Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Экономика және бизнес жоғары мектебі

Қаржы кафедрасы

http://www.kaznu.kz/Content/images/emblema.png

Тапсырма №11Баяндама

Тақырыбы: Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері

Орындаған:Таласбек М.

Тобы: Ф13К1

Тексерген: Жорабаева Ж. Қ.

2015ж.

Қазақстаның бағалы қағаздар нарығының даму кезеңдері

Жоспар

Кіріспе :Қазақстанда бағалы қағаздар нарығының пайда болуы

Негізгі бөлім

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі

Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Қорытынды

Кіріспе

1996 жылдың аяқталу кезінде Қазақстан бағалы қағаздар нарығында өзара бәсекелесуші алғашқы құрылған - Орталық Азия және Қазақстан қор биржаларынан тендерде жеңуінің нәтижесінде қазірде нарыққа бір ғана - Қазақстан кор биржасы кызмет көрсетуде.

1997 жылдың 5 наурызында «Бағалы кағаздар нарығы туралы» және «Қазақстан Республикасында бағалы қағаздармен мәмілені тіркеу туралы» қабылданған екі заң негізінде қазіргі Қазақстан бағалы қағаздар нарығының базалық инфрақұрылымы түгелінен құрылды. Қазақстан Үкіметі осы заңдарға сүйене отырып, 1997 жылдың жазында бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті атқаруды және лицензиялауды реттейтін нормативтік-құқықтық актілердің - брокерлік-дилерлік, кастодиандық, Орталық депозитарий, бағалы қағаздарды ұстаушылардың реестрін жүргізу бойынша пакетін бекітті.

1997 жьілы жүргізілген тендердің нәтижесінде ¥лттық банк пен Қазақстан кор биржасының біріккен ұсынысы жеңіске жетіп, «Бағалы қағаздардың Орталық депозитарийі» ЖАҚ құрылды. Ол Қазақстан қор биржасымен бірігіп қор нарығының техникалық инфрақұрылымының негізгі өзегі болып есептеледі. Орталық депозитарий бағалы қағаздар бойынша есеп айырысудың халықаралық стандарты саналатын - «Отыздар тобының» ұсынысымен құрылған.

Заң негізінде бағалы қағаздар нарығындағы қызметпен бірге басқа да кәсіпкершілікпен айналысуға тыйым салу және меншікті капиталының төменгі деңгейін бекітуге байланысты брокерлік-дилерлік құрылым да тәртіпке салынды. Егер 1997 жылдың басында брокерлік-дилерлік ұйымдар саны 93 болса, ал 1 шілдеде ол 43-ке дейін азайды. Олардың ішінде банктік емес ұйымдар саны сәйкесінше 65 жэне 14 еді. Сондай-ақ осы жылы алғашқы кастодиан-банктер пайда болып, эмиссияланған бағалы қағаздарды тіркеуші-реестр қызметі құрылды.

Қазақстан бағалы қағаздар нарығының дамуы барысында көптеген заңдар мен заңнамалық актілер ескіріп, оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу талаптары туындады. Сондықтан бағалы қағаздар нарығының кұқықтық инфрақүрылымын жетілдіру мақсатында соңғы жылдары бағалы қағаздарды шығару жэне айналысқа түсіру тэртібін, бағалы қағаздар нарығы субьектілерінің қызметін реттейтін, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығында қалыптасқан мемлекеттік реттеу катынастарының құрылымы мен тэртібін анықтайтын бірсыпыра жаңа зандар қабылданды. Олар:

• 2000 жылғы 18 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы сақтандыру қызметі туралы»;

• 2003 жылғы 13 мамырдағы «Акционерлік қоғамдар туралы»;

• 2003 жылғы 2 шілдедегі «Бағалы қағаздар нарығы туралы»;

• 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы нарығы мен қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу жэне кадағалау туралы»;

• 2004 жылғы 6 шілдедегі «Қазақстан Республикасындагы кредиттік бюролар жэне кредиттік тарихты қалыптастыру туралы»;

• 2004 жылғы 6 шілдедегі «Инвестициялық қорлар туралы». 2003 жылдың 13 мамырында қабылданған

Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі

Бағалы қағаздар рыногін жасақтау республикамыздың қаржы саласын тұрақтандыру бағытындағы міндеттермен тікелей байланысты. 1996 жылдың май айында 1996-1998 жылдар аралығындағы бағалы қағаздар рыногын дамыиу бағдарламасы бекітілді. Бағдарламаның осы кезеңдегі негізгі бағыты рыноктың тиімді қызмет етуі үшін инфраструктура жасау болып табылады. Болашақта бұл бағдарламаға өзгертулер енгізіледі. Өйткені бағалы қағаздарды шығару орналастыру мен айналымға түсіру күрделі экономикалық және құқықтық қатынастарға, сыртқы факторларға қатысты. Сол факгордың бірі - жекешелендірудің қолданылып жүрген схемасы мен мемлекеттік ішкі қағаздарды жою.

Сонымен Қазақстандағы құнды қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейі қандай, ол толық жұмыс істеп тұр ма? Бұл сұрақтарға берілетін жауаптардан аталған мәселе жөніндегі көзқарастардың әртүрлі екендігі байқалады. Рас, мамандардың пікірінше, Қазақстандағы құрылған қор нарығының инфрақұрылымдары ТМД елдері арасында ең үздіктердің бірі болып табылады. Бірақ олар қаржы секторымыздағы банк қызметі секілді жедел дамып кете алмай отыр. Ал бұл кемшілік тек бізге ғана емес, бүкіл ТМД елдеріне тән деуге болады. Мәселен, Ресей қаржыгерлері өз елдеріндегі осы құнды қағаздар нарығының тартымдылығының төмендігі салдарынан N-дік мөлшердегі қаржылары айналымға шығарылмай, жай жатқандығын айтып жүр. Ел экономикасының кәдесіне аспай тығулы жатқан мұндай қаржы бізде де аз болмаса керек.

Сондай - ақ қаржы секторымыздың тағы бір құрамдас бөлігі сақтандыру қызметімен салыстырғанда да біздегі құнды қағаздар нарығы халық арасында оншама танымалдыққа, яғни тартымдылыққа ие бола алмай келеді.

Дегенмен, осындай кемшіліктерімізге қарамастан кейбір мамандар еліміздегі қор нарығының, соның ішіндегі мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қазіргі даму деңгейін де жаман деп айтпайды. Бірақ та, осы қуатты мемлекеттік құнды қағаздар нарығының қасында корпоративтік бағалы қағаздар, яғни акциялар шығару мен тарату кешеуілдеп қалып отырғандығын жұрттың бәрі мойындаса керек.

Мәселен, бізде акционерлік қоғамдар саны соншама көп болғанымен олардың акцияларының кеңінен қолданысқа ие болып, саудаға түсіп жатқандығын біз әлі естігеміз жоқ. Ал мемлекеттік бағалы қағаздар негізінен жинақтаушы зейнетақы қорлары секілді арнаулы ұйымдар ортасында ғана таратылады. Неге десек, көптеген салыстырмалы түрде дамыған компаниялар өздерінің құнды қағаздарын дамыған елдердің ең беделді болмаса да, өсуі қарқынды жүріп жатқан мықты қор нарықтарының биржаларына апарып салады. Әрине, одан отандық нарыққа қарағандағы көп пайда алу мақсатын іздеп, үміт тартады.

Шыныменен де пайда, пайда тек сондай нарықта, құнды қағаздардың диверсификацияланған жерінде ғана түседі.

Міне, осындай себептерге, яғни еліміздегі құнды қағаздар нарығының тар ауқымдылығына байланысты біздің халқымыз өздерінің қолында басы артық қаржысы болса, оны сақтау мен көбейтудің қаржы секторындағы бірден бір сенімді жолы тек банк депозиттері ғана деп біледі. Сондай-ақ, көптеген адамдар ақшасын құнсыздануға ұшыратпай сақтап қалу және одан пайда түсіру үшін саудамен айналысуға мәжбүр болуда. Бұл тәсіл, әсіресе, ауылды жерлерде кеңірек дамыған. Ал қалалықтар, егер шамасы келсе, бағасы жылдан жылға шарықтап келе жатқан жер және пәтер секілді жылжымайтын мүлік немесе кейіннен құнын арттырып қайыра сатуға боларлықтай басқадай да өтімді заттар алып қоюға тырысады.

Сонымен экономиканың қарқынды дамуының нәтижесінде оның әр саласы бойынша үлкен өзгерістерге жол ашылып отырғанымен, Қазақстандағы қор нарығы әзірге оның кәсіпқой қатысушылары мен қаржы топтарының арасында ғана өріс алып келе жатқандығы сезіледі. Көптеген кәсіпорындар мен қарапайым халық бұл рыноктан тысқары қалуда. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы қор нарығының қазіргі жағдайы мүшелерінің саны шектеулі мөлшерден аспайтын жабық акционерлік қоғамның жұмысын еске салады. Оның қыры мен сыры, даму барысы көпшілікке мәлім емес. Өйткені бұл нарықта көпшіліктің мүддесі қозғалмаған.

Егер қор нарығының қалыптасуы осылай созылмалы сипат алып, жағдай өзгеріссіз күйінде қала берсе, мұның өзі экономиканың тежеуші факторларының біріне айналмақ. Мұндай жағдайда мұнай мен металл сатудан ішке келіп жатқан қаржыны экономиканың бойға сіңіру мүмкіндігі шектеледі, халық пен институционалдық ұйымдардың (жинақтаушы зейнетақы қорлары, т. б. ) қолындағы қаржы да көп пайдаға аса қоймайды.

Бағалы қағаздар нарығының даму болашағы

Қазіргі кезде Республикада бағалы қағаздар нарығы қалыптасу шағында. Оның даму жолында алғашқы іс-шаралар жүргізілуде. Бюджеттің кемшілігін толтыру мақсатында мемлекет бұрыңғыдай ақша белгілерін шығармай, оның орнына мемлекеттік бағалы қағаздарды, мысалы, мемлекеттік органдардың және жергілікті әкімшіліктердің бағалы қағаздарын шығаруда. Алайда, бағалы қағаздар нарығын дамыту жолында шешуін талап ететін экономикалық және әлеуметтік-психологиялық мәселелер бар.

Экономикалық мәселелерге:

- нарықты реттейтін механизмнің нашар дамығаны;

- нарықты дамытатын бірыңғай көзқарас жүйесінің жоқтығы;

- заңдардың мүлтіксіз орындалмауы;

- салымдарды тіркеу жүйесінің жоқтығы;

- бағалы қағаздар нарығының материалдық-техникалық негізінің аздығы;

- нарықтық инфрақұрылымның өсу деңгейінің төмендігі жатады.

Ал, әлеуметтік-психологиялық мәселелерге бағалы қағаздар нарығында маман кадрлардың аздығы мен халықтың инвестициялық белсенділігінің төмен деңгейлігі жатады. Бұ мәселелер халықтың басым көпшілігінің бағалы қағаздар нарығының мәнін түсінбеушілігінің және здерінің уақытша бос ақшаларына бағалы қағаздарды сатып алуға психологиялық дайындығының жоқтығынан туындайды.

Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының ерекшелігі - мүлікті кіші және жалпы жекемешіктендіру механизмі арқылы меншік қатынастарын жалпы өзгертуге жеке инвесторлар ретінде өз мемлекетіміздің әрбір азаматын қатыстыру. Соның нәтижесінде жекеменшіктендіруге банк жүйесі қатынасқан жоқ. Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдегендей банкетр бағалы қағаздар нарығында жеке үстемдік роль атқарады. Бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісінің банктік үлгіден айырмашылықтары мыналар:

- Нарыққа акционерлік капитал үлесінің көптігі;

- Үлестік бағалы қағаздардың қарыз қағаздарынан көптігі;

- Өндірісті қаржыландырудағы тура банктік несиенің аздығы;

- Нарықтағыбанк емес мекемелердің көптігі.

Бұлардан басқа Қазақстан бағалы қағаздар нарығының нарықтық үлгісін таңдап алуға себепші болған үш фактор бар.

Олар:

1. Өндірісті өркендету үшін шығарылып сатылатын акциядан түсетін ақша - «арзан» ақша. Өнеркәсіп өндірісін акционерлік қоғам етіп қайта құру - өндірісті ұйымдастырудың ең тиімді формасы. Себебі акционерлердің де, онда қызмет істеп жүргендердің де мүддесі шешіледі.

2. Әлі көп уақытқа дейін Қазақстан нарығында өндіріс саласын өз активтерімен инвестициялайтын отандық ұйымдар болмайды деген болжамдар көп. Сондықтан мемлекеттік меншікті жалпы жекеменшіктендіру арқылы халықты кәсіпорын басқаруға тарту жақын арада бұл механизмді пайдалануға мүмкіндік туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржы нарығы жайлы
Нарық ұғымы, оның функциялары, даму тенденциялары
Ипотекалық несие түсінігі туралы
Коммерциялық банктердің инвестициялык қызметі
Банк активтерін басқару, жетілдіру мәселелері
Инвестициялық бағалы қағаздар нарығы
Қазақстан Республикасында банк жүйесінің қалыптасуы
Банктік маркетинг
Қазақстан Республикасының банк жүйесінің қалыптасуы
Инвестиция түрлері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz