Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жүйесі және жетілдіру жолдары


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1. АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Азық-түлікпен қамтамасыз ету ұғымы
1. 2. Әлемдегі азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің тәжиребесі
1. 3. Қазақстанда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің нормативтік-құқықтық негіздері
2. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖҮЙЕСІ
2. 1. Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеу
2. 2. Аймақтардағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жағдайы мен механизмдерін талдау
2. 3. Қапшағай қаласының азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі
3. АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЙЫНША ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
3. 1. Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің азық-түлік дағдарысы проблемалары
3. 2. Қабылдануы тиіс шаралар және күтілетін нәтижелер
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
КІРІСПЕ
Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің құқықтық мәселелеріне, атап айтсақ, азық-түлік қауіпсіздігінің жалпы түсінігі, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі халықаралық заңнамалардың қалыптасуы мен даму тарихын анықтауға, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің міндеттері мен мақсаттарын ашуға, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қағидалары мен қайнар көздерін анықтап, белгілеуге, азық түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету ұлттық және экономикалық қауіпсіздігінің ажырамас бір элементі ретінде талдау жасауға, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуде мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын органдардың құзыреті мен мақсаттарына тоқталып, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге салыстырмалы талдау жасау, аймақтық азық-түліктік қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз етуге баға беру, Қазақстанның азық-түлік нарығының құқықтық, ұйымдық-экономикалық мәселелерін зерттеу, азық түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі шет мемлекеттердің әдістердері мен тәртібі мен Қазақстан Республикасының «Азық түлік қауіпсіздігі туралы» модельдік Заңы мен кейбір нормативтік құқықтық актілердің жетілдіру мәселелеріне тоқталған.
Дипломдық жұмыстың тақырыбының өзектілігі.
Қазақстан Республикасы егемендік алып жоспарлы экономикадан нарықтық экономикалы қоғам құруға бет бұруы көптеген экономикалық, құқықтық және әлеуметтік реформалар арқылы жүзеге асырылды. Ауыл шаруашылығы - ел үшін өзекті салалардың бірі. 2008 жылғы ақпан айында Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауыда: «Дамудың жаңа кезеңі ел агроөнеркәсіп кешенінің алдына бірқатар жаңа, аса маңызды міндеттер қойып отыр. Елдің азық-түлік қауіпсіздігі қамтамасыз етілуге тиіс. Ол үшін ауыл шаруашылығына және тамақ өнеркәсібіне инвестициялар тартуды ұлғайту қажет. Қазақстан азық-түліктің негізгі түрлері бойынша өз қажеттілігін қамтамасыз етеді әрі экспорттық әлеуетке ие.
Ел мұқтажы қанағаттандырылмай отырған маңызды тамақ өнімдерін өндіруді ынталандыруға ерекше назар аудару талап етіледі. Мәселен, өсімдік майы, жемістер, қант және басқалар. Біздің бұл проблемаларды шешуге мүмкіндігіміз бар», - деген[1] .
Бүгінгі таңда мемлекет тарапынан азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында біраз оң шаралар жасалып жатыр. Қазақстан өткен жылы бидай өндіру бойынша жан басына шаққанда Австралияны артқа қалдырып, әлем бойынша бірінші орынға шықты. Елімізде қайта өңдеу кәсіпорындарының саны өсіп, жаңа бағыттар - кластерлер дамуда. Көптеген кәсіпорындар өнімнің халықаралық стандарттарын енгізіп, өсімдік карантинін қамтамасыз ету жүйесі халықаралық талаптарға сәйкестендіру жұмысы жалғасуда [2] .
Соңғы уақыттарда ауыл шаруашылығындағы реформаларды тереңдетуге бағытталған жаңа қадамдар жүйелі жүргізілуімен ерекшеленеді деуге болады. Алайда, аграрлық сектор өндірісін құқықтық үйлестіре білу жағы соған ілесе алмай жүргендігін еске салмасқа болмайды. Заңнамалық құжаттар мен актілердің қатарында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қатыстылары жоқтығы өкінтеді. “Астық туралы” Заңда жалпылама аталғанымен, негізгі қағидасы нақты тұжырымдалып көрсетілмеген. Менің ойымша, аталған мәселе жөнінде арнаулы заң қабылдау қажеттігі бүгінгі өмір талабы болып табылады. Алдымызда Бүкіләлемдік сауда ұйымына кіру мақсаты тұр. Ертеңгі күні шетелден қаптайтын өнімдерден өз өнімдеріміз сапасы жағынан да, бағасы жағынан да олқы соқпауы, қатаң бәсекеге қабілетті болуға тиістігі айдан анық. Мұндай заң жоғарыдағы ұйымға енбес бұрын алдын-ала қабылданғаны жөн болар да еді. Өйткені, ішкі нарықты, отандық өндірушілер мүддесін қорғаудың, азық-түліктің жеткілікті қорын жасақтаудың құқықтық тетіктерін құру игі мақсаттың ойдағыдай орындалуына кепілдік жасайды. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету кешенді іс-шаралардың жүйелі, дәйекті атқарылуын талап етеді.
Жалпы алатын болсақ, адамның тамаққа деген құқығы - табиғи құқыққа жатқызуымыз керек, себебі, азық-түлік қауіпсіздігінің маңыздылығы адам қажеттіліктерінің құрылымында, тамаққа деген қажеттілік алғашқы қажеттілік болып табылады.
Осы тарапта мемлекетіміздің ұлттық қауіпсіздігінің бірі болып табылатын азық-түлік қауіпсіздігінің құқықтық қамтамасыз ету мәселесі бүгінгі өмір талабы болып отыр.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Азық-түлік қауіпсіздігінің теоретикалық-методологиялық мәселелерін шетелдік және отандық ғылыми зерттеушілердің еңбектерінде қарастырылған А. Смит, Т. Мальтус, Д. Риккардоның, К. Маркстің, П. Эрлихтің, А. Маслоутің, В. Паретотің, М. Лоудың және басқалары өздерінің еңбектерінде азық-түлікті өндіру мен тұтынудың маңыздылығын көрсетті.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің дәстүрлі екі жолы бар, олар - азық-түлікті отандық өндіру мен адекватты материалдық резервті құрұ. Алайда ХХ ғасырдың екінші жартысында азық-түлік қауіпсіздігінің концепциясы батыстың ғалымдары А. Сендің, Дж. Конуэлдің, Е. Барбердің, Дж. Маделэйдің тұжырымдамалары арқылы қайта қарастырылып, қорытындысында азық-түлікке деген экономикалық қол жетімділіктің тұжырымдамасы өмірге келді.
Кеңес уақытында азық-түлікпен қамтамасыз ету мәселелерін ХХ ғасырдың басында Н. Кондратьевпен, А. Чаяновпен, Н. Бухаринмен және т. б. кеңес ғалымдарымен қарастырыла бастаған. Өткен ғасырдың 60-70 ж. ж. азық-түлікті тұтыну мен өндірудің ара қатынасы В. Ф. Майердің, В. М. Рутгайзердің, В. Н. Сергиевскидің, И. С. Шевцованың еңбектерінде зерттеле бастады.
Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктің жалпы теориялық негіздерін құрастыруға айтарлықтай үлестерін қосқан ғалымдар аз емес, олар Л. И. Абалкин, А. И. Архипов, СЮ. Глазьев. А. Г. Гранберг, А. Н. Илларионов, Д. С. Львов, В. К. Сенчагов, Н. П. Федоренко және т. б.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің әртүрлі аспектілері шет елдің, сонымен қатар ресейлік көптеген ғалымдарының зерттеулерінде, соның ішінде Б. Стоукстің, Д. Байрлидің, Б. Портилдің, Г. Конвэйдің, Ж. Буринэнің, М. Флоидің, В. Г. Агаевтың, В. Ю. Багановтың, П. Т. Бурдуковтың, В. Р. Боевтың, . И. Алтуховтың, В. С. Балабановтың, Е. Н. Борисенконің, Д. Ф. Вермельдің, Р. Р. Гумеровтың, А. В. Гордеевтің, А. А. Емельяновтың, В. П. Зволинскийдің, А. Г. Зельднердің, В. В. Маслаковтың, В. А. Милосердовтың, Е. В. Серова, И. Г. Ушачев, Л. С. Чешинский, Ю. С. Хромовтың, Т. В. Юрьеваның және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Соңғы жылдары Қазақстанда мемлекетіміздің азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері белсенді түрде талқыланы бастады, Отандық ғалымдардың Л. А. Әбділдинаның, Ғ. Ү. Әкімбекованың, Р. А. Алшановтың, С. Б. Ахметжанованың, А. М. Баяндинованың, В. В. Григоруктың, А. Т. Есполовтың, Т. А. Есіркеповтың, А. А. Кайгородцевтің, М. Е. Қазембаевтың, Г. А. Қалиевтың, К. А. Сағадиевтың, А. А. Сатыбалдинның, А. Б. Молдашевтың, А. Б. Тілегеновтың, Е. Әмірбекұлының және көптеген басқалардың жұмыстарында азық-түлік қауіпсіздігің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері қарастырылған.
Қарастырылып жатқан мәселе бойынша орындалған еңбектер санының көптігіне қарамастан, азық-түлік қауіпсіздігінің құқықтық мәселелері жеткіліксіз зерттелген.
Менің ойымша, азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң құқықтық концепциясын құрастыру кезінде көптеген мәселелер мен сұрақтар толық зерттелмеген және оның азаматтардың тұрмыс деңгейі мен тұрмыс сапасына ықпалын бақылау, ұлттық және экономикалық қауiпсiздiк жүйесіндегі азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң алатын орнын зерттеу, азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң құқықтық қамтамасыз етудің тиiмдi механизмдерін құрастыру жеткiлiксiз зерттеліп қалуда. Қазiргi өмір болмысына сәйкес, азық-түлiк қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің теориялық және практикалық маңыздылығының аз зерттелу себебінен, менің диссертациялық тақырыбымның таңдалуына себепшi болды.
Дипломдық жұмыстың объектісі мен пәні. Зерттеу объектісі болып Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету аясында пайда болатын қоғамдық қатынастар табылады.
Дипломдық жұмыстың пәні азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің құқықтық тетігі болып табылады.
Диссертациялық зерттеудің мақсаты. Зерттеудің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету аспектілеріне теориялық және тәжірибелік талдау жасау. Диссертациялық жұмыстың Қазақстан Республикасындағы азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыда зерттеу, талдау және ғылыми негізделген ұсыныстар жасаудан тұрады. Анықталған мақсатқа жету үшін келесідей міндеттер шешілуі тиіс:
- Азық-түлік қауіпсіздігінің ұғымына қолданатын көзқарастардың эволюциясын зерттеу;
- Қазақстан Республикасындағы азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң деңгейi және азық-түлiк нарығының импорттан тәуелдiлiгiне баға беру;
- Қазақстан Республикасының азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудің тиімді жолдарын табу және оны көрсету;
- Қазақстанның азық-түлік нарығының құқықтық, ұйымдық-экономикалық мәселелерін ашу, анықтау;
- Азық түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етудегі шет мемлекеттердің әдістердері мен тәртібі анықтау;
- Қазақстан Республикасының «Азық түлік қауіпсіздігі туралы» модельдік Заңы мен кейбір нормативтік құқықтық актілердің жетілдіру мәселелерін талдау;
Дипломдық жұмыстың әдістемелік негізі . Диссертациялық зерттеудің әдістемелік негізі ретінде диалектикалық, салыстырмалы-құқықтық талдау, логикалық және ғылыми зерттеу жүргізудің жалпы ғылыми әдістері қолданылды.
Дипломдық жұмыстың теориялық негізі. Осы зерттеудің теориялық негізін құқық, экономика, саясаттану, халықаралық құқық саласындағы ғалымдардың еңбектері құрады. Зерттеліп отырған проблеманың жекелеген мәселелері Л. А. Әбділдинаның, Ғ. Ү. Әкімбекованың, Р. А. Алшановтың, С. Б. Ахметжанованың, А. М. Баяндинованың, В. В. Григоруктың, А. Т. Есполовтың, Т. А. Есіркеповтың, А. А. Кайгородцевтің, М. Е. Қазембаевтың, Г. А. Қалиевтың, К. А. Сағадиевтың, А. А. Сатыбалдинның, А. Б. Молдашевтың, А. Б. Тілегеновтың, Е. Әмірбекұлының және т. б. ғалымдардың ғылыми еңбектерінде баяндалған.
Дипломдық жұмыстың нормативтік негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелерін реттейтін ұлттық, халықаралық нормативтік құқықтық актілер құрады.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы болып, отандық ғалымдардың бұл тақырып төңірегінде айтарлықтай ғылыми жұмыстарының терең зерттелмеуі мен аздығы болғанымен зерттелінетін мәселенің тек фрагмент ретінде бейнеленуіне байланысты азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелерінің айқындалуы табылады.
Диссертациялық зерттеудің жаңалығы келесіге негізделген:
- азық-түлік қауіпсіздігін мемлекеттік реттеуді қамтамасыз ететін органдардың қызметі зерттелді;
- азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз етуге байланысты құқықтық талдау жүргізілді;
- Қазақстан Республикасындағы азық-түлiк қауiпсiздiгiнiң деңгейi және азық-түлiк нарығының импорттан тәуелдiлiгiне баға беру мәселелері анықталды;
- азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамаларды жетілдіру жөнінде нақты теориялық ұсыныстар келтірілді.
Қорғауға ұсынылып отырған тұжырымдар:
1. Азық-түлік қауіпсіздігі деп - сыртқы және ішкі жағдайларға қарамастан, тамақтанудың физиологиялық нормаларына сәйкес халықтың тамақ өнімдеріне деген қажеттерін қанағаттандыратын тиісті ресурстармен, әлеуетпен және кепілдіктермен қамтамасыз етілген экономиканың, соның ішінде оның агроөнеркәсіптік кешенінің жай-күйі болып табылады.
Тағамға деген күнделікті қажеттілік өзіміздегі өндіру мен импорт арқылы қанағаттандырылады. Сол себепті агроөндірістік кешендерді құру және оның дамуына қолайлы жағдайларды туғызу - қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтерудің басты міндеті ретінде қарастырылуы керек.
2. Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жариялы жүргізу және оны жүзеге асыруда жауапкершілікті арттыру.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - комплексті шара және ол Қазақстан халқының тең жарымы тұрып жатқан ауылды көтеру мәселесімен тығыз байланысты. Бұл бағытта формалды түрде көп нәрсе жасалынып жатыр: көптеген республикалық және жергілікті деңгейде бағдарламалар қабылданып, бірнеше арнайы мамандандырылған даму институттары құрылды. Бірақ ауылды көтеру, агрокешендердің тұрақты дамыту мәселелері әлі күнге дейін шешімін таба алған жоқ.
- Азық-түліктің жетіспеушілігі табиғи құбылыстармен, соғыстармен, мемлекеттегі түрлі экономикалық дағдарыстармен, қоғамдық құрылыстың түбегейлі өзгерістерімен және т. б. себептермен туындалған жойқын құбылыстардың себебіне орай туындап отырады. Осыған орай жекелеген адам үшін де, сондай-ақ тұтастай мемлекет пен әлем үшін де азық-түлікпен және азық-түліктік қауіпсіздікті тұрақты қамтамасыз ету проблемасы туындап отырады. Ұлттық қауіпсіздік жүйесіндегі азық-түліктік қауіпсіздік мәселесінің маңыздылығы сонымен қатар оның экологиялық қауіпсіздікпен тығыз байланысты болуында болып отыр.
4. «Мемлекетте неғұрлым нан аз болса, соғұрлым онда саясат көп болады», - деген қағида бар. Шынымен де, адам баласы өмір сүру үшін күнделікті азық-түлікті қажет етеді, ал мемлекет адамдарға азық-түлікле қол жетімділігін қамтамасыз етуі шарт. Азық-түлік қауіпсіздігін құқықтық қамтамасыз ету үшін мықты мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару мен реттеу жүргізілуі қажет.
Дипломдық жұмыстың теориялық және тәжірибелік маңыздылығы бұл тақырыптың қазіргі уақыттағы өзектілігімен, ғылыми жаңашылдығымен, теориялық және тәжірибелік сипаттағы ұсыныстарымен сипатталады. Зерттеу материалдары белгілі бір деңгейде азық-түлік қауіпсіздікті құқықтық қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі түсінікті кеңейтуге септігін тигізеді. Энергетикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі мемлекеттік саясаттың тиімді жүргізілуіне септігін тигізеді.
1. АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1. 1. Азық-түлікпен қамтамасыз ету ұғымы
Азық-түлік қауіпсіздігі ұғымы, осыдан 30 жыл бұрын, "геосаясат" ұғымы секілді, адамзаттың құлағын мазалатқан болатын. Бүгінгі таңда азық-түлік қауіпсіздігінің ұғымы саясаткерлер мен заңгерлер лексиконының бөлігі ретінде қалыптасты [3] .
Тұңғыш рет «азық-түліктік қауіпсіздік» термині практикаға астық әлемдік бағасы күрт өсіп кеткеннен кейін 1974 жылы Римде болып өткен ФАО ұйымдастырған Азық-түлік мәселелері жөніндегі дүниежүзілік конференциясында енгізілген болатын.
1996 жылы 20 жылдан кейін азық-түлік мәселелері жөніндегі жоғары деңгейдегі өткізілген дүниежүзілік бас қосуда азық-түлік ұғымы толық ашылған болатын. Бас қосудың қорытындылары бойынша Дүниежүзілік азық-түліктік қауіпсіздік жөніндегі Римдік декларация қабылданған. Осы декларацияға сәйкес азық-түлік қауіпсіздігі - бұл тұтастай мемлекеттің халқы мен жеке алғанда әр азаматына азық-түліктің сапасы, ассортименті мен көлемі жағынан толық қажеттерін қанағаттандыратын тұлғаның дене бітімі мен әлеуметтік дамуы үшін, ел халқының денсаулығы мен кеңейтілген ұдайы өсуі үшін қажет болатындай және жеткілікті болатындай тамақ өнімдеріне, ауыз су мен өзге де тамақ өнімдеріне қол жеткізуге кепілдік берілетін экономиканың жағдайы деп көрсетті [4] .
Қазақ елінің тарихында атам заманнан азық мәселесі ауқымды орын алған. Халық өзін азықпен қамтамсыз ету үшін, ең бірінші жер қажет болған. Жер тайпаның, халықтың, мемлекеттің тіршілігінің негізгі және олардың шаруашылық қызметнің материалдық базасы болған. Ол мал және басқа да мүлік сияқты адам өмірінде аса маңызды мәнге ие болды. Кейбір жағдайларда жер мал мен мүлікке қарағанда құндырақ болатын. Тайпалар, халықтар, мемлекеттер арасындағы соғыстардың басым көпшілігінің белгілі бір жердегі, аумақтағы билік үшін болуы да бекер емес. Аумақ ретінде пайдаланылатын жерді «туған ел» деп, ал шаруашылық қызмет үшін пайдаланылатын жерді шаруашылықтың бір бөлігі деп санаған. Жерге меншік құқығы оны пайдалану құқығы ретінде қарастырылған. Кейбір ғалымдар бұл құқықты әдет құқығы деп санайды. Өз мазмұны бойынша жер пайдалану құқығы жерге меншік құқығымен бірдей болған.
Жер кеңістікте шектелген ежелгі мемлекеттің қызметінің негізі болған. Аумақсыз ешбір халық, ешбір мемлекет өмір сүре алмайды. Үлкен аумақтарды біздің заманымызға дейінгі бірқатар мемлекеттер - қазіргі ата-бабалары - сақтардың, қаңлылардың, үйсіндердің және ғұндардың мемлекеттері иеленген.
Тайпалар жерді иелене отырып, жерді өңдеумен айналысып, әр түрлі дәнді дақылар егіп, мал шаруашылығымен айналысқан. Ертедегі қазба дерекетеріне сүйенсек, неолит дәуірінде тайпалар аңшылықпен және балық аулаумен, мал шаруашылығымен және жер өңдеумен айналысты. Ал қола дәуірінде, б. з. д ІІ-мыңжылыдқтарда шаруашылық жүргізудің мал шаруашылық жер өңдеу түрлері қалыптасты, жақсы дамыған металлургияда болды. Осыдан кейін де ғұн, үйсін, түркеш және тағы басқа мемлекеттіктер дами келе егін шаруашылығы және бау-бақша өсіріп, оларды жасанды жолдармен суғарып отырғандығы бәрімізге мәлім.
Қазақ хандығы кезеңінде өндірістік қатынастардың сипаты қазақ ауылдарында топырақтық климаттық жағдайларына байланысты жер пайдалану мен жерге меншіктің түрлі нысандары болғандығын көрстеді. Осы жағдайлардың нәтижесінде көшпелі және жартылай көшпелі мал шаруашылығы басы ролді иеленді. Ауыл шаруашылығындағы дәнді дақылдарды арпа бидай, сұлыны өсіріп егін шаруашылығының дамыған түрімен айналысып, оларды сол кезеңдегі технологиялармен өңдеп, басқа хандықтарға сатқан немесе айырбас жасаған.
Ресейдің үстемді кеткен кезеңіндегі тарихында Қазақ халқы Ресейге қосылуымен байланысты үкімет бұл жерлерді Ресей мемлекетінің меншігі ретінде жойылды. Хан билігі жойылды, жергілікті халық колониялдық басқару органдарына бағынады. Патша билігі жайылымдық жерлерді «бос жерлер» деп санады. Көшіп-қону басқармасының алдында мынандай міндет қойылды - жергілікті халықтың осындай жерлерін қысқартудың есебінен көшіп-қону қорын көбейту. Мал шаруашылығының айрықша ерекшеліктерімен, қажеттіктерімен санаспай билік құрылымдары жергілікті еңбек шаруа халқының жер пайдалану нормаларын аяусыз қысқартты [5] .
Қазақтардың жартылай көшпелі өмірі сипатталды. Жартылай көшпелі шаруашылығының сипаты болып күздік жайлымдардың, қыстаулармен жақын жердегі шөптердің олардағы құдықтар мен ормандармен бірге жекелеген ауылдардың, тіпті, жекелеген отбасылардың меншігінде болып табылады. Сондай-ақ азық-түлік оның ішінде мал, өсімдік, егін шаруашылығымен қазақ шаруалар айналысқан. Ресей мемлекеті азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алған.
КСРО құрамы кезеңіндегі тарихында азық-түлік қауіпсіздігіне байланысты көптеген өзгерістер болды. КСРО-ға еген кезден бастап жер, су, орман, тау және басқа құқықтық қатынастарға түбегейлі өзгерістер енгізді. Революциядан кейінгі алғашқы жылдарда патшалық рекрияциялық аграрлық саясаттың саладары байқалатын. Қазақстандағы Ресей империясының отарлау саясатының Қазақстандағы Ресей империясының отарлау нәтижесінде Қазақстандағы 28, 2 млн ондық жыртуға икемді жердің 22, 7 млн ондағы халықтың пайдалануынан алынды.
Шаруашылықтың ұжымдық шаруашылықтарға және ұжымдық шаруашылықтың басқа да нысандарына ауысуын ұйымдастыру тек мәжбүрлеу әдістерімен ғана жүзеге асырылды. Мысалы, ОАК-тың (ЦИК) 1930 жылғы 1-ақпандағы «Ауылшаруашылығын социалистік қайта құру және кулактармен күрес бойынша шаралар туралы» қаулысына сәйкес жергілікті органдарға мәжбүрлі ұжымдастырға кедергі жасаушы ірі шаруашылықтармен күресу, тіпті, олардың мүлкін тәркілеп, қатысушыларды елдің шалғай игерілмеген аудандарына айдап жіберу құқығы берілді.
Ауыл шаруашылғын жаппай ұжымдастыру (1929-1935ж. ж) кезінде ауыл шаруашылық кооперациясының кең тараған түрі болып артель табылды. Көшенді және жартылай көшпенді аймақтарда да біршама ауыл шаруашылғын ұжымдастыру белгілері көрініс тапты.
Жоғарыда айтылғандай, ұжымдастыру ауыл шаруашылығында мәжбүрлі түрде жүзеге асырылды және де мұнда көшпенді және жартылай көшпенді тұрғылықты халықтан барлық мал мен астық мәжбүрлі түрде алынды. Осының нәтижесінде, Қазақстанда ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастырудың алғашқы кезеңінде тұрғылықты халықтың екі миллионнан астам адам ашаршылықтан өлді. Ұжымдастыру салдары азық-түлік қауіпсіздігіне кері ықпалын тигізгені айдан анық көрініс тапты. БКП Орталық комитеті 1932 жылғы 17-қыркүйекте «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы және мал шаруашылығы туралы» қаулы қабылдады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz