Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Оба
2.Тырысқақ
3.Бруцеллез
4.Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
5.Бактериологиялық қару
6.Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
Қорытынды

Адамзат дамуының тарихында өркениеттің жетекші күштері болып тарих және алға ұмтылу болып табылады. Ғылым жаңалықтары қоғам дамуының түрткісі болса, ал этикалық келтірулер ашылған жаңалықтарды жүзеге асыратын сілтемелер ретінде болып келген.Ғылымның арқасында адам өз иелігіне бу машинасын, ядролы реакторды, компьютер және пенициллинді алды. Қаруды сол ғалымдар, сол зертханаларда ашқан. Кез-келген ғылыми жетістіктер екілі технологиялар, жақсылық пен жамандықты көздеуші құралдар ретінді бағаланулары мүмкін. Солардың бірі адамдардың биологиялық қаруды ойлап тауып, оларды пайдалануын айтсақ болады.
1 Тіршілік қауіпсіздік негіздері” курсы бойынша жоғары оқу орындары
студентеріне арналған оқу құралы.
Алматы, 2010 ж.
студентеріне арналған оқу құралы.
Алматы, 2010 ж.
Аса қауіпті аурулар және бактериологиялық қарулар
Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.Оба
2.Тырысқақ
3.Бруцеллез
4.Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою
5.Бактериологиялық қару
6.Бактериологиялық қарудың жарылыс ошағы
Қорытынды
Адамзат дамуының тарихында өркениеттің жетекші күштері болып тарих және алға ұмтылу болып табылады. Ғылым жаңалықтары қоғам дамуының түрткісі болса, ал этикалық келтірулер ашылған жаңалықтарды жүзеге асыратын сілтемелер ретінде болып келген.Ғылымның арқасында адам өз иелігіне бу машинасын, ядролы реакторды, компьютер және пенициллинді алды. Қаруды сол ғалымдар, сол зертханаларда ашқан. Кез-келген ғылыми жетістіктер екілі технологиялар, жақсылық пен жамандықты көздеуші құралдар ретінді бағаланулары мүмкін. Солардың бірі адамдардың биологиялық қаруды ойлап тауып, оларды пайдалануын айтсақ болады.
Жұқпалы аурулар - жұқпалы (инфекциялық) аурулар ерте заманда-ак олардың жаппай таралуы мен ауыр түрде өтуін сипаттайтын әр түрлі атаулармен белгілі болды (індет, жаппай аурулар). Бұл аурулар ерекше миазма -- ауаның улы булануымен байланыстырылады. Жұқпалы аурулар туралы ғылымның дамуында өр түрлі қоздырғыш микробтардың ашылуы үлкен рөл атқарды. Іnfесіо деген латын сөзі ластану дегенді білдіреді. Жұкпалы аурулар адам ағзасына қоздырғыштың енуінен кейін пайда болады. Қоздырғыш-микробтар ауру адамнан сау адамға беріле алады. Белгілі бір жағдайларда ауру жаппай таралады (індет).
Ауру туғызатын микробтар бактериялар, вирустар, спирохетар, саңырауқұлақтар болуы мүмкін.
Ауру туғызатын микробтар, өдетте, сыртқы ортада тез өледі. Олардың өмір сүріп, көбейетін жері -- адам немесе мал ағзасы, сондыктан адам жұқпалы көзі болып табылады.
Оба - өте жұқпалы індетті ауру. Ертеректе ел ішінде тез тарап, көпшіліктің арты
қазаға апарып соқтырғандықтан, халық оны қара өлім деп атаған.
Жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесінде обаның даладағы жабайы тышқандар, суыр, бөрсық, саршұнақ, тарбаган ауру көзі және аурудың таратушы екені анықталып (1 сур.), оның табиғи ошақтары Үндістан, Пәкістан, Иран, Бангладеш, Қытай, Орта Азия аумағында орналасқаны белгілі болды.
Оба адамға бүрге және басқа қан сорғыштар арқылы жұғады. Обамен ауырған адам айналасындағыларға өте қауіпті. Жұғатын жолдары: ауа-тамшы, шаң-тозан, жанасу, кеміргіштердің терісін өңдегенде, бүрге шаққанда қан арқылы және ластанған су, тамақ арқылы.
Аурудың қоздырғышы - оба таяқшасы, ұсақ және сопақша келеді, қоршаған ортада ұзақ сақталады. Аурудың жасырын кезеңі 1-2 күннен 5-6 күнге дейін созылады. Ауру әлсіздікпен басталып, қалтырауға, бас ауыруына, естен тануға, денесінің қызуына тез алып келеді.
Ауру үш клиникалық турде өтеді: өкпе обасы, бұршақ тәріздес, терінің іріңдеу обасы. Өкпе обасымен ауырған адамның белгілері: адам денесінің жалпы ауырлануымен бірге кеудесі ауырады, алғашында аздап пайда болған жөтел біртіндеп көп мөлшерде қақырық бөліп шығатын үздіксіз жөтелге айналады. Жөтелген кезде қан аралас қақырық бөлінеді. Дененің ыстығы 39-40 градусқа көтеріледі, ауырған адам тез әлсіреп, есінен айырылады. Жүрегі әлсірейді, демі нашарлайды, алқынады осының бәрі өлімге әкеледі.
Обаның бұршақ тәріздес түрімен ауырғанда науқастың мойын, қолтық, шап бездері ісіп, көлемі тез ұлғая бастайды кейде жарылып ірің ағады. Ісік қол тігізбей қатты ауырады соның салдарынан аяқ-қолын қозғалта алмайды, мойнын бұра да алмайды.
Үшінші обаның түрі - терінің іріңдеп зақымдалуы байқалады. Терінің ашық жеріне қоздырғыш енеді де сол теріні зақымдайды, алғашыда тері қызарады, ісиді, қызғылт түйіншек пайда болады, ол кейіннен ұлғайып, іріңдеп тесіледі де терең іріңді жараға айналады. Қандай түрде оба болсады науқастың халі нашар, дер кезінде емдемесе сырқат мерт болады.
Аурудың алдын алу шаралары: ауырған және ауыруы мүмкін адамдарды алдын ала анықтау, оларды оқшаулау және емдеу қажет. Аурулармен қатынаста болған адамды вакцинамен егеді. Ошақта залалсыздандыру (дезинфекция), қан сорғыштарды жою (дезинсекция), кеміргіштерді құрту (дератизация) шаралары жүргізіледі. Жұмыс жасаған кезде обадан қорғайтын костюм ең сенімді құрал болып табылады (2 сур.). Обаға қарсы шаралардың кешенінде табиғи ошақтар мен оған жақын орналысқ
ан жер тұрғындарын санитарлық-ағартушылық жұмыстары маңызды орын алады.
Тырысқақ - өте қауіпті жұқпалы ішек ауруы. Ол адамды асқазан-ішек инфекциясының ауыр түріне шалдықтырады, өте тез тарайды, сондықтан бұл ауру өте карантинді індеттердің қатарына жатады.
Қазақстанмен тығыз қарым-қатнастағы Азияның оңтүстік шығыстағы мемекеттер Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Иран, Ауғанистан, Индонезия, Бангладеш және т. б. Елдер тырысқақ жөнінен қолайсыз аймақ болып саналады.
Аурудың қоздырғышы - тырысқақ вибрионы (3 сур.), ұсақ, иілген, суда көп уақыт сақталады. Азиядан келген түрі адамға өте қаупты бізде жеңіл түрі (Эль-Тор) және тағы басқа түрлері кезігеді. Вибриондар кепкенде, күн сәулесі түскенде, қайнатқанда тез өледі.
Аурудың тарау жолдары: ластанған жерлердегі қоздырғыштар шыбын-шіркейер және өзге де жолдар арқылы суға, азық-түліктерге таралады. Сау адамдарға ластанған су немесе азық-түліктер арқылы жұғады. Кейде кір қол арқылы, қол алып амандасқанда, олар ауру пайдаланған заттарды қолданғанда жұғады.
Аурудың бастапқы инкубациялық, яғни жасырын кезеңі бірнеше сағаттан бес күнге дейін созылады. Вибриондар ауыз арқылы түседі, жартысы асқазанда өледі, қалғандары тоқ ішекке барып өсіп-өнеді де өте улы экзотоксин шығарады бұл у бүкіл ағзаға тарайды, адамды уландырады.
Тырысқақтың белгілері: ішек қызметінің бұзыуы салдарынан жүрегі айныйды ол лоқсып құсады, іші жиі-жиі өтеді, ауыр түрге айналса күніне 20-30 ретке дейін, дәреттің түрі ірімтік-ірімтік, күріштің жұған суы сияқты болады. Осының салдарынан сырқат су және иондар жоғалтады, ауыр түрімен ауырған адамдар 20-30 % дейін салмағын жоғалтады. Аурған адамның халі өте нашар: денесі сүп-сүр, суық тер жауып тұрады, денесінің температурасы 34-35 градусқа дейін төмендейді, көзі үңірейіп ішіне кіріп кетеді, терісі қатпарланып, жиырылады, қалшырайды, тырысады, қан қысымы төмендейді, дауысы әзер шығады, кейде дауысы жоғалады (афония), егер адамды дер кезінде емдемесе ол мерт болады.
Тырысқақтың емдеуі: ауру адам оқшауланады, емханада емделеді - антибиотиктер (левомицетин, стрептомицин, тетрациклин және бактерофагтар, сульфаниламидтер) беріледі. Көк тамырға ертінділер (дисоль, трисоль, Рингер ертіндісі, глюкоза және т. б.) жіберіледі.
Бруцеллез-малдан адамға жұғатын аса қауіпті жұқпалы ауру. Ауруды қоздыратын бруцелла бацилласы мүйізді ірі қара, қой-ешкі, шошқа, т.б. жануар, жәндіктерде бруцеллез ауруын қоздыратын болып бірнеше түрге бөлінеді. Бұлардың ішінде аса қауіптісі қой-ешкі және мүйізді ірі қара малдарының бруцеллезін қоздыратын бруцелла бациллалары.
Бруцелла бацилласы табиға ортаға өте төзімді, топырақта, қида, жемде, суда 4 айға дейін өмір сүріп өзінің ауру қоздырғыштық қасиетін толықтай сақтай алады, тек қана жоғары температураға төзімсіз, 90-100 градусқа қайнатқанда сол бойда өледі. Адамдарға бруцеллез ауру малдарды күткенде, жемдегенде, олардың қораларын тазалағанда шаң-тозаң арқылы тыныс жолдарымен, тері арқылы әсіресе, қолдағы уақ жарықтармен ерін, көз кілегей қабық-тарына түскен бациллалар ауруды шапшаң қоздыра алады.
Ауру малдардың өнімдерін дұрыс қайнатпай тамаққа пайдаланғанда адамға жұғады.
Бруцелла бацилласы ауру малдың сүті, дәреті, сілекейімен, терімен бөлініп сыртқы қоршаған ортаны ластайды, сондықтан малдың жүнін қырыққан уақытта да немесе оны жинап басқа да әртүрлі өңдеу жұмыстарын жүргізген уақытта да ауру жұқтырады.
Жыл ішінде әсіресе, наурыз, сәуір айларында мал төлдейтін уақытта ауру малдар іш тастайды және әлсіз ауру малдар өздігінен төлдей алмай адамның көмегін қажет етуі, мал мен адамның тікелей қатынасы ауруды жұқтыруға қолайлы жағдайды туындатады.
Бруцеллезден іш тастаған төлдің кеудесінде, ішінде сұйық көп болады, жүні жетіспеген, кілегей қабықтары қанталаған болады.
Бруцелла бацилласы организмге түскесін 6-10 күн ішінде қан ағзасы арқылы лимфа түйіндеріне кіріп 10-15 күнде көбейеді, 20-30 күннен кейін қанға тарап, нерв жүйесін, буындар, бұлшық еттерді, эндокриндік жыныс бездерін зақымдайды.
Бір айдан кейін дене қызуы көтеріліп, кешке қарай безгек пайда болады. Бұл кезде науқаста қалтырау, көп терлеу, қажып-шаршау, әлсіздену, сүйек-буын және бұлшық еттер ауырлығы байқалады.
Ауруды дер кезінде емдесе одан жазылып кетуге болады. Аурудың алғашқы белгілері байқалғасын уақыт өткізбей дәрігерге қаралып арнаулы емін алған жөн, кешігіп қалған жағдайда организмнің көптеген органдары зақымданып, емдеуді қиындатып мүгедектікке апаруы мүмкін.
Бруцеллез адамнан адамға жұқпай тек малдан жұғатын болғандықтан жеке бас гигиенасын сақтаумен қатар мал шаруашылығына арналған санитарлық-ветеринарлық профилактикалық ком-плексті шараларды қатаң сақтап ветеринарлық қызметтің белгілеген профилактикалық шараларын уақытында орындалуына көмектесіп отыру міндетіміз.
Әрбір қожалығында малы бар тұлғалар өз малдарының есебін дұрыс беріп, ветеринарлық қызметтің белгілеген кестесіне сай малдарын ектіріп отыруы қажет.
Сатылып алынған, саттыққа шығарылыған мал, еттің сүттің саудасы өнімі алынған малдың денсаулығы туралы мал дәрігерінің анықтамасы бойынша жүргізілуі тиіс.
Төл алу науқаны, төлдеп жатқан малға көмек көрсеткен уақытта қолда резинка қолғап, кленкадан жең қап, фартук, аяқта етік болғаны жөн. Төлдеп жатқан малға шама келсе балаларды араластырмаған жөн, олар үлкен адамдарға қарағанда ауруды өте тез қабылдайды.
Отардағы малдың жаппай іш тастауы байқалса дереу мал дәрігерлеріне хабарлау қажет. Бақташылар, мал төлдетуге қатысқандар науқанды жұмыс біткесін бір айдан кейін міндетті түрде медициналық бақылаудан өтуі керек.
Сауықтыру шаралары және індет ошағын жою.
Жұқпалы ауру байқалған сәтте індет ошағында толық індеттанулық талдау жүргізіледі.Індеттанулық талдаудың қортындылары бойынша сауықтыру шаралары белгіленеді.
Карантин және шектеу.Індет ошағының одан әрі жаюына жол бермеу үшін жүргізілетін ең басты шара ретінде карантин және шектеу қолданылады.
Карантин - жұқпалы аурудың таралуына қарсы бағытталған шектеу шараларының жиынтығы. Оның шарты бойынша індет ошағына күзет посты қойылып,ауру шыққан жерге апаратын жолға көрсеткіш және шлагбаум орнатылады.Кейбір аса қауіпті індет кезінде басқа елді мекендермен барлық қатынас тоқтатылып, автобус маршруттары өзгертіледі.
Карантин негізінен аса қауіпті жұқпалы аурулар шыққан кезде қойылады. Мұндай карантиндік инфекцияларға әр түлікте-аусыл,топалаң,бруцеллез,сиы рда - оба, мәлік, қарасан, жылқыда - маңқа, мандам, жұқпалы анемия,делбе, қойда - шешек, ешкіде - кебенек, т. б. жатады. Карантиндік шаралар кейбір аурудың індеттік ерекшеліктеріне байланысты белгіленеді.Әдетте ауруға бейім малдарды әкелуге,немесе араластыруға тиым салынады.Кей жағдайда мал өнімдері мен шикізаттарын дайындау, жем-шөпті әкету тоқтатылып, базарлар жабылып, жәрмеңке мен мал көрмелерін өткізуге тиым салынады.Сиыр обасы, аусыл сияқты аса қауіпті аурулар кезінде барлық щаруашылықтармен қатынастарды тоқтатуға тура келеді.Кейбір аурулар аусыл, топалаң кезінде карантинделген індет ошағының маңайында қауіп төнген аймақ белгіленеді.
Бұл аймақта ауруға бейім жануарларды араластыруға шектеу қойылып, ветеринариялық бақылау күшейтіледі, ауруға қарсы вакциналау жүргізіледі.
Шектеу шаралары - карантиннен гөрі шарттары бәсеңдеу қарым-қатынасты тежеуге бағытталған тиым жолдары. Олардың тез тарай қоймайтын жұқпалы аурулар кезінде қолданады.Карантин мен шектеу жұқпалы ауру байқалған сәтте тағайындалып, ауру басылған соң, яғни ең соңғы ауырған мал сауыққаннан немесе өлгеннен кейін біраз уақыт өткеннен соң барып алынады.Олардың алыну мерзімі аурудың жасырын кезеңінің және аурудан кейінгі микроб алып жүру кезеңінің ұзақтығына байланысты.Жасырын және микроб алып жүру кезеңдері неғұрлым ұзақ болса, соғұрлым карантин мен шектеу кешірек алынады. Аса қауіпті аурулардан соң карантин алынғаннан кейін бір жыл мерзімге шектеу сақталады.Карантин мен шектеуді алар алдында мал қораларын қорытныды дезинфекция мен санитариялық жөндеу жүргізіледі. Сонымен қабат аурудың ерекшеліктеріне сәйкес бейім жануарлар вакциналануы тиіс.
Қатер төнген аймаққа індет ошағын қоршаған аймақ жатады.Оның ауданы табиғи-географиялық, экономикалық жағдайларға ,қатынас жолдарының орналасуына және олардағы қозғалыстың деңгейіне, т.б. байланысты анықталады. Кейбір аса қауіпті ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz