Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының реттеу функциясы



І . Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының түсінігі.

ІІ.Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының құрылымы.

ІІІ.Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының реттеу функциясы.
Қылмыстық заң – Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқықтық акті болып табылады. Қылмыстық заңның міндеттері – бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым Министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

БАЯНДАМА

Тақырыбы: Қазақстан Республикасы Қылмыстық заңының
реттеу функциясы

Орындаған: ЮП9-115 топтың 1 курс студенті
Нұрлыбекова А.Ж.
Тексерген: Тілепбергенов О.Н.

Алматы - 2010 жыл
ЖОСПАР

І - Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының
түсінігі.

ІІ-Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының
құрылымы.

ІІІ-Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының
реттеу функциясы.

І - Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының түсінігі.

Қылмыстық заң - Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес Республика Парламенті қабылдаған құқықтық акті болып табылады. Қылмыстық заңның міндеттері - бейбітшілікті және адамзаттың қауіпсіздігін, адам мен азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті аумақтық тұтастықты, конституциялық құрылысты, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, табиғи ортаны қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау және қылмыстың алдын алу болып табылады. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін қылмыстық заңдар қылмыстық жауаптылықтың негіздерін белгілейді. Жеке адамға, мемлекетке немесе қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қандайы қылмыс болып табылатынын айқындайды. Қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін және өзге де ықпал ету шараларын белгілейді.
Қылмыстық заң жазалау қатерімен тыйым салу арқылы адамның жеке басына, қоғамға, мемлекетке кінәлі түрде зиян келтіру қаупін тудыратын қылмысты әрекеттерді істеуге тыйым салады. Қылмыстық заң сонымен қатар тиісті органдарға және лауазымды адамдарға іс-әрекетінде қылмыс белгісі бар кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тарту немесе көрсетілген негізге сүйеніп, оларды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатуды міндеттейді. Сонымен қылмыстық құқықтық норма бір мезгілде тыйым салушы және міндеттеуші нормалар болып табылады. Бұл нормалардың тағы да сақтандырушылық және тәрбиелік мәні бар.
Қылмыстық құқықтық норманың сақтандырушылық функциясы - істелген іс-әрекеті үшін тиісті баптардың санкциясында көрсетілген жазаны кінәлі адамға тағайындау мүмкіндігі арқылы өз көрінісін табады, осы арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы барлық азаматтарды қылмыс істеуден күні бұрын сақтандыру арқылы тәрбиелік ықпал ету шарасы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық норма, сонымен бірге кез келген азаматтарды заңды бұлжытпай орындауға тәрбиелеумен бірге, оларды қылмыс істегендермен ымырасыз күрес жүргізу рухына баулиды. Қылмыстық құқықтық норма мұндай қатынастарды қорғап қана қоймайды, ол сонымен бірге мұндай қатынастарды ретке келтіреді, өйткені қоғамдық қатынастарды қорғаудың өзі соны ретке келтіру арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық құқық белгілі бір қоғамдық мінез-құлық өрелерін белгілеумен бірге, осы өрелерді бұзушыларға қарсы қылмыстық құқықтық нормаларды қолдану арқылы өз міндеттерін жүзеге асырады. Қылмыстық құқықтық норма өзінің реттеушілік ықпалымен, кез келген азаматтарды қылмысты құбылысқа төзімсіз болуға, олармен ымырасыз күрес жүргізуге баулу арқылы іске асырады.
Қылмыстық заң - қылмыстық құқықтың ең негізгі көзі. Сот үкімі, ұйғаруы немесе қаулысы құқықтың көзі болып табылмайды. Олардың нақты қылмыстық істер бойынша ғана заңдылық күші бар.
Сондай -ақ Республика Жоғарғы Сотының нормативтік қаулылары да құқық нормасы болып табылады. Мұндай қаулылар белгілі бір қылмыстық-құқылық норманың түпкі мәнін ашып көрсетеді, оларды түсіндіреді. Сондықтан да ондай қаулылардың Республиканың бүкіл аумағында міндетті күші болады. Сот прецеденті біздің Республикамызда құқық нормасы болып саналмайды. Ол Ұлыбритания, Канада сияқты мемлекеттерде ғана құқық нормасы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 52-бабында сот айыпты деп танылған адамға жазаны Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің ережелеріне сәйкес істелген қылмысы үшін жауаптылық қаралған Ерекше бөлімнің тиісті баптарында көрсетілген шектен шықпай тағайындайды деп белгіленген. Жаза тағайындағанда сот істелген қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауіптілік дәрежесін, айыпкердің жеке басының ерекшеліктерін, мінез-құлқын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаның сотталған адамның түзелуіне және оның отбасының немесе асырауындағы адамдардың тіршілік жағдайына ықпалын толық есепке алады. Қылмыс істеген адамға оның түзелуіне немесе жаңа қылмыс істеуден сақтандыруына қажетті және жеткілікті әділ жаза тағайындауы керек. Мұның өзі соттың жаза тағайындауда заң талаптарымен қоса өзінің құқықтық сана-сезімін басшылыққа алатынын көрсетеді. Алайда, құқықтық сана-сезім құқық нормасы болып табылмайды. Ол сотқа тек қана қылмыстық құқықтық норманың мазмұнын дұрыс түсінуге жөн сілтейді. Қылмыстық заң, басқа заңдар сияқты барлық лауазым адамдары, азаматтар, заңды тұлғалар үшін міндетті күші бар заң нормасы болып табылады. Оны қандай да бір болмасын сылтаумен бұзуға немесе орындамауға жол берілмейді. Қылмыстық заң қылмыстық құқықтық норманы білдірудің нысаны, ал оның нормасы оның мазмұнының көрінісі болып табылады.

ІІ-Бөлім. Қазақстан Республикасы Қылмыстық Заңының құрылымы.
Қазақстан Республикасында қылмыспен күрес жүргізу қылмыстық құқық нормасы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Заңды күшіне енген үкім бойынша тағайындалған қылмыстық жазалардың орындалуы қылмыстық атқару кодексімен реттеледі. Кейбір реттерде жекелеген жазалардың орындалуы басқадай, арнайы заңдылық актімен де белгіленуі мүмкін. Қазақстан Республикасының 2003 жылы 8 ақпанда бекітілген Төтенше жағдайдың құқықтық режимі туралы заңына сәйкес төтенше жағдай кезінде істелген қылмыс үшін сот ісін жүргізудің төтенше түрлерін егізуге жол берілмейді деп белгіленген. 1995 жылы 30 тамызда қабылданған Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясына сәйкес қылмыстық заңдар Республика Парламентінде қабылданады.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 61-бабының 1-тармағына сәйкес заң шығару, оның ішінде қылмыстық заң шығару бастамасы құқығы да Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттарына, Республика Үкіметіне беріледі және тек қана Мәжілісте жүзеге асырылады. Ұсынылған заңдардың жобаларын қарауға қабылдау және қарау Мәжілістің ерекше қарауында болады (56-бап, 1-тармақ). Республика Конституциясының 54-бабының 1)-тармақшасына сәйкес заңдар Парламент Палаталарының бөлек отырысында әуелі Мәжілісте, одан кейін Сенатта өз кезегімен қаралып қабылданады.
Президент Парламент Сенаты ұсынған заңға он бес жұмыс күні ішінде қол қояды, заңды халыққа жария етеді не заңды немесе оның жекелеген баптарын қайтадан талқылап, дауысқа салу үшін қайтарады. Республика Президентінің қарсылығын туғызған заңдар немесе заң баптары бойынша ол қарсылық жібрген күннен бастап бір ай мерзім ішінде қайталап талқылау мен дауысқа салуды өткізеді. Бұл мерзімнің сақталмауы Президент қарсылығының қабылданғанын білдіреді. Егер Парламент әр Палата депутаттарының жалпы санының үштен екісінің көпшілік даусымен бұрын қабылданған шешімді растайтын болса, Президент жеті күн ішінде заңға қол қояды. Егер Президенттің қарсылығы еңсерілмесе, заң қабылданбайды немесе Президент ұсынған редакцияда қабылданады деп есептелінеді. Конституцияның 53-бабының 4)-тармақшасында көзделген ретте Республика Президенті заңдар шығарады, ал 61-баптың 2-тармағында көзделген ретте Республиканың заң күші бар Жарлықтары шығарылады. Бұрын қолданылған Қазақ ССР Қылмыстық Кодексі 1959 жылы қабылданған еді. Жаңа Қылмыстық кодекс 1997 жылы 16шілдеде қабылданды. Қылмыстық кодекс дегеніміз барлық қылмыстық заңдардың белгілі бір жүйеге келтірілген жиынтығы болып табылады. Кодексте қылмыстық құқықтың жалпы ережелері мен принциптері, қылмыстық-құқықтық қатынастарды реттейтін және қандай қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қылмыс болып табылатынын анықтайтын ұғымдар, қылмыс істеген адамдарға қолданылуы мүмкін жазалар белгіленеді. Қылмыстық кодекс Жалпы және Ерекше бөлімнен тұрады. Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінде жоғарыда айтылған қылмыстық құқықтың жалпы ережелері, міндеттері, қылмыс пен жазаның түсінігі, қылмыс пен жазаны жоятын мән-жайлар, т.б. мәселелер қарастырылады. Жалпы бөлімнің баптары өзара бір-бірімен тығыз байланыста болады. Мысалы, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын жағдайлар жаза тағайындауда және шартты жазаны қолдануда міндетті түрде есепке алынады.
Ерекше бөлімде жекеленген нақты қылмыс түрлері үшін жауаптылық және жаза белгіленген. Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі бірнеше тарауларға бөлінген. Әр тарауға бір объектінің маңыздылығына қарай тиісінше орын берілген. Қылмыстық заңның заң шығарушының еркін білдіретін белгілі бір техникалық ережелерге негізделген өзіндік құрылымы бар. Қылмыстық-құқылық нормалар мазмұнына қарай үш түрлі топқа бөлінеді:
І. Декларативті - яғни, қылмыстық құқықтың жалпы міндеттерін айқындайтын нормалар (ҚК-тің 2-бабы, Қылмыстық кодекстің міндеттері: адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады).
ІІ. Анықтаушы - яғни, қылмыстық құқықтың түсінігі мен жекеленген институттарына айқындама беретін нормалар (Қылмыстық кодекстің 9-бабы - қылмыс ұғымы).
ІІІ. Арнаулы - яғни, нақты қылмыс құрамына және оған тағайындайтын жазаға сипаттама беретін нормалар (мысалы, Қылмыстық кодекстің Ерекше бліміндегі, барлық нақты, жекелеген қылмыс құрамдары). Қылмыстық кодекстің Жалпы бөлімінің бабы өзінің құрылысы жағынан Ерекше бөлімдегі баптың құрылысынан өзгеше болады. Жалпы бөлімнің бабы тек қана диспозициядан құралса, ал Ерекше бөлімнің бабында диспозицияға қоса санкция да болады.
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің баптары топтық және түрлік болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экологиялық бақылауды ұйымдастыру
Сотта мемлекет мүддесін білдіру― прокуратура қызметінің бағыты ретінде
Прокуратура органдары қызметі жайында
Прокуратураның қызметі. ҚР Азаматтық іс жүргізу құқығындағы прокурордың орны
Бұдан бөлек қылмыстық құқықтық нормаларды азаматтарда бұлжытпай заңды сақтау
Қылмыстық процестің субъектілері
Құқық түснігі,мәні құндылығы
Қазақстан Республикасындағы прокуратура органдарының жеке тұлғалардың құқықтық мәртебесін қамтамасыз етудегі рөлі
ПРОКУРАТУРА ОРГАНДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТІ
Прокурорлық қадағалаудың салалары
Пәндер