Web-қосымшаларды дайындау технологиялары. HTML тілі, оның негізгі компоненттері


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:
27. Web-қосымшаларды дайындау технологиялары
28. Гипермәтіндер. HTML тілі, оның негізгі компоненттері,
29. HTML тілінің құрылымы. HTML тіліндегі формалар. Динамикалық және статикалық беттер
Сервер (Server) - үлкен көлемді ақпарат сақталатын желіге қосылған арнайы компьютер. Сервер көптеген клиенттерден сұраныстар қабылдайды да оларға қандай да бір тәсілмен әрекет (мәліметтерді жібереді немесе басқа серверлерге жолдайды) жасайды.
WWW (World Wide Web) - бұл бүкіл дүние жүзі бойынша компьютерлерде сақталатын өте көп құжаттардың жиынын беретін Интернеттің бөлігі.
WWW-ді қысқаша веб деп айтады.
Веб-құжат әр түрлі ақпаратты - мәтін, сурет, фото, видео, аудиожазбаларды қамтуға қабілетті. Осындай құжаттар веб-серверлерде сақталады. Веб-серверлерде сақталған беттер басқа пайдаланушылардың пайдалануына мүмкін болады. Қандай да бір белгілермен біріктірілген Веб-беттер топтамасы веб-сайт немесе жай ғана сайт деп аталады.
URL (Uniform Resource Locator) - желідегі әрбір веб-бетте болатын бірегей адрес. Егер пайдаланушыға беттің URL белгілі болса, онда ол оның адресін браузер жолында теріп оны өзінің браузерінде бейнелей алады.
Жалпы жағдайда URL пайдаланылатын хаттаманың атауынан, сервер атауынан және бетке қатынау жолының белгілеуінен тұрады.
Хаттама веб-бетке жүгіну ережесін анықтайды.
Сервер атауы (домендік атау) - веб-беттің мәліметтері бар компьютерді белгілейді.
Қатынау жолы - сервер дискісіндегі беттің орналасу орнын көрсетеді.
Веб-браузер немесе браузер (browser) - бұл пайдаланушы компьютерінде орналастырылған және желіде ақпараттарды іздеуге немесе бейнелеуге қызмет ететін программа. Браузер беттерді және басқа файлдарды дискіден оқиды да олардың мазмұны пайдаланушы компьютерінің мониторында бейнеленеді. Белгілі, жиі қолданылатын браузерлер ретінде Microsoft Internet Explorer, Mozilla FireFox, Opera, Safari және т. б. браузерлерін айтуға болады.
Веб-бет - мазмұны веб-браузердің көмегімен өңдеу, манипуляциялау және қарау үшін тиімді құжат. Веб-беттер жергілікті- пайдаланушының дербес аппараттық құрылғысында - немесе жергілікті және ауқымды желілердегі желілік құрылғыларда (серверлерде) орналасуы мүмкін.
Қарапайым веб-бет басқа форматтардағы (мәтін, графикалық бейне, видео, аудио, мультимедия, қолданбалы программа, мәліметтер қоры, веб-қызметтер және т. б. ) файлдарға сілтемені қамти алатын басқа беб-беттерге тез көшу үшін немесе сілтелінетін файлдарға қатынай алатын html немесе xml форматтарындағы мәтіндік файлды береді. Ақпараттық ресурс веб-бет мазмұнын ақпараттық құраушы болып табылады және контент деп аталады.
Ортақ тақырыппен және дизайнмен, сондай-ақ өзара сілтемелермен байланысқан бірнеше веб-беттер веб-сайтты құрайды.
Клиент-сервер - тапсырма немесе желілік жүктеме сервер деп аталатын көрсетілетін қызметтерді жеткізушілер мен клиент деп аталатын көрсетілетін қызметтерге тапсырыс берушілер арасында үлестірілген есептеуіш немесе желілік архитектура. Физикалық клиент және сервер - бұл программалық жасақтама. Олар негізінен желілік хаттамалардың көмегімен компьютерлік желілер арқылы өзара әсерлеседі және әр түрлі есептеуіш машиналарда болады, бірақ бір машинада да орындалуы мүмкін. Программалар-серверлер клиенттік программалардан тапсырыстар күтеді және өздерінің ресурстарын мәліметтер немесе сервистік функциялар түрінде береді.
Веб-қосымша - бұл клиент ретінде браузер, сервер ретінде - Веб сервер рөлін атқаратын клиент-серверлік қосымша. Веб-қосымшаның логикасы сервер мен клиенттің арасында таратылған, мәліметтерді сақтау серверде жүзеге асырылады, ақпарат алмасу желіде жүргізіледі. Осындай тәсілдің артықшылығы - клиент пайдаланушының нақты операциялық жүйесінен тәуелді болмайды, сондықтан Веб-қосымша платформааралық сервис болып табылады.
Гипермәтіндер басқа веб-беттерге тез көшуге мүмкіндік береді. Гипермәтіндер пайдаланушы жүгінетін қажет беттің URL енгізу қажеттілігін болдырмайды. Гиперсілтемелер түсімен және астын сызумен ерекшеленеді. Гипермәтін ретінде графикалық кескін, болуы мүмкін, бұл жағдайда ол рамкамен белгіленеді.
HTML (HyperText Markup Language - гипермәтінді белгілеу тілі), веб-бетті құру тілі болып табылады.
Бұл жағдайда гипермәтін ретінде басқа мәтіндер - көрсеткіштер-сілтемелермен байланысты мәтін түсініледі. HTML құжат құрылымын сипаттайтын қарапайым кодтар жиынтығын береді. HTML мәтінде логикалық бөлімдерді жеке ерекшелеуге, веб-бетке дайындалған фотографияны немесе картинаны орналастыруға, бетте басқа құжаттармен байланысу үшін сілтемелерді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
HTML тілі
- мәтінді форматтауға;
- ол жердегі функционалдық элементтерді ажыратуға (кнопкаларды, кестелерді және т. б. ) ;
- Интернеттің басқа ресурстарына сілтемелер құруға (гипермәтіндер) ;
- бейнеленетін бетке әр түрлі сыртқы нысандарды қоюға (кескін, дыбыс жазу және т. б. ) .
- бетке программалау тілінде (мысалы, JavaScript тілінде) жазылған программалық кодтарды қосуға мүмкіндік береді.
HTML құжаттарды форматтауға нақты және дәл атрибуттарды бермейді. Құжаттың нақты түрін тек қана Интернет пайдаланушының компьютерінде программа-браузер анықтайды.
HTML негізгі компоненттері:
- Тег (tag) . HTML тегі - бұл веб-браузерге абзацты құру немесе кескінді қою сияқты белгілі бір есепті орындауға команда беретін компонент.
- Контейнер. Жұпталған тег контейнер деп аталады. Олар екі бөліктен тұрады: ашылатын және жабылатын тегтер.
- Атрибут(немесеаргумент) . HTML атрибуты тегті өзгертеді. Мысалы, тегтің ішінде абзацты немесе кескінді тегістеуге болады.
- Мән. Мән атрибуттарға меншіктеледі және енгізілетін өзгерістерді анықтайды. Мысалы, егер тег үшін тегістеу атрибуты пайдаланылса, онда осы атрибуттың мәнін көрсетуге болады. типте бола алады, сонымен қатар мәні пиксельмен анықталатын кескіннің енін немесе биіктігін анықтайтын сандық типте де болуы мүмкін.
HTML программасы <HTML> тегімен басталып </HTML> тегімен аяқталады. Аяқталу мен басталу тегтерінің айырмашылығы аяқтау тегінде «/» слэш таңбасының қойылуында.
<HTML>
. . . (бұл жерде программаның басқа тегтері болады)
</HTML>
HTML- программасы екі негізгі бөлімнен тұрады: атауынан және денесінен. Атауы <HEAD> және </HEAD> тегтер жұбымен шектеледі, ал денесі <BODY> және </BODY> тегтер жұбымн шектеледі.
Нәтижесінде программа мына түрде жазылады
<HTML>
<HEAD>
. . . (атауы)
</HEAD>
<BODY>
. . . (программа денесінің басқа тегтері)
</BODY>
</HTML>
Сонымен қатар, браузер терезесінің атауында орналасатын әрбір HTML- программаның атауы болады. браузер терезесінің атауы <TITLE> және </TITLE> екі тегтің көмегімен құрылады және <HEAD> және </HEAD> тегтерінің арасында орналасады.
<HTML>
<HEAD>
<TITLE> HTML негіздері </TITLE> ;
</HEAD>
<BODY>
. . . (программа денесінің басқа тегтері)
</BODY>
</HTML>
HTML-программаларды жазған кезде, браузердегі құжатты жүктегенде көрінбейтін, мәтіндерді түсіндіретін - түсініктеме қою қажет болады. Осы мақсатта <!> тегі пайдаланылады. <! және > символдарының арасында орналасқанның бәрі түсініктеме болып есептеледі де браузерде бейнеленбейді.
Блокнот мәтіндік редакторына төмендегі файлды енгіземіз:
<!DOCTYPE HTML PUBLIC "-//W3C//DTD HTML 4. 01 Transitional//EN"
"http://www. w3. org/TR/html4/loose. dtd">
<html>
<head>
<title> Это моя первая страничка! </title>
</head>
<body>
<!--сейчас я напишу свою первую строчку текста!-->
Ура Я создал свою первую страницу на html!!!
</body>
</html>
Осы программа мәтінін html құжаты ретінде сақтаймыз.
HTML тіліндегі форма - пайдаланушыға жүйемен кейіннен өңдеу үшін ақпаратты енгізуге мүмкіндік беретін құжат бөлімі. HTML-дағы форма FORM элементінің көмегімен беріледі және қарапайым элементтерді белгілеуге қосымша басқару элементтері, таңба және т. б. үшін белгілерді қамтиды.
Басқару элементтері пайдаланушының формамен өзара әрекеттесу үшін қызмет атқарады. NAME атрибуты берілген форманың ішіндегі басқару элементінің атын анықтайды.
Форманың әрбір элементімен бастапқы және ағымдық мән байланысты. Бастапқы мән value атрибутымен берілуі мүмкін (textarea, object мәндерінен басқа) . Элементтерге сәйкес мәндер пайдаланушының немесе скрипттердің формамен өзара әрекеттесуінде өзгеруі мүмкін. Форманы тазарту барысында элементтер жаңа бастапқы мәнді қабылдайды.
HTML-да келесі басқару элементтері анықталған:
- кнопка:submit, image, reset, жәнеbuttonэлементі;
- чекбокс (жалауша) :checkboxтипі;
- радиокнопка:radioтипі;
- мәзір:selectэлементі ;
- мәтін жолы:textтипі, сонымен қатарtextareaэлементі;
- пароль: password типі;
- жасырын өріс:hiddenтипі;
- файл:fileтипі;
- объект:objectэлементі;
Соңғы HTML 5 нұсқасында қосымша элементтер анықталады:
- datalistэлементі - мәтін жолдарын автотолтыру нұсқасымен;
- outputэлементі - басқа өрістер негізінде есептеу нәтижелері үшін;
- keygenэлементі - аутентификациялау механизмінде пайдаланылатын кілттер жұбын генерациялау үшін.
Форма ішінде басқару элементтері орналасқан FORM элементінің көмегімен беріледі. HTML-ге ортақ атрибуттардан өзге FORM элементінде келесі атрибуттар болуы мүмкін:
- action(амал) - форма өңдеуші URI қамтитын міндетті атрибут;
- method(метод отправки формы) - GET (үнсіздік бойынша) немесе POST мәндерін қабылдайтын атрибут;
- enctype(ішіндегісі үшін кодтау типі) - үнсіздік бойынша application/x-www-form-urlencoded (барлық кезде GET әдісі үшін), бірақ негізінен multipart/form-data қолданылады;
- accept- файлдарды жүктеу үшін MIME-типіндегі тізімдер;
- name- форма аты;
- onsubmit- «форма жіберілді» оқиғасының өңдеушісі;
- onreset- «форма тазартылды» оқиғасының өңдеушісі;
- accept-charsetқолданылатын символдар жиынының тізімі.
Формаларды жөнелтудің екі формасы бар: GET және POST. GET әдісін, мысалы, іздеу сияқты қосымша амалдар орындалмайтын жағдайда серверде формаларды өңдеу кезіндегі жағдайда пайдалану ұсынылады. Кері жағдайда POST әдісін пайдалану талап етіледі.
Беттер браузердегі құжаттардың қылығына қарай, құрылу тәсіліне статикалық және динамикалық болып бөлінеді.
Пайдаланушының браузеріндегі құжатқа байланысты:
- статикалық html беттер;
- динамикалық html беттер болып бөлінеді.
Статикалық - бет пайдаланушының әрекетінен тәуелсіз барлық кезде біркелкі көрінетінін білдіреді. HTML түріндегі серверде орналасқан беттер статикалық беттер болып табылады. Динамикалық беттер пайдаланушының әрекетіне әсер етуі және өзгеруі мүмкін. Браузер сұранысы бойынша сол мезетте генерацияланатын беттер динамикалық беттер болып табылады.
Веб беттердің динамикасын құру үшін кеңінен таралған тілі - JavaScript тілі. Vbscript (visual basic script) тілі де веб беттердің динамикасын құруға арналған, тек алдыңғы тілмен салыстырғанда сирек қолданылады.
Perl, SSI, PHP, ASP, Python, Java, Бинарлық код (Си немесе С++ программалары) программалау тілдерінің көмегімен «динамикалық» беттерді генерациялайтын скрипттерді жазуға болады. Бұл тілдердің әрқайсысының өзінің ерекшеліктері бар. Скрипттерді кез келген тілде жазуға болады. Ең бастысы олардың мықты және әлсіз жақтарын және оларды тиімді пайдалана білу керек.
Қазір гибридті жүйе көп қолданыста. Соның ішінде AJAX (Asyncronous JavaScript And XML) жүйесі. Бұл технология скрипттарға JavaScript-те сервердегі қандай да бір скриптке қатынауға және серверден ақпарат алуға мүмкіндік береді.
Мысалы, егер сіз желіге қандай да бір кітапты салғыңыз келсін. Кітап жазылған, ол өзгерілмейді. Бұл жағдайда кітапты статикалық html құжат ретінде безендірген қолайлы және тиімдірек болып келеді.
Егер сізде сайтта өзгеретін ақпарат болса, онда скриптті пайдаланған дұрыс. Скрипттің бір кемшілігі: олар өздерінің жұмыстары үшін серверден қосымша ресурстарды талап етеді. Егер html бетті серверден оқу және браузерге жіберу керек болса, онда скриптті алдымен жүктеу және орындау керек болады. Сонымен қатар, скрипттер өзгерілетін мәліметтер үшін көбінесе МҚБЖ-н пайдаланады, ал бұл өз алдына қосымша жүктеме береді.
HTML тегтерінің анықтамасы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz