ҚР психологияның даму тарихы



Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф. Ломов "Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары" деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта "психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда" деп айтты. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі — сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де жэне т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе, онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қаупі туады.

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ҚР Психологияның даму тарихы
Психология алдында тұрған теориялық және тәжірибелік міндеттердің көпшілігіне байланысты қазіргі уақыттағы психология ғылымы қарқынды даму үстінде. Психикалық әрекеттің даму барысындағы оның заңдылықтарын оқытып - үйрету психологияның негізгі міндеті болып табылады. Соңғы онжылдық көлемінде психологиялық зерттеулер шеңбері айтарлықтай кеңіп, жаңа ғылыми бағыттар мен пәндер пайда болды. Психология ғылымының ұғым аппараты өзгеріп, жаңа жорамалдар мен тұжырымдамалар үздіксіз пайда болып, психология жаңа эмпирикалық мәліметтермен толығуда. Б.Ф. Ломов "Психологияның әдіснамалық және теориялық проблемалары" деген еңбегінде қазіргі кезеңдегі ғылым жағдайын сипаттай отырып, қазіргі уақытта "психология ғылымының әдіснамалық мәселелерін және оның жалпы теориясын өңдеуге қажеттілік кенеттен артуда" деп айтты. Психология зерттейтін құбылыстар аумағы өте кең. Ол күрделілік деңгейі әр түрлі -- сезім мүшелеріне әсер ететін объектінің жеке түрлерінің қарапайым айырмашылығынан бастап тұлғаның мотивтік күресіне дейін болатын адамның күйлері мен қасиеттерін, үрдістерді қамтиды. Бұл құбылыстардың кейбіреулері жеткілікті зерттелген, ал басқаларын сипаттау қарапайым бақылауларды тіркеумен ғана шектеледі. Зерттелетін құбылыстар мен олардың байланыстарын жалпы және дерексіз сипаттау - теория болады деп көпшілік санайтынын ерекше атап айтқан жөн. Алайда мұнымен теориялық жұмыс бітпейді, сондай-ақ бұған жиналған білімдерді салыстыру мен интеграциялау да, оларды жүйелеу де жэне т.б. кіреді. Бұл жұмыстың негізгі мақсаты болып зерттелетін құбылыстардың мағынасын ашу саналады. Осыған байланысты әдіснамалық мәселелер пайда болады. Егер теориялық зерттеу айқындамаған әдістемелік принципке сүйенсе, онда теориялық білімнің эмпирикалықпен алмастырылуының қаупі туады.
Психикалық құбылыстардың мағынасын түсінудегі диалектикалық материализм дәрежесінің рөлі маңызды болады. Б.Ф. Ломовтың аталған еңбегінде психологиялық ғылымдардың негізгі дәрежелері анықталып, олардың жүйелік өзара байланысы, әрқайсысының жалпыға ортақтығы, сондай-ақ, бір-біріне келтірілмейтіндігі көрсетілген. Психологияның төмендегідей негізгі дәрежелері бөлініп айтылған: бейнелеу дәрежесі, тұлға дәрежесі, қарым-қатынас дәрежесі, сондай-ақ жалпыламалық деңгейі бойынша дәрежеге теңелетін ұғымдар бұл "әлеуметтік" және "биологиялық" ұғымдар. Адамның әлеуметтік және табиғи қасиеттерінің объективтік байланыстарын, әлеуметтік және биологиялық детерминанттарының даму барысындағы қатынасын анықтау - ғылымның күрделі міндеттерінің бірін білдіреді. Алдыңғы онжылдықтардағы психология пәнінің теориясы басым болғаны белгілі. Оның қазіргі уақыттағы қоғам өміріндегі рөлі қарқынды түрде өзгерген. Ол өнеркәсіптегі, мемлекеттік басқарудағы, медицинадағы, мәдениеттегі, спорттағы, білім беру жүйесіндегі және т.б. ерекше кәсіби практикалық әрекеттің аумағына айналуда. Психологиялық ғылымды практикалық міндеттерді шешуге енгізу, оның теориясының даму жағдайларын да маңызды өзгеріске ұшыратады. Шешілуі психологиялық құзырды талап ететін, адам факторының рөлінің көтерілуімен анықталатын мәселелер қоғам өмірінің барлық салаларында әр түрлі түрде пайда болады. "Адам факторы" деп адамдардың нақтылы әрекеттерінен көрінетін адам бойындағы әлеуметтік-психологиялық, психологиялық және психо-физиологиялық қасиеттердің кең шеңберін түсінуге болады. Бұл жерде біз психология алдына қоғамдық тәжірибе (олардың саны өте көп, өйткені адам бар жердің бәрінде шешілуі "адам факторын" қажет ететін мәселелер бар) қойып отырған барлық міндеттерді атап айтпаймыз, бала психикасының дамуын түсінудегі психологияның маңыздылығына қысқаша тоқталамыз. Халық ағарту жүйесінің барлық қатарларында психологияға тиісті мәселелер туады. Психикалық құбылыстардың жүйесін түгелдей дерлік - тұлғаның қарапайым сезінулерінен бастап, психикалық қасиеттеріне дейін зерттеу олар бағынатын объективтік заңдылықтарды ашуға бағытталған. Бұл зерттеудің ғылыми негізін жасаудағы, қоғамдық мәселені шешудегі, оқу және тәрбие ұйымдарын жетілдірудегі маңызы зор. Психология ғылымы шешетін қолданбалы мәселелердің рөлін қоғамның мойындауы білім беру мекемелерінде тармақталған психологиялық қызметті қалыптастыру идеясына әкелді. Қазіргі уақытта мұндай қызмет өзінің дайындалу, даму кезеңінен өтуде жэне ғылым мен оның нәтижелерінің тәжірибеде қолданылуы арасындағы байланыстырушы қатар болады деп ойластырылуда
Адам - көптеген ғалымдардың зерттеу тақырыбы болып келеді. Адамзат өзінің тарихын, шығу тегін, тілдері мен салт-дәстүрлерін тануында психология ғылымы ерекше орын алады. Ежелгі ойшылдар адам үшін басқа адамнан артық қызық объекті болмайтынын қателеспей айтқан. Психологияның зерттеу пәнінің негізіне, адам болмысының табиғаты, психикалық құбылыстары, үрдістері, қасиеттері кіреді. Адам дамуының заңдылықтары және оның ерекшеліктері туралы ғылыми ілімдердің жүйесі жалпы қоғамның дамуы үшін қажет. Бірақ адам жеке өзіндік арнайы мәселелері бар әр түрлі ғылымдардың амалдары арқылы кешенді зерттеулердің объектісі болып саналады. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік үрдістерді зерттеген кезде психологиялық факторларды ескеру қажеттілігі туындайды. Бірақ әрбір ғылым өз пәнінің ерекшеліктерімен айрықшаланады. С.Л.Рубинштейн "Жалпы психология негіздері" еңбегінде (1940) былай деп жазды: "Психология зерттейтін құбылыстардың арнайы шеңбері анық әрі айқын көрінеді. Бұған біздің өміріміздің ішкі мазмұнын құрайтын және бізге тікелей тән уайымдар сияқты сезімдер, ойлар, ұмтылыстар, тілектер, ниеттер, қабылдаулар және т.б. жатады...". Психиканың алғашқы сипаттамалық ерекшелігі - жеке адамда тікелей өзіндік уайымдарының болуы - тікелей сезімнің негізінде ғана білініп, басқа ешқандай тәсілдермен қабылданбайды. Жаратылыстың әсемдігі қалай әдемі әрі жарық сипатталса да зағип (соқыр) оны білмейді, ал саңырау оның үнінің саздылығын тікелей қабылдаусыз сезбейді, өз басынан сүйіспеншілікті өткермеген адамға бұл сезімнің барлық ерекшелігін, шығармашылығының ләззатын және күрестің күшеюін, басқаша айтқанда, адам тек өзі ғана басынан кеше алатынды ешқандай психологиялық трактат алмастыра алмайды [1, 5 б].
Психологияның ерекшеліктерін, ежелден, адам ақылы тысқары құбылыстар ретінде қабылдап келе жатқандықтан, оларды ғылыми тұрғыдан анықтау қиындыққа соқтырады. Шынайы бір заттың қабылдануы заттың өзінен түбегейлі айырмашылықта болатыны айдан анық. Тәннен жанды бөлек, ерекше нәрсе түрінде қабылдауды мысал ретінде келтіруге болады. Адамдар мен жануарлардың өлетінін, адамның түс көретінін ежелгі адамдар да білген. Осыған байланысты адам екі бөліктен тұрады деген сенім пайда болған: сезілетін тәннен жэне сезілмейтін жаннан; адамның тірі кезінде жаны тәнінде болады, ал жан тәннен ажырағанда - адам өледі. Адам ұйқыда жатқанда жаны басқа жерге уақытша орын ауыстырады. Осылайша, психикалық үрдістер, ерекшеліктер, күйлер ғылыми талдаудың пәні болмас бұрын, адамдардың бір-бірі жайлы психологиялық қарапайым ілімдер жинақталған.
Адамның психика туралы нақтылы көзқарасын оның жеке өмір тәжірибесі қалыптастырады. Қоғамдық және жеке тәжірибелерден алынған психологиялық қарапайым мәліметтер, бірлесіп еңбек ету үрдісінде, бірлесіп өмір сүру кезінде басқа адамның әрекеттері мен қылықтарына дұрыс жауап қайтаруға қажетті шарттар болып саналатын, ғылымға дейінгі психологиялық ілімдерді құрайды. Бұл ілімдер қоршаған адамдардың мінез-құлықтарына бағыт-бағдар беруге дұрыс ықпал етуі мүмкін. Алайда, олар дәлелсіз, тереңдетілмеген жүйесіз болып табылады. Біз оларды тек өз тәжірибеміз арқылы ғана емес, сонымен қатар көркем әдебиет, мақал-мәтелдер, ертегілер, аңыздар, мысалдар арқылы меңгереміз. Міне, осылар қазіргі заманғы психологияның барлық психологиялық теориялары мен салаларының бастаулары болып саналады.
Ғылым ретінде психология нені сипаттайды? Оның ғылыми ілімдеріне не кіреді? Бұл сұраққа жауап беру ойлағандай оңай емес. Бұл сауалға жауап беру үшін ғылыми психология тарихының әрбір даму кезеңіндегі психологиядағы ғылыми ілімнің мағынасы туралы көзқарастың қалайша өзгеретініне үңілу қажет. Психология көне әрі жас ғылым. Оның мыңжылдық өткені бола тұрса да, келешегі де зор. Оның жеке ғылыми пән ретінде таралуына жүз жылға жетер-жетпес уақыт болды, бірақ басты мәселесі, философия пайда болғаннан бері, философиялық ой ретінде кездеседі.
XIX ғасырдың соңы - XX ғасырдың басында, белгілі психолог Г.Эббингауз психологияның тарихы қысқа, ал тарих алдындағы кезеңдері ұзақ деп психология туралы қысқа да нұсқа айтты. Бұл жерде, тарих ретінде, философиядан бөлініп табиғи ғылымдарға жақындау және жеке эксперименттік әдістерді ұйымдастыру кезеңі деп аталған психиканы зерттеудің кезеңі айтылған. Бұл XIX ғасырдың соңғы ширегінде болды, бірақ психологияның қайнар бұлағы ғасырлар қойнауында жатыр.
Пәннің атауы ежелгі грек тілінен аударғанда, психология (псюхе-жан, логос-ілім) жан туралы ілім дегенді білдіреді. Кең таралған көзқарастар бойынша, алғашқы психологиялық түсініктер діни нанымдармен байланысты болды. Шындығында, ғылымның ақиқатты тарихы көрсеткендей, ежелгі грек философтарының ертедегі көзқарастары адамның алғашқы білімімен тығыз байланыста болатын практикалық таным үрдісінде пайда болады және жаратылысты - жалпы, жанды - жеке деп санайтын мифологиялық нанымдары бар дінге қарсы туып келе жатқан ғылыми ой күресі барысында дамиды. Жанды зерттеу және түсіндіру - психология пәнінің қалыптасуының алғашқы кезеңі болып табылады. Сонымен, психология алғашында жан туралы ғылым ретінде анықталды. Алайда, жан дегеніміз не деген сұраққа жауап беру оңай болмады. Әр түрлі тарихи кезеңдердегі ғалымдар бұл сөзге әр түрлі мазмұн берді. Психиканың мәніне деген ғылыми көзқарастардың қалыптасуы және дамуы әрқашанда философияның негізгі мәселесінің шешіміне -материя мен сананың, рухани және материалдық субстанциялардың арақатынасына байланысты болған.
Дәл осы мәселе төңірегінде бір-біріне диаматериялы қарсы екі философиялық бағыттар пайда болды: идеалистік және материалистік. Идеалистік философия өкілдері психиканы материядан тыс, жеке болатын, бірінші болатын құбылыс ретінде қарастырады. Материалдық түсінік психиканы материядан туындайтын, екінші құбылыс түрінде көрсетеді.
Идеалистік философия өкілдері материядан тәуелсіз ерекше рухани бастаудың бар екендігін мойындайды, олар психикалық әрекетті материалдық, тумайтын әрі өлмейтін жан түрінде қарастырады. Ал барлық материалдық заттар мен үрдістерді сезімдер мен түсініктер ретінде немесе қандайда бір "абсолютті рух", "жаратылыстық ерік", "идеялар" сияқты жұмбақ құбылыстар ретінде қарастырады. Адамдар психикалық құбылыстарды ерекше, тылсым күштердің - адам туған кезде тәніне еніп, ал өлгенде ұшып кететін жан мен рухтың әрекеттері деп тәннің құрылысы мен қызметі туралы қате көзқараста болған кезде идеализм пайда болды. Алғашқыда жан әр түрлі ағзаларда болатын жіңішке ерекше дене немесе тіршілік иесі деп түсіндірілді. Дін пайда болған кезде, жан тәннің өзіндік көшірмесі, адамды тастап кеткеннен соң мәңгі өмір сүретін қандай да бір "басқа дүниемен" байланыста болатын, денесіз және өлмейтін рухани тіршілік иесі ретінде ұғыныла бастады. Осының негізінде идея, рух, сана-бірінші, барлық тіршіліктің қайнар бұлағы, ал табиғат, материя - екінші, идеядан, санадан, рухтан туындайды деп тұжырымдайтын философияның әр түрлі идеалистік жүйелері пайда болды.
Психиканы адамның рухани өмірінің көрінісі және ол барлық материалдық табиғат бағынатын заңдарға бағынбайды деп қарастырған идеалистік философия, адам психикасын түсінудегі материалдық көзқарасты көптеген ғасырларға ығыстырды. Жан туралы көзқарастар қандайда болмасын метаморфозаларды бастан өткерсе де, жанды өмірдің қозғаушы көзі деген тұжырым тұрақты болып қалды. Тек XVII ғасырда ғана Рене Декарт психологиялық ілімдердің дамуының жаңа кезеңін бастады. Ол тек ішкі ағзалардың жұмысы ғана емес, сонымен қатар ағзаның әрекеті - оның басқа сыртқы денелермен әрекеттестігі де жанды қажет етпейді дегенді көрсетті. Оның идеялары психология ғылымының кейінгі тағдырына ерекше ықпал етті. Декарт бір мезгілде екі ұғымды енгізді: сана және рефлекс. Алайда, ол өз ілімінде кенеттен жан мен тәнді қарама-қайшы қояды. Ол өзара тэуелсіз екі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Медициналық психологияның қалыптасу тарихы туралы
Психикалық құбылыстарды жіктеу
Психолгия ғылымының зерттеу әдістері мен салалары
Психология ғылымының кеңестік кезеңдегі даму тарихы
Психология ғылымының зерттеу әдістері мен салаларын анықтау әдістер
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ПСИХОЛОГИЯ ҒЫЛЫМЫ ДАМУЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ
Социология және әлеуметтік психология: жалпы және ерекше
Психология туралы түсінік
Кеңестік психологияның дамуы
ХХ ғасырдың алғашқы ширегіндегі Қазақстандағы өріс алған оқу-ағарту, тәлім-тәрбиенің жәй-жапсары
Пәндер