Агроөнеркәсіптік кешеніндегі бәсеке


- Агроөнеркәсіптік кешенінің бәсекеге қабілеттілігінің теоретикалық аспектілері
1. 1 Агроөнеркәсіптік кешеніндегі бәсеке
Қазіргі уақытта бәсекеге қабілеттілік термині тек ғылыми әдебиеттер де емес, сондай-ақ саясаткерлердің, экономистердің, бизнесмендердің және журналистердің күнделікті өмірінде де кеңінен қолдануда.
Бәcекеге қабілеттілік қоғaмның дaму деңгейін aнықтaйды:елдің бәсекеге қaбілеттілігі неғұрлым жоғaры болған сaйын, соғұрлым осы елдің тұрмыс жaғдaйы жоғaры болaды.
Бәсeке- шaруaшылық жүргізудің ең қoлaйлы жaғдaйлaры мен жоғары пайда алудың ең жақсы мүмкіншіліктері үшін тaуaр өндірушілердің aрaсындағы экономикaлық күрес. Сoнымен қатар, бәсeке тaуaр өндіру мен өткізуде, сондай ақ кaпитaл сaлу шеңберіндегі рынoктық субъектілeрдің әрекет ету бағыттaрын aнықтaйтын рынoктық меxaнизмнің элементі бoлып табылады[1] .
Бәсекелестік - екі немесе көп агенттердің олардың тарапынан қандай да бір күш жұмсау арқылы қолжетімді болатын бір ғана шектеулі ресурсқа бағытталған әрекеттері [2, 9 б] .
Бәсекеге қабілеттілік санаты жан-жақтылық қасиетіне ие және нарықтық қатынастардың объектісімен қатар (тауар, қызмет), субъектісіне де (ұйым, сала, жалпы мемлекет) таралады.
Бәсекеге қабілеттілік көп деңгейлі (микро, мезо, макро және әр деңгейде бәсекеге қабілеттілікті анықтауда өзінің анықтамасы бар) [3] .
Бәсекеге қабілеттілік - әр түрлі деңгейде қарастырылатын күрделі экономикалық категория [4 ] (1- кесте)
Кесте 1- Бәсекеге қабілеттілік деңгейі
Тауар өндіруші
(ұйым, кәсіпорын)
Өнімнің салыстырмалы бәсекеге қабілеттілігі
Өндірістік қызметтің тиімділігі
Қызметтің қаржылық көрсеткіштері
Ұйымның тиімділігі мен нарықта өнімнің өтуі мен оның үлесі сбыта продукции на рынке и его доля
Саланың ішкі құрылысы
Сыртқы ортаның ықпалы
Жеке элементтердің бәсекеге қабілеттілігі
Жүйенің элементтері арасындағы өзара іс-әрекет
Халық шаруашылығы,
елдің бәсекеге қабілеттілігі,
аймақтардың бәсекеге қабілеттілігі
Инвестициялық климат
Ғылыми-техникалық деңгей
Конкурентоспособность промышленности и отраслей народнохозяйственного комплекса в целом
Жалпы халық шаруашылық кешен саласы мен өнеркәсіптің бәсекеге қабілеттілігі
- Сондай-ақ экономист ғалымдардың көптеген еңбектерінде бәсекеге қабілеттілік ұғымының анықтамасына қатысты әртүрлі тәсілдемелері бар. Профессор Садовский Т. Г. пікірінше, «бәсекеге қабілеттілік - нарықта бар үздік ұқсас объектілерімен салыстырғанда нақты қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын объектілердің ерекшелігі» [5, 272 б] .
Профессор Томилов В. В. бәсекеге қабілеттілікті бәсекелес компанияға қарағанда ең үздік ұсыныспен қамтамасыз ету қабілеттілігі ретінде айқындайды [6, 13 б] .
«Бәсекеге қабілеттілік - ішкі және сыртқы нарықтарда елдің немесе тауар өндірушінің экономикалық, әлеуметтік, саяси факторларымен шартталған жағдайы», - деген анықтаманы профессор Селезнёв А. Я. көрсетті .
«Бәсекеге қабілеттілік» термині тауарға (өнімге) қатысты қолданылады, яғни бәсекеге қабілеттілік өнім тұрғысынан қарастырылады. Алайда мұндай түсініктеме, Яновский А. И. пікірінше, біржақты ғана, өйткені өнім өндірушінің бәселестік позициясын және ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін көрсетпейді. Бұл мәселе батыс авторларымен барынша жоғары деңгейде қарастырған, олар бәсекеге қабілеттілік ұғымын жеке мемлекеттердің немесе тауарлармен, фермалар экономикасымен байланыстырады [4] .
Американдық экономистер М. Эрлих пен Дж. Хайн халықаралық бәсекеге қабілеттілікті «мемлекет неесе фирманың өзінің тауарын сату қабілеттілігі» ретінде анықтайды [7, 138-144б] .
Америка авторларының пікірінше ұлттық бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы «ұлттық экономиканың басқа елдерде өндірілетін тауарлар және қызмет түрлерімен бәсекелестік күрес жағдайындағы тауар және қызмет түрлерін өндіруі мен тұтынуына қабілеттілігі, бұған қоса мұның нәтижесінде халықаралық экологиялық стандартты сақтай отырып, халықтың өмір сүру деңгейі артуға тиіс».
Елдің бәсекеге қабілеттілігі - ел экономикасының халықаралық саудаға қатынасу, әлемдік нарықта белгілі сегменттерін кеңейту және ұстап тұру, әлемдік үлгіге сай өнім өндіру қабілеттілігі [8, 117 б] .
Ұлттық бәсекеге қабілеттілік ұғымы туралы қазақстандық ғалымдардың көзқарастарына тоқталар болсақ, ҚР ҰҒА академигі Я. Ә. Әубәкіровтің пікірінше, кейінгі жылдары бәсекелестік теориясында жаһандану аясының кеңеюіне байланысты жаңа аспектілер пайда болды. Егер бұрын экономикалық әдебиеттерде бәсеке тауар өндірушілер арасындағы қарым-қатынас ретінде қарастырылса, қазір бәсеке заңдылықтары қоғамдық қатынастар аясын кеңінен қамтып, елдің, ұлттың, мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін кеңінен қамтуда [9, 39б] .
ҚР-ның белгілі ғалымы К. Сағадиев бәсекеге қабілеттілікті экономиканың тұрақты өсуінің салдары деп қарастырады. Тұрлаулы даму - бұл келешек ұрпақтың қажеттіліктерін қанағаттандыру мүмкіндіктеріне кедергі келтірмей, бүгінгі ұрпақ қажеттіліктерін қанағаттандыра алу. Бұл экологиялық, әлеуметтік, экономикалық, саяси мәселелерді де тұтастай қамтитын ұғым [10, 5 б] .
XX ғасырдың екінші жартысында бәсекелестік жаңа белгілерге толығады.
Біріншіден, бастапқы ашық нарықтардағы жеке тауар өндірушілердің еркін бәсекелестігі әртүрлі формада біршама жабық нарықтардағы монополистік және олигополистік құрылымдардың бәсекелестігімен үйлеседі.
Екіншіден, бәсекелестіктің бағалық әдістерінен бірте-бірте бейбағалық әдістерге қарай жылысу байқалады, дегенмен де ақиқаттағы экономикаларда әрдайым бұлардың үйлесіп отыруы байқалады.
Үшіншіден, сұраныс құрылымының жаппай біркелкілендірілген өнімді тұтынудың жеке тұтынушылық және инвестициялық сұраныстарды қанағаттандыруға қарай өзгеруі бәсекелестік қарқынының дамуымен байланысты әртүрлі бөліктерге ыдыраған нарықтардың туындауына алып келеді.
Әлемдік экономикалық әдебиетте бәсекеге қабілеттілік тақырыбы соңғы жиырма бес жылдың ішінде өзектілердің біріне айналып отыр.
Бұл мәселе (нақты нарықтардағы бәсекеге қабілеттілік ретінде емес) кең көлемде алғанда АҚШ-та XX ғасырдың 80-жылдардың басында жапон экономикасы табыстылығының себептеріне, америка экономикасын «бейиндустриалдау» қаупінің алдын алу жолдарына жауап іздеудің нәтижесінде пайда болып, ұлттық бәсекеге қабілеттілік бойынша Кеңестің сараптамалық басылымдарында көтеріліп отырды.
Жаһандық бәсекеге қабілеттілікке қатысты ғылыми зерттеулер ішінде жылдық баяндамаларында жарияланып тұратын Бүкіләлемдік экономикалық форумның әзірлемелері ( Word Economic Forum- WEF) ерекше орын алады. WEF-тің салыстырмалы бағыттағы зерттеулері әлемдік экономикалық жүйенің жаһандануының қарыштап өскен 20 ғасырдың 90-жылдары ерекше танымалдылыққа ие болды.
Бәсекеге қабілеттілік проблемасына қатысты шетел авторларының іргелі еңбектерінің санатында Гарвард университетінің профессоры М. Портердің 1993 жылы «Халықаралық бәсекелестік» атымен орыс тілінде жарық көрген «Елдердің бәсекелік басымдығы» атты зерттеуін атауға болады. Мұнда автор жаһандық көлемдегі елдердің бәсекелік басымдығының эволюциясын, халықаралық қарсыластықтағы елдердің бәсекелік басымдықтарының детерминанттары мен динамикасынан тұратын елдердің бәсекелік басымдығының жаңа теориясын (кеңейтілген тұжырымдамасын) жасайды [2, 11б, 13б] .
М. Портердің пікірінше «Бәсекеге қабілеттілік тұжырымдамасы тек ресурстарды пайдаланудың өнімділігіне ғана негізделеді. Елдегі өмір сүру деңгейінің өсімі ресурстарды пайдалану өнімділігіне тікелей байланысты.
М. Вебердің классикалық анықтамасы бойынша бәсекелестік- «басқалар үшін де қалаулы мүмкіншіліктер мен артықшылықтар үстінен бақылау орнатудың бейбіт тәсілдері». Бәсекелестіктің туындауының бастапқы алғышартына қандай да бір күш жұмсаудың нәтижесінде қол жеткізе алатын бірнеше агенттердің бір мезгілдегі қалауына ілінген шектеулі көлемдегі ресурстардың болуы жатады. Олар ресурстың шектеулілігі, оның тартымдылығы және бірнеше нарыққа қатысушылардың оған қол жетімділігі сияқты элементтердің болуы бәсекелестіктің тууы үшін міндетті болып саналады. Егер ресурс шектеулі немесе тартымды болмаса бәсекелестік проблемасы туындамайды. Себебі ол тараптар жағынан қиындықтарды жеңу, күш салу әрекеттерін талап етеді. Егер ресурсқа тек қана бір агент таласса, онда жарыс алаңы болмайды. Сондай-ақ принципті түрде ресурс бірнеше жарысушылар үшін қол жетімсіз болса, мұнда да бәсекелестік туралы айтудың қажеті жоқ [2, 8 б] .
Бәсекеге қабілеттілікті экономикалық жарыс субъектісі үшін артықшылықтар жасайтын қабілеттілікке ие ретінде қарастыруға болады. Бұл түсінік «өнімнің бәсекеге қабілеттілігі», «кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі», «аймақтың бәсекеге қабілеттілігі», «саланың бәсекеге қабілеттілігі», «елдің бәсекеге қабілеттілігі» және т. б. секілді жеке ұғымдардың үлкен тобына қатынасы бойынша жинақтаушы болып табылады. Бәсекеге қабілеттілік, өз кезегінде, бәсекелестік артықшылықтарға негізделеді. Түсініктеме аппаратын зерттеу келесідей қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:
- бәсекеге қабілеттілік ұғымы зерттеушінің мақсаттары мен міндеттеріне, нарықтық қатынастар субъектілерінің талаптарына (тұтынушы, бәсекелестер, инвесторлар, серіктестер) және қызмет ауқымына (ішкі, сыртқы нарықтар) байланысты түрленеді;
- бәсекеге қабілеттілік ұғымы көп жағдайда бәсекеге қабілеттіліктің өсу әлеуетін айқындайтын факторларды ескеруінсіз, ағымдағы уақытта деңгейді бағалауға бағдарланған;
- кәсіпорын (компания) өнімінің бәсекеге қабілеттілігі өзара байланысты ұғым болып табылады, кәсіпорын (компания) бұл жағдайда өзінің тауарлары мен қызметтері арқылы бәсекеге қабілеттілікті жанама тасымаллаушысы болып табылады; кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі тауардың бәсекеге қабілеттілігін айқындау кезінде қолданылатын ерекшеленетін сипаттамалармен айқындалады;
- бәсекеге қабілеттілік - нарықта бар үздік ұқсас объектілерімен салыстырғанда нақты қажеттілікті қанағаттандыру деңгейін сипаттайтын объектілердің ерекшелігі [4] .
Бәсекеге қабілетті сала - бейімделген (қарқынды) технология, машина жүйесін оңтайлы іріктеу, жоғары білікті еңбекті қолдану негізінде жоғары сапалы өнімді өндіруді үйлестіретін сала.
Келесі агроөнеркәсіптік кешеніне толық тоқталуымды жөн көрдім.
Табиғи ұсақ тауарлардағы шаруашылық жағдайларында шаруалар өзіне қажетті, сонымен бірге, пайдалануға дайын еңбек түсімдерін өндіріп базарларға сатуға өздері жеткізетін. Экономикадағы осы өрістің эволюция кезеніңде байырғы ауыл-шаруашылық өнім өндірушілердің атқаратын жұмыстарынан басқа өзіне жұмыс атқаратын дербес өнімдер бөлініп шықты. Аграрлық өндірістің әдістеріне, күрделенуіне байланысты ауыл шаруашылық өндірістің маманданған салалары қажет болды. Сондай-ақ азық-түлікті жинап, сақтау және тасымалдау экономиканың өздігінше айналмалы болып қалды. Аграрлық секторымен байланысты экономиканың салалар тізбегі құрылды. Постсоветтік мемлекеттерде осы салалардың жиынтығы агроөнеркәсіптік кешені деп аталды, қысқаша айтқанда-АӨК. Нарықтық экономикасы жетілген елдерде ауыл шаруашылығына қатысы бар салаларды агробизнес деп атайтын болды. Бұл терминді 1955 жылы американдық экономист Гарвард Университетінің профессоры Джем Дэвис енгізген [11, 4-6 б]
Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін орнықты дамыту жөніндегі 2009-2011 жылдарға арналған шаралар кешенінде Агроөнеркәсіптік кешен -экономиалық потенциалы бар, қоғамға аса қажетті өнім өндірілетін ұлттық экономиканың негізгі құрамдас бөлігі. Ол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайды, мемлекеттің азық-түлік қауіпсіздігінің деңгейін, экономиканың барлық саласының жағдайын анықтайды[12] .
Агроөнеркәсіптік кешен - ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын өндіру - ауыл шаруашылығы - қайта өңдеу өнеркәсібі - қызмет көрсететін салалар мен сауда жүйесіндегі әртүрлі салалы кәсіпорындар арасындағы ұйымдық-экономикалық байланыстары бар әкімшілік-аумақтық бірлік.
Агроөнеркәсіптік кешені ауыл және балық шаруашылығы өнімдерін өндірісі, тасымалдау, қайта өңдеу және сату бойынша экономика салаларының, сондай-ақ оларды қазіргі заманға сай техникамен, технологиялық жабдықтармен қаржылық, ақпараттық және басқа ресурстармен, ветиринарлық, фитосанитарлық, қауіпсіздік, ғылыми және кадрлер дайындаумен қамтамасыз ететін, ілеспе өндіріс пен қызмет салаларының жиынтығы болып табылады [13, 1058] .
Агроөнеркәсіптік кешен немесе қысқаша АӨК, ауыл шаруашылығының дамуымен байланысты, оның өндірісіне қызмет ету мен ауыл шаруашылық, өнімін тұтынушыға жеткізу сияқты халық шаруашылығының салалар жиынтығы болып табылады.
Қaзaқстaнның aгроөнeркәсіптік кeшeні- еліміздің aзық-түлік қaуіпсіздігін қaмтaмaсыз eтeтін жәнe рeспубликa тұрғындaрының жaртыcынa жуығының тұрмыс-жaғдaйына тікелей әсері бaр экономикaмыздың aсa мaңызды сaлaлaрының бірі[14] .
Аграрлық саясаттың объектісі экономиканың аграрлық секторы болып табылады. Экономиканың аграрлық секторы экономикалық категория ретінде тар және кең мағынада түсіндіруге болады. Бірінші жағдайда - ауыл шаруашылығы, яғни азық-түлік және өнеркәсіп үшін шикізаттың жеке түрлерінің өндірісі. Кең мағынада аграрлық сектор агроөнеркәсіптік кешен ұғымымен теңдестіріледі. АӨК - өнімді өндіру, оны сақтау, қайта өңдеуімен және тұтынушыға дейін жеткізумен айналысатын халық шаруашылық салаларының жиынтығы. АӨК - ауыл шаруашылығы және онымен ауыл шаруашылығы үшін өндіріс құралдарын өндіру, ауыл шаруашылық өнімдерін қайта өңдеу мен іске асыру бойынша қатарласа жүретін экономика салаларымен өзара тығыз байланыстылығымен және өзара әрекеттесуімен қамтамасыз етілген функционалдық көпсалалы жүйе. АӨК - әртүрлі меншік нысандары мен шаруашылық жүргізуге жататын кәсіпорындарды қамтитын күрделі әлеуметтік-экономикалық жүйе. АӨК - күрделі биотехникалық-технологиялық жүйе, оның орталық звеносы - ауыл шаруашылығында табиғи өндіріс құралдары қолданылады. Сонымен, агроөнеркәсіптік кешенін қазіргі таңда «кластер» деп атауға болады, бұл дегеніміз түйіні бір немесе шексіз жетекші өндірісі (біздің жағдайымызда - ауыл шаруашылығы) болатын белгілі бір өндірістік топты білдіреді.
АӨК қызметінде халық шаруашылығының 80 жуық салалары қатысады. Ең негізгі кешенді қалыптастырушы бөлім - ауыл шаруашылығы. Сондай-ақ кең салааралық қызметтерді жүзеге асыратын, халық шаруашылығының кейбір салалары- машина жасау, мұнай өндеу өнеркәсібі, мұнай-химия өнеркәсібі, энергетика және т. б агроөнеркәсіп кешенінің қызметінде белсенді қатысады.
Агроөнеркәсіптік кешен сансыз көп әкімшілік-басқарушылық аймақтарға, табиғи- әкімшілік аймақтарға бөлінетін мемлекеттің бүкіл шаруашылық территориясын қамтиды. Бұл кешенге қарағанда, халық шаруашылық кешеніне жататын металлургиялық, мұнай-химия, машина жасау
және басқа да салааралық өндірістік кешендер мемлекеттің территориясында жер асты минералды шикізатты қорлары орналасқан жері бойынша жергілікті орналасқан.
АӨК басқа халық шаруашылық кешендерге қарағанда өзінің құрама мөлшері алуан түрлі , меншік нысандары бойынша біртекті болып табылмайды [15, 139-140] Әр түрлі өндіріс салаларына қатысты шаруашылықтың әлеметтік-экономикалық типінің түрлілігімен байланысты. Нарықтық экономика жағдайында бұл жерде мемлекеттік кәсіпорындар және ұйымдар, шаруашылық құрамаларының кооперативті, жеке және аралас нысандары, шаруашылық -аралық, қосалқы шаруашылық өндіріс кәсіпорындары, халықтың жеке қосалқы шаруашылығы, бау-бақша серіктестігі және т. б
АӨК әлеуметтік-экономикалық құрылымының негізгі ерекшелігі жұмыспен қамтылған халықтың көп бөлігі ауылдық жерде тұрады. Олардың көп бөлігі қала үлгісіндегі ауылдарда, сондай-ақ үлкен және кіші қалаларда тұрады. Бұл агроөнеркәсіптік кешенінің әр түрлі сферасындағы жұмысбасты халықтың тұрмыс жағдайы мен жұмыс жағдайындағы айырмашылықтардың
болуымен байланысты.
Барлық АӨК негізгі бөлімі болып табылатын ауыл шаруашылығынан басқа, осы салааралық кешенінің тиімді қызмет көрсетуінде негізгі рөлді барлық деңгейде өндірістің техникалық қызмет көрсетуі және тасымал ойнайды.
АӨК технологиялық қызмет көрсету аясына - өзіне өндеуші кәсіпорыннан басқа, өнімді дайындау мен өткізуді жүзеге асыратын көптеген кәсіпорындар мен ұйымдарды қосатын жеңіл және азық-түлік өнеркәсіб өндеуші салалары жатады. Мемлекттік сауда желілерімен қатар дамыған өндеуші өндірісі бар жеке және тұтыну кооперациясының сауда желілері жұмыс жасайды. Сондай-ақ азық-түлікті сатумен айналысатын базарлар да үлкен рөл атқарады [15, 141 б] .
Экономикалық әдебиеттерде АӨК мақсаттары ретінде келесілер көрсетіледі: ақырғы өніммен қоғамдық қажеттіліктерді барынша толық ұтымды қанағаттандыру және қоғамдық ресурстарды барынша тиімді пайдалану.
Ауыл шаруашылығының құрылымы мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығымен шектелінеді. АӨК құрылымын негізгі төрт ая айқындайды:
Ауыл шаруашылығына өндіріс құралдарын жеткізетін өнеркәсіп салалары (Аубакиров Я. А. өндіріс құралдарымен қамтамасыз ететін саланың
1 аясына ауыл шаруашылығымен қатар, жеңіл, тамақ, ет-сүт өнеркәсібі мен дайындау жүйесін жатқызады) ;
2. Ауыл шаруашылығы;
3. Қайта өңдеу өндірісі;
4. Инфрақұрылым, яғни АӨК қызмет көрсететін салалар мен кәсіпорындары (байланыс, ақпарат, сақтау, тасымалдау, іске асыру) .
Экономикалық әдебиеттерде АӨК құрылымы негізінен үш аяның жиынтығы ретінде көрсетілген: қор өндіретін салалар, ауыл шаруашылығы және дайындау, сақтау, қайта өңдеу, іске асыру. АӨК жеке аясына қайта өңдеу саласын ерекшелеп көрсету қажетті болып көрінеді. Бұл әдіснамалық тұрғыда маңызды, себебі, біріншіден, ауыл шаруашылық өнімін өндірісі көлемінің ұлғаюы, сондай-ақ ысыраптың өсуіне алып келеді. Ысырапты қысқарту өнеркәсіптік қайта өңдеу нәтижесінде мүмкін. Екіншіден, АӨК аяларының мұндай құрылымдалуы олардың игіліктер мен қызметтерді өндіру деген қатынастарымен байланысты. Алғашқы үш ая материалды игіліктерді өндіретін салалар мен кәсіпорындарды қосады. Төртінші аяны құрайтын кәсіпорындар мен салалар материалды және материалды емес қызметтерді көрсетуге олардың бағыттылығын біріктіреді. Үшіншіден, инфрақұрылымды құрайтын кәсіпорындар қайта өңдеу аямен қатар, ауыл шаруашылығы және ауыл шаруашылығы үшін құралдар өндіретін кәсіпорындарға қызмет көрсетеді. Инфрқұрылымды толығымен АӨК негізгі үш аяларына жатқызуға болмайды. Сәйкес тізбек олардың әрқайсысында бар.
АӨК нарықтық нысаны ретінде агробизнес болады. Агробизнес қызметі жалпы жүйелік мақсаттарға қол жеткізуге бағытталған ұлттық экономикалық жүйенің ірі блогы болып табылады. Сол уақытта өзіндік дербес жылжуының едәуір автономдылығына ие. Агробизнес экономикалық құбылыс ретінде ауыл шаруашылығы мен ауыл шаруашылығы құралдарын өндіретін салалар және аграрлық өнімді тұтынушыға дейін жеткізетін қызметтердің интегралдық бірлестігін, сонымен қатар кеңейтілген ұдайы өндіріс жағдайында материалды-заттай және қаржылық ағымдардың тиімді жүруін қамтамасыз ететін нарықтық құрылымдардың жиынтығын білдіреді.
Өтпелі экономика жағдайында агробизнес жүйесін құрайтын звено оның ақша-несие қосалқы жүйесі болады, ол өзіндік негізде қалыптасу мен дамуы бойынша АӨК төртінші құрылымының сипаттарына ие бола бастайды. Агробизнестің несиелік қосалқы жүйесі маңызды жүйе құраушы звено қызметтерін атқарады:
- АӨК экономикалық жекеленген бөлімдерін топтастырады және қаржылық тұрғыда біріктіреді;
- Аграрлық секторда ұдайы өндіріс үдерісін қаржылай қамтамасыз етеді;
- АӨК салалары мен аяларын дамыту үшін экономикалық жағдайлар жасайды.
Агробизнес үдеріс ретінде ірі банк капиталының аграрлық және өнеркәсіптік капиталмен тұтасуын, сонымен қатар ірі аграрлық капиталының өнеркәсіптің сабақтас салаларына және банк аяларына енуін білдіреді. Бұл үдерістердің аймағына қандай да бір деңгейде ірі агрофирмаларының бөлімдеріне технологиялық және экономикалық тәуелді болатын шағын және орта фермер қожалығы, жеке көмекші шаруашылығын тарта бастайды, стандартты сападағы ауыл шаруашылық өнімдерін олармен келісім-шарт бойынша өндіреді.
Бұл үдерістер ортақ экономикалық-саяси негіздер мен идеологиясы бола тұра, кезең мен саты мазмұны бойынша, үдеріс орын алатын елдердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларына байланысты олардың ұзақтылығы мен кезектілігі едәуір айрықшаланады. ҚР нарықтық экономикасына қалыптасу жағдайына қатысты бұл үдерістер келесідей ірі кезеңдерден өтеді:
- АӨК экономикасын ырықтандыру мен ұжымшар-кеңшар жүйесін бөлшектеу;
- өндіріс құралдарына жеке меншік жағдайында қызмет ететін көптеген дербес және экономикалық жекеленген шаруашылық жүргізуші
субъектілерінің туындауы;
- АӨК шаруашылық жүргізуші субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық саралануы, ірі кәсіпорындардың, негізінен, АӨК екінші бөлімінде қалыптасуы, ауыл шаруашылық өндірісінің шоғырлануы;
- аграрлық халық тығыздығының ашық нысанға өтуі, экономикалық әлсіз шаруашылықтардың кедейленуі және ауыл халқының едәуірбөлігінің
өмір сүру деңгейінің төмендеуі;
- ауыл шаруашылық тыңайтқыштарына жеке меншікті енгізу, өндірістік және несие-ақша аясында аграрлық заңнамасының жетілуі, агробизнес саласында мемлекет рөлінің күшеюі.
АӨК елдің халық шаруашылығындағы орны қоғамдық өндіріс пен қоғамдық еңбек бөлінісіндегі функционалдық жүктемесімен айқындалады. Азық-түлік өнімдерінің өндірісі адамдардың тіршілік ету және жұмыс күші ұдайы өндірісінің негізі болып табылады. Ауыл шаруашылығы тұтынушылық тауардың көп түрінің және өндірістік мақсаттағы өнім өндірісін шикізатпен қамтамасыз етеді. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігі көп жадайда ауыл шаруашылығының даму деңгейіне байланысты. Ауыл шаруашылығын дамыту, осы саланы инвестициялау елдің ЖҰӨ мультипликациялық өсуіне алып келеді, себебі барлық түйіндес салалардың кеңеюін және дамуын қажет етеді. Осының барлығы аграрлық сектордың кез келген елдің экономикасында ерекше рөлін айқындайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz