Айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 67 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . . 3
КІРІСПЕ. . . 3:
:
КІРІСПЕ. . . 3: I . ФОЛЬКЛОРДЫҢ ЭТНОПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТАБИҒАТЫ
:
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 1 Фолклорды психологиялық зерттеу . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 2 Айтыс өнерін психологияда зерттеу . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 3 Тұлғаның этномәдени құндылықтарының психологиялық ерекшеліктері . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 1. 4 Айтыс өнері арқылы этномәдени құндылықтарды дамыту . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: I Бөлім бойынша қорытынды . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3:
:
КІРІСПЕ. . . 3: II «АЙТЫС ӨНЕРІ АРҚЫЛЫ ТҰЛҒАНЫҢ ЭТОНОМӘДЕНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ДАМЫТУДЫ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ»-ДІ ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЗЕРТТЕУ . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 1 Эксперименттік зерттеудің мақсаты, міндеті, гипотезасы, сыналушыларға сипаттама, зерттеу әдістері . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 2 Эксперимент нәтижелерін талдау . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 2. 1 Айтыс өнерінің психологиялық ерекшеліктерін зерттеу нәтижелері . . .
:
КІРІСПЕ. . . 3: 2. 2. 2 Этномәдени құндылықтерды зерттеу нәтижелері.
:
КІРІСПЕ. . . 3:

2. 2. 3 Айтыс өнері арқылы этномәдени құндылықтарды дамыту нәтижелерін талдау . . .

ҚОРЫТЫНДЫ . . .

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТӘІЗІМІ . . .

:

КІРІСПЕ

Біздің елімізде болып жатқан соңғы жылдардың оқиғалары қоғам өміріндегі ұлттық факторлардың жоғарғы мәнділікке ие екенін көрсетуде. Полиэтникалық полимәдениет жағдайында өмір сүріп отырған адамның ұлттық сипатта дамуынна қоғамдық өмірдегі өзгерістер әсер етеді. Қазіргі уақытта біздің полиэтникалық қоғамда өтіп жатқан экономикалық, әлеуметтік-саяси, мәдени, демографиялық және басқа да процестер елімізде өмір сүріп жатқан барлық халықтардың ұлттық сана сезімдерінің көтерілуімен түсіндіріледі. Жеке бір адамның және этностың этникалық сана сезімінің деңгейі, көп ұлтты қоғамның әлеуметтік-психологиялық және атмосферасын белгілі бір мәнді дәрежеде анықтайды. Этникалық сана сезімдердің құрылымы, этникалық эдентификация, өз «менің» бастан кешіруі, әсерленуі, өзіндік қатынасты белсендіру, этнорухани мәдениетке, ұлттық тілге, халық творчествосына, дініне, әдет-ғұрпына, мәдениетіне деген психологиялық орнықтылық сияқты белгілермен анықталады. Этно факторлардың мәнді өсуі этникалық сана сезімдерді күшейтеді. Этникалық сана сезімдер индивидуалды қасиеттердің әртүрлі деңгейдегі ерархиялық байланысын детерминациялайды қасиетердің және интеграцияланған индивидуалдықтың дамуының жүйелі ұйымдастырушысы функцияларының орындайды, әрі реттейді. Этникалық басты объективті тасушысыболып табылатын «ұлттық мәдениеттің » әлсіреуі барысында өтетін этникалық сана сузімдердің күшеюін «этникалық парадокс» деп айтуға болады. Бұл парадокстың болу себебі ұлттық сана сезімдердің конпен сациялаушы функциясымен байланысты, соны күшейту және бекіту, этникалық сана сезімнің объективті негізі - халықтың, этностың, ұлттың өзіндік қайталанбас мәдениеттің әлсіреуінде пайда болатын негативті әсерлерді теңестіреді.

Қазақ халқының ауыз творчествосының этнопсихологиялық тәбиғатын зерттеген этнографтардың, фольклористердің, әдебиетшілердің, психолгтардың жұмыстары өте маңызды (Ш. Уәлиханов, Ә. Диваев, В. В. Радлов, В. В. Стасов, М. Жұмабаев, Ж. Аймаутов, М. Әуезов, С. Мұханов, М. Ғабдулин, М. М. Мұханов, К. А. Нурғалиев, және тағы басқалар) Қазақстандық этнопсихологиялық жұмыстардың мәселен М. М. Мұханов, К. Б. Жарықбаев, А. Ж. Алдамұратов, Ж. Ы. Намазбаева, Д. Д. Дүйсенбеков, Ғ. Р. Рахымбеков, Б. Әубәкіров, Л. К. Комекбаев және осы айтыс өнерін Қазақстанда психологиялық тұрғыдан алғаш зерттеуші ғалым Бердібаева Цвета Қыдырбекқызы, бірлескен диалогты ойлау іс - әрекеті және бірлескен мақсат арқылы мағна құрудың жалпы қорын қалыптастыруды негіздеген методолгиялық концепциясының авторы С. М. Жақыпов зерттеулері - теориялық - экспериментттік - этнопсихологиялық негізін қалауда алатын орыны ерекше. С. Қ. Бердібаева айтыс өнерін жүйелік факторда зерттеді; ол “адамның творчестволық іс - әрекетіне мысал бола алатын творчестволық сөз жарысы айтысты жүйелік ықпалды зерттеу, айтыстың психологиялық ерекшеліктерінің теориялық - эксперименттік зерттеу негізідеуге мүмкіндік берді. Айтысты жүйелік ықпадың методологиясында талдау оны түсінудің процесуалды және мазмұндық аспектілерінің ішкі байланысын құруға мүмкіндік береді” - деп атап көрсетті.

Және С. Қ. Бердібаева айтыс өнері ұлттық сәйкестілік сезімін сақтауға, құндылықтарға бағдарлануды қалыптастыратын тәрбиелеуші ол адамның этнопсихологиялық ерекшеліктері негізінде түсініледі деп қарастырды.

Қазақтың мәдени өмірінде лайықты орын алған айтыс өнері, диалогты жарыс мына жағдайлармен шарттанады - әр рудың лайықты атқа ие болу құрметі, ақынның творчестволық қоғамдық мәнді мойындау, тыңдаушы - халықтың руханыи талап тілектері. Қазақ фольклоры - көшпелі қоғамның жемісі ретінде бейнеленуі, жейнелілігі жайлы ғана емес, әрі мақалдардың фунькциясын интелектінің логикалық компоненті деп қарастырған М. М. мұханов. Және оның пікірінше, айтыста оның гнеоселогиялық - психологиялық жағын да ескеру керек. Айтыста айтылғандар логикалы дәл болады десек те, оның тағы бір жағы бар - айтыс сөзі тыңдаушыға мәнді әсер етті дегенге қалай сенеміз? Тыңдаушылар объективті баға бергенмен, кейде олар байқамай қалады, көбінесе сөзінің көркемділігіне, құрастыру шеберлігіне ден қояды, ал айтыскер ақын өз заманының дәстүрін, тарихын, ерекшелегін жақсы білуі керек.

Өз этносының тарихына, мәдениетіне, этносытық мәдени құндылықтарына қызығу, ұлттық мәдени дәстүрлерді сақтап және дамыту бұл адамзат өркениетінің мәдениетінің дамуына сәйкес туындаған алғы шарт. Әлем бір тұтастыққа бет алған сайын әрбір этнос өзінің дәстүрлі мәдениетін түсінуге білуге зерттеуге қызығушылық танытып отыр. Жоғардағы этникалық факторлар ол тұлғаның дамуымен, оның бүкіл болмыс бітімімен, психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Этникалық ерекшеліктер ол адамның рухани дүниесінде айрықша мән алатын маңызды фактордың бірі болып табылатыны ғалымдардың ұзақ жылғы зерттеуінің нәтижесі болып табылады. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени трансформациялармен қатар этностық дәстүрлермен (мысалы, фольклор) байланысты, ұлттық құндылықтар да интенцивті дамуда. Дәстүрлі этномәдени құндылықтар негізін құрайтын фольклор, халық творчествосы - айтысқа байланысты мәселелерді қарастыру, көптеген зерттеушілердің назарынан тыс қалмайды, олардың табиғатын, тарихын, этнос өмірінде алатын орнын анықтау, әрқашанда мәнін жоймайтын сұрақтар, этноспен бірге өмір сүрген құбылыс. Этнология ғылымының ірі теорегигі Ю. В. Бромлей этностық мәселелерді зертей отырып, қоғам дамуындағы мәдениетті стандарттау және рубанизация ретінде дамып жатқан жаңа тенденциялар жайлы былай деген: “этностыық ең ең үлкен ерекшеліктер, халықтың дәстүрлі рухани творчествосында сақталады ” яғни біз бұл пікірден халқтың рухани шығармашылғы халықтан шығып халықтың өзін - өзі тәрбиелеуін және ұрпақтарға тәрбиені жалғастырудың қайнар көзі екендігін айқын көрсетіп бере алады.

Зерттеудің өзектілігі : Айтыс - қазақ халқының ауызекі әдеби-музыкалық өнерінің көлемді және аса құнды салалалрының бірі. Ол - суырып-салма ақындық өнерінің жемісі болып табылады. Айтыста халықтың әдеп-ғұрпы, тұрмыс-салты, дүниетанымы, эстетикалық, рухани, философиялық және әлеуметтік көзқарасы, ұлттың психологиялық болмысы, қалыптасуы байқалады. Айтыстың түрлері, көтерілетін тақырыптары сан алуан. Егер де айтыстың ең ежелгі түрі “Бәдік” айтысының негізінде адам баласының табиғатқа әсер ету мақсаты жатса, кейіннен айтыстың кемеліне толған ең күрделі түрі - ақндар айтысының тақырыптары әлденеше тарау болып, бұтақталып кетеді және де сол бұтақтардың бәрі халықтың өмір-тұрмысын жан-жақты көрсетіп, барынша толық бейнелейді. Бүгінгі таңда халқымыздың баға жетпес рухани қазынасы болған айтыс өнерін ЮНЕСКО-ның «Адамзаттың рухани мұраларын қорғау» бағдарламасының 2013 жылғы жоспарына енгізуге ұсыныс жасау туралы жоспарлар ұсынылып отыр. Айтыс өнерін әлемдік деңгейде айшықтап, ЮНЕСКО-ның қорғауына өткізу мәселесі соңғы уақыттары жиі көтеріліп жүр. Бұған дейін де аталмыш ұйым қорғауына дүниежүзінің көптеген елдерінің ұлттық өнер түрлері мен өнер туындылары енген болатын. Мәселен, қытайлардың «Пекин операсы», ұйғырлардың «12 мұқамы», қырғыздардың «Манас эпосы». Атаған ұйымның қоғауына ие болу осы төл өнерімізді зерттеуге деген қажеттілік тіпті де артуын талап етеді.

Зерттеудің мақсаты : айтыс өнерінің тұлғаның этномәдени құндылықтарына әсерін этнопсихологиялық зерттеу.

Зерттеу объектісі : айтыс өнерінің психологиялық табиғаты және этномәдени құндылықтарды дамытудағы рөлі.

Зерттеу пәні : айтыс өнері мен этномәдени құндылықтардың байланысы.

Зерттеудің болжамы : айтыс өнері мен этномәдени құндылықтар арасында өзара байланыс болады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Фольклордың этнопсихологиялық табиғатына талдау жасау
  2. Айтыстың этнопсихологиялық табиғатын анықтау
  3. Тұлғаның дамуындағы этномәдени құндылықтарды теориялық талдау
  4. Тұлғаның этномәдени құндылықтарының даму өзгерісін ұлттық өнерде дәріптеу арқылы бақылау
  5. Айтыс өнерімен этномәдени құндылықтар арасындағы өзара сабақтастық байланысты тұжырымдау

Зерттеудің әдістемелері:

  1. Айтыстың этнопсихологиялық табиғатын және этномәдени құндылықтарымен байланысын анықтауға арналған сұрақтама
  2. Рокичтың құндылық бағдарды анықтауға арналған әдістемесі
  3. Адамның үстем бағыттылығын анықтау әдісі (В. Смекал және И. Кучер )
  4. Алынған мәліметтерді сапалық көрсеткіш бойынша талдау әдістері

Зерттеудің практикалық маңыздылығы: айтыс өнерінің этномәдние құндылықтардың дамуна әсерін зерттеу негізінде айтыстың халққа беймәлім қырларын зерттеу, Айты өнерінің мемлекет, қоғам мүшелері тарапынан мойындалған ұлттық құндылық ретінде мағынасын ашу арқылы Қазақ халқының рухани жаңаруына, рухани қажеттілктерінің қамтамасыз етілуіне, сондай-ақ, Қазақ этнопсихолгиясының жан-жақтылы дамуына үлесін қосады деп үміттенеміз.

  1. фольклордың психологиялық табиғатыфольклорды психологиялық зерттеу

Қазақ Халқының бүкіл болмысы, табиғаты, дүние танымы, этнопсихологиясы, фольклордан айқын көрініс тапқан. Халықтың ғасырлар бойы жинаған асыл қазынасы болып табылатын фольклорда ұлттың тарихы, мәдениеті, әдебиеті, салт-дәстүрі, әдет-ғұрпы, ұлттық мінезі, тұрмыс-тіршілігі, кең ауқымды бейнеленген. Яғни ықылым заманнан бері сан сан алуан қауым, тайп, рулардың, әр түрлі этностық топтардың, сана-сезімі, ой арманының, қуаныш-қайғысының жаңғырығын білдірер, олардың тұрмыс-тіршілігінің, күн көріс әрекетінің сәулесін елестетер, әдет-ғұрпын жөн-жосық, нанаым-сенім, салт-дәстүрінің бағыт-бағдарын танытар халық ауыз творчествосы, халық поэзиясы, эпостық жырлар, фольклор қазынасы - халық қазынасын этнопсихологиялық аспектізе зерттеу өте маңызы мән алады.

Халық шығармашылығының жоғарғы үлгісі болып табылатын халық ауыз поэзиясы, эпостар, фольклор, халық өміріндегі ең жоғарғы рухани құндылықтарды және нормаларды дамытады. Халық даналығын тірі өмірдің болмысымен тікелей қатыстыратын менталдылық деп белгілеп, оны этоностық дәстүрмен анықтауға болады.

Фольклорды ғылымда былай жіктейді:

  1. Халық поэзиясының шағын түрлері - үйлену салт жырлары. (жар-жар, беташар, сыңсу), мұң-шер өлеңдері (жоқтау, қоштасу естірту)
  2. Еретегі (қиял-ғажайып ертегілері, аңыз ертегілері, күй аңызы) аңыздар, мақал-мәтелдер, жұмбақтар.
  3. Батырлар жыры .
  4. Ғшықтар жырлары.
  5. Тарихи жырлар.
  6. Айтыс өлеңдері [1] .

Эпос - халықтың естілігін білдіре отырып, ұлттың басынан өткізген сан-қилы оқиғалардың елесін берсе, соған қатысты туындаған этностық сана, ұлттық патриоттық ұғымның діңгенгі.

Этномәдени құндылықтарды қолмен ұстап көзбен көретін емес, құлақпен тыңдап, санамен қабылдайтын, түп тамыры тереңде жатқан, ата-бабаларымыздың қанымен жеткен қуатты да құдыретті құбылыс. Халық творчествосында ұлттық идея нақтыланады (фольклорда)

Этностық мезгілдік, мекендік факторлар арқылы айқындалатын тәжірибе, танылымы және тағылымына байланысты бірте-бірте жаңғырып, жаңаланып отыратын, бірақ өзінің ілкі белгілерін жоғалтпайтын, табиғи-тарихи білім болып болмыстың, сана-сезімнің, мінезімен мәдениетінің соған сәйкес туындайтын әлеуметтік мұрат-мүдделері мен қимыл-қозғалыстарының мәнін айқындайды [2] .

Рухани тәжрибені саралап салмақтау үшін мол мағлұмат беретін сарқылмас қазына халқымыздың сөз өнері ұлттық мінезі, халық творчествосы рухынан сондай-ақ ақындық «мен» лириғалық кеиіпкер лирикалық «тұлға» бейнелерінен анықтауға болады. Халық ауыз творчествосы қай түрі болмасын өзіндік үрдіске ие.

Халық фольклорында ұлттық психология, тіл, салт- дәстүр сақталады. Халық одан рухани күш алып оны көзінің қарасындай сақтайды. Эпостық жырлардың қуаттылығы сол алғашқы сөзінен- ақ тыңдаушыны өзіне баурап алады. Оның түйсінулерін сезімдерін билейді. Қазақ эпостарының таным мен дүние қабылдаудағы тұлғаның этномәдени құндылықтарын дамытудағы рөлін түсіну үшін халық эпосын рухани мәдениетінің категориясы, құндылықтарды таратушы социумда бағаланудың және иедяларды тәрбиелеудің негізі деп қабылдау керек. Өнердің барлық түрлері тәрізді эпостың да түпкі негізі күллі байлығы, әр алуандылығымен өзіне тән қайшылықтарымен қоса халық өмірінде сол этностың этнопсихологиялық ерекшелігі болып табылады. Халқтық эпостардың функциялары мен оған сәйкес қабілеттері (потенциалдары), ерекше қырлары олардың анропологиялық бағыттылығымен анықталады. Және тұлғалық дамудың негізі болады әрі тұлғаның этномәдени құндылықтарының дамуына жетекшы рөл атқарады. осы «идеалды» моделдердің көріну сақталу, сақталу, жинақталу формасын Қазақ Халқының эпостық жырларынан көреміз. Қазақ Халқының эпостарындағы көріністер әлеуметтік интеграция оңтайландыруда және жеке дараландыруда, индивидтың жоғарғы құндылыққа бағдарлануына рөл атқарады. Эпос, тарихи ес сияқты шынайы этникалық дәстүрледі сақтайды. адам психологиясының сезімдік-бейнелік үстемділігі, халықтың мифологиялық көркем әдеби санасының жұмс істеуін қамтиды. Өмірлік ұғынымы - мәдени тәжірибесі, тарихи жазба әдебиеті болмалсада діни нанымдары күшті болса, халықтың ойлау, еңбек ету, жасау қабілетіне кедергі бола алмады. Этнопсихология үшін ең маңыздысы, көп ғасырлар бұрын жазылған эпостарда ұлттық құндылықтардың ирархиясының тұтасымен немесе қандай дәрежеде сақталғанын зерттеу маңызды.

Фольклордың көптеген көптеген ұжымдық өнерді біріктіретін қандай ерекшелігі бар?

Фольклордан өнерді қабылдаудың ерекше типінің бастауы мен эволюциясын табамыз. Онда синестезия және творчестволық процеске бірге қатысатын тыңдаушы - көрермендердің белсенділігі маңызды мәнге ие.

Фолклордың табиғатын анықтайтын негізгі белгілері:

  1. Көркем бейнелердің әртүрлі элементтерінің (сөздің логикалық, хореографиялық, бет қимылы) үздіксіз бірлігі.
  2. Бұқаралық және индивидуалды творчествоның диалектикалық бірлігін құрайтын творчестволық процестің коллективті сипаты.
  3. Үнемі жаңғыртылып және дамып отыратын дәстүрлердің үздіксіздігі және жалғастылығы.
  4. Тыңдаушы және орындаушы қатысатын орндаушы - импровизация кезінің өзі творчестволық акт болып табыладтын орындалған шығарманы тікелей естіп және көріп қабылдайтын ерекше формалары [3] .

Фольклорды синкретті ғана емес, синтездік өнер деп айта аламыз [4] . Басқа өнерден айрмашылығы, фольклорда творчестволық синтез синхронды түрде жүреді; яғни (айтыста) мәтін, әуені, ойын әрекеті, әкенділігіне қарағанда дербес тәуелсіз сипатқа ие. Фольклорда қабылдау актісі субьектіден (ұжымдық және индивидуалды) тыс жасалған бейнелеу емес субьектінің қатысуымен жасалған акт. Фольклор қабылдаудың белсенділігін жоққа шығармайды. Олардың ұрпақтан-ұрпаққа тарап келе жатқаны сондаықтан. Халық жадында сақталған дәстүрлер фольклорда инвариянттарды сақтайды және бекітеді. Фольклор шығармалры орындау - қабылдау процесінде жүзеге асады [5] .

Көркем сөз өнері, өмір құбылыстарын бейнелі ой арқылы жеткізетін халықтың коллективті творчествосы - фольклор болып табылады. Фольклордың өмірі үздіксіз процес. Ондағы шығарылған дәстүрлер «өзгергенәрекеттер» олар бір мезгілде белсенді қабылдаудың арқасында жаңа цикілдің бастауын береді.

Фольклордың ескеруге тиісті бір ерекшелігі: оның өмір сүруі үшін көрермен тыңдаушының міндетті түнде қажеттілігі жоқ. Фольклорда ерекше қабылдау процесі туындайды.

Ұжымдық орындаушылықтың екі түрлі формасы болады: міндетті (халықтық сауық сайрандарға бәрі қосылады) синестезия мәселесіне келсек, көру және есту қабылдауының қайсысының үстемдік етуіне байланысты фольклор шығармаларын қабылдау типдтері де әртүрлі болып келеді. мысалы ауызша шығармада (ертегі) есту қабылдауы басым. Айтыста сөз мағынасына жаңа аргуметті табу, логикалық байланысқа көңіл бөледі. Мысалы, айтыста домбырада ойнау (музыка) қосымша есту элементі болады. негізгісі ақынның тапқан, қайтарған жауабы болып есептеледі.

Бұдан біз фольклорды «халық ауыз екі шығармашылы» «сөз өнері » деп қарастыру бір жақты. Оны психологиялық талдау қажет. Алайда өнердің синтестикалық түрлерін қабылдау жалпы болса да, фольклорды қабылдаудың өзіндік ерекшеліктері бар. Фольклорды жазылған, тіркелген, құбылыс деп (магнитофонға жазу, мәтінін жариялау) қабылдау толық мәнін ашпайды. Ол тірі импровизация мен орындаудың өнері. Ғылымда фольклорды қабылдау жайлы нақты зерттеулер өте аз. Мысалы, белгілі Болгар этногарфы фольклористі Х. Ванарельский фольклорды халықтың қалай қабылдағанын зерттеген. Халықытың ән мітіні мен Әуенінің арасындағы үздіксіз байланысты және оның психологиялық әсерін ұғынады. Фольклорды алғаш психологиялық зертту А. И. Герцен атындағы Ленинград мемлекеттік педагогикалық иниститутының, психология кафедарасында басталы әсіресе А. П. Семенованың жұмыстарын айтуға болады. ол фольклорды меңгеруды зерттеді. Бұл мәселені Ж. Пияже мен Л. С. Выгодский де зерттеді. олардың пікірінше, метоформалардың мазмұны жалпылауды ұғыну процесіне апарылады. Балалардың метоформаларды ұғынуын зерттеуде олар көркем сөзді түсіну ерекшелігін оны сезінуды ескермеді. А. П. Семенов өз зерттеулерінің балалардың метоформаларды түсінуін талдады [6] .

Фолклор - синкреттік өнер халықтың тұрмыс - салты сөз, ән, күй өнері немесе халық поэзиясы бір - бірімен тұтастық құрайды. Фольклор ұжымдық және ұлттық сипатта нұсқалық дәстүрлік негізе ауыз екі дамиды. Ақындық дәстүр қазақ халқының ұлттық сөз өнері оның тарихын құрайтын негізгі эстетикалқ ойлау көрсеткіші. Қазақтың ақындық поэзиясы, ақындық өнер психологиясы ұлттық рухани құндылықтарды, сонымен қатар этномәдени құндылықтарды өркениет деңгейінде танудағы өзекті мәселенің бірі . халыққ ұнаған қабылданған туындылар халықтың тыңдаушы ықыласының психологиялық қабылдауы арқылы ғана бағаланады. Өнер тұтастығы (ақындық сезгірлік, жыршылық - айтушы тыңдаушының арасындағы психологиялық байланыстың дәнекері) .

Этнопсхология әрбір халықтың рухани әрекетінің (миф, фольклор, тіл, дәстүр, салт, әдет - ғұрып, дін, т. б. ) желісін сол халықтың психологиясын, сана - сезімін көрсететін негізгі өлшемдердің бірі. қазақ халқының бүкіл өмірі поэзиядан тұратындай. Бесік жырдан бастап баланың тайға мінуі, келін түсіру, қыз ұзату, өлімді жоқтауы, ас беру, көрісу, өсиет - нақылдары амандасуына да өлеңмен келеді. Сондықтын халқымызда Қазақ өлеңмен туып өлеңмен өледі деген мақал жайдан - жай айтылмаса керек. Тұрмыс салтқа байланысты мұнай творчестволық әрекет (өлең) әдет ғұрыпқа лайық психологиялық күйлерді жеткізеді: бұл жанырлардың қайсысы болмасын адам тағдыры, оның ішкі әлемі.

Өлең - ой мен сезімнің әрекет ету құралы. Ақындардың жеке басының ішкі қайшылықтарын реттейтін эстетикалық серпіліс психикалық поцестермен күштерді жинақтайды. Өлең психологиясындағы ұлттық таным мен ұлттық көркем ойлау халықтың тарихи, әлеуметтік, психологиялық, көркемдік тәжірибесіне сүйенеді.

Фольклорда адам өмірі әрқилы сипатталады, лирикада - ішкі әлемнің эпикалық жырларда сыртқы оқиға, ал лироэпикалық өлеңдерде - ішкі мен сыртқының қослылуы, драмада - өзара қатынас бейнеленеді. Тұтас мәнге ие болу үшін ішкі мен сыртқыны бірге жасау керек. мұндай біріңғай тұтастық тек психологиялық аспектіде ғана жүзеге асады. Көркем шығармадағы психологиялық сипат - рухани өзіндік танымға өту. Сол арқылы қоғамның дүние танымы, сезімдері көрінеды.

Ауыздан ауызға жеткізілген қазақ поэзиясы толықтырылып, өзгертіліп берілсе де алғашқы авторлық сананың өнімі ретінде өзінің негізгі мазмұнын сақтады. қазақ поэзиясының терең көркем функциясына тыңдаушыны сендіру функциясы жатады. Қазақ өлеңдерінің құрлысы аудиторияның есту қабілетіне әсер ету арқылы көкем тиімділікті жасайды. Ертедегі поэзиялардың барлық фонетиклық және ритмикалық интонациялық сипаттамалары есту қабылдауына бағдарланған. Тартымды, нақты, қызықты, мазмұнды өлең жолдары тыңдаушыға эмоцияллы әсер ете отырып, соның негізінде өлең сөздері жатталып қалады. Қазақтардың этнографиялық зерттеуін 1845 жылға дейін Ресей жүргізген. Олар рухани мәдениетті өте нашар зерттеген ХІХ ғасырдың ортасына дейін халық творчествосын, қазақ фольклорын мүлдем қарастырмаған сондықтан, түлдем дамымаған деген болжам жасаған. сонымен қатар, мәдени дамуға қабілетті емес деп ойлаған. Соған байланысты қазақтар жабайы деген ой қалыптасқан.

Қазақтар жайлы арнайы алғашқы этногрфиялық зерттеу XVIII аяғында жарық көрді [7] .

ХІХ ғасырда Г. И. Спаскии, А. И. Левшин, С. Бальшой, Г. М. Бороневский жұмыстарында қазақ поэзиясы, ақындар шығармашылығы, импровизациялық өнер жайлы жазылған алайды, алғашқы ғылыми талдау жасаған орыс ғалымы әрі сыншысы В. В. Стасов болды. В. Стасов орыс дастандарын талдап, сол еңбегіне қосымша ретінде қазақ эпостарын салыстырып зерттген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ҚАЗАҚТЫҢ АЙТЫС ӨНЕРІ
Интеллекттік даму мен өзіндік бағалаудың өзара байланысына этнопсихологиялық түсініктердің әсері
Сал-серілік дәстүр арқылы этномәдени тәрбие беру
Қазақ мектептерінде халық педагогикасы дәстүрлерін пайдалануды ұйымдастыру шарттары
Қазіргі айтыс тілінің ұлттық мәдени сипаты
Қыз бен жігіт айтыстары
Қазіргі айтыс тілінің ерекшелігі
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру туралы
Жеткіншектерде этномәдени құндылықтарды қалыптастыру
ӘЛЕМДІК ЭТНОМӘДЕНИ ТУРИЗМІНІҢ СИПАТТАМАСЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz