Н.Назарбаев: «Мәдени мұра» бағдарламасы рухани-мәдени өмірімізде ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі белесті кезең
Ақордада болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен «Мәдени мұра» бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы кіріспе сөзбен ашты және қорытындылады. Елбасымыз:« Мәдени мұра бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі белесті кезең ретінде бүгінгі күні ел арасында зор серпіліс туғызуда. Бағдарламаның бірінші кезеңінде белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2 млрд. 700 млн.теңге бөлінсе, екінші кезеңге 4 млрд.-тың үстінде қаражат көзделіп отыр.Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде, яғни 2004-2006 жылдары, тарихи-мәдени маңызы зор 35 сәулет ескерткіші күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта қалпына келтірілді. 30 археологиялық, 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылды. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей мен Арменияда жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде біздің тарихымызға қатысты 5 мыңға жуық құнды дерек табылды. Олардың көшірмелері елге әкелінді. 2007 жылы Қазақстан аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызды ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде 9 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Солардың ішінде Абылай ханның ордасы кешені де бар. 32 көне қалашық, қоныстар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді. 2004-2006 жылдары ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет және мәдениет бойынша басылым дестелерін әзірлеу сериясы бойынша 218 том жарық көрсе, 2007 жылы 74 атаулы кітап шығарылды. Ғылымға нақты қолдау жасалды. Жаңаша ізденістер мен зерттеу жобалардың арқасында отандық ғылым кеңістігі орасан көлемдегі бағалы еңбектермен толықты. Бағдарлама аясында зерттеушілерді материалдық жағынан ынталандырудың мүмкіндігі кеңейтілді. Аударма саласы жанданды. Елімізде кенже қалып келе жатқан реставрациялау ісі өркендеді. Заманға сай баспа өндірісі жаңаша қарқынмен дамыды.Мәдени мұраның бірінші кезеңі негізінен тарихи мұраларды іздестіру, анықтау, жинастыру ретінде өткені белгілі. Ал екінші кезең осы жинаған құндылықтарымызды сұрыптау, зерделеу, оларды тарихи мұраға айналдыру сатысы ретінде нақтылануы тиіс. Екінші кезеңде Мәдени мұра бағдарламасының халықаралық мәртебесін арттыруға да мән беруіміз керек. Бүгінгі басқосуымызға ЮНЕСКО-ның арнайы өкілі, сондай-ақ шет елдерден келген белгілі ғалымдардың бір тобы қатысып отыр. Соны ескеріп, жиынымызда осы тақырыпты да жан-жақты талқылағанымыз жөн болар еді. Қазір Қазақстан мен ЮНЕСКО арасында мәдени мұраны зерделеу саласындағы ынтымақтастық аясының артып келе жатқаны қуантады. Беделді халықаралық ұйым осыған дейін көне Отырарды құжаттандыру және консервациялау шараларына қолдау көрсетті. Енді мінеки, Ұлы Жібек жолының Қытай Орталық Азия бөлігін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне шекарааралық жоба ретінде енгізу жұмыстары жасалып жатыр. Сол арқылы Қазақстандағы Жібек жолы ескерткіштерін топтап, номинациялау шаралары іске асырылуда. Бұл тізімге ортағасырлық Қаялық, Сауран, Қызылқала, Ақыртас, Берел, Боралдай, Шілікті сияқты ежелгі қалалар, қорымдар мен ескерткіштердің енетіні құптарлық іс. Отандық ғалымдарымыз тарихи қазыналарымызды шетелдік әріптестерімен бірлесе зерттеп, ұлттық құндылықтарымызды жалпыадамзаттық мұраға айналдыруға күш салулары керек.
Н.Назарбаев: Мәдени мұра бағдарламасы рухани-мәдени өмірімізде ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі белесті кезең
Ақордада болған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Мәдени мұра бағдарламасын іске асыру жөніндегі қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысында мемлекет басшысы кіріспе сөзбен ашты және қорытындылады. Елбасымыз: Мәдени мұра бағдарламасы рухани-мәдени өміріміздегі ғана емес, жалпы қоғамдық өміріміздегі белесті кезең ретінде бүгінгі күні ел арасында зор серпіліс туғызуда. Бағдарламаның бірінші кезеңінде белгіленген іс-шараларды жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 2 млрд. 700 млн.теңге бөлінсе, екінші кезеңге 4 млрд.-тың үстінде қаражат көзделіп отыр.Мәдени мұра бағдарламасын жүзеге асырудың бірінші кезеңінде, яғни 2004-2006 жылдары, тарихи-мәдени маңызы зор 35 сәулет ескерткіші күрделі жөндеуден өткізіліп, қайта қалпына келтірілді. 30 археологиялық, 17 қолданбалы ғылыми-зерттеу жобалары іске асырылды. Батыс Еуропа елдерінде, АҚШ, Жапония, Түркия, Египет, Қытай, Ресей мен Арменияда жүргізілген зерттеу жұмыстары нәтижесінде біздің тарихымызға қатысты 5 мыңға жуық құнды дерек табылды. Олардың көшірмелері елге әкелінді. 2007 жылы Қазақстан аумағындағы 20 тарихи, мәдени маңызды ескерткіштерді қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп, соның ішінде 9 нысанда қалпына келтіру жұмыстары аяқталды. Солардың ішінде Абылай ханның ордасы кешені де бар. 32 көне қалашық, қоныстар мен қорғандарда археологиялық зерттеулер жүргізілді. 2004-2006 жылдары ұлттық және әлемдік ой-сана, әдебиет және мәдениет бойынша басылым дестелерін әзірлеу сериясы бойынша 218 том жарық көрсе, 2007 жылы 74 атаулы кітап шығарылды. Ғылымға нақты қолдау жасалды. Жаңаша ізденістер мен зерттеу жобалардың арқасында отандық ғылым кеңістігі орасан көлемдегі бағалы еңбектермен толықты. Бағдарлама аясында зерттеушілерді материалдық жағынан ынталандырудың мүмкіндігі кеңейтілді. Аударма саласы жанданды. Елімізде кенже қалып келе жатқан реставрациялау ісі өркендеді. Заманға сай баспа өндірісі жаңаша қарқынмен дамыды.Мәдени мұраның бірінші кезеңі негізінен тарихи мұраларды іздестіру, анықтау, жинастыру ретінде өткені белгілі. Ал екінші кезең осы жинаған құндылықтарымызды сұрыптау, зерделеу, оларды тарихи мұраға айналдыру сатысы ретінде нақтылануы тиіс. Екінші кезеңде Мәдени мұра бағдарламасының халықаралық мәртебесін арттыруға да мән беруіміз керек. Бүгінгі басқосуымызға ЮНЕСКО-ның арнайы өкілі, сондай-ақ шет елдерден келген белгілі ғалымдардың бір тобы қатысып отыр. Соны ескеріп, жиынымызда осы тақырыпты да жан-жақты талқылағанымыз жөн болар еді. Қазір Қазақстан мен ЮНЕСКО арасында мәдени мұраны зерделеу саласындағы ынтымақтастық аясының артып келе жатқаны қуантады. Беделді халықаралық ұйым осыған дейін көне Отырарды құжаттандыру және консервациялау шараларына қолдау көрсетті. Енді мінеки, Ұлы Жібек жолының Қытай Орталық Азия бөлігін ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мәдени мұра тізіміне шекарааралық жоба ретінде енгізу жұмыстары жасалып жатыр. Сол арқылы Қазақстандағы Жібек жолы ескерткіштерін топтап, номинациялау шаралары іске асырылуда. Бұл тізімге ортағасырлық Қаялық, Сауран, Қызылқала, Ақыртас, Берел, Боралдай, Шілікті сияқты ежелгі қалалар, қорымдар мен ескерткіштердің енетіні құптарлық іс. Отандық ғалымдарымыз тарихи қазыналарымызды шетелдік әріптестерімен бірлесе зерттеп, ұлттық құндылықтарымызды жалпыадамзаттық мұраға айналдыруға күш салулары керек. Келешекте Мәдени мұра бірегей брэнд ретінде қалыптасып, әлемдік қауымдастықта мемлекетіміздің мәртебесін асырудың күшті тетігіне айналуы тиіс. Әрине, біздің жерімізде пирамида мен Колизей сияқты жаһандық маңыздағы ескерткіштер жоқ шығар, бірақ көшпенділердің әлемдік тарихтағы рөлі одан еш кем соқпайтыны анық. Сонау ерте замандардан бері ұлан-байтақ қазақ жері бүкіл Еуразия кеңістігінің мәдени мәйегі, рухани түпқазығы болып келді. Көне номадтар құрған дала өркениеті адамзат тарихында терең із қалдырды. Олар Еуразияның таулы-алқапты аймағының экологиялық жағдайларына бейімделудің неғұрлым оңтайлы тетіктерін жасады. Соңғы мыңжылдықтар бойы адамзат баласы қолданып келе жатқан шаруашылық жүргізудің тиімді нысандарын өмірге әкелді. Жылқы алғаш рет қазақ даласында қолға үйретіліп, көлік құралы ретінде пайдаланыла бастады. . Бес қаруы сай, ұрыс жүргізудің ерекше тактикаларын меңгерген атты жауынгерлер де алғаш рет Ұлы дала төсінде бой көрсетіп, атой салды. Ежелгі көшпелі қауымдастықтарды басқару жүйесін құрды, кейіннен ол әртүрлі мемлекеттік құрылымдар моделіне айналды. Көшпенділер дәуірінде тау-кен ісі мен металлургия жаңа сапалық деңгейге көтерілді. Олар сапалы қорытпалар дайындаудың алуан технологиясын жетілдіріп, зергерлік әшекей бұйымдардың ғажайып үлгілерін жасай білді. Сақтар жасаған әйгілі аңдар стилі өзінің керемет шеберлігімен, дүниетанымның ықшам, сыйымды образдарымен әлем өнертанушыларын әлі күнге таң қалдырып келеді.Бүгінгі отырысымызда көңіл толатын мазмұнды әңгіме болды деп ойлаймын. Бұл жоба ұлт болып ұйысуымыздың берік темірқазығына айналуы тиіс. Бүгінгі отырыста біз екінші кезеңде жүзеге асырылатын бағыттарымыз бен басымдықтарымызды белгілеп алсақ деген ойдамын. Бірінші бағыт.Мәдени мұра бағдарламасының екінші кезеңінде ұлттық символдарымызды қалыптастыруға көңіл бөлуіміз керек. Біз Есік қорғандары мен Берел, Түркістан мен Отырар, Ұлытау мен Сарайшық сияқты мемлекеттілігіміздің алтын бесіктерін жөнге келтіруімізге болар еді. Олардың ішінде, әсіресе, құнды және жол торабында тұрған Сарайшық жалпақ әлемге жауынгерлік рухымен танылған көшпенділер одағы Алтын орда империясының, соңынан қазақ хандығының орталығы болды. Сарайшық батыс пен шығысты байланыстырған ірі сауда орталығы ғана емес, елдіктің туын көтерген қаламыз екенін ұмытпайық. Ал Отырарға келсек, ол әл-Фарабидей әлемге әйгілі данышпан бабамызды дүниеге әкелген, Александрия мен Карфаген сияқты әлемдік тарихта теңдесі жоқ кітапханасы болған рухани бесік, Ұлы Жібек жолы бойындағы үлкен сауда кенті. Түркістанда елі үшін еңіреп, халқы үшін қасық қаны қалғанша күресіп өткен қазақтың қаншама хандары мен билерінің, батырлары мен баһадүрлерінің сүйектері жатыр. Біздің төл тарихымызды тұмшалауға тырысқан кешегі кеңестік дәуірде Есім, Тәуке, Жәңгір сияқты хандардың, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Жауғаш пен Қойгелді сынды батырларымыздың, Қаз дауысты Қазыбек бидің кесенелері мен құлпытастары бұзылып, қиратылып, жермен жексен болды. Сол құлпытастарды қайта қалпына келтіріп, жөндеуіміз керек. Жалпы, менің ойымша, осы аталған жерлерде келешекте қазақ хандары мен батыр-билерінің пантеондарын ашу мәселесін де ойластырған дұрыс шығар. Осы айтылған нысандардың баршасы қазақ халқының этнос ретінде ежелден біртұтас ел екенін білдіретін киелі символдар, ұлт ретінде ұйыстыратын қасиетті орындар. Біз қаражатты нақтылап дәл осы ескерткіштерге жұмсап, нәтижесін көрсетуіміз қажет. Екінші бағыт.Мәдени мұра бағдарламасының екінші кезеңінде мәдени туризмді өркендету мәселесіне мұқият назар аударған жөн. Біз қазір Батыс Қытай Батыс Еуропа автокөлік жолын салудамыз. Жоғарыда айтылған үш ескерткіш Сарайшық, Отырар, Түркістан осы жолдың дәл үстінде болады. Оған қоса, Жаркент,Тараз ескерткіштері, Есік қорғаны да қамтылып тұр.Әлемдік туризмде Қазақстан аумағын Ұлы Жібек жолының негізгі тармағы ретінде танытатын осы ескерткіштер болмақ. Ол үшін туризм жолындағы әрбір қорық-мұражайлардың сипатына қарай жеке-жеке тұжырымдамасын әзірлеп, олардың мәртебесін белгілеген жөн деп білем. Соның негізінде туристік маршруттар жолындағы қорық-мұражайлардың даму жолдарын айқындайтын Бас жоспар жасауды Үкіметке тапсырамын. Жоспарды орындауға керекті қаражатты қарастыру керек. Мұндай көне тарихи орындарға шетелдік туристерді көптеп тартудың бір кепілі бұл нысандарға туристік инфрақұрылымға қажетті жолдар тарту, қонақ үйлер мен демалыс орындарын салып, қазіргі заманға сай байланыс орнату, жоғары деңгейдегі ақпараттық-туристік қызметтер жүйесін жандандыру болып саналады. Мәдени туризмді дамыту үшін тарихи орындарымыздың бәрін мұражайландыру керектігі белгілі жәйт. Алайда, бұл мұражайлар қазіргі өлкетану музейлері сияқты, бірінен бірі айнымайтын, біріне бірі ұқсас болмауы керек. Әрбір музей халқымыздың қиын тағдырлы өткен жолынан сыр шертіп, қазақтың тарихын кезең-кезеңімен көрсете алатындай болғаны абзал. Сонымен қатар, қорық-мұражайларды тек жансыз экспонаттармен толтырып қоймай, келген туристер көшпенділер өмірін көзге елестете алатындай етіп, сол заманның атмосферасын, сол дәуірдің ортасын жасау керек. Үшінші бағыт. Тарихи құндылықтарымызды халықаралық деңгейде насихаттау мәселесі қайта қарауды қажет етеді. Қазақта айтпасаң білмейді деп келетін аталы сөз бар. Сол айтқандай, барымызды жарқыратып басқаларға көрсету жағы, терең тамырлы ел екенімізді насихаттау мәселесі бізде жеткіліксіз. Тіпті бұл шаруа ескерусіз қалып жүр десек те болғандай. Әл-Фараби, Бейбарыс тәрізді жалпақ әлемге аты әйгілі тұлғалар байырғы қазақ жерінен шыққаны тарихтан белгілі. Алайда, бұл дерек жеткіліксіз. Олардың түркі мәдениетінің бір бөлшегі екенін әлем жұртшылығына таныту біздің парызымыз. Өткен жылы Египет пен Сирия елдеріне жасаған ресми сапарларымда Дамаск қаласында әл-Фарабидің кесенесі мен этномәдени орталығын салуға, сол қаладағы Сұлтан Бейбарыстың кесенесін және Каир қаласындағы Сұлтан Бейбарыс мешітін қайта жаңғыртуға келісіп қайттым. Берел мен Есік қорғандары, Түркістан мен Отырар және өзге де тарихи мекендеріміз жайында халықаралық талаптарға сай, терең мазмұнды, жоғары сапалы деректі фильмдер жасап, олардың Би-би-си,Дискавери сияқты әлемдік телеарналардан көрсетілуін де қолға алатын кез келді. Мұндай жобалар, біріншіден, қазақ елінің әлемге танылуына игі ықпал етсе, екіншіден, тарихи орындарымызды дүниежүзілік телеарналардан насихаттау арқылы елімізге келетін туристер ағынын арттыруға септесер еді. Арнайы халықаралық ғылыми-теориялық конференциялар өткізу керек. Шетелдік белді-белді ғалымдармен, іргелі ғылыми орталықтармен бірлесе отырып, мұраларымыздың әлемдік құндылықтар деңгейінде зерттелуін қолға алыңыздар. Шет елдерде көрмелер ұйымдастыра отырып, бұл мұралар бүкіл әлемге ортақ игілік екенін паш ету жағын ойластырыңыздар. Сонымен қатар, ұлттық жаңғыруымыз бен мәдени өрлеуіміздің орталығы ретінде Астана қаласында Мәдени мұра бағдарламасы бойынша табылған басты-басты мұраларды жинастырып, үлкен халықаралық деңгейдегі мұражай ашуды қолға алуды Астана қаласының әкіміне және Мәдениет, ақпарат министріне тапсырамын. Астанаға келетін туристер осы мұражай арқылы сонау сақтар мен ғұндар дәуірінен бастап бүгінгі заманға дейінгі аралықтағы қазақ жерінің адамзат өркениетінің дамуына қосқан үлесін нақты экспонаттар арқылы танып-білетін болсын. Төртінші бағыт. Біздің алдымызда осы жылдары табылған мұраларды кешенді түрде жан-жақты зерттеп-зерделеу міндеті тұр. Бүгінге дейін шетелдерден қазақ тарихына қатысты 5000-ға жуық көшірмелер әкелінген екен. Шетел архивтерінде шаң басып жатқан мұрағаттарды қыруар қаржыға сатып алып, енді өз елімізде қайтадан шаңға көміп тастау ешбір қисынға келмейді. Сол үшін Мәдени мұра бағдарламасы бойынша жиналған барлық деректер мен мұралардың ғылыми айналымға түсуін қадағалаңыздар. Көне деректерді зерттейтін ғалымдарға арнайы гранттар тағайындап, қазақ тарихының ақтаңдақ беттерін ашуға мән берілуін қарастыру керек. Бесінші бағыт.Мәдени мұра бағдарламасы шеңберінде жүргізілген ғылыми зерттеулердің нәтижелерін сараптап, жүйеленген мәліметтерді орта және жоғары мектептің оқулықтары мен оқу бағдарламаларына енгізу қажет. Біздің алдымызда ел болашағын сеніп тапсыратындай, төл мәдениетін жақсы білетін, туған тарихын сүйетін естияр ұрпақ дайындау міндеті тұр. Тәуелсіздік алғалы бері біз бүкіл әлем мойындаған мемлекетімізді құрып, экономикамызды нығайта алдық. Елімізде өзге тілдерді меңгеріп, осы заманғы ақпараттық технологияларды еркін игерген, ширақ та икемді жас ұрпақ өсіп келеді. Бірақ, олар ертеңгі күні төл тарихын білмейтін, ата-бабасын танымайтын, өздерінің ұлы мәдениеттің мұрагері екенін түйсінбейтін, жаны жат жалаң технократтар болып ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz