саладағы бағытымыз жаман емес. Бірақ “уақыт - сыншы” дегендей, өмір реформамызға өз түзетулерін енгізіп жатыр. Мәселен, таяу жылдарда көшу жоспарланып отырған 12 жылдық мектеп жүйесінің жалпы бағдарламасын, оқу жоспары мен негізгі пәндер жиынтығын дұрыс реттей алсақ, біз жоғары оқу орындарының кәсіби даярлығы мен кәсіби өсуіне үлкен жағдай жасаған болар едік. Айталық, дамыған елдер тәжірибесінде адамның дүниетанымын, тілдік-мәдениет байлығын қалыптастыратын пәндердің қажетті минимумы 12 жылдық орта білім ішінде толық игеріледі. Сондай-ақ әлемдік бәсекелестікке барар жолда, дүние жүзі тәжірибесіне сәйкес, университеттердің автономдығын қалыптастыру ісі де мемлекетіміздің мүддесіне сай жүргізілуі керек деп есептейміз. Тағы бір ойласатын жәйт, бізде педагогикалық жоғары оқу орындарының 85 жылдық тарихы бар (бастауы: Қазақ-қырғыз халық білімі институты - КИНО, Орынбор, 1920 жыл) ; олай болса бай дәстүрімізді ескеріп, болашақ педагогтарды “бакалавр”, “магистр” деп жатпай, “маман” деп әзірлегеніміз дұрыс секілді. Себебі, біз республика жағдайына сәйкес 5 пединститут аштық және болашақ педагог-мамандардың өз жұмысына толық түрде, нақты әрі тез барғанын қалаймыз. Сонымен қатар маман даярлауда орталық пен аймақтың, мамандықтар бағытының, грантқа түскен студенттер контингентінің ерекшелігін ескеретін тұстар да аз емес.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz