Индустриалды даму


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3
1 ИНДУСТРИАЛДЫ ДАМУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ МЕТОДОЛОГИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Қоғамның индустриалды дамуының тарихи-теориялық, эволюциялық негіздері . . . 6
- Индустриалды дамудың экономикалық, құқықтық механизмдері . . . 16
- Ұлттық экономиканың индустриалды дамуы оны жетілдірудің әлемдік тәжірибе . . . 22
- ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛДЫ -ИННОВАЦИЯЛЫҚ ДАМУ; ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРҚазақстан Республикасынның индустриасын қайта құрылымдаудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері . . . 31Қазақстан Республикасында индустриалды-инновациялық стратегясы жүзеге асуы туралы . . . 47Қазақстан Республикасында индустриалды саясатты дамуын жетілдіру жолдары . . . 45
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР . . . 54
ҚОСЫМША
КІРІСПЕЗерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық даму үлгісін қалыптастыру алдағы жылдардың басты бағыты болып отыр. Экономиканың негізгі секторы болып табылатын өнеркәсіпті қайта индустрияландыру оның даму үрдістерін жеделдете түсетіні белгілі. Республиканың жалпы ішкі өніміндегі өнеркәсіптің жалпы қосылған кұнының үлесі 30% құрайды. Соңғы жылдары қол жеткен табыстармен катар ол жерде орын алып келе жатқан кемшіліктер де аз емес. Өнеркәсіпте шешімін таппаған мәселелер макроэкономикалық, аймақтық-салалық және қаржы аясына теріс ықпалын тигізуде. Өндіргіш күштерді орналастырудағы аумақтық диспропорция, шикізаттық бағыттың басым болуы, толық өндірістік циклды интегралданған кешендердің аздығы, оңдеуші салаларда негізгі қорлардың тозу дәрежесінің 30-40 %-ды құрауы, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың басым көпшілігінде икемді технологияның аздығынан нарық конъюнктурасының өзгерісіне тез бейімделе алмайтын өндірістік қуаттың 20-50% - дай ғана пайдаланылуы - өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтеруді талап етіп отыр.
Ғаламдану үрдістері мен халықаралық бәсекелестіктің күшеюі, жаңа технологиялық өндірісті қалыптастыру арқылы ғылыми деңгейі жоғары инновациялық бағытта өнім өндіру отандық өнеркәсіпке тез арада өзгерістер енгізуді қажет етуде.
"Жаңа экономика кең тұрғыда - бұл жоғары технологиялар, ғылымды көп қажет ететін, барлық салалар мен сегменттерде инновациялармен қаныққан экономика. Шикізаттық және индустриялық экономикадан санаткерлік ресурстарға, ғылымды көп қажет ететін және ақпараттық технологияларға негізделген осынау сапалық басқа құбылысқа көшу әлемдік шаруашылықтың барынша маңызды үрдістерінің біріне айналды" -деп Н. Назарбаев атап өткен. [1]
Сондықтан да өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың ұзақ мерзімдік бағдарламасын дайындау әлемдік экономикада болып жатқан үрдістерге сәйкес ішкі экономикалық проблемаларды шешуге бағытталады. Демек, ұлттық экономиканың индустриялық саясаты ауқымында өнеркәсіптің инновациялық, ұйымдастыру-технологиялық, құрылымдық деңгейін жаңа сатыға көтеру өзекті проблемаға айналып отыр.
Өнеркәсіпті дамыту бағдарламасының негізгі міндеттеріне отын-энергетикалық қуаттарды толық пайдалану, мұнай-химиялық өнеркәсіпті және оның негізінде әртарапты өнім өндіретін өндірістерді құру
(пласстмассадан тауарлар, лак, бояу бұйымдары, дөңгелектер резіңке-техникалық бұйымдар өндіру және т. б. ), қара және түсті металл өңдеу салаларын (құбыр өндірісі, сортталған прокат, кабель өндіру және т. б. ), мұнай-газ, металлургия, электроэнергетикалық және көлік кешендері үшін құрал-жабдықтар өндіретін өндірістерін жандандыру жатады.
Өнім сапасын халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, амортизациялық саясатты жетілдіру, техникалық және білікті мамандарды дайындау мен қайта даярлау жүйесін құру, сыртқы нарықта өнімді жылжыту және өндірісті әртараптандыруды қамтамасыз ететін жаңаша инфрақұрылым құру - мүның бәрі қазіргі заманның талабы.
Өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің түп қазығына технологиялық базис жатса, ал оны қалыптастыру үшін ғылыми-зерттеу және инновациялық жұмыстарды жандандыру қажет болып отыр. Бәсекеге қабілеті жоғары сұраныс талаптарына сай келетін тауар өндіру үшін өндірістік кәсіпорындардың технологиялық деңгейі мен ғылыми жаңалығы бар өнім өндірумен ерекшеленетін өнеркәсіптің технологиялық базасын көтерудің экономикалық механизмін анықтау таңдалып алынған тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың зерттелу дәрежесі. Ұлттық өнеркәсіптің нарықтық экономикаға бейімделуінде мемлекеттің ұстанған ұтымды бағытын теориялық және әдіснамалық түрғыда зерттеу үшін оның негізін қалаушылар мен олардың ой-пікірлерін ары қарай жалғастырушы кептеген экономист ғалымдардың еңбектеріне сүйенуді және ондағы маңызды ұсыныстарды қолдануды қажет етеді. Олардың қатарына батыстың Д. Кейнс, А. Смит, Д. Рикардо, И. Шумпетер, П. Самуэльсон, К. Маркс сынды ғалымдарын жатқызуға болады.
ТМД елдерінде өнеркәсіптің салалары мен кәсіпорындарын жаңаша индустрияландыру мәселелерін әртүрлі деңгейде талқылап, экономикалық маңыздылығын зерттеген ғалымдар көптеп кездеседі. Мемлекеттің экономика салаларын әртараптандыру жолымен елдің тұрақты дамуына қол жеткізу, ұзақ мерзімді жоспарда сервистік-технологиялық экономикаға ету үшін жағдай жасау және өнеркәсіпте бәсекеге түсуге қабілетті және экспортқа арналған тауарлар, қызмет түрлерін көрсету өндірісін дамыту тетіктері жөніндегі пікірлерді ресейлік ғалымдар Л. Бокарева, А. Булатова, С. Батчиков, А. Вольский, В. Дементьев, Ю. Корнилов, Д. Львов, А. Лисенков, В. Мартынов, Е. Матросова, А. Пранович, А, Цыгичко, А. Шуваева өз еңбектерінде жан-жақты қарастырған.
Қазақстандағы экономикалық өрлеу үрдістеріне сай өнеркәсіпті қайта индустрияландырудың негізгі басымдықтары мен бағыттарына жататын импорт алмастыру, құрылымдық-салалық, инновациялық, инвестициялық саясатты жүргізуде экономикалық тетіктерді қолдану тиімділігі жайында белгілі экономист-ғалымдар О. Баймұратов, Е. Байбарақов, К. Бердалиев, Ө. Ескараев, Ж. Ихданов, Д. Қабдиев, М. Кенжеғозин, К. Қажымұрат, Н. Мамыров, Қ. Оқаев, К, Сағадиев, А. Сейітқазиева және тағы басқа ғалымдар өздерінің теориялық ізденімдері мен зертгеулерінде, ғылыми еңбектерінде аталған проблеманың әртүрлі тұстарын қарастырып, олардың тәжірибеде қолданыс табуына өз үлестерін косты. Соған қарамастан, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан нарық талаптары мен Қазақстанның Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру алдындағы дайындық жұмыстары өнеркәсіпті жаңаша индустрияландырудағы инновациялық, инвестициялық саясаттың маңыздылығын зерделеуді, Қазақстан өнеркәсібінің индустриялық деңгейін көтеру жолдарын анықтауды, оның ұйымдастыру-экономикалық, құқықтық тетіктерін жетілдіруді, инновациялық, игвестициялық ресурстармен қамтамасыз етудің жолдарын айқындауды талап етуде. Сондыктан да, аталған мәселені теориялық және әдіснамалық тұрғыда саралау қажеттігі дипломдық зерттеудің мақсаты мен міндеттерін анықтауға негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсатына - ҚР-ның индустриасын құрылымын қайта құру, индустриалды даму саясатын жетілдіру арқылы өнеркәсіптің индустриялық деңгейін көтерудің теориялық және әдіснамалык негіздерін қалыптастыру, оны жүзеге асырудың экономикалық, құқықтық механизмі бойынша нақты ұсыныстар жасау жатады. Аталған мақсатқа жету үшін дипломдық жұмыста келесі міндеттерді шешу көзделді:
индустрияландыру және қайта индустрияландыру үрдістерінін тарихи-теориялық мәселелеріне шолу жасау арқылы оның алғы шарттарын, кезеңдерін анықтау, қағидаларын бір жүйеге келтіру
- экономиканы әртараптандыру саясатына сәйкес өнеркәсіпті қайта индустрияландыру үрдістерін жүргізудегі мемлекеттің ұтымды
бағытын анықтау;
- Қазақстан индустриасының құрылымын құрылымдау қажеттілігі;
- өнеркәсіптің индустриялык, деңгейін көтерудің экономикалық механизмін және құқықтық механизмдерін жетілдіру және мемлекеттік қолдау тетіктерін ұсыну;
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негізіне отандық және шетелдік экономикалық мектептердің өнеркәсіпті дамыту және оны жаңа индустриялық деңгейге көтеру жөніндегі ізденістері мен зерттеу нәтижелері алынды. Ұлттық өнеркәсіпті өркендетуге бағытталған Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшіне енген жарлықтары, заңнамалық және нормативтік-қүқықтық актілері, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулылары кеңінен колданылды.
Зерттеу объектісіне Қазақстан Республикасы өнеркәсібінің салалары мен өндірістік кәсіпорындары жатады.
Зерттеудің пәніне индустриалды дамудың экономикалық, құқықтық механизмін жүзеге асырудан туындайтын ұйымдастыру-экономикалық, қатынастары жатады.
Қорғауға ұсынылатын негізгі тұжырымдар:
-экономикалық жүйені индустрияландыру және қайта индустрия-ландыру үрдістерінің тарихи-теориялық мәселелері жаңа экономикалық жағдайда зерделенді;
- индустрияландыру үрдістерінің мазмұны кеңінен ашылып, алғашқы рет оның даму кезеңдері, алғы шарттары, қағидалары эволюциялық негіздері талданады
-ҚР индустриясын қайта құрудың қажеттілігі және оны дамыту механизмдері.
1 Индустриалды дамудың теориялық және методологиялық негіздері
1. 1 Қоғамның индустриалды дамуының тарихи-теориялық, эволюциялық негіздері
Әлемде біртұтас индустриялық қоғам құру туралы ілімнің пайда болуы француз ғалымы Раймон Аронның атымен тығыз байланысты болып келді. Оның айтуынша әртүрлі елдердегі индустрияландыру үрдістері нөтижесінде бірегей индустриялық қоғам құруға болады. Оның советтік жоне батыстағы жүйелерін біртүтас индустриялық қоғамның түрлері деп санауға болады.
Қоғамның экономикалық және әлеуметтік-саяси даму деңгейі ғылыми-техникалық прогресстің деңгейіне байланысты екені бәрімізге белгілі. Өз кезінде австриялық экономист Йозеф Шумпетер индустриялық дамудың циклдық үлгісін үсынған, әрбір циклдың үзақтығы оның пікірінше 50-60 жыл қүрайды екен. Кезекті циклдың басталуы өнеркәсіптік революциямен байланыстырылады, сөйтіп сол қоғамдағы жаңа өндірістік-экономикалық ортаның пайда болуын дөлелдейді.
Әрбір индустриялық цикл, Шумпетердіц айтуы бойынша, қоғамның экономикалық даму негізін қүрайтын факторларға тікелей байланысты болады. Индустриялық циклдың бір мерзімінен екіншісіне өтудегі факторлар арасындағы айырмашылыққа экономика салаларының әркелкі дамуы жатады. Сонымен бірге әрбір индустриялық цикл қоғамдағы экономикалық өркендеудің іргесін қүрайтын жаңа салалардың пайда болуы ғана емес, сонымен бірге осы салалардағы түбегейлі өзгерістерге де байланысты болады. -
Бірінші индустриялық циклдың басталуын Шумпетер бірінші өнеркәсіптік революциямен байланыстырады жөне ол 1785 жылдарда басталды деп түжырым жасайды. Өндірістік үрдістерде судың энергиясын белсенді түрде пайдаланумен сипатталады, сойтіп ол металлургия және тоқыма сияқты іргелі салалардың пайда болуына ықпалын тигізді.
Екінші индустриялық цикл кезінде бу двигателдерінің пайда болуына байланысты тоқыма және металлургия салаларын (болат құю өнеркәсібі пайда болады) әрі қарай дамыта отырып, теміржол көлігі саласының пайда болуы арқылы сол уақыттағы экономиканың инфрақұрылымын түбірімен өзгертті.
Үшінші индустриялық цикл электр жөне химия энергиясын пайдалануға байланысты жаңалықтар ашуға байланысты енеркәсіптік революцияның басталуымен байланысты болды. Бүған, жеке алғанда, ішкі жану двигателін ойлап табуды жаткызуға болады. Осы кезде химия өнеркәсібі мен автокөлікті дамыту салаларының қалыптасуы басталды. Төртінші индустриялық циклдың факторларына атом энергиясы мен электроника жатады. Оларды пайдалану қалыптасқан салалардың құрылымын түбірімен өзгертті. Сөйтіп авиакосмостық, радиоэлектроника, электрондық машина жасау сияқты жаңа салалардың пайда болуына өсер етті.
Осыдан бастап бесінші индустриялық циклдың басталуы ақпараттар мен телекоммуникация облыстарында пайда болған жетістіктер негізінде ақпараттар жүйесінің дамуымен байланыстырылады. Бүл циклдың аяқталуы шамамен 2020 жылдар деп болжануда. Осы бесінші цикл индустриялық дамудың аяқтаушы циклы болып, соданкейінгі жаңа пост индустриялық (индустриядан кейінгі) қоғамға өтудің жаңа сатысы болып табылады. Ауыр қол еңбегін механикалық еңбекпен ауыстыра отырып, адамзат дамуында жаңа дәуір, яғни индустрияландыру дәуірі басталды. Машина мен механизмдердің жаңа түрлерін пайдалану арқасында өндірістік үрдісте адам өзінің әлеуметтік-рухани жағдайын жақсартуға мүмкіндіктер ашты.
Француз ғалымы Эминэльдің пікірі бойынша техникалық прогресс тек экономикалық заңдарды қолдануды жаңартып қоймай, сонымен бірге олардың мазмұнын да өзгертіп отырады, экономикалық билік ірі корпорациялардың, яғни алып алпауыт кәсіпорындардың үлесіне тиеді. Ал, постиндустриялық қоғам тұжырымдамасын түңғыш рет американ социологы Даниель Белл әзірлеген. . Онда индустрияландыру үрдістерін толық аяқтағаннан кейін қоғамда экономикалық ерекшеліктсрге басты назар аударылады да, ол постиндустриялық қоғамның бес белгісімен анықталады:
- экономиканың тауар өндіруден қызмет көрсету сфера-сына бет бүруы;
- жүмыскерлердің жалпы санында білікті мамандар ментехниктер үлесінің артуы;
- теориялық білімнің манызьның күшеюі;
- технико-экономикалық ортаның технологияны бақылау-ға бейімделуі;
- қоғамның жаңа «санаткерлік технология» үрдісін дамы-туға бет бүруы.
Жаңа индустриялық қоғам теориясы Американың көрнекті экономист-ғалымы Джон Гелбрейттіц бірқатар еңбектерінде, соның ішінде «жаңа индустриялык қоғам» (1967 жыл) еңбегін-де орын алған. Онда жаңаша капитализмііің экономикалық жүйесі екі түрлі сектордың жиынтығынан түратындығы қарас-тырылған. Біріншісіне, баға, шығындар, технологияға негіз-делген қоғам жене мемлекетгегі билігі үстем ірі корпора-циялар жататын болса, екіншісіне үсақ фирмалар, азайып бара жатқан қолөнеркәсібі, қызмет көрсету аясы және т. б. жатады. [2]
XX ғасырдың ортасынан бастап өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі белгілі бір деңгейге дейін көтерілді. Мысалы, жедел дамыған елдерде оның деңгейі 60 жылдардың аяғында 13-15 мың АҚШ долларына дейін жетіп, содан кейін оның тұрақтану немесе төмендеу үрдістері қалыптасқан. Едәуір қысқару 60-жылдардың ортасында АҚШ-та, ҰлыБританияда, Францияда байқалды. Индустрияландыруды кеш бастаған елдерде (Жапония, Италия), өңдеу өнеркәсіп салаларының үлесі 70 жылдардың басына дейін өсіп, содан кейін қайта құлдырай бастаған. АҚШ-та, Жапонияда, Францияда жалпы ішкі өнім көлемінде өнеркәсіпке қарағанда қызмет көрсету аясындағы өнім көлемі жоғары болған.
Экономикасы дамыған АҚШ-та 1960-1996 жылдар аралығында жалпы ішкі өнімнің қүрылымында ауылшаруашылығының үлесі 4% дан 2%-ға дейін, енеркәсіпте 34%-дан 28%-ға дейін төмендесе, қызмет көрсету аясында, керісінше 58%-дан 70%-га дейін артқан, Жапонияда ауыл шаруашылығының үлесі 13%-дан 2%-ға, өнеркәсіптің 37%-дан 32%-ға дейін азайып, қызмет керсетуде 45%-дан 60%-ға дейін көтерілген. Ал, Германияда ауыл шаруашылығында 6-дан 2-ге, өнеркәсіпте 46-дан 34-ке түскен, қызмет көрсету аясында 40-тан 59-ға көтерілген, Францияда сәйкес 9-дан 3-ке, 40-тан 24-ке түсіп, қызмет көрсетуде 43-тен 68% артқан. Демек, индустриялық деңгейі жоғары мемлекетгердің бәрінде де ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіпке қарағанда қызмет көрсету аясының жалпы ішкі өнімдегі үлесі көтеріліп отырған . [3]
Одан кейінгі онжылдықта көптеген бағыттар бойынша әлемде алға суырылып шыққан аралас экономикаға негізделген ; 'жаңа индустриялық елдер" (Тайвань, Сингапур, Оңтүстік Корея, Гон-Конг) пайда болды. Мәселен, Оңтүстік Корея экономикасының өрістеуіне себепкер болған - мемлекетгік экономикалық жоспарлау Кеңесінің дайындаған шаруашылық-ты дамытудың бес жылдық жоспары еді. Қазіргі кезде оларда экономиканы мемлекет тарапынан реттеудің басты бағытына экономикалық өсуді, өнеркәсіп өнімдерінің экспортың үлғайтуды ынталандыру жатады. Осы елдерде экономикалық ынталандыру әдістерін жүйелі түрде қолдану өз нәтижесін беріп отыр.
Аталған елдерде мемлекет араласатын экономика салаларында импорттық саясат пен қаржы-несие жүйесі қамтылмаған. Көпшілік сүранымдағы тауарларға (үн, қант, кофе, дәрі, телевизор), сонымен қатар, көптеген өндірісі монополияланды-рылған немесе өмірге қажетті экономиканың дамуында маңызды орын алатын (электр қуаты, отын, болат, химиялық өнімдер) тауарларға баға белгілеу орталықтан қатаң бақылауға алынған.
Аралас экономиканың артықшылығын дөлелдейтін екі шартгы факторлар бар:
Біріншісі. Ресурстарды бөлудің тиімділігі. Ол өндірісте ресурстардың жинақталынған түрлерін тиімді пайдалануды талап етеді, жаңа технологияны ендіріске барынша көптеп енгізуге күш салады.
Екіншісі. Еркіндік. Нарықтық аралас жүйенің маңызы экономикалық емес ерекшелігінің маңызына, оның жеке еркіндікке негізделуі жатады.
Демек, ондай елдерде өнеркәсіптің салалық қүрылымында кен өндіру салаларының үлесі төмендеп, өңдеуші өнеркәсіптің үлесі жоғарылап отырады. Әсіресе, машина жасау жоне химия өнеркәсібінің үлесі артып келеді. Дамыған елдердің өңдеу өнеркәсібінде капитал жөне материал сыйымдылығы жоғарғы салалардан (металлургия, химия өнеркәсібі) ғылыми сыйымдылығы жоғары салаларға (электроникаға) қарай ауысуы жүріп жатыр. Соның әсерінен әлемдік нарықта "босаған қуысты" жаңа индустриялық дамыған мемлекеттер иемденуде, Олар дөстүрлі еңбек сыйымдылығы жоғары салалары орташа және төмен деңгейде дамушы елдерге қарай ығыстыруда.
Әлемдік шаруашылықта қүрылымдық озгерістер негізінен салалық кешендердің ішінде қалыптасып, салаішілік пропорцияларды жетілдіруге ықпалын тигізіп отыр . [2]
Зерттеушілердің басым бөлігі дамудың циклдық теориясын (Кондратьев циклдары) қолдайды, оны әлемдік шаруашылықтың ғылыми-техникалық прогрестің табиғатын үлкен циклдары шеңберінде экономикалық даму қарқындарының тербелістерімен байланыстырады. Жаңаша экономикалық даму теориясындағы басым бағытты инновация контексінде қарастырайық: циклдық теория мен қоғамдық даму кезендерін отандық және шетелдік бірқатар ғалымдар индустрияға дейінгі, индустриялық және постиндустриялық даму деп үшке боледі. Индустрияға дейінгі дамуды аграрлық даму кезеңі деп те атайды.
1-кесте
Индустриалды даму сатылары
Дерек көзі:МукановД. Индустриально-инновационное развитие Казахстана
потенциал и механизмы релизаций-Алматы: Дайк -Пресс, 2004. -С. 18
Қазақстан бет бұрып отырған индустриялық қоғамның оғап дейінгі қоғамнан айырмашылығы қайта индустрияландырылған өнеркәсіптің күрт өсу салдарынан табыс көлемінің қарқынды түрде артуы болмақ. Көптеген салаларда механикалық, автоматты, ақпараттық технологиялар енгізу арқылы инновациялық тауарлар өндіруге қол жеткізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіруге мүмкіндіктер пайда болуға тиіс. Әрине бүл үзақ мерзімді алатыны сөзсіз.
Соңғы кезде АҚШ- тың және дамыған елдердің постиндуслриялық қоғамға өту женінде қуанышы қойнына сыймай жариялауы айтулы нәтиже бермеді. [4] Оның себебіне әлемдік нарықта аренаға жаңа технологиялар өндіретін орта азиялық мемлекеттердің инновациялық өнімдер өндіру арқылы суырылып алға шығуы да әсерін тигізді.
Енді советтік кеңістіктегі индустрияландырудың тарихи-теориялық үрдістерін зерттеп қарайтын болсақ, ондағы ғылыми-техникалық прогрестің дамуы салдарынан индустрияландыру шараларын кеңінен жүргізуге үмтылыстың болғанын байқауға болады. Жиырмасыншы ғасырда елімізде эволюциялық даму үрдістерінің салдарынан индустриялық қоғамның негізі қаланды. Тек ғылымда ғана емес, нақты тожірибеде КСРО-ның халықшаруашылық жоспарларында көлем және сапа көрсеткіштсрінің өсу қарқынына ерекше мән берілді. Негізгі салалар бойынша директивті көрсеткіш ретінде қоғамдық өнім өндірісінің өсімшесі саналды және ол қатаң түрде қадағаланып отырды. Елімізде қысқа мерзімде экономиканы индустрияландыру шаралары жүргізілді. Содан кейін соғыс жылдары қираған шаруашылық қалпына келтіріліп, өндірісті техникалық реконструкциялау қолға алынды. Бір салаларда өндірісті кеңейту жөніндегі жоспардың орындалу дәрежесі басқаларының дамуына кедергі келтіріп отырғанын жоққа шығаруға болмайды. Себебі сыртқы экономикалық байланыстардың нашар дамуы жағдайында басқаша болу мүмкін емес еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz