Қр-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы



І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Несие жүйесі туралы жалпы түсінік
2.Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
3.Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама
Қорытынды
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы «Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан» атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамызбен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық»– деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы: несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен – пайда табуға, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуының жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Тапсырма №5
Тақырыбы: ҚР-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы

Орындаған: Таласбек М.
Тобы: Ф13К1
Тексерген: Керімбекова Н.Н

2015ж.
ҚР-ғы несие жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Жоспар

І.Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
1.Несие жүйесі туралы жалпы түсінік
2.Несие жүйесінің құрылымы мен ұйымдастыру принциптері
3.Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы және
дамуына сипаттама
Қорытынды

Кіріспе
Еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, экономикамыздың гүлденуіне байланысты көптеген жетістіктерге, өзгерістерге қол жеткіздік. Нарықтық экономикаға ауысу тәжірибесі ұлттық экономикалық жүйелердің күрделі қайта құрылуымен байланысты жүрді.
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 2007 жылдың 28 ақпанында өткен Парламент палаталарының бірлескен отырысындағы Жаңа Әлемдегі Жаңа Қазақстан атты Қазақстан халқына дәстүрлі Жолдауында: "Тәуелсіздікке қолымыз жеткен алғашқы күннен бастап сіздер мен біздер барлық қажыр-қайратымызды жұмсап, еңсесін асқақтатқан Жаңа Қазақстан барған сайын нық сеніммен алға басып келеді. Дамудың өзі таңдаған даңғылына түскен еліміздің атағы шартарапқа таралып, әлемдік қоғамдастықтың алдындағы абыройы да жылдан жылға артып отыр. Біз экономикамызбен мемлекетіміздің берік іргетасын қаладық. Қазақстанның алдағы дамуы, кемел келешегі экономикалық, әлеуметтік, саяси және әкімшілік тұрғыда жан-жақты сараланып, түбегейлі жаңа кезеңге батыл қадам бастық - деп Елбасымыз Қазақстан халқына жарқын болашағымыз біздің қолымызда екендігіне тағы да көзімізді жеткізді.
Қазiргi кезеңде Қазақстан Республикасында несие аясы серпiндi түрде дамып келе жатқан экономикалық секторлардың бiрi. Бұрын қатал түрде реттелетiн Қазақстан Республикасында несие жүйесінің қалыптасуы бүгiн дербес және үлкен банкаралық бәсеке жағдайында халықаралық деңгейде жұмыс iстеп жатыр.
Нарықтық экономикада несие жүйесі маңызды роль атқарады. Ол арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысулар мен төлемдері жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсеңді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады, сондай-ақ көптеген түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенім, кеңес беру және басқа да операцияларды орындайды.
Қазiргi Қазақстан экономикасы, соның iшiнде несие және қаржы шаруашылығы: несие жүйесiн реформалау; қатаң инфляция жағдайында бiзде бұрын-соңды болмаған жаңа несие қатынастары; несие-қаржы институттарының жаңа түрлерiнiң пайда болуы; нарық экономикасымен және меншiктiң көп түрлi формасына бейiмделген екi буынды банктiк жүйенiң қалыптасуы; жоғары дәрежеде монополияланған мемлекеттiк банктiк құрылымдардың әкiмшiлiк-әмiршiлдiк басқару жүйесiнен - пайда табуға, Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуының жетiстiктерге қол жеткiзуге бағытталған жеке және ұжымдық меншiкке негiзделген несиелiк мекемелерге өту тәрiздi бiрқатар маңызды өзгерiстердi жүзеге асыруда.

1.Несие жүйесі туралы жалпы түсінік
Несие жүйесі - жалпы банктердің және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек , яғни мұнда өзге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің өзінлік ерекшелігіне қарай несие немесе банк жүйесінің құрылым қалыптасады. ҚР-ғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады : біріншісі-банктік ,екіншісі - парабанктік жүйе .ҚР - ныі несиелік жүйесінің құрылымы мынадай сызбамен берілген.
Несие жүйесінің қызметінен несие қатынастары туындайды. Несие қатынастарының мазмұнын несие мекемелерінде әртүрлі субъектілердің уақытша бос ақша капиталдарын шоғырландырып және оларды белгілі бір мерзімнен кейін және белгілі бір төлем ақымен қайтару үшін бөліп беру анықтайды. Сонымен бірге несие жүйесі мемлекеттің ақша айналымын реттеп, ақша қаражатының экономиканың бір саласынан екінші саласына ауысуын қамтамасыз ету арқылы өндірістің тиімділігін арттыруға ықпал етеді. Несие жүйесі арқылы кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айырысуы мен төлемдері жүргізіліп, сондай-ақ әр түрлі несиелік, сақтандыру, делдалдық, инвестициялық, сенімділік, кеңес беру және с.с. көптеген операцияларды жүзеге асырады.
Несие жүйесінің маңызы мен ел экономикасындағы рөлі біраз көрсеткіштермен; атап айтқанда: ақша салымдарының жалпы көлемімен, кәсіпорындар мен мекемелердің негізгі және айналмалы капиталын қалыптастырудағы банктік қарыздың үлесімен, жиынтық төлем айналымымен және т.б. сипатталады. Мысалы, әрбір қоғамның даму тарихындағы белгілі бір кезеңге және қоғамдық-экономикалық формацияның өзіне тән несие жүйесінің құрылымы болады. Мысалы, XX ғасырдың 20-жылдарынан 90-жылдардың бас жағына дейін КСРО-да жоспарлы-орталықтанған экономикаға сай келетін қатаң орталықтанған несие жүйесі құрылды. 4, б.78
Несие қатынастарының даму дәрежесі, несие мекемелерінің көбеюі, өндіріс пен тұтыну салаларының банк операцияларын пайдалануы жөнінен дүниежүзіндегі дамыған мемлекеттердің ішінде АҚШ алдыңғы қатарда келеді. Оған дәлел, ол елде ақша капиталының орташа алғанда 34 бөлігінің несие жүйесі арқылы өтуі.
Несие мекемелері арқылы айналатын ақша қаржыларының орташа жылдық сомасы 1989 жылы 700 млрд долларды құрады.
Несие жүйесі өз қызметін атқарған кезде несиелік қатынастар туындайды. Несиелік мекемелер және әр түрлі субъектілер арасында қайтарымдылық және төлем шарттары негізінде уақытша еркін ақша қаражатын жинақтау және қайта бөлістіру жөніндегі экономикалық байланыстары несиелік қатынастардың мазмұнын анықтайды.
Бірақ несиелік катынастардың мазмұны ақша капиталының жинақталуымен және оны заңды тұлғалар мен жеке тұлғалардың уакытша пайдалануына берумен ғана шектелмейді. Несиелеу процесінде өндірістік кұнға, яғни ұдайы өндірістің ақша айналымына арналған төлем кұралдарының косымша массасы қалыптасады. Төлем айналымының үлкен ағымы несие жүйесі арқылы өтеді, ол несиелік қатынастардың мазмұнын толықтыра отырып, төлеушілер мен несиелік мекемелер арасында, несиелік мекемелер мен алушылар арасында экономикалық қатынастарды қалыптастырады.
Несие жүйесі елдегі ақша айналымын реттейді, заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі қызметтерді көрсетеді, соның нәтижесінде несиелік экономикалық қатынастар туындайды.
Несиелік катынастардың екі түрлі сипаты бар және шаруашылық субъектілері үшін де, несие жүйесі мекемелері үшін де бірдей дәрежеде қажет болады. Несие мекемелерінде ақшаны сақтау - несиелік ресурстардың құрылуын, ал оларды экономика мен халықтың қажеттілігі үшін орналастыру несие беруді білдіреді.
Екі жақты қатынастар мыналардың арасында болады: шаруашылық ұйымдары мен иесие жүйесі, несие жүйесі мен халық, мемлекет пен несие жүйесі, несиелік мекемелер арасында, әр түрлі мемлекеттердің несиелік мекемелері арасында.
Несие екі формада болады: тауарлық және акшалай. Тауарлық несие коммерциялық несиенің алғашқы негізін қалайды. Шаруашылық жүргізуші субьектілердің ссуданы бір-біріне беруі кезінде бұл несие ақша формасына өзгереді. Оның мәнісі мынада, яғни алушы субъект несие берушіге алынған тауарлық несиенің дәлелі ретінде вексель, кепілдік қағаздарды немесе басқа кұжаттарды жазып береді, несие беруші оларды ақша формасында ссуда алу үшін банкке ұсынады. Бұл жерде несиелік қатынастардың жүргізуші субъектілері ретінде шаруашылық субъектілері және банк саналады. Оның мазмұнындағы өзгерістер салдарынан несиелік қатынастардың тауарлық формасы ақша формасына ұласады. Осылайша, тауар формасы негізінде несиенің, ең алдымен банктік несиенің ақшалай формасы туындайды және дамиды.
Несиелік қатынастардың несие формаларының және несиелік мекемелердің жиынтығы кең мағынадағы несие жүйесі түсінігін құрайды.
Тар мағынадағы несие жүйесі - бұл несие-қаржы қатынастарын ұйымдастырушы, ақша жүйесін реттеуші және елде басқа да қаржы қызметтерін көрсетуші несие мекемелерінің желісі.
Қазіргі кезде экономикасы дамыған мемлекеттердің несие жүйесінде көптеген өзгерістер кездеседі.
Несие жүйесінде мемлекеттік сектордың көбеюі ел экономикасын мемлекеттік реттеудің ұлғаюына байланысты. Мысалы, екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кездері отарлау жүйесінің құлауы нәтижесінде азат етілген елдерде құрылған ұлттық несие жүйелерінде мемлекеттік несие институттарының пайда болуына мүмкіндік туғызды. Бұл елдерде шетел банктерін мемлекет меншігіне айналдыру жүргізілді. Сондай-ақ әлемде мемлекетаралық валюта-несие және қаржы институттары да құрылуда: Халықаралық валюта қоры, Халықаралық қайта құру және Даму банкі, Аймақтық Даму банктері және т.с.с.
Шаруашылық буындарына көрсететін қаржы-несиелік қызметтерінің санына, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммерциялық банктердің экономикадағы қызметі және операциялары
Диссертациялық жұмыстың ғылыми жаңалығы
Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеудің қазіргі жағдайы және даму үрдісі
Қазақстанның несие жүйесі және банктердің экономиканы тұрақтандырудағы рөлі
БАНК ІСІНІҢ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДАМУЫ
Қазақстан Республикасының ұлттық валюталық қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы ипотекалық несиелеу нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері
1930 – 1932 жылдардағы несие реформасы
ҚР банк жүйесі элементтерінің функциялары. Даму жолдары
Пәндер