Интеграциялық процестердің қаржылық аспектілері


Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы
Баяндама
Тақырыбы: Интеграциялық процестердің қаржылық аспектілері
Орындаған: Қыдырмолданова Қ.
Тексерген: Жорабаева Ж. Қ.
2015ж.
Интеграция - латын сөзі. Қазақша түсінікте бірігу, толықтыру сынды мағынаға саяды. Ал енді осы тарих өткелдерінде ынтымақтаса, қоғамдаса, бірін-бірі толықтыру мақсатында тұтастай елдердің бірігуі ешқашан тым ұзақ мерзімді құрап көрмепті. Егер ойша шолсақ, біріге қимылдау көбіне-көп ортақ жауға қарсы соғыстардағы әскери одақ шеңберінен аса алмаған екен. Интеграция терминінің саяси, экономикалық негіздері туралы алғашқы ойларды айналымға енгізген ғалымдардың қатарына Р. Шмед, Х. Кельзен, Д. Шиндлер сынды неміс ғалымдарын жатқызуға болады. БЕНИЛЮКС. Жалпы, адамзат баласының бірігуге ұмтылысы оның есеюіне қатысты десе болғандай. Қоғам неғұрлым жетілген сайын әрі ғылыми-техникалық жетістіктердің адымы аршындаған сайын арадағы байланыстар да қарқын ала түседі. Ол, тіптен қолдан тоқтатамын десеңіз де өздігімен жүріп, егер оны реттеп отырмасаңыз жабайы қалыпта да дами беретінін уақыт көрсеткен.
Ал экономикалық мақсаттарда бірігудің алғашқы қадамдарының мысалына Бенилюкс елдерінің (Бельгия, Нидерланд, Люксембург мемлекеттерінің алғашқы буындарынан алынған сөз, 1921 жылдың 21 шілдесінде өмірге келген одағын жатқызуға болады. Үш елдің бұлайша бірігуінің бірнеше ортақ астары болатын.
Біріншіден, үшеуі де конституциялық монархиялы мемлекет, яғни корольдік, екіншіден, бір кездері бұлар Бургунд герцогтігінің құрамында болған, үшіншіден, орта ғасырлардан бері жалғасып келе жатқан экономикалық, оның ішінде, әсіресе, сауда бойынша тереңде жатқан байланыстар мен үш корольдік үндессек Еуропадағы саясатқа әсер етуде ықпалымыз күшейеді деген түсініктің өз әсерін тигізгені анық. Араларындағы кеден салықтарын алып тастап, ортақ кедендік тариф қойып, экономикалық мақсатта біріккен бұл одақтың адымы екінші дүниежүзілік соғыс басталғанда тым қысқарып кеткен еді.
Жалпы алғанда, кәрі құрлықта интеграциялық үдерістерге ұмтылу бірінші дүниежүзілік соғыстан соң байқалғанымен, оның нақтылануы екінші дүниежүзілік соғыстан кейін жүре бастады. 1950 жылы Франция Сыртқы істер министрі Роберт Шуман Еуропада көмір және болат одағын құру туралы декларациясын жария етті. Осыдан бастау алып, 1951 жылы Италия, Франция, Германия Федеративтік Республикасы мен Бенилюкс елдерін біріктірген Еуропалық көмір және болат бірлестігі дүниеге келген. Ал арада 6 жыл өткен соң аталған елдер Еуропалық экономикалық қауымдастықты, яғни «ортақ нарықты» өмірге әкелді. Біршама жылдан кейін бұл қауымдастыққа Ұлыбритания, Дания, Ирландия, Грекия, Португалия, Испания, Австрия, Швеция, Финляндия тартылып, оның соңы 1992 жылдан Еуропалық одаққа ұласқан. Игі ниет, оң бастама болғанымен де Бенилюкстің толық интеграцияға қол жеткізуі оңайлықпен келген жоқ. Тек 1974 жылдың 1 қаңтарында барып қана арадағы тауар, капитал айналымы мен қызмет көрсету нағыз еркін қалыпқа түскен. 1958 жылғы Бенилюкс елдерінің Экономикалық одағына қол қойған жоғары мәртебелілер - Бельгия королі Бодуэн I, Люксембургтің ұлы герцогинясы Шарлотта және Нидерланд патшайымы Юлиана одақтың басты мақсаттарын нақты көрсеткен. Онда еркін тауар айналымы мен азаматтардың бір елден бір елге еш кедергісіз, визасыз өтуі, қызмет түрлерін көрсету, капиталдың еркін айналымда жүруі, экономикалық-қаржылық кедергілердің болмауы, адамдардың жұмысқа тұрып, әлеуметтік сақтандыру жүйесінің қызметін қай елде де еркін пайдалануы, салық заңдылықтарында айырмалардың болмауы сынды жеке тұлғаларға қатысты көптеген жеңілдіктермен қатар, мемлекетте экономика, қаржы және әлеуметтік саясат жүргізуді үйлестіру, үш елге бірдей сыртқы сауда және сыртқы экономикалық саясат жүргізумен өзге елдерге қатысты бірыңғай кеден салығын салу сынды реттеулер жүзеге асырылды. Бұл мақсаттардың толығымен жүзеге асырылып қана қоймай, күні бүгінге дейін өзінің бастапқы маңызын жоймай отырғанын айта кету ләзім.
Бенилюкс елдері арасындағы қарым-қатынастарды кім реттеп отырды десек, онда алдымен мықты басқару инфрақұрылымының дүниеге келгенін айтуға тиіспіз. Ең жоғары орган-үш елдің сыртқы істер министрлерінен тұратын Министрлер комитеті, олар жыл сайын бірнеше рет кездесіп, арада туындаған мәселелерді шешіп, алдағы міндеттерді талқылап отырды. Және комитет шешімді тек бірауыздан ұйғарса ғана шығарып, ал оның орындалуы әр мемлекет үшін бұлтартпас міндет саналды. Комитетке үш елдің министрліктері мен ведомстволарының басшыларынан құралған Экономикалық одақ кеңесі қарады. Олар өз кезеңінде салалық арнайы комиссиялардың жұмысына жауап берді. Бенилюкстің әкімшілік және ұйымдастыру қызметін Бас хатшылық атқарды. Оның басшылығында Хатшылар алқасы тұрды. Жоғары мәртебелі монархтар қол қойған келісімге сәйкес, Бас хатшы - Нидерланд азаматы, ал екі орынбасар- Бельгия мен Люксембург азаматтары болуы тиіс. Парламент бойынша да үш елдің арасынан депутаттар сайланды. Бельгия мен Нидерланд үшін 21 депутат, ал Люксембургтен 7 депутат болуы тиіс, сондай-ақ, ортақ Сот палатасы, Арбитраж алқасы да құрылды. Асылында, осылайша Еуропадағы осы үш шағын мемлекеттің ұжымдасып қимылдауынан қарапайым азаматтар өмірінің жеңілдеуі кәрі құрлықтың интеграцияға бейімделуге деген ынтасын арттыра түскен. Бұл негіздер Еуроодақ құрылуының алғышарттары болды десек артық айтқандық емес.
ЕУРООДАҚ. Жоғарыда айтылған Көмір және болат бірлестігі мен Еуропалық экономикалық қауымдастық және Еуропадағы Атом энергиясы жөніндегі қауымдастықтың негізінде 1957 жылы Рим келісімі жасалса, ал 1967 жылы осы үш қауымдастық Еуропалық қауымдастыққа бірікті. 1985 жылдың 14 маусымы - ЕО үшін айтулы датаның бірі. Дәл осы күні Шенген келісімі дүниеге келді. Ол бойынша барлық ЕО аумағында кедендік тосқауылдар алынып, сыртқы шекаралардағы бақылау күшейтілетін болды (Келісім 1995 жылы 26 наурызда күшіне енді) . Нидерландының Маастрихат қаласындағы 1992 жылғы ЕО құру жөніндегі шарт кәрі құрлықтағы қазіргі саяси және қаржылық жүйе картинасын алып келді. Жылдар бойына тынбай жүргізілген интеграциялану үдерісінің еуропалық үлгісі тарихтың жаңа беттерін жаза бастады. Жаңа ортақ валюта- еуро өмірге келіп, ол 1999 жылдың 1 қаңтарынан ЕО аймағында қолма-қол ақшасыз түрінде айналымға түссе, 2002 жылдың басынан кәдімгі қағаз және тиын ақша түрінде жұртшылықтың қолына тиді. Осылайша Еуропа мемлекеттерінің валюталарды біріктіру саласындағы көп жылғы күш-жігері текке кетпеді. Бір ерекшелігі, мұнда еуро аймағына күштеп ендіру болған жоқ, кейбір елдер мәселен, Ұлыбритания, Дания, Швеция өз валюталарын сақтап қалды. Норвегия мен Исландия ЕО-ға мүше болмаса да Шенген аймағына енуге рұқсат алды, Черногория ЕО-ға да, Шенгенге де мүше болмаса да еуроны негізгі төлем түрі етіп қабылдады. Бір кездері Еуропа Құрама Штаттарын құру қажеттігі туралы ұсынылған идея ЕО тәрізді танымал халықаралық құрылымға айналды. 2000 жылы қабылданған Ницце Шарты бойынша ЕО компетенциясы саясаттың төмендегі бағыттарын қамтыды. Атап айтқанда, сауда, ауыл шаруашылығы, миграция, көлік, бәсекелестік, салық, экономика, валюта, кеден, өнеркәсіп, әлеуметтік сала, мәдениет және денсаулық сақтау салалары, экономикалық және әлеуметтік кірігу, тұтынушылар құқығын қорғау, трансеуропалық көлік және энергетика желілерін дамыту, зерттеулер мен технологияны дамыту, үшінші елдерге экономикалық, қаржылық және техникалық жәрдемдесу, сонымен бірге, ортақ қауіпсіздік пен ішкі істер мен құқық қорғау саласында интеграциялану бекітілді. Жалпы алғанда, осылардың барлығын маңызды үш топқа бөлуге болатындай. Оның алғашқысы - Экономикалық және валюталық одақ, екіншісі-ортақ сыртқы саясат және қауіпсіздік, үшіншісі- мүше елдердің ішкі істер мен құқық қорғау саласындағы әріптестіктері. 373 млн. тұрғын бір одақ аясына біріктіріп, ішкі нарықты қалыптастырып, сауда-экономикалық әрі саяси тұрғыда үндестікке жеткен бірден-бір құрылым - ЕО-ның штаб-пәтері Бельгияның астанасы Брюссельде орын тепкен.
Бенилюкс елдері одағындағы әкімшілік жағынан басқарудың құрылымы тәрізді ЕО да интеграцияны басты ұстаным еткен өз құрылымдарын түзген. Ол-Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, Еуропалық одақтың кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т. б. сынды іс-әрекеттерімен әлем санасып, пікірлеріне құлақ асатын, тұтас қарамай-ақ әрқайсысын жеке алғанның өзінде салмағы жоғары халықаралық беделді ұйымдар. Еуропалық одақ әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында Еуропалық одақ комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық одақ және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. ЕО - еліміздің сыртқы саясаттағы басты әріптестерінің бірі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz