Ақжан Әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
1 АҚЖАН МАШАНИ . ҒАЛЫМ, ПУБЛИЦИСТ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..5
1.1 Ақжан Машанидың өмірі мен шығармашылық қызметі ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақжан Машанидың ғылыми.танымдық жарияланымдары ... ... ... ... ..12
1.3 Ғалым публицистикасындағы жаратылыстану, тау.кен, металлургия мәселелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2 АҚЖАН МАШАНИ . ӘЛ.ФАРАБИТАНУШЫ ҒАЛЫМ, ТҰҢҒЫШ ФАНТАСТ.ЖАЗУШЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.1 Ақжан Машани . әл.Фараби мұраларын тұңғыш зерттеуші.
«Әл.Фараби және Абай» ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Ақжан Машани . тұңғыш фантаст.жазушы. «Ғажайып от ошағында» ғылыми.публицистикалық шығармасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..45
2.3 «Табу» дүниетанымдық.публицистикалық романы және оның қазіргі жаңа технология ғасырымен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 59

Жұмыстың сипаты. Қазақ халқы тарихында әдебиеттің алтын дәуірі болып саналған ХХ ғасырда өмір сүрген Ақжан әл-Машанидің қазақтың басқа ақын-жазушыларынан, ғалымдарынан, ерекшелігі мен даралығы, өзі ғылыми-техникалық бағытта жүрсе де, сан-салалы ғылымдарды зерттеп, басын қосып, қанда бар жаза білу талантын қолдана отырып, ғылыми публицистикалық түрде газет-журналдарға ашқан жаңалықтарын жазып, халқына жариялап отыруында жатыр. Машановтың зерттеулерінде жаратылыстану саласы, музыка және мәдениет, ғұлама ғалымдар, ақын жазушылар өмірі мен шығармашылығы және тағы басқа да техникалық салалар қамтылған.
Тақырыптың өзектілігі. Бірнеше ғылымның бастауы іспетті бұл ғалымның зерттеу жұмыстарының басым бөлігі Екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы екендігі көпшілікке мәлім. Кіндік Азияда фарабитанудың атасы аталған Ақжан əл-Машани Жақсыбекұлының ғұламалығы – ұлы баба əл-Фарабиді он бір ғасырды араға салып, оның Отырарда кіндік қаны тамған Қыпшақ перзенті екендігін дəлелдеумен шектелмейді. Әл-Машанидің энциклопедиялық білім ерекшелігі - əл-Фараби қағидаларын бүгінгі ғылым жетістігімен сабақтастырып, ұлттық дүниетаныммен ұштастырар ұлы баба ұстанған ғылыми-ислами ұғымын тұңғыш рет болмыстық нышанда қазақ ғылымына енгізуінде. Антидүниенің ұстазын Аристотель десек, жаңа заманның ұстазы əл-Фарабиді əл-мұғалім əл-сани атандырған баба мұрасының қыры мен сыры əзірге əл-Машани зерттеулерінде ғана жан-жақты көрініс тапқан. Ұлы бабамыз әл-Фараби және басқа да Ақжан Машанидың жазған құнды дүниелерін кеңінен танып білу тақырыптың өзектілігі болып саналады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Бұл дипломдық жұмыстың ең басты мақсаты мен міндеті, бір ғасырға жуық уақыт өмір сүрген ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің үлгілі өмірін, жазған публицистикалық еңбектері мен жасаған игі жұмыстары жайлы ұлттық рухани ортаға кеңінен таныту. Сонымен қатар, бүгінгі жастарды сол кісіден үлгі алып, ізденіске шақыруды насихаттау.
Жұмыстың нысаны.«... Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде... дəл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан..., аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын... Платон, Аристотель, Птоломей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен...» [1]. Бұл - жарты ғасырдай уақыт бойы үзбей əл-Фараби мұрасын зерттеумен ғұмыр кешкен ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы əл-Машанидің тұжырымы.

1. Əл-Фараби жəне Абай. - Алматы: Қазақстан, 1994. - 192 бет
2. Абай – ислам жолындағы дана // Сарыарқа. –1995. - 8 тамыз
3. Әл-Фараби көпірі. Көп томдық шығармалар жинағы. Алматы: Алатау, 2005. – Т.1. – 20 бет
4. Фараби – ғибратты ғалым. – Алматы: 2006. – 19 бет
5. Әбдіраман Ш. Машан бидің немересі: // ZHASORKEN.KZ. -2014. 24 желтоқсан
6. Машани А. Әл-Фараби еңбектері туралы:// Білім жəне еңбек. 1962. №1
7. Машани А. Фәлсафа (философия) үйрену үшін қажетті шарттар туралы қағида (рисала):// Жұлдыз. –1965 ж. № 12
8. Машани А. Жаңа жыл түніндегі түс:// Білім жəне еңбек. –1984. № 5
9. Машанов А. Жер механикасы:// Білім және еңбек. -1985. №1
10. Машанов А. Қазығұрттың басында кеме қалған:// Зерде. -1994. № 6
11. Əбдіраман Ш. Адами жəне ғалыми парыз:// Ана тілі. -1996. - 28 шілде
12. Мағзұм Нысыбулин. Тамыры терең туыстық:// “Қазақ əдебиеті”. 1987. 31 тамыз
13. Машани А. Екінші Аристотель: [əл-Фарабидің туғанына 1100 жыл толуына] // Жұлдыз. –1973. № 9
14. Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар жинағы 2 кітап:// [Әсемпаз болма әр неге] 120 бет
15. Машанов А. Ғұлама ғалым әл-Фараби еңбектері хақында: // Қазақстан мектебі. – 1986. №9. – 71-79 бет
16. Г.Вейль.Симметрия: – Москва: Наука, - 1968. - 114 бет
17. Абай Құнанбаев. Өлеңдер мен аудармалар жинағы 2 кітап// [жұмбақтар] 189 бет
18. Машани А. Әбу Нәсір әл-Фараби еңбегі алғашқы рет қазақ тілінде://Білім жəне еңбек. 1962. №1
19. Машанов А. Фараби санаты:// Білім және еңбек. 1967. №12. – 1-3 бет
20. Машанов А. Әбу Наср әл-Фараби // Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары. – Алматы, 1964. – 46 бет
21. Машанов А. Ай арысы, ғылым жаңалықтары: - Алматы, - 1996. – 100 бет
22. Машани А.Көп томдық шығармалар жинағы:// - Алматы: Алатау, 2007. - Т. 5

Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым министрлігі
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
Қорғауға жіберілді
Кафедра меңгерушісі ____________ Сұлтанбаева Г.С.
ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ
Тақырыбы: Ақжан әл-Машанидің ғылыми-танымдық публицистикасы
Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы
Мамандығы 5B050400 - Журналистика
Орындаған:_________________________ ___Таубай Ақтөре
Ғылыми жетекші:_______________________ф.ғ. к, доцент
Майкотова Ғалия
Норма бақылаушы:______________________Әлі м Ә.А.
Алматы, 2015
МАЗМҰНЫ
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
1 АҚЖАН МАШАНИ - ҒАЛЫМ, ПУБЛИЦИСТ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... 5
1.1 Ақжан Машанидың өмірі мен шығармашылық қызметі ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақжан Машанидың ғылыми-танымдық жарияланымдары ... ... ... ... ..12
1.3 Ғалым публицистикасындағы жаратылыстану, тау-кен, металлургия мәселелері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...21
2 АҚЖАН МАШАНИ - ӘЛ-ФАРАБИТАНУШЫ ҒАЛЫМ, ТҰҢҒЫШ ФАНТАСТ-ЖАЗУШЫ ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.1 Ақжан Машани - әл-Фараби мұраларын тұңғыш зерттеуші.
Әл-Фараби және Абай ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
2.2 Ақжан Машани - тұңғыш фантаст-жазушы. Ғажайып от ошағында ғылыми-публицистикалық шығармасы ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... 45
2.3 Табу дүниетанымдық-публицистикалық романы және оның қазіргі жаңа технология ғасырымен сабақтастығы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 55
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..59
КІРІСПЕ
Жұмыстың сипаты. Қазақ халқы тарихында әдебиеттің алтын дәуірі болып саналған ХХ ғасырда өмір сүрген Ақжан әл-Машанидің қазақтың басқа ақын-жазушыларынан, ғалымдарынан, ерекшелігі мен даралығы, өзі ғылыми-техникалық бағытта жүрсе де, сан-салалы ғылымдарды зерттеп, басын қосып, қанда бар жаза білу талантын қолдана отырып, ғылыми публицистикалық түрде газет-журналдарға ашқан жаңалықтарын жазып, халқына жариялап отыруында жатыр. Машановтың зерттеулерінде жаратылыстану саласы, музыка және мәдениет, ғұлама ғалымдар, ақын жазушылар өмірі мен шығармашылығы және тағы басқа да техникалық салалар қамтылған.
Тақырыптың өзектілігі. Бірнеше ғылымның бастауы іспетті бұл ғалымның зерттеу жұмыстарының басым бөлігі Екінші ұстаз атанған Әбу Насыр әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы екендігі көпшілікке мәлім. Кіндік Азияда фарабитанудың атасы аталған Ақжан əл-Машани Жақсыбекұлының ғұламалығы - ұлы баба əл-Фарабиді он бір ғасырды араға салып, оның Отырарда кіндік қаны тамған Қыпшақ перзенті екендігін дəлелдеумен шектелмейді. Әл-Машанидің энциклопедиялық білім ерекшелігі - əл-Фараби қағидаларын бүгінгі ғылым жетістігімен сабақтастырып, ұлттық дүниетаныммен ұштастырар ұлы баба ұстанған ғылыми-ислами ұғымын тұңғыш рет болмыстық нышанда қазақ ғылымына енгізуінде. Антидүниенің ұстазын Аристотель десек, жаңа заманның ұстазы əл-Фарабиді əл-мұғалім əл-сани атандырған баба мұрасының қыры мен сыры əзірге əл-Машани зерттеулерінде ғана жан-жақты көрініс тапқан. Ұлы бабамыз әл-Фараби және басқа да Ақжан Машанидың жазған құнды дүниелерін кеңінен танып білу тақырыптың өзектілігі болып саналады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.Бұл дипломдық жұмыстың ең басты мақсаты мен міндеті, бір ғасырға жуық уақыт өмір сүрген ғалым Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машанидің үлгілі өмірін, жазған публицистикалық еңбектері мен жасаған игі жұмыстары жайлы ұлттық рухани ортаға кеңінен таныту. Сонымен қатар, бүгінгі жастарды сол кісіден үлгі алып, ізденіске шақыруды насихаттау.
Жұмыстың нысаны.... Бұл кісіден бұрын да, кейін де даналар болды. Бірақ олардың ішінде... дəл Фарабидей геометрия, музыка, астрономия сияқты үш ғылым саласына бірдей ұлы үлес қосқан..., аса ірі жаңалық ашқан ғалымдарды табу қиын... Платон, Аристотель, Птоломей сияқты ғұламалар музыканы жөнді меңгере алмағанын өздері жазып кеткен... [1]. Бұл - жарты ғасырдай уақыт бойы үзбей əл-Фараби мұрасын зерттеумен ғұмыр кешкен ғұлама ғалым Ақжан Жақсыбекұлы əл-Машанидің тұжырымы.
Осынау жолдарды оқи отырып: егер Ақжан Машанидің жазушылық таланты геологтік, маркшейдерлік мамандықтарымен ұштаспаған болса, егер ол замана ағымын күйттеп, ислам ғылымынан іргесін аулақ салған болса, қаншама тер төккенімен баба мұрасын өзі көтерген деңгейге жеткізе зерттей алмаған болар еді-ау деген ойға келесің. Рас, əл-Фарабидің математикалық, əсіресе философиялық трактаттарына зер салушылар жоқ емес. Бірақ ұлы бабаның музыка теориясына арнаған еңбегін математикасымен өрнектеп, геометриясын аспан əлемімен астастыра қазақтың ежелгі аспантаным түсініктері тұрғысында тұжырымдап, бəрін-бəрін ғылыми ислами негізінде табиғат болмысымен байланыстыра əл-Фараби тұлғасын сомдап, ұрпағына зерделеп берген Машановтан басқа зерттеуші əзірге жоқ. Сондықтан, Ақжан Машановты тани отырып, әл-Фараби дүниесіне де терең көз салып, жақыннан тану жұмыстың нысаны болып саналады.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Абай, Шəкəрім өлеңдерін жаттап өскен Ақжан Машаниде азаматтық тəлімнің бір көрінісі, өзі геология-маркшейдерлік іс ғылым салаларының маманы бола тұра, абайтануға өз үлесін қосуға негіз де болса керек. Кешегі сұрапыл соғыс кезінде - 1944 жылы қазақ қауымы Абайдың 100 жылдығын өз дəрежесінде атап өтуге пəтуаласқанда ұлы ақын шығармаларындағы табиғат пен ғылымның қай дəрежеде көрініс тапқандығын баяндау, Қаныш Сəтбаевтың ұсынысы бойынша Ақжан Машановқа жүктелгені бар. Мұхтар бастаған абайтанушы ғалымдар, жазушылар зиялы қауым алдында дана ақын хақында, оның шығармаларын ғылыми танымдық тұрғыда техника саласы ғалымының өкілі үшін айтар ойы қаншама мағыналы да терең болуын тілер еді. Баяндама сəтті шығып, Ақжан Машановқа артқан үміт ақталды да. Өкініші сол, соғыс қыспағынан жариялануы кейінге қалдырылған осынау рухани қазына күні бүгінге дейін ұмыт қалып, архив сөресінде əлі жатыр делінеді. Əйтсе де абайтанудағы бұл ізденіс əл-Фарабиді танудағы Ақжан Машани асқан бір бел болатынды. Мұны А.Машанов былай деп түйіндейді: ...Абайды оқып, тағылым-тəрбие алмаған болсақ, əл-Фарабиді сөз етер ме едік... Өзіме шындық жолды іздеуге бағыт берген Абай шығармалары деп білемін [2].
Дипломдық жұмыстың теориялық және әдістемелік негіздері. Ақжан Машанов жайлы жазылған естеліктер, кітаптар, ғалымның өз кезеңінде газет-журналдарға жазған ғылыми-публицистикалық мақалалары (мұрағаттан), өмірбаяндық деректер мен А.Машани жайлы жазылған пікірлер.
Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытынды, қосымшалардан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кісіліктің өлшемі - білімділік
Ақжан Машани
1 АҚЖАН МАШАНИ - ҒАЛЫМ, ПУБЛИЦИСТ
2.1 Ақжан Машанидың өмірі мен шығармашылық қызметі
Халқымыздың "Жақсы адам-қазына" деген нақыл сөзі бар. Сондай адамдардың бірі емес, бірегейі Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани өміріне көз жіберсек, ол кісінің өте бір бай өмір кешкенін байқаймыз.
Байлық деген, біреу үшін ақша, біреу үшін дүние-мүлік. Әрі беріден соң, біздің жер астындағы қазба байлықтарымызды ысырапсыз пайдалана берсек, қайтадан қалпына келмейтінін, сарқылатынын білеміз. "Сонда таусылмайтын қазына не?" - дегенде, ол - адам бойына ана сүтімен бітетін дарын. Дарынды адамдар күнде - лікті өмірде, қарым-қатынаста, жұмыста, үйде, түзде жан-жағындағы адамдарға бойындағы қабілеттің шуағын шашып жүреді. Сондай, өмірінің ақырғы сағатына дейін біздерге білім мен ғылымның, өнеге мен үлгінің нұрын шашқан, таусылмас қазына қалдырып кеткен академик, Қазақстан ғылымына еңбек сіңірген қайраткер, профессор Ақжан Жақсыбекұлы Әл-Машани еді.
ХХ ғасырдағы қазақтың біртуар азаматы - Кіндік Азияда фарабитанудың атасы саналатын Ақжан əл-Машани Жақсыбекұлы 1906 жылы 2 қарашада Қарқаралы дересінің солтүстік шығысындағы "Жамантайдың Қарақуысы" делініп кеткен, бүгінгі Нұркен ауылына қарасты Кішіқарақуыста дүние есігін ашқан."Тұлпар аунаған жерде түк қалады" дегендей, Ақжан аты - шулы Машан бидің немересі. Машан Жамантай төренің кеңесші биі, аузымен орақ орған шешен болған. Қазақ ұлттық техникалық университетінің түлегі, тау-кен инженері, қазақтың заңғар жазушысы Ілияс Есенберлин өзінің "Қаһар" атты романында Машан бидің атақты Ағыбай батырдың досы, Құнанбай, Құдайберді тәрізді адамдармен үзеңгілес, туыстық та қарым-қатынаста болғанын, қаз дауысты Қазыбек бидің досы болғандығын жазған. Құнанбай қажы мен Машан би жылына бір рет Қоянды жәрмеңкесінде бас қосып отырған екен. Осындай бір кездесуде атасымен бірге жәрмеңкеге барған бала Ақжан Шәкәріммен де кездескен. Ақжан Машановтың әкесі Жақсыбек Құранға жүйрік, сол кездердегі "Айқап", "Дала уалаяты" атты газеттерді жаздырып оқитын адам болған. А.Машанов алғаш әліппе тануды өз әкесінен, кейін Кеңес мектебінен үйренген.Зерек Ақжан ауыл молдасынан сауатын ашып, 1924 жылы Қарқаралыдағы Әлімхан Ермеков негізін қалаған педагогикалық техникумға түсіп, Әлекеңнен, Ахаңнан (Ахмет Байтұрсынов) дәріс алған. Міне, осындай думанды шаңырақта, ойшылдардың ортасында жүріп, тәлім-тәрбие алған Ақжан Жақсыбекұлының ғұлама ғалым болмауы мүмкін емес еді. Ақжан ата бойындағы әділдігі, сабырлылығы, зеректігі, зерделілігі, ізденімпаздығы атадан балаға ұласқан сарқылмас қазынаның жалғасы деп білеміз. Техникумда жүріп-ақ Ақжан Машани "Саужой" (сауатсыздықты жою) қозғалысының шақыруымен жиі-жиі ауылдарға шығып, балалармен қоса ересектердің де сауатын ашуға ат салысады. Оқу бітірісімен ауылдық мұғалім қызметін, мектеп меңгерушісі бола жүріп атқарады. Ал, Абралыдағы атқарған ағартушылық қызметі кезінде ол тарихта "Абралы көтерілісі" делінген Қазақстандағы кеңес билігіне қарсы алғаш көтерілісін көріп куəгер болады, халық мемлекеті делінетін большевиктердің сұрқия саясатының жалған екендігіне көз жеткізеді.
1931-1933 жылы Семейде облыстық оқу бөлімінде жетім балаларға көмектесу бөлімінде ата-аналары Абралы көтерілісіне қатысып, қуғынға ұшыраған жəне əдейілеп жасалған аштықтан əке-шешеден айрылған панасыз сəбилер мен балдырғандарды көшеден жинап, балалар үйіне орналастырумен айналысады. Ақжан Машанов 1933 жылы Семейдің геология барлау техникумында ашылған Қазақтың тұңғыш техникалық жоғарғы оқу орны - Қазақ кен-металлургия (қазіргі ҚазҰТУ) институтының даярлық курсына түсіп, 1934 жылы оған қабылданған отызға тарта студенттердің бірі болады.Институтта оқи жүре, ол Алматыдағы техникумдарда, курстарда сабақ берді.Ақжан əл-Машани 1939 жылы осы институттың тұңғыш түлегі қатарында алғашқы қызыл дипломды инженер-геологі болады. Қазақстандағы маркшейдер мамандығының негізін қалаушы, профессор П.А.Ры - жов зерделі студентті 1939 жылы аспирантураға алып қалады.Ол ғылыми еңбегіне жер қойнауының геометриясын өзек етіп алды. Бұл екінің бірінің тісі бата бермейтін тың тақырып еді. Кертартпа ғалымдар ғылыми жаңалыққа күдікпен қарады. Алайда Ақжан Машанидің диссертациясындағы кен орындарын зерттеудің жаңа әдісі Қазақстанның көптеген кен орындарында байқаудан өтті. 1940 жылы геологиялық-барлау ғылыми экспедициясын басқарып жүрген аспирант Ақжан Машани осы жаңа әдіс негізінде Ақбастау-Қосмұрын алтын кен орнын ашты. Сөйтіп, кендердің жер қойнауында түзілу заңдылықтарын ашуда алғаш рет жер қойнауы геометриясының әдістерін қолдануы геология мен тау-кен саласында ғылыми жаңалық болды. 1946 жылы Ақжан Жақсыбекұлы Мәскеу қаласында "Кендер құрылымын жер қойнауын геометрлеу әдістерімен зерттеу" тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми жұмыс үш мамандықтың (геология, механика және тау-кен ісі) түйісінде жүзеге асқан болатын. Сөйтіп, үш ғылым саласының түйісуіне тау-кен ісінде жаңа ғылыми бағыт - "геомеханика" дүниеге келді.А.Машанов жетекшілігімен жүргізілген геомеханика саласындағы ғылыми жұмыстардың өрісі кеңейіп, жас ғалымдар саны көбейе түсті. Геомеханикалық зерт - теулерді жүргізуде, Ақжан Жақсыбекұлы - ең алдымен, кен орнының табиғи геологиялық жағдайын және қатты денелер механикасы мен физикасының негіздерін зерделеу арқылы адамзаттың инженерлік қызметінің нәтижесінде пайда болған жасанды ортаның геологиялық, кернеулі жай-күйін білуге және ашылған тау жыныстарының әртүрлі тереңдіктеріндегі физикалық-механикалық қасиеттерін анықтауға басты көңіл аударды десек, ол КСРО-дағы геомеханика ғылымының негізін салушылардың бірі және Қазақстандағы геомеханика мектебінің іргетасын қалаушы.А.Машановтың геология, геомеханика саласындағы ғылыми еңбектері, көп жылдардағы далалық, өндірістік, ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бүгінде еліміздің жоғарғы оқу орындарының тау-кен мамандықтарына геомехани - каны жаңа ғылыми пән ретінде оқу үрдісіне енгізуге негіз болды. Ол тау-кен саласындағы ғалымдар ішінде алғашқысы болып "Геомеханика" пәнінің мақсаты мен мазмұнын тұжырымдады. А.Машанов көптеген ғылыми кітаптар жазды. Солардың ішіндегі "Механика массива горных пород", "Введение в геомеханику", "Основы геомеханики скально-трещиноватых горных пород", "Геомеханика", "Устойчивость бортов карьеров бассейна Каратау" сияқты монографиялық еңбектері осы саладағы іргелі зерттеулер қатарына жатады. Бір айта кететін жәйт, оның еңбектері "Маркшейдерлік іс" ілімінің отаны Германияда неміс тілінде жарық көрді. Бұл оның ғылыми мектебінің халықаралық деңгейде мойындалуы еді.Қазақстанның алғашқы техника саласындағы интелегенттерінің алдында ғылым мен техниканың жалпы мәселелерімен қатар, ұлттық инженерлік-техникалық әдебиеттер жазу қажеттігі тұрды. Сол кездері А.Машанов тау-кен атауларының тұңғыш сөздігін, жоғары оқу орындарына арнап қазақ тілінде көптеген оқулықтар даярлады. Мәселен, "Кристаллография, минерология және петрография" атты кіта - бы соңғы ғасырдағы алғашқы және әзірге жалғыз оқулық болып есептелінеді.А.Машанов ғылыми-техникалық білімді көпшілікке кеңінен насихаттаушы. Оның қаламынан туған "Жанар тау", "Жер сілкіну", "Таулар қалай құрылды", "Жер сыры", "Ғажайып от ошағында", "Табу" сияқты кітаптары көпшіліктің ықыласына бөленді.Ол ғылымның сыр сандығын біртіндеп ашып, інжу-маржанын, талғаммен терген жан. Ғалым "Кісіліктің өлшемі - білімділік, сондықтан да барлық ғылымдар тарихын жақсы білу керек" деген қағиданы әріптестеріне айтудан жалықпады және өзі де өмірінің соңғы сағатына дейін ғылымды сүйіп, ұлы ғалымдарды құрмет тұтып кетті.
Ақжан Жақсыбекұлы кейіннен КСРО ҒА-ның Қазақстандағы Қ.И. Сəтбаев басқаратын филиалында кіші, кейін аға ғылыми қызмет атқарады. Академиядағы "Тау механикасы" секторын басқару кезі осынау қызметі негізінде атқарылған болатын.
Ақжан əл-Машани жер ғылымының жаңа саласы геомеханиканың негізін салушы жəне 30-ға тарта ғалымдар тəрбиелеген оның Қазақстандағы мектебін қалыптастырушысы. Оның қаламынан туындаған ғылыми-көпшілік жəне фантастикалық туындылар қазақ əдебиетінде сол жанрдың негізін салушы классигі іспетінде танылады. А. Əл-Машани 300-ден астам ғылыми, əдеби еңбектер жазды. Осы саладағы Ақжан Жақсыбекұлының баға жетпес, ерлікке пара-пар келетін, еңбегі - ұлы бабамыз Әл-Фарабидің қазақ топырағында туып қана қоймай, қаны түркі екендігін дәлелдеудегі, оның еңбектерімен ұрпағын сусындату және насихат - таудағы теңдессіз қызметі. Ақжан Машановтың арқасында Әл-Фараби сынды ұлы ғұламаның рухы, есімі өз Отаны қазақтың қара топырағына қайта оралды. Бұл жолда жер жүзі елдерінің кітапханаларында шашырап жатқан Әл-Фараби еңбектерін жинап, 1969 жылы бабамыздың Дамаск қаласынан бейітін тапқан да Ақжан әл-Машани еді. Ұлы бабамыз Әл-Фарабидің мәңгі мекені - Баб ас-Сағир зираты басындағы көңіл-күйін, ішкі сезімін ұрпақтарына жырдай қылып айтатын болған және оны өзінің "Әл-Фараби және Абай" атты кітабында жазып та кетті. "Қабір басында көз жасымды тыя алмадым, қабіріне бас иіп тұрып, бір шөкім топырағын орамалымның шетіне түйіп алдым да, құранның өзім білетін сүрелерінің бірін ағытып қоя бердім"[3]. Ақжан Жақсыбекұлының бабамыздың басында тұрып шығарған өлеңі де бар:
Түркістан, Шам арасын жақындатқан бабамыз
Басыңа келді ұрпағың, ақылды, дария данамыз.
Араб, парсы, түрікте
Сізді білмес жан бар ма?
Басқалар да таниды тарихқа көзін салғанда.
Зират - айлап басыңды
Елден іздеп келген ем.
Тәбәрік етіп бір уыс
Топырақ алдым мен сенен.
Мағауия мешіті,
Сан ғасыр бастан кешірген.
Қасыңда әлі тұр екен.
Дар ас-Салам ол мекен.
Торқалы мекен тоғысқан
Тоқсан тарау жол екен.
Сізге де мекен болыпты
Ел басын қосқан сол мекен [4].
23 қыркүйек 1968 ж. Дамаск.
Әл-Фараби деректі романындағы əл-Машанидің "Таңдамалы еңбектері" бөлімінің де əл-Фарабиді алғаш қыпшақ-қазақ тумасы екендігін дəлелдеген мақаладан бастап, оның ғұламалық қырларына арналған ХХ ғасырдың 60 жылдарынан басталатын зерттеулерімен қоса, Ақжан Машановтың қаламынан туған əңгімелер мен "Əл-Фараби" романынан берілген үзінді Ақжан Машани ғазыреттің оқушысына ұлы баба ғибраты шапағатын сездіріп отыратындығын аңғару қиын емес.
Ақжан Машановтың үйіндегі кітапханасында сирек кездесетін кітаптар көп еді. Солардың бірі - Иоган Кеплердің "Аспан музыкасы" деген кітабын оқып отыра, Ақжан Жақ - сыбекұлы Кеплердің жазғандарының бірсыпырасы әл-Фарабиден алынғандығын анықтады. Осы мәселеге байланысты А.Машанов 1984 жылы Кувейтте шығатын "Әл-Фараби" журналына "Орта Азияның мәдениет шамшырақтары" атты мақала жариялап, онда өз пікірін дәлелдеді. Кейіннен осы мақала төңірегінде жарық көрген пікірлерде белгілі ғалымдар "Әл-Машани мырза өз көзқарасын толық дәлелдеді" деп жазды. Міне, содан бері "Әл-Фарабиді ашқан әл-Машани" деген сөз тіркесі жалғасып кете берді. Әл-Машани деген атақ Ақжанның өзіне де ұнағандығы соншалық, "Ай арысы" және "Геомеханика" атты кітаптарында авторы әл-Машани деп өз қолымен жазып кетті.
Жалпы, әл-Машани 300-ден астам ғылыми мақалалар, 10 монография, 5 оқулық және 8 ғылыми көпшілік кітаптар жазып, артына өшпес мұра қалдырған ғалым. Осы еңбектері арқылы ғалымның кемеңгерлік қырлары жарқырай көрініп, есімі елге мәшһүр болды. Әл-Машани қаламынан ұлы бабамызға арналған "Әл-Фараби мұрасын зерттеу туралы", "Шығыстың Аристотелі", "Әл-Фараби еңбектерін қазақ тіліне аудару туралы", "Әл-Фараби", "Орта Азия мен Қазақстанның ұлы ғалымдары", "Әл-Фараби және Абай" сияқты көптеген кітаптары жарық көрді. Әл-Фараби мұраларына арнап осындай еңбек жазып жүрген және 1978 жылы әл-Фарабидің 1100 жылдық мерейтойына арналған халықаралық конференция өткізуге көшбасшы болған Ақаң әлем оқымыстыларын өзіне тәнті етті. Жетпісінші-сексенінші жылдары әл-Машани қаққан дабылдан кейін Түркістандағы Ахмет Ясауи кесенесінде, Отырар, Арыстанбаб тарихи қорымына мемлекет тарапынан көңіл аударыла бастады. 1985 жылы ғалымның өзі Түркістанға барып, Отырар мұражайының ашылуына атсалысты. Ол Қазақстан Республикасы мен шет елдердегі Әл-Фараби мұрасын зерттеушілердің алғашқы ғылыми кеңесшісі болды. Абай атамыздың 150 жылдық тойы тұсында жазылған "Әл-Фараби және Абай" атты кітабы өзінің мән-мағынасымен, ойшылдық, талдау болжамдарымен аса құнды, халқымыздың мың жылдық мәдени тарихының үндестігін зерделеген еңбек. Ақжан Жақсыбекұлы Абай дүниетанымын, ғылымның бастауы орта ғасырлық, араб, шығыс елдерінде жатқандығын, оның көш бастаушысы ұлы бабамыз Әл-Фараби болғандығын, сөйтіп екі дананың арасын жалғастырар ғылымның даңғыл жолын баяндаған, сонау мың жылдан астам уақыт өткен әл-Фарабиден кейін, оған ой өрісі жақын, парасаты кең, ойшыл Абай екенін дәлелдеген.
2001 жылдың 12 қазанында Оңтүстік Қазақстан облысының сол кездегі әкімі Б.Сапарбаевтың қолдауымен халықаралық деңгейде әл-Фарабидің 1130 жылдығы аталып өтті. Әкім бекіткен арнайы сыйлық және Әбу Насыр әл-Фараби атындағы сыйлықтың №1 куәлігі артына мол мирас, өшпес іс қалдырған әл-Машаниға берілді.
Әл-Машанидің ғылымға қосқан зор үлесін және ғылыми педагогикалық қызметін жұртшылық пен Үкімет жоғары бағалаған. Ол Ленин, Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, көптеген медальдар және Қазақ КСР Жоғары Кеңесінің Құрмет грамоталарымен марапатталды. Қ.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ жанындағы жараты - лыстану гуманитарлық институтына Ақжан әл-Машани есімі берілген. Әл-Машани барлық ғылымдардың басын біріктіруші - ислам дініне, мұсылманшы - лыққа, ислам философиясына ден қойған ойшыл ғалым. Ол ғылым мен ислам діні байланысының сырын ашқан, "екеуін бірінен-бірін айыруға болмайтынын"дәлелдеп кеткен. "Алдаспан" тәуелсіз журналының бас редакторы Қазтай Әбіш тоқсан бір жастағы әл-Машаниден (қайтыс боларынан бір ай бұрын) сұхбат алған болатын. Сонда журналист соңыңыздан ерген інілеріңізге, шәкірт балаларыңызға өсиет етер амана - тыңыз қандай - деп сауал қойғанда, Ақжан Машанов былай деген екен: "Кісіліктің өлшемі - білімділік. Қазақ жастары тек білімге ұмтылулары керек. Тәуелсіз мемлекетіміздің тұтқасын ұстау үшін де білімді болуы керек. Ал бар ғылымның тоғысар арнасы, зәулім шырқау шыңы - қасиетті Құран кітабын оқуды аманат етемін. Ислам діні - ең таза, ғылымға негізделген. Исламның бір үлкен парызы - ғылым. Ата-бабалары - мыз қастерлеген сол дінді қадірлеп, имандылыққа бет бұрған ұрпақтарымның ертеңгі өмірі арайлы болатынына сенемін". Бұл айтылғандардың барлығы Ақаңның "Исламның ғылыми негіздері" атты қолжазбасында баяндалған.
Осындай өнегелі де тағылымды өмір сүрген Ақжан Жақсыбекұлы әл-Машани 1997 жылы мамыр айында Алматы қаласында бақиға аттанды. Оның қазасы бүкіл қазақ елі мен ғылыми сала үшін орны толмас үлкен жоғалту болғаны хақ.
Ақжан Машани жайлы өз шәкірті Әлия БЕЙСЕНОВА: Ақаң - менің ұстазым еді. Елуінші жылдары негізгі қызметін тау-кен (кейін политехникалық институт болған) институтында атқаратын ол КазПИ-ге келіп, география факультетінде геологиядан сабақ берді. Бізге де уақытын көп бөліп, лекциясын өз институтының бағдарламасымен жүргізді. Менің сол кездегі алған геология туралы білімім, геологияның толып жатқан салаларымен таныстырып, сол салалар бойынша сол кісімен бірге жүріп, экспедицияға шыққаным менің геология ғылымына деген құштарлығымды оятып, Жердің қалыптасу заңдылығын білуіме үлкен жол ашты. Ақаң экспедиция кезінде Е.Д.Шлыгинмен таныстырды, ол кісі де геологияның үлкен ұстазының бірі еді ғой деп еске алса,Амал не, мұндай "ғылыми капитал" журналист-зерттеушілеріміздің бәрінің бірдей бойынан табыла бермейді. Бірақта дәл осы қасиет Ақжандай ағамыздың басында болғаны таңқалдырарлық жайт деп мойындағанын айтады. Ақжан Машани Қарқаралыдан шыққан Машан бидің немересі. Машан Тұрсын төренің биі болған. Машан мен Құнанбай қажы үзеңгілес жүріпті. Машаннан Ақжанның әкесі Жақсыбек туған. Жақсыбек Қарқаралыда Әлімхан Ермеков ашқан техникумды бітірген. Жаңаша да, ескіше де хат таныған адам болған. Керемет домбырашылығы бар. Елде старшина боп қызмет еткен. Жақсыбектің інісі Нөгербек те өнерге жақын, ақындығы да бар адам болыпты. Шәкәрім екеуі жақсы дос болған деседі. Ақжанды әкесі мен ағасы үйінде оқытып, әріп танытқан. Міне, Ақжан Машани осындай текті ортадан шыққан, - дейді Машанидың шәкірті Шәмшидин Әбдіраман.
Шәмшидин Әбдіраман Машанидың кім екенін, азаматтық ісін он екі тараптан тарқатып таныстырды:
:: Ол - ХХ ғасырдың ортасында Әбу Насыр Мұхаммед әл-Фарабидің Отырарда туған Қыпшақ перзенті екенін алғаш дәлелдеп, ұлы бабасын ұрпағымен қауыштырып, мұрасын зерттеуші;
:: Ол - Дамаскідегі Баб ас-Сағир зиратынан әл-Фараби қабірін тауып, құлпытас орнатуға мұрындық болған азамат;
:: Ол - ҚР ҰҒА-ның құрылтайшысының бірі;
:: Ол - Жер ғылымының жаңа саласы - геомеханиканың негізін салушы жәнеҚазақстанда оның мектебін құрушы;
::Ол - Қ.И.Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-дың тұңғыш түлегі, алғашқы аспиранты және 50 жылдай үзіліссіз мыңдаған инженер тәрбиелеген ұстаз;
:: Ол - Жаңа кен орындарын ашушы инженер-геолог (Ақбастау, Құсмұрын,тағы да басқа кен орындарын ашқан);
:: Ол - қазақ әдебиетінде ғылыми-көпшілік және фантастика жанры негізінде алғаш көркем шығарма жазушы;
:: Ол - әл-Фараби (1970) тарихи деректі романында ұлы бабаның көркем бейнесін тұңғыш сомдаған қаламгер;
:: Ол - Қазақтың екі ұлы данасы арасындағы рухани байланысын алғашзерттеп, халқымыздың 1000 жылдық мәдени тарихын көрсетудеренессанстық әл-Фараби және Абай (1994) монографиясын жазған абайтанушы;
:: Ол - әл-Фараби мұрасын ғылыми-ислами және бүгінгі ғылым жетістіктері негізінде қазақтың ұлттық дүниетанымымен сабақтастыру нәтижесінде фарабитанудың жаңа бағытын ашқан теолог-зерттеуші;
:: Ол - ХХ ғасырдың 40-шы жылдарында-ақ техникалық сөздік түзіп,оқулықтар жазу арқылы техникалық әдебиетте қазақ тілінің зор мүмкіндігіналғаш дәлелдеуші;
:: Ол - жаратылыстану ғылымдарын гуманитарлық мазмұн-сипатында ұлттық құндылықтармен сабақтастыра дамытудағы бірегей тұлға [5].
Ақжан əл-Машанидің азаматтық өмір жолынан берілген мағлұматтар мен замандастарының пікірлері фарабитануға апарар машанитану ілімінің бастауы деп ой түюге толық негіз болады. Егер, "Фараби еңбектері туралы" алғаш жазылған мақаласы 1961 жылы жарық көргендігін ескерсек, ұлы бабаның жан-жақты ғалымдық қырларын ашатын мақалалардың не бəрі бес-алты жылда жазылуы Ақжан əл-Машанидің баба мұрасының өзекті бағыттарын тез меңгеріп, игере алғандығының дәлелі болды. Міне, осындай артында өшпес мирас қалдырған ойшыл-ғалым әл-Машанидан алар тағылым мол.
2.2 Ақжан Машанидың ғылыми-танымдық жарияланымдары
Ғалым-публицист Ақжан әл-Машанидың ғылыми-танымдық жарияланымдарының қоры өте мол. Ол бір ғана әл-Фараби немесе тау-кен және металлургия саласын ғана емес, одан басқа, қазақтың ертегілері, аспан тану ғылымындағы ұлттық наным-сенімдерді, жер атауларын, жазудың қалай пайда болғандығын және жаратылыс тану ілімін де зерттеп зерделеп баспа беттеріне ғылыми-танымдық мақалалар ретінде жариялап отырған. Солардың бірі әл-МашанидіңƏл-Фараби еңбектері туралы атты еңбегі. Мұнда ғалым былай деп жазады:
Ерте замандағы Орта Азия ғалымдарының ең көрнектілерінің бірі - Абу Насыр əл-Фараби. Ол 870 жылы Сыр-Дəрия бойындағы Отырар қаласында туған. Кейбір мəліметтерге қарағанда қыпшақ руынан болса керек. Отырар қаласын арабтар Фараб деп атаған. Сол бойынша Абу Наср де Фараби аталған.
Отырар қаласы өз заманында ірі мəдениет орталығы болса керек. Атақты Александриядан кейінгі кітапқа ең бай қала осы Отырар деп аңыз қылады екен. Абу Наср бастауыш мектепті өзі туған қалада оқып бітіреді. Сонан кейін Иранда, Хорасанда болып, өзінің ана тілі - түркі тілімен қатар парсы, хорасан тілдерін үйренеді. Мұнан соң сол кездегі дүниежүзілік ғылыми орталық болған Бағдатқа келіп, арабша, латынша, грекше жақсы білетін болады. Ол 70 түрлі тіл білген деседі. Бұл, əрине əсерлеу болар, дегенмен мұның өзі оның көп тіл білгенін аңғартады. Бірақ, сол кездегі ғылыми ортақ тіл араб тілі болғандықтан, оның еңбектері арабша жазылған. Əл-Фараби 80 жасында 339 (950) қайтыс болады, сөйтіп Дамаскіде жерленеді. Фараби ғылымның бірнеше саласымен, атап айтқанда, астрономия, математика, медицина, ботаника, химия-минералогия, география, философия,лингвистика, логика, тарих, музыкамен шұғылданған. Ол ежелгі грек ғалымдарының, əсіресе Аристотельдің Категория, Гермавтика, Аналитика, Софистика, Риторика, Поэтика, Логика, Метафизика, Этика деген еңбектеріне талдау жасап, оларға түсіндірме жазған. Фараби өзінің көзі тірісінде-ақ "Бірінші ұстаз" Аристотельден кейінгі "Екінші ұстаз" деген құрметті атқа ие болады. Əртүрлі мəліметтерге қарағанда Фараби еңбектерінің жалпы саны жүзден асады. Зерттеушілердің айтуынша Фараби еңбектерін бөлек-бөлек қағаздарға жазып, көрінген шəкірттеріне бере салады екен. Соның салдарынан оның еңбектерінің арабша көп нұсқасы жоғалып кеткен. Бірақта арабша нұсқасы жоғалып кеткен еңбектерінің біразы латынша, еврейше аудармаларда сақталған. Оның бұл еңбектерін Европа ғалымдары кең түрде пайдаланған. Ал араб ғалымдары Фараби тірі кезінде де, өлгеннен кейін де оны өздерінің ұстазы деп білген. Əсіресе, оның еңбектерін Орта Азия ғалымдары жоғары бағалаған.
Фараби еңбектерінің кейбіреулері кейінгі кездерде неміс, ағылшын, француз тілдеріне аударылған. Мысалы, Дерлангер Б. өзінің "Араб музыкасы" атты француз тілінде шыққан еңбегінде Фарабидың "Қитаби музыка ал-кабир" деген еңбегін толық келтірген. Фарабидың бұл еңбегі дүние жүзінде музыка жөнінде жазылған еңбектердің ең ірісі болып табылады. Немістің белгілі ориенталисіДиатерци 1890-1895 жылдары Лейденде Фараби жөнінде еңбектер шығарған жəне Фараби кітаптарының бірнешеуін арабша бастырған. Европа тілдерінде шыққан "Ислам энциклопедиясы" атты жинақтарда да əл-Фараби туралы үлкен мақалалар басылған.
Шығыс елдерінде Фараби туралы жазылған еңбектер көп. Солардың ішінде араб тілінде шыққан "Салсалати Таржим алғалам" жинағында, Шамсутдин Сахидың "Хамус ал ғалам" атты түрік тіліндегі еңбегінде, тағы басқаларында Фараби туралы бірсыпыра мəліметтер келтірілген. Бұл еңбектерде Фарабидың суреттері де бар.
"Айқап", "Шора" журналдарында да Фараби жөнінде аздаған тиіп-қашпа мəліметтер айтылады. Кейінгі кезді алатын болсақ. Фараби туралы біраз сөз Ə. Кольманның еңбегінде (Алматы, 1942). С. Н. Григориянның еңбектерінде (Москва, 1958, 1960). М. Ысқақовтың 1960 жылы Алматыда шыққан "Қазақтың байырғы календары" атты еңбегінде едəуір мəліметтер келтірілген. Фараби жөнінде 1958 жылы ағылшын тілінде шығатын "Мұсылман дүниесі" ("Muslіm Word") атты журналда материал жарияланған. Онда Каирдағы Американ университетінің жанындағы Шығыстану мектебінде оқылған лекция талданды. Ал, ол лекцияда Аристотель, əл-Фараби жəне Ибн-Сина - үшеуінің дүниенің жаралуы жөніндегі көзқарастары жəне аль-Газалидің оларға қарсы пікірлері айтылады. Фараби жөніндегі қазіргі бізге белгілі болып отырған мəліметтер осындай. Жоғарыда айтылған Фараби туралы шет тілде шыққан материалдардың бірсыпырасын Қазақ ССР Ғылым академиясының кітапханасы кейінгі екі жыл ішінде жинастырып отыр. Олардың ішінде шет мемлекеттерден алдырылған Фарабидың аса құнды еңбектерінен жасалған фотосурет кітаптары мен микрофильмдер, "Ғылым меруерті", "Ғылымдардың шығуы", "Қайырлы қаланың адамдары" деген сияқты еңбектер бар. Жалпы алғанда қазір Фараби еңбектері мен ол туралы жазылған еңбектердің екі томдық материалы бар. Көп еңбекпен жиналған осындай құнды материалдарды тездетіп іске асыру қажет. Қазір олардың кейбіреулері қазақша жəне орысша тілдерге аударыла бастады. Бірақ бұл іс жеке-жарым адамның қолынан келе бермейді. Кітапхана мұнан былайда Фараби еңбектерін жинай беруі керек. Ал біздің ғалымдарымыз бұл іске ат салысулары қажет. Қолда бар еңбектерді баспаға дайындау істерін де ұйымдастырған жөн.
Жоғарыда айтылғандарға қосымша еске сала кететін мынандай бір жайлар бар. Біріншіден, Фарабидің ізімен іс қылған Абу Али Сина, Беруни сияқты ғалымдардың еңбегі көптеген том болып шығып отыр. Олар туралы өзбек, тəжік, ғалымдары көптеген еңбектер жазды. Фараби жөнінде ондай ешнəрсе жоқ. Екінші жағынан Фарабидің туған жері Отырар қаласы Шығыстың жорығында қиратылған болса, əлі сол қалпында жатыр. Үстіміздегі жылдан бастап соны қазу, ескі мұраны зерттеу істері басталмақ. Үшіншіден, дүние жүзіне аты əйгілі ғалым Фарабидың мұрасын зерттеу біздің зор міндетіміз[6].
Сонымен қатар, Ақжан Машановтың фәлсафа (философия) саласына да арнап жазған еңбектері бар оған бір мысал, Фәлсафа (философия) үйрену үшін қажетті шарттар туралы қағида (рисала) атты ғылыми-танымдық шығармасы. Онда публицист-ғалым былай деп жазады:
Аристотель философиясын үйренудің тоғыз шарты.
Бірінші - философиялық ағымдардың аты-жөнін білу.
Екінші - олардың философиялық еңбектеріндегі негізгі мақсаттарын тану.
Үшінші - философ болу үшін қажетті ғылымдарды тани білу.
Төртінші - философия ғылымын үйренудегі мақсатты түсіну.
Бесінші - философия ғылымына кірісудің төте жолын тану.
Алтыншы - Аристотель еңбектеріндегі қолданылған ғылыми түсініктерді талдай білу.
Жетінші - Аристотель өзінің еңбектерін оқыған адамнан терең жұмбақ сырларды шешуді талап еткен себебін білу.
Сегізінші - философ адамның міндетімен тіршілік ережесін - қалпын түсіну.
Тоғызыншы - Аристотель ілімін үйрену үшін нендей нəрселер мұқтаж екенін білу.
* * *
1. Философиялық ағымдарды тану (аты-жөнін білу) жеті нəрседен тұрады:
-философиялық бағытқа (ағымға) бас болған ұстаздың аты-жөні;
-оның шыққан қаласы;
-философияға мекен (медресі) болған орынның аты;
-философиялық ағымды тудырған басты себебі;
-философиялық талдауға түскен мəселелер;
-философияның алға қойған мақсаты туралы түсінік;
-философияның практикалық мəні, нəтижесі.
Философиялық бағыттың негізін салушы ұстаздың есімі бойынша аталған философиялық ағымға "Фупағұрс" (пифагористер) тобы жатады. Философиялық ағынның шыққан жері бойынша аталатындарға "Куринарлықтар" (ликейліктер) жатады, олар Аристотель философиясына қосылатындар. Философия үйретілген орынның атымен аталатын философиялық ағымға Хризипп (кросиғыс) философиясын жақтаушылар жатады. Оларды руақшылар (стоиктар) деп атайды. Себебі олар философияны Афина қаласының храмдары алдындағы руақта Қайванда - қалқанда стоикта үйренген.
Философ Фурн (Филон) мен оны жақтаушы топты маниғлар, яғни тиушлар тобы деп атайды. Оның себебі бұлар адамдарды ғылымнан тиюды дұрыс деп білген. Олардың пікірі бойынша, ғылым дүниесі философияның ісі емес. Философиялық мақсатты көңілдің қошына қарай бейімдеп үйренушілерді лəззат көңіл қалауы (гедонизм) тобы деп атайды. Бұған жататындар философ Əфиғұрс (Феодор) жəне оны жақтаушылар. Философия ғылымын үйренудегі əдістеріне қарай аталған ағымға Машаун (серуеншілер перипатетиктер) тобы жатады. Бұған жататындар Аристотель мен Платон топтары. Машаун (перипатетик) аталатын себебі олар философия ғылымын үйреткенде ылғи серуенде, жүріс үстінде үйрететін болған.
* * *
2. Философиялық еңбектер (кітаптар) арасында жеке мəселелерге ғана арналған бөлшек (жузие) түрлері бар жəне мəселенің күллісін жалпы қамтыған толық (куллие) түрлері бар. Бұл екеуінің аралығына жататын мұта - уассита аталатын кітаптар бар. Бөлшек (жузие) жазулар кейде үлкен еңбектердің ішінде философиялық еңбектерге талдау жасаған, ескертпе еңбектер болуы мүмкін. Кейбір жалпы еңбек философия ғылымының оқулығы болады; екіншілері философия ғылымының практикалық жағына арналады, керекті тəжірбие істері үйретіледі. Қайсы бір еңбектерде табиғат дүниесінің философиясы талданады. Оларды түсіну үшін табиғат ғылымдарын үйрену қажет. Табиғат тану кітаптарының өзі де жалпы табиғат заңына арналған барлық əлемді тұтас қамтитын болады, немесе табиғаттың жеке салаларына арналған болады.
Ал енді табиғаттың арнаулы бір жүйесін зерттейтін еңбектерге келетін болсақ, олардың кейбіреулері табиғи болмысы жоқ (дерексіз) нəрселерді зерттеуге арналған. Дерексіз нəрселерді зерттеу ғылымы тағы екіге бөлінеді: барлық нəрселерді тегіс қамтитын жалпылық жəне арнаулы бір ғана нəрсені қамтитын жалқылық болады. Философияда қолданылатын дəлелдер (Бурһан) ғылымы жөніндегі еңбектер үшке бөлінеді. Оның біріншісі дəлелдеу ғылымынан бұрын оқылатын еңбектер: екіншілері дəлелдеу негізін үйрететін еңбектер; үшіншілері дəлелдеуді білгеннен кейін оқылуға керекті кітаптар.
Дəлелдеу ғылымынан бұрын оқылуға тиісті кітаптар екі түрлі болады: оның біреулері дəлелдеудің дұрыс нəтиже беретін жолын үйретеді, екіншілері дəлелдеуге жататын кіріспелердің (мұқадималердің) қалай қолданылуын, қалай айтылуын үйрететін еңбектер. Дəлелдеудің дұрыс нəтиже беретін жолын үйрететін "Бариминияс" кітабы болып табылады. Мұқадималердің қалай қолданылуын үйрететін "Фи-ал-хадди" деген кітап оны "Катигориас" (категория) деп атайды.
Ал, енді дəлел (бұһран) үйрету кітабы "Фи-ал-буһран" деп аталады. Оның өзі екіге бөлінеді. Оның бірінде дəлелдеудің формасын (құрылысын), екіншісінде дəлелдің құрамын зерттейді. Формальдық дəлел (логика) өлшеу - салыстыру (силлогизм) кітабында ("Фи-ал-Қиас") айтылады, оның анулитиқа (анилитика) деп атайды. Дəлелдің құрамын зерттеу "Ғұнсари ал буһран" (табиғи дəлел) деген кітапша жазылған. Оны "Бафузуқтиқа" (метафизика) деп атап кеткен. Дəлел ғылымын үйренгеннен кейін сол ғылымның дұрыс дəлелі мен терісінің арасын айыратын кітаптарды оқу керек. Демек, дəлелдің өтірігі де бар, расы да бар. Өтірік дəлел қисындар көбінесе поэзияда, өлеңдерде - (шығырларда) болады. Өтірік қисын кітаптардың ішінде тегіс өтірігі болады, өтірігі мен шындығы аралас тең түрлері болады. Өтірігі мен шындығы тең болған еңбектер туралы "Санағату ал-Хұтаба" атты кітаптан көруге болады (яғни хұтбалық шешендік өнерінен табуға болады). Өтірігінен шындығы көбірек еңбектің мысалдарын "мауасиғу ал жадал" кітабынан көруге болады. Ал, шындығынан өтірігі көп еңбектерді "Санағату ал-мұғалитин" (софистика өнері) кітаптарынан көруге болады.
* * *
3. Философия ғылымын үйрену үшін алдымен тани білуге қажетті болған ғылым. Ол ғылым - Платонның жəне оны жақтаушылардың (оның мектебінің) мақұлдаған ғылымы. Ол ғылым "ғылымал-һандаста" яғни геометрия. Алдымен соны оқу керек. Философияны үйрену үшін алдымен геометрияны білу керек екенін дəлелдеген Платон өзінің академия сарайының (һайклінің) есігіне "кімде-кім геометр (муһандиса) болмаса біздерге келіп кірмесін" деп жазып қойған. Неге десеңіз, геометрияда қолданылатын дəлелдер барлық дəлелдер атауларының ең дұрысы деген.
Ал Феофраст (Алуфарстс) бағытындағы философтар мінез-құлықты түзету ғылымдарын үйренуді дұрыс көрген. Себебі, өз мінезі, құлқы түзу болмаған адамнан дұрыс ғылым табылуы мүмкін емес деген. Соған дəлел етіп Платон: "кімде-кім құлқы таза зерек болмаса, ол ізгі зерек адамның сөзіне де, ойына да жақын келе алмайды. Таза болмаған денеге қанша азық берсең де жауыздық арттырудан басқа ешнəрсе тумас"- деген.Ал, Сайда қаласынан шыққан Боэций (Буатис) деген философтың пікірі бойынша философия ғылымынан бұрын жаратылыс тану ғылымын үйрену керек деген. Оның себебі табиғат тану ғылымы ең жақын, ең таныс нəрселерді үйрететін ғылым. Ал, оның Аристотельдің шəкірті Андроник (Анруникс) мантық (логика) ғылымы бұрын оқылу керек деген. Себебі мантық ғылымы анық пен танықтың арасын айыра білудің құралы деп білген. Осы айтылған пікірлердің қай-қайсысын болса да кемітуге болмайды. Əрине, философияны үйренбестен бұрын сезім шаһуа ниетті құлықтарын түзеткен дұрыс. Қасиетті хақиқаттың айғағы болуға арналған философия ғылымына сезімнің тілегіне құл болған адам қалай үйлесе алсын.
Сондықтан, халықты түзету құр сөзбен болмай, іс жүзінде мінез құлықты адам екені белгілі болсын. Мұнан соң адам өзінің рухани (жан) тілектерін түзетсін. Рухани дүниесі түзу болмаса бұзықтық жолға түсу, жаңылыс кету сияқты нəрселерден аман болмас, хақтық жолды аңдай алмас. Бұл жолды аңдау, əрине, дəлелдет ғылымдарына еңбек сіңіріп, қиналудан табылмақ. Дəлелдет ғылымы да екі түрлі. Оның бірі геометриялық (һандасию), екіншісі логикалық (мантиқы). Сондықтан алдымен геометриядан білім алып, сонан кейін логика ғылымына тиісті үлес қосу керек.
* * *
4. Философия ғылымын үйренуде онан күтілетін мақсатты түсіну. Ол мақсат жаратқан иені табу. Ол өзі ауыспайтын, өзгермейтін, жалғыз зат. Бүкіл дүниенің барлық нəрселердің бəрін барлыққа шығарған жаратушы. Жомарттығымен, хикметімен, əділетімен осы əлемге тəртіп беруші Аллатағаланы тану. Барлық философ ғалымдардың істеген еңбектері - өздерінің шамасынша сол жаратқанға ұқсап бағу.
* * *
5. Философия ғылымына кірісудегі басты жолды тану. Ол жол еңбек етуді, ғылымның жүйесіне (шегіне) жетуді мақсат ету. Еңбек ету деген нəрсе ғылымсыз, білімсіз болмайды. Сондықтан, ғылымды-ілімді еңбек керек. Ғылым-білімнің толық түгел болуы сол білгенді іс жүзіне асырумен табылады. Ғылымды шегіне жеткізу, жүйелеу деген нəрсе жаратылыс дүниесін танумен табылады. Жаратылыс ғылымы біздің бақылау жүргізуімізге ең жақын нəрсе. Онан кейін табиғатты бейнелейтін геометрия ғылымын үйрену керек. Еңбекті (ғамалды) шегіне жеткізу, жүйелеу дегені осы - адам алдымен өзінен бастап түзеу, сонан кейін басқаларды түзеу, өз үйіндегі адамдарын, немесе қаласының адамдарын түзеу.
* * *
6. Аристотель еңбектерінде қолданылатын ғылыми түсініктерді талдай білу. Ол түсініктер үш түрге бөлінеді. Арнаулы кітаптарында түсініктерді талдап жеке тақырыптарға бөлмей, тек өте қысқа түрде атап өтеді. Талдау жасалған кітаптарда түсініктерді терең жұмбақтап, бүкпелеп, екінші мағынада айту бар. Жеке қағидаларға арналған дəптерлерінде түсініктерді ереже принциптерімен канон түрінде келтірілген. Мұнда түсінік сөздерде ақырғы қорытынды анықтамалар берілген.
* * *
7. Аристотель еңбектерінде жұмбақ түрінде ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz