Педагогикалық менеджмент ұғымы негізгі анықтамалары



Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ , онда «басқа біреу арқылы өз мақсатына жету» болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып , өз мақсатына жетуді білдіреді. «Менеджмент» ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің «манус», яғни «қол, күш» деген сөзінен шығып , алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым – қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; г) басқару органы, әкімшілік бөлігі
Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз – кешенді әдістердің , ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жұйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент – білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
Хоруженко К.М., Куперина А.В. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені
Садвакасова З.М. анықтамасы Педагогикалық менеджмент – Бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру.
“Менеджер” ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару – кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы – ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған.“Басқарудың классикалық теориясы” 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында “басқарушылық қатынастар теориялары” атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. “Адамдар қатынасы теориясының” орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi. Отандық ғалымдардан Булатбаева, Садвакасова, Исаева, Әлқожаева, Мутанов, Хмель, Тутеева, Минажова. Ал шетелдік ғалымдардан Симонов В.П, Хоруженко К.М, Курепина А.В.Фредерик У.Тейлор, Мри Р. Фоллет, Игорь Ансофф және т.б.

Пән: Менеджмент
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
1.Педагогикалық менеджмент ұғымы. Негізгі анықтамалары.
Менеджмент сөзін қазақшаға дәл аударатын болсақ , онда басқа біреу арқылы өз мақсатына жету болып табылады. Алайда сөзбе-сөз аудару сөздің түпкі төркінін әрқашанда дәл бере бермейді. Күнделікті тұрмыста менеджмент сөзі белгілі бір ұйымдағы барлық адамдардың қызметіне басшылық етумен шұғылданып , өз мақсатына жетуді білдіреді. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түп төркіні гректің манус, яғни қол, күш деген сөзінен шығып , алғашқы кезде мал бағу саласында, дәлірек айтқанда , ат тізгінін ұстау, меңгеру шеберлігін білдірген. Кейіннен бұл атақ адам қызметінің саласына ауысып, адамдарды басқарудың және ұйымдастырудың ғылыми- практикалық мәнін білдіретін болды. Ағылшын тіліндегі Оксфордт сөздігінде бұл ұғымға мынадай түсінік беріледі: а) адамдармен қарым - қатынас жасау әдісі, үлгісі; б) билік және басқару өнері; в) шеберліктің ерекше түрі және әкімшілік дағды; г) басқару органы, әкімшілік бөлігі
Симоновтың анықтамасы бойынша педагогикалық менеджмент дегеніміз - кешенді әдістердің , ұстанымдардың ұйымдастыру формалары мен технологияларды педагогикалық жұйеде тиімді әрі дамытуға бағытталған басқару.
Педагогикалық менеджмент - білім беру жүйесіндегі оқу-тәрбиелік, оқу-танымдық және өздігінен білім алу процессін тиімді басқарудың теориясы, әдістемесі мен технологиясы.
Хоруженко К.М., Куперина А.В. Педагогикалық менеджмент оқу-тәрбие,оқу-таным үрдісінің және білім берудің бүкіл жүйесінің тиімділігін арттыруға бағытталған, оларды басқарудың принциптері, әдістері, ұйымдастыру нысандары мен технологиялық тәсілдерінің кешені
Садвакасова З.М. анықтамасы Педагогикалық менеджмент - Бұл басқарудың ғылыми негізі экономикалық жағдайда адами ресурстардың аз шығындалып көп пайда табуын ұйымдастыру.
"Менеджер" ұғымы ең алдымен, кәсіби басқарушылық базалық білімі сипатындағы жаңа типтегі басшы ретінде түсіндіріледі. Білім беру мекемелерін басқару - кез келгені жинақтай алатын тәжірибе ғана емес, ол терең меңгеруді қажет ететін ғылыми білімдер жүйесі, және туа біткен қабілетті, ерекше дарындылықты, лидерлік қасиеттерді талап ететін өнер. Заманауи білім беру мекемесінің басшысы - ол тек қызмет қана емес, кәсіп те, өйткені бұл қызмет кәсіптің барлық белгілеріне ие: жетекші іс-әрекет, арнайы білімді, білік пен дағдыны, арнайы тұлғалық әрі кәсіби сапаларды міндеттейді. ХХ-ХХI ғасырлар тоғысындағы басқару кезеңі бiлiмiнiң қарқынды өсуi мен өзгеру уақыты. Бұл эволюцияның бастапқысы ретiнде басқарудың классикалық мектебiнiң негiзiн салушы А. Файольдiң еңбектерiн атауға болады, ол 1916 жылы басқарудың жалпы принциптерiн ұсынған. Дәл осы принциптер ғылыми басқару теорияларының негiзiне айналған."Басқарудың классикалық теориясы" 1930-жылдарға дейiн ең басты орында болған. ХХ ғасырдың 30-жылдарында басқарушылық ғылым дамуында "басқарушылық қатынастар теориялары" атты жаңа бағыт қалыптасты. Классикалық теория бiрлескен іс-әрекет нәтижелiлiгiнiң негiзгi шарттары не, қашан, қайда және қалай iстеу керектiгiн анықтайтын басқарудың нақты ресми құрылымы, жемiстi жұмысты (ең бастысы, материалдық жағынан) қамтамасыз ету деп санаған. Ал адамдар қатынасының теориясы адамның ұйымдағы мiнез-құлқын анықтайтын факторларды, мақсаттылық пен жеке тұлғалар арасындағы қатынастарды бiрiншi орынға қояды. Бұл теория ХХ ғасырдың 50-60-жылдары Батыста, әсiресе АҚШ-та кең өрiс алған, тәжiрибеде оң нәтиже бере алмаған, дегенмен басқарудың демократиялық әдiстерiн кеңiнен енгiзу әрекетi де осы теориямен байланысты. "Адамдар қатынасы теориясының" орнына, басқарудың жүйелiлік теориялары, жағдайлық теориялары, басқарудың рационалистiк (ақыл-ой талабына ғана негiзделген) және мiнез-құлықтық теорияларының жағымды жақтарын бiрiктiрiп, олардың орнына ұйымдастырушылық даму теориялары келдi. Отандық ғалымдардан Булатбаева, Садвакасова, Исаева, Әлқожаева, Мутанов, Хмель, Тутеева, Минажова. Ал шетелдік ғалымдардан Симонов В.П, Хоруженко К.М, Курепина А.В.Фредерик У.Тейлор, Мри Р. Фоллет, Игорь Ансофф және т.б.
Енді басқару теориясына қысқаша тоқталайық, ХХ ғасырдың бас кезінде Ф.Тейлордың ғылыми басқару теориясы қалыптасқан, ол Адам жүйе элементі ретінде деп қарастырған.Яғни, еңбекті нақты бөліп беру, маңдай терімен қол жеткізу қағидаларына сүйенген.ХХ ғ 20-жж әкімшілік басқару теориясы басымшылдық танытты ол Үнемшіл адам үлгісімен сипатталады.Жұмыс күшіне аз қаржы бөлу, еңбекті көбіне қызметкердің психофизиологиялық ерекшеліктеріне сәйкестендіру болды. ХХ ғасырдың 50 жж Адамдар қатынасы - Психология адамы теориясымен айқындалады. Кикілжіңді жою, ұжымшылдық, шешім қабылдауға қатынасу, шаршағанды басу қағидалары ұстанды.ХХ ғ 60-70 жж әлеуметтендіру теориясы - Кәсіби маманданған адам бейнесінде суреттелді. ХХ ғ 90 жж алғашқы теориялар ұйымның іскерлік белсенділігі Дамушы адам теориясымен алмастырылады. Өзін өзі жетілдіру тәрбиелеу қағидалары бойынша басқарылды. 2000жж бастап Өнімгер адам яғни кәсіпкерлік арқылы нәтижеге қол жеткізу басымшылдыққа алынды. Адамдар жеке iстей алмайтын немесе жекелеп iстеу тиiмсiз болғанды жұмыла iстеу үшiн басқару қажеттiгi туындайды. В.Г. Афанасьевтiң пайымдауынша: "Басқару - қоғамның, оның кез-келген даму сатысындағы, iшкi өзiне тән қасиетi. Бұл қасиеттiң жалпылық сипаты бар және ол қоғамның жүйелiлік табиғатынан, адамдардың қоғамдық, ұжымдық еңбегiнен, еңбек пен өмiр барысында қарым-қатынас жасау, өзiнiң материалдық және рухани өмiрiнiң жемiсiмен алмасу қажеттiгiнен бастау алады".
Г.И. Щукинаның басқару дегенiмiз - мектеп iшiндегi "психологиялық, ұйымдастырушылық және әдiстемелiк" сияқты күрделi процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу деген пiкiрiне толық қосылуға болады. Дегенмен, басқарудың алдыңғы қатарлы тәжiрибесiн жинақтап қорыту , материалды жинаумен ғана және оны тиiстi ғылыми-әдiстемелiк тұрғыдан бағаламай, тек баяндаумен ғана шектеледi.
К.Я. Вазинаның пiкiрiнше: "Басқару - нақты бiр мақсатқа жетудi қамтамасыз ететiн қалыптасуға жауап беретiн жүйенiң қызметi".

2. Педагогикалық менеджменттің мақсаты мен міндеттері.

Педагогикалық менеджменттiң негiзгi есептерi : болған анықталады:
:: бiрiншiден, барлық қызмет те, орындаушының жеке әсерлерi де мерзiмдiлiк және тiзбек негiзiнен қамтып көрсетедi;
:: екiншiден, нақты уақыт мерзiмiне сәйкес әдiстеменi және жекелеген жұмыс түрiнiң орындауын ережелердi ескередi;
:: үшiншiден, іс-әрекеттің сапасының нәтижесін және де мақсатқа бағытталған құралдардың ұтымдылығы мен жұмсалған уақытты есепке алуымен әдiстер қызметінің нәтижесi және тиiмдiлiгiнiң сапаларын анықтайды;
:: төртiншiден, атқарушылар тобына талаптар қойып және де іс-әрекеттің нақтылығын анықтау;
:: бесiншiден, қажеттi ақпарат көлемінің негізгі көздерін анықтайды;
:: алтыншыдан, бақылаудың негiзгi ережесi және атқарушылардың іс - әрекетінің нәтижесін анықтайды .

3.Педагогикалық жүйені басқарудың фунциялары, пәні мен міндеттері.
Педагогикалық жүйе дегенімз - дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған, белгілі бір мақсатқа жету жолындағы арнайы педагогикалық ықпалды ұйымдастыруға қажетті өзара байланысқан әдістердің құралдардың жиынтығы.
Кез келген әрекет, соның ішінде басқару әрекеті де ұйымдастырушылық мен басшылық жасаудың барлық функцияларын іске асыруда басшылыққа алатын бірқатар қағидаларды сақтауға негізделеді. Ол қағидалар мақсат қою және жоспарластыру, ұйымдастыру, бақылау және т.б. топтастырылады. Ал басқару қағидалары басқару заңдылығының бейнелену және нақты іске асуын танытады. Мектепішілік менеджментінің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрлі басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды. Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілеу; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.

4. Менеджмент әдістері: ұйымдастурушылық, әкімшілдік, экономикалық, әлеуметтік-психологиялық. Менеджмент принциптері.
Басқару әдістері - басқарушы субъектінің белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуі үшін басқару объектісіне ықпал етуде қолданатын құралдар мен тәсілдердің жиынтығы. Басқару әдістері мен басқару процесінің әдістері бөліп көрсетіледі. Мұның соңғысы басқару процесін қалыптастыратын жеклееген операцияларды, процедураларды, жұмысты орындаудың тәсілдерін береді. Бұған кіретіңдер:
- мақсаттарды анықтаудың ережесі;
- басқару шешімдерін әзірлеу мен оңтайландыру әдістері;
- Нақты ұйымдастыру жұмыстарын жүзеге асыру;
- Жекелеген міндетті істерді орындау әдістері: болжау және т.б.
Осылайша, тек жекелеген жұмыстарды орындауға келетін басқару процесінің әдістерінен басқару әдістерінің айырмашылығы, ол (басқару әдістері) басқару объектісіне ықпал етудің аяқталған актісін сипаттайды.
Жіктеудің жалпы тәсілдерінің бірі - бұл жалпы ғылыми және өзіндік ерекшелігі бар әдістерін олардың білім салаларында қолданылу критерий бойынша бөлу болып табылады.
- Ұйымдастырушылық әдіс. Ұйымды ұйымдастыру үшін қажетті жағдайлар құрылады. Бұл әдіс көмегімен ұйым жобаланады, құрылады, уақытқа бағытталады, қызметі реттеледі, қажетті инструкциямен қамтамассыз етеді. Жұмысшылардың мамандықтары бойынша жұмыстары бөлінеді. Сол сияқты ұйымдастырушылық жағдайларға мыналар кіреді. Басқару құрылымын қалыптастыру, еңбек ұйымдарын құру әдістері әр түрлі қоғамдық шараларды жүргізі және дайындау әдістері.
- Әкімшілік әдістер. Жұмысшыларды тікелей бағындыру арқылы жұмыстардың нәтижелеріне жету. әсіресе бұл әдісті қазіргі уақытта қорғаныс саласында кеңірек қолданады. Әкімшілік әдістер белгілі премиялар және керісінше жазалар айтып түрінде көрінуі мүмкін. Бұл әдісіне жұмысшы жұмыс нәтижесінде көп ықпал жасай алмайды.
- Экономикалық әдістер. Бұл әдістердің негізін қалаған американдық инжинер Фредерик Тейлор ол ғылыми менеджментті қалағандардың бірі. Экономикалық әдістер жұмысшылардың жұмыс нәтижесінде көз жеткізе білу. Саналы жұмыс жасауына негізделген нәтижесіне байланысты жалақы беріледі.
- Әлеуметтік психологиялық әдістер. Ұжымдағы қолайлы моральдік психологиялық климатты қалыптастыру әрбір жұмысшының қабілетіне қарай жұмыс беру. Басқару әдістері белгілі бір принциптер арқылы жүзеге асырылады.
5) Шешім қабылдау және оның мәні
Мақсаты шешім қабылдау ұғымын түсіне отырып, жеке дара және іскерлік шешімдер қабылдауда тиімді әдістер қолдануды үйрену.
Басқару қызметі процесінде шешім қабылдау ең түйінді мәселе. Шешім қабылдау басқару процесінің міндетті, қажетті бөлігі. Басшының кез келген әрекеті іс жүзінде белгілі бір шешім қабылдаудан басталады.
Кәсіпорынның және ондағы бөлімшелер қызметінің нәтижесі басшының дер кезінде шешімді дұрыс қабылдау қабілетіне, әрі оны жүзеге асыра білуіне, ал оның жеделдігі мен дұрыстығы басшының тәжірибесі мен біліміне байланысты. Егер ол өндірісті, технологияны және адамдарды жақсы білетін болса, жұмыс тәжірибесі мол болса, онда оған шешім қабылдау қиынға түспейді.
Басшы жете ойластыруы жоқ деректерді болжалдай білуі, дұрыс қорытынды жасай білуі және соның негізінде жағдайға сәйкес келетін шешім қабылдауы тиіс. Басшы кез-келген жағдайда шешім қабылдаудан бас тартпауы. тиіс.
Қабылданған шешім бүкіл ұжымның экономикалық және әлеуметтік нәтижелеріне, әрбір жұмыскерге қолайлы немесе қолайсыз әсер етуі мүмкін. Сондықтан да шешім қабылдаған адам өзіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Басқару шешімі термині екі негізгі мәнде қолданылады. Бірінші жағдайда ол белгіленген басқару актісін, қабылдаған іс-әрекет жоспарын, қаулы-қарарларды т.б. екінші жағдайда - проблемалар мен міндеттер шешімін қабылдаудың және жүзеге асырудың ең қолайлы вариантын білдіреді. Басқару шешімінің ең маңызды белгісі объекті: өндіріс немесе басқару жүйесінің өзі болып саналады.
Шешім туындаған проблема болған жағдайда қабылданады. Проблема дегеніміз жүйенің қажетті және қолданылып жүрген қалпының арасындағы сипатталатын жағдай. Жалпы әрекеттесетін жүйелерде (басқарушы және басқарылатын) шешім қабылдамаса да болады. Алайда іс жүзінде бұлай болуы мүмкін емес, өйткені өндірісте көптеген ауытқу, теріс ықпал ету жағдайлары (ауа-райы жағдайы, техникалық ақаулар), еңбек тәртібінің нашарлығы т.б.) кездесетіндіктен, оны түзету үшін шешім қабылдауға тура келеді.
Күрделі өндірістік жағдайда, әсіресе жұмыстың қауырт кезінде, егер барлық факторларды ескеруге көп уақыт кететін болса, онда шешім қабылдауды кешіктіріп, жұмыстың орындалуына кедергі жасағаннан гөрі, ең дұрысы тәуекел еткен жөн. Мұның тек жедел шешімге ғана емес, басқа да шешімдерге қатысы бар. Керженцев былай деп атап көрсетеді: Шетінен тек қол қусырып отырғанша, онша негізделмеген болса да, шешім қабылдаған жөн, өйткені шешімнің шала тұстарын кейіннен жетілдіруге болады.
Кез-келген шешім, ол ауызша мейлі жазбаша түрде қабылданса да, дәл нақты, айқын, дәлелді болуы, толық қамтылуы әрі кімге арналғаны дәл көрсетілуі тиіс. Шешімде тапсырманың мәні, оның көлемі, мерзімі, жүзеге асыру әдісі, сондай-ақ орындауға жауаптылар көрсетілуі тиіс.
Басқару шешімдерінің қасиеттері
Басқару шешімі іс-қимылдың мүмкін түрінің жағдайының болуын білдіреді және бір түрін қалыптасқан, қажетті жағдайға, тұтынушылармен, мүдделерімен сәйкес таңдауды білдіреді.
Іс-қызмет түрін, тәсілін, жолын таңдау және қабылдау адамның саналы ойлы-психологиялық қызметінің нәтижесі болып саналады.
Басқару шешімінің қажеттілігі және негізгі мазмұны оның мақсатымен анықталынады және оның мазмұнына бағытталынады.
Басқару шешімдерін уақыт белгілері бойынша топтастыру
Ұзақ мерзімді (перспективалық)
Орта мерзімді (ағымдағы)
Қысқа мерзімді (жылдам)
Қарастырылып отырған сұрақтардың көлемі бойынша
+ Жалпы басқару шешімдері (Кәсіпорынның қызметіне жан-жақты әсер етеді).
+ Арнайы шешімдер (шаруашылықтың өндірістік бөлім иелеріне әсер етеді)
Әсер етуші объектісі бойынша
+ Сыртқы шешімдер (өндіріс ерекшелігімен анықталады және осы кәсіпорынның сыртқы ортамен қарым-қатынасын қамтиды)
+ Ішкі шешімдер (сол кәсіпорындарының іс-қызметі сферасына қатысты)
Функционалды белгісі бойынша
+ Жоспарлы экономикалық шешімдер.
+ Технологиялық (шаруашылықтың бірдей функционалды қызметінің сферасына қатысты.
+ Қаржылық шешімдер (Кәсіпорындардың қаржылық ресурстарын бақылау және шығару жағдайындағы сұрақтарға байланысты.
+ Әкімшілік шешімдер (кәсіпорынның жұмысшы тобына және басқару аппаратына қатысты).
Шешім қабылдау процесінің
қадамдары
+ Негізгі проблемаларды теңестіру
+ Проблеманың негізгі себептерін белгілеу
+ Проблемаларды шешу мүмкіндігін белгілеу.
+ Мүмкін болар шешімді бағалау.
+ Ең жақсы шешімді таңдау.
+ Шешімді жүзеге асыру.
+ Қабылданған шешімнің дұрыстығын тексеру.

6) Білім жүйесіндегі басқару. Басқару мақсаттары және олардың білімнің әлеуметтік, педагогикалық мақсаттарымен байланысы.
Мектепті басқарудың мақсаты мен мазмұны, оның арнайы және жалпы қызметі, әдістері, формалары және құралдары қоғамдағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың, сондай-ақ экономикалық заңдардың тікелей ықпалымен қалыптасады. Осылайша, "мектепті басқарудың тиімділігі белгілі әлеуметтік-экономикалық мазмұнға ие категориялармен бағалануы тиіс. Бұл басқару теориясының нақты-экономикалық пәндермен белсенді өзара әрекеті арқылы ғана мүмкін,- деп көрсетеді ғалым В.Г.Афанасьев.
Мектептің қызмет етуінің негізгі мақсаты - тұлғада өзіне де, қоғамға да қажетті белгілі қасиеттерді қалыптастыру, сондықтан да осы жүйені басқаруда әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық аспектінің ерекше роль атқаратынын естен шығармаған жөн.
Мектептi басқару теориясының объектiсi - барлық құрамды элементтерiмен алынған жүйе. Практиканың объектiсi - мектептiң әртүрлi құрамдық топтарының іс-әрекетi (ұжым, пән бірлестіктері, үйірмелер, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң амал-тәсiлдерi - басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi - ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiл, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру органдарының жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi - тәжірибені жетілдіру, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi - жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Мектеп басшыларының басқарушылық қызметi, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк жүктеледі. Оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар әдістемелік жұмыстар да басқару арқылы іске асырылады.
Өткен кезеңдегі барлық прогрессивті педагогтар (Н.А. Корф, Н.И. Пирогов, Н.Ф. Бунаков, К.Д. Ушинский және т.б.) мектеп басшысы қызметі педагогикалық сипатта болу керек деп есептеді. Бұл пікірмен қазіргі педагогтар да келіседі (М.И. Кондаков, В.П. Стрекозин, Ф.Г. Паначин және т.б.). мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары - олар өздері үздік мұғалімдер, педагогтар.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Адамзат дамуының үшінші мыңжылдық жылнамасы ашылып отырған кезенде жалпы қоғам дамуының үрдісіндегі білім жүйесінің алатын орны мен маңызы жөнінде әлемдік деңгейде көптеген ой-толғаныстарды пайымдалып, оның нәтижесі ретінде негізгі бағыттар айқындалуда. XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестердің өткізілуі, онда жаңа жүзжылдықты білім ғасыры болады деген қорытындының жасалуы куә. Бұл дүниежүзілік жиындарда осы жаңа ғасырдағы адамзат қауымдастығының жүйелі даму мәселесі тек қоғамның барлық мүшесін біліммен қамтамасыз етудің тең қүқықтық жағдайы шешілгенде, білім берудегі әлеуметтік-әділеттік ұстаным жүзеге асырылғанда ғана білім сапасын арттыру мәселесі оң шешімін табады деген ортақ түйін жасалды.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз
XXI ғасыр-марғаулықты көтермейтін қатаң бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе, қазақ мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа бір сапалық өзгерістер болғаны абзал. Себебі, қазақ мектебі - мемлекеттің болашағы, ұлттың бесігі. Ендеше, қазақ халқының ұлт ретінде сақталуы осы бесіктің тыныс-тіршілігіне, оны қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Елдігіміздің кепілі, мемлекетіміздің қауіпсіздігі, мемлекеттік тілдің бағы жануы, қоғамда ұлтаралық сыйластық, ынтымақ, бірлік сақталуы алғышарттарының бірі - қазақ мектебінің қуатты болуы екені дау тудырмас ақиқат. Сондықтан, мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған халықтың рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астасып, бүкіл оқу-тәрбие үдерісіне негіз болуын ойластыру қажет.
Қазақ мектебіне мемлекет тарапынан қамқорлық жасау -кезек күттірмес мәселе. Қазақ мектебінің тарихын ұлт тарихынан бөле қарауға болмайды.
Білім беру мекеммесін-қазіргі заманға сай маман басқарып, стратегиялық жағынан көре білетін кәсіби тұғырланған адам келетін болса, білімнің мәні мен мазмұны артып, сапалы білім беріліп, адамдық каптиалдың деңгейі көтерілер еді. Осындай ұсыныстарды жүзеге асыратын болсақ, білім беруде айтарлықтай табыстарға жететеніиіз сөзсіз.
Өндірісті басқару теориясында басшы қызметінің педагогикалық аспектісі, оның еңбек ұжымына тәрбиелік әсері ескерілетіні заңдылық. Мектеп директоры қызметінің педагогикалық сипаты В.А.Сухомлинский еңбектерінде барынша анық көрсетілген: "...жақсы директор - ол, ең алдымен, жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт, бұл тек өзі сабақ беретін балаларға ғана қатысты емес, бұл мектептің барлық тәрбиешілері мен мұғалімдеріне қатысты". Яғни, мектепті басқарушы бүгінгі таңда, білім менеджері ретінде анықталып, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде, дамытуда әлеуметтік және тұлғалық маңызды нәтижелерге жету үшін педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін орталықтандырумен толықтырылуы тиіс. Басшы өз әрекеттерін қызметкерлердің әрекеттерімен сәйкестендіреді, оның шешімі педагогикалық үдерістің өзге де субъектілерінің пікірімен позициясынан ұйғарылады.
Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулерде (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) басқарушылық қызметтің құрылым мен мазмұны, мәнi ашылған. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, т.б.); мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (Ю.К. Бабанский, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың біліктілігін жетілдіру жүйесiн дамыту тарихы бойынша (Б.А. Әлмұхамбетов т.б.) жұмыстар жүргiзiледi. Мектептегі басқарудың жаңашылдық аспектiлерiн М.М. Поташкин, В.С. Лазарев, Л.И. Моисеев, И.И. Цыркун, Н.Р. Юсуфбекова және т.б. еңбектерде талдаған. Алайда, мектеп басшыларын мектептегi ақпараттарды ұйымдастыру мен басқаруға дайындаудың мәнi мен әдiстемесi педагогикалық ғылымда жеткiлiктi баяндалмаған.
Бiлiм беру ұйымдарында педагогикалық ұжымның жүзеге асыратын тәрбиелiк жүйесі де басқарудың құрылымына енеді. Әсiресе, мектептердегi тәрбие іс-шараларының қалыптасқан тәрбие стереотипiнiң түбегейлi өзгеруiмен, ондаған жылдар бойы қалыптасқан балалардың қоғамдық ұйымдарының (пионерлер, комсомол) жойылуымен, идеялардың түпкiлiктi ауысуымен қазiргi кезеңiндегi қиыншылықты ескерсек, басқарудың маңызы зор. Қоғамның әлеуметтiк-экономикалық өмiрiндегi қиыншылық жағдай, бiлiм берудiң, қазiргi тәрбиелiк процестi белсендендiрудi, оның жаңа түрлері мен әдiстерiн табуды, әсiресе, бұл процестi басқарудың басқа амалдарын табуды аса қажет етедi.
Басқару мәдениетінің негізгі компоненттері. Білім саласында еңбек ететін адамдардың басқару мәдениеті, олардың кәсіптік-педагогикалық мәдениетінің құрамды бөлігі болып табылады. Дәстүрлі ұғымда кәсіптік-педаго-гикалық мәдениет негізінен педагогикалық қызметтің нормалары, ережелері, педагогикалық техника және шеберлікпен байланыстырылады. Ал, соңғы жылдардағы психологиялық-педагогикалық зерттеулер педагогикалық мәдениет категорияларына педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығарма-шылықты да қосатын болды.
Мектеп басшысының басқару мәдениеті, оның тұлға ретінде мектеп басқарудың технологиясы мен құндылық-тарын жасау, игеру және оны алға жылжытуға бағытталған жұмыстарда өзінің шығармашылық күш-қуатын танытуы. Бұндай жағдайда басқару мәдениетінің компоненттері -- аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығарма-шылық болып табылады.
Мектеп басшысы басқару мәдениетінің аксио-логиялық компоненттері. Қазіргі заманғы мектепті басқарудың маңызы мен мәні болып табылатын басқару-педагогикалық құндылықтардың жиынтығын құрайды. Мектеп басшысы басқару қызметінің процесінде басқару-дың жаңа теориясы мен концепциясын игеріп, ептілік пен дағдыларды меңгереді. Ал практикалық қызмет барысын-да олардың қаншалықты маңыздылығына баға беріледі. Қазіргі кезде басқару тиімділігін артыруда білім, идея, концепция сияқты басқаруға қатысты педагогикалық құндылықтар үлкен маңызға ие болуда.
Педагогикалық жүйені басқарудың құндылықтары сан алуан. Олар: әртүрлі деңгейдегі тұтас педагогикалық процесті басқарудың мәні мен маңызын ашатын құнды-лық-мақсаттар; білім жүйесін басқару мақсаты, мектепті басқару мақсаты, педагогикалық ұжымды, оқушылар ұжымын басқару мақсаты, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу, өзін-өзі дамытуын басқару мақсаты және бағалау құндылық-мағлұматтарға басқару қызметіне реттеушілік сипат береді; құндылық-білімдер басқару саласындағы мектептің білімінің мәні мен маңызын ашады; басқарудың әдістемелік негізін, мектепішілік менеджментті білу, ауыл және қала мектептері мұғалімдерімен жұмыстың ерекшеліктерін білу, педагогикалық процестерді басқару тиімділігін критерийлерін және т.б.
Құндылық-қатынастар педагогикалық процеске қатысушылар арасында өзара байланыстың, кәсіптік қызметке, өзіне деген қатынастың, педагогикалық және оқушылар ұжымындағы тұлғааралық қатынастардың мәнін ашады;
Құндылық-сапалар басқарудың субъективтігі ретінде басқарушы-менеджердің дербестік, тұлғалық, арасушылық қасиеттерінің көптүрлігінің мәнін ашады. Ол сапалар бастықтың өз қызметін болжамдап, оның салдарын алдын-ала көре білу қабілеті, өз әрекеті мен мақсатын өзгелердің әрекетімен, мақсатымен салыстыра білу қабілеті, ынтымақ-тасу және бірлесе басқару қабілетінен және т.б. көрінеді.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің техно-логиялық компоненті педагогикалық процесті басқарудың әдістері мен тәсілдерін біріктіреді. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттерді шешу басшы-менеджердің педагогикалық талдау және жоспар-ластыру, педагогикалық процесті бақылау және реттеуді атқара алатын іскерлігіне байланысты. Мектеп дирек-торының басқару мәдениетінің деңгейі аталған міндеттерді шешудің әдіс, тәсілдерін қаншалықты меңгере алуына тікелей байланысты.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйені басқаруды шығармашылық акт ретінде қарастыру арқылы ашылады. Мектеп басшысының басқару қызметі өзінің табиғатында шығармашылық болып табылады. Басқарудың құндылықтары мен технологиясын меңгере отырып басшы-менеджер тұлғалық ерекшеліктері мен басқару объектісінің ерекшеліктеріне сай, ол құндылық-тарды өзінше қайта құрып, талдап түсіндіруге ұмтылады. Осылайша, педагогикалық жүйені басқару тұлғалық қабілеттерді іске асыратын және жұмсайтын сала болып табылады. Басқару қызметінде мектеп директоры тұлға, басшы, ұйымдастырушы және тәрбиеші ретінде өзін-өзі танытады.

7) Ғылыми (рационалистік) басқару мектебі (Ф.Тейлор, Л.Гилберт, Г.Френк) Ғылыми м.тің пайда болуы Ф.У.Тейлордың есімімен байланысты.Оның басты еңбектерінің бірі-"Фабриканы басқару","Ғылыми менеджмент принциптері". Филадельфиядағы оның зиратының басына "Ғылыми менеджмент атасы" деп жазылған. 1880 жылдары өздігінен инженерлік білім алған американдық Ф.В.Тейлор еңбек процесін зерттей бастады. Ол еңбек процесін өздігінен жүзеге асатын іс ретінде қарастырмай,оған терең дер қойып, зерттей бастаған тұңғыш адам болды. Тейлордың ғ.м.ті ұдайы бақылау, эксперименттеу және логикалық топшылау арқылы анықталғаннормативтер көмегімен бизнесті жандандыратын менеджмент түрі болып саналады. Ол кейініректе жұмыс барысында ғ.м.ті төрт салада дамытты: нормалау; уақыт пен міндетті зерттеу; ұдайы сұрыптау, уақыт пен міндетті зерттеу, ұдайы сұрыптау және баулу, ақшалай ынталандыру. Тейлор өз теориясын тұжырымдай отырып, мынадай тоқтамға келеді: дәстүрлі әдістің орнына ғылым; қарама-қарсылықтың орнына үйлесімділік; дербес жұмыстың орнына ынтымақтастық; еңбек өнімділігін шектеудің орнына барынша арттыру; әрбір жұмысшының еңбек өнімділігін барынша арттыру, оларға барынша қолайлы жағдай жасау. 20-жылдары Тейлор ілімінің көрнекті зерттеушілері Г.Гантт, Г.Френк, Л.Гильберт, Х.Хетэуй, т.б. Гильберт прибор ойлап шығарып,оны микрохронометром деп атады. Оны кинокамерамен қоса қолданып, белгілі бір операцияда қандай қозғалыстың атқарылатындығын жәнеде олардың әрқайсысы қанша уақыт алатындығын дәл анықтау үшін пайдаланды. Ғылыми басқару қозғалысы АҚШ - тан тыс жерлерге қанат жайып, Германия,Англия, Франция, Щвеция және басқа да европалық елдерде кеңінен мәлім болды. Басқаруда ұйымдастырудың ғылыми концепциясы қалыптасты. Қорыта келе жоғарыда айтылған ғалымдардың басты идеясыөндірістегі еңбектің тиімділігі мен еңбеккерлердің материалдық қазағушылығының еңбек өнімін арттыруға жетелеуі еді.

8) Мектепті басқару және оның оның ерекшелігі. Оқу-тәрбие үрдісін талдау, оның мәні және мектеп басқаруындағы орны мен атқаратын рөлі.
Мектепті басқарудың мақсаты мен мазмұны, оның арнайы және жалпы қызметі, әдістері, формалары және құралдары қоғамдағы әлеуметтік заңдар мен заңдылықтардың, сондай-ақ экономикалық заңдардың тікелей ықпалымен қалыптасады. Осылайша, "мектепті басқарудың тиімділігі белгілі әлеуметтік-экономикалық мазмұнға ие категориялармен бағалануы тиіс. Бұл басқару теориясының нақты-экономикалық пәндермен белсенді өзара әрекеті арқылы ғана мүмкін,- деп көрсетеді ғалым В.Г.Афанасьев.
Мектептің қызмет етуінің негізгі мақсаты - тұлғада өзіне де, қоғамға да қажетті белгілі қасиеттерді қалыптастыру, сондықтан да осы жүйені басқаруда әлеуметтік-психологиялық, педагогикалық аспектінің ерекше роль атқаратынын естен шығармаған жөн.
Мектептi басқару теориясының объектiсi - барлық құрамды элементтерiмен алынған жүйе. Практиканың объектiсi - мектептiң әртүрлi құрамдық топтарының іс-әрекетi (ұжым, пән бірлестіктері, үйірмелер, жеке субъект).
Практикалық басқару іс-әрекетiнiң амал-тәсiлдерi - басқару әдiстерi. Басқарудағы ғылыми іс-әрекеттiң амал-тәсiлдерi - ғылымның нақты бiр объектiсiн зерттеуде қолданылатын жолдар, тәсiл, амалдар: мектептердi басқару бойынша бiлiм беру органдарының жұмыс тәжiрибесiн қортындылап талдау, ғылыми болжамдар жасау, оларды эксперименталды тексеру.
Бiлiм беру жүйесiндегi немесе бөлек топтағы практикалық басқару іс-әрекетiнiң нәтижесi - тәжірибені жетілдіру, бұған оқу-тәрбие процесiнiң қортындылары дәлел бола алады. Басқару теориясының нәтижесi - жаңа заңдар, практикалық іс-әрекетте жүзеге асырылатын заңдар, принциптер, ережелер, тұжырымдар.
Мектеп басшыларының басқарушылық қызметi, оқу-тәрбие жұмысы мен сапасы үшiн арнайы жауапкершiлiк жүктеледі. Оқу-тәрбие жұмыстарымен қатар әдістемелік жұмыстар да басқару арқылы іске асырылады.
Өткен кезеңдегі барлық прогрессивті педагогтар (Н.А. Корф, Н.И. Пирогов, Н.Ф. Бунаков, К.Д. Ушинский және т.б.) мектеп басшысы қызметі педагогикалық сипатта болу керек деп есептеді. Бұл пікірмен қазіргі педагогтар да келіседі (М.И. Кондаков, В.П. Стрекозин, Ф.Г. Паначин және т.б.). мектеп директоры, мектеп директорының орынбасары - олар өздері үздік мұғалімдер, педагогтар.
Педагогикалық жүйе дербес дамитын және тұтас басқарылатын бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару бір жағынан оның тұтастығын сақтаса, екінші жағынан оның жекелеген компоненттеріне ықпал жасауға, өзгертуге мүмкіндік береді. Жүйенің мақсаты оның мазмұнын айқындайды, ол мазмұн көп түрлі және оны іске асыру әдістері де сан алуан. Басқа жүйелер сияқты педагогикалық жүйе де алынған нәтижелердің деңгейімен сипатталады.
Адамзат дамуының үшінші мыңжылдық жылнамасы ашылып отырған кезенде жалпы қоғам дамуының үрдісіндегі білім жүйесінің алатын орны мен маңызы жөнінде әлемдік деңгейде көптеген ой-толғаныстарды пайымдалып, оның нәтижесі ретінде негізгі бағыттар айқындалуда. XXI ғасырда қоғам мен мемлекет дамуының ең басты тетігі білім болатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықаралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған ірі конгрестердің өткізілуі, онда жаңа жүзжылдықты білім ғасыры болады деген қорытындының жасалуы куә. Бұл дүниежүзілік жиындарда осы жаңа ғасырдағы адамзат қауымдастығының жүйелі даму мәселесі тек қоғамның барлық мүшесін біліммен қамтамасыз етудің тең қүқықтық жағдайы шешілгенде, білім берудегі әлеуметтік-әділеттік ұстаным жүзеге асырылғанда ғана білім сапасын арттыру мәселесі оң шешімін табады деген ортақ түйін жасалды.
Адамзаттың өмір сүру тәсілдерінің, ойлау жүйесінің, идеяларының алмасу қарқыны білімнің қоғамдағы орны мен рөлінің де үнемі ауысуына ықпалын тигізері даусыз
XXI ғасыр-марғаулықты көтермейтін қатаң бәсеке ғасыры болғандықтан, әсіресе, қазақ мектебінің оқу-тәрбие үрдісінде жаңа бір сапалық өзгерістер болғаны абзал. Себебі, қазақ мектебі - мемлекеттің болашағы, ұлттың бесігі. Ендеше, қазақ халқының ұлт ретінде сақталуы осы бесіктің тыныс-тіршілігіне, оны қамтамасыз етуге тікелей байланысты.
Елдігіміздің кепілі, мемлекетіміздің қауіпсіздігі, мемлекеттік тілдің бағы жануы, қоғамда ұлтаралық сыйластық, ынтымақ, бірлік сақталуы алғышарттарының бірі - қазақ мектебінің қуатты болуы екені дау тудырмас ақиқат. Сондықтан, мыңдаған жылдар бойы тірнектеп жиналған халықтың рухани мол мұрасы әлемдік озық үлгілермен астасып, бүкіл оқу-тәрбие үдерісіне негіз болуын ойластыру қажет.
Қазақ мектебіне мемлекет тарапынан қамқорлық жасау -кезек күттірмес мәселе. Қазақ мектебінің тарихын ұлт тарихынан бөле қарауға болмайды.
Білім беру мекеммесін-қазіргі заманға сай маман басқарып, стратегиялық жағынан көре білетін кәсіби тұғырланған адам келетін болса, білімнің мәні мен мазмұны артып, сапалы білім беріліп, адамдық каптиалдың деңгейі көтерілер еді. Осындай ұсыныстарды жүзеге асыратын болсақ, білім беруде айтарлықтай табыстарға жететеніиіз сөзсіз.
Өндірісті басқару теориясында басшы қызметінің педагогикалық аспектісі, оның еңбек ұжымына тәрбиелік әсері ескерілетіні заңдылық. Мектеп директоры қызметінің педагогикалық сипаты В.А.Сухомлинский еңбектерінде барынша анық көрсетілген: "...жақсы директор - ол, ең алдымен, жақсы ұйымдастырушы, тәрбиеші және дидакт, бұл тек өзі сабақ беретін балаларға ғана қатысты емес, бұл мектептің барлық тәрбиешілері мен мұғалімдеріне қатысты". Яғни, мектепті басқарушы бүгінгі таңда, білім менеджері ретінде анықталып, мектеп оқушыларын оқыту мен тәрбиелеуде, дамытуда әлеуметтік және тұлғалық маңызды нәтижелерге жету үшін педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін орталықтандырумен толықтырылуы тиіс. Басшы өз әрекеттерін қызметкерлердің әрекеттерімен сәйкестендіреді, оның шешімі педагогикалық үдерістің өзге де субъектілерінің пікірімен позициясынан ұйғарылады.
Мектептi басқару мәселесiне арналған көптеген зерттеулерде (Э.Г. Костяшкин, Ю.А. Конаржевский, В.П. Стрезикозин, П.В. Худоминский, Т.И. Шамова, Н.Д. Хмель, Н.Н. Тригубова, т.б.) басқарушылық қызметтің құрылым мен мазмұны, мәнi ашылған. Басқарушылық еңбектi ғылыми ұйымдастырудың жүйесiн енгiзу бойынша (И.П. Раченко, Умирбекова Ж.Б., Г.Т. Хайруллин, т.б.); мұғалiмдердiң шығармашылық зерттеушiлiк және эксперименталды қызмет-әрекетiн ұйымдастыру бойынша, ғылымды практикаға енгiзу бойынша (Ю.К. Бабанский, Л.И. Гусев, В.И. Журавлев, В.И. Загвязинский, Б.А. Койшибаев, В.В. Краевский, Г.Л. Лукпанов, М.Н. Скаткин, Я.С. Турбовский, т.б.); мамандықты жетілдіру бойынша (Я.С. Бенцион, Г.И. Горская, Л.С. Коробкова, Ш.Т. Таубаева, В.П. Топоровский, т.б.); мамандықты көтерудiң психологиялық-педагогикалық және ақпараттық негiзiн құру бойынша (Г.С. Сухобская, А.С. Пискунов, т.б.); Қазақстандағы педагогикалық кадрлардың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
КОУЧ ЖӘНЕ КОУЧИНГ
Менеджмент басқару ғылымы ретінде
«Педагогикалық менеджмент» оқу-әдістемелік кешені
Мектеп мұғалімдерінің кәсіби құзыреттілігі
Болашақ бастауыш сынып мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру
Педагогикалық менеджмент маңызы
Ақпарат ұғымы, түсінігі
Менеджмент, менеджмент түрлері
Білім базасын сапалы түрде құру мәселелері
Жеке тұлға өзіндік құндылық
Пәндер