Орталық азиядағы миграциялық үрдістер, соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасына талдау



КІРІСПЕ
I. Әлемдік қауымдастықтағы миграциялық үрдістер
1.1. Миграциялық үрдістердің жалпы түсінігі
1.2. Қазіргі кездегі халықаралық миграцияның өзгеру сипаты
II. Орталық Азиядағы миграциялық үрдістер

2.1.Посткеңестік кезеңіндегі Орталық Азиядағы миграциялық жүйенің қалыптасуы
2.2.Халықаралық көші.қон ұйымының Қазақстанда еңбек миграциясы мәселесі жайлы және көші.қон құқықтары
2.3. Қазақстан Республикасы халқының көші.қоны туралы мәлімет (2004ж.)
2.4.Орталық Азиядағы көпұлтты Қазақстанның оралмандар мәселесінде атқарған іс.шаралары
2.5. Қазақстанның 2001.2010жж. арналған көші.қон саясат бағдарламасы
2.6. Орталық Азиядағы еңбек миграциясы бөлімін жетілдірудің жолдары
2.7. Орталық Азиядағы заңсыз еңбек мигранттары жайлы айтқан эксперттердің пікірлер жинағы
ІІІ. Миграция жөнінде халықаралық ұйымдардың аймақтық қауіпсіздік әсері.
3.1. Еуропалық Одақтың Орталық Азия аймағындағы миграциялық реттеу жобасы
3.2. Орталық Азияның халықаралық ұйымдарымен және ұлттық құқық қорғау мекемелерімен ынтымақтастығы
3.3 ШЫҰ.на қатысатын елдердің жоғарғы сот төрағаларының ІІІ кеңесі (миграциялық заңнамалар)

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі Орталық Азияның миграциялық үрдістерімен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс қазіргі кезде маңызды мәсәлеге айналып отыр. Бүгінгі таңдағы миграциялық үрдістердің статистикалық жағдайы әрдайым өзгеруде.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
Әлемдік қауымдастықтағы миграциялық үрдістерді қарастыру, Орталық Азиядағы миграциялық үрдістерді зерттеу,соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
• Орталық Азия шеңберіндегі миграциялық үрдістерді зерттеу;
• Орталық Азиядағы Қазақстанның көші-қон саясат бағдарламасын зерттеу
• Қазақстан Республикасындағы оралмандар санын анықтау
• Миграциялық ағымының тиімділігі мен теріс жақтарын айқындау
• Еңбек миграциясы бөліміне жетілдірудің бағыттарын зерттеу
• Заңсыз еңбек миграциясы жағдайындағы Орталық Азиядағы арнайы мамандардың ұстанымдарын айқындау
• Халықаралық ұйымдардың миграция жөніндегі аймақтық қауіпсіздік әсері туралы мәлімет жинақтау
Зерттеудің деректі негізі:Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі БҰҰ жүйесіндегі Париж принциптері негізінде Адам құқықтары жөнінде ҚР ел басшысының 2004ж. 29 қарашадағы №1474 Жарлығы бойынша аймақтық қауіпсіздігі анықталды.
Зерттеудің талдану дәрежесі: ҚР еңбек миграциясы жағдайын зерттеу негізінде Уразбаевтың авторефератын қолдандым. 2001-2010 жж.ҚР көші-қон саясат бағдарламасы жайлы Садовскаяның, Бектургановтың еңбектерін, Оталық Азиядағы миграциялық мәселесін, оның аймақтық қауіпсіздік әсерін зерттеуде Омаровтың еңбектерін және Интернеттегі халықаралық конференция материалдарын қолдандым.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдісі: Бұл жұмысты зерттеу барысында ғалымдарымен өңделінген тұжырымдардың басты бағыттары – халықаралық қатынастар және аймақтану теориасының салыстырмалы, болжамық және реалистік әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысын қарастыруда конференцияға қатысушы зерттеушілерінің мақалаларының, баяндамаларының теориялық-методологиялық әдістері пайдаланылды.
1.Юдина Т.Н. Миграция: словарь основных терминов - М.,2007
2.www.wikipedia.ru
3. Постсоветские миграции в Евразии – М.:Наталис-1999
4.Миграция населения РК. Итоги переписи населения 1999-2004гг.
5."Егемен Қазақстан" 2005ж. 1 қыркүйек №201
6. Уразбаев. Миграция рабочей силы в РК и ее осбенности на современном этапе: автореферат-А.,2008-23с.
7.Садовская Е.Ю. Миграция в Казахстане на рубеже ХХІ века:основные тенденции и перспективы- А.,2001-260с.
8. Миграция в Центральной Азии: проблемы и перпективы: материалы межд. конф.(Алматы, 30 ноября 2004г.)- А.,2005
9.www.google.kz
10.Омаров Н.М. Миграция и прблемы безопасности в Центральной Азии - Б., 1998
11.www.wikipedia.kz

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
КІРІСПЕ
I. Әлемдік қауымдастықтағы миграциялық үрдістер
1.1. Миграциялық үрдістердің жалпы түсінігі
1.2. Қазіргі кездегі халықаралық миграцияның өзгеру сипаты
II. Орталық Азиядағы миграциялық үрдістер

2.1.Посткеңестік кезеңіндегі Орталық Азиядағы миграциялық жүйенің қалыптасуы
2.2.Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстанда еңбек миграциясы мәселесі жайлы және көші-қон құқықтары
2.3. Қазақстан Республикасы халқының көші-қоны туралы мәлімет (2004ж.)
2.4.Орталық Азиядағы көпұлтты Қазақстанның оралмандар мәселесінде атқарған іс-шаралары
2.5. Қазақстанның 2001-2010жж. арналған көші-қон саясат бағдарламасы
2.6. Орталық Азиядағы еңбек миграциясы бөлімін жетілдірудің жолдары
2.7. Орталық Азиядағы заңсыз еңбек мигранттары жайлы айтқан эксперттердің пікірлер жинағы
ІІІ. Миграция жөнінде халықаралық ұйымдардың аймақтық қауіпсіздік әсері.
3.1. Еуропалық Одақтың Орталық Азия аймағындағы миграциялық реттеу жобасы
3.2. Орталық Азияның халықаралық ұйымдарымен және ұлттық құқық қорғау мекемелерімен ынтымақтастығы
3.3 ШЫҰ-на қатысатын елдердің жоғарғы сот төрағаларының ІІІ кеңесі (миграциялық заңнамалар)

ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КІРІСПЕ
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Курстық жұмыстың өзектілігі өзгермелі әлемдегі Орталық Азияның миграциялық үрдістерімен түсіндіріледі, өйткені бұл үрдіс қазіргі кезде маңызды мәсәлеге айналып отыр. Бүгінгі таңдағы миграциялық үрдістердің статистикалық жағдайы әрдайым өзгеруде.
Зерттеу жұмысының мақсаты.
Әлемдік қауымдастықтағы миграциялық үрдістерді қарастыру, Орталық Азиядағы миграциялық үрдістерді зерттеу,соның ішінде Қазақстанның миграциялық статистикасын зерттеу.
Зерттеу жұмысының міндеті:
* Орталық Азия шеңберіндегі миграциялық үрдістерді зерттеу;
* Орталық Азиядағы Қазақстанның көші-қон саясат бағдарламасын зерттеу
* Қазақстан Республикасындағы оралмандар санын анықтау
* Миграциялық ағымының тиімділігі мен теріс жақтарын айқындау
* Еңбек миграциясы бөліміне жетілдірудің бағыттарын зерттеу
* Заңсыз еңбек миграциясы жағдайындағы Орталық Азиядағы арнайы мамандардың ұстанымдарын айқындау
* Халықаралық ұйымдардың миграция жөніндегі аймақтық қауіпсіздік әсері туралы мәлімет жинақтау
Зерттеудің деректі негізі:Адам құқықтары жөніндегі уәкіл мекемесі БҰҰ жүйесіндегі Париж принциптері негізінде Адам құқықтары жөнінде ҚР ел басшысының 2004ж. 29 қарашадағы №1474 Жарлығы бойынша аймақтық қауіпсіздігі анықталды.
Зерттеудің талдану дәрежесі: ҚР еңбек миграциясы жағдайын зерттеу негізінде Уразбаевтың авторефератын қолдандым. 2001-2010 жж.ҚР көші-қон саясат бағдарламасы жайлы Садовскаяның, Бектургановтың еңбектерін, Оталық Азиядағы миграциялық мәселесін, оның аймақтық қауіпсіздік әсерін зерттеуде Омаровтың еңбектерін және Интернеттегі халықаралық конференция материалдарын қолдандым.
Зерттеу жұмысының методологиялық әдісі: Бұл жұмысты зерттеу барысында ғалымдарымен өңделінген тұжырымдардың басты бағыттары - халықаралық қатынастар және аймақтану теориасының салыстырмалы, болжамық және реалистік әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысын қарастыруда конференцияға қатысушы зерттеушілерінің мақалаларының, баяндамаларының теориялық-методологиялық әдістері пайдаланылды.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Кіріспе, үш бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.

1. Әлемдік қауымдастықтағы миграциялық үрдістер

1.1. Әлемдік қауымдастықтағы халықтың орын ауыстыруы, көші-қон үрдісі бұрынғы заманнан бастау алады. Бұл заңдылықты миграциялық үрдістер деп атайды. Әсіресе ХХ ғасырдың 90-жылдарынан бастап аймақтағы халық өкілдерінің көші-қон үрдісі қарыштап дамыды. Оған себеп болған мәселелер: этникааралық қақтығыстар, соғыстар, ашаршылық, түрлі табиғи апаттар және т.б. (70-80 жж.)
Халық миграциясы (лат. Migratio-қоныстану)-халықтың тұрғылықты жернен басқа территорияға шекара арқылы біраз уақытқа немесе түпкілікті қоныс аудару.[1]
Миграциялық қозғалыстың өсуіне биполярлық жүйеден кейінгі әлемнің көпполюстік жүйеге ауысуы, әлемдік саясаттың, экономиканың, әлеумет пен мәдениеттің жаһандану үрдісі әсер етті.
Миграциялық қозғалысты сұрыптау дәрежесі:
Форма бойынша сұрыптау:
* қоғамдық ұйымдастырылған
* ұйымдастырылмаған
Себеп-салдар бойынша сұрыптау:
* экономикалық
* әлеуметтік
* мәдени
* саяси
* әскери
Деңгейлер бойынша сұрыптау:
* шешімдерді қабылдау
* территориялық ауысым
* адаптация

1.2 Қазіргі кездегі халықаралық миграцияның өзгеру сипаты:
* Заңсыз миграцияның өсу қарқыны (еңбекке қатысты; мемлекетке де тиімді, салық төлейді, алайда әлеуметтік жеңілдік жоқ)
* Шарасыз миграцияның өсуі (көбіне Африкадан келгендер, әлемдегі қарулы қақтығыстардың өршуінен туындайды, ұлтаралық қатынастардың шиеленісуі, 80% босқындар дамушы елдерге ағылады)
* Халықаралық миграцияның демографиялық көбеюі (халықаралық миграциядағы маңызды орын Ресейдің демографиялық дамуында)
* Әлемдегі миграциялық ағымдардың жаһандануы (бүкіл елдерді қамтиды)
* Миграциялық ағымның сапалық өзгеруі (маманданған кадрлардың көптеп келуі, осы мамандар қалу үшін арнайы бағдарлама қабылданған-АҚШ, Канада Франция, Швеция)
* Миграциялық саясаттың 2 мағынада қолданылуы (миграциялық саясатты айқындаушы-иммиграция және эммиграция) [2]

Таяу Шығыстағы мұнай-экспорттаушы елдерде мигранттардың көпшілігі шоғырланған., оның ішінде жұмысшы күшінің 70% -ы шетелдіктер құрайды. Сонымен қатар Латын Америка елдерінде - Аргентина, Бразилия, Венесуэла; Оңтүстік - Шығыс Азия - Сингапур, Гонконг, Жапония; Африка (ОАР) елдерінде миграциялық сальдо көрсеткіші жоғары. Ал Израиль елінде орыс мигранттары көп таралған.
Қазіргі таңда әлемдік рынокта жұмысшы күшін жабдықтаушы елдер - Үндістан, Пакистан. Вьетнам, Алжир, Мексика, Ирландия, Түркия, ТМД.

2. Орталық Азиядағы миграциялық үрдістер

2.1. Орталық Азияда миграциялық үрдістер 1990ж. бастап орын алады. Халық көші-қон статистикасы бойынша 1939 ж. бастап-1959 ж. - І период, 1959-79-ІІ период, ІІІ период-1979-89 анықталған.
І период - Қазақстан мен Қырғызстанда 1939-1959 жж. орыстар көптеп қоныстандырылды.Өзбекстанда өз ұлттарының жоқтылығы байқалды.
ІІ период - Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан 20 жыл ішінде (1959-79) орыс өкілдерінің саны көбейе түсті, керісінше Өзбекстан мен Қазақстанда орыстар саны азая бастады.
ІІІ период - Орталық Азиядағы барлық елдерде орыстар саны -2,5%-ға азайды (1979-89), Өзбекстанда -4,4% шамасында. Әсіресе бұл тенденция Қазақстан мен Қырғызстанда қатты байқалды. Ал Түрікменстанда орыстар саны әлдеқайда көп болды. Жалпы мына кесте бойынша анық көруге болады:

Ұлттардың өсу сипаты
Орыс өкілдерінің қысқару саны
Өзбекстан
68,9-71,4 %
10,8-8,3 %
Қазақстан
36-39,7 %
40,8-37,8 %
Қырғызстан
48-52,4 %
25,9-21,5 %
Тәжікстан
58,9-62,3 %
10,4-7,6 %
Түрікменстан
69,5-72 %
10,9-7,8 %

Өзбекстанда өз ұлттарынан басқа тәжік, қазақ, қырғыз, түрікмен тұрды. Ал Тәжікстан, Қырғызстан, Түрікменстан мен Оңтүстік Қазақстанда көптеп өзбектер қоныс тепті.
Осы көріністің барлығы әрбір ұлттың туыстық, достық қатынаста екендігі, әрі мәдениеті мен дәстүрі, өмір салтының ұқсастығы айқындалады.[3]

2.2. Бұрынғы Кеңес одағы ыдырағаннан кейін пайда болған әрбір мемлекет өз бетінше тірішілік етіп жатқан осы кезеңде экономикасы әлсіз елдерден Қазақстанға қарай еңбек миграциясының ағылуын мамандар қалыпты жағдай деп көреді. Алайда, Халықаралық көші-қон ұйымы болса, Қазақстанда еңбек мигранттарын қабылдап алуға дайын заң жоқ болуы себепті жыл сайын Қазақстанға заңды түрде, яғни рұқсат бойынша шетелдерден келетін 10 мыңнан астам мамандардан тыс одан ондаған есе артық заңсыз мигранттардың келетіндігін де айтып отыр. Бірақ, сол мигранттардың құқықтары көп жағдайда шектеліп, кейде келеңсіз жағдайларға тап болып жатады дейді Халқаралық көші-қон ұйымының Қазақстандағы өкілдігінің басшысы Майкл Чанц.

Оның айтуынша, Қазақстан үкіметі соңғы жылдары көршілес Қырғызстан,Өзбекстан және Тәжікстаннан ағылып келіп жатқан еңбек мигранттарына қарсы қысымды азайтып, сәл жеңілдікпен қараған саясат жүргізе бастаған. Алайда, еңбек миграциясы мәселесі Қазақстанда әлі күнге дейін дұрыс шешімін таба алмай отыр дейді осы мәселемен шұғылданып жүрген халықаралық ұйым өкілі.

ТМД елдеріндегі еңбек миграциясы мәселесін зерттеп жүрген сарапшы маман Елена Садовскаяның айтуынша, Ресей мен Қазақстан секілді экономикасы көршілерінен жоғарырақ елдерге ТМД-ның басқа елдерінен жылына 300-500 мың аралығында еңбек мигранттары келетін көрінеді.

Бұрынғы кеңес елдері арасындағы шекараның ашық болуы, адамдардың бір-бірімен тамыр-таныстығы және тілдік проблеманың жоқтығы олардың осы елдерге ағылуына оң ықпал етіп отыр. Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі көші-қон комитетінің еңбек миграциясы бөлімінің бастығы Сымбат Нұрсейітованың айтуынша, жыл сайын Қазақстан түрлі өндіріс, өнеркәсіп, фирмалардың тапсырыстары бойынша қазіргі таңда Қазақстанда сирек кездесетін мамандық иелерін шетелден шақыруға рұхсат береді. Бұндай рұқсатпен Қазақстанға келетін адам саны жылына шамамен10 - 10,5 мың аралығында. Олар көбінесе Британия, Түркия, Қытай, Қырғызстан секілді елдерден шақырылады екен.

Ал, бұдан тыс Қазақстанда өз беттерімен рұқсатсыз жұмыс істеп жүрген шетелдіктер болса, заңсыз мигранттар есебінде өз елдеріне қайтуға мәжбүр болмақ. Жалпы, дәл бүгінгі күні Қазақстанда қанша заңсыз мигрант жүргенін ешкім де білмейді, ондай статистика көші-қон комитетінің қолында да, көші-қон полициясында да жоқ.

Алайда, Қазақстанға немесе осы ел арқылы екінші бір мемлекетке заңсыз жолмен өтпек болғандар заң орындарының назарына үнемі ілігіп жатады. Мысалы, көкектің 26-сы күні Халықаралық көші-қон ұйымы көмегімен Қазақстанға заңсыз кіріп келген Бангладеш елінің 7 азаматы өз еліне қайтарылған. Ал қалған 19 азамат Қазақстан және Қырғызстан жерінде іздестіріліп жатыр.
Көшіп-қонушылардың құқықтары:
ЮНЕСКО-ның деректері бойынша бүгінде 35 адамның біреуі халықаралық көшіп-қонушы болып табылады. Туған елдерінен тыс тұратын адамдардың саны 175 млн. адамға жетті. Бұл жер шары тұрғындарының
3 пайызын құрайды және Бразилия халқымен салыстырарлық. Халықаралық көші-қон азаматтар жаппай көшкен мемлекет, транзит мемлекет, көшіп-қонушыларды қабылдайтын мемлекет немесе жоғарыда айтылғандардың бәрі қатысты мемлекет болсын, барлық елге түгелдей дерлік қатысты. Халықаралық көші-қон жаһанданудың ажырамас бөлігі болды.
Көшіп-қонушылар қоғамның барынша қауқарсыз әлеуметтік тобы болып табылады. 1990 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы Барлық еңбек етуші-көшіп-қонушылардың және олардың отбасыларының құқықтарын қорғау туралы халықаралық конвенцияны - еңбек етуші-көшіп-қонушылардың құқықтарын қорғайтын бәрін қамтитын халықаралық шарт қабылдады. Алайда, Конвенцияны ратификациялаған елдер - бұл ең бастысы көшіп-қонушылардың шыққан елдері.
Қазіргі кезде, Қазақстанға көшіп-қонушылар ағынының артқанын, сондай-ақ мемлекет белгілеген еңбек көші-қоны квотасының көбейгенін ескере отырып, аталған Конвенцияға қосылу мәселесін зерделеу қажеттігі туындады.
Сонымен қатар, заңсыз еңбек көші-қоны мәселелерін шешу үшін орталық-азия өңірі елдерінің мүмкіндіктерін біріктіру қажет. Уақытша үкіметаралық орган заңсыз және заңды еңбек көші-қоны проблемаларын шешу тәсілдерін келісу тетігі болуы мүмкін.
Көшіп-қонушылардың еңбек құқықтарын іске асыру кезінде туындайтын мәселелер - бұл көшіп-қонушылардың келген елде кездесетін жалғыз проблемасы ғана емес. Тәжірибе көрсетіп отырғанындай, оларды құжаттандыру кезінде көшіп-қонушылардың құқықтары жиі бұзылады. Халықтың осы санатының өтініштерін өте созбаламай қарау мақсатында көші-қон қызметінің әрекетіне бақылауды күшейту қажет.
Олардың судья шағымдар санының азаюы бойынша қанағаттанарлық деңгейде болатын материалдық қамтамасыз етілуіне ғана емес, қоғамда оралмандардың шоғырлануы, олардың сапаы білім алуы, шығармашылық және рухани дамуы мәселелеріне назар аударған жөн.
Көптеген өтініштерден белгілі болғанындай, мемлекеттік органдардың азаматтығын жоғалту фактісін тіркеу жөніндегі өкілеттігі нақты бөлінбеген. Осы процеске жауапты және енгізілген мемлекетік органдар: ҚР ІІМ көші-қон полициясы департаменті, ҚР СІМ консульдық қызмет департаменті, ҚР Әділетмині Тіркеу қызметі комитеті азаматтығын жоғалту мәселесін шешу кезінде төрешілдік және адамның құқықтары мен мүдделеріне салғырттық танытады. Азаматтығын жоғалту туралы шешім қабылдау үшін мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылы мен түсінуінің жоғары дәрежеде болуы талап етіледі. Қазақстанның азаматтығы барын немесе жоғалтуы туралы куәлік алу үшін адам қандай мемлекеттік органға бару керектігін нақты анықтау қажет, өйткені кейбір адамдар СССР азаматының паспортын ауыстырмаған, ұзақ уақыт шетелде, ТМД елдерінде тұрған фактілер әлі де кездеседі. Осы мәселелерді шешу кезінде мемлекеттік органдар хат-хабарларды қайта сілтеудің және оларға өтініш білдірген азаматтарды бір біріне қайта жіберудің масқаралау практикасынан бас тартуға тиіс. Адамның адамдық қадір-қасиеті мен құқықтарын құрметтеу оның мүдделерін сыйлаудан және мемлекеттік қызмет көрсетудің барынша сапалылығын және жылдамдығын қамтамасыз етуден басталады.
Тұрғылықты тұру үшін шетелге шыққан Қазақстан азаматтарына зейнетақы төлемдерін тағайындау мәселесіне айқындылық енгізу бойынша шаралар қабылдау қажет, өйткені Қазақстан Республикасының Конституциясы ҚР барлық азаматтарына қандай да бір шектеусіз ең төменгі зейнетақы мөлшеріне кепілдік береді. Бұл мәселені осы құқықты нұсқаулықтарда және басқа да заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерде пайдалануға шектеу салу арқылы емес, заңды тәртіпте реттеген жөн.

2.3. 2004 ж. ҚР халқының көші-қоны туралы мәлімет
2004ж. қаңтар-желтоқсанында тұтастай республика бойынша халық көші-қонының айырымы 3381 адамды (2003 ж. - минус 9062 адам) құрады. Республиканың жеті өңірі - Алматы, Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстары, сондай-ақ Алматы және Астана қалалары халық көші-қонының оң айырымына ие (төрт өңір - Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары және Астана мен Алматы қалалары).

Халықтың сыртқы көші-қоны
адам

Көші-қон айырымы (+,-)
Иммигранттар
Эмигранттар

2004ж.
2003ж.
2004ж.
2003ж.
2004ж.
2003ж.
Сыртқы көші-қон
3381
-9062
69166
65308
65785
74370
соның ішінде:

ТМД елдері
15466
10894
62583
60555
47117
49661
ТМД-дан тыс елдер
-12085
-19956
6583
4753
18668
24709
Иммигранттар саны 2003ж. қаңтар-желтоқсанымен салыстырғанда 3858 адамға немесе 5,9%-ға өсті, одан 2028 адамға немесе 3,3%-ға - ТМД елдері есебінен. Иммигранттар, негізінде, Оңтүстік Қазақстан, Алматы және Маңғыстау облыстарына тұрақтаған: тиісінше 8651, 5274 және 5681 адам
Тиісті кезең ішінде эмигранттар саны 477 адамға, немесе 11,5%-ға қысқарды. ТМД елдеріне және ТМД-дан тыс елдерге қоныс аударған 65785 эмигранттың 47117-і немесе 71,6%-ы ТМД елдеріне кеткен. Эмигранттардың ең көп саны Шығыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және Қарағанды облыстарынан: тиісінше 8884, 8519, 7664 және 6868 адам.
Мемлекетаралық миграциялық байланыстардың ішінде, бұрынғысынша, ең тығыз байланыс Ресеймен, Өзбекстанмен, Түркіменстанмен және Қырғыз Республикасымен. Осы елдерден республикаға 60973 адам немесе ТМД елдерінен қоныс аударғандардың жалпы санынан 97,4 келген және осы елдерге республикадан 45382 адам немесе ТМД елдеріне қоныс аударғандардың жалпы санынан 96,9% кеткен (тиісінше 58681 немесе 96,9% және 47337 немесе 95,3%).
Иммигранттар арасында еңбекке қабілетті жастағы адамдардың үлес салмағы 73,4%, ал эмигранттар арасында - 71,8% құрады (тиісінше 74,2% және 71,7%). Тұтастай республика бойынша еңбекке қабілетті жастағы 1000 эмигрантқа осы жастағы 1074 иммигрант келеді (909).

Мигранттарды негізгі жас топтары бойынша бөлу
жас топтары
адам
қорытындыға, пайызбен

иммигранттар
эмигранттар
иммигранттар
эмигранттар

2004г.
2003г.
2004г.
2003г.
2004г.
2003г.
2004г.
2003г.
Барлығы
69166
65308
65785
74370
100,0
100,0
100,0
100,0
0-15 жас
14020
12411
10123
11962
20,3
19,0
15,4
16,1
16-62(57) жас
50787
48482
47270
53337
73,4
74,2
71,9
71,7
63(58)&+ жас
4359
4415
8392
9071
6,3
6,8
12,8
12,2
Мигранттардың ел ішіндегі қозғалыс саны 319652 адамды құрады, соның ішінде халықтың облысаралық көші-қонында - 127861 адам және облысішілік - 191791 адам (тиісінше 292158, 107891 және 184267).
Халықтың облысаралық көші-қонында оң айырым елдің 4 өңірінде (6) қалыптасты. Оның ең жоғары шамасы, бұрынғыша, Алматы және Астана қалаларына келеді: 23077 және 14827 адам. Облысаралық қозғалыстағы ең жоғары теріс көші-қон айырымының шамасы Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарында тіркелді: тиісінше 8167, 8014 және 7781 адам.[4]
2.4. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік жылдары ішінде келу-кету және транзит елі бола тұра әлемдік көші-қон үрдісінің белсенді қатысушысына айналды.Қазіргі уақытта белгілеген көші-қон саясатына сәйкес көші-қонның оң сальдосына қол жетті және ол өсе түсуде. Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында Қазақстан үшін ол 14 148 адам болды.Елімізге 37853 адам келді. Үстіміздегі жылғы қаңтар-шілде айларында ТМД елдерімен оң көші-қон салыдосы - 17825 болды. Бұл ретте ТМД елдерінен жалпы келгендер санының 60 % Өзбекстанға, ал қоныс аудару негізінен Ресей Федерациясына келеді.
Елімізге келіп жатқан оралмандар саны көбеюде. 1991 жылдан бастап 2005 жылғы 1 шілдеге дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасына барлығы 110591 оралмандар отбасы (433101 адам) келді. Ал квотадан тыс көшіп келгендері қаншама. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында оралмандар иммиграциясының квотасына 12666 отбасы -- жақын және алыс шетелдерден 73507 адам енген,олармен қатар квотадан тыс тағы 3 мың отбасы және бар.
Республикамыздағы табиғи ресурстарға бай, халық аз қоныстанған аумақтардың болуы, әлеуметтік-экономикалық және саяси жағдайдың тұрақты жақсаруы және шеқаралас елдердегі (әсіресе Өзбекстанда,Қырғызстанда, Қытайда) иммиграциялық көңіл-күйді талдау - келетін оралмандар санының одан әрі өсуін болжауға мүмкіндік беріп отыр.
Еңбек көші-қоны өсуде. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында Қазақстан Республикасына 11 298 шетел мамандары келді, бұл былтырғы жылдың тиісті көрсеткішінен шамамен 5 мың адамға артық.
Шетелдік жұмыс күшін пайдалану аясы негізінен құрылыс (үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығындағы жағдай бойынша 53 %), ауыл шаруашылығы (17%), тау-кен өндірісі (13,3%) болып табылады. Өңірлік аспектіде шетелдік жұмыс күшін енгізу Атырау мен Алматы облыстарында, Астана мен Алматы қалаларында басым. Алыс шетелдерден келетін шетелдік мамандардың ең көп үлесі Түркияға (республика бойынша шетелдік мамандар жалпы санының 32,7%-ы), Қытайға (11,1%), Ұлыбританияға (3,9%), ТМД елдерінен -- Қырғызстанға (ТМД елдерінен келген мамандар санының 66,6%-ы) келеді.[5]
Мигранттардың сапалық құрамы жөнінде еңбекке жарамды жастағы адамдардың басым екенін айта кеткен жөн. Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігінің деректері бойынша республикаға кеткендермен салыстырғанда, олардан жас адамдар келуде.
Кәсіптік катынас тұрғысында шетелдік жұмыс күшін енгізу жоғары білікті мамандарды, оларға сұраныс ішкі еңбек рыногы есебінен қанағаттандырылмайтын табиғи және инженерлік, қаржы-экономикалық және кәсіпкерлік қызмет салаларына бағьпталған. Бірақ практикада олармен қатар кеңінен тараған кәсіптер бойынша орта білікті қызметкерлер де тартылып отыр.
Қазақстанда пайдаланылатын шетелдік жұмыс күшінің белгілі бөлігі заңсыз мигранттар. Олардың арасында маусымдық жұмыстарда істейтін біліктілігі төмен адамдар басым.
Мұндай жағдайларда, көші-қон Қазақстан Республикасы азаматтарын жұмыспен қамтуға және олардың табыстарына зиян келтірмеу ушін ішкі еңбек рыногы мен жергілікті халықтың мүддесін қорғау жөнінде шаралар қабылдануда.
Мемлекет шетелдік жұмыс күшін енгізуге арналған квотаны белгілейді және оны қатал бақылайды, шетелдік мамандарды қазақстандық мамандармен ауыстыру саясатын қатал жүргізуде. Шетелдік жұмыс күшін тартқан кезде жұмыс берушілер қазақстандық қызметкерлерді даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, бар жұмыс орындарын сақтап қалу, қазақстандық азаматтар үшін қосымша жұмыс орындарын құру жөнінде өзіне міндеттемелер алады. Үстіміздегі жылғы шілде айының басындағы жағдай бойынша шетелдік жұмыс күшін тартатын ұйымдарда 257054 қазақстандық азамат жұмыспен қамтылған. Жергілікті кадрлар үшін 15338 жұмыс орны құрылды және 7 мыңнан астам қазақстандық мамандар жаңа мамандықтарды қайта игерді. Тек Атырау облысының өзінде шетелдік жұмыс күшін тартатын кәсіпорындар Қазақстан азаматтары үшін шамамен үш мың жұмыс орнын құрды және 1196 қазақстандық маманды қайта оқытты. Шетелдік жұмыс күшін тартатын мұнай-газ саласы кәсіпорындарында 1133 шетелдік маман шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттардың ерекше шарттарына сәйкес қазақстандық мамандармен ауыстырылды.
Үстіміздегі жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша оралмандар құрамындағы еңбекке жарамды адамдар саны олардың жалпы санының 52,1%-ын құрады. Олардың шамамен үштен бір бөлігінің орта арнайы және жоғары кәсіби білімі бар. Кәсіптік қатынас тұрғысынан оралмандар арасында жұмысшы мамандықтары (механизаторлар, малшылар, жүргізушілер, құрылысшылар)басым. Оралмандар арасында кәсіптік даярлығы жоқтары да бар. Бұл оларды жұмысқа орналастыруда қиындықтар тудырады.
Иммиграциялық ағымның ұлғаюы жалпы халықтың өсуіне оң әсерін тигізуде, қазақстандық еңбек рыногына білікті жұмыс күшін тарту мүмкіндіктерін кеңейтуде, бұл ұлттық топтасу үшін қолайлы жағдай жасайды.
Сонымен қатар эмиграциялық үрдістерді реттеу жөнінде шаралар қабылдануда. Жұмыс күшін ұйымдастырып шығаруды жеке жұмыспен қамту агенттіктері (ЖҚА) жүзеге асыруда, олардың қызметі лицензияланады және бақылауда. Қазіргі уақытта жұмысқа орналастыру жөнінде қызметтер көрсетуде 85 лицензия колданылуда.
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жеке жұмыспен қамту агенттіктерінің қызметіне бақылауды жүзеге асыратын бірнеше бағыты бар: лицензиялау, міндетті түрде есеп беру, агенттіктер қызметінің Қазақстан Республикасы заңнамасына және еңбек делдалдығы саласында белгіленген сәйкестігін кезеңмен тексеру.
Қазақстан Республикасы азаматтарының өз бастамасымен еңбек қызметін шетелде жүзеге асыруға құқығы бар. Ел азаматтарының шетелде еңбек және кәсіптік қызметті жүзеге асыру жағдайлары жұмыс берушілермен жасалатын шарттарда (келісім-шарттарда) қабылдаушы елдің заңнамасы бойынша белгіленеді.[6]

2.5. Еліміздің 2001-2010 жылдарға арналған көші-қон саясатының салалық бағдарламасына сәйкес Қазақстан Республикасының әлеуметтік және еңбек заңнамасы қолданылатын мигранттарды әлеуметтік корғауды ұйымдастыру жөнінде шаралар жүзеге асырылуда.
Бұл ретте оралмандарды әлеуметтік қолдау және олардың бейімделуіне ерекше назар аударылады.
Қолданылып жүрген заңнамаға сәйкес иммиграция квотасына енген оралмандарға біржолғы қаржы көмегі, тұрғын үй сатып алуға қаражат және тағы да бірқатар иммиграциялық қызметтер: бағдарлану қызметтері, орналасу және тұрғын үй сатып алуға көмектесу; медициналық көмек, оқыту (оның ішінде квота негізінде орта және жоғары кәсіптік білім алу), әлеуметтік қызметтер мен әлеуметтік қамтамасыз ету, жұмысқа орналасуға көмектесу және басқа қызметтер көрсетіледі. Үстіміздегі жылдың бірінші жарты жылдығында оралмандарды әлеуметтік қолдауға 5 762 005,0 мың теңге бөлінді.
Квотадан тыс келген оралмандарға,Қазақстанға көшіп келуіне байланысты шығыстары орташа есеппен өтеледі және олардың бейімделуіне көмек көрсетіледі.Кейбір өңірлерде жергілікті деңгейде квотадан тыс келген оралмандарға қосымша әлеуметтік қолдау шаралары қабылданады.Мәселен, Оңтүстік Қазақстан облысында әкімнің шешімімен жергілікті бюджет қаражаты есебінен оралмандарға жер учаскелері бөлінеді немесе құрылысқа көмек беріледі. Осындай шараларды Алматы қаласының әкімдігі де қабылдады. Қарағанды облысында оралмандар балаларына, бір бөлігі демеушілерден алынған, шамамен бір жарым миллион теңгеге көмек керсетілді. Облыс мектептерінде оралмандардың 1458 (25,3%) баласы тегін тамақтанады. Шығыс Қазақстан облысында оралмандар отбасыларына киім мен мектеп құралдарын сатып алу үшін балаларға 400 мың теңге сомасында көмек керсетілді. Жамбыл облысы мектептерінде оралмандар балаларына ыстық тамақ, жазғы демалыс ұйымдастырылған.
Оралмандарды орналастыру, реттеуге қатысты қабылданған шараларға қарамастан, қоныстанушылардың көбі еңбек рыногы айтарлықтай қызу өңірлерде -- Оңтүстік Қазақстан (27-28%), Алматы (13-14%), Маңғыстау (13-14%), облыстарында қоныстануда. Бірақ еліміздің кейбір өңірлерінде жұмыс күші едәуір қажет екенін айтуға тиістіміз.
Оралмандардың бастапқы бейімделуін ұйымдастыру мақсатында елімізде Оралмандарды алғашқы қоныстандыру және бейімдеудің 19 орталығы ашылды, бірақ ондағы тұрмыстық жағдайлар мен ұсынылатын интеграциялық қызмет түрлері жетілдіруді қажет етеді.
Сондай-ақ оралмандарды тұрғын үймен қамтамасыз ету тетігі де жетілдіруді талап етеді. Қазіргі кезде министрлік тұрғын үй мәселесін шешуді, тұрғын үй көмегін көрсетуді оралмандардың өздеріне өзі көмектесуімен бірге ұштастыру негізінде шешу мүмкіндіктерін қарастыруда.
Оралмандардың білім алуға сұранысын қанағаттандыру мақсатында орта білім, кәсіби даярлау және қайта даярлау жұмыстарын ұйымдастыруға айтарлықтай назар аударылуда. Облыстық білім басқармаларының мәліметтері бойынша, қазіргі уақытта барлық оралмандардың мектеп жасындағы балалары окумен қамтылған. Үстіміздегі жылы жалпы білім беру мекемелерінде оралмандардың 43 492 баласы білім алды. Республиканың жалпы орта білім беру мекемелерінде білімдеріндегі кемістіктердің орнын толтыру мен білім беру бағдарламаларына бейімдеу мақса- тында олар үшін косымша сабақтар,консультациялар жүргізіліп отырады. Арнайы көшпелі бағдарламалар көзделіп, курстар ("Тіл дамыту", "Тіл мәдениеті", "Сөз өнері") енгізіледі, казақ тілі мен орыс тілі бойынша үйірмелер, факультативтік сабақтар жүргізіледі. Пәкстан Ислам Республикасынан, Ауғанстаннан және Ираннан келген ересек оралмандар үшін кириллицаны, қазақ және орыс тілдерін оқыту курстары ұйымдастырылған.
Мемлекеттік білім беру тапсырысында қазақ диаспорасының өкілдерін және оралмандарды жоғары оқу орындарының дайындық бөлімшелерінде оқыту үшін 1400 орындық квота көзделген.
Бағдарламаға сәйкес өңірлік деңгейде оралмандарды жұмысқа орналастыру бойынша көмек көрсетілуде. Үстіміздегі жылғы 1 шілдеде қалыптасқан жағдай бойынша халықты жұмыспен қамту органдарына өз өтінішімен 2 422 адам келіп, олардың мыңнан артығы жұмысқа орналастырылды. 1331 адам қоғамдық жұмыстарға тартылды, 291 ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясы
Бұғы, еліктің тәуліктік белсенділігі
Халықаралық миграция туралы статистикалық есепті ұйымдастыру
Көші-қон мәселесі
Қазақстан Республикасының демографиялық саясаты
Халықаралық миграция және мемлекеттердің миграциялық саясатын шешу принциптері
Көлемді Орталық Азия жобасының саяси - экономикалық мәні терең
Еңбек күшінің халықаралық миграциясы
Қайтымсыз көші - қон
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Пәндер