Араб тіліндегі есімді сөйлемдер


Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 54 бет
Таңдаулыға:   

1 АРАБ ТІЛІНДЕГІ ЕСІМДІ СӨЙЛЕМДЕР

  1. Есімді сөйлем туралы түсінік

«Әл-жумлятул-исмия» الجملة الاسمية атауы араб тілінде, араб тілі грамматикасының мамандарының ортақ пікірі бойынша бірнеше түрлі сөйлемдерді білдіреді. Бұл сөйлемдердің ортақ ерекшелігі есімді сөздің ол сөйлемде маңызды қызмет атқаруы және сөйлемнің негізгі мүшесі болуы болып табылады. Мұнда тіл білімі ғалымдарының айтуынша сөйлемнің негізгі құрамдас бөлігі, әрі тірегі болып табылмайтын өзге сөздер, мейлі олар есімді сөз болсын, мейлі етістік болсын, мейлі көмекші сөздер болсын есепке алынбайды.

Бұл сөзге дәлел ретінде Алла Тағаланың мына аяттарын келтіруге болады:

{النَّبِيُّ أَوْلَى بِالْمُؤْمِنِينَ مِنْ أَنفُسِهِمْ وَأَزْوَاجُهُ أُمَّهَاتُهُمْوَأُوْلُو الْأَرْحَامِ بَعْضُهُمْ أَوْلَى بِبَعْضٍ}

(Пайғамбар мүміндерге өздерінен де құқылы, оның әйелдері болса, олардың-аналары. Аллаһтың кітабында ағайын-туғандар бір-бірлеріне мүміндерден және муһажирлардан көрі лайық) . [Аль-Ахзаб сүресі, 6- аят]

Сондай-ақ мына аяттарды да келтіруге болады:

{اللَّهُ يَبْدَأُ الْخَلْقَ ثُمَّ يُعِيدُهُ ثُمَّ إِلَيْهِ تُرْجَعُونَ}

(Аллаһ әуел баста Өзі жаратып, сосын, Өзі қайта жаратады. Сосын Оған қайтарыласыңдар) . [Ар-Рум сүресі, 11- аят]

{سَلَامٌعَلَىإِبْرَاهِيمَ}

(Ибрахимге сәлем болғай, ) . [Ас-Саффат сүресі, 109- аят]

{مَثَلُ الَّذِينَ اتَّخَذُوا مِن دُونِ اللَّهِ أَوْلِيَاء كَمَثَلِ الْعَنكَبُوتِ اتَّخَذَتْ بَيْتاً وَإِنَّ أَوْهَنَ الْبُيُوتِ لَبَيْتُ الْعَنكَبُوتِ لَوْ

كَانُوا يَعْلَمُونَ}

(Аллаһтан басқа «достары» ұстағандардың мысалы дәл үй құрып алып, өрмекшіге ұқсайды. Әлбетте, үйлердің ең осалы өрмекші ұясы. Егер білсе еді) . [Аль-Анкабут сүресі, 41- аят]

Бұл аяттардың барлығында да есім сөздер келеді әрі сөйлемнің негізгі тірегі ( مسند إليه ) есімді сөздер болып табылады. Әрі мұнда соңғы аяттағыдай «Иннә» انَّ және ( كان ) «Кана» секілді көмекші сөздердің кездесуі де ешқандай кедергі болмайды, бұл сөйлемдерді араб тілі грамматикасында есімді сөйлем болып аталады.

Осылайша бұл сөйлемдердің барлығын тіл білімі ғалымдары есімді сөйлемдердің қатарына жатқызады.

Сонымен қатар кей жағдайда сөйлем ішінде есім сөз келгенімен ол есімді сөйлемі болып аталмауы мүмкін дейді тіл мамандары. Бұл есім сөздің сөйлемде негізгі құрамдас бөлігі болмаған кездерінде болады.

Мысалыға Алла Тағаланың :

{خُشَّعاًأَبْصَارُهُمْ يَخْرُجُونَ مِنَ الْأَجْدَ اثِكَأَنَّهُمْ جَرَادٌ مُّنتَشِرٌ}

(олар көздері төменге қарап күйлеріне дәл жайылған шегірткелер сиақты, қабырларынан шығып келеді) . [Аль-Қамар сүресі, 7- аят]

{وَيُرِيكُمْ آيَاتِهِ فَأَيَّ آيَاتِ اللَّهِ تُنكِرُونَ}

(Сендерге Өз аят-белгілерін көрсетеді. Сонда сендер Аллаһтың қайсы аяттарын мойындамайсыңдар?) . [Ғафур сүресі, 81- аят]

{فَفَرِيقاً كَذَّبْتُمْ وَفَرِيقاً تَقْتُلُونَ}

(Біреулерің өтірікші санап, біреулерің өлтіре бермексіңдер ме?) [Аль-Бақара сүресі, 78- аят]

{وَاللَّيْلِ إِذَا يَغْشَى}

(орап келе жатқан түнге серт!) . [Аль-Ләйл сүресі, 1- аят]

Аяттарында есім сөздер кездескенімен бұлар есімді сөйлем болып саналмайды. Себебі бұл жерде сырттай есім сөздер кездесіп тұрғанымен, олар сөйлемнің негізгі тірегі емес.

Араб грамматикасында есімді сөйлем: Мубтәдә ( مبتدأ ) мен баяндауыштан (خبر) (бастауыш пен баяндауыш) немесе бастауыштан және баяндауыштың қызметін атқарушы сөздерден ( سد مسد ) тұрады. Осылайша араб тілі грамматикасы ғалымдарының айтуынша:

Бірінші -бастауыш пен баяндауыштан құралатын сөйлем:

  1. бастауыш+ жекешетүрдегі баяндауыш (مفرد), негізгі (جامد)
  2. бастауыш+ жекешетүрдегі баяндауыш (مفرد), туынды(مشتق)
  3. бастауыш+баяндауыш (сөйлем немесе сөз тіркесі түрінде)
  4. бастауыш+баяндауыш (جملةشبه) немесе мекен-мезгіл үстеуі немесе ілік септігінде тұрған сөздер
  5. жекеше түрдегі баяндауыш (مفرد), негізгі (جامد) + бастауыш
  6. жекешетүрдегі баяндауыш (مفرد), туынды(مشتق) + бастауыш
  7. баяндауыш (сөйлем) + бастауыш
  8. баяндауыш (شبهجملة) + бастауыш

Екінші: бастауыш пен баяндауыштың қызметін атқарушы атау септігі күйіндегі тұратын сөздер ( مسد سد ) .

1 - Нәфи (болымсыздық) шылаулар немесе соған ұқсас көмекші сөздер + туынды وصف مفرد + екілік немесе көпше түрдегі есімше.

2 - Нәфи (болымсыздық) шылаулар немесе соған ұқсас көмекші сөздер + туындыға ұқсас (мунад) وصف مفرد + екілік немесе көпше түрдегі есімше.

3 - Нәфи (болымсыздық) шылаулар немесе соған ұқсас көмекші сөздер + туынды وصف مفرد + екілік немесе көпше түрдегі فاعل نائب .

Үшінші: негізі бастауыш пен баяндауыштан болған сөздерден тұратын сөйлем:

1 - Насх шылаулары ( أداة نسخ ) + негізі бастауыш болған сөз + негізі баяндауыш болған сөз.

2 - Насх шылаулары + негізі баяндауыш болған сөз+ негізі бастауыш болған сөз.

3 - Негізі баяндауыш болған сөз + Насх шылаулары + негізі бастауыш болған сөз.

4 - Негізі бастауыш болған сөз + Насх шылаулары + негізі баяндауыш болған сөз

Төртінші: Түрлі құрамдас болып келетін сөйлемдер

Мұндай сөйлемдер бастауыш пен баяндауыштан тұрады деп айтуға немесе бастауыш пен баяндауыштың орнындағы атау септігіндегі сөздерден ( مسد سد ) тұрады деп атауға болады.

1) Нәфи (болымсыздық білдіретін) шылаулар немесе соған ұқсас көмекші сөздер + туынды жекеше түрдегі وصف + жекеше түрдегі есімше (немесе бастауыш)

2) Нәфи (болымсыздық білдіретін) шылаулар немесе соған ұқсас көмекші сөздер + туындыға ұқсас жекеше түрдегі وصف + жекеше түрдегі есімше (немесе бастауыш)

3) Нәфи (болымсыздық білдіретін) шылаулар немесе соған ұқсас көмекші сөздер + туынды жекеше түрдегі وصف + жекеше түрдегі فاعل نائب (немесе бастауыш)

Бұл есімді сөйлемдердің алуан түрлі болып келуі және сөздердің сөйлемде атқаратын қызметі мен байланыстары тұрғысынан түрлі болуы грамматика ғалымдарын оның түрлерін қайтадан классификациялауға жетеледі. Осылайша олардың арасындағы ерекшеліктерге қарай қайта топтастырып, ортақ бір түрлерге бөліп, олардың арасындағы байланыстарды анықтады. Осылайша оны бастауыш тұрғысынан: баяндауышы бар бастауыш және баяндауышы жоқ бастауыш және болмауы да болмауы да мүмкін болатын бастауышты деп үшке бөлді. Баяндауыш тұрғысынан оны жекеше түрдегі, сөйлем және екеуінің біріне қосылатын деп бөлді. Баяндауыштың مسد йасуд қылатын атау септігіндегі сөз тұрғысынан, есімше болып келетін және فاعل نائب (ырықсыз есім) болып келетін болып екіге бөлінеді. Себеп-салдар қатынасы тұрғысынан негізгі сөйлем, яғни ешқандай өзгеріске, құбылуға ұшырамаған сөйлем және өзгеріске ұшыраған, шартталған немесе насх (кем мағыналы) етілген болып бөлінеді. Сөйлем мүшелерінің тәртібі мен реті тұрғысынан міндетті түрде ретті болатын және ретті болуы рұхсат етілген сөйлем болып бөлінеді.

Ғылыми зерттеулер араб тіліндегі сөйлемдер арасында шын мәнінде «Жумля исмия» деп атауға болатын термин түрі бар екендігін дәлелдейді. Алайда басқа тұрғыдан қарағанда бұл терминнің синтаксис ілімінде кең таралған мағынасынан өзгеше мағына беру немесе оның мағынасын толық анықтау қажеттігі туындайды. Әрине мұны істеу барысында топтастыру негіздері мен бөлу дәлдігін есепке алу қажет. Жоғарыда оны осылай етіп топтастырып шыққан болатынбыз.

Бұл есімді сөйлем түрлерінің қажетті сипаттарын белгілеу үшін маңызды шарттары болып табылады:

- бөлу барысында белгілі бір критерийлерге қарай бөлу;

- бөлген кезде пайда болған түрлер арасында ортақ ерекшелік пен үйлесімділік болуы;

- түрлердің айқын болуы және олардың арасындағы түрлерге кіріп кетпеуі;

- тілдік ерекшеліктерді көрсету тұрғысынан түрлердің кемел болуы;

Осыған орай бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем мен бастауыш пен атау септігі халінде тұрып баяндауыш қызметін атқаратын сөздердің арасында мейлінше үлкен айырмашылық бар екендігінің астын сызып айтып кету қажет. Сондай-ақ жекеше түрдегі (немесе жумля түріндегі) баяндауыш пен جملة شبه түріндегі баяндауыш арасындағы айырмашылықты да атап көрсетуіміз қажет. Олардың біріншісінде сан мен түрдің сәйкестілігі бар болса, екіншісінде бұл сәйкестік жоқ. Сондықтан да алғашқы сөйлемді, яғни бастауыш пен атау септігі халінде тұрып баяндауыш қызметін атқаратын сөздерден ( مسد ) тұратын сөйлемді араб тілінде өзіндік ерекше бір санатқа немесе түрге жатқызуға болады. Оның атауы ретінде тың терминология ретінде الجملة الوصفية «әл-жумлятул-уасфия » анықтауышты сөйлем деп атау беруге болады. Сондай-ақ екінші сөйлемді, яғни баяндауышы зарф (мекен- мезгіл үстеуі) немесе жәрр немесе мажрур болатын сөйлемді араб тіліндегі сөйлем түрлері арасынан жаңа бір санатқа жатқызуға болады. Оны الجملة الظرفية «әл-жумлятул-зарфия» пысықтауышты сөйлем деп атауға болады. Осылайша «әл жумля исмия» терминінің ауқымын қысқартып, сөйлемнің бастауышы төмендегіше болады:

1) Негізгі есім (ғайру муштақ) ;

2) Туынды есім;

3) Субъективті-предикативті қатынасты сөйлем немесе араб тілі білімінде «әл-жумля» деп аталатын термин.

Есімді сөйлем араб тіліндегі өзге сөйлемдер секілді жоғарыда айтып өткеніміздей екі негізгі мүшеден тұрады. Олар: Баяндауыш ( مسند إليه ) және бастауыш ( المسند ) .

Араб тілі синтаксис ғалымдарының жасаған анықтамасы бойынша араб тіліндегі есім сөйлемдердің ең маңызды ерекшеліктерінің оның насх (кем мағыналы) қабылдауында жатыр. Насх - есімді сөйлемге кіріп, сөйлемдегі бастауыш пен баяндауыштың септік жалғауларын және мағынасын өзгеріске ұшырататын көмекші етістіктер мен шылау сөздер. Осы тұрғыдан оны екі түрге бөледі: насх етілмейтін сөйлем және насх етілуі мүмкін болатын сөйлемдер. Бұлардың алғашқысын الجملة المطلقة «абсолютті сөйлем».

1. 2 Абсалютті есімді сөйлем және оның сөйлем мүшелері

الجملة الاسمية المطلقة

Араб тілі ғылымының ғұламалары ерте ғасырлардан бері المطلقة абсалютті есімді сөйлемінің қос тарапын бастауыш пен баяндауышпен шектеумен ғана анықтама беріп келген. " "المبتدأ Бастауыш атауын сөйлемдегі "المسند إليه" берсе, "الخبر" баяндауышқа "المسند" атауын берген. Біз мұнда олардың әрқайсысының жеке анықтамасын беруге тырысамыз. Және де көптеген араб тілі ғалымдарының бастауыш пен баяндауышқа берген анықтамаларын ұсынамыз. Сондай-ақ, олардың әрбіріне байланысты тілдік ережелерді атап айтқаннан соң тілдегі екеуіне де ортақ ережелерге тоқталатын боламыз. Қасиетті Құраннан келтірілген аяттар мен араб ақындарының өлең шумақтарын мысал ретінде келтіреміз.

1. 2. 1Бастауыштың анықтамасы

تعريف المبتدأ

"المبتدأ" Бастауыш термині әуел бастан бері тек қана есімді сөйлемдеріне қатысты қолданылмағандығын көруге болады. Ол сонымен қатар екі сөйлем түрінде "الظرفية" пысықтауышты және "الواصفية" толықтауышты сөйлемдерінде де қолданылады. Себебі ол сөйлемдерде де сөйлемнің негізгі екі тірегінің бірі қызметін атқарады. Алайда бір айта кететін айырмашылық пысықтауышты және есімді сөйлемдерінде бастауыш مسند إليه қызметін атқарса, толықтауышты сөйлемдерде баяндауыш ретінде қолданылады. Осылайша араб тілі синтаксис ілімінде бастауыштың алуан түрлі мағыналары мен қызметтері оған берілген анықтамаларға әсер ететіні белгілі болды. Сол себепті синтаксис ғалымдары оның барлық ерекшеліктерін қамтитын, ортақ бір анықтама беруге тырысты.

Ал кейбір ғалымдар оның барлық ерекшеліктерін қамтитын анықтама берудің қиындығын байқап, оның ең басты ерекшелігін негізге ала отырып, екі түрлі анықтама келтіруге тырысады. Бұл екі ұстанымдағы көзқарас бастауыштың анықтамасы тұрғысында, араб тілі білімінде өз ізін қалдырғаны нақ.

Шамасы қолымызда бар анықтамалар ішінен бастауышқа берілген ең көне анықтама 316 жылы дүниеден озған Әбу Бәкір бин Әс-Сираждың «Әл-усулу фин-наху» атты еңбегінде берген анықтамасы болса керек.

Бұлай дейтін себебіміз одан ертерек өмір сүрген Сибәуәйһи бастауыш терминін « مسند إليه » мағынасында қолданғанымен, оның анықтамасын берместен, тек қана бірнеше мысал келтірумен ғана шектеледі. Дәл сол сияқты Әл-Мубридте өзінің «Әл-муқтадаб» атты еңбегінде бастауышқа анықтама бермейді. Ал Ибн Сираж болса, алғаш рет бастауыштың анықтамасын беруге талпынады, ол:

Бастауыш дегеніміз есімдердің, етістіктердің және шылаулардың меңгеруші сөзінен әсерленбейтін, сөйлемді бастау үшін пайдаланылатын, өзінен кейін баяндауышы тұратын, бірі-бірінсіз болмайтын, екеуі де атау септігінде, тұратын сөздердің алғашқысы. Мысалыға: « الله ربنا » (Аллаһ біздің Раббымыз) және « محمد نبينا » (Мұхаммад елшіміз) деген сөйлем. Бастауыш баяндауышсыз ешқашан да толық сөйлем бола алмайды».

Оның анықтамасы бойынша бастауыш есімді сөз - себебі есімдердің меңгеруші сөздерінен тек қана есімдер әсерленеді - сөйлемді бастайды, сөз түріндегі меңгеруші сөздерден мейлі ол есім, мейлі етістік мейлі шылау болсын, толықтай тәуелсіз болады. Жазылмайтын меңгеруші сөздің, яғни сөйлемді бастауының себебінен атау септігінде болады. Баяндауышпен бірге ғана толық мағыналы тіркес болып, екеуінің бірі болмаса сөйлем толық болмайды.

Осыған жақын бір анықтаманы Әз-Зубәйди келтіреді: Әбу Бәкір Мухаммад бин Хасан, 379 жылы қайтыс болған. Ол өзінің «Әл-Уадых» атты еңбегінде былай дейді:

«Егер де бір есіммен сөз бастап, ол жайында баяндауың керек болса, ешқандай меңгеруші сөз қоспаған болсаң, ол есімді сөзді бастаған себебінен атау септігіне қой. Одан кейін оны баяндау үшін бір есім немесе сипат келтіретін болсаң оны да атау септігіне қой. Өйткені ол бастауыштың баяндауышы. Көріп отырғанымыздай бұл анықтама Ибн Сираждың анықтамасының мәтінін дәл қайталамаса да содан шабыт алынып айтылғаны әбден көрінеді.

Ал 392 жылы дүниеден озған Ибн Жәни Әбул-Фат Усман болса кішкене өзгерістер енгізе отырып Ибн Сираждың мәтінін былай қайталайды. Оның «Әл-ламғ» атты еңбегінде:«Бастауыш дегеніміз сөйлемді бастайтын және сөз түріндегі меңгеруші сөздерден тәуелсіз болып келетін екі есім сөздің алғашқысы» делінеді . Ал екіншісі оның баяндауышы болады. Әрі бұл есім сөйлемді бастауының себебінен атау септігінде тұрады, яғни марфуғ болады».

Ибн Бурхан Әбу Қасым Абдулуахид бин Алибин Умар, ( қайтыс болған жылы 456) Ибн Жәнидің айтқанына көп нәрсе қоспайды. Тек соған ұқсас бір анықтама келтіре отырып, кейбір элементтеріне түсініктеме берумен шектеледі. Оның берген анықтамасы бойынша:

«Бастауыш дегеніміз сөз түріндегі меңгеруші сөздерден тәуелсіз болып келген есімді сөз. Оындай екі сөзден құралған тіркестің алғашқысы бастауыш болады. Мысалы: زيد قائم ( Зайд тұрып тұр) .

Замахшариге келер болсақ; Ол кісінің толық аты Әбул Қасым Махмуд бин Умар (қайтыс болған жылы 538) ол анықтама беру тұрғысында кейбір элементтеріне ғана тоқталумен шектеліп, барлық тұстарын қамтуға тырыспайды. Оның айтуынша: «Бастауыш пен баяндауыш тіркестен тәуелсіз екі есім. Мысалыға мына сөздей: زيد منطلق (Зайд кетіп бара жатыр) . Мұндағы меңгеруші сөздерден тәуелсіз дегенім, «кана, ин және хасибтә» және олардың сыңарлары. Өйткені ол екеуі осы меңгеруші сөздерден таза болмаса, олар келіп оның атау септігі күйіндегі тұрақтылығын жойып жібереді. Олардың тіркестен тәуелсіз болуы олардың атау септігінде болуының себебі болып табылады». (Әл-муфсили, Әз-Замахшари)

Шамамен бір ғасыр кейін өмір сүрген Ибн Хажибтің де берген анықтамасы осы бағытта бағытталады. 656 жылы һижрия жыл есеп санауы бойынша дүниеден озған Ибн Хажибтің толық есімі Жәмәлуддин Әбу Ғамр Осман бин Умар есім сөйлеміндегі مسند إليه немесе толықтауышты сөйлемдегі مسند إليه болған бастауыштың екі түріне ашық түрде ауқымды анықтама келтіреді: «Бастауыш дегеніміз сөз түріндегі меңгеруші сөздерден тәуелсіз болған сөз, ол مسند إليه немесе белгісіз шылаумен және сұрау шылауы أ хамзадан кейін келген сипат түрінде келіп, атау септігінде болады. Мысалға: زيد قائم (Зайд, тұрып тұр) وما قائم الزيدان، (Зайд тұрып тұрған жоқ) أ قائم الزيدان؟ (Зайдан тұрып тұрма?) . Бұл анықтама байқап отырғанымыздай бастауышқа қатысты екі түрлі ақиқатты қамтиды.

Қорыта келгенде бастауыштың مسند إليه ретінде сипаты басым болғандықтан оның анықтамасы біздің ойымызша былай болады: «атау септігінде тұратын, сөз түріндегі меңгеруші сөздерден тәуелсіз болатын, مسند إليه қызметін атқаратын және баяндауышпен қосылып бір сөйлем құрай алатын белгілі бір есім».

Есім сөздерінің қатарына жататындар. Ең әуелі айқын түрдегі есімдер. Мысалыға Құранның мына аяттарындағы:

{اللّهُ لاَ إِلَـهَ إِلاَّ هُوالْحَيُّ الْقَيُّومُ}

(Аллаһтан басқа ешқандай Құдай жоқ, Жалғыз Оның Өзі бар. Ол-Тірі және мәңгі Тұрушы) . [Аль-Бақара сүресі, 255- аят]

Сондай-ақ мына аяттағы:

} الْحَمْدُ للّهِ رَبِّ الْعَالَمِينَ {

(Мадақ-алғыс түгел әлемдердің Қожасы Аллаһ Тағалаға тән) . [Аль-Фатиха сүресі, 2- аят]

Екіншіден ойша есім меңзелген сөйлемдер. Мысалы:

{وَأَن تَصُومُواْ خَيْرٌ لَّكُمْ}

(Ораза тұтуларың өздерің үшін жақсырақ) . [Аль-Бақара сүресі, 184- аят]

Сондай-ақ мына аят:

{وَأَن تَعْفُواْ أَقْرَبُ لِلتَّقْوَ ى }

(Кешірулерің -тақуаға жақын іс) . [Аль-Бақара сүресі, 237- аят]

Үшіншіден айқын түрдегі есімдердің түрлерін қамтиды. Мысалыға жіктеу есімдіктері:

{أَأَنتُمْ أَشَدُّ خَلْقاً أَمِ السَّمَاء بَنَاهَا}

(Сендерді жарату қиындау ма? Немесе көктіме?! (Аллаһ) оны пана жасады. [Ан-Назиғат сүресі, 27- аят]

Немесе сілтеу есімдіктері:

{ذَلِكَ الْكِتَابُ لاَ رَيْبَ فِيهِ}

((Аллаһ Тағаланың хақ-шын сөзі екендігіне) ешқандай шәк болмаған бұл Кітап) . [Аль-Бақара сүресі, 12- аят]

Немесе маусул(сілтеу) есімдіктері:

{الَّذِينَ خَسِرُواْ أَنفُسَهُمْ فَهُمْ لاَ يُؤْمِنُونَ}

(Тек өздеріне зиян қылғандар ғана иман келтірмейді) . [Аль-Анғам сүресі, 12- аят]

Немесе المشتق (туынды) сипаттар (сын есімдер) :

{وَالسَّابِقُونَ السَّابِقُونَ {} أُوْلَئِكَ الْمُقَرَّبُونَ}

(Озат болушылар, озат болушылар!Міне солар- нығымет бауларында жақын қылушылар) . [Аль-Уақиға сүресі, 10-11 аят]

Есім сөздер حقيقي және حكمي болып келеді.

حكمي дегеннің мағынасы араб тілі ережесінде есім емес, сөздердің есімді меңзеу үшін қолданылуы. Себебі кез-келген сөздің меңзеген мағынасы оның негізгі мағынасы болып табылады. Мысалыға: « الباء حرف جرَ » және « قام فعل ماض » деп айтатын болсаң бұл жерде « الباء » сөзі есім болып табылады. Дәл сол сияқты « قام » сөзі де мұнда есім рөлінде тұр.

Сондай-ақ мысалдарда келтіріп кеткеніміздей есім сөздер белгілі болуымен қатар белгісіз сөздерді де қамтиды.

Нәкираға (белгісіз) мысал келтірер болсақ:

{وَلأَمَةٌ مُّؤْمِنَةٌ خَيْرٌ مِّن مُّشْرِكَةٍ وَلَوْ أَعْجَبَتْكُمْ }

(Күдіксіз, азат мүшріктен- олар сендерге ұнасада, -иманды құл жақсырақ) . [Аль-Бақара сүресі, 221- аят]

« وَلَعَبْدٌ مُّؤْمِنٌ خَيْرٌ مِّن مُّشْرِكٍ وَلَوْ أَعْجَبَكُم }

(Күдіксіз азат мүшрік әйелден -олар тіптен, олар сендерге ұнасада, -иманды күң әйел жақсырақ) . [Аль-Бақара сүресі, 221- аят]

(Мағынасы ұғымды болуы) . Мағынасы түсініксіз немесе ұғымы шектеулі болған есімдер бастауыш бола алмайды. Себебі бастауыш махкумун ғаләйһи болғандықтан үкімді білдіруі үшін мағынасының белгілі болуы керек.

Ибн Сираж былай дейді: «Мубтәдәнің міндеті атау септігінде болуы, немесе белгісіз болатын болса, белгілі хәлге жақын түрдегі, белгілі сипаттары баяндалған белгісіз сөз болуы керек. Белгілі хәлдегі бастауышқа мысал берер болсақ: وزيد قائم ( Зайд тұрып тұр) عبد الله أخوك، (Абдуллах сенің ағаң) .

Ал енді белгілі хәлге жақын түрдегі белгісіз болып келетін бастауышқа мысал берер болсақ: (Тамимнен бір кісі маған келді) رجل من تميم جاءني (менің сенімім сенен артық) وخير منك يقيني (Зайдтің досы маған келді) وصاحب لزيد جاءني . Бастауыштың таза белгісіз хәлден болмайтын себебі ол толық мағына бермейді. Толық мағына бермейтін сөзден, толыққанды бастауыш болуы мүмкін емес. Мысалға: رجل قائما،أو عالما (ер кісі тұрған күйде немесе біліп) дейтін болсаң, бұл сөйлемде ой аяқталмайды.

(Белгілі болуы керек) Яғни атау септігі күйінен өзге хәлдегі сөздер бастауыш бола алмайды. Мысалға: إنّ (Иннә), ظنّ (зонна) және солардың сыңарларынан кейін келген есім сөз, араб тілі мамандарының қағидасында басатауыш болып саналмайды.

(Сөз түріндегі меңгеруші сөздерден тәуелсіз болуы) дегеніміз атау септігі күйінде болғанымен, басқа сөздердің ықпалында болған сөз бастауыш бола алмайды дегенді білдіреді. Мысалға ( كان ) және оның сыңарларынан кейін келген есім сөз. Немесе біреудің من قام؟ (Кім тұрды?) деген сауалына жауап ретінде زيد (Зайд) деп айтсақ, бұл сөз бастауыш бола алмайды. Себебі оның тақдирі (ашып оқылуы) « قام زيد » болады. Осылайша сырт көріністе Зайд زيدٌ сөзі өз бетінше белгілі хәлде болып көргенімен, негізінде ол басқа сөздің ықпалында белгілі хәлде болып тұр.

Меңгерілуші сөздерге қатысты бір шарт (Зәид харфтер немесе соған ұқсасы) болмауы керек. Себебі, харф зәид немесе соған ұқсас нәрсе енсе бастауыштың сөзіне ғана әсер етеді. Зәид харф енген сөйлемге мысал келтірер болсақ: « هَلْ مِنْ خَالِقٍ غَيْرُ اللَّهِ ».

Аллаһтан басқа бір жаратушы бар ма?

Сондай-ақ بحسبك درهم (саған бір дирхам жеткілікті) сөзін де мысалға келтіруге болады. Алғашқы мысалдағы аяттағы « مِنْ » жалғауын араб тіл мамандары зәид деп атайды. Ал ондағы « خَالِقٍ » сөзі « مِنْ » жалғауы мен сөзі ғана ілік септігі болып тұр. Келесі мысалдағы «бә» жалғауы зәид. Ал одан «хасбикә» сөзі ғана ілік септігінде тұрған бастауыш.

Ал зәид харфке ұқсасына (шибху) мысал келтіретін болсақ Кағб бин Сағдтың мына сөзін келтіреміз:

فقلت ادع أخري وارفع الصوت جهرة لعل أبي الغوار منك قريب

(даусыңды шығарып шақыр, мүмкін әкем саған жақын шығар)

Немесе رب رجل صالح (мүмкін ер кісі жақсы) деген сөзді мысалға келтіре аламыз. Осындай رب «Руббә» және لعل «ләғәллә» сөздерінен ілік септігі болған сөздері ғана ілік септігінде болғанымен, мағынасы атау септігі күйіндегі бастауыш болып қала бермек. Себебі бұл екі шылау зайд харфке ұқсас болып, өзінен кейінгі сөзбен байланыспайды.

1. 2. 2 Баяндауыштың анықтамасы

تعريف الخبر

Баяндауыш дегеніміз бастауышпен бірге бір сөйлемді құрайтын сөйлемнің құрамдас бөлігі болып табылады. Алайда бұл баяндауышты сөйлем түріне қатысты баяндауыш ұғымынан ажырату керек. Себебі араб тілінде баяндауыш сөзі баяндауыш мағынасымен қатар баяндауышты сөйлем ұғымында да الأسلوب الخبري (әл-услубул-аль-хабари) кездеседі. Олай болса баяндауыш сөзінің мағынасы муштәрак сөздердің қатарына жатады екен.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Етістікті болымсыз сөйлемдер
«Екінші шет тілінің тәжірибелік курсы» пәнінен практикалық сабақтың әдістемелік нұсқауы
Қазақ және араб тіліндегі бастауыштың ұқсастықтары мен ерекшеліктері
Қазақстан мектептеріндегі шетел тілдері
Газет мақалалары тақырыптарының синтаксистік құрылымы
Газет мақала тақырыптарын зерттеу
Араб грамматикасы
Құран Кәрімді қазақ тіліне аудару мәселелері
Қазақ дипломатиялық дискурсы негіздері
Қазақ тілі мамандығының магистратураға қабылдау емтиханның бағдарламасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz