Жобаны жоспарлағанда қызметкерлер құрамын басқару алгоритмін құру


ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

МЕХАНИКА-МАТЕМАТИКА ФАКУЛЬТЕТІ

АҚПАРАТТЫҚ ЖҮЙЕЛЕР МАМАНДЫҒЫ

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: « Жобаны жоспарлағанда қызметкерлер құрамын басқару алгоритмін құру »

Орындаушы
(қолы)
Смаилова М. Н.
Орындаушы:
(қолы):
Смаилова М. Н.:
Орындаушы: Ғылыми жетекші
(қолы): (қолы)
Смаилова М. Н.: Мурзабеков З. Н.
Орындаушы:
(қолы):
Смаилова М. Н.:
Орындаушы: Нормобақылаушы
(қолы): (қолы)
Смаилова М. Н.: Кумалаков Б. А.
Орындаушы:
(қолы):
Смаилова М. Н.:
Орындаушы:
(қолы):
Смаилова М. Н.:
Орындаушы:

Қорғауға жіберілді:

кафедра меңгерушісі,

м. а. PhD

(қолы): (қолы)
Смаилова М. Н.: Есенгалиева Ж. С.

Алматы 2015

РЕФЕРАТ

Дипломдық жұмыс 49 беттен, 18 суреттен, 5 кестеден, 9 формуладан, кіріспеден, 3 бөлімнен, қорытындыдан және 10 қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кілттік сөздер: ЖОБА, ЖОБАЛАР КЛАССИФИКАЦИЯСЫ, ӨМІРЛІК АЙНАЛЫМ, ЖОБА ФАЗАЛАРЫ, ЖОБАНЫ БАСҚАРУ, ЖОБА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІН БАСҚАРУ, КАДРЛАР, КОМАНДА, СИМПЛЕКС ӘДІСІ, MS EXCEL, SIMPLEXWIN.

Зерттеу нысаны: жоба қызметкерлерін басқару әдістері мен тәсілдері, процесстері.

Жұмыс мақсаты: жоба қызметкерлерін басқару әдістерді зерттеп, тиімді алгоритм құру және ұсыну.

Зерттеу әдісі: зерттеуді жүргізу барысында қойылған мәселелерді шешу үшін логикалық, статистикалық әдістер, талдау тәсілі мен стратегиялық талдау, тиімді шешім табу әдістері қолданылды.

Нәтижелер: жобаны іске асыру барысында жоба қызметкерлерінің тиімді санын және олардың еңбекақысын есептейтін алгоритм құрылды.

Ендіру дәрежесі: интернет желісіне қол жеткізу мүмкіндігі бар кез-келген ұйымда қолданылуы.

Қолданылу аймағы: барлық жобалық-бағдарланған қызметте, зерттеу нысандарында қолдана алады.

РЕФЕРАТ

Дипломная работа состоит из 49 страниц, 18 рисунков, 5 таблиц, 9 формул, введения, 3 раздела, заключения и 10 использованных источников.

Ключевые слова: ПРОЕКТ, КЛАССИФИКАЦИЯ ПРОЕКТОВ, ЖИЗНЕННЫЙ ЦИКЛ, ФАЗЫ ПРОЕКТА, УПРАВЛЕНИЕ ПРОЕКТОМ, УПРАВЛЕНИЕ ПЕРСОНАЛОМ ПРОЕКТА, КАДРЫ, КОМАНДА, МЕТОД СИМПЛЕКСА, MS EXCEL, SIMPLEXWIN.

Объект исследования: методы и средства, процессы управление персоналом проекта.

Цель работы: исследование методов управление персоналом проекта и создание оптимального алгоритма управление.

Методы исследования: для решения поставленных задач в дипломной работе использовались логические, статистические методы и стратегический анализ управления, методы решения оптимального результата.

Результаты: был разработан алгоритм управления персоналом, определения оптимального количества персонала и их заработной платы.

Степень внедрения: использование в любой организации с доcтупом в интернет.

Область применения: можно использовать во всех проектах и проектно-программированных деятельностиях.

ABSTRACT

Thesis consists of 49 pages, 18 figures, 5 tables, 9 formula, administration, 3 section, 10 conclusions and bibliography.

Keywords: PROJECTS, CLASSIFICATION OF PROJECTS, LIFE CYCLE PHASE OF THE PROJECT, PROJECT MANAGEMENT, PERSONNEL MANAGEMENT PROJECT, FRAMES, TEAM, THE SIMPLEX METHOD, MS EXCEL, SIMPLEXWIN.

Object of research: methods and tools, processes personnel management project.

Objective: to study methods of personnel management of the project and an optimal control algorithm.

Methods: to solve the problems in the thesis work used logical, statistical methods and strategic analysis of management methods for solving optimal results.

Results: the algorithm was developed personnel management determine the optimal number of staff and their salaries.

Degree of implementation: the use of any organization with access Internet.

Applications: can be used in all projects and project programmed activities.

Мазмұны

Кіріспе6

1 Жоба ұғымы және анықтамасы7

1. 1 Жоба ұғымының түсініктемелері7

1. 2 Жобалар классификациясы және ерекшеліктері9

1. 2 Жобаның өмірлік айналымы11

1. 3 Жобаны басқару17

2 Жобада қызметкерлерді басқару21

2. 1 Жобадағы қызметкерлерді басқару концепциясы21

2. 2 Ұйымдық жоспарлар21

2. 3 Кадрлерді таңдау және команда құру23

2. 4 Қызметтерді талдау және жоба командасын дамыту26

2. 5 Жобада қызметкерлерді басқаруды аяқтау29

3 Жоба қызметкерлерін басқару есебі31

3. 1 Жоба қызметкерлерін басқару есебін MS Excel-де шығару34

3. 2 Жоба қызметкерлерін басқару есебін SimplexWin v3. 1 программасында шығару42

Қорытынды48

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі49

Кіріспе

Экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты жаңа типті басқару кадрлары дайындау және олардың жаңаша ойлау қабілеттерін қалыптастыру қажеттілігі туындайды. Өткір бәсекелестік жағдайындағы кәсіпорынның өміршеңдігін қамтамасыз ету үшін фирманы “дәстүрлі түрде” емес, жаңаша басқарып үйрену қажет. Ең алдымен, адамдарды жаңаша басқара білу керек. Бұның өзі нарықтың конъюнктураны алдын-ала болжап бағалай білетін, дер кезінде стандартты емес басқару шешімдерін қабылдап, оларды іс жүзіне асыратын ұжымда алатын жаңа типті басшы - менеджерлерді дайындауды талап етеді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - жоба қызметкерлерін басқару әдістерін зерттеп, тиімді алгоритм құру және ұсыну.

Жoбaлapды бacқapудың әдіcтepі мeн құpaлдapын қoлдaну тaлaп eтілгeн caпaдaғы нәтижeлepгe қoл жeткізугe ғaнa мүмкіндік бepіп қaнa қoймaй, қapжыны, pecуpcтapды, уaқытты үнeмдeугe мүмкіндік бepeді жәнe тәуeкeлді aзaйтaды, ceнімділікті apттыpaды.

Дипломдық жұмыстың мазмұны. Жоба түрлері, объектілері мен субъектілері, өмірлік циклы, фазалары, қызметкерлерді басқару әдістері мен тәсілдері, тиімді шешім қабылдау мысалы және т. б.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Жоба құру барысында жобы қызметкерлерін сапалы басқару қойылған мақсаттарын жылдам әрі тиянақты орындауға, қаржы мен ресустарды үнемді және тиімді қолдануға мүмкіндік береді.

Бүгінгі күні жобаларды басқару бүкіл әлемде жобалық-бағдарланған қызметтің әдістемесі ретінде танымал болды. Соңғы 40 жыл ағымында дамыған елдерде жобаларды басқару жеке пән ретінде және нарықтық экономика жағдайында қызметтің ерекше кәсіби саласы ретінде құрылды.

Жобаларды басқару нарықтық экономика жағдайларында неғұрлым тиімді қызмет етеді, ресурс факторлары шешуші рөл атқаратын басқарудың экономикалық әдістеріне жатады.

Біздің мемлекетіміздің көп жылдар бойы «жобаларды басқару әлемінен» оқшау болғанына қарамастан, елімізде көптеген ірі бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылды. Сондықтан біздің республикамызда жобаларды басқарудың өзіндік жетістіктері мен тәжірибесі жинақталды.

Олай болса, жобаларды басқару - дамудағы нақты сапалы серпіліс. Бұған қалай қол жеткізуге болады? Құрылтайшылар мен ұйымның жоғарғы буын басшыларының арасында өкілеттіліктің дәл бөлінуі. Бизнес - үдерістердің жеке жобаларға бөлінуі, жаңа жобалардың құрылуы, стратегиялық жоспарлау. Жұмыстарды жоба негізінде ұйымдастыру қызметкерлердің жаңа мүмкіндіктері мен таланттарын ашады.

Оларға жобаларды басқаруда бастамашылдықтары мен жауапкершіліктерін, басқарушылық қабілеттіліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жобаларды ұйымдастырудың әдістемесімен танысу жеке жобаларды басқару дағдыларын меңгеруге жол ашады.

1 Жоба ұғымы және анықтамасы 1. 1 Жоба ұғымының түсініктемелері

Жоба - сирек кездесетін өнімді жасауға бағытталған, уақытпен шектеулі, жоспарланған шараны айтамыз. Ол бір бірімен тығыз байланысты жұмыстардың жиынтығын, ондағы шарттарды және шектеулерді қарастырып, жобаның табысын қамтамасыз етеді.

«Жоба» ұғымының қазіргі түсініктемелері.

Осы сәтке дейін отандық тәжірибеде «жоба» түсінігін ғимаратты, құрылысты немесе техникалық жабдықты салуға арналған жобалық-сметалық құжаттама топтамасы туралы түсінігімен байланыстырып келді. Жобаларды кәсіби басқаруда жобалар түсінігі белгіленген бюджет, уақыт пен сапа шеңберінде жаңа өнімді жасау немесе қызметті ұсыну жөніндегі мақсатты іс-шаралар кешенін жүзеге асыру үдерістерімен байланысып жатады. Осындай құжаттама топтамасын жобалау деп атайды. Батыста мұндай процесске дизайн термині қолданылады, ал жоба ұғымы одан да кең мағынаны білдіреді.

Жоба сөзінің тар мағынадағы ұғымы ресурстарды пайдаланудан белгілі бір пайда табуға бағытталған адам қызметінің кез келген түрі немесе жұмыстардың кешені деп түсіндіріледі. Жобаларға адамдардың банктерде еркін қаржысын орналастыру әрекетін, жаңа объектілердің құрылысы мен істегі объектілердің реконструкциясы, құнды қағаздарды сатып алу, сауда-делдалдық қызметті жатқызуға болады.

Жоба ұғымының кең шеңбердегі мағынасы да бар. Жоғары да келтірілген анықтамада оны іске асырудағы мақсаттар анық белгіленбеген. Қоғам мүшелері қолда бар шектеулі ресурстарды максималды тиімді қолдануға мүдделі екендігін ескеруі тиіс.

Ол уақытта әдебиетте жоба ұғымдары біртұтас белгілі анықтаулары болмады, сондықтан жобаларды басқаруда қолданылатыносы ұғымның кейбір анықтамаларын қарастырайық.

  1. Вебстер сөздігі:

«Жоба (ағыл. -Project) - бұл әлде бірденені ойластыратын, жоспарлайтын үлкен кәсіпорын».

  1. Жобаларды басқару туралы білім басқармасы, PMI, США (A Guide to theProject Management Body of Knowledge, Project Management Institute, 2000) :

«Жоба -сирек кездесетін өнімді жасауы үшін арналған уақытша кәсіпорын».

  1. Ағылшын Қауымдастығы:

«Жоба - бұл уақыты бойынша шектеулі, нәтижесінің сапасы мен құнына қойылған талаптар жүйесінің кезеңдік өзгерісі».

  1. DIN 69901 (Германия) келесі нормативті анықтаманы береді:

«Жоба - мынандай бірнеше шарттарды қанағаттандырады, мысалы:

  • тапсырмалардың мақсаты;
  • уақыт, қаржы және де тағы да басқа шектеулер;
  • басқа амалдардан бөлінуі;
  • жоба құрудың спецификациясы».
  1. Әлемдік банк:

««Жоба» түсінігі белгілі бір уақыт аралығында және орныққан бюджеттік тапсырмалармен тығыз бір бірімен байланысқан шаралардың нақты қойылған мақсатына жетуін білдіреді…»

Осылайша, жоба ұғымының кең шеңбердегі талқылануына ұлттық экономиканың қарқынды дамуына септігін тигізетін және қоғамның әлеуметтік жағдайының жақсаруының жоғарғы деңгейде қарқындататын кез келген шара жатады.

Жобаның материалдық тиімділігі құндық бағалау жүргізуге болатын, жобаны іске асырудың нәтижесінде пайданы көбейтуді, компанияның пайдасын асыруды, шығындарды азайтып, өндіріс масштабын кеңейтуді, бәсекелесуге қабілетті өнімнің көлемін көбейтуді мақсат тұтады.

Жобаның материалдық емес тиімділігі тұрғылықты халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды, қоғамдағы саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуді, ақпараттық қызмет көрсетуді жақсартуды, жаңа технологияларды құруды, ғылымдағы жаңашылдықты қамтамасыз етуді, т. б. қарастырады.

Бағдарламаларды шартты түрде бөлуге болады:

Мультижобалар - жобалар немесе программалардың жиынтығы ауқымды өнеркәсіптер мен фирмаларда орындалады.

Мұндай бағдарламалар сыртқы ортаға динамикалық өзгерістерге ыңғайлы жаңа әлеуметтік - экономикалық шарттарда тиімді жұмыс істейтін пайдалы, бәсекеге түсе алатын, қаржысы орнықты және әлеуметтік сәтті фирмаларына өзгеруімен стратегиялық дамыған тұжырымдамадан және бағыттардан анықтаумен сабақтас.

Мұндай бағдарламалар, мысалы: бірнеше жобаларды орындау үшін фирмалық басқарудың жүйесін және тапсырма берушілердің оның өндірістік, қаржы, уақытша мүмкіндіктермен және талаптармен шектелген фирмаларға өндірістік бағдарламаларға және тапсырыстар жиынын орындау үшін жасайды.

Ірі ұйымдардың бағдарламаларына мыналарды кіргізсе болады:

  • Тығыз өзара байланысы және әр түрлі жобалардың түптеуі:

Экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастыру және техникалық, « ішкі » жобаларға жататын инвестициялық және инновациялық;

  • Сыртқы нарық үшін ұйыммен іске асатын қызметтердің әр түрлі өнімдер « ішкі » және « сыртқы » жобалардың өзара байланысы.

Мұндай жобалардың жиынтықпен басқару тапсырма берушілердің ұйымы мен талаптардың есепке алуы, нақты мүмкіндіктері іске асуға тиісті және көпжобалаудың басқаруы арнайы әдістерді талап етеді.

Мегажобалар - орындаулар қорлармен және уақытпен, ортақ мақсатпен біріккен өзара байланысты жобалардың жиыны болатын нысаналы бағдарлама.

Мұндай бағдарламалар халықаралық, мемлекеттік, ұлттық, аймақтық, аралас бола алады.

Ереже бойынша, бағдарламалар басқаруларға жоғарғы деңгейлерде үйлестіріп жатыр : мемлекеттік (мемлекетаралық), республикалық, облыстық, муниципалдық және т. б.

Бағдарламалар макроэкономикалық сипат алады, халықтың түбегейлі бөлігі мұқият әзірлеудің және олардың жүзеге асыруында басқарудың арнайы әдістерін талап етіп жатыр. Для осуществления этих программ также требуется методология многопроектного управления. Бұл бағдарламалардың жүзеге асуы үшін көпжобалы басқарудың әдістемелігі қажет болады. Жобаны басқарудың негізгі мәселесі мегажобалардан бөлек қайталанбаушылық, тұрақсыздықпен және өңірлерде, елде экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайлардың дамытуымен қиын орындалады. Негізгі мәселесі алғашқы және негізгі шешімдер қабылдау барысында жобаны әзірлеу кезеңдерінде пайда болады [1] .

1. 2 Жобалар классификациясы және ерекшеліктері

Жобаның алуантүрлігі қосымша салалар бойынша айырмашылығы бола алады: пәндік обласпен, қаржы сұлбасымен, көлеммен, ұзақтығымен, қатысушылардың құрамымен, дәреженің күрделілігімен және т. б айырмашылықтары бола алады.

Жобаларды ыңғайлы түрде талдап әрі синтезделуі үшін әр түрлі негіздер бойынша классификацияланады.

Жоба классификация негіздері:

  1. Жоба класы - құрамы мен құрылымы бойынша.

Моножоба - әр түрлі түрдің және масштабтың жеке жобасы.

Жеке техникалық, ұйымдастыру, экономикалық, әлеуметтік жобаларға қатысты бола алады.

Дәстүрді аймақтарда моножобалардың мәселелері мен тапсырмалары жеткілікті екені белгілі. Бұл жердегі есептер нақты анықталған және жоба басқаруын техникалық, ұйымдастыру жобаларын дәстүрлі әдіспен табысты игерілген.

Мультижоба - моножобалардан тұратын және де мультижобалардың басқаруын пайдалануды талап ететін жоба жиынтығы немесе бағдарлама.

Мегажоба - құрамына моно және мультижобалар кіретін, біртұтас аймақтың, салалардың және басқа білімдердің бағдарлама дамуы. Мәніне қарай экономикалық, әлеуметтік, техникалық немесе аралас болуы мүмкін.

  1. Жобаның типі - жоба негізгі аймақ бойынша орындалады.

Әлеуметтік жоба. Осындай жобалардың жүзеге асуы келесі ерекшеліктермен көрсетіледі:

  • Жоба мақсаттарына жетіп қалған уақытта аралық нәтижелері табысы бойынша түзетуге тиісті, олардың сандық және сапалы бағасы қиындағаны айдан анық;
  • Алдын ала белгілі болатын жобаның мерзімдері мен ұзақтығы фактордың ықтималдылығына тәуелді;
  • Жобадағы ақшалай шығысы бюджеттің қаржы бөлуінен тәуелді болады;
  • Мүмкіндігінше қорлар бөлініп жатыр;

Әлеуметтік жобалар көп жерде белгісіздікке ие. Жобаның жетекшісіне уақытылы бітуіне арнайы әдіс қажет.

Экономикалық жоба. Экономикалық жобалар келесі ерекшеліктерге ие:

  • Жобаның мақсаты экономикалық көрсеткішті жақсарту, сондықтан оларды бағалау қиынға соғады; ең басты мақсаты алдын ала белгіленеді, бірақ шектеулі жобаның үдерісін жөндеу талап етіледі;
  • Жобаның мерзімі;
  • Жобаға қажет шектеулі қорлар беріледі;
  • Жобаның шығыны жоғардағы аталған шарттарға тәуелді.

Осы аталған шарттар, әлеуметтік жобалардың бастапқы игерілген жоспарға қиын орындалатындығын білдіреді.

Техникалық жоба. Техникалық жобалар келесі ерекшеліктерге ие:

  • Жобаның негізгі мақсаты айқын нақтылы, бірақ жеке мақсаттары ішінара нәтижелердің табысы бойынша анықталады;
  • Аяқталу мерзімі мен жобаның ұзақтығы нақтылы, бірақ жобадан алған аралық нәтижелерге және ортақ өрлеуге байланысты түзете алады;
  • Негізгі шектеулер (техникадан және жабдықтан) адамгершілік қорлардың және қуаттардың қолдану мүмкіндігімен байланысты.

Бұл жерде бар қуаттары жобаға кеткен шығысты және оның дайын болу мерзімін анықтайды.

Аралас жоба. Жоба астындағылар мен әр түрлі типті элементтерді қосатын күрделі жобалар.

  1. Жоба түрі - жобаның аймақтық обласы бойынша:
  • Білім беру жобалары. Мұндай жобалардың ерекшеліктері ұйымдастыру жобаларымен сәйкес келеді.
  • Инвестициялық жоба ресурстардың негізгі қорларының көлемін арттыруға, олардың техникалық жаңаруына бағытталған. Рәсімдеу негізінде жобаны іске асыру барысында қоғамдық табысты пайдаланудың мақсатқа сәйкестігін дәлелдеуге қажетті қаржы-экономикалық, инженерлік-техникалық құжаттарды зерттеу мен талдау жатады. Көбінесе, инвестициялық жобалар ұзақ мерзімді болады.
  • Инновациялық жобалар. Инновациялық жобаларға басты мақсаты жаңа технологиялар мен басқада инновацияны ашу болып табылатын кез-келген типті жобалар жатады.
  • Коммерциялық жоба - бұл қоғам ресурстары тауар сауда-саттығы арқылы пайда табуға бағытталған жобалар. Коммерциялық жобалар, көбінесе, қысқа мерзімді болады.

Бұл жұмыс жобаны басқару саласындағы мамандарға, жаңадан бастап жүрген кеңесшілерге, басқарудың жоғарғы және орта буындарының жетекшілеріне, бәсекелесуге қабілетті өнімге бағытталған, қоғамның жаңа сапалы дамуын басқарудағы жобалық технологиялармен байланысты банктер, компаниялар мен кәсіпорындар жетекшілеріне арналған.

  • Біріккен жобалар.
  1. Жобаның ұзақтығы - басталған сәттен жоба біткенге дейін:
  • Қысқа мерзімді (3 жылға дейін) ;
  • Орта мерзімді (3-тен 5 жылға дейін) ;
  • Ұзақ мерзімді (5 жылдан жоғары) .
  1. Жобаның күрделілігі:
  • Қарапайым;
  • Күрделі;
  • Өте күрделі.
  1. Жобаның масштабы:
  • Ұсақ;
  • Орта;
  • Ауқымды;
  • Өте ауқымды.

Сурет 1. 1 - Жобалар классификациясы

1. 2 Жобаның өмірлік айналымы

Жобаның өмірлік айналымы (Project Life Cycle) - жобаның ретті фазаларының толық жиынтығы. Олардың аты мен саны жұмыс жасау технолоиясы мен ұйым жақтан бақылау қажеттілігінен анықталады.

Жоба фазасы (Project Phase) - жобаның логикалық өзара байланысқан, аяқталу процессінде негізгі нөтижелердің біреуіне жететін жұмыстарының жиыны.

Әрбір проект идеяның туындауынан бастап толық аяқталғанына дейін бірнеше тізбектелген өзінің даму фазаларынан өтеді. Жобаың даму фазаларының толық жиынтығы жобаның өмірлік айналымын құрады. Өмірлік айналымды - фазаларға, ал фазаларды - иерархиялық майда құрамдарға: стадиялар, этаптар және т. б. бөлу қабылданған.

Жобаның өмірлік айналымы уақыт бойынша өтеді. Оның басталуы және аяқталуы бар, осы уақыт аралығында қандай да бір «күш» жұмсалуын талап етеді. 2-суретте жобаның өмірлік айналым фазаларынан даму процесінің динамикасын сипаттайтын қарапайым «уақыт-күш» тәуелділігі көрсетілген.

Сурет 1. 2 - Ұжым, жоба, өнімнің өмірлік айналымы

Суреттен көріп тұрғандай, жобаның өмірлік айналымы нөлдік мәннен басталады (жоба басы) және нөлдік мәннен аяқталады (жоба аяқталуы) . «Уақыт-күш» қисық сызығы жоба дамуының қарапайым динамикасын көрсететін формада болады.

Бұл динамика жобаның өмірлік айналымының фазаларымен байланысты. Жалпы жағдайда, жоба 4 даму фазаларынан өтеді: концепция (бастапқы), өңдеу, іске асыру және аяқтау. Инвестициялық жобаның өмірлік айналымының жалпы схемасын 3-суреттен көруге болады.

Өмірлік айналым түсінігі жобаны басқару әдіснамасында қолданылатын орталық түсініктердің бірі болып табылады. Оның негізінде:

  • Жоба құрылымы құрылады және жоба жұмыстарының құрамы анықталады;
  • Бірінші ретте жоба орындалуына тартылатын қызметкерлер қамтылуы және шығын динамикасы анықталады;
  • Өмірлік айналым құрылымының негізінде жобаны өте жақсы басқару мен бақылауды қамтамасыз ету үшін жобаның негізгі этаптары немесе вехалары анықталады [2] .

Сурет 1. 3 - Инвестициялық жобаның өмірлік айналымы

Ұжым, жоба, өнімнің өмірлік айналымы.

Жоғарыда айтып өткендей, әрбір жобаның айналасы бар. Жақын айналасы ретінде, жоба «ұжымның жұмыстық белсенділігінің өмірлік айналымының» құрамдас бөлігі болып табылатын «аналық ұжым» болып табылады. Нарықта орын алатын ұжымның өмірлік айналымы ұсынатын өнімі мен қызметіне тікелей байланысты. Ұжымдарда жобалар туындаған мәселелерді шешу, компанияны және қоршаған ортаның өзгеруіне қызметінің адаптациясын дамыту мақсатында жүзеге асырылады. Жоба қандай да бір жаңа өнімнің немесе қызметтің пайда болуымен және осы мақсатта керекті өзгертулердің орындалуымен тығыз байланысты болуы мүмкін. Осылайша, жоба «өнімнің өмірлік айналымымен» де байланысты.

Бұл үш өмірлік айналымдар арасында нақты шекара мен байланыс бар. Бұл шекараларды құру қызмет ету сферасын, жобаны басқару құзіретін, жоба басшысы мен оның командасын анықтау үшін, сондай-ақ, нақты шекаралау және жалпы басқару, жобалық басқару, техникалық басқару арасындағы байланысты құру үшін өте маңызды. 1-кестеде ұжым қызметі, оның өнімі және жобаның өмірлік айналымдары арасындағы байланыс көрсетілген.

Кесте 1. 1 - Ұжым қызметі, оның өнімі және жобаның өмірлік айналымдары арасындағы байланыс

Ұжымның өмірлік айналымы
Ұжымның өмірлік айналымы: Саясат
Даму
Концепция және жобаны өңдеу
Жобаны іске асыру және аяқтау
Өнімді шығару
Өнім бойынша иемденушіні анықтау
Ұжым иемденушісін анықтау
Ұжымның өмірлік айналымы:
Ұжымның өмірлік айналымы: Өнімнің өмірлік айналымы
Ұжымның өмірлік айналымы: Концепция және жобаны өңдеу
Жобаны іске асыру және аяқтау
Өнімді шығару
Өнім бойынша иемденушіні анықтау
Ұжымның өмірлік айналымы:
Ұжымның өмірлік айналымы: Жобаның өмірлік айналымы
Ұжымның өмірлік айналымы: Концепция және жобаны өңдеу
Жобаны іске асыру және аяқтау
Ұжымның өмірлік айналымы:

Ұжым өмірінде жоба рөлін дұрыс анықтау тұрақты қызметкерлерді алу және олардың басшылықпен байланысын орнатуға, тиімді дайындықты ұйымдастыруға мүмкіндік береді [2] .

Жоба фазалары.

Жоба фазасы жобаның өмірлік айналымының құрылымдық элементі болып табылады. Әрбір фазаның аяқталуы жобаның бір немесе бірнеше нәтижелеріне жетумен анықталады.

Фазалар санын, олардың құрамы, сондай-ақ, олардың ретін анықтайтын жалпы алынған әдіс жоқ және болуы мүмкін емес, себебі бұл қасиеттер нақты жобаға, орындалу шарттарына және негізгі қызметкерлердің тәжірибесіне байланысты. Алайда, жобаны дамыту процесстеріның мазмұны мен логикасы барлық жағдайларда бірдей [3] .

Енді өмірлік айналымның 4 фазасының құрамы мен мазмұнын қарастырайық.

Концептуалды фаза. Бұл фазада бастысы - келесілерді қамтитын жоба концепцияларын дайындау:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұяшықты сызба құрылым
Ақпаратты қорғау жүйесін жобалау
Мамандар бөлімінің басқару жұмыстарының қызметі
Бизнес-жоспар
Курстық жобаның тақырыбы
Бизнес-жоспар құру туралы ақпарат
БҚЖБ программалық жүйелері
Бизнес-жоспар және оны жасау жолдары
Ипотекалық несиелеу ақпараттық жүйесіне қойылатын талаптар
Бизнес - жоспарлаудың негізгі қағидаттары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz