Тәжірибедегі егеуқұйрықтардың бүйрегінің морфологиялық зерттеулері



Қоршаған орта факторларының ағзаның бейімделушілік жағдайына әсері қазіргі таңдағы биология мен медицина саласында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Организмнің қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдай қимыл-қозғалыстық белсенділік екені бұрыннан белгілі[1-2]. Қимыл–қозғалыс белсенділігінің аздығы- денсаулықтың төмендеуіне себеп болатын маңызды факторлардың бірі [3-4]. Әдебиет мәліметтерінде адамдармен және жануарлардың гипокинезия әсеріне көптеген ғалымдар сипаттама жазған, ал ББҚ-ды қолдана отырып ұлпалық және клеткалық деңгейде гипокинезия кезінде ағзаның бейімделу процестері аз зерттелген. Сонымен, клеткалық бейімделу механизмін зерттеу қазіргі биология ғылымында өзекті мәселелердің бірі[5-6]. Осыған байланысты біздің жұмысымыздың мақсаты: биологиялық белсенді арнайы өнімдерді қолдана отырып, егеуқұйрықтардың бүйрегінің морфофункционалды өзгерістерін зерттеу.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Эксперименталді зерттеу жұмысында арнайы өнім -радиопротекторлы, детоксицирлеуші биологиялық белсенді заттардың қосындысымен бірге гипокинезия әсерін алған егеуқұйрық бүйрегінің бейімдеушілік мүмкіншілігін анықтауда салмағы 180-220 грамм, 3 айлық Вистар түрінің 40 еркек егеуқұйрық алынып жүргізілді. Тәжірибе барысында барлық жануарлар бірдей стандартты жағдайда ұсталынды. Гистологиялық зерттеудің негізгі объектісі ретінде бүйрек клеткалары алынды. Бұл тәжірибе 30 күн аралығында өткізілді, барлық жануарлар егеуқұйрықтар 4 топқа бөлінді: I-ші жануарлар тобы –бақылау; II-ші жануарлар тобы – 30 күн аралығында гипокинезия әсерін алған; III-ші жануарлар тобы – 30 күн аралығында гипокинезия + радиопротекторлы арнайы өнім «Таң сәулесі»; IV-ші жануарлар тобы – 30 күн аралығында гипокинезия + детоксицирлеуші арнайы өнім «Мөлдір».
1. Лукьянов В.С. О сохранении здоровья и работоспособности. – М.: Медгиз, 1952, С 136.
2. Фомин Н.А., Вавилов Ю.Н. Физиологические основы двигательной активности. – М.: Физкультура и спорт, 1991, С 224.
3. Шустов, Е.Б. Закономерности адаптации к деятельности в экстремальных условиях / Е.Б. Шустов, В.С. Новиков, В.В. Горанчук // Всероссийская научная конференция с международным участием, посвященная 150-летию со дня рождения академика Ивана Петровича Павлова, Санкт-Петербург, 15-17 сент., 1999.: Материалы конференции. – 1999. С. 53-56.
4. Барбашова, З.И. Изменение резистентности организма, функционального состояния тканей и биохимических процессов в них при гипокинезии / З.И. Барбашова, Е.К. Жуков, С.М. Бакланова // В кн.: Адаптация к мышечной деятельности и гипокинезии. – Новосибирск, 1970. С.26–35.
5. Коваленко, Е.А. Гипокинезия / Е.А. Коваленко, Н.И. Гуровский. – М.: Медицина, 1980. С 320.
6. Коваленко, Е.А. О проблеме гипокинезии в современной медицине / Е.А.
Коваленко // Гипокинезия. Медицинские и психологические проблемы. – М., 1997. С. 35–36.
7. Волкова О.В., Елецкий Ю.К. Основы гистологии и гистологической техники. 2-е изд.М.: Медицина, 1982. С 3-7.

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
УДК 591. 521. 1.

З.Б. ЕСИМСИИТОВА, У.С. ШАПЕНОВА, Ф.Д. АЛСЕИТОВА, С.А. МАНКИБАЕВА

ТӘЖІРИБЕДЕГІ ЕГЕУҚҰЙРЫҚТАРДЫҢ БҮЙРЕГІНІҢ МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕРІ.
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Алматы

Қоршаған орта факторларының ағзаның бейімделушілік жағдайына әсері қазіргі таңдағы биология мен медицина саласында өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Организмнің қалыпты тіршілік әрекетіне қажетті жағдай қимыл-қозғалыстық белсенділік екені бұрыннан белгілі[1-2]. Қимыл - қозғалыс белсенділігінің аздығы- денсаулықтың төмендеуіне себеп болатын маңызды факторлардың бірі [3-4]. Әдебиет мәліметтерінде адамдармен және жануарлардың гипокинезия әсеріне көптеген ғалымдар сипаттама жазған, ал ББҚ-ды қолдана отырып ұлпалық және клеткалық деңгейде гипокинезия кезінде ағзаның бейімделу процестері аз зерттелген. Сонымен, клеткалық бейімделу механизмін зерттеу қазіргі биология ғылымында өзекті мәселелердің бірі[5-6]. Осыған байланысты біздің жұмысымыздың мақсаты: биологиялық белсенді арнайы өнімдерді қолдана отырып, егеуқұйрықтардың бүйрегінің морфофункционалды өзгерістерін зерттеу.
Материалдар мен зерттеу әдістері. Эксперименталді зерттеу жұмысында арнайы өнім -радиопротекторлы, детоксицирлеуші биологиялық белсенді заттардың қосындысымен бірге гипокинезия әсерін алған егеуқұйрық бүйрегінің бейімдеушілік мүмкіншілігін анықтауда салмағы 180-220 грамм, 3 айлық Вистар түрінің 40 еркек егеуқұйрық алынып жүргізілді. Тәжірибе барысында барлық жануарлар бірдей стандартты жағдайда ұсталынды. Гистологиялық зерттеудің негізгі объектісі ретінде бүйрек клеткалары алынды. Бұл тәжірибе 30 күн аралығында өткізілді, барлық жануарлар егеуқұйрықтар 4 топқа бөлінді: I-ші жануарлар тобы - бақылау; II-ші жануарлар тобы - 30 күн аралығында гипокинезия әсерін алған; III-ші жануарлар тобы - 30 күн аралығында гипокинезия + радиопротекторлы арнайы өнім Таң сәулесі; IV-ші жануарлар тобы - 30 күн аралығында гипокинезия + детоксицирлеуші арнайы өнім Мөлдір. Балансталған рационға келесі компоненттер кірді:
1кесте. Балансталған рацион компоненттері

Берілген химиялық құрамына негізделе отырып, жануарлар мен өсімдіктер шикізатының биологиялық және тағамдық құндылығы тұқым мен жемістің құрғақ ұнтағын, сонымен қатар А, Е, С витаминдер комплексін, темір, цинк, магний және селенді жылқының құрғақ сүтін қоса отырып тамақтанудың арнайы азық рецептурасы өңделді. Арнайы өнімнің құрамындағы мына компоненттер қолданылған: қызанақ, сәбіз, асқабақ, алма, құрғақ жылқы сүті, қант, минералды-дәруменді комплекс.
Гистологиялық зерттеулер үшін жұқа кесінділерді дайындаудағы жалпы әдістер қолданылды. Микротомда қалыңдығы 7-8 мкм болатын гистологиялық кесінділер дайындалды[7]. МБИ-15 микроскоп көмегімен суреттер мен морфологиялық сипаттамалар берілді.
Нәтижелер мен талқылаулар. Бірінші бақылау тобындағы егеуқұйрықтардың жұқа кесіндісін морфологиялық зерттеу нәтижесінде, бүйректің қыртысты заты - тамырлар шоғыры мен каналдардан тұратыны көрсетілген және олардың қызғылт цитоплазмасы мен дөңгелек ядросы бар, цилиндрлі эпителийлі клеткалардан құралған. Каналдарда ядро бір деңгейде орналасады. Капилляр тамырлары шоғыр түзеді. Эпителий клеткалары біркелкі тығыздалған, олардың шекарасы анық, базальды мембранасы жұқа. Милы затындағы эпителий бірқабатты кубтәрізді келген. Әртүрлі диаметрдегі тамырлардың көп бөлігі төменгі жағдайда орналасқан.
Екінші топтағы егеуқұйрықтың бүйрек ұлпасының морфологиялық зерттеу нәтижесінде, бүйректердің гистологиялық өзгерістері көрінді. Интерстициальды ісіктер пайда болды. Эпителий каналдарының дистрофиясы, клетканың ядролары кейбір жерлерде бұзылуы байқалды. Эндотелийдің тамыр шоғырлары, базальды мембранасы анық емес. Эпителиоциттер капсуласы біркелкі пішінде. Шоғырлар қарапайым құрылысты, қапсула жұқа. Бүйректің бірқабатты куб және цилиндр тәрізді эпителий каналдарында кейбір клеткалардың шекаралары анық емес, микроқұрылысында ерекше өзгерістер көрінді. Үшінші топтағы бір ай аралығында гипокинезияға ұшыраған және Таң сәулесі радиопротекторлы арнайы өнімді қолданған экспериментальды жануарлардың бүйрегінің цитоплазмасы гомогенді қызғылт, клеткалары тығыздалған. Жануарлар бүйрегінің ұлпасында клеткалық инфильтрация және дистрофия каналдары кездеседі, паренхима құрылысы толығымен сақталған, интерстициальды ісіктер аз көрінген. Барлық типтегі эпителий каналдары толысқан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәжірибелік егеуқұйрық бауырының ультрақұрылымы
Егеуқұйрықтардың өкпе эпителийіне жоғары температураның әсері
Ақмола облысындағы ірі қара мал және шошқа ұшаларына экологиялық мониторинг
Тыныс алу жүйесі туралы
Лабораториялық жануарлар
Сүт безі секреторлы клеткасының құрылысы
Егеуқұйрықтардың лимфа мен қан плазмасының биохимиялық көреткіштеріне аллоксанның әсері
Ағзаның шартты рефлексті әрекетіне стресс жағдайларының әсері
Улы гепатит кезіндегі шажырқай лимфа түйінінің жиырылу белсенділігі және оны түзету жолдарын зерттеу
Иондаушы сәулелердің қан және қан түзу ағзаларына әсері
Пәндер