Қазақстан Республикасының конституциясы жайында



1. Кіріспе.
2. Конституция . Қазақстан Республикасының Ата Заңы.
3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері.
4. Қазақстан Республикасы . егеменді және тәуелсіз мемлекет.
5. Әдебиеттер тізімі.
Конституциялық құқық — құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы
"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң" деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
- коғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болын табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет
Халықтың билік етуі жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек казак ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады.
1. Административное право. Оқулык, жауапты редак¬торы А. А. Таранов. Алматы, 1998 ж.
2. Ағыбаев А. Қылмыстық құқық. Окулық. Жалпы бөлім. Алматы, 2001 ж.
3. Алауханов Е. Қылмыстык кұкық. Оку кұралы. Ерекше бөлім. Алматы, 2001 ж.
4. Айымханова Н. Қазакстан Республикасының еңбек құқығы. Оқу құралы. Алматы, 2002 ж. .
5. Баққұлов С. Құкык негіздері. Оку құралы. ҚазМСҚА. Алматы. 2001 ж.
6. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997 ж.
7. Жамбылова P. Заң терминдерінін казақша-орысша, орысша-казакша аныктамалык сөздігі. Алматы, 2001 ж.
8. Найманбаев С. Салықтык құкық. Оқу күралы. Алматы, 1996 ж.
9. Сапарғалиев F., Ибраева А. Мемлекет және құқық теориясы. Оку кұралы. Алматы, 1997 ж.
10. Сапарғалиев F. Зан терминдерінін түсіндірме сөздігі. Алматы, 1995 ж.
11. Сапарғалиев F. Қазақстан Республикасының Конституциялық құкығы. Оқулық. Алматы, 1997 ж.
12. Төлеуғалиев F. Қазакстан Республикасының азаматтық күкығы. Окулық. Алматы, 2001 ж.
13. Худяков А. И. Финансовое право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
14. Хаджиев А. X. Земельное право Республики Казахстан. Алматы, 2001 ж.
15. Шайбеков К. Трудовое право Республики Казахстан. Алматы, 1996 ж

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары:
1. Кіріспе.
2. Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы.
3. Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері.
4. Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет.
5. Әдебиеттер тізімі.

Конститутциялық құқық.

Конституциялық құқық -- құқық жүйесінің басты саласы (кейбір елдерде ол "мемлекеттік құқық" деп аталады). Конституциялық құқық, құқықтың басқа салаларының жасалуы, әрекет ету мен қалыптасуының негізі болып табылады. Мұндай салалар бүгінгі күні жиырмадан астам: мысалы, әкімшілік құқық, азаматтық құқық, қылмыстық құқық, қаржы құқығы және т.б.
Конституция - Қазақстан Республикасының Ата Заңы
"Конституция" деген сөздің латыннан аудармасы "құрылғы", "жарғы", "заң" деген мағыналарды білдіреді. Ежелгі Римде император билігінің кейбір актілері осылай аталған. Ең бірінші конституция дүние жүзінде 1787 жылы қабылданып, осы күнге дейін қолданылып келе жатқан АҚШ-тың Конституциясы болып табылады. Еуропада бірінші конституциялар 1791 жылы Франция мен Польшада қабылданған. Конституцияның басқа құқықтық нормативтік кесімдерден мынадай ерекшеліктері бар екенін айта кету керек:
- коғамдық қатынастардың негізін қалайды;
- құқықтың негізгі бастауы болын табылады;
- ең жоғарғы заңдылық күші бар;
- оның ерекше тәртіппен қабылдануы;
- тұрақтылығы.
1991 жылдың желтоқсан айында КСРО ыдырап, құрамына кірген одақтас республикалар егемен, тәуелсіз әрі дербес мемлекеттер құрды. Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасы жойылды. Оның аумағында Қазақстан Республикасы деп аталатын жаңа мемлекет пайда болды.
Қазақстан Республикасы - егеменді және тәуелсіз мемлекет
Халықтың билік етуі жарияланды. ҚР Конституциясы бойынша мемлекеттік биліктің бірден-бір қайнар көзі - халық. Халыққа, негізінен мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын анықтау құқығы берілген. Қазақстан халқы - тек казак ұлты емес, сонымен қатар Қазақстанмен тарихи тағдыры тығыз байланысты басқа ұлттар топтары. Халық дауыс беру, (референдум), талқылау, сондай-ақ Парламент депутаттарын сайлау арқылы мемлекеттік өмірдің маңызды мәселелерін шешуге қатысады. Президентті де тікелей халық сайлайды.

Конституциялық құкық маңызды мынадай мәселелерді:
қоғам мен мемлекет құрылысының негіздерін;
мемлекеттік билік пен жергілікті өзін-өзі басқару ісін жүзеге асырудың тәртібін;
адам және азамат құқығын, бостандығы мен міндеттерін реттейді.

Конституциялық құқық -- адам, мемлекет пен қоғамның өз тіршілік әрекетін құруына өте кажетті оған лайықты басты ережелерді белгілейді. Мемлекеттік билікті жүзеге асырумен байланысты пайда болатын қоғамдық қатынастар конституциялық құқықтың пәнін құрайды. Қазақстан Республикасында азаматтарға мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуға кепілдік берілген. Азаматтардың бұл құқығын кім камтамасыз етеді? Әрине осыны жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар (мысалы, Білім және ғылым министрлігі). Біздің елімізде әркім Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңнамаларын сақтауға, басқа тұлғалардын құқықтары мен еркіндіктерін, ар-ожданы мен абыройын қастерлеуге міндетті. Аталған талаптар сақталмаған жағдайда оны бұзушыларға мемлекеттік органдардың алдында (полиция, прокуратура, сот) жауап беруге тура келеді. Конституциялық құқық қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуге багытталған әдістер мен тәсілдер арқылы реттейді. Оларға мыналар жатады:
міндеттеу әдісі;
тыйым салу әдісі;
ерік беру әдісі;
мойындау әдісі.

Қазақстанда әркім мемлекеттік рәміздерді құрметтеуге міндетті (аталған жағдайда міндеттеу әдісі қолданылады). Республика азаматын Қазақстаннан тысқары жерлерге қуғындауға жол берілмейді (мұнда тыйым салу әдісі колданылады). Біздің елімізде әркім өзінін ана тілін, мәдениетін пайдалануға, колдануға құқығы бар екендігі белгілі (бұл жағдайда ерік беру әдісі колданылады). Қазақстан Республикасында Конституцияға сәйкес адамдардың құқықтары мен еркіндіктері танылады және оған кепілдік беріледі (көріп отырғанымыздай, мұнда мойындау әдісі колданылады).
Конституциялық құқықтың қайнар көздері, ұғымы және оның түрлері[

Қоғамдық құбылыс ретінде құқықтың ішкі және сыртқы түрі болады. Құқықтың ішкі пішіні -- оның мазмұнын құрайтын бөлшектердің құрылымы мен жүйесі. Құқықтың сыртқы пішіні -- құқықтық тәртіп ережелері арқылы бекітілетін заңдық қайнар көздердің жиынтығы. Құқықтық нормалардың жиынтығын құқықтық қайнар көздері деген ұғымға жинақтауға болады. Құқық тек мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің нәтижесінде пайда болады.
Конституция;
конституциялық заңдар;
әдеттегі заңдар (жай заңдар);
президенттің нормативті жарлықтары;
үкімет қаулылары;
қоғамның негізгі құрылымын, мемлекеттік билік ұйымдарының ұйымдастырылуын реттейтін басқа да құқықтық-нормативтік актілер Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының кайнар көзі болып табылады.
Көрсетілген актілердің әрқайсысының нақты заңдық күші, оны кабылдаудың (өзгерістер енгізудің), жариялаудың, күшін жоюдың тәртібі болады. Аталған мәселелердің барлығы Қазақстан Республикасының "Нормативті құқықтық актілер туралы" Заңында толық карастырылған.
Конституцияның ең жогары зандық күші болады және Қазақстан Республикасының барлық аумағына тікелей ықпал етеді. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек құқығы қайнар көздерінің жүйесі
Еңбек құқығы қағндаттарының ұғымы және оны топтастыру
Жұмыскердің жалақысынан ұстап қалулардың мөлшері
Еңбек шартының ұғымы және ерекшеліктері
Еңбек құқығы қағидаттарының ұғымы және оны топтастыру
Қазақстан республикасының конституциясы
Бірінші белгі
1993 жылғы Қазақстан Республикасының Конституциясы және оның тарихи маңызы
Қазақстан Республикасының ата заңдарының тарихи - құқықтық сабақтастығының алғы шарттары
Адам құқығы
Пәндер