Шежіре. қазақ жүздері


ЖОСПАР
Кіріспе. Шежіре туралы түсінік. 2
Негізгі бөлім:3
а) Қазақ жүздерінің қалыптасуы жайында. 3
ә) Ұлы жүз ұғымы. 5
б) Орта жүздің этникалық құрамы. 6
в) Кіші жүз7
Ұлы жүз9
Орта жүз14
Қорытынды 18
Қолданылған әдебиет тізімі 19
Кіріспе. Шежіре туралы түсінікНегізгі бөлім: а) Қазақ жүздерінің қалыптасуы жайында .Шежіре (арабша шаджарад - бұтақ, тармақ) - халықтың шығу тегі, таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағы. Сәбит Мұқановтың анықтамасы бойынша «Шежіре» деп кімдерден кімдер туып, қалай өрбігенін баяндайтын ерте заманнан атадан балаға мирас болып келе жатқан ауызша деректерді айтады.
Шежіре шын мәнінде рудың, тайпаның, халықтың тарихының құрамды бөлігі. Тарихи ата салты бар халықтар жеке отбасының, әулеттің, атақты қолбасшы, мемлекет қайраткерлерінің шежіресін жасауды салтқа айналдырған. Шығыста бұл салт Қытай елінде өте ерте дамыған. Онда сол мемлекетте, көрші елдерде күнбе-күні басты оқиғалар «хроника» есебінде жазылып, отырған. Осылай өз тарихының деректі негізін жасаған. Көрші Ресейді патшалардың, текті сославиелердің, жеке дворян әулеттерінің шежіресін жасау салты қалыптасқан.
Қазақ халқында ата шежіресі ерте кезден бар. «Жеті атасын білмеген жетесіз», «Жеті атасын білген ер жеті рулы елдің қамын жер, жалғыз өзін білген ұл, құлағымен жағын жер» деген аталы сөздер соның айғағы. Ал жеті атада үлкен сыр бар. Әр ұрпақ 25 жастан десек, ол 175 жыл. Бұл болса, бір адамның жеке басының тағдыры арқылы оның құл емес екенін, ата тегін, өз ортасының белді мүшесі екенін, он алты жаста ордаға енер, жау ортасын бұзып-жарып кірер адамзат екендігін байқататын фактор.
Шежіре арқылы оның тегі, ата қонысы, қауымға қосқан үлесі, отан қорғаудағы орны, меншік, адами құқы, т. б. болмыс білінетін болған. Ру, бау, сан, тайпа, тұқым, тек, арыс, жүз, жұрт, ел, отан сияқты халықтың барша тарихын көрсетер категориялар - айналып келгенде, шежіренің негізгі категориялары. Бұл болса тұтас этнос, халық тарихының сырын ашуға бірден-бір қажет сюжеттер.
Қазақ үш жұртынан тұрады: өз жұрты, нағашы жұрты, қайын жұрты. Шежіре де осы үш жұрттың динамикасын көрсетіп, соның нәтижесінде барша халықтану қалыптасары даусыз.
ә) Ұлы жүз ұғымы.«Монғолия қазақтарының ата-тек шежіресі» атты Рахметұлы Шынайдың еңбегінде: «Туыстас немесе көршілес бірнеше отбасы бір қоныста отырса - ауыл, ауылдас, көрші. Іргесі алшақтау болса- жерлес. Қандас- жеті атадан құралғандар (бір атаның кіндігінен тараған), бір ата 13 атадан асса - ру. Бірнеше ру қандастықпен, я бір мүддемен біріксе- тайпа. Бірнеше тайпа қоғамдасып, жүз болып қауымдасады. Тайпадан ірілесе халық немесе ел, оның мемлекет ішінде өзге ұлт, ұлыстармен саяси теңдігі болса ұлыс, дербес шекара, саяси-экономикалық тәуелсіздікке қолы жетсе мемлекет, тілі мен дәстүрі, мәдениеті, өзіндік мекен- жері, әлеуметтік рух, жігері, этникалық ерекшелігі ортақтасып, дараланса ұлт болады» - деп өте орынды көрсеткен.
Қазақ жүздері - ХХ - ХVІ ғасырлар аралығында Қазақстанның әр өңірінде қалыптасқан тайпалар одағы. Жүздердің шығуы мен «Жүз» атауының тарихи мәні туралы ғылыми тұрғыда дәлелденген ортақ пікір әлі жоқ. Кейбір зерттеушілер бұл атауды әлде бір бүтін нәрсенің, құбылыстың «бөлшегі», «саласы», «бір жағы» деп қарастырса, енді біреулер оны «жүз», «жүздік» сандарымен байланыстырады. Қайткен күнде де қазақ жүздерін «өзінің саяси, экономикалық, тілдік және мәдени тұтастығымен сипатталатын дербес халықтың жеке бөлшектері» ретінде қарастырған жөн болар.
Қазақ жүздерінің қашан, қандай жағдайларға байланысты шығуы туралы да дәлелденген ортақ пікір жоқ. Н. И. Гродеков, Г. Н. Потанин және Н. А. Аристов сияқты зерттеушілер қазақ жүздерінің шығуы туралы кейбір халық арасына кеңінен тараған аңыз - әңгімелерді келтірумен ғана шектелген.
Айталық, Н. Гродеков Алаштың - Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен Ұлы, Орта және Кіші жүздердің арғы тектері болғандығы туралы аңызды келтіреді; М. Шорманов шежіресінің негізінде Г. Н. Потанин, қазақ халқының арғы тегі Қотанның - Юсун, Ақжол және Алшын атты үш ұлы болған да, олар осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы екінші аңызды келтіреді; Диқанбай батыр шежіресінің негізінде Н. Аристов қазақ халқының арғы тегі Әбілқайырдың - Байшора, Жаншора және Қарашора атты үш ұлы, осы ретімен қазақтың үш жүзінің негізін салғандығы туралы үшінші аңызды келтіреді; біздің ел арасынан жинаған деректеріміз үш түрлі аңызға негізделген болжамдар туғызып отыр. Бірінші болжам бойынша - Қазақтың (Алаштың) Ақарыс, Жанарыс және Бекарыс атты үш ұлы болған; екінші болжам бойынша - Қазақтан (Алаштан) Ақшора, Жаншора және Бекшора туады, үшінші болжам бойынша - Қарамендеден - Байшора, Жаншора және Қарашора туады да, олардан сол ретімен қазақтың үш жүзі бастау алады.
Әрине, мұның бәрі тек аңыз ғана, өйткені әр түрлі атпен қазақтың әр жүзіне жеке - дара оның түп атасын, яғни тегін табу ешбір шындыққа үйлеспейтіндігі ғылым тарапынан әлдеқашан дәлелденген жайт.
Шығыстанушы ғалым В. В. Вельяминов-Зернов қазақ жүздерінің Хақназар ханның тұсында (XVI ғ. ) қалыптасқандығы туралы халық аңыздары негізінде жүздердің XVII-XVII ғасырда Қазақстанның пайда болғандығын баяндайды. Ресей бас штабының офицері М. Красовский қазақ жүздерінің қалыптасуын Қасым, Хақназар және Шығай сияқты қазақ хандарының заманындағы (XVI ғ. ) олардың бір-бірінен алшақ орналасқан қоныстары қазақ жүздерінің шығуына негіз болғандығын дәлелдейді.
Х. М. Әділгереев пен С. А. Аманжолов сияқты қазақ ғалымдары қазақ жүздерінің қалыптасуын монғол шабуылына дейінгі заманға, яғни б. з. VII-XI ғасырлардағы Батыс түрік қағанаты дәуіріне апарып тірейді.
Қазақ жүздерінің қалыптасу себептері жайында тарихи шындыққа недәуір жақын клетін ой пікірді академик В. В. Бартольд айта келіп, табиғи және климаттық жағдайына қарай бір - бірінен ерекшеленген үш аймаққа (Жетісу, Сырдарияның төменгі ағысы мен Орталық Қазақстан және Батыс Қазақстан), қазақ жүздері мен қазақ хандығының қалыптасқандығын баян еткен.
Академик В. В. Бартольдтың бұл пікірін қолдай отырып, профессор М. П. Вяткин географиялық орта әсеріне қоса, ол аймақтардың экономикалық және саяси жағынан ерекшелене түсуі сол өңірлерде үш бірдей қазақ жүздерінің қалыптасуына негіз болғандығын дәлелдей түскен.
Бес томдық Қазақ ССР тарихының авторлары да көптеген этносаяси және кәсіби факторлардың әсерімен XV - XVI ғасырларда Қазақстан жерінде үш этноаумақтық бірлестік - Ұлы, Орта және Кіші жүздер қалыптасқандығын атап көрсеткен. XV ғасырдың 60 - жылдарында Жетісудың батысында қазақ хандығы құрылды. Ол бұдан кейінгі жылдарда өз аумағын үздіксіз кеңейте берудің нәтижесінде Батыс, Орталық, Оңтүстік және Оңтүстік - шығыс Қазақстанның кең - байтақ атырабында мекендейтін көптеген түркі, түркіленген монғол және т. б. тайпалар мен руларды бағындырып, оларға өз үкімін жүргізді. Нәтижесінде осы кең өлкеде қазақ халқы қалыптасты. Оның құрамына негізінен Қазақстан жеріндегі алғашқы феодалдық мемлекеттер қоластында болған жергілікті тайпалар енді. XV - XVI ғасырларда оның құрамына Көк және Ақ ордалар ыдырауынан кейін қалыптасқан Өзбек хандығы, Ноғай ордасы, Моғолстан және т. б. мемлекеттер енді.
Хандықтың және біртұтас халықтың қалыптасуы көшпелі қоғамда ру - тайпалық жікшілдікті, феодалдық бытыраңқылықты жоя алмады. Қазақ халқының қалыптасуымен бірге, үш жүзге бөліну шырғалаңы басталды. Бұл, әрине, жүздеген жылдарға созылған бұралаңы мол, өте ауыр да ұзақ даму кезеңі болды.
Сөйтіп, Қазақстан жерінде жүздердің құрылуы ондағы бір - бірінен оқшауланған үш табиғи географиялық және шаруашылық аймақта (Жетісу, Орталық және Батыс Қазақстан) саяси тұтастықтың әлсіздігіне байланысты еді. Жетісудағы Моғолстан мемлекетінің атырабында ұлы Жүз бірлестігі; Орталық, Шығыс, Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда Орта жүз бірлестігі; Батыс Қазақстандағы Ноғай ордасы атырабында Кіші жүз бірлестігі қалыптасты. Бұл бірлестіктердің арасында қарым - қатынас бір сәт үзілген емес, бірақ геополитикалық талқыға түскен елде саяси бірлік әлсірей берді, әр жүзде феодалдық ыдырау күшейе түсті. Жеке хандықтар, сұлтандар иеліктері XVIII ғасырдың алғашқы ширегіндегі Жоңғар шабуылына төтеп бере алмай, олар тез арада Ташкент, Түркістан қалаларына дейін басып алды. Мұның өзі қазақ жүздерінің саяси әлсіздігін көрсетті.
Қазақ халқының құрамына енген көне тайпалардың тарихы тек қазақтың ғана емес, сонымен бірге басқа да көптеген Орта Азия және Еділ бойы халықтарының шығү тегін зерттеуде де маңызды.
б) Орта жүздің этникалық құрамы.Жетісу өңірінде ежелгі үйсіндердің маңайына басқа тайпалардың топтасуы қазақ халқының қалыптасуынан көп бұрын болған. Мұндай бірігудің кәсіби себептерімен бірге сыртқы жаудан қорғану мақсаты да болғанға ұқсайды. Сөйтіп, күндердің күнінде Моғолстан құрамындағы бір топ тайпаларының тіл табысып шығысуының нәтижесінде олардың арасында пайда болған бірлік, ортақ мәдени дәстүр Ұлы жүз құрамына енген тайпаларды халық «Ұлы жүз - үйсін» атандырған. Бұны кейбір архив, әдеби және ел арасынан өзіміз жинаған деректер де дәлелдей түседі. Ұлы жүз құрамына - жалайыр, албан, суан, дулат, сарыүйсін, сіргелі, ысты, ошақты, шапырашты, шанышқылы және қаңлы тайпалары енеді.
Үш жүздің басын қосып, бүкіл қазақ еліне хандық құрған Тәуке ханның заманында (1680 - 1718) Ұлы жүздің тікелей билеушісі Төле би болды. Тәуке хан, одан соң Болат хан өлгеннен кейін, әр жүзде хандықтар пайда болған кезде Ұлы жүзге Жолбарыс хан сайланды да, ол Ресеймен жақындасу амалын іздестірді. Бірақ, Жолбарыс хан 1739 жылы бәсекелестер қолынан қаза тауып, елді оның мұрагерлері басқарған. XVIII ғасырдың 40 - жылдарында Ұлы жүз тайпаларының кейбір бөлігі Ресейге бодан болды. Бірақ бұл өңірдің Ресейден тым шеткері орналасуының нәтижесінде патша өкіметінің әмірі Ұлы жүз еліне шын мәнінде XIX ғасырдың ортасына дейін жүре қоймады.
Ұлы жүз жұртшылығы сан рет шетел басқыншыларының шабуылына душар болды. XVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында Жоңғар шабуылының зардабын шекті. XIX ғасырдың басында Ұлы жүз мекенінің едәуір бөлігі Қоқан хандығының өктемдігін мойындауға мәжбүр болса, осы ғасырдың ортасында Ресей патшалығына бодандыққа еріксіз мойынсұнды.
1848 жылы патша үкіметі Ұлы жүз қазақтарын басқару үшін Батыс - Сібір генерал - губернаторының құрамында Үлкен орда приставствосын (басқармасын) құрды. XIX ғасырдың 70 - жылдарында Түркістан генерал - губернаторының құрылуына байланысты, оның құрамында Жетісу және Сырдария облыстары құрылды да, олар уездерге, облыстарға және ауылдарға бөлінді. Ұлы жүз қазақтарын патшалы Ресей тарапынан осылайша басқару жүйесі Қазан төңкерісінің жеңісіне дейін созылды.
XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында Ұлы жүз қазақтары негізінен Жетісу облысының Қапал, Жаркент және Верный уездерінде, Сырдария облысының Әулиеата, Шымкент және Ташкент уездерінде мекендеген.
в) Кіші жүздің ру - тайпалары туралы. ... жалғасыҚазақ хандығы мен жүздерінің қалыптасуынан көп бұрын, сонау Алтайдан Дунайға дейінгі атырапта Қыпшақ тайпалық одағы өмір сүрді. Олар көптеген қазақ тайпаларының этникалық құрамына енді. Уақыт өте келе Шығыс және Орталық Қазақстан жерінде Орта жүз бірлестігі қалыптасты. Олардың тікелей түп төркіні Көк орда мен көшпелі өзбек мемлекетінің құрамындағы тайпалар еді. Соның ішінде әсіресе, Орта жүз бірлестігін қалыптастырудағы Арғын тайпасының ықпалы мен орны өзгеше болатын. Сондықтан да халық Орта жүз қазақтарын «Орта жүз - арғын» атандырған. Оның құрамына - арғын, найман, уақ, қыпшақ және қоңырат тайпалары енеді.
Орта жүз қазақтарының қысқы тұрағы - Сырдарияның орта ағысында, Қызылқұм, Мойынқұм өңірлерінде, Қаратаудың терістік беткейінде, Балқаш көлінің солтүстігінде болатын да, жазда Тобыл, Ертіс, Сарысу өзендерінің бойлары мен Сарыарқа өңірін жайлайтын. Орта жүз бірлестігі пайда болғаннан бастап, оның мекен - жайының аумағы біртіндеп кеңейе түсті. XVII ғасырда Орта жүз жұртшылығы Орталық, Солтүстік, Шығыс және Оңтүстік Қазақстанның кең атырабын мекендеген еді. XVI - XVII ғасырларда Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім және Тәуке хандардың қоластындағы кең өңірде негізінен Орта жүз қазақтары мекендеді. XVIII ғасырдың басында Орта жүз жерінде Сәмеке және Күшік хандаодың дербес хандықтары; Барақ және Әбілмәмбет төрелердің дербес иеліктері жеке - дара өмір сүрді. Мұндай феодалдық бытыраңқылық қазақ жерінің айтарлықтай бөлімін XVIII ғасырдың басында Жоңғар мемлекетінің жаулап алуына мүмкіндік туғызды. Айталық, наймандар мен керейлерді Алтайдан, Ертіс бойы мен Тарбағатай өңірінен; арғындарды Орталық және Оңтүстік Қазақстанның шығысынан Орталық Қазақстанның Солтүстік - батысы мен Оңтүстік өңіріне ығысуға мәжбүр етті. Бірақ Орта жүз жұртшылығы Жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық күресті бір сәтке де тоқтатқан жоқ. Оның басында Абылай хан, Қанжығалы Бөгенбай батыр, Қаракерей Қабанбай батыр, Шақшақ ұлы Жәнібек батыр, Қаз дауысты Қазыбек би, Сүйіндік, Бұқар жырау, Олжабай батырлар тұрды. Ұлы жүз тайпаларының мекен - жайы түгелдей Жоңғарлар билеуіне көшті де, Төле би Ташкентте отырып, Жоңғар хандығына бағынышты жағдайда салық төлеп тұруға мәжбүр болды. Ал, Кіші жүз елі - солтүстіктен казактар, башқұрттар, батыстан Еділ бойы қалмақтарының толассыз шабуылының нәтижесінде Әбілқайыр ханның басшылығымен Ресейге арқа сүйеуге мәжбүр болды. Сөйтіп, олардың Орталық, Солтүстік және Шығыс Қазақстанда жоңғарға қарсы жүргізілген шайқастардан тыс қалғандары да шындық. Тіпті, Жоңғар мемлекетінің күйреуі кезінде Шығыс Түркістан шегінен өтіп жауға ойран салған да Бөгенбай, Қабанбай батырлардың айбынды қолдары болатын.
XVIII ғасырдың екінші жартысында, Жоңғар хандығының күйреуінен кейін Орта жүз тайпалары өздерінің атамекеніне оралды. XVIII ғасырдың соңына қарай олар Ырғыз, Торғай өзендеріне, Ресей шекарасынан Сырдарияның ортаңғы ағысына дейінгі аралықты алып жатты.
XVIII ғасырдың 40 - жылдарында Орта жүз Ресей патшалығына бодандыққа түсуге мәжбүр болады. Жоңғар хандығы мүлде күйреген соң, Абылай сұлтан Орта жүз қазақтарын жеке хандыққа біріктіріп1771 жылы үш жүзге хан сайланды. XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында Орта жүз жұртшылығы біршама өсіп, олардың мекен - жайы да кеңейе түсті. Нәтижесінде 1815 жылы Орта жүзде екінші хандық қалыптасып, Бөкей хан сайланды. 1817 жылы Бөкей хан, 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін патша үкіметі Орта жүздегі хандықтарды жойып, олардың орнына 1824 -1859 жылдар аралығында Қарқаралы, Көкшетау, Аякөз, Ақмола, Аманқарағай, Баянауыл, Үшбұлақ, Көкпекті, Құсмұрын және Атбасар сияқты он сыртқы дуандарды құрып, оларды дуанбасы - төрелер басқаратын етті. Дуан 15 - 20 болыстан, әр болыс 10 -12 ауылдан тұратын. Мұндай әкімшілік жүйесі XIX хасырдың 60 - жылдарына дейін өмір сүрді.
Патшалы Ресей тарапынан қазақ хандығын жою халықтың мемлекеттігін, өз алдына елдігін жою әрекеттері отарлау саясатының негізгі мақсаты болғандағы даусыз. Сондықтан қазақ мемлекеттігі үшін күрес толастамады. Абылай ханның немересі Кенесары Қасымұлы 1837 - 1847 жылдар арасында азаттық үшін күрес жүргізді. Кенесары қазақ халқының соңғы ханы болды. Оны халық ақ киізге отырғызып хан көтерді. 1847 жылы патша генералдары астыртын айдап салған Алатау қырғыздарының қолынан қаза тапты. Осы тұста азаттық қозғалыс туыс халықтың қан төгісіне ұласқанын да айту керек.
1868 жылы саяси реформа бойынша Қазақстан жері облыстарға, уездерге, болыстарға және ауылдарға бөлінді. Қазан революциясына дейін Орта жүз жұртшылығы негізінен Торғай, Ақмола, Семей және жартылай Жетісу, Сырдария облыстарында мекендеген.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz