Қаржы жүйесін ұйымдастыру



Алқалы жиындарда Елбасы әлденеше рет айтқан, ал осы жолы Үкіметтің алдына нақты қойған маңызды міндет – экономиканы долларсыздандыру. Қаржыгерлер түсіндірсе, долларсыздандыру – бұл қандай да бір елдің мемлекеттік органдары немесе орталық банкінің ел аумағында шетелдік валютаның төлем қаражаты ретінде ендей түсуіне қарсы жүйелі шаралары. Ал қарапайым тілмен айтқанда – экономиканы доллардан алыстатып, ұлттық валютаға басымдық беру. Бұл тақырып қазір көптеген елдердің «басын ауыртып» отырған қаржы саласының күн тәртібіндегі ең бір өзекті мәселе екендігі белгілі. Ашығын айтқанда, бұл «бас аурудың» белгілері әсіресе кешегі КСРО құрамындағы республикаларға тән екендігін айтып жүрген сарапшылардың пікірі тура. Тіпті қазақстандықтардың түсінігі де долларланып кеткені жасырын емес. Өйткені, жаһан елдерін жіпсіз байлаған осы «көк қағаз» біздің елімізде де құлашын кең сермеп, тамырын терең жая бастады. Бүгінде барлық ірі қаржылық операциялар доллармен жүзеге асып, қазақтың мұнайы долларға сатылып жатыр. Қазақстан экономикасының 30-дан 80 пайызға дейіні долларға тәуелді. Ал депозиттердің 70 пайызы басқа валютамен сақталып, 30 пайызы ғана төл теңгеге бұйырып отыр.
Осындай айқын ауытқушылықтар аясында экономиканы долларсыздандыру үшін бірқатар мәселелер кешенін шешу керек. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім еткендей, ол үшін ең алдымен ұлттық банкілік жүйені ұлттық валютада, яғни теңгемен қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Егер қорландыру ұлттық валютамызда жүретін болса, онда кредиттеу де ұлттық валютада жүзеге асады. Олай болса, доллар бағамының құбылуы қандай да бір мәселені шешуге соншалықты әсер етпес еді. Бірқатар экономист-ғалымдардың пікірлері де осы несие беруді жеңілдетіп, несие саясатын жүргізгенде теңгеге көбірек мән беру және экспорт-импорт операцияларын доллардан тыс басқа да валюталармен жүргізу қажеттігіне саяды. «Экономиканы долларсыздандыру оңай шаруа емес. Бірақ оның айналымдағы ықпалын 40 пайызға дейін түсіріп, нарықта тепе-теңдік орнатуға болады», дейді олар.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың мәлімдегеніндей, қазір Үкімет пен Ұлттық банк бірлесе арнайы жұмыс тобын құрып, Қазақстан экономикасын долларсыздандыру жөніндегі шаралар қоржынын жасауда. «Бұл бағытта негізгі функцияның Ұлттық банкке артылатыны түсінікті, бірақ біз бүгінде қазіргі долларлану деңгейінің айтарлықтай төмендегеніне аса мүдделіміз. Бұл нарықтың тұрақтылығына, ішкі нарықты теңгемен дамытуға, импорттың орнын басуға қатысты маңызды мәселелер», деді Е.Досаев. Оның ақпараты бойынша, қазір жұмыс тобын премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев басқарады. Оған қаржылық-экономикалық блоктың орынбасарлары, салалық министрліктер қатысады. Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары қазір бұл проблемамен жұмыстар істеуде.

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті
Экономика және бизнес жоғары мектебі
Қаржы кафедрасы

Тапсырма №2
Тақырыбы:Аннотация Қаржы жүйесін ұйымдастыру

Орындаған:Таласбек М.
Тексерген: Жорабаева Ж.Қ.

2015ж.

Сыртқы фактор ішкі нарықты реттемейді
Алқалы жиындарда Елбасы әлденеше рет айтқан, ал осы жолы Үкіметтің алдына нақты қойған маңызды міндет - экономиканы долларсыздандыру. Қаржыгерлер түсіндірсе, долларсыздандыру - бұл қандай да бір елдің мемлекеттік органдары немесе орталық банкінің ел аумағында шетелдік валютаның төлем қаражаты ретінде ендей түсуіне қарсы жүйелі шаралары. Ал қарапайым тілмен айтқанда - экономиканы доллардан алыстатып, ұлттық валютаға басымдық беру. Бұл тақырып қазір көптеген елдердің басын ауыртып отырған қаржы саласының күн тәртібіндегі ең бір өзекті мәселе екендігі белгілі. Ашығын айтқанда, бұл бас аурудың белгілері әсіресе кешегі КСРО құрамындағы республикаларға тән екендігін айтып жүрген сарапшылардың пікірі тура. Тіпті қазақстандықтардың түсінігі де долларланып кеткені жасырын емес. Өйткені, жаһан елдерін жіпсіз байлаған осы көк қағаз біздің елімізде де құлашын кең сермеп, тамырын терең жая бастады. Бүгінде барлық ірі қаржылық операциялар доллармен жүзеге асып, қазақтың мұнайы долларға сатылып жатыр. Қазақстан экономикасының 30-дан 80 пайызға дейіні долларға тәуелді. Ал депозиттердің 70 пайызы басқа валютамен сақталып, 30 пайызы ғана төл теңгеге бұйырып отыр.
Осындай айқын ауытқушылықтар аясында экономиканы долларсыздандыру үшін бірқатар мәселелер кешенін шешу керек. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов мәлім еткендей, ол үшін ең алдымен ұлттық банкілік жүйені ұлттық валютада, яғни теңгемен қаржыландыруды қамтамасыз ету қажет. Егер қорландыру ұлттық валютамызда жүретін болса, онда кредиттеу де ұлттық валютада жүзеге асады. Олай болса, доллар бағамының құбылуы қандай да бір мәселені шешуге соншалықты әсер етпес еді. Бірқатар экономист-ғалымдардың пікірлері де осы несие беруді жеңілдетіп, несие саясатын жүргізгенде теңгеге көбірек мән беру және экспорт-импорт операцияларын доллардан тыс басқа да валюталармен жүргізу қажеттігіне саяды. Экономиканы долларсыздандыру оңай шаруа емес. Бірақ оның айналымдағы ықпалын 40 пайызға дейін түсіріп, нарықта тепе-теңдік орнатуға болады, дейді олар.
Ұлттық экономика министрі Ерболат Досаевтың мәлімдегеніндей, қазір Үкімет пен Ұлттық банк бірлесе арнайы жұмыс тобын құрып, Қазақстан экономикасын долларсыздандыру жөніндегі шаралар қоржынын жасауда. Бұл бағытта негізгі функцияның Ұлттық банкке артылатыны түсінікті, бірақ біз бүгінде қазіргі долларлану деңгейінің айтарлықтай төмендегеніне аса мүдделіміз. Бұл нарықтың тұрақтылығына, ішкі нарықты теңгемен дамытуға, импорттың орнын басуға қатысты маңызды мәселелер, деді Е.Досаев. Оның ақпараты бойынша, қазір жұмыс тобын премьер-министрдің бірінші орынбасары Б.Сағынтаев басқарады. Оған қаржылық-экономикалық блоктың орынбасарлары, салалық министрліктер қатысады. Сонымен қатар Ұлттық банк төрағасының орынбасарлары қазір бұл проблемамен жұмыстар істеуде.

Біріккен банктер бірегей ойыншы болмақ
Елімізде үш бірдей қаржы институты: Темiрбанк, Альянс банк және Forte bank-тің бірігетіндігі туралы мәлімет өткен жылы жария етілген. Альянс банктің басқарма төрағасы Тимур Исатаев үш банктің заңдық тұрғыда бірігуі 2014 жылдың соңына дейін жүзеге асатындығын мәлімдеген болатын.
Осылайша Альянс банк акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Альянс банк АҚ ForteBank АҚ болып өзгертілетіндігі туралы шешім қабылданды. Бұл туралы Альянс банк акционерлері жиналысының дауыс беру қорытындысы туралы құжатында жария етілді.
Forte bank пен Темiрбанктің Альянс банкке бірігуі түрінде жүргізілетін қайта құрылымдау аясында, барлық мүліктерді, құқықтар мен міндеттемелерді Forte bank пен Темiрбанктен Альянс банкке өткізіп беру актісін бекіту туралы шешім қабылданды, делінген Альянс банктің акционерлердің кезектен тыс жалпы жиналысының дауыс беру қорытындысы туралы баспасөз мәлімдемесінде.
Жаңа қаржы институты ұнамды капиталға қол жеткізіп, проблемалы несиелер деңгейін төмендетуге ниетті. Тимур Исатаевтың айтуынша, үш банктің бірігуі шамамен 900 миллион АҚШ доллары (160 миллиард теңге) бар біріккен банкті өмірге әкелуі мүмкін. Оның болжамынша, бұл банк өз капиталы бойынша Қазақстандағы үшінші, активтері бойынша сегізінші банк болуы ықтимал.
Альянс банктің міндеттемелерін қайта құры - лымдау жоспарын келісу тек қана банк жүйесін сауықтыруға ықпал етіп қоймай, сонымен бірге банктерді мемлекет иелігінен алуды белсенділендіре түседі. Осылай мемлекет тек біріккен банктің миноритарлық ак-ционері болып қана қалады. Альянс банкті қайта құрылымдау үдерісінде Самұрық-Қазына ҰӘҚ үлесі 10 пайыздан төмен болады, кредиторлар 90 пайызын алады, ал қалған акционерлер ағымдағы капиталдың шамамен 10 пайызына ие болады. Банктер біріккен соң, Самұрық-Қазына ҰӘҚ үлесі одан әрі төмендей береді. Осылай жақын келешекте мемлекеттік қор біріккен банкте минимальді акциялар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаржылардың және қаржылық қызметтің жалпы сипаттамасы
ҚР қаржы жүйесін ақпараттандыру
Қаржылық құқықтың сипаттамасы
Мемлекеттік қаржы
Мемлекеттің қаржы жүйесінің қызметі
МАҚТА ӨҢДЕУ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАРЖЫ - АҚША АҒЫМДАРЫН БАСҚАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қаржы жүйесінің ұғымы
Қазақстан Республикасындағы қаржы жүйесінің субъектілері
Мемлекеттік мекемелердегі бюджеттік есеп
Қаржы саясатының мақсаттары мен міндеттері
Пәндер