Қаздауысты Қазыбек



Тұңғыш рет Қазыбек би 13—14 жасқа толған шағында Жоңғар хандығына Тайкелтір бастаған елшіліктің қосшысы болып барады. Осы сапар барысын-да болған бізге белгісіз мынандай бір оқиға бар. «Ұзак жол қысқарсын» деп, жас Қазыбек Тайкелтірге жақындай келе, атын теңестіріп: «Алдияр, жоңғар ханының алдына барғанда сөзімізді неден бастағанымыз дұрыс, соны ойлансақ қалай болады», — дейді. Сонда Тайкелтір бұғанасы әлі қатпаған баланың бұлай сөйлеуіне разы болмай: «Оған ойланудың қажеті не, аузымызға қандай сөз түссе, содан бастаймыз да», — деп атына қамшы басып, желе жөнелген екен.

Бала... бала болса да—дана...
Жоңғар ханының ордасына келген соң Тайкелтірдің аузына сез түспей, тұтығып: «Өгізімді өлеңді жерге қойыппын, өз алдыңа келіппін» деп міңгірлеп, тоқтап калган көрінеді. Тақ үстінде отырған жоңғар ханы сөздің мәнін түсінбей, «өгізі кім» дегендей жан-жағына қарап, ешкім үн қатпаған соң, бес тал мұртын тікірейтіп, ашу шакыра бастайды.
Дәл сол сәтте қазақ елшілігінің арасынан ең төмен отырған жас Қазыбек орнынан атып тұрып, төсін оң колымен басып, бір иіле:
Ордың жалгыз ағашына таңба салғыздың,
Ол да сенің өнерің
Мұғалжардан тас алғыздың,
Ол да сенің өнерің.
Ертістен арық тартып ат суғарттың,
Ол да сенің өнерің.
Айналада алты хан бар еді,
Өзіңнен артық кім бар еді.
Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарылғасының бар еді,
Сол жарылғасыннан үміт қылып келдік, — деген екен.
Сол сәтте хан күлімсіреп «олай болса, шаруаларыңды айтыңдар», —дейді. Тоқтап қалған Тайкелтірге Қазыбек бір қарап, сөзін одан әрі батылырақ өрбіте келе ханнан шапқыншылықта қолға түскен тоқсан жесірді қайтаруға келгенін баяндайды. Жоңғарлықтардың ханы алғыр

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қаздауысты Қазыбек

Тұңғыш рет Қазыбек би 13—14 жасқа толған шағында Жоңғар
хандығына Тайкелтір бастаған елшіліктің қосшысы болып барады. Осы сапар
барысын-да болған бізге белгісіз мынандай бір оқиға бар. Ұзак жол
қысқарсын деп, жас Қазыбек Тайкелтірге жақындай келе, атын теңестіріп:
Алдияр, жоңғар ханының алдына барғанда сөзімізді неден бастағанымыз дұрыс,
соны ойлансақ қалай болады, — дейді. Сонда Тайкелтір бұғанасы әлі қатпаған
баланың бұлай сөйлеуіне разы болмай: Оған ойланудың қажеті не, аузымызға
қандай сөз түссе, содан бастаймыз да, — деп атына қамшы басып, желе
жөнелген екен.

Бала... бала болса да—дана...
Жоңғар ханының ордасына келген соң Тайкелтірдің аузына сез түспей,
тұтығып: Өгізімді өлеңді жерге қойыппын, өз алдыңа келіппін деп
міңгірлеп, тоқтап калган көрінеді. Тақ үстінде отырған жоңғар ханы сөздің
мәнін түсінбей, өгізі кім дегендей жан-жағына қарап, ешкім үн қатпаған
соң, бес тал мұртын тікірейтіп, ашу шакыра бастайды.
Дәл сол сәтте қазақ елшілігінің арасынан ең төмен отырған жас Қазыбек
орнынан атып тұрып, төсін оң колымен басып, бір иіле:
Ордың жалгыз ағашына таңба салғыздың,

Ол да сенің өнерің

Мұғалжардан тас алғыздың,
Ол да сенің өнерің.
Ертістен арық тартып ат суғарттың,
Ол да сенің өнерің.
Айналада алты хан бар еді,
Өзіңнен артық кім бар еді.
Қатты қарғысың болса,
Қайырлы жарылғасының бар еді,
Сол жарылғасыннан үміт қылып келдік, — деген екен.
Сол сәтте хан күлімсіреп олай болса, шаруаларыңды айтыңдар, —дейді.
Тоқтап қалған Тайкелтірге Қазыбек бір қарап, сөзін одан әрі батылырақ
өрбіте келе ханнан шапқыншылықта қолға түскен тоқсан жесірді қайтаруға
келгенін баяндайды. Жоңғарлықтардың ханы алғыр жігіттің иығынан кағып:
Елің үшін туған ұл екенсің, дана болуға лайықсың, сен сияқты ерлері бар
елді тәуелді ету маған оңайға соқпас,—деп күң болып жүрген жесірлерді
босаткан екен.
Бір дауда екі жан жоқ...

Есейген шағында Қазыбек би тұтқынға түскен Абылайды босатып алады.
Бірақ жоңғарлар Абылаймен бірге тұтқынға түскен Жәпек батырды аманатқа
ұстап беруден бас тартады. Қазыбек би бастаған қазақ елшілері мұнымен
келіспейді, бар шешендік өнерлерін көрсете дауласып, айтыс-тартысқа түседі.
Қазыбек бидің сол сәтте айтқан сөздері барлық басылымдарда жарық көрді.
Бірақ, бізге жетпеген, беймәлім қырлары да бар екен. Оның мазмүны:
Ежелден ерке елшімін,
Елдескелі отырмын.
Өрлесем қанша өлім жоқ,
Белдескелі отырмын.
Алыс кетсе арамыз,
Шендескелі отырмын.
Өршелеген өр болса,
Келдескелі отырмын.
Жазылмайтын жара жоқ,
Жаласқалы отырмын.
Жолсыз айтқан жобаңа,
Таласқалы отырмын.
Жага болса жыртылған,
Жамасқалы отырмын.
Қала болса бұзылған,
Қаласқалы отырмын.
Құлдыққа көнген ел жоқ,
Құрағалы отырмын.
Бір дауда екі жан жоқ,
Сұрағалы отырмын.
Екеуін бірдей бермесең,
Қағысқалы отырмын.
Әлемге бірдей жора бар,
Салысқалы отырмын.
Ордаңда бар төрт жайсаң,
Мен де сондай елімде.
Уәдеңнен сен тайсаң,
Қасірет келер жеріңе.
Осы шумақтардан кейін сөзден ұтылған қоңтайшы Жәпек батырды да
босатқан екен.

Айтар сөздің мәнісі...
Бірде Қаздауысты Қазыбек би жол жүріп келе жатып, шаршаған соң жақын
ауылға атының басын бұрады. Үйде отағасы жоқ екен, бірақ үй иесінің әйелі
оны жақсы инабаттылықпен карсы алады, алдына ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазыбек би туралы
ҚАЗ ДАУЫСТЫ ҚАЗЫБЕК БИ (1667 - 1764)
Шешендік арнау сөздер
Қазақ даласындағы шешендік өнер
Ауыз әдебиетіндегі шешендік өнердің қазақи үрдісін ғылыми тұрғыда қалыптастырып, шешендік сипатын, сөз саптау ерекшелігін, битанудағы ролін жалпы ауыз әдеби ерекшелігін ашып көрсету
Баспасөз материалдарына шолу
Сыпатай батыр Әлібекұлы
18 ғасырдағы қазақ әдебиетінің даму жөніндегі сипаты
Аңыз әңгімелер жайлы
Битанудағы шешендік өнердің ролі
Пәндер