Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы



Бүгінгі таңда елімізде экономикасы өркендеп, халқының әл-ауқаты артып келе жатқан облыстың бірі – Маңғыстау облысы болып табылады. Елбасымыз да халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігіне баса назар аударып, арнайы бағдарламалар қабылдауға бастамашы болып келеді. Осындай халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартатын бағдарламалар Маңғыстау облысында да жүзеге асып келеді. Мұны іс жүзінде облыстың экономикалық-әлеуметтік тұрғадан жетіп жатқан жетістіктерінен көре аламыз. Оның дәлелі ретінде 2010 жылғы республикалық рейтинг қорытындысымен Маңғыстау облысы еліміздегі 16 өңірдің ішінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша бірінші орынға шыққандығын ескеруге болады [1].
Соңғы жылдарда Маңғыстау облысының халқы қарқынды түрде өсіп келеді. Халық санының бұлайша өсу үрдісі 2001 жылдан бастау алған. Салыстыра карайтын болсақ, 1999 жылы облыс халқы 314,7 мың адамды құраса , 2001 жылы бұл көрсеткіш 323,7 –ге өсе бастаған, он жыл ішінде , яғни 2009 жылы 482,6 мың адамға жеткен (1999 жыл мен 2009 жыл аралығындағы халықтың өсімі 167,9 мың адамды құрап отыр), ал соңғы 2012 жылғы мәлімет бойынша облыс халқының саны 545,7 мың адамға жеткен.
Олардың ішінде ерлер- 256,858 мың адам (49%), әйелдер – 267,342 мың адамды (51%) құрап отыр. Осыдан бақайтынымыз облыста ерлер саны әйелдерге қарағанда басымырақ. Облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы (1ш.км. көлемге) 3 адамды құрайды. Облыстағы қала халқының саны 275,8 мың адамды, яғни барлық халықтың 52,6 % құрайды, ал ауыл халқы – 248,3 мың адамды, яғни барлық халықтың 47,4% құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы әр түрлі және көп ұлтты. Мұнда шамамен 90-нан астам ұлт өкіл¬дері бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп келеді. Олардың ішінде орыстар, өзбектер, украиндер, татарлар, немістер және басқалары бар. Облыстың жергілікті халқы – қазақтар – 74 %, орыстар – 17 %, қалған өзге ұлт өкілдері - 9% құрайды. Мұндағы ұлт¬ өкіл¬дері отанымыз – Тәуелсіз Қа¬зақстан¬ның одан әрі гүлденіп, көркейе түсуіне өз үлестерін қосуда. Облыста көптеген этнодемографиялық ұйымдар еңбек етуде [2].
1. Маңғыстау облысының аумақтық әлеуметтік-демографиялық жылнамасы.-Маңғыстау. 2010 ж.-68-71-72 б.
2. Маңғыстау облысының аумақтық Статистикалық жылнамасы:-Маңғыстау. 2012ж.
3. С. Қондыбай «Маңғыстау географиясы». Алматы: «Нұрлы Әлем» , 2008 ж. 15 б.
4. С. Қондыбай «Маңғыстау географиясы». Алматы: «Нұрлы Әлем» , 2008 ж. 136 б.
5. С. Қондыбай «Маңғыстау географиясы». Алматы: «Нұрлы Әлем» , 2008 ж. 145-156 б.
6. Маңғыстау облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Маңғыстау облысының статистика басқармасы. – Маңғыстау, 2007 ж. 28 б.
7. С. Қондыбай «Маңғыстау географиясы». Алматы: «Нұрлы Әлем» , 2008 ж. 136 б.
8. Нусупбеков А.Н. Формирование и развитие рабочего класса в Казахстане. – Алма – Ата: Наука, 1966. – 244 с.
9. Асылбеков М.Х., Нурмухамедов С.Б., Пан Н.Г. Рост индустриальных кадров рабочего класса в Казахстане (1946-1965 гг.). – Алма – Ата: Наука, 1976. – 272 с.Добыча нефти катастрофа для региона [электорнный ресурс]- //www.nomad.su//
10. Опасности для населения нет [электорнный ресурс]- //www.aqtau.kz//
11. Райымбекова А.Т. Экология-экономикалық және демографиялық фактор-лардың әлеуметтік - экономикалық дамуға ықпалы: -Алматы. -2001.-114-126 б
12. Қазақстанның 2008-2009 жж. Арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырым-дамасы.
13. Зимовина Е.П. Социально-демографические процессы в зонах экологи-ческого бедствия Казахстана (1959-1999 гг.): автореф. дисс. ... канд. ист. наук. – Караганда, 2001. – 27 с.
14. Зимовина Е.П. Социально-демографические процессы в зонах экологи-ческого бедствия Казахстана (1959-1999 гг.): автореф. дисс. ... канд. ист. наук. – Караганда, 2001. – 27 б.
15. Тәтімов М.Б. Демография - халықтану. – Алматы: Қазақстан, 1975. – 104 б.;
16. С. Қондыбай «Маңғыстау географиясы». Алматы: «Нұрлы Әлем» , 2008. 158 б.
17. Райымбекова А.Т. Экология-экономикалық және демографиялық фактор-лардың әлеуметтік - экономикалық дамуға ықпалы: -Алматы. -2001.-114-126 б
18. Маңғыстау облысы және оның аудандарының әлеуметтік-экономикалық дамуының Статистикалық көрсеткіштері.-Маңғыстау.-2011.

КІРІСПЕ
Бүгінгі таңда елімізде экономикасы өркендеп, халқының әл-ауқаты артып келе жатқан облыстың бірі - Маңғыстау облысы болып табылады. Елбасымыз да халықтың әлеуметтік жағдайы мен тұрмыс-тіршілігіне баса назар аударып, арнайы бағдарламалар қабылдауға бастамашы болып келеді. Осындай халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсартатын бағдарламалар Маңғыстау облысында да жүзеге асып келеді. Мұны іс жүзінде облыстың экономикалық-әлеуметтік тұрғадан жетіп жатқан жетістіктерінен көре аламыз. Оның дәлелі ретінде 2010 жылғы республикалық рейтинг қорытындысымен Маңғыстау облысы еліміздегі 16 өңірдің ішінде әлеуметтік-экономикалық даму қарқыны бойынша бірінші орынға шыққандығын ескеруге болады [1].
Соңғы жылдарда Маңғыстау облысының халқы қарқынды түрде өсіп келеді. Халық санының бұлайша өсу үрдісі 2001 жылдан бастау алған. Салыстыра карайтын болсақ, 1999 жылы облыс халқы 314,7 мың адамды құраса , 2001 жылы бұл көрсеткіш 323,7 - ге өсе бастаған, он жыл ішінде , яғни 2009 жылы 482,6 мың адамға жеткен (1999 жыл мен 2009 жыл аралығындағы халықтың өсімі 167,9 мың адамды құрап отыр), ал соңғы 2012 жылғы мәлімет бойынша облыс халқының саны 545,7 мың адамға жеткен.
Олардың ішінде ерлер- 256,858 мың адам (49%), әйелдер - 267,342 мың адамды (51%) құрап отыр. Осыдан бақайтынымыз облыста ерлер саны әйелдерге қарағанда басымырақ. Облыс бойынша халықтың орташа тығыздығы (1ш.км. көлемге) 3 адамды құрайды. Облыстағы қала халқының саны 275,8 мың адамды, яғни барлық халықтың 52,6 % құрайды, ал ауыл халқы - 248,3 мың адамды, яғни барлық халықтың 47,4% құрайды. Облыс халқының этникалық құрамы әр түрлі және көп ұлтты. Мұнда шамамен 90-нан астам ұлт өкіл - дері бейбіт өмір сүріп, еңбек етіп келеді. Олардың ішінде орыстар, өзбектер, украиндер, татарлар, немістер және басқалары бар. Облыстың жергілікті халқы - қазақтар - 74 %, орыстар - 17 %, қалған өзге ұлт өкілдері - 9% құрайды. Мұндағы ұлт - өкіл - дері отанымыз - Тәуелсіз Қа - зақстан - ның одан әрі гүлденіп, көркейе түсуіне өз үлестерін қосуда. Облыста көптеген этнодемографиялық ұйымдар еңбек етуде [2].
Облыстың географиялық-территориялық тұрғыдан ыңғайлы жерде орналасуы, сонымен бірге экономикасының тұрақты түрде дамуы ондағы халық санының жыл сайынғы табиғи өсуіне жағдай жасап отыр . Облыстың демографиялық жағдайына табиғи үрдістермен қатар механикалық үрдістер де әсерін тигізіп отыр. Маңғыстау облысында көші-қон үрдістері белсенді түрде жүріп жатыр, әсіресе реэмиграция үрдісі басым. Көші-қон ағымы негізінен Түрікменстан, Өзбекстан сияқты жақын республикалар арасында өтеді. Көші-қонның негізгі себебі ұлттық-мемлекттік қалыптасу бойынша орналасуы, облыста өндіріс ошақтарының дамуы нәтижесінде жаңа жұмыс орындарының ашылуы болып отыр. Көбіне ТМД елдерінен қазақтар көшіп келуде. Облысқа көшіп келгендердің 84,8 % - қазақтар, 9,1 % - оыстар, 1,2 % - әзірбайжандар. Қазақстан Республикасында шетелде тұратын оралман-қазақтарды тарихи отандарына қайтару саясатының жүргізілуіне байланысты алыс-жақын шетелдерден оралмандар көшіп келуде. Халық негізінен темір жол бойы және облыстың батысындағы Ақтау, Қаратау таулары етегінде қоныстанған. Соңғы жылдары мұнай кен орындарының игерілуіне байланысты көптеген өндіріс ошақтары ашылуда, осыған баланысты халық осы өндіріс орындарына жақын жерлерге шоғырлана бастады.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Зерттеудің мақсаты - Маңғыстау облысының халқының табиғи өсіміне, құрамына, көші-қон үрдістеріне талдау жасау және облыстағы демографиялық үрдістердің әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерін анықтау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін жұмыста келесі міндеттер анықталды:
Облыстың демографиялық жағдайын зерттеу;
Маңғыстау облысының демографиялық үрдістерінің Қазақстан демографиясындағы алатын орнын, үлесін анықтау;
Облыстың әлеуметтік-экономикалық жағдайын, халқының өмір сүру деңгейін зерттеу;
Жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде экономикалық теория, демографияға байланысты еңбектер, Қазақстан Республикасының Заңдары, Президент Жарлықтары, Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары қарастырылды.
Жұмыста Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің ресми мәліметтері, сонымен қатар Маңғыстау облысының сайтынан алынған мәліметтер және жүргізілген диссертациялық зерттеу нәтижелері ақпараттық база болып табылады.

1 МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ-ГЕОГРАФИЯЛЫҚ ЖАҒДАЙЫ

0.1 Маңғыстау облысының экономикалық-географиялық жағдайы

Маңғыстау облысы Қазақстан Республикасының оңтүстік-батысында, Каспий теңізінің шығысында, Еуропа мен Азияның түйіскен өңірінде орналасқан. Маңғыстау облысы 1973 жылы жеке әкімшілік облысқа айналып, 1990 жылы толығымен қалыптасты. Маңғыстау облысы үш жағынан дерлік теңізбен қоршалып, қалған бөлігінде табиғаты қатаң, елсіз немесе сирек қоныстанған шөлді аймақ шектеп жатыр. Маңғыстау - Қазақстан Республикасының негізгі теңіздік аймағы. Каспий арқылы іргелес Әзірбайжан, Иран, Түрікменстан елдерімен, сондай-ақ Еділ-Дон каналы арқылы Дүние жүзі елдерімен байланыса алады. Облыстың шеткі нүктелері төмендегідей : Батысы - Каспий теңізіндегі Құлалы аралы 50° ш.б. 44° 57׳ с.е.; шығысы - Ақтөбе облысы әне Өзбекстан Республикасы, Маңғыстаудың шектескен жерінде 56° 45׳ ш.б. пен 45° 09׳ с.е.; оңтүстігі - облыстың Түркменстан шекарасындағы Қапыланқыр шыңдарының жарқабағы 41° 15׳ с.е.; пен 55° 40׳ ш.б.; ал қиыр солтүстігі - Атырау облысымен шекарадағы Желтау 46° 26׳ с.е.; пен 55° 20׳ ш.б.; болып табылады [3].
Маңғыстау облысы теңіз деңгейінен едәуір төмен жатқан жазықта орналасқан. Облыстың орталық бөлігінде солтүстік-батыстан оңтүстік шығысқа жазықтар мен Маңғыстау тауының жотасы созылып жатыр. Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында теңіз деңгейінен төмен Қарақия (-132 м) ойысы , Маңғыстау тауының оңтүстік - шығысында Маңғыстау үстірті орналасқан.
Маңғыстау облысының климаты арктикалық, ирандық және турандық ауа массаларының басым әсері есебінен қалыптасады. Жылдың салқын кезеңінде мұнда сібір антициклонының батыс белдеуінен келген ауа массасы басым, жылы кезеңде олар Орталық Азия мен Ираннның шөл даласынан келген тропикалық жылы ауа массасымен ауысып отырады. Осы ауа массаларының әсерінен климаттың қатал континенталды құрғақ түрі қалыптасады. Каспий теңізі мен Арал теңізінің әсері өте шектеулі. Ол жағалаудағы тар белдеуде білінеді және ауаның ылғалдылығының сәл артуымен, қысқы кезеңде ауа температурасының артуымен, жазғы айларда ауа температурасының төмендеуімен, температураның жылдық және тәуліктік амплитудасының төмендеуімен білінеді.
Қаңтардағы орташа температура - солтүстікте -5° және -8°С, аумақтың оңтүстігінде - 1° және - 4°С. Тұтас алғанда қысы өте жылы, қысқа, облыстың оңтүстігінде жылылық жиі байқалып отырады. Алайда, кейбір салқын қыста суықтық -38°С - қа дейін жетеді (абсолюттік максимум) .
Облыстың көп бөлігінде жаз айлары ыстық және созылмалы. Шілдедегі орташа температура 24°С-тан жоғары. Кейбір жылдарда ауаның температурасы 42-47°С-қа дейін көтеріледі ( абсолюттік максимум).
Қар мен жаңбыр өте аз жауады. Олардың орташа жылдық саны 130-180 мм. аспайды. Қар мен жаңбырдың ең көп түсуі жылдың жылы кезеңіне келеді.
Маңғыстау облысы желдің ең үлкен энергетикалық қорына ие. Бұл аумаққа қатты жел мен боран тән. Аумақтың үлкен бөлігінде желдің орташа жылдық жылдамдығы секундына 4-5 м құрайды. Каспий теңізінің жағалауында желдің жылдамдығы өте үлкен, онда орташа жылдық жылдамдық секундына 6-7 м құрайды. Аумақтың көп бөлігінде шығыс және оңтүстік-шығыс желдері басым. Облыста тұрақты өзен тармағы жоқ.
Жерінің жалпы көлемі 165,6 мың шаршы км (Қазақстан республикасының жалпы жер көлемінің 6,1 %-ын құрайды, 16 өңірдің ішінде 7-ші орынды алады).
Халқының саны 2012 жылғы мәлімет бойынша 545,7 мың адам. Халқының тығыздығы 1 шаршы километрге 3,2 адамнан келеді. Аудандар бойынша халықтың таралуы төменде көрсетілген (Сурет 1).

*Дерек көзі : Қазақстан Республикасының Статистикалық агенттігінің мәліметтері бойынша автор құрастырған
Сурет- 1 - Маңғыстау облысының халық санының құрылымы (2012 ж.)
Маңғыстау облысы әкімшілік жағынан 5 аудан және 2 шағын қала (Ақтаудан басқа), 41 селолық және ауылдық округқа бөлінеді, қала халқының саны 234,7 мың адам құрайды (57,6%), ауылдықтар - 172,7 мың адам (42,4%). Олар: 1. Ақтау қаласы. 2. Жаңаөзен қаласы. 3. Бейнеу ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Бейнеу селосы. Аудан көлемі 40,5 мың ш. км. тең. 4. Қарақия ауданы 1973 жылы құрылған. Аудан орталығы - Құрық селосы. Аудан көлемі 63,3 мың ш.км. тең. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда 28,8 мың адам тұрған. Аудан құрамында 10 ауыл кіретін 6 ауыл әкімшілігі бар. 5. Маңғыстау ауданы 1928 жылы құрылған. Аудан орталығы - Шетпе селосы. Аудан көлемі 47,9 мың ш. км. тең. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда 30,3 мың адам тұрған. Аудан құрамында 21 ауыл кіретін 12 ауыл әкімшілігі бар. 6. Түпқараған ауданы 1992 жылы құрылған. Аудан орталығы аудан қарамағындағы Форт-Шевченко қаласында орналасқан, аудан көлемі 12,6 мың ш.км. тең. 2009 жылдың 1 қаңтарына ауданда 17,2 мың адам тұрған. Аудан құрамында 5 ауыл кіретін 4 ауыл әкімшілігі бар. 7. Мұнайлы ауданы 2007 жылы құрылған. Аудан орталығы - Маңғыстау селосы. Аудан көлемі 492,2 мың гектарға тең. 2009 жыл - дың 1 қаңтарына ауданда 59,6 мың адам тұрған. Аудан құрамында 7 ауыл кіретін 6 ауыл әкімшілігі бар [4].
Облыс орталығы - Ақтау қаласы (халқы - 152,4 мың адам). Облыстың ең ірі ауданы - Қарақия ауданы - 64,8 мың шаршы км. Облыс орталығы 1963 жылы құрылған және Каспий теңізінің айлағы болып табылатын Ақтау қаласында орналасқан. 2009 жылдың 1 қаңтарына қалада 152,4 мың адам тұрған, немесе барлық облыс халқының 36%.
Облыс қарауындағы қала Жаңаөзен 1968 жылы құрылған. 2009 жылдың 1 қаңтарына қалада 71,0 мың адам немесе облыстың барлық халқының 17% тұрған. Жаңаөзен қалалық әкімшілігіне кіретін ауылдар: Теңге (тұрғындарының саны 14,6 мың адам) және Қызылсай (4,6 мың адам) кіреді.
Маңғыстау облысы - еліміздегі мұнай мен газ өндіретін ең ірі аудан. Мұнай кәсіпшілігінің негізгі орталықтары - Өзен және Жетібай. Облыстың өндіріс құрылымында жетекші орынды мұнай өндіру, мұнай мен газ өңдеу алады. Жаңаөзен қаласындағы қуаты 2 млрд. м3 Қазақгазөңдеу өндірісінің өнімі Ақтау қаласындағы пластмасса зауыты үшін шикізат болып табылады. Облыс жартылай шөлейтті шөл аймақта орналасқан. Бұл ауылшаруашылығын өркендетуді қиындатады. Ауылшаруашылығының жетекші саласы - мал өсіру, оның ішінде қой және түйе шаруашылығы. Облыс аумағында балық өнеркәсібі жақсы дамыған. Балық шаруашылығының ең ірі орталықтары - Баутино (балық-консерві комбинаты) және Ералиев балық зауыттары. Тамақ өнеркәсібінің басқа саласынан елеулі орынды ет комбинаты мен Ақтау қаласындағы сүт зауыты алады. Ақтауда сонымен қатар химия зауыты, құрылысқа керекті қабыршық тас өндіретін карьер, темір-бетон конструкцияларын өндіретін зауыт, жылу және атом электр станциясы орналасқан. Ераливе қала типтес елді мекенінде тоқыма фабрикасы жұмыс істейді. Облыста ет-жүн бағытындағы қой, түйе, жылқы өсіріледі. Мал қысы-жазы жайылымда бағылады. Облыста егін шаруашылығы нашар дамыған. Қаратау мен Ақтау бөктерінде жемшөптік дақылдар егіледі. Бұлақ бойларында және Ақтау, Жанаөзен қалалары төңірегінде суармалы егін шаруашылықтары кездеседі. Облыстың аумағы арқылы екі халықаралық көлік дәліздері өтеді, олар ТРАСЕКА (Шығыс Еуропа елдерін Орта Азиямен байланыстырушы) және Солтүстік-оңтүстік (Солтүстік Еуропа мемлекеттерін Парсы шығанағы елдерімен байланыстырушы) [5]. Сонымен қатар облыстың географиялық орнының туризм мен көліктік логистикаға тиімділігі, облыста жаңа жұмыс орындарының пайда болуымен бірге облыс экономикасын айтарлықтай дамытуға мүмкіндік туғызады. Жер қойнауы мұнай, газ, фосфорит, көмір, марганец, әр түрлі тұздар, табиғи қорларымен бай.

0.2 Маңғыстау облысының шаруашылығының негізгі көрсеткіштері

Климаттың қолайсыздығы, ауыз судың жетімсіздігі мен халық санының аздығы өлкенің әлеуметтік-экономикалық дамуына кедергі келтіреді. Осыларға қарамастан, Маңғыстаудың ортада орналасуы, табиғи байлығының молдығы - темір жолдар мен автомобиль магистралі, теңіз-әуе тасымалы әлемдік деңгейге көтерілген жағдайда зор мүмкіндігі бар, потнециалы орасан зор аймақ ретінде қарастыруға жол ашады [6]. Маңғыстау облысы өнеркәсібінің тұңғышы Қарабұғаздан мирабилит-глаубер тұзын өндіру болды. Маңғыстау облысы - индустриалы-аграрлы аймақ болып есептелінеді, яғни ұлттық табыстың басым бөлігін өнеркәсіп өнімдері құрайды. Облыс өнеркәсібін мына салаларға бөлуге болады:
Энергетика және су тұщыландыру; Мұнай және газ өндіру; Мұнай-газ-химия;
Химия-металлургия; Құрылыс материалдарын өндіру; Жеңіл өнеркәсіп; Тамақ және балық өңдеу;
Облыстағы энергетика көзінің негізін Маңғыстау энергетикалық комбинаты (МАЭК) құрайды. Ол 350 мың киловаттық шапшаң нейтронды атом реакторының қуатымен жылына орта есеппен 2,0-2,5 млрд кВтсағ. электр энергиясын өндіреді. МАЭК - Қазақстандағы тұңғыш және қазірге жалғыз атом электр станциясы, 1973 жылы 16 шілдеде іске қосылды. Аталмыш комбинатта электр энергиясымен қатар теңіз суы тұщыландырылады.
Мұнай өндіру - облыс экономикасының жетекші саласы. 1992 жылы Қазақстанда өндірілген 26 млн. т мұнайдың 12,5 млн т-ын Маңғыстау облысының мұнай кен орындары берді. 1963 жылы құрылған АҚ Маңғыстаумұнайгаз құрамында Қаламқас, Қаражанбас, Өзен, Жетібай, ірі мұнай өндіру компаниялары жұмыс істейді.
Газ өндіру жылына 3-4 млрд. м3 деңгейінде сақталуда. Мұнай өңдеу облыста іс жүзінде жоқ. Өндірілген өнім құбыр арқылы және теңіз арқылы Ресей мен Әзірбайжан мұнай өңдеу зауыттарына жіберіледі. Ал Маңғыстау мұнай өңдеу зауытын салу әзірге жоспар күйінде қалып отыр.
Газ өңдеу Жаңаөзен қаласындағы Қазақ газ өңдеу зауытында жүзеге асады. Ол жылына орта есеппен1,5-2,5 млрд. м3 газ өңдер, газ бензині мен сұйытылған газ алады. Сондай-ақ осыннан алынған этан Ақтау пластмасса зауытына жіберіледі.
Маңғыстау облысы - МАЭК-Қазатомөнеркәсіп ЖШС автономды өндіретіп отырған барлық энергия түрлерімен және сумен қамтамасыз ететін қамтамасыз ететiн Қазақстандағы бірден-бір өндiрiстiк кешен. Өнеркәсiптiк өнiмдi өндiрудің көлемінің индексi 2009 жылы 139%-ға жетті [7]. Төменде Маңғыстау облысының шаруашылық секкторлары бойынша бөлінісі көрсетілген.

*Дерек көзі : Қазақстан Республикасының Статистикалық агенттігі [7].

Сурет 2 - Маңғыстау облысының жалпы өнімдік құрылымы (2009 ж.)

Уран рудасын өндіру, өңдеу және пайдаланудыкөптеген жылдар бойына Каспий тау-кен металлургиялық комбинаты (АҚ Каскор), Каскор концерні МАЭК-пен бірге ҚАЗақстан атом энергетикасы жөніндегі акционерлік компаниясына кіреді. Каскордың өндірістік негізі - химия-металлургия зауыты.
Облыс экономикасының тағы бір алыбы - Ақтау пластмасса зауыты. Оның шығаратын негізгі өнімі - полистирол мен стирол. Бұл өнімге қажетті өнеркәсіптік этанды Өзен газ өңдеу зауыты қамтамасыз етсе, мұнай бензолын шетелдерден алады. Ақтау азот-тук зауыты (1969 жылы құрылған) егіншілікке қажетті минерал тыңайтқыш - нитрофосфат шығарады. Ал 1992 жылы италиялық ЭИЖЕКО фирмасының көмегімен облыс орталығында тіс пастасы зауыты алғашқы өнім бере бастады. Бұл зауыт шетелдік компонентпен қатар жергілікті шикізатпен (химия-металлургия комбинатында алынатын скандий) жұмыс істейді.
Маңғыстау облысында 90-шы жылдардағы үлкен экономикалық қиыншылықтарға қарамастан, жылына 300-360 мың т минерал тыңайтқыштары, 250-300 мың т күкірт қышқылы өндірілді, ал аталмыш МАЭК тәулігіне 650-700 меговатт электр жнергиясымен қатар, 60 мың м3 ауыз су беріп тұрады [8].
Құрылыс материалдары өлкедегі ұлутас қорына негізделген. Қазіргі Түпқараған, Жетібай, Қызылтұран, Ауыртас, Бейнеу тас карьерлерінде тілінген Маңғыстау ұлутасы облыс құрылыс неркәсібінің негізгі материалы. Ұлутас Қазақстанның басқа облыстарына жөнелтіліп тұрады, сонымен қатар битум, құм, гравий, кірпіштік, саз өндіру,қолға алына бастады. Цементтік материалдың мол қоры болғанымен, осы сала жетерліктей дамытылмаған. Жолға қажетті құрылыс материалы - асфальтпен Маңғыстау кентіндегі зауыт қамтамасыз етеді.
Жеңіл өнеркәсіп саласына көңіл бөлу соңғы жылдарда ғана қолға алына бастады. Осы саланың алғашқы ірі италия-қазақ бірлескен кәсіпорны - Ақбөбек аяқкиім фабрикасы.
Тамақ және балық өнеркәсібі үлкен мүмкіншіліктеріне қарамастан өте нашар дамыған. Бұл өнеркәсіптік бағытта Форт - Шевченкодағы балық (майшабақ) консервілеу, Ақтаудағы ет жіне сүт зауыттарын, сыра , ликер, т.б. өндіретін шағын цехтарды ғана атап өтуге болады.
Балық аулау Каспий теңізінде құлдырап кеткені белгілі. Қазақстанның каспийлік балығының денін Атырау облысы аулайтынын ескерсек, салыстыра кете Маңғыстау облысының балық аулау шаруашылығының мөлшері жоқтың қасы деуге болады.
Маңғыстау экономикасының қай саласы болмасын, бір-екі ғана өндірістік нысанымен шектеліп қалғандығы айқын. Бұрын бүкілодақтық экономикаға қажетті нақты нәрселер шығарумен айналысып, барлық басқа керек - жарағын әкелген Маңғыстауға енді көп өндірісті ішкі қажеттілік пен мүмкіндікке сай өз территориясында дамыту мәселесі қойылып отыр. Кәсіпорындар көбінесе негізгі шикізатты өңдеумен ғана шектеліп, қосалқы мүмкіндіктерді пайдаланбайды, сондықтан облыста шикізатты толық өңдейтін, бірыңғай өндірістік-аумақтық кешен құру басты экономикалық саясат болмақ.
20 ғасырдың 90 жылдарындағы жаңа экономикалық өзгерістер, нарықтық қатынастарға өте бастаудағы ауыр қиыншылықтарға қарамастан, жаңа өндірістерді салу, ескілерін жаңарту және ұлғайту жоспарлануда. Осы қатарда облыста энергетикалық жабдықтар жөндеу, мұнай өнеркәсіп жабдықтарын жасау, сирек металдарды өндіру сағатына 2800т су тұщытатын қондырғы, жылына 10 млн. м. су тұщыландыратын шағын қондырғылар салу, жаңа тыңайтқыш шығару, жаңа 226 мегаватт электр қуатын қосу, магний тотығы, марганец концентраттарын шығару және т.б. істер бұрынғы бар өндіріс негізінде жүзеге асырылмақшы.
Ауыл шаруашылығы. Облыстағы басты ауылшаруашылық кәсіп - мал бағу. Төрт түлікті өсіру түгел дамығанымен, саланың негізін қой шаруашылығы құрайды. Маңғыстау облысының 16,5 млн га жерінің 12 млн гектары жайылымға пайдаланылады. Осындай үлкен алқапта бағылатын қой саны 0,4-0,5 млн. бас, жылқы 20-30 мың бас, түйе 12-14 мың бас. Қой шаруашылығы Маңғыстауда дәстүрлі қазақы қой қаракөлмен ауыстырлды. Қымбат бағалы елтірісі үшін өсірілген бұл тұқым жергілікті климаттық жағдайға бейімделе алмауы үлкен мәселе болып отыр. Кейбір жылдары мал шығыны отар сайын орта есеппен 35-40%-ға жеткен. Қой шаруашылығының өнімдерінің сапасының төмен болуы, өткізу-сату қиыншылықтары облыстың мал шаруашылығын дағдарысқа ұшыратып отыр. Жылқы мен түйе еті, сүті жеке қожалықтарда ғана пайдаланылады. Түйе бағуға т.пқарағандық Қызылөзен мамандандырылса, қалғандарында осы екі түлік тек қосалқы шаруа есебінде дамытылған. Түйе сүтімен Тұщыбектегі өкпе ауруларын емдейтін санаторий қамтамасыз етіліп отырады.
Маңғыстаудың экономикалық, әлеуметтік өмірінде темір жол тасымалы маңызды рөл атқарады. Облыс теміржолының тұңғышы 1940-50 жылдары жұмыс істеген, ұзындығы 25км. болып келетін - Таушық- Сарытас тар табанды темір жолы. Ол соғыс кезінде Таушық көмірін тасымалдау үшін пайдаланылған. Ал қазіргі темір жолдың алғашқысы 1961-64 жылдары Мақаттан (Атырау облысы) Ақтауға дейінгі ұзындығы 704 км. Ал кейін Маңғыстау станциясынан Өзенге дейін ұзартылды, 1970 жылы Бейнеу-Қоңырат теміржолы пайдалануға берілді.Темір жол арқылы мұнай өнімдері тасымалданса, қазір олардан басқа жергілікті өнімдер шығарылып, Маңғыстауға қажетті материалдар тасымалданады.Өнеркәсіптің дамуы қатқыл табанды жолға деген сұранысты туғызды. 1966 жылы Ақтау- Жаңаөзен асфальт жолы салынды. Қазір облыста төсеніші бар жолдармен қатар Ақтау-Құрық, Ақтау-Қаражамбас-Қаламқас, Ақтау-Форт-Шевченко, Шетпе-Таушық, Шетпе-Жетібай және т.б. шағын шақырымдық асфальт жолдары салынған. Облыстың ірі елді мекендері өзара жақсы автомобиль жолдарымен байланысқан. Маңғыстау автожолдарының басты ерекшелігі - басқа облыстарға және көрші елдерге шыға алатын асфальт жолдың болмауы. Қазірдің өзңнде әлі салынып бітпеген Бегдаш-Жаңаөзен жолы Түрікменстан және Оңтүстік Кавказ елдерінің (Грузия, Әзірбайжан) өнімдерін Қазақстанға, әрі қарай Ресейге тасымалдау жолына айналып отыр.
Маңғыстауда мемлекеттік деңгейде екі әуежай бар. Бірі - орта ұшақтарды қабылдай алатын Жаңаөзен, екіншісі - үлкен ұшақтар қонатын Ақтау әуежайы. Соңғысының экономикалық мәні артып келеді.
Облыста екі теңіз айлағы Ақтау мен Баутин (Форт-Шевченко). Халықаралық айлақ мәртебесіне ие болған Ақтау теңіз айлағы дәстүрлі Астрахань, Баку рейстерімен қатар 1993 жылдан бастап Иранмен теңіз қатынасын орната бастады.
Сұйық және сұйытылған отын өндіру, өнімді құбыр арқылы тасымалдау тиімді әрі арзан болып табылады. Мұнайлы Маңғыстаудың құбыр тасымалының тарихы 1966 жылы Өзен - Жетібай - Ақтау мұнай құбырының іске қосылуынан басталады. Қазір Өзен - Атырау - Самара (1969 жылы құрылған), Бозащы - Ақтау мұнай құбыры жұмыс істейді. Сонымен бірге, Түрікменстан, Өзбекстан газы Ресейге Маңғыстау жері арқылы тасымалданады (Орта Азия - Орталық газ құбыры) [9] .

0.3 Облыстың әлеуметтік-экологиялық факторлары

Адамзат өзінің өмірлік қажеттілігін қоршаған ортадан алады. Бұл үлес қазір артып келеді. Бүгінде қоғам қажеттілігінің 80%-ы табиғи қорлардан алынады. Осы қарқын алдағы уақытта да сақталса, мұның соңы табиғи ортаның азуына, яғни деградацияға апарып соқтырады.
Осы орайда зерттеліп отырған Маңғыстау облысының да экологиясы ауыр аймақ - тар - дың қатарына жататындығын айтуға болады. Мұнда ауа бассейні табиғи және антропогендік жолдармен ластанады. Қазіргі кезде облыстағы экологиялық жағдай шиеленісіп, халықтың өмір сүруі мен денсаулығына кері әсер етуде.
Жалпы ел бойынша экологиялық нашар аймақтардың бірі болып табылатын Маңғыстау облысы болып табылады. Мұндағы негізгі мәселелер өндіріс кәсіпорындарының жүргізіп отырған іс-әрекеттерімен түсіндіріледі. Мұнда 2006 жылы ірі кен орындарында 500-ден астам апатты жағдайлар орын алған [10].
Ал облыстың экологиялық мәселелерінің ошағы Қошқар-Ата қалдықтар қоймасы болып табылады. Оны қайта өңдеу жобасы жасалып қойылған. Қазіргі уақытта қойманың екі аса қауіпті деп саналған аумақтары қайта жөндеу жұмыстарынан өткізілген. Ақтау қаласына жақын орналасқан радиациямен уланған өзендер 80 шаршы километрден асады [11].
Облыс Қазақстан Республикасының оңтүстік - батысындағы шөл аймақта орналасқан. Аймақта жауатын жауын-шашынның мөлшері төмен, көпшілік бөлігі жылдың жылы уақытында келеді. Аудандар бойынша жауын-шашынның орташа жылдық мөлшері 134-180 мм шамасында ауытқиды.
Маңғыстау жері биоклимат жағдайына қарай шөлді ландшафтқа жатады. Аймақтың топырағы негізінен өсетін өсімдігіне және топырағының түсі мен беткі қабатына қарай екі аймаққа бөлінеді. Оның біріншісі - қоңыр топырақты, ерте қурап өшіп кететін раң тәріздес өсімдік және ащылы шөп бұта тектілер өсетін орталық шөлді аймақ. Қоңыр топырақты аймақ облыстың солтүстік жағын алып жатыр.
Маңғыстау облысы, бағалы биологиялық ресурстармен минерал - шикізат потенциалына бай және еліміздің эканомикасын көтеруде стратегиялық елеулі орынды алады. Табиғат ресурстарын барынша пайдалану, оның қорларын азайтумен қатар, сапалық күйін нашарлата түсті. Бұның дәлелі жер шарының кейбір аймақтарында қайтымсыз табиғат өзгерістері мен апаттарының болуы.
Табиғи климаттық жағдайы бойынша толығымен Маңғыстау экологиялық тұрғыда жайсыз күннің радиациясы аса қатты қыздыруы, қатты жел, температураның көп ауытқуы жауын-шашынның аз мөлшері. Шаңды борандар мен тұз түйіршіктерінің ауаны ластауымен қоса Каспий теңізінің экологиялық мәселелері де облыстың экологиясының нашарлап бара жатқандығының көрінісі. Тек Қа - зақстан мен бүкіл Орта Азияның ғана емес, дүниежүзінің проблемасына айналған Арал теңізі се - кілді Каспийдің мәселесі де бүгінде теңіз жағалауында орналасқан бес мемлекеттің үлкен мәселеіне айналып отыр.
Атап өткендей, аймақта қолайсыз күшті желдер мен құмды дауылдар болып табылады. Бұл факторлар, жазғы қуаңшылық кезеңінде топырақты эрозияға ұшыратады және табиғи тепе-теңдікті тез қалпына келтіруге кедергі келтіреді. Бұл жағдай, сонымен қатар үнемі шаң тудыратын жүйесіз автомобиль жолдарынан, негізінен Бейнеу ауданы аумағында нашарлайды. Күшті желдер мен құмды дауылдар сонымен қатар бірқатар аудандарда тұрғын үй алаптарын құм басуына ұшыратады, бұл ауылдықтар үшін ауыл шаруашылық қызметтерін жүзеге асыру мүмкіндіктерін едәуір әлсіретеді, ауылдағы тіршілік сапасын төмендетеді. Мұнда өмір ұзақтығы республикадағы ең төмен деңгейге дейін түсірілген, ал қауіпті аурулар қатарының таралуы бойынша облыс республикада жетекші орында болып табылады. Елдің жоғары уәкілдік орындарының шешімімен барлық территория экологиялық апат аймағы деп хабарланған.
Қазіргі кезде Маңғыстау облысында қоршаған орта жағдайына әсер ететін мынадай факторларды атауға болады: климаттың құрғауы және судың аздығы; ауыз судың жетімсіздігі және химиялық құрамының санитарлық көрсеткішке сәйкес келмеуі; жердің беткі қабатының тұздануы және түрлі жіктелмеген токсинді заттармен улануы; табиғи ортаның өндірістен бөлінетін ауылшаруашылықтық, тұрмыстық-шаруашылықтық қалдықтармен және түрлі химиялық тастандылармен ластануы; өндіріс қалдықтары; өндірістің улы зиянды газдарының әсері;
Осы аталған факторларға байланысты өңірдегі халықтың нашарлауына әсерін тигізе отырып, төмендеуіне алып келді.
Барлық аумақ бойынша кең таралған сорлар, сортаңдар байқалады. Аумақты кеңістік Бостанқұм, Сауысқан, Сеңгірқұм, Түйесу, Қарынжарық, Жылымшық, Егізлақ, Қызылқұм, Уаққұм, Сам-Ұялы құмдармен қамтылған.
Күшті климат жағдайында, сирек өсімдік жамылғылары қарашірінді мен құнарлы элементтерінің аз жинақталуына әкеледі. Шөл далада топырақтың түзілуі мен геохимиялық үдерістердің өтуі толықтай төтенше қиын және топырақтың құнарлылығы жағынан қолайсыз.
Облыстың ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлері, негізінен, мынадай топырақ типтерімен ұсынылады: Сұр - қоңыр шөл далалы солтүстік сортаңдарымен және тұзды - 46%, дауылды шөл далалы, оның ішінде сортаң дақтарымен 10% - 8,9% дейін.
Аудандар бойынша топырақтың тұздану деңгейі 0,2-0,4% шамасында ауытқиды, бірақ судың болмауы егіншілік саласын дамытуға мүмкіндік туғызбайды. Сондықтан ауыл шаруашылығына арналған жерлер облыс бойынша толықтай төмен балл - бонитетпен (3,7 - 8) сипатталады [12]. Облыста ауыл шаруашылығына пайдаланылатын жерлер 8642,77 мың га құрайды және тек қана шөл далалық үлгідегі жайылымдардан тұрады. Жайылымдардың суландырылуы 55% құрайды. Облыстың жайылымы төмен өнімділігімен, жыл және маусым бойынша тез ауытқушылығымен сипатталады. Пайдалану маусымы бойынша көбірек үлес салмағы күзге - қысқа келеді (48%), көктемде - жазда жайылым 39% қамтиды. Негізінен Бейнеу ауданында жазғы жайылымның тапшылығынан Ақтөбе облысы аумағында жайылымды пайдалануға мәжбүр болады. Жайылымның түсімділігі аудандар мен облыс бойынша орташа гектарына 1,5 центнер жемшөп өлшемін құрайды. Шөл далалық жайылымдар құнарсыздануға жеңіл беріледі [13].
Өнеркәсіптік қызметтен, сондай - ақ жол эрозиясынан жайылымның едәуір көлемі Бейнеу және Қарақия аудандарында бұзылған. Жайылымдар өсімділігінің өзгеруі, соңғы жылдары қажетсіз құбылыс бағытына әкеледі, алдымен жеңіл механикалық құрамды топырақта, сондай - ақ көпжылдық өсімдікті суатты және елді мекендерге жақын, жемшөптік қатынаста әртүрлі бір жылдық, құндылығы аз өсімдіктермен ығыстырғаны байқалады. Жылсайынғы құрғақшылықтан, сондай-ақ басқа да себептер бойынша, жайылымға пайдаланылатын жерлер мен жайылымның шабындық учаскелері жемшөп көлемін азайтады. Егістік барлығы 0,13 мың га қамтиды және көкөніс - бақша өнімдерін өсіру үшін пайдаланылады. Олардың көпшілік бөлігі Маңғыстау ауданының Шайыр селосына (54,2%) келеді. Облыстың жайылымдық пайдаланылатын жерлерінің басым көпшілігі қанағаттанарлық жағдайға жатады, алайда, облыста өнеркәсіптік қарқынды игерілуі мұнайгаз құбырларының төселуі, мұнай мен газ кенорындарының іздестірілуі бұзылған, жайылымдыққа пайдаланылатын жерлер көлемі үнемі артып келеді. Негізінен бұл Бейнеу және Қарақия аудандары үшін маңызды. Елді мекендер айналасындағы жайылымдыққа пайдаланылатын жерлердің жағдайы нашар. Олардың айналасындағы аумағы бірнеше километр радиусында улы өсімдіктер өсе бастаған.
Антропогендік ластану өнеркәсіп пен көлік тасымалына байланысты. Әрбір автомобиль әрбір 1км-ге орта есеппен 40г зиянды заттар шығарады, ал облыс бойынша оның мөлшері жылына 100 мың тоннадан асып түседі.
Облыс бойынша ауаға ластағыш заттар шығаратын нысандардың саны 7 мыңнан асады, бірақ олардың басым көпшілігі ұсақ жылыту қазандары болып табылады, олардың әрқайсысы жылына орта есеппен 5-10 тонна ластағыш заттар шығарады. Атмосфераны ластайтын негізгі өнеркәсіп нысандары Ақтау, Жаңаөзен қалаларының кәсіпорындары мен мұнай кәсіпшіліктері болып отыр. Ақтау қаласында осындай 26 кәсіпорын бар [14].
Ақтау қаласындағы Каспий тау-кен металлургия камбинатына ластағыш заттардың 16 бөлігі тиеді. Осылардың қатарына камуналдық шаруашылық, асфальт зауаты, күкірт қышқылы зауаты, ет камбинаты, облыс жеріндегі ұлу тас және қиыршық тас карьерлерін жатқызуға болады.
Үнемді, толық пайдаланудың мүмкін болмауынан жыл сайын мыңдаған тонна ластағыш заттар шаң тозаң, газ күйінде атмосфераға кетіп жатады.
Маңғыстау облысының радияциялық ластануы жөнінде мәліметтер өте мардымсыз. Өлке жерінде аса ірі уран рудасы өндіретін кен-орны және радиоактивті отынмен жұмыс істейтін электр станциясының бар екенін ескерсек, радияциялық қауіптің бар екендігін сезінуге болады. Сонымен қатар 1969-70 жылдары Үстіртте ядролық полигондар жұмыс істеп, 3 рет ядролық жарылыс болғанын естен шығаруға болмайды. Атмосфераның ласатануын тоқтату үшін ең алдымен ауа тазартқыш, түтін тұтқыш қондырғылар орнатылуын қамтамасыз ету қажет. Әзірге облыста ондай 40 жуық қондырғы бар. Сондай-ақ еңбекті жаңа үздік үлгілерге сай ұйымдастырмайынша жаңа қазіргі заманға технологиялық әдістерді еңгізбейінше, ең ақыры адамның табиғатқа деген көзқарасы өзгермейінше, ауаның ластануын тоқтату мүмкін емес.
ХХ ғасыр адам баласына орасан зор жетістіктермен қатар шешуді қажет ететін проблемалар жиынтығын алып келді, Бейбітшілікті сақтау және қарусыздану, айналадағы ортаны қорғау, халықтың көбеюі, энергия мен шикізатпен қамтамасыз ету, азық-түлікпен қамтамасыз ету, мұхитты пайдалану, артта қалған елдерге көмек, ғарышты бейбіт мақсатта игеру және т.б- осының бәрі жеке елдің емес,бүкіл адамзаттың ортақ мәселелеріне айналып отыр. Бұлар адам баласының тірі қалуына және жердің сақталуына ықпал етіп отыр. Ғаламдық проблемалар тікелей болсын, басқа нәрселер арқылы болсын біздің әрқайсысымызға да қатысты, өйткені кішкене ғана Маңғыстаудың өзінен аталған проблемаларға қатысты жетістік-тер мен қиыншылықтарды, "кіші" проблемаларды оңай табуға болады. Өйткені адам қанша жеке, қайталанбас болғанымен Дүние-бұртұтас, бір-бірімен байланысқан нәрселер жиынтығы болып табылады [15].
Адамзаттың іс-әрекеті табиғат заңдарына тәуелді. Табиғат адамды қажетті зат пен энергиямен қамтамасыз етеді. Адам табиғатты үнемі өзгертіп отырады белгілі бір шекке барғанда табиғат жауап қайтара бастайды, өйткені қазіргі кезендегі табиғат ресурстарын алудың, өндурудің жалпы өсуімен қатар, алына бастаған ресурстардың түрлері де көбейіп отыр. Сондықтан да табиғатқа түскен қысым өте күшті дәрежеге жетті және көптеген экологиялық проблемалар туындатып отыр. Маңғыстау облысының табиғатына адамның тигереуінің күшеюі бірнеше мәселені туындатып отыр. Бүкіл адамзаттың алдындағы сияқты бізге де денсаулық сақтау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, жерді сақтау жөніндегі қиыншылықтар жат емес. Табиғатты тиімді пайдалану мәселесі әлі шешілмеген іс болып саналады. Бұл қазіргі таңдағы ең негізгі мәселе болып отыр, өйткені құрғақшылық пен тұщы су көздерінің болмауы жағдайында суға деген сұраныс ерекше маңызға ие болады. Әзірге Маңғыстауды сумен қамтамасыз етудің жүзеге асырылып отырған үш жолы бар. Олар-жер асты суларын алу, теңіз суын тұщыландыру және су құбыры арқылы Еділ мен Амудариядан тасымалдау. Осы әдістермен суды ала беру, оны ұлғайту салдарын болжау өте қиын. Сырттан тасымалдау өте қынбатқа түседі, жер асты суларының қоры болса өте аз, ал теңіз суын тұщыландыру арқылы алынатын судың өзіне жер асты суын қосу қажет. Содықтан жаңа су табу жолдары мен су өнемдеу әдістерін іздеу мәселесі қойылып отыр. Оның шешілу жолы - атмосфералық жауын-шашынды пайдалану болып табылады.
Маңғыстаудың екі жағында орналасқан екі теңіздің бірінің тайыздануы екіншісінің көтеріле басталу да өлкеге қосымша проблемалар туғызып отыр. Каспий теңізінің көтерілуі бұрын теңіз асты болған 4 млн га жерінің ғана емес, одан да көп аймақтың теңіз астында қалу қауіпін туғызып отыр. Бұл- сор басқан бос жер емес, бірнеше ондаған мұнай кәсіпшіліктері, малшыауылдары мен қыстаулары, темір жол,автомобиль жолдары, құбырлар, электр және байланыс линиялары және мал жайылымдары бар территориялар. Сонымен қатар Каспийдің деңгейінің өсуінің жер асты суларының тұздылығының артуына ықпал етуі ықтимал. Қысқы мерзімде өлкеде оңтүстік-шығыс және шығыс желдердің үстем болуы Арал теңізінің құрғаған орнынан көтерілген 80 млн т тұзының біраз бөлігін Маңғыстау облысына, оның ішінде Бейнеу ауданының территориясында тасмалдап әкелетіні белгілі. Қазірдің өзінде Сам құмы орналасқан аймақта Арал әсері айқын сезілуде, топырақтың тұзды тозаңмен қанығуы, жер асты суларының тұздануы Маңғыстау үшін тарихи-биологиялық құбылыс болса, енді Арал есебінен бұл процесс үдей түсті. Бұл соның біраз бөлігін құбыр арқылы Өзенге жеберіп отырған Сам үшін су табу мәселесін ушықтырса, 2-ден жайылымдарды істен шығарады.
Маңғыстау облысының экологиялық мәселелерінің көшбасында тұрғаны Каспий теңізі болып табылады. Каспий мәселесі бүгінгі таңда күрделі аймақтық экологиялық проблемаға айналды.
Каспий теңізі Еуропа ман Азия континенттерінің түйіскен жерінде орналасқан. Оның көлемі 380 мың км. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін - 1030 шақырым батыстан шығысқа дейін - 196435 шақырым созылып жатыр. Солтүстік-шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік-батысы субтропикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбінесе қайрандардан түрады. Каспий қайраңы -- өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Каспий өзімен құятын өзендермен бірге Еуразиядағы маңызды кәсіптік су көзі, мұнда жыл сайын 0.3 млн тоннаға жуық балық ауланады. Оны аулау үлесі әлемдік деңгеймен алғанда 85%-дан асады. Теңіздегі балықтар саны азайған, себебі, Каспий бойында қоныстанған елдер теңіз астын да, жағасын да пайдаға жаратып, кәсіпкерліктің көзіне айналдырған. Жалпы Каспийлік кәсіпшілікте итбалық аулау да елеулі орын алады. 1905-1910 жылдары Каспий теңізінде шамамен 1 млн 100 мың итбалық болған екен. Бір итбалықтың күніне 3 келі балық жейтінін ескерсек, сол кезде теңіз астын 3 млн 300 мың балық мекендеген. Ал, 2008-2009 жылдары жасалған есеп бойынша, 110 мың итбалық бары анықталды. Ендеше, балықтар санының қаншалықты азайғанын байқауға болады [16]. Каспийдің солтүс - тік шығысында бекіре тұқымдас балықтар қорының азайып, теңіз асты тіршілігінің жоғалып бара жатқандығы белгілі. Бір кездері жақсы дамыған балық аулау кәсібі бекіре тұқымдас, майшабақ, сазан, көксерке, торта секілді балықтар саны азайып, тіпті, дүниежүзі бойынша қара уылдырық өндіруден алдыңғы орында тұрған теңіз байлығы кеміп барады. Соңғы жылдары теңіз ас - тын - дағы азық-түлік қоры азайып, итбалықтардың көп қы - рыл - уына байланысты арнайы та - биғат қорғау прокуратура - сы қызметкерлері Ұлттық қауіп - сіздік комитетінің шекара қыз - меті және Балық инспекциясы басқармасы өкілдерімен бірге Маңғыстау облысы Каспий теңізінің солтүстік бөлігіндегі аумағында Каспий итбалығының қыстайтын орнын белгіледі. Кемелердің итбалықтың шоғырланған орындарынан біршама қашықтықты сақтап жүзулерін қамтамасыз ету үшін теңіз порттары мен мүдделі мемлекеттік органдар басшылары кемелердің теңізде қозғалу бағытын бекіткен болатын. Екінші жағынан алғанда Каспийдің суын тұшытып, пайдаланып отырған Ақтау тұрғындары үшін оның суының тазалығы керек. Қазақстан Каспий теңізінің бөлігінің мұнай ресурстарын игеруге кірісті, бірақ теңіздің биологиялық әлемін қорғау, мұнай операцияларын жүргізгенде ластануды шектеу стандарттарын жасау секілді бірқатар өзекті мәселелер шешілмеді.
Жайсыз табиғи және антропогендік факторлар Каспий теңізі деңгейінің бірде көтеріліп, бірде төмендеуіне әкелді, оның айдыны улы қалдықтармен ластануда. Өте ауқымды мәселе Каспий жағалауындағы жаңа және бұрынғы кәсіпорындар, сонымен бірге теңіз мұнай игеру кезінде теңізді мұнаймен немесе оның қалдықтарымен ластау қаупі сақталып отыр. Қазірдің өзінде суы тайыз айдында мұнай өнімдерінің концентрациясы белгіленген шектеулі мөлшерден 15-20 есе асып кеткен.
Солтүстік Каспий мұнаймен ластану нормасы 10 есе артып, фенол концентрциясы 100 еседен де жоғары. Суда үнемі хлорорганикалық пестицид мөлшері болып тұрады. Теңіздің ихтиологиялық фаунасы организмдер мұнаймен, ауыр металдармен, т.б. улы заттармен зақымданған. Тастанды не суға батқан ұңғылар қаншама, сондай-ақ тасымал кезінде төгілген мұнай Каспий экожүйесіне үлкен қатер төндіріп отыр. Каспий теңізінің жағалауында, Кендірлі демалыс аймағының, Құрық поселкесінің, Ақтау, Форт-Шевченко қалаларының учаскелерінде ұзындығы 284,5 шақырым су қорғау аймақтары мен белдеулері айқындалып, белгілері орнатылған. Осылайша, арнайы мақсатсыз теңіз жағалауындағы су қорғау аймағына құрылыс салуға қатаң тыйым салынған. Каспий теңізінің Қазақстандағы бөлігінің Еділ мен Жайық өзендері келіп құятын жерлерінде өсімдік көп өседі, әсіресе, солтүстік жағы тайыз болғандықтан, суы тұщы болып келеді. Қазақстанда тұңғыш рет облысқа қарайтын Каспий теңізі қайраңында және жағалау аймағында ғарыштық қашықтықтан бақылау технологияларын қолдана отырып, төртінші рет мемлекеттік экологиялық мониторингі жүргізіліп келеді. Бұл жұмыс Каспий теңізінің қазақстандық бөлігінің 75 па - йызында қазір болып жатқан экологиялық жағдайды негізінен бақылауда ұстауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, елімізде тұңғыш рет облыстық қаражат есебінен Каспий теңізі бассейнінің қазақстандық секторында қоршаған ортаға мемлекеттік мониторинг жүйесін құрудың бағдарламасы әзірленді. Қазіргі кезде кемелер теңіздің асты-үстін қопарып, талқанын шығарып барады. Сондықтан, планктон, бентос өсетін өсімдіктер мен жәндіктер жүретін жерлерді анықтап алып, географиялық координаталарын бекітіп, кеме жүруге, шаруашылық жасауға тыйым салу керектігі ғылыми негізге бағытталып отыр. Қазірде Каспий теңізінде мұндай тыйым жасалмаған. Мемлекеттік экологиялық мониторингін жүргізу керек. Каспийдің ең тайыз жері Ресей мен Қазақстанға қарайды. Оның көп бөлігі Қазақстан жерінде жатыр. Теңіздің солтүстіктен оңтүстікке дейінгі ұзындығы - шамамен 1200 шақырым. Енінің ең жақын жері - 261 шақырым, ең қашық жері - 400 шақырым, орта есеппен 300 шақырым. Каспийдің Қа - зақ - стандағы бөлігінде, яғни, Маңғыстау облысына тиесілі 70 нүкте бойынша теңіздің түбі, су және ауа бақыланады. Әр нүктедегі судың бір куб метріндегі жәндік түрлері, өсімдіктері, топырақ пен су құрамындағы химиялық элементтер тексеру жүргізіліп жатыр [17].
Құрық, Ақтау, Баутино айлақтары мен Арман, Комсомольская секілді теңіз жағалауындағы 24 нүкте қатаң бақылауда тұр. Мұнай табылған кен орындарының мамандары кейде судың бір куб метріндегі тірі ағзалар көрсеткішін аз көрсетеді. Себебі, кездейсоқ жағдай орын алса, тіршілік иелері жойылып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұнай және газ өндіру
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Батыс Қазақстан экономикалық, ауданындағы халықтың қоныстануына әсер ететін физикалық - географиялық жағдайлар
Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарына кешенді географиялық сипаттама
Туризмді дамытуға барынша қолайлы аудандар шығыс аймақта
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы халықтың қоныстану жүйесі
Батыс Қазақстанның экономикалық ауданы
Маңғыстау облысының халқы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Маңғыстау облысы ресурстарының рекреациялық әлеуеті
Пәндер