ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Сырттай оқу факультеті
«Жалпы тарих» кафедрасы
«Бекітемін»
кафедра меңгерушісі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Маньчжуриядағы Жапон империализмінің отарлау саясаты.
Мазмұны:
Кіріспе . .
1. Тарау. ІІ-ші дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Жапон -Қытай қатынастары.
1. 1 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның агрессиялық саясаты және оны жүзеге асыру әрекеттері . . .
1. 2. 1925-1927жж Қытай революциясы және империалистік державалар . . .
2-Тарау: Жапонияның Қытайға қарсы отарлау саясаты.
2. 1. Қытайдағы Жапон агрессиясына Англия мен АҚШ тың араласуы. .
2. 2. Маньчжурияның Жапония отарына айналуы. Маньчжоу-Го
мемлекетінің құрылуы
Қорытынды:
Қолданылған әдебиеттер тізімі: .
Кіріспе:
Зерттеудің көкейтестілігі: З ерттеу ХХғ ІІ-ші жартысындағы Жапонияның милитаристік саясатының көрінісі Маньчжурияны жаулап алуы және Маньчжуриядағы Жапон отарлау саясаты тарихына арналған. Диплом жұмысында І-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Қытайдың халықаралық жағдайы, Жапонияның милитаристік саясат ұстану жолына түсуі, Жапон-Қытай қатынастары, ірі державалардың саясаты, Жапония мен Қытайдың ішкі, сыртқы қатынастары, Қытайдағы отарлық езгіге қарсы болған революция, Қытай ұлттық буржуазиясының ұстанған позициясы сияқты мәселелер қарастырылды. Диплом жұмысының көкейтестілігі І-ші дүниежүзілік және ІІ-ші дүниежүзілік соғыс аралығындағы Жапон-ытай қатынастары және Жапонияның Маньчжуриядағы отарлау саясаты туралы обьективтік білімдерді біртұтас жинақтауға ынталануын көрсетеді. Бұл тақырыптың маңыздылығы, осы мәселеге байланысты әлі күнге дейін қазақ тілінде ғылыми еңбектер өте аз жазылған. Осы себепті таңдап алған тақырыптың көкейтестілігі арта түспек.
Зерттеудің мақсаты:
Жапонияның Маньчжуриядағы саясаты, Қытайды отарлауға бағытталған саясатттары туралы барлық мәліметтерді жинақтап, бір жүйеге келтіріп, зерттеу жұмысына айналдыру.
Зерттеудің міндеттері.
ХХғ Жапон-Қытай дипломатиялық қарым-қатынастарына, Жапония және Қытай тарихи даму процестеріне, екі ел арасындағы саяси шиеленістерге, даму ерекшелікиеріне, саяси ахуалына қазіргі таңдағы көзқарас тарабынан тарихи баға беру.
Зерттеудің дерек көздері.
Тақырыпты жан-жақты Аша отырып, ғылыми тұжырымдар жасау мақсатын көздеп, Интернет жүйесі арқылы Ресейдің, Қазақстан ұлттық кітапханасының қорларын, Оңтүстік Қазақстан облыстық, М. Әуезов атындағы ОҚМУ кітапханаларының кітап қорларын, мерзімді баспасөз бетіндегі жарық көрген мақалаларды пайдаландық. Сонымен қатар хрестоматиялар, конференция материалдары, келісім құжаттар кеңінен пайдаланылды. Осы тақырыпқа байланысты жарық көрген ғылыми монографиялар, еңбектер пайдаланылды.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы.
Курс жұмысының жаңашылдығы Жапонияның Маньчжуриядағы отарлау саясатына байланысты қазақ тіліндегі таптырмайтын материал көзі ретінде қолданылуы. Диплом жұмысының негізі практикалық маңызы. Оның ой тұжырымдары. Сарапталған мәліметтері, жаңаша көзқарастық түсініктердің қалыптасуына үлкен көмек берді деп және мектеп оқушылары мен студенттердің өзіндік білімдік қажеттігін одан әрі дамытуға үлесін қосады деп айтуға болады. Сондай-ақ жұмыстағы ой-түйіндер, тарихи айғақтар мен пайымдаулар «Қазіргі замандағы Азия және Африка тарихы» пәнін оқытуда студенттер үшін таптырмайтын дерек көздері болып табылады.
1. Тарау 1-ші дүниежүзілік соғыстан кейінгі Жапонияның агрессиялық саясаты және оны жүзеге асыру әрекеттері
Жапон-қытай соғысы екі елдің де тарихында және Шығыстағы халықаралық жағдайдың дамуында маңызды орын алды. Жапония Қытайдың капиталистік елдердің құлдыққа салуына себепкер болды.
Жапонияға келісім барысында Қытайдағы қанаушы эксплуатацияны жаңа әдістерге қарай бұру келе жатқан империализм дәуірі үшін мінездеме мәртебе берді. Симоносеки келісімі бойынша Жапония бірнеше құқықтарды иеленді. Олар: Қытай порттарын шетел саудасы мен өндірісі үшін барынша ашып, сол мақсатта Қытайға өндіріс құралдары мен станоктар машиналар әкелу болды. Бұл құқыққа ең бірінші өндірісі жоғары дамыған және қаржы-экономикалық күші басым мелекеттер қызығы қарап, сонымен қатар Жапониядан кейін батыс елдері және АҚШ-та осындай құқықты иемденуге асықты.
Қытай базарларында өз товарларын кеңейтумен қатар Жапон капиталистер Қытайда өндірістік сфераны кеңейтуге ұмтылды. Оның бастылары болып: тау-кен ісі, теміржол және жеңіл өндіріс болды. Жапондықтар Шанхайда мақта өндіру фабрикасын ашты. Кең көлемде іс ірі Жапон компаниялары мысалы: Мицуан дамытты. Оның бақылауында бірнеше текстиль өндірушілер: Шанхайдағы, Циндаодағы, Учанедегілер кірді.
Колониялды экспанцияның бірден-бір маңызды мотиві шикізат көздерін іздестіру болды. Жапония Қытайдан өңдеу мақсатында жер асты байлықтарын қорқытып алып, сонымен қатар басқа шет ел иеліктерінен темір рудалары, көмір, алатын өндірістерін сатып алып отырды.
Қытайды тұрақты түрде арзан шикізат көзіне айналдыру мақсатында, алғашқы кезден бастап Жапон металлургиясын дамытуды көздеді. Жапониядағы ірі Явата ірі металлургия комбинаты, өзінің апйда болуынан бастап тек Қытай темір рудасымен жұмыс істеді. 1902 жылы комбинат тұтынымының 5, 7% Жапон рудаларының есебінен болса, 1, 7% Корея амтамассыз етті. Ал 92, 6% Ханьянь рудасын пайдаланды.
XIX ғасырдың 90-шы жылдарынан бастап, орталық Қытайдың аудандарындағы бай кен орындарына басшылық жасауына талас Жапон империялизмінің колониялды саясатына әсер етті. Ең бірінші қарыз Ханьянь кен орнының басшысымен бекітілген төмен бағамен Жапон темір рудасын жеткізуге алмастыру 1899 жылы Жапон капиталымен іске асты.
1903 жылы герман капиталына конкуренцияны жоюға ұмтылу мақсатымен жапон банкі кен орнының басшылығына 3 000 000 иен қарызға берді. 1908 жылдан бастап, Ханепин акционерлік темір және көмір компаниясының шет ел қарызының жартысы 7 000 000 доллар құрады.
1911 жылы Қытайдағы Синьхай революциясына байланысты қиын жағдайды пайдаланып, Жапония Ханьепинь компаниясын толығымен өзіне қаратуды ойлады. Оны жапон-қытай фирмасына айналдыруды көздеді.
1915 жылы Жапониямен Ханьепин кеніне және Қытайдың өсіп келе жатқан металлургиясына қойған талабы, Жапонияның Қытайға Жиырма бір талабы деген атпен белгілі болды.
Жапонияның Қытайдағы инициятивасы оның құлдыққа түсуінің бастамасы болды. В. И. Лениннің айтуы бойынша: Жапония өндірістік ұлтқа айнала бастады, Қытайдағы өндіріс немесе заттың барлығы Англия, Франция, Россия, керек десең Италияның тістеуінде кетті.
Жапондық жас жыртқышқа Ресей Франция және Германия жақсы сабақ беріп, капитализім жиегінде ұрланғандарды бөліп өзара алу тек күш санау арқасында жүзеге асатынын түсіндірді ( осы державалардың қысымынан Жапонияға Ляодун түбегінен бас тартуға мәжбүр болды. ) Жапонияның милитаризмдік басшылығының ортасында колониялық тонауда әскери күш арқылы жүзеге асыруға жақсы нәтиже көрсетті.
XIX ғасырдың соңында Жапонияның сыртқы саясаты соғысқұмар, жаулап алушы рухты, Корея мен Қытайды құлдыққа түсрудің нақты жоспарын құрушы ретінде мінездерлі.
Жапония Қытайлық Циньдіктердің өздерінің үлкен территорияларынын шектету үшін мықты күрес жүргізді. Симоносекиялық шарт бойынша Жапония Тайвань және Пенхуледао архипелагын (Пескадор аралдары) жаулап алды, 1898 жылы Жапония Қытайды Тайваньмен көршілес Фудьзянь провинциясына өзінің тәуелділігін мойындатты. Ашық түрде 1900 жылы Қытайды тонау үшін өзіне географиялық ыңғайын тапты, халықтың ихэтуандықтардың антиимпериялистік көтерілісін басуға монополиялық әскери күшін пайдаланып басып-жаншып тастады. Жапония көтерілісті басуға жалғыз өзі қатысты, онда 30 000-дық әскерін кіргізуге және кең көлемде еркіндік іс-әрекет етуге құқылы болды.
Дегенмен бұл іс-әрекеттерге басқа державалар демеу көрсетпеді. Олар Жапонияның деңгейінен аса тәбетінен қорққанымен, дәл солардың әскері халықаралық басып-жаншушы экспедициялық корпусының басты күшін құрады. Қытайдағы ихэтуан көтерілісін басуға басқада ұлы державалармен бір деңгейде қатысып қана қоймай, Жапония жабушы проток бойынша өзіне контрибуцияның үлкен үлесін жұлып алып, Батыс мемлекеттерінің мойындауына ие болды. Бұл кезеде өзінің әскери қуаты мен ұйымдастырушылығын алға шықты.
Сәл кейініректе тәуелді мемлекет болған Жапония капиталистік державалардың басты бәсекелесіне айналып бара жатты. Оның Корея мен Қытайды басып алу жоспары сол кездегі Маньчжуриядағы Орыс патшалығының авантюралық қанауына кездікті. Бұл жерде Англияны пайдаланусыз қалдырды. 1902 жылы Жапония Ұлыбританимен одақ құрды. Олардың ойы Қытайды басып алу мен 1904-1905 жылғы орыс-жапон соғысына жапондарды дайындау болды. Бұл одақтың зұлымдық ролі Қытайды құлдыққа түсірудің империялистік қаруы болғандығын оның әр жаңалануында (1905-1911) көруге болады. Жапония Қиыр Шығыстағы әлемдік империялизмінің жандармы болғанына куәгерлік етеді.
Цинь империясының ішкі саясаттық өміріне үлкен әсер берген мемлекеттің бөлінуі болып, ұсақ мемлекеттің жеңілгендігі болды. Қытай реформаға қатысты күш жинауын бастап, жас Қытай капитализімінің обьективті түрде жолын ашып, бұл Кан Ювэй және оның жақтаушыларының ойы бойынша Қытайды бөліну мен шатасудан құтқарып, оны күшті елге айналдыруы тиіс болатын.
Қытай реформаторлары Жапонияның басқарушы ортасының назарын өзіне аудартты. Оларды тенденцияны ұстаушы ретінде көріп, Жапония үшін одан да күшті жағдайларға әкеп соғатынын түсінді, өйткені бұл тек -қана Қытайдың өзін өзі күшейту саясаты емес еді. Қытайдағы әлеуметтік-экономикалық және саяси қайта өрлеу перспективасы, оның өзіндік капиталистік даму жолына шығуы және бір қадаммен күшті елге айналуы Жапонияда оның Азиядағы гегемонистік жоспарына, өмір сүруіне қауіп төндіреді деп түсінді.
1885 жылдың өзінде Соядзима капиталистік әлемнің мінездемесінде Жапоняның осыған үлгеру керек екенін дәлелдеді. Ол: Күшті елдер әлсіз елдерді аннексиялайтын бұл заманда, оларды дамытады және өздерінің мүдделеріне қызмет етуге пайдаланады. Жапонияның ұзақ уақытқа өз егемендігін сақтап қалуынаң жалғыз жолы бұл - құрлықта үлкен территорияға иелік ету, Ал континенттегі олар қол жеткізе алатын жалғыз территория - бұл Корея және Қытай.
Егеменді және күшті Қытай Жапонияның қауіпсіздігіне қарама-қарсы келетін түсінік еді, оның гүлденуіне және күшеюіне, Қытайдың дамуы Жапонияның қарауымен жұргізілуі керек еді, және тек Жапонияның керегіне және қажеттілігіне, Қытайдың индустриялық дамуын болдырмау керек болды. Бұл ой Жапонияның идеологтары мен мемлекеттік іскерлерінің Қытайға деген қатынасы 1945 жылғы Жапондық милитаризмнің құлауы мен Мей-Дзи реформасына дейін Жалғасып келді.
Қытайдың даму перспективаға ұмтылысы және оның егемендікке жолы, Жапонияның Синьхай көтерілісіне және революциондық оңтүстіктің реакциялық солтүстікке күресіне қатынасын анықтады. Оған қарамастан Жапонияның басқарушы орталығы антиманьчжуриялық республикасының керекті байланысын пайдаланып қытайдың оңтүстігінде өзінің агентурасын жіберді.
Орыс патшалығымен безгектік соғыс пен дипломатиялық қарама қайшылық жылдарында (1896-1904) Жапония Қытайда кең көлемде паназиятизм , екі халықтың ағайындылығы , идеяларын жүргізіп, оларды антиорыстық насихатпен шырмап тастады.
1904-1905 жылдары орыс-жапон соғыстарында бұл идеологиялық диверсия кең көлемде әсер ету арқылы Қытай реакциясын көрсетті. Орыстармен болған соғыста Жапонияның жеңісін Қытайлықтар өз мүделеріне қабылдады. Қытайлықтар бұл соғысты өздері жеңгендей болды. Жапонияны батыспен болған соғыстың жеңімпазы ретінде қошеметтеп, онымен Қытайдың өрлеуін байланыстырып қана қоймай, тәулсіз прогрес пен модернизация және даму жолында көмектеседі деп үміттенеді. Мыңдаған Қытай студенттері Жапон университеттерінде білім алуға асығып, ұлы держава ұмтылыстарының құпиясын түсінуге тырысты. Қытайда Жапон кітаптары тез тарады. Жапон құрастырушылары мен мұғалімдерін колледждер, техникалық училищелер, әскери академиялар ашу үшін шақыртты. 1909 жылдан бастап 356 шетел білім берушілерінің 311 жапондықтар болды. Уақыт өте келе Жапонияның Қытай әскерінің топтық құрамасының дайындығына дара құқықтық етуге қызықты.
Бірақ мираж көп ұзамай сейілді. Жапонияның Орыстарды жеңуі, Қытайға кең көлемде қауіп төндірді.
Азидағы туысқандық сөзіне синоним ретінде Жапонияда қытайлық деген сөз пайда болды. Ол синоним ретінде қорқақтықты, эгойзмдікті, әлсіздікті, арамойлылықты білдірді. Бұл Жапонияға білім алу үшін келген Қытай студенттеріне қатты тиді. Оларжы Жапон билігі тарапынан масқаралау ретінде көрінді.
Портсмунт келісімі бойынша Жапония Патшалық Ресейді өзінің Кореяға деген көзқарасын мойындатуға итермеледі, Ляодун түбегін жалға берумен қатар, КВЖД ның оңтүстік бөлігін иеленді. Жапония өзінің жаңа тегеурінін бастау арқылы, барлық елді жаулап алуға база болып табылатын Оңтүстік Маньчжурияға көп көңіл аударды.
Экономикалық және әскери-саяси басшылығымен түсіндіру арқылы Жапония бірте-бірте Оңтүстік Маньчжурия теміржолына бақылауды кеңейте түсті. Өз капиталымен жаңа және бұрынғы линияларды жаңартумен де айналысты. Портсмунт шартын іске асыру сияқты Жапония Қытайды Пекин келісіміне міндеттеді. Онда оған Оңтүстік Маньчжурияға тиісті барлық құқықтарды күшпен берумен қатар, алдыңғы кезде Россияға тиесілі болған құқықтар мен тағы да бірқатар мүмкіншіліктерді иеленді. Пекин шартының құпия хаттамасында Жапония Қытайға Оңтүстік-Маньчжурия теміржолын (ОМТЖ) бәсекелес болатындай теміржол құрылысын салуға рұқсат бермеді.
1907 жылдың көктемінде Қытай Жапониямен қосымша толықтырылған шартқа қол қоюға мәжбүр болды. Онда Жапонияға Чаньчунь-Гирин теміржолы құрылысына қатысуға және оны ОМТЖ-на қосу құқығы берілді.
1909 жылдың жазында тағыда бір келісім жасалды. Ол келісімде ОМТЖ-ның негізгі құрылымына Аньдун-Мукден теміржолы қосылды. Ал ол ОМТЖ-ны Корея теміржол торабымен байланытыратын еді. Сол уақытта Гирин-Чанчунь темір жол құрылысын Жапонияның қаржыландыруы туралы келіссіз сөз аяталды. Уақыт өте келе ол ОМТЖ-ның қолына өтті.
1909 жылы Қытай Жапонияның Оңтүстік Маньчжурияға бақылауы мен экономикасын нығайтатын тағы да кең көлемдегі келісімге қол қойды. Бұл келісім Жапонияны темір жол құрылысында монополия етіп орнатты, және осы аудандағы жер қойнауын эксплотация жасауға жол ашты. Қытай Синьминьтунь-Фукумынь темір жолы құрылысын жүргізу құқығынан бас тартуға мәжбүр болды. Сонымен қатар қандай да бір темір жол құрылысын осы ауданда Жапонияның рұқсатынсыз жүргізе алмады, және де Фушуньды және Яньтайды эксплотациялауға құқық берілді. Аньдун - Мукденск темір жолы мен басқа да оңтүстік Маньчжурия аудандалы да осындай жағдайда болды. Басыбайлы берілген теміржолдар сырттай жай сызық болып көрінгенімен жапония үлкен учаскелік аймақты иеленді. Сонымен қатар Жапон капиталы бір уақытта Солтүстік Маньчжуриямен Оңтүстік Қытайда өз әсерін кеңейтті.
Қытайды экономикалық, экономикадан тыс әдістермен жыртқышты түрде тонауы, Жапонияның батыс империялистерін айлақорлық түрде басып озуы, оның өсуінің маңызды ұмтылысы болды, және де оны бірінші дүние жүзілік империялистік соғыстың алдында басынан аяғына дейін қаруланған әлемге әйгілі жыртқыштармен бір қатарға тұруына себепкер етті.
Қытай шекарасынан алыс жерде болып жатқан соғыс оған өз әсерін тигізбей қоймады. Оған Антанта лагерімен одақтастығы да, өзінің бейтарап жөніндегі хабарламасы да көмек бермеді. Қытайдың бұл жылдағы тәуелсіздігі тек қысқа ғана емес - мемлекеттің алдында шын мәнінде трагидиялық қауіп тұрды. Империялистік Жапония Қытайдың ұлттық қалыптауына қауіп төндірді.
Европадағы қалыптасқан жағдайды өз мүдделеріне пайдалану арқылы, бұл кезде батыс державалары өте мықты шайқаста болатын, Жапония соғысып жатқан державалардың Қытайға деген көқкрасына қарап, Шандунге 30 000 мыңдық армияны түсірді, Цзяочжоуды басып алды, Циндао-Цзинань теміржолына бақылау орнатып, сонымен қатар Германияның бұрынғы колонияларын қолына алып, провинцияға бақылау орнатты.
Бұл соғыс Жапонияның антанта жағында болуымен аяқталды. Шаньдунды басып алу операциясына ұмтылу Жапонияның не болмаса антантаның әскери қажеттілігінен болған жоқ. Жапония Қытайдың алдына шығуына ұмтылып, империялистік жүйедегі кризисті пайдалану арқылы кедергі келтіріп, сонымен қатар, Германиямен тең емес келісім шартты жойып жібергісі келді. Шаньдунды қайтарып және капитуляцияның жалпы режимінде сол арқылы өзін сақтандырып,
әлемдік империялизмнің жартылай колониялық жағдайына Қытайды итермеледі.
Жапония ащщы саяси дебаттан жақсы мәлімет алды. Олар Қытайда есін жинап алып, асоғыстың алғашқы күнінде алдына қойыл ған сұрақтары мен мақсаттарына жауап тапты.
Қытайдың антанта жағына өтуі мен оның одақтасы статусына иеленуі Жапонияның кең көлемде тонау жоспарына кедергі келтіретінін түсініп, Жапония оның соғысқа қатысуына толығымен қарсы болды, Пекиннің Цзяочжоуды Германиядан тез арада қайтарып алу жөніндегі келісіміне кедергі жасады. Сол уақыттағы Жапон дипломатының К. Исииннің былай дегені бар: жапония қытай армиясының соғысқа қабілеттілігін құру және 400 000 000 Қытай халқының өзіндік экономикалық әрекетіне немқұрайлы қараай алмайды. Жапония империялизмі Қытайдың өзіндік даму жолына шығуның кішкене мүмкіндігіне тек қана ұмтылды.
1915 жылдан бастап Жапония іске асыру жоспарына кірісті. Ол жоспарда: Қытайдың экономикалық және саяси өміріне оның үстемдік ролін кепілдендірді. 1915 жылы қаңтарда Қытайға ультимативті, үзілді кесілді түрде жиырма бір талап қойылды. Ол оның жапония мемлекетіне тәуелділігін көрсетіп, айқындап тұрды. Бұл талап бес топқа бөлінді және Жапонияның Шандуньге, Оңтүстік Маньчжурияға және ішкі Монғолияға үстемдік етуі қаралды. Сонымен қатар Қытай металлургиясының дамуына көңіл аударып, оған жағдай жасау, және де Қытайдың кендерін өз жағалауындағы немесе басқа жерлердегі үшінші бір елге арендаға немесе тағы басқа мақсатқа беруіне тыйым салынды.
Талаптың бесінші тобына Қытайдағы Жапон империялизмі бағдарламасын одан әрі кеңейту мен қатар Қытай армиясына және полициясына, елдің сыртқы саясатына, қаржы істеріне бақылау орнату болды. Бұл талаптар Жапонияның Қытайдан некерек етсе соны алуына біртабан жақындата түсті, және уақыт өте келе өз мақсатына жетуіне ұмтылдырды. Жапония Европадағы өзінің империялистік конкуренттерінің соғыстан қолы тимей жатқанымен оған Қытай сияқты шикізат көзін бүтінімен бере салатынына күдікпен қарады. Ағылшындық дипломатиялық орталығының өзінде жиырма бір талап құжат ретінде бағаланды, және де Қытайды Жапон вассалы ретінде қарады.
Жиырма бір талап президент Юань Шикаймен ұсынылды. Бірақ та ол Жапония үшін маңызды фигура болмады. Президентке көңіл аудару арқылы Қытайдың шет ел министірлігін аралап шығуға мүмкіндік болды. Әңгімелесу тәжірибесі арқылы Жапонияның тез табысқа жетуіне мүмкіндік болмады.
Жапон елшісі келісімнің абсолютті құпия сақталуын талап етті, өйтпеген жағдайда Қытай ұлты мен президенті үшінн қауіпті жағдайға ұрындыратынын ескертті. Жапонияның басты аргументі болып, Шаньдун мен Маньяжуриядағы Жапон әскерінің соғыс жағдайына дайын болуы және олардың Пекинге ашық стратегиялық ұмтылысы еді.
Юань Шикайдың әскери қоршауы Жапон ультиматумын ауытқуға дайын еді, Қытай әскері елге тереңдей ену жоспары арқылы Жапон армиясын Қысымда ұстау арқылы, бұл іске Батыс державаларының араласуын күтті. Бірақ та 1915 жылы 9-шы мамырда Юань Шикай үкіметі жиырма бір талап негізінде қорлау келісімін жасап және тізе бүктірді.
1917 жылдың күзіне қарай Жапония Қытайда бекітілген және Антанта мен АҚШ тарапынан саяси басқыншылық демеу көрінген соң Қытайға соғысқа кіруге рұқсат берді. Жапонияның басқару ортасы Қытаймен одақтастық қарым-қатынасты көрген соң енді оның үстінен бақылау жүргізудің жаңа мүмкіндіктерін көрді. 1917-1918 жылдары олар Пекинді қорқыту мен сатып алу Пекинді жаңа келісімдерге күштеп міндеттеді. Ол бойынша Жапония Шаньдун және Маньчжурияға ерекше құқықты иемденді. Осы жағдаймен бірге Жапония Қытайдағы патшалық самодержавиеге қарсы халық көтерілістері есебінен Солтүстік Маньчжурия мен Монғолияны өз қолына өткізуге асықты.
Жапон империялизмі Қиыр Шығыстағы контрреволюциялық және тонаушылық мақсатты бір уақытта өзінің Қытайдағы үстемдігін кеңейту мақсатында пайдаланып, большевизмге қауіпті өзінің үстемдігіне пайдалана білді. Пекиндегі өз уақытында қаланған аньфуист милитаристік режимі Жапониямен жас кеңес мемлекеттеріне қарсы әскери бірлетік құрды және де бірқатар басқа да келісімдерге міндеттеді, ол біруақытта қытайға әскери бақылау мен жиырма бір талаптың бесінші тобын іске асыруды жақындатты.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz