Нарық – қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі



Кіріспе
1. Нарық . қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
1.1 Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары,қызметтері,түрлері.
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы.

2.Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері.
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі
Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру, қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір – бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген нарықтық экономика бұл сауалға бір – бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер – жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне қарамастан, осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде қалып отыр. Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан – жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні,элементтері,принциптері,кемшіліктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты – экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады. Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына; өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға, сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына, қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу, кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.
1. Әубәкіров Я.Ғ., Байжұманов Б.О. «Экономикалық теория» Алматы 2007 ж.
2. Абугазин Д. «Регулирование инвестиционной деятельностив экономике Казахстана».
3. Василевский А. «Конспект лекций по экономической теорий».
4. Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық теория»,Алматы 2002 ж.
5. Крымова В. «Экономикалық теория»,Алматы 2003 ж.
6. Сейтқасимова Ғ.С. «Ақша,несие,банктер»,Алматы 2001 ж.
7. Егеменді Қазақстан,2005 ж.1 ақпан,4 маусым,6 сәуір,11 мамыр.
8. Жетісу,2003 ж.25 қаңтар.
9. Атамекен,2002 ж.1 ақпан,5 маусым,17 қаңтар.
10. Атамекен,2006 ж. 1 ақпан,11 қаңтар.
11. Осипова Б. «Экономикалық теория»
12. Колесникова В. «Экономикалық теория», Москва 2008 ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:

Кіріспе
1. Нарық - қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі
1.1 Нарық ұғымы, нарықтың мәні, ерекшеліктері.
1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары,қызметтері,түрлері.
1.3 Нарықтың құрылымы, инфрақұрылымы, коньюнктурасы.

2.Қазақстанда нарықтық қатынастардың қалыптасу ерекшеліктері.
2.1 Нарыққа өту кезеңіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік жағдайы.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Бүкіл тарихтың өн бойында әрбір қоғам мынадай бір іргелі экономикалық проблемаға тап болып отырды: ресурстары шектеулі осынау дүниеде нені өндіру, қалай және кім үшін өндіру керек? ХХ ғасырда бір - бірімен бәсекелес екі экономикалық жүйе орталықтандырылған үкімет басқаратын әміршілдік экономика және жеке іскерлікке негізделген нарықтық экономика бұл сауалға бір - бірімен мүлдем кереғар 2 түрлі жауап берді. Бүгінде орталықтандырылған, әміршілдік экономикалық пішім, жер - жаһанның қай бөлігінде ірге тепсе де, тұрақты экономикалық өсімді баянды ете алмайтыны, гүлденудің белгілі бір деңгейіне қол жеткізе алмайтыны, тіпті өзі азаматтардың экономикалық молшылықта тұруына жағдай жасай алмайтыны айдан анық болып отыр.
Сөйтсе де нарықтық эконоиканың әртүрлі қоғамдарда айтарлықтай табысқа жеткеніне қарамастан, осынау балама экономикалық жүйенің іргелі принциптері мен механизмдері көптеген адамдарға белгісіз яки бұлыңғыр күйінде қалып отыр. Бұлай болуының бір себебі мынадан нарықтық экономика дегеніміз идеологиялық емес, адамдар мен қоғамдардың экономикалық молшылықта тұруына бағытталған әдістер мен қалыптардың уақыт сынынан өткен біртұтас жүйесі.
Еліміздегі үрдіс пен нарықтық қатынастар жүйесі жылдан жылға дамып келеді.Нарықтық экономиканы ары қарай жетілдіру мен дамыту экономикалық қатынастарға түсімі жақтарды ақпараттар жүйесімен қамтамасыз ету,жан - жақты талдау қызметтерін жүргізу, экономикалық талдау қызметкерлердің қызметін жүргізу, экономикалық тиімді шешім қабылдау үрдісін де.
Нарықтық экономиканың атқаратын рөлі зор. Нарықтық жұмыстың жалпы ішінде: Нарық жүйесінің мәні,элементтері,принциптері,кемшіл іктері, Қазақстан Республикасындағы нарықтың қалыптасу және даму стратегиясы сипатталады.
Нарықтық экономиканың жалпы мақсаты - экономиканы тұрақтандыру мақсатында Республика Үкіметі нарыққа өтудің тұжырымдамасын жасап шығарады. Тұжырымдама мемлекеттің және экономикалық егемендіктің қағидаларына негізделген.
Нарықтық экономика әркімге ыңғайлы бола алады,бірақ ол жеке бас бостандығының іргелі принциптеріне: тұтынушының бәсекелес көптеген қызметі өнімдер мен көрсетілетін ішінен өзіне қолайлысын таңдап алу бостандығына; өндірушінің жаңа бір іс бастауына не бұрыңғы ісін ұлғайтуға, сөйтіп соған байланысты тәуекелге барып,оның зейнетін көру бостандығына, қызметкердің жұмыс немесе мансап жолын таңдап алу, кәсіподаққа кіру немесе жұмыс беруші біреуден басқасына ауысу бостандығына негізделген.Нарықтық экономика,осы заманғы жекеше іс бастау және іскерлік рухы,саяси демократиямен астасып отырып,бостандықты сақтап қалудың ең жақсы перспективасын ашып берді және барлық адамдар үшін экономикалық өсу мен молшылықтың барынша кең мүмкіндіктерін ұсынады.
Нарық пен демократия дамуға батыл бет бұру - күллі адамзаттық мүдде.
Сондықтан елімізде нарыққа көшуді жөн көрді.Еліміздің басты мақсаты ашық нарықты қалыптастыру - бүгінгі таңда өте актуалды мәселе.Осы тақырыпты таңдау себебім де осында.
Нарықтық экономиканы алғаш рет А.Смит қарастырған.Оның Халық байлығы атты еңбегі 1776 жылы шыққан.Смиттің ойынша,ұлттың басты байлығы алтын немесе күміс қорын жинауда емес,ол еңбек түрін атқаратын және нарықта сауда жасайтын қарапайым адамдар әрекеттерінің нәтижесі.Смиттің пікірінше,нарықтық экономика - көптеген адамдар өздерінің жеке мүддесін қамтамасыз ету үшін мақсатты әрекеттерінің нәтижесі.
Смиттің нарық туралы ілімі Фридрих Фон Хайектің еңбектерінде дамытылған.Оның ілімі бойынша нарық - ішкі себептерден пайда болған әлеуметтік тәртіптің бір формасы.Нарық шегінде бағалылықтың белгілі бір біркелкі шкаласы жоқ,ол тек бәсекелестік мақсатты жалғастырады;солар үшін қызмет атқарады,қайсысы бірінші орындалу керектігіне кепілдік бермейді.
Смит ілімінен шығатын қорытынды:нарықтың тиімділігі және барлық бәсекелестердің өздерінің экономикалық мақсаттарына жету жолындағы мүмкіндіктерін арттыра беретіндігі.

1. Нарық - қоғамның экономикалық өмірінің негізі және оның постсоциалистік экономикада қалыптасу механизмі

1.1 Нарық ұғымы,нарықтың мәні,ерекшеліктері.

Нарықтық механизмді ең жалпы түрде экономикалық негізгі мәселелерін шешу мақсатында өндірушілер мен тұтынушылардың нарық арқылы өзара әрекет ететін шаруашылықты ұйымдастыру формасы деп анықтауға болады.
Нарық дегеніміз не?Басында нарық дегенді әр түрлі тауарларды сатумен байланысты жұртқа жария орын ретінде түсіндірді.Қоғам дамыған сайын,нарық ұғымы да өзгеріп отырды.Қазіргі дамыған қоғамды нарық деген міндетті түрде сатышулар мен сатып алушылар кездесіп,келісім жасайтын орын емес.Қазіргі заманда саудагер теледидар арқылы жарнама бере алады,сатып алушылармен тікелей байланыспай - ақ,олардың тапсырыстарын телефонмен жинап,тауарларды пошта арқылы жібере алады.Нарық - қоғамдық еңбек бөлінісі негізінде оқшауланған өндірушілердің арасындағы үстемдік етуші және анықтаушы байланыс әдісі ретінде көрінеді.
Нарық бұрын-соңды біздің елде терең зерттелмеген.Себебі нұсқау-бөлу әдістеріне негізделген басқару жүйесі жағдайында нарық проблемалары тиісті ғылыми зерттеу пәні бола алмады.ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым - постсоциалистік экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ.Осыған байланысты нарықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық - бұл өндіріс факторларын немесе оның нәтижелері мен шарттарын айырбастауға байланысты болатын өндірістік қатынастардың белгілі бір бөлігі немесе жүйесі (Кулагин П. Социалистік экономикадағы нарық. - Вопросы экономики,1990 ж.№1,143 бет)
Нарық - бұл сатушылар мен сатып алушылар арасындағы экономикалық қатынастардың белгілі бір жүйесімен сипатталатын тауар айырбасының саласы (Чалбаев К.К. Өндірісті интенсификациялау және нарықтық қатынастар.М,1990 ж.204 бет)
Нарық - тауарларды сатып алу - сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы (Саяси экономия.Алматы,Ана тілі,1991ж,169 бет)
Келтірілген анықтамалар дәлелді болғанымен,олар проблеманың бір жағын ғана қамтиды.Бұл анықтамаларға ортақ нәрсе - ол нарықты өндірістің емес,айырбастың категориясы,нарықтық қатынастардың субъектісі - өндірушілер мен тұтынушылар деп көрсетілді.Тауар өндірісі жағдайында нарықтық байланыстар экономикалық қатынастардың барлық жүйесін және барлық субъектілерін қамтиды.Нарық құрамына өз жұмыс күшін сатушы.
Кәсіпкерлер де,еңбеккерлер де,соңғы тұтынушылар да,қарыз капиталының,бағалы қағаздардың иелері де,т.б. көреді.
Нарық қоғамдық тұтынушылар мен өндірушіледі байланыстырудың тиімді механизмі ретінде әлемдік өркениеттік ұлы жетістіктерінің бірі деп есептеледі.Бірақ нарық механизмі кәсіпкелік пен бәсекелестікті дамытпайынша өмір сүре алмайды.Ал бұл меншіктің әр түрлі формалары және әр түрлі тауар өндірушілер болғанда ғана мүмкін,бұнда өндіріс экономикалық жағынан әлсіз,өмір сүруге қабілеті жоқ шаруашылықтардан тазартады,оның есесіне олардың тиімді жұмыс жасайтын болашағынан үміт күттіретін қолайлы жағдай жасайды.Бұдан нарықтың қоғамға қажет шаруашылық бірліктерін іріктеудің демократиялық механизмі және ең әділетті төрешісі екенін көріп отырмыз.
Нарықтық экономика мына басымдылықтарға ие:
1. Ресурстарды тиімдірек бөлу мен пайдалануға көмектеседі;
2. Өндірістің өзгеруші жағдайларына икемді жауап береді;
3. Тұтынушылармен қатар өндірушілердің таңдауы мен әрекет ету бостандығын қамтамасыз етеді;
4. ҒТР жетістіктерін өндірісті ұйымдастыру мен басқарудың жаңа технологиялары,әдістерін енгізу үшін жасауға көмектеседі;
5. Өндірушілерді адамдар қажеттіліктерін қанағаттандыруға және тауарлар мен қызмет көрсетулер сапасын арттыруға бағыттайды.
Сонымен бірге нарықтық механизмнің елеулі қайшылықтары да бар.Оларға әлеуметтік жіктеулі,әлсіздерге ,әсіресе банкротқа ұшырағандарға деген мейірімсіздік,жұмыссыздықтың болуы жатады. Реттелмейтін таза нарықтық экономика адамның еңбек ету,білім алу,табыс табу сияқты әлеуметтік - экономикалық хұқтарына кепілдік бермейді.Бұл салалар мемлекеттің белсенді түрде араласып реттеуін қажет етеді.Мемлекет бағаны реттеу,салық жүйесі негізінде табысты қайта бөлу,бюджет шығындарының есебін жұмысшыларды қайта мамандандыру,оларға жәрдем ақша бөлу және халықты әлеуметтік амту жүйесі арқылы нарықтық экономиканың қысымын жұмсартады.
Нарық механизмі ғылым мен техника жетістіктерін,еңбек ресурстарын,еңбекті ұйымдастырудың жаңа әдістерін кеңінен пайдалануды көздейді.Бірақ көп қаржы уақытты қажет ететін оның жаңа бағыттарында стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруды,өндірісте терең құрылымдық өзгерістер жасауды қамтамасыз ете алмайды.Бұл жерде мемлекеттің стратегиялық ғылыми - техникалық саясаты мен экономикалық көмегінсіз,ірі кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаржы қуатынсыз жақсы нәтижеге жету мүмкін емес.
Сонымен, нарықтық экономика кемшіліктеріне мыналар жатады:
1. табыс алуға кепілдік бермейді;
2. толық жұмыс бастылыққа кепілдік бермейді;
3. қалпына келтірілмейтін ресурстарды сақтауға көмектеспейді;
4. қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шараларды ендіруді әлсіз ынталадырады;
5. ұжымдық пайдаланылатын тауарлар мен қызмет көрсетулерді өндіруді дамытуды қамтамасыз етпейді.
Нарықтық экономиканың әрекет ету жиынтығында нарық жүйесін құрайтын оның белгілі бір элементтерінің болуын көздейді.
Нарықтық постсоциалистік экономиканың бірінші әрі маңызды элементі - өндірушілер мен тұтынушылар.Олар еңбектің қоғамдық бөлінуі процесінде,біреулері тауар өндіріп,басқалары оны тұтынған кезде қалыптасады.Тұтыну жеке өзіндік және өндіруші болып бөлінеді.Жеке тұтыну кезінде тауарларды өндіріс сферасынан шығарып,олар халықтың жеке қажеттілігін қанағаттандыру үшін пайдаланылады.
Өндіруші тұтыну өндіріс процесінің жалғасы ретінде жүреді,бұл кезде тауар басқа өндірушілер ары қарайғы өңдеу үшін пайдаланылады.Бұл жағдайда өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы өзара әрекет қызмет нәтижелерін алмасу үшін орнатылады.Нарықтық шаруашылықта ол тұрақтылығымен ерекшеленіп,мамандандыру негізінде құрылады және көтерме нарықтық мәселе нысанында көрінеді.
Нарықтық экономиканың екінші элементі ретінде өндірістік бірліктерді корпоративті басқару базасындағы меншіктің жеке немесе аралас нысандарымен ерекшеленетін экономикалық ерекшелік жүреді.
Үшінші маңызды элемент - баға.Ол айрықша зерттеуді қажет етеді.Бұл жерде екі ескерту бар: 1)баға арақатынасы әрекет етуші коньюнктураға байланысты ауытқитын сұраныс пен ұсыныс нәтижесінде қалыптасады.2)баға осы географиялық ауданда өндірілетін осы тауарға деген нарықтық қатынастың әрекеті сферасын анықтайды.Осы сфераның шекарасы трансакциялық шығындармен,яғни айырбаспен байланысты айналым шығындармен анықталады.
Төртінші элемент - орталық буын сұраныс пен ұсыныс сияқты құрамдас болып табылады.Сұраныс нарықта тауарларға деген қажеттілік түрінде жүреді.Тұтынушылар осы тауарларды қалыптасқан бағалармен ақша табыстары кезінде сатып ала алады.Ұсыныс өндірістің ең үнемді әдістері мен ресурстарды тиімді пайдалануға қатысты ынталандырушы ретінде жүреді. Сұраныс пен ұсыныс материалдық игіліктерді өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тұрақты байланысты қамтамасыз ететін нарықтық механизмнің маңызды элементтері болып табылады.
Нарықтық механизмнің бесінші элементі - бәсеке.Ол пайданы мол табуды және осының негізінде өндіріс көлемін кеңейтуге жол ашады.Бәсеке нарықтық субъектілер мен пропорцияны реттеу механизмінің өзара әрекетінің нысаны ретінде жүреді.Бәсекенің негізгі қызметі пайда,процент нормасы,баға т.б. экономикалық реттеушілер көлемін анықтауда болып табылады.
Нарықтық постсоциалистік экономика қызмет етуінің механизмі үш басты принципке негізделеді:
1) маржиналдық талдау принципі негізінде нарықтық субъектілер мінез - құлқы құрылады,оған орташа емес,шекті шамалар шешуші әсер етеді.Нарықтық талаптарға толуы,нарықтық бағалардың өзгеруі нәтижесінде нарықтық экономиканың бір қалыптан екіншісіне өтуі бірқалыпты жүреді.Бұл жаңа,шекті субъектінің сұраныс немесе ұсыныс түрінде нарықтық экономикаға әсер етпеуінен болып отыр.Жетілген нарық жағдайында,үлкен және тұрақты сұраныс пен шаруашылықты жүргіуші субъектілердің шексіз саны болғанда,осылардың әрқайсысы шексіз шағын үлес салмағына ие болады.Маржиналды жол нарықтық кеңістіктің үздіксіз қызмет етуін қамтамасыз еткендей болып,сұраныс пен ұсыныстың кенеттен ауытқуы пайда болу мүмкіндігін болдырмайды,тауар өндірушілер мен тұтынушылар арасындағы тепе-теңдікі ұстап отырады.
2) Балама талдау шығындардың принципі.Балама талдау шығындары ресурстарды пайдаланудың басқа тәсілдерінен немесе кәсіпкерлер қызметіне байланысты туындаған тікелей шығындар мен алынбаған пайдалардың сомасы түрінде болады.Нарықтық экономиаканы құру жіберіп алынған мүмкіндіктер тізімі ішінен аз,бірақ кепілді табыс беретін ең нашар вариант таңдап алуына негізделеді.Балама таңдау шығындары принципі өндірушілерді қолда бар ресурстарды тиімдірек пайдаланудың жолын іздеуге итермелейді.
3) Постсоциалистік экономиакалық рационалдылық принципі пайда мен шығындарды салыстыруға негізделеді.Рационалды таңдау кепілді табысты пайданың ең төменгі бөлігі көлемінде қамтамасыз ететіні шекті болып табылатын өзгермелі варианттардың бірінде іске асырылады.Рационалдылық критерийі табысқа деген құқықпен анықталады.Капиталды шектеулі пайдалану кезінде фирмалар пайданы жоғарылатуға тырысса,тұтынушылар өз игілігін барынша жақсартуға ұмтылады.

1.2 Нарықтың пайда болуының шарттары,қызметтері,түрлері,субъект ілері.

Нарық әртүрлі факторларға байланысты белгілі бірнақты әлеуметтік - экономикалық жағдайларда өмір сүреді.
Дүниежүзілік тәжірибе дәлелдеді:
oo шаруашылық субъектілердің дербестігі мен тәуелсіздігі;
oo меншік қатынастарының әртүрлі нысандары;
oo өндіріс қуатының белгілі бір резерві мен бос жұмыскерлердің болуы;
oo нарық инфроқұрылымын жасау;
oo тауар өндірушілердің сан алуан түрлерінің болуы; (бәсекелестік)
oo контрагенттер өздерінің өнімдеріне баға белгілеу құқы.
Нарықтың мәні оның атқаратын қызметінен көрінеді:
oo ұдайы өндіріс процесін үнемі қамтамаыз ететін реттеуші;
oo ұсынымның көлемі мен құрылымының жедел өзгеруі және оның сұраным төлем қабілетіне икемделді;
oo бәсеке арқылы тиімсіз шаруашылық түрінен экономиканы сауықтыру (санациялау),тазалау;
oo экономикалық оқшауланған тауар өндіруші мен тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
oo құрылымдық тұтыну,тұтынысынан (табыстың осы кездегі деңгейіне қарай) ыңғайлы рационалды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету.
Ақпараттық қызмет.Нарық тауарлар бағасы мен қызмет ақыларының,несие және банк депозитінің проценттік ставкасының,т.б. үздіксіз өзгеріп отыруы арқылы өндіріске қатысушыларға олар сататын немесе сатып алатын тауарлар мен қызметтерге жұмсалатын қоғамдық қажетті сапасы мен ассортименті туралы ақпарат беріп отырады.
Сонымен бірге нарық бәсеке күресінің жәрдемімен қоғамдық өндірісті тиімсіз шаруашылық бірліктерінен тазартады,үміт артатындардың дамуына ыңғайлы жағдай жасайды.Біздің нарық терең монополияланған.Нарықтағы барлық тауардың 50-70%солардың өндірген өнімін құраса,онда кәсіпорын қызыметі монополияланған саналады.Сондықтан рыноктық ортаны қалыпта ұстау үшін бәсекелестер әлемін жасау қажет.Бұл нарықтық қатынастардың табиғи болмысы,бұндай жағдайда тауар өндірушілер өнім өндіру мен сатуға байланысты кәсіпкерлікпен белсенді түрде айналысуға мүдделі болады.
Нарықтың құрылымын әртүрлі белгілеріне қарай өзара байланысты бірнеше түрлерге бөлуге болады.
Территориялық белгілеріне қарай нарық:дүниежүзілік,еларалық бірлестіктер,ұлттық,аймақтық,оқшаул анған немесе жергілікті нарықтар деп бөлінеді.

Дүниежүзілік нарық,сатушылар мен сатып алушылар арасындағы тауарлар мен қызметтерді айырбастау жүйесі түрінде көрінетін бүкіләлемдік шаруашылықтың құрамдас бөлігі.Ол халықаралық еңбек бөлінісінің,валюталық-несие,қаржы қатынастарының негізінде құрылды.Дүниежүзілік нарық өндірістік кооперация және интергация,сыртқы сауда,тауар-айырбас операциялары арқылы ішкі нарықпен байланысты болады.
Еларалық бірлестіктер нарығы деп экономикалық айырбастың ерекше формалары мен шарттары,терең еңбек бөлінісі арқылы байланысқа,бірнеше мемлекеттердің қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Ұлттық нарық-бір елдің мемлекеттік шекарасының аумағымен шектелген жалпы ішкі нарық.Ұлттық нарықта белгілі бір нысанда экономикалық қатынастар дамиды.Бұл қатынастар,нарық қызметінің шарты - ақша және тауар айналысының болуының анықтайтын тауар ақшалы форма түрінде көрінеді.
Аймақтық нарық - бөлек территориялық бөлімше нарығы (республика,облыс,аймақ,аудан).
Жергілікті оқшауланған нарық деп негізінен,халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетілу шамасына қарай үстіндегі және әртүрлі дәрежедегі бәсекеге шектеу рыногы (олигополиялық,монополиялық, т.б.) деп айырады.
Олигополиялық нарық баға белгілеу саясатына тым сезімтал және бірегей немесе дифференцияланған өнімдерді өндіретін аз ғана сатушылардан тұрады.
Монополиялық бәсеке нарығы сапасы,қасиеті,сыртқы безендірілуіне қарай ерекшеленетін тауарлардың әртүрлі вариантын ұсынатын көптеген сатушылар мен сатып алушылардан тұрады.Осыған байланысты нарықты сатушылар нарығы және сатып алушылар нарығы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Нарықтық экономикадығы әрекеттер мен табыстар және әлеуметтік негізгі саясат
Экономика пәнінен дәрістер
Рыноктық экономиканы реттеу әдістері
Қазақстандағы жекешелендіру бағдармаламысының теориялық мәселелері
Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
Аграрлық секторды мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен мүмкіндіктері
Меншікті мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы
Әлеуметтiк саясат мәнi, жiктелiнуi және таратылу механизмдерi
Қазақстан Республикасының мемлекеттік секторы
Қазақстанда жеке меншіктің қалыптасу мәселесі
Пәндер