Терроризмнің ұғымы және белгілері



КІРІСПЕ
1. ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
1.1. Терроризмнің түсінігі пайда болу негіздері
1.2. Терроризмнің шығу тегі мен түрлері
1.3. Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
ҚОРЫТЫНДЫ
Террроризммен күрес мәселесі бүгінде әлемдегі ең өзіктіде өткір проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан да бүл келеңсіз құбылыстың пайда болу негіздері мен оны болдырмауға немесе алдын алу және терроризммен ұтымды күрес жүргізу қүқықтық механизмдерін қарастыру мақсатында халықаралық деңгейде үнемі ізденіс, іс шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. Сол себептен де халықарылық терроризммен күрестің қүқықтық теориялық негіздерін саралау, әрине, отандық зерттеушілер үшін өзекті, эрі тың тақырыптардың бірі болып табылады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 19 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ
Терроризмнің түсінігі пайда болу негіздері
Терроризмнің шығу тегі мен түрлері
Терроризм және халықаралық террористік экстремистік үйымдар
ҚОРЫТЫНДЫ

КІРІСПЕ
Террроризммен күрес мәселесі бүгінде әлемдегі ең өзіктіде өткір проблемалардың бірі болып табылады. Сондықтан да бүл келеңсіз құбылыстың пайда болу негіздері мен оны болдырмауға немесе алдын алу және терроризммен ұтымды күрес жүргізу қүқықтық механизмдерін қарастыру мақсатында халықаралық деңгейде үнемі ізденіс, іс шаралар ұйымдастырылып отыру қажет. Сол себептен де халықарылық терроризммен күрестің қүқықтық теориялық негіздерін саралау, әрине, отандық зерттеушілер үшін өзекті, эрі тың тақырыптардың бірі болып табылады. Жалпы соңғы он жылда белсенді зерттеле бастады. Алайда бүл тақырыптың қүқықтық - теориялық аспектілері аз зерттелген. Осы түрғыдан алғанда менің дипломдық жүмысымыздың тақырыбына арқау болып отырған халықаралық терроризммен күрес мәселесі озінің өзектілігін айқын аңғартады.
Бүгінде Қазақстан өз дамуының жаңа тарихи кезеңінде тұрып, дербес мемлекет ретінде өзінің, тәуелсіздігі, жер аумағының тұтастығын, үлттық қауіпсіздігін қорғауға бағытталған үлкен іс шаралар ұйымдастырды, соның бірі халықаралық терроризммен күресу, оның алдын алуды реттеуге арналған заңдар қабылдап үлгерді, алайда сол еліміздің тәуелеіздігінің алғашқы жылдарында қабылданған заңдар, әрине, бүгін өзінің мазмүндық сапасы бойынша жаңа заман талабына толық жауап бере алады деп айтуға болмайды. Сондықтанда халықаралық терроризммен күрестің қүқықтық негіздеріне жаңаша, қайта қүқықтық - теориялық сараптау жасаудың объективті қажеттілігі туындап отыр.
Ал мұндай мақсаттарды жүзеге асыру, әрине, халықаралық
терроризммен күрес мәселесінің құқықтық негіздерінің әрі ұтымды, әрі
реттеудің әлемдік деңгейдегі озық үлгі, әдіо тәсілдер мен жаңа
прогрессивтік жолдарын қарастыруды қажет етері созеіз. Бұл
бағытта, егемен ел, әлем таныған дербес мемлекет ретінде Қазақстан Республикасы терроризм мен экстремизімге қарсы заңнама негіздері мен теориясы мейілінше, жедел қайта қарастырудың маңызы зор деп білеміз.
Бүгінде халықаралық терроризммен күрес мәселесі тек ұлттық заңнама шеңберінде ғана қалып қоймай сондай-ақ халықаралық қүқықтық өлшем сипатына ие болып отыр және де бүл сала бойынша жаңа заман талаптарына сай жеткілікті теориялық және құқықтық негіздер қалыптастыруға мүмкіндігінше тиімді ат салысу қажет.

ТЕРРОРИЗМНІҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ БЕЛГІЛЕРІ 1.1 Терроризмнің түсінігі пайда болу негіздері
Терроризм латынның "terror" -- қорқыныш деген сөзінен шыққан. Дипломатиялық сөздікте халықаралық терроризмге мынадай анықтама берген: "Адамдардың орынсыз өліміне әкеп соғатын, мемлекеттер мен олардың өкілдерінің қалыпты дипломатиялық қызметін бүзатын және халықаралық байланыстардың, кездесулердің, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы көлік байланыстарының жүзеге асуын қиындататын халықаралық көлемдегі қоғамға қауіпті әрекет" .
Терроризм -- қазіргі дәуірдегі ең қауіпті халықаралық қылмыс түрі болып табылады. Мүндай қылмыстар көп жағдайларда үлттық шектен іпығып халықаралық сипат алуда. Террорлық эрекеттер әр түрлі болуы мүмкін, бірақ оның бәрін біріктірген екі түрлі элемент бар. Оның біріншісі терроризм -- мемлекеттік окімет билігін күйретуге бағытталған; екіншісі -- терроризмді жүзеге асыру арқылы яғни террористердің ұйымдасқан, қатыгездік әрекеттері арқылы түрғындарға үрей, қорқыныш, қорғансыздық, еезімін туғызу болып табылады
Әлемдегі барлық мемлекеттер терроризм, ақша белгілерін қолдан жасау, әуе кемелерін басып алу және айдап кету, есірткі және психотропты заттардың заңсыз айналымы, қарақшылық және басқа халықаралық сипаттағы қылмыс түрлерімен күресуде ынтымақтастықты белсенді түрде жүзеге асыруға бірлесіп мүдделілік танытуда.
Халықаралық терроризм халықаралық қылмыстардың ауыр түрлерінің біріне жатады. Қылмыстың бұл түрімен күрес 1937 ж. басталды. Осы жылы "Терроризмнің алдын алу және оны болдырмау" Женева конвенциясы қабылданды. Бұл конвенцияда террористік деп танылған және жазалануға жататын әрекеттердің тізімі корсетілді. Аталған конвенция күшіне енбесе де, ол терроризммен күресуге бағытталған кейінгі конвенциялардың қабылдануына негіз болды.
Халықаралық терроризм актілеріне (әрекеттеріне) шетелдік мемлекет және үкімет баешыларын, дипломаттарды және халықаралық қорғаудағы басқа да түлғаларды өлтіру, дипломатиялық өкілдіктердің, халықаралық үйымдардың штаб-пэтерлерін жару, жоғарыда аталған түлғалардың үй-жайлары мен көлік кү:ралдарына шабуыл жасау, қоғамдық орындардағы, аэропорттардағы, вокзалдардағы, көшелердеғі және т.б. диверсиялар.
Бұл қылмыс түрінің субъектілеріне жеке тұлғалар да, террористік үйымдар да жатады .
Қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру мемлекеттік органдарды, шет мемлекеттің немесе халықаралық ұйымның шешімдер қабылдауына ықпал ету мақсатында адамның өміріне қастандық жасау, сондай-ақ дэл сол мақсатта оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне қастандық жасау осы халықаралық қылмыс қүрамынан аса ауырлататын түрі болып табылады.

Бұл тұрғыдағы халықаралық қылмысты іс-әрекеттердің жәбірленушілері белгілі бір шешім қабылдауға ықпал ететін адамдар немесе мемлекет, қоғам қайраткерлері болады. Адамның, белгілі бір шешім қабылдауға ықпалының болған болмағаны нақты жағдайларға байланысты анықталады.
Жарылыс жасау, өрт қою немесе өзге де іс-эрекеттерді істегенге дейін тиісті органдарға хабарлап, көрсетілген зардаптардың қаупін болғызбауды тиятын, сөйтіп мемлекеттік өкімет органдарына терроризм актісі бойынша төнген қауіпті тойтаруға нақты мүмкіндік алуға мүмкіндік беретін әрекеттерді істегендерді мемлекеттік органдарға дер кезінде ескерту жасаған адам деп білеміз. Басқа жолмен терроризм актісінің жүзеге асырылуын болдырмауға жэрдемдесуге адамның озінің жарылысты, ортті, қылмыскерлердің қару-жарақты, не мүлікті өз бетімен басып алуын тойтаратын әрекеттері жатады.
Осыларды істеген адамның іс-әрекетінде озге қылмыс қүрамы (мысалы қаруды, жарылғыш заттарды, жарылғыш қүрылымдарды заңсыз сақтау, өткізу, алу, оларды үрлау т.б.) болмаса, ол терроризм үшін халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Терроризмді насихаттау немесе терроризм актісін жасауға жария түрде шақыру, сондай-ақ, корсетілген мазмүндағы материалдарды таратқандық үшін жеке халықаралық қылмыстық жауаптылық козделген.
Терроризмді насихаттау деп ауызша, жазбаша немесе басқа да тәсілдермен көпшілік арасында осындай іс-әрекеттерді істеу үшін жүргізілген эр түрлі үйымдастырушылық қызметтерді айтамыз.
Жария түрыс шақыру деп ашық түрде көпшілік алдында терроризм актісін жасауға бағытталған тікелей-әрекеттерді айтамыз.
Материалдарды тарату деп бөтен адамдарға жазбаша түрде жазылған терроризмді насихаттайтын немесе сол терроризм актісін жасауға итермелейтін мазмүнда жазылған мәтіндерді үлестіруді айтамыз.
Террористік үйымға террористік іс-әрекетті жүзеге асыру мақсатында құрылған немесе өзінің іс-әрекетінде терроризмді пайдалану мүмкіндігін мойындайтын үйым, сондай-ақ осы ұйымның басқарушы органдарының бірінің келісімімен оның құрылымдық бөлімшелерінің бірі террористік іс- әрекетті жүзеге асыратыны болса онда оларда террористік ұйым деп танылады.
Ал осы топқа басшылық ету деп, террористік топты қүрған, оған адамдар тартқан, осы топтың қызметін тікелей ұйымдастырған іс-әрекеттерді айтамыз.
Террорлық акт - жарылыс жасау, өрт қою немесе адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті зардаптар туындау қаупін төндіретін өзге де іс-әрекеттер жасау немесе жасаймын деп қорқыту, егер ондай іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты үрейлендіру не Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының, шет мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасалса, сондай-ақ адам өміріне дәл сол мақсаттарда қастандық жасау, сол сияқты мемлекет немесе қоғам қайраткерінің өміріне оның мемлекеттік немесе өзге де саяси қызметін тоқтату не осындай қызметі үшін кек алу мақсатында қастандық жасау болып табылады.
Терроризм актісін дайындауға қатысқан адам, егер ол мемлекеттік органдарды дер кезінде ескертуімен немесе басқа жолмен терроризм актісінің
жүзеге асырылуын болдырмауға жәрдемдессе және егер ол адамның іс- әрекетінде өзге қылмыс қүрамы болмаса, халықаралық қылмыстық жауаптылықтан босатылады.
Заң террорлық әрекетке-адамдардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қаза болуы, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың болу қаупін төндіретін жарылыс жасауды, орт қою немесе озге де іс-әрекеттер жаеауды, егер осы іс-әрекеттер қоғамдық қауіпсіздікті бұзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдарының шешім қабылдауына ықпал ету мақсатында жасап, сондай-ақ, аталған іс-әрекеттерді дәл сол мақсатта жасаумен қорқытуды іске асыру деген анықтама береді.
Заң тұрғысынан алғандағы мағынасына сәйкес терроризмді адамдар көбірек шоғырланатын қүнды мүліктер сақталатын жерлерде жүзеге асырылатын немесе ең бастапқыда-ақ белгілі бір маңыздылығы бар ғимаратты не қүрылысты жоюға бағытталған жарылыс жасау, өртеп жіберу немесе басқа, адамдардың қаза болуы не елеулі мүліктік зиян келтіру қаупін немесе өзге де қоғамдық қауіпті салдардың орын алуын тудыратын басқа да әрекеттер осы қылмысты жасау тәсілдері болып табылады ( гранатамен ататын немесе дәрімен ататын қарудың басқа түрлерінен ату электрмен, сумен не газбен жабдықтаушы жүйелерді істен шығару, т.б).
Көрсетілген әрекеттерді жасаумен қорқыту деп аталған пиғылдың шын екендігін оны дәлелдейтін эрекеттер жасау арқылы (жарылғыш заттар алу, жарылғыш қондырғыларды орнату, т.б) қуаттай отырып, террорлық әрекет жасау жөнінде тікелей айтуды түсінеміз. Адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру не қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алу қауіптілігін тондіру терроризмнің міндетті белгісі болып табылады.
Қоғамға қауіпті басқа зардаптардың қатарына мыналарды жатқызуға болады, тұрғын үйлер, өндірістік немесе басқа ғимараттар мен құрылыстар орналаскан тоңіректің үлкен жерлерін су басуы, апат, катастрофа, апат, аймақтың химиялық немесе радиоктивті заттармен ластануы, т.б.
Терроризм адамдардың қаза болуына, елеулі зиян келуіне немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптардың орын алуына шынайы қауіп тондіретін жарылыс, ортеу не басқа әрекеттердің жасалу сәтінен бастап аяқталған халықаралық қылмыс ретінде танылады. Терроризмді аяқталған қылмыс ретінде тану үшін олімнің не басқа зиянды зардаптардың міндетті түрде орын алуы талап етілмейді.
Түлға адамдардың қаза болу, елеулі мүліктік зиян келтіру немесе қоғамға қауіпті басқа зардаптар орын алатындай қауіп тондіруші жарылыс, өртеу не басқа эрекет жасайтындығын немесе осындай эрекеттермен қорқытатындығын түсініп біледі жэне нақ сол әрекеттерді жасауды тілейді.
Терроризмнің мақсаты, яғни қоғамдық қауіпсіздікті бүзу, халықты қорқыту не мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету-оның негізгі белгісі болып табылады.
Қоғамдық қауіпсіздікті бүзу, сол сияқты халықты қорқыту мақсаттары түлғаның қоғамды дүрбелең күйге үшыратуға, қалың копшілікті өздерінің омірі, денсаулығы, мүлкінің сақталуы үшін үрейлендіруге үмтылумен сипатталады.
Ал, мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына ықпал ету мақсаты айыптының бүл органдарды терроршылар үшін тиімді, бірақ заңсыз эрі тиімсіз эрекеттер жасауға не шешімдер қабылдауға мәжбүр қылатындай ниетінің болуымен байланысты. Қазіргі кезде терроризм деген үғым мен ислам дінін жиі байланыстырып қарастырады, алайда шын мәнінде, исламның оз басында ешқандай агрессияшылдық жоқ, әрине терроризмнің көрініс табуына тағы бір себеп саяси радикализм болуыда мүмкін. Қоғамдық коңіл күйдің радикалдауының кез-келген түрі белгілі бір топтардың мақсатын жүзеге асырудағы әдістерімен тәсілдерінің радикалдануына әсер етеді.
Сонымен, терроризм проблемасы бүгінгі таңға дейін эрбір мемлекеттің ішкі ісі деп саналмайды. Бірақ үлттық қылмыстылықпен күресу жағдайы қазіргі уақытта жекелеген мемлекеттерге ғана емес, бүкіл адамзатқа қауіп төндіретін қылмыстардың осуімен күрделеніп, мемлекеттердің бірлесіп күресуін жэне күнделікті өзара ынтымақтасуын талап етеді. Мүндай ынтымақтасуды бірқатар факторлар қажет етеді.

1.2 Терроризмнің шығу тегі мен түрлері
Терроризмнің пайда болу туралы мәселесіне байланысты екі түрлі пікір бар: биологилық және әлеуметтік. Бірінші пікірді үстанушылар адамды - оған зорлау түйсігі жэне агрессияшылдық тән деп, тек қана биологиялық жәндік ретіде қарастырады. Ал екінші пікірдің (элеуметтік) үстанушылары қоғамдағы терроризмнің пайда болуының себептерін көреді: адамдардың саяси, экономикалық, әлеуметтік, рухани өмірін.
Терроризм өзінің тамырларымен терең ғасырларға кетеді, жэне сондықтан да саяси соғыстың қандай түрі нақты жемістерді алып келгенін анықтау қиын.
Мемлекет институтының пайда болуымен және элиталар арасында әлеуметтік-саяси қайшылықтардың пайда болуымен бірге терроризм саяси соғыста кеңірек қолданыла бастады. Осындай жағдай азамат тарихында болғанын дәлелдейді, оған Ежелгі Мысыр, Жақын жэне Орта Шығыс, Европа, Ресей мемлекеттерінің тарихы дэлел болады.
Мемлекеттік төңкерістердің классикалық тэсілі б.з.д. 44 жылдағы Гай Кассий және Марк Юний Брутпен үйымдастырылған Гай Юлий Цезарьге қарсы сөз байласу болды. Цезарьды өлтірудің себебі - оның өте қысқа уақытта өзінің қолында толық билікті жаулап алуға себеп болған оның саяси белсенділігі болды. Ол фактілі түрде монарх болды, бірақ республикалық басқару нысанын да сақтаған.
Ең ерте пайда болған террористтік топтардың бірі - жаңа эраның I ғасырында Палестинада эрекет еткен сикарийлер сектасы болды. Осы топ римляндармен бейбітшілікте болған еврейлік шонжарлардың өкілдерін жойған. Сикарийлер қару ретінде қанжарды немесе қысқа қылышты - яғни сиканы қолданған. Осы сикарийлердің эрекеттерінде религиоздық фанатизммен еаяси терроризмнің байланысы корінеді.
Сикарийлер сияқты бірдей идеологияны ассошафиндердің мүсылмандық сектасының өкілдері де үстанған болатын. Олар халифтерді, префекттерді губернаторлармен басқарушыларды өлтірген.
Осы уақытта Индияда әр түрлі қүпиялы қауымдастықтар өмір сүрген. Жан қылқындырушылар сектасының мүшелері өздерінің қүрбандарын жібек жіппен қылқындырып өлтірген. Олардың осындай өлтіру эдісі Кали қүдайына қүрбан шалудың дэстүрі ретінде саналған. Осы сектаның ірі мүшесі былай деп айтқан: егер де кімде кім бір рет болса да қүрбан шалудың тэттілігін сезінсе, ол қандай да кәсіп өнерін игермесе де немесе оның қолында элемнің бүкіл алтыны болса да - ол біздікі. Мен оз басым жоғарғы лауазымды иеленіп жақсы жүмыс істегенмін. Бірақ сектаға оралғанда ғана өзімді озім деп сездім.4
Қытайдағы антиманьчжурлық қүпиялы қоғамдастықтардың бірінің атауы -ол қүпиялы қоғамдастық Триада, оның негізі он жетінші ғасырдың аяғында қаланды, яғни тікелей айтатын болсақ, маньчжурлар Қытай территориясының екіден үш бөлігін жаулап алған кезде. Бастапқыда ол маньчжурлардың билігін жойып қайтадан императорлық тақта Минь династиясын орнату үшін қүпиялы қоғамдастық ретінде қүрылды. Осы қоғамдастық маньчжурлар династиясының билік ету уақытында фактілі түрде жергілікті озін-өзі басқару қүралына айналып, өзіне коптеген әкімшілік жэне сот функцияларын жүктеді. XIX ғасырдың басында Қызыл тюрбандар котерілісінен кейін маньчжурлармен -жүздеген қытайлықтарды тірі көзімен жерге коміп, қылқындырып, бастарын алған операциялар жүргізілді. Осының нәтижесінде Триаданың коптеген мүшелері Гонконг жэне АҚШ-та баспана іздеуге мэжбүр болды. Британдық биліктердің мәліметтері бойынша Гонконгтың екіден үшінің халқы әр түрлі Триадалардың мүшелігінде түрған еді. XX ғасырдың басьшда Триадалардың өмір сүруінің легальды базасы маньчжурлардың репрессияларымен бүзылған еді. Триада ақырындап озінің қызметін қамтамасыз етудің криминалды әдістерін қолдануға кошті: рэкетке, контрабандаға, теңіз қарақшылығына, қорқытып алушылыққа. 1911 жылы Триаданың қызметі толығымен патриоттықтан криминалдыға ауысты.
Католиктермен протестанттардың арасындағы діни соғыстың логикалық жалғасы - XVI ғасырдағы Варфоломейлік түн болды. Француздық король Карл IX жэне оның анасы Екатерина Медичи 1572 жылы 24 тамызда Париж қаласында протестанттар-геноттардың жаппай қырылуын үйымдастырды. Осы түні Францияның астанасында 2 мыңнан астам гугеноттар өлтірілген. Ал жалпы мемлекет бойынша екі аптаның ішінде 30 мыңға жуық адамдар өлтірілді.
Римдік Папалар осы хабарламаны ынтамен қабылдады ал ағылшын королевасы Екатиранаға қарсы күрескен папа Григорий XIII Англияда жаңа Варфоломейлік түнді қайталағысы келген.
Осындай түрмен, сол кездегі мемлекеттік террор коптеген мемлекеттердегі сыртқы жэне ішкі саясаттың қүрамдас болігі ретінде болған еді.
Ресей мемлекетінде Иван Грозный билік ету кезінде билікті жоғалту қауіпіне жауап ретінде крамоланы жою басты мақсат болып табылатын, опричинина сияқты қүбылысы пайда болды. Осы мақсатпен царь жарғысы бойынша арнайы басқару аппараты және царьға бағынатын 6 мың адамнан тұратын эскер қүрылды.
Терроризм баяғыдан бастап саяси күштер жүмыс істегеніне қарамастан, тарихшылардың пікірі бойынша террор үғымы Француз буржуазиялық революцияның якобиндік кезеңінде пайда болды. Яғни, 1793 жылдың наурызымен 1794 жылғы шілденің арасында, жэне қорқыныштың билік етуі дегенді білдірген. Массалық террордың жану кезінде бір күннің ішінде 60-қа жуық адамдарды олтірген. Айып тағылғандарды өлтірудің процесін жеңілдету үшін гильотинаны қолдануға келісім берілген.
Сонымен қатар мемлекеттік террорды Наполеонда жүргізген болатын. Ол 1795 жылы ол демонстранттарды атуға бүйрық беріп, Париждегі роялисттік котерілісті қиратып жіберді.
Жүйелі террористтік акциялар XIX ғасырдың екінші жартысынан басталады: 70-ші 90-шы жылдары анархисттер іспен пропаганданы назарға алды (террорлық актілер, саботаж), ал олардың негізгі идеясы қандай да бір
мемлекеттік билікті жоққа шығарудан түрды. Анархизмнің оның дамуының әр түрлі этаптарындағы басты идеологтары: Прудон, Штирнер, Кропоткин болды. Анархисттер тек қана мемлекекеттік емес, сонымен қатар жалпы қандай да болса биліктен бас тартады, және қоғамдық тәртіпті жоққа шығарып, азшылықтың көпшілікке бағыну қажеттілігі туралы айтады. 90-шы жылдары анархисттер іспен пропаганданы Францияда, Италия, Испания Америка Қүрама Штаттарында жүргізді.
XIX ғасырдың екінші жартысынан бастап терроризм әлемнің көптеген мемлекеттер қоғамдық өмірінің тұрақты факторы болды. Осы мемлекеттерде революционды-саяси немесе үлттық сипаттағы террорлық үйымдар пайда бола бастады: Ресейдің орыс үлтшылдары, Үлыбританияның (Ирландия), Турция (Македония), Австро-Венгрия (Сербия), Испанияның радикалды үлтшылдары, Франция, Италия жэне АҚШ анархисттері. Олардың жетекшілері террор арқылы әлеуметтік эділеттікке, жалпылық ырыс-берекеге жетіп, ұлттық автономия және тэуелсіздікті алуға болады деп санаған. XIX ғасырдың аяғына таман Европа ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық терроризм әлеуметтік-құқықтық құбылыс ретінде
Терроризм ұғымының мән жайына, оның қазіргі көріністеріне талдау жасау
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТЕРРОРИЗММЕН КҮРЕСТІ ҚҰҚЫҚТЫҚ РЕТТЕУ
Қазақстан Республикасының қауіпсіздік жүйесіндегі терроризммен күрес саясатын қалыптастыру
Халықаралық құқықтағы терроризм және оған қарсы күрес
Терроризм және экстремизм
Терроризмге қарсы күрестегі халықаралық ыңтымақтастық
Терроризммен күресудің қылмыстық-құқықтық және криминологиялық мәселелері
Терроризмнің халықаралық құқықтағы алатын орны
Терроризм үшін қылмыстық жауапкершілік мәселелері
Пәндер